Quickribbon

шақыру’

Ислам шақыруының (дағуатының) негізін қалаушы принциптер

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен!

Бұл мақаланың негізіне шейх Салих әл-Фәузанның, Аллаһ оған есендік берсін, шейх Раби’ әл-Мәдхалидің, Аллаһ оған есендік берсін «Пайғамбарлардың Аллаһқа шақыру әдістеріндегі даналық пен қисын» кітабына жазған кіріспесі алынған. Аталған кітапты орыс тіліне аударған – Кулиев Эльмир.

Бізге Өзінің Елшісінің жолына ілесуді және Өзінің дінін уағыздауды әмір еткен әлемдердің Раббысы - Аллаһқа мадақ. Пайғамбарымыз Мухаммедке оның отбасына, сахабаларына және барлық дұрыс ізбасарларына  Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Аллаһқа шақыру – бұл Мухаммед пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның ізбасарлары ілескен жол. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деді:  «Айт: «Менің жолым - осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз. Аллаһ - Пәк және мен – көпқұдайшылдардан емеспін».  (Юсуф 12: 108).

Мұның үстіне, Аллаһқа шақыру – бұл Жаратушының барлық елшілерінің және барлық муминдердің миссиясы, Аллаһ Тағала оларға адамдарды қараңғылықтардан жарыққа, күпірліктің тұңғиығынан хақ сенімге, көпқұдайшылдықтың милауытынан бір Аллаһқа құлшылық етуге, Тозақтан Жәннәтқа шығаруға деген міндеттілік жүктеді. Алайда, бұл шақыруды белгілі шарттарға сәйкес жүргізу міндетті болады, және оның біреуі бұзылса, бұл - Исламның таралуына кедергі жасайды. Ал сонда адамдар қанша тырысса да, және қанша уақыттарын сарп етсе де – олардың уағыз-құтпалары қалаулы нәтиже бермейді. Міне дәл осындай жағдай осы ережелерді басшылыққа алмайтын көптеген мұсылмандармен бүгіңгі күні орын алуда. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|