Quickribbon

Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?’

Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдерің Раббысы - Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына, және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Содан кейін:

Көптеген мұсылмандар осы: «Джихад Исламның ұстыны болып табылады ма?» - деген сұрақты жиі қояды.

Бұған себеп джихадты, оның артықшылықтары себепті Исламның алтыншы ұстыны деп атаған кейбір имамдардың пікірі немесе «Джихад – Исламның шыңы» деп жазылудың орнына «Джихад – Исламның ұстыны» деп жазылып кеткен белгілі хадистердің қате аудармасы, немесе кейбір хадистердің бұрыс түсінігі болып табылады.

Ал шындығында, Исламның ұстындары тек бесеу, және джихад олардың қатарына кірмейді! Ибн ‘Умар былай деп баяндайды: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ислам бес ұстынға: Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның елшісі екендігі туралы куәлік беруге, намазды орындауға, зекетті төлеуге, қажылықты орындауға және рамазан айында ораза ұстауға негізделген», - деп айтқанын естідім». әл-Бухари 8, Муслим 16.

Және Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) джихадты Ислам ұстындарына қоспағанына қарамастан, осы хадистің жеткізушісі – сахаба Ибн ‘Умар анық және айқын түрде джихад Исламның ұстындарынан емес деп айтты!  Бірде бір кісі  Ибн ‘Умарға: “Сонда сен не, әскери жорықтарға шықпайсын ба?” – деген сұрақ қойды. Ибн ‘Умар оған: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Исламның ұстыны бесеу», - дегенін естідім», - деп, кейін Исламның ұстындарын атап өтті. Муслим 1/54. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|