Құрастырушы : шейх Мұхаммед бин Хусейн бин Саәд әл-Суфран әл-Кәхтәни
араб тілінен орыс тіліне аударған: Владимир Абдулла Нирша
қазақ тіліне орыс тілінен аударған: Ілияс Сырым
Арабша мәтінінің редакциясын басқарған Сауд Арабия Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, доктор: шейх Салих бин Фәузан әл-Фәузан
Орыс тіліндегі бірінші басылымның редакторы: муфтий Исмаил-хазрат Шангареев
Бұл кітапта Сүннет жолын ұстанған ең ірі ғалымдардың жауаптары жинақталған. Егер қаласаңыз, оларды бүгінгі күнде сәнге айналған «вахаббист» сөзімен атаңыз. Бұл жауаптарда террористік актілердің кез-келген түрінен, бейбіт адамдарды өлтіруден және ұрлаудан, өзін-өзі өлтіруден, жарылыстардан қорқытып айтылатын ескерту бар, өйткені мұндай іс-әрекеттер озбырлыққа және жәбірлеуге жатады.
Сондай-ақ, бұл жауаптар осы адасушылық жолын ұстанып жүргендердің күмәндарын теріске шығарады. Осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың сөйлеген сөздерінің басым бөлігі 11-қыркүйектегі әйгілі уақиғалардан көп уақыт бұрын айтылған болатын, бұл, өз кезегінде, Исламның оларға ешбір қатысы жоқ екендігіне күә болады. Бұл пәтуаларды оқу – әрбір әділ адамның құқығы болып табылады және шындықты білуге ұмтылған барлық сауатты адамдардың мүддесіне үйлеседі.
Екінші орысша басылымының редакциясын басқарған © «ОБЩЕСТВО ВОЗРОЖДЕНИЯ ИСЛАМСКОГО НАСЛЕДИЯ»
КУВЕЙТ, 2008 Читать далее… »