Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
1. Әдейілеп ішіп-жеу.
Аллаһ Тағала былай деген: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша, жеңдер де, ішіңдер. Сосын кешке дейін ораза тұтыңдар» (әл-Бақара, 187).
Шейх Ибн әл-Қайим айтқан: «Әдейілеп ішіп-жеу оразаны бұзатынында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ» (“Зәдул-мә’ад” 2/60).
Рамазанда айы күндіз әдейілеп тамақтанған адам,үлкен тәубені талап ететін, ұлы күнә жасады.
Сондай-ақ, ғалымдардың көбісі, егер адам тістерінің арасында тұрып қалған тамақты әдейілеп жұтып қойса, оның оразасы есептелмейді деп есептеген.
Имам Ибн Қудама былай айтты: «Тістерінің арасында тамағы қалған адамның жағдайы екі түрге бөлінеді: егер тамақтың кішкентай ғана шағымы жұтып қойылса, әрі оны түкіріп тастауға еш мүмкіндік болмаса, онда ораза бұзылмайды, өйткені бұл түкірік секілді. Ибн әл-Мунзирдің айтуынша, ғалымдар бұған бір ауыздан келіскен. Екінші түрі – бұл, егер тамақтың үлкен шағымы қалса, әрі оны түкіріп тастауға мүмкіншілік бар. Бірақ адам ол шағымды әдейілеп жұтып қойса, онда оның оразасы ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша бұзылады. Себебі, ол тамақтанумен тең» (“әл-Муғни” 3/260). Читать далее… »