Quickribbon

Тазарту және тәрбилеу (әт-Тәсфия уә-ттәрбия) және мұсылмандардың осыған деген қажеттілігі.

Шейх Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәни

(Аллаһ оны рақым етсін)

Бірінші басылым

Бастырып шығарушының кіріспесі[1]

«Тазарту және тәрбиелеу, және мұсылмандардың осыған деген қажеттілігі» атты осы жолдау – өз негізінде ұлы мухаддис-ғалым[2] шейх Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәнидің[3], Аллаһ оны рақым етсін, осыдан 30 жыл бұрын (х. 1390 ж.) Аммән қаласындағы (Иордания) шариғат ғылымдары институтында оқыған лекциясы болып табылады.

WORD форматымен жүктеп алу (DOC)

Бұл лекциясында шейх әрбір мұсылман ұстануы қажет болған жолды түсіндіріп берген. Оның мәні екі-ақ сөзбен қамтылады – «тазарту» және «тәрбиелеу». Шейх, ислам ақидасын оған бірнеше ғасырлар бойы сіңіп кеткен әртүрлі адасушылықтардан, бидъаттардан, ырымшылдық пен көпқұдайшылдықтан тазартумен айналысып, бұл жолға бүкіл өмірін бағыштады. Сонымен қатар, ол хадистердің сенімділігін (сахихтығын) зерттеп-тексеріп, олардың қайсылары - қабыл етілетінін, қайсылары – әлсіз, ал қайсылары – тіпті Сүннетке еш қатысы жоқ болып ойдан тоқылған екенін анықтап, Сүннетті тазартумен де айналысты. Бұдан тыс, ол фиқх (ислам құқығы) ғылымын да Құран мен Сүннет мәтіндеріне қайшы келетін түрлі негізсіз пікірлерден және бидъаттардан тазартумен айналысты.

Содан соң, осылардың барлығының негізінде, шейх алдымен өзін-өзі, кейін өз айналасын, ал содан соң барлық адамдарды да осы шынайы, тазарту мен тәрбиелеу жолына шақырып, тәрбиелеуге кірісті. Оның шақыруына дүниенің барлық бөліктерінен ислам білімінің ең абзал өкілдері, мейлі олар ғалымдар болсын, студенттер болсын,  жауап берді. Сөйтіп, бүкіл дүние жүзінде білімнің негізінде діннің шынайы жаңғыруы басталды.

Аммәндағы «Әл-Мәк­тә­бә әл-Ис­лә­мия» редакциясы баршаға ортақ игілік үшін, шейхтың білімінің бір қазынасы болған  бұл құнды жолдаудан, егер Аллаһ осыны қаласа, жердің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар өздеріне пайда алуы үшін, және шейх өлгеннен соң ол үшін сый алады деген ниетпен таратуды шешті.

 

Баспаға шығарушы

Ам­мән, 4 Зуль-Хижжә, х.1420 ж.

 

Тазарту және тәрбиелеу[4]

 

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммәд – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар, әрі тек мұсылман болған күйде ғана  өліңдер!» (Әли ‘Им­ран 3: 102).

 

«Әй, адамдар, сендерді бір жаннан жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сондай-ақ, араларыңдағы сұрақ-жауаптарыңда ортаға аты салынатын Аллаһтан қорқыңдар және туыстармен қатынасты үзуден сақтаныңдар. Шын мәнінде, Аллаһ тағала - сендерді бақылаушы». (ән-Ни­сә 4: 1)

 

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа және Оның елшісіне бой ұсынса, әлбетте ол ұлы табысқа ие болады». (Әл-Әх­заб 33: 70-71).

 

Шын мәнінде сөздердің ең жақсысы - Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жетекшілік - ол пайғамбарымыз Мухаммәдтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетекшілігі. Амалдардың ең нашары - дінге жаңалық енгізу (бидъат), және кез-келген жаңалық (бидъат) – бұл адасушылық. Ал әрбір адасушылық - Тозақта.

 

Одан кейін:

 

Біз бүгін мұсылмандардың жағдайы  Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иман келтіргендер үшін бұдан жаман болмайтын жағдайда, нақтырақ айтқанда, қорлану және езіліп-жаншылу жағдайдайында өмір сүріп жатқанымызды білеміз. Өзімізбен орын алып жатқан нәрселерге деген, сондай-ақ, барлық ислам мемлекеттері түгелімен тап болған, және бұл елдердегі ешкім, олардың қоғамдық мәртебесіне қарамастан, аман қала алмаған  қорлыққа деген әрбірімізді баулып жатқан сезімдерімізден туындаған: «Бізді ашынуға салатын бұл өте нашар халімізге не себеп болды?» және «Басымызға түскен қорлық пен бақытсыздықтан құтылу жолы қандай?» - деген сұрақтар бізді жиі мазалайды.

Біз осы қалыптасқан жағдайдан шығуға қатысты түрлі ұсыныстарды естуіміз мүмкін. Әрбір (кісі) осы кеселден емделуге қолайлы деп санайтын қандайда бір құралға нұсқағысы келеді.

Алайда, мен бұл сұраққа жауапты Сүннеттен іздеу керек екендігіне сенімдімін. Кейбір сенімді (сахих) хадистерде біз Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізді бүгіңгі күні басымызға келген жағдайдайдан ескерткендігін таба аламыз. Және сонымен қатар тура сол хадистерде ол бұл мәселенің шешу тәсілі туралы да айтқан. Мысалы, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және джихадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды». «Әс-Силь­си­лә әс-са­хи­ха», 11.

Бұл хадистің қысқа болуына қарамастан, біз онда бүгіңгі күні көптеген мұсылмандарды билеп алған ауырудың нақты сипаттамасын көрудеміз. Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мысал ретінде өзінің үмметінде таралуы мүмкін болған екі дертке нұсқады.

Біріншісі: мұсылмандардың шариғат рұқсат етпейтін істерді істеуі, бұл үшін олар әртүрлі айла мен қулықтарға жүгінеді, алайда мұның тыйым салынғандығын саналы түре түсінсе де. Бұған Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері нұсқап тұр: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар…». Ислам құқығы (фиқх) бойынша кітаптарда  «әл инә» - сауда келісім шарттарының бірі деп түсіндіріледі. Және бұл хадис өзіне мұндай келісім шарттарды жасауға деген айқын тыйымды қамтып тұрғанына қарамастан, қарапайым адамдарды айтпағанның өзінде, кейбір ғалымдар бәрібір мұны рұқсат етілген деп есептейді.

Сауданың бұл түрі төмендегідей: пәлен кісі пәлен саудагерден тауарды, мысалы, автокөлікті, белгілі мөлшердегі ақшаға, белгілі уақытқа, бөліп-бөліп төлеуге келісіп, сатып алады, мысалы, он мыңға. Кейін сатып алушы тура сол саудагерге қайтып келіп, оған тура сол автокөлікті, бірақ, енді аздау мөлшердегі ақшаға сатып алуды ұсынады. Мысалы, сегіз мыңға, бірақ, нақты қолма-қол ақшаға.  Енді сатып алушы болған әлгі саудагер өзі осы автокөлікті бөліп-бөліп төлеуге сатқан ақшасынан аз мөлшердегі ақшаны қолма-қол төлейді. Сөйтіп, бірінші сатып алушы сегіз мың ақшаны қолма қол алады, бірақ, оның мойнында он мың қарыз қалады, ал оның екі мыңы - өсімқорлық (риба) болып табылады.

Өсімқорлыққа тыйым салатын Аллаһтың аяттарын және Пайғамбардың хадистерін естіген адам өсімқорлықтың қандайда бір бөлшегі бар саудауданың түрлерін пайдаланбауы қажет. Алайда, кейбір адамдар «әл-инәны» бұл схема – сауданың бір түрі болып табылады деп түсіндіріп рұқсат етеді де, өз сөздерін сауда келісім-шарттарының рұқсат етілгендігі жөніндегі жалпылама дәлелдермен нығайтады.  Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына аятындай:

«Және Аллаһ сауданы рұқсат етті де, өсімқорлыққа тыйым салды». (Әл-Ба­ка­ра, 275)

Олар: «Бұл – тек ғана сату және сатып алу ғой, және біреу бағаны көтерсе, немесе оны түсірсе – оқасы жоқ!» - дейді.

Алайда, іс жүзінде, автокөлікті он мыңға бөліп-бөліп төлеуге келісіп, сатып алған, кейін оны қолма-қол сегіз мыңға сатқан сатып алушы бір-ақ мақсатты, яғни сегіз мың қарыз алуды көздеген болатын.  Бірақ, ол өзін мұсылман деп санайтын бұл саудагер, артығымен (процентпен) қайтарып алмай, оған Аллаһтың разылығы үшін қарызға ақша бермейтінін түсінген кезде, екеуі айлаға жүгініп, өздеріне сауда түріндегі өсімқорлықты рұқсат етті.

Бірақ, тек Аллаһтың Елшісі ғана (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қасиетті Кітаптың мән-мағынасын адамдарға түсіндіруші болып табылатынын естен шығармау керек. Бұл жөнінде Ұлы Раббымыз былай деп айтқандай:

«Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік». (ән-Нәхль 16: 44).

Ал, екіншіден, Аллаһ Тағала оны былай деп сипаттады:

«Мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді.» (әт-Тау­бә 9: 128).

Және жұмсақ әрі мейірімді болғандықтан ол бізге шайтанның айласының қақпандары қай жерлерге қойылғандарын көрсетіп кетті. Өзінің көптеген хадистерінде ол бізді шайтанның торларына түсіп қалудан сақтандырып ескертті. Сондай хадистердің бірі болып біз қазір қарап жатқан хадис табылады. Ол (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «егер сендер саудада «инәны» пайдалансаңдар….» - яғни түрлі қулықтар жасап, Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салғанды сауда деп атап, өздеріңе рұқсат етсеңдер деп айтты. Және іс жүзінде бұл сауда операциялары - процентке ақша алуды бүркемелеу ғана, ал ол – нағыз өсімқорлық болып табылады.

Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ тыйым салған нәрселерді өздерімізге рұқсат етіп, мұндай қулыққа жүгінуден бізді сақтандырды. Және бұл - белгілі бір тыйым салынған істі оның тыйым салынғандығы жөнінде біліп істеген мұсылманның жағдайынан жаман. Өйткені, мұндай жағдайда ол қашанда болса тәубе етіп, өзі істеп жатқан нәрсесін тастауы мүмкін деген үміт қалады. Ал, егер біреуге оның жаман амалы қандайда бір себеппен әдемі болып көрінсе, мейлі бұл – бұрыс түсіндірме, немесе толық надандық болсын, және ол өзінің іс-әрекеттерінде ешқандай жамандық жоқ деп ойласа, онда мұндай адамның көкейіне қашанда болса осынысы үшін Аллаһтың алдында тәубе ету сірә кіріп те шықпайды. Сондықтан, адамдамдардың санасына халәл болып қалыптасып қалған харам нәрсенің қауіптілігі, харам екендігі ешкімде күмән туғызбайтын нәрседен едәуір үлкен. Және өсімқорлықпен, оның осы әрекеттері өсімқорлық екенін біліп-сеніп, айналысушы адамның жағдайының қауіптілігі, тіпті ол Аллаһқа және Оның Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), аятта[5] айтылғандай, соғыс жариялағандығына қарамастан, нәтижеде өсімқорлықпен айналысып, табысының халәл екендігіне бекем сеніп жүрген адамның жағдайының қауіптілігінен төмен болады. Алкоголь ішімдіктерін олардың харам екендігіне сенген түрде ішкен адамның жағдайы сияқты. Бұл жағдайда оның тәубеге келуі мүмкін деген үміт бар. Ал, біреу алкоголь ішімдігін қандайда бір себеппен халәл деп ішсе, оның жағдайы біріншінің жағдайынан едәуір жаман, өйткені, ол бұл мәселені осылай деп түсініп жүргенше тәубеге келеді дегенді елестету мүмкін емес.[6]

Бұл хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), біз бұл жөнінде жоғарыда айтып өйкеніміздей,  «инә» саудасы туралы тек мысал ретінде баяндаған еді. Осымен ол, егер мұсылмандар Аллаһ тыйым салған нәрселерді, белгілі бір тәсілдермен халәлға шығаруға тырысып істейтін болса, және бұл олардың арасында таралып кетсе, онда Аллаһ оларға қорлық жіберетініне нұсқағысы келді.[7]

Кейін Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) олардың шариғатқа қайшы екендігі баршаға белгілі болған нәрселер туралы бізге: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар…», яғни, Аллаһ бізге табыс табуды бұйырды деген сылтаумен, дүние игіліктеріне ұмтылуға және ризық табуға салынып кетсеңдер деп баяндады. Мұсылмандар бұл мәселеде шектен шығушылыққа салынып, өздерінің барлық уақытын егінге, малға және табыстың басқа да түрлеріне бөлуде. Нәтижеде олар өздеріне Аллаһ Тағала жүктеген міндеттерін ұмытады.[8]

Осындай ұмытылған Аллаһтың бұйрығының мысалы ретінде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың жолындағы джихадқа нұсқап, былай деді: «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және джихадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды».

Сендер көре алатындарыңдай, бұл хадисте пайғамбарлық болжау бар. Шынында да, уәде етілген қорлық біздің басымызға келіп түсті, біз бұған, өкінішке орай, куә болудамыз. Біз хадисте айтылған нәрселерді істей бастадық, ал бұл бізді өте жаман дертке – қорлық және масқара болу дертіне әкеп соқты.  Бұл хәлден шығу үшін біз міндетті түрде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған жүгінуге нұсқаған, және егер біз оған жүгінсек – Аллаһ бізді қорлықтан құтқарады деп айтқан құралына жүгінуіміз қажет.

Көп адамдар, бұл хадисті, нақтылап айтқанда, «…сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін» деген сөздерді оқып, немесе естіп, дінге қайта оралу – қарапайып іс деп ойлайды.[9] Маған келер болсақ, мен: «Дінге қайта оралу, біздің халқымызда айтылатындай, «иықтарды сілкуге» мұқтаж», - деймін. Біз барлығымыз білетініміздей,  дініміз сан алуан рет шынайы мәнін бұрмалау талпыныстарына  ұшырады. Және кейбір жағдайларда бұл мүмкін болды да. Мұндай бұрмалаулардың кейбіреулері туралы көпшілік біледі, ал кейбіреулері туралы біреу білсе, біреу біле бермейді. Және мұның үстіне адамдардың көпшілігі оларды дінге қатысты деп білетін, алайда, іс жүзінде олардың дінге қатысы жоқ болған тіпті сенімдер мен амалдарға байланысты мәселелер де бар. Біз «Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар…» деген хадисті қарап шыққан кезде талқылаған мәселе - осының бір мысалы. Өйкені, әрбір адам сауданың бұл түрінің харам екендігін біле бермейді. Бұдан қалса, ислам елдеріндегі кейбір ғалымдар оның халәл екендігі жөнінде пәтуа да шығарып берді. Яғни өсімқорлықты заңдастыру үшін қулық қолданылатын сауданың халәл екендігі жөнінде. Және бұл – тек ислам құқығын (фиқхты) зерттеумен айналысатындар ғана білетін сан алуан мысалдардың бірі ғана.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сауданың мұндай түріне тыйым салуымен қатар, оны қолдану - мұсылмандардың қорлық жағдайының себебі болатындығын хабарлады. Және бұл – біз жоғарыда айтып өткендерге нұсқайтын көптеген мысалдардың бірі ғана. Нақты айтқанда, дінімізді түсінуді Құран мен Сүннетке сәйкес қайта қарап шығудан бастау қажеттілігінің (мысалы).

Сондай-ақ, біз тыйым салынғандығы Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде айқын түрде расталған нәрселерді кейбір ғалымдар рұқсат ететінін айтқан кезімізде, олардың айыбын бетіне басқымыз, немесе оларды қаралағымыз келмейді. Біздің қалағанымыз – мұсылмандарға насихат айтып, оларға шынайы ықыластылық таныту[10]. Бұған қоса, біз өз дінін бұрмаланған және қате күйде түсінетін адамдардың түсінігін түзетуде, бұл қалайша орын алғанына қарамастан, ғалымдармен ынтымақтастық орнатуға дайынбыз, осы, әсіресе, Ислам құқықтануы (фиқх) саласындағы мамандарға қатысты. Және арамызда үкім шығарушы ретінде Құранның аятын алуды ұсынамыз. Біз барлығымыз бұл аятты жақсы білеміз, бірақ біздің арамызда оған сәйкес өмір сүрушілер аз, ал ол – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:

 

«Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және Пайғамбарға ұсыныңдар: егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да,  нәтижеде жақсы». (ән-Ни­са 4: 59).

Фиқхты зерттейтін адам, саудамен байланысты басқа да  мәселелердегідей, «инә» саудасын қолдану мәселесінде ғалымдардың арасында баяғы кезден бері келіспеушіліктер бар екенін біледі, біздің кезімізді тіпті айтпағанның өзінде. Ал, қазіргі заман ғалымдары осындай мәселелерге тап болған кезде не істейді? Менің білетінім бойынша, олардың басым көпшілігі келіспеушіліктің бар болуын мойындап ғана қояды да, барлығын өз орнында қалдырады.

Міне осы жерде біз: «Ендеше, мұсылмандар өз дініне қалайша оралмақ?» - деп айтамыз. Өйткені, дінге оралу ғана - Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) егер олар оған қайтып оралса, Аллаһ оларды қорлықтан құтқаратынын түсіндіріп, хабарлаған ем болады, ал кері жағдайда барлығы өз орнында қала бермек.

«Егер сендер саудада «инәны» қолдансаңдар және сиырларыңның құйрығына жармасып алсаңдар, және егіндеріңмен қанағаттансаңдар, және джихадты қалдырсаңдар, Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды».

Бұл бәленін бір ғана емі – дінге қайта оралу болып табылады. Алайда, мұны әрбір адам, әсіресе ғалымдар білетіндей, бұл дінде көптеген келіспеушіліктер пайда болды, және, кейбір уағыздаушылар мен ағартушылар солай етіп көрсетуді қалайтынындай, тек екінші кезекті[11] мәселелерде ғана емес. Келіспеушілік (ихтиләф) сеніммен байланысты мәселелерге де келіп тиді. Мысалы, басқа секталар мен ағымдарды айтпағаның өзінде, ашәрилер және мәтурудилер арасындағы келіспеушіліктерге, немесе олардың муътәзиләлармен болған келіспеушіліктеріне қараңдар.  Және олардың барлығын біз мұсылман деп санаймыз ғой. Ал Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «… Аллаһ сендерге қорлық жібереді де, сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін, одан сендерді құтқармайды», - деген сөздері олардың әрбіріне жолданған.

Ендеше, біз оған қайта оралуымыз тиіс болған дін нендей екен? Қандайда бір ағымның немесе партияның түсінігіндегі дін бе, сонда?! Келіңдер, бір ауызды әһлю-Суннә[12] мазхабтары болып есептелетін төрт мазхабтың[13] арасындағы келіспеушіліктермен ғана шектелейік.

Және тіпті осы мазхабтардың біріне жүгінгенің өзінде де, біз онда Сүннетке қайшы келетін бірнеше және тіпті ондаған ережелерді көреміз, олардың кейбіреуі тіпті Құранға да қайшы келеді.

Және сондықтан, мен: «Шын ықыласымен ислам мемлекетін құруға үндейтін Исламға шақырушылар ұмтылып жатқан түзету - міндетті түрде олар ең алдымен Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) немен келгенін өздері үшін анықтап алуынан және кейін осы түсінуді ислам үмметіне жеткізуден басталуы керек», - деп есептеймін.[14]

Дінді дұрыс түсінуге оралудың жолы біреу ғана, және ол – Құран мен Сүннетті оқып үйрену екендігіне мен кәміл сенімдімін, және бұл – ғалымдардың бір ауызды келісілген пікірі де. Бұдан тыс, мазхабтардың имамдары, Аллаһ оларды рақым етсін, бізді оларға соқыр түрде ілесуден сақтандырған еді, және бұл - олардың артықшылықтарына жатады, ал олардың артықшылықтары – бұл бізге белгілі болғандай - Аллаһтан. Олар адамдар олардың  сөздерін негізге алуын, сөйтіп шариғаттың негізі - Құран мен Сүннет болып табылатынын ұмытуын қаламаған.

Және мен қазір имамдардың: «Егер (сендерге) сахих хадис (жетсе) – бұл менің мазхабым», - деген мағынаға нұсқайтын  барлық айтқандарын келтіруімнің қажеті жоқ деп ойлаймын.[15]

Бұл имамдар өздерінің пікірлеріне қайшы келетін хадиске ілесуді бұйырып, өздеріне, өз үмметіне және өз ізбасарларына қатысты қаншалықты ықыласты болғанын түсіну үшін осы сөздер толық жетіп асады.

Сөйтіп, сахих хадиске ілесу принципі, керек болса мұны - имамдардың нұсқауларына ілесу принципі деп атаңыз, бізге Құран мен Сүннетке қайта оралудың жолын ашады.

Бүгіңгі күнге дейін әртүрлі шариғат мектептерінің, факультеттерінің және басқа да оқу орындарының оқу құралдарында оқытылатын нәрселердің мысалын келтірейік.[16]

Мазхабтардың бірінде былай деп айтылады: «Егер адам намазға тұрса, қолдарын денесінің бойымен төмен тастап қойып, бірін екіншісінің үстіне қоймауы керек».[17]

Не үшін?! Мазхаб осындай!

Ал, ғалым-мухаддистер «Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оң қолын сол қолының үстіне қоймаған» деп айтылған мейлі әлсіз, мейлі тіпті жалған бір хадис болса да табуға бар күш-жігерін қосты. Мұндай хадис жоқ. Ал осы – Исламнан ба?

Мен білемін, сендердің біреулерің: «Бұл – екінші дәрежелі мәселелер ғой», - деп айтуларың мүмкін. Ал біреу: «Бұл ұсақ нәрсе ғой», - деуге де батылы жетуі мүмкін. Алайда, мен Аллаһтың Елшісінен келген діннің және ғибадаттың мәселелерінен болған барлық нәрсе ұсақ-түйек нәрсе болуы мүмкін емес екендігіне кәміл сенемін. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге жеткізген барлық нәрсені біз дін деп қабылдауымыз керек,  және шариғат дәлелдерімен санасуымыз қажет. Яғни міндетті болып табылатын нәрсе – міндетті, ал абзал (мәндуб) болып табылатын нәрсе – абзал (мәндуб). Ал енді, діннің қандайда бір нәрсесін, ол нәрсе абзал (мәндуб) болуы себепті, ұсақ-түйек немесе қабық деп айтуға Ислам тұрғысынан мүлде жол берілмейді.   Бұдан тыс, қабықты сақтап қалмай, өзекті сақтап қалу - мүмкін емес. Мен мұны олардың айтқандарына шартты түрде ғана келісіп айтудамын.[18]

Бұл қарапайым мысалға, яғни намазда қолдарды дененің бойымен тастап қоюға, қайта оралайық. Не үшін мұсылмандар осыны істеуді жалғастыра береді? Сүннет туралы кітаптарда Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) намаз орындау кезінде бір қолын екінші қолының үстіне қоятынынына нұсқайтын хадистер өте көп ғой. Жауап біреу-ақ – мазхабқа соқыр түрде ілесу (тақлид) және ақиқаттың алдында, өз имамдарының айтқан “Егер (сендерге) сахих хадис (жетсе) – міне осы менің мазхабым” деген сөздеріне де қайшы келіп, қасарысу.

Мүмкін, кейбір адамдарға бұл мысал жеткіліксіз болар. Онда басқасын келтірейік. Бүгіңгі күнге дейін фиқх бойынша кітаптарда біз алкоголь екі түрге бөлінеді деген пікірді кездестіруіміз мүмкін:

1 –  аз мөлшерде де, көп мөлшерде де ішілуіне тыйым салынған, жүзімнен алынатын алкоголь.

2 – арпа, жүгері, құрма т.с.с. басқа азықтардан алынған ал­ко­голь. Алкогольдің бұл түрі толық тыйым салыңған болып табылмайды (бұл жөнінде осы кітаптарда айтылатындай), алайда, оларды мас қылатын мөлшерде ішуге тыйым салынады.

Не үшін кітаптарда осы күнге дейін осылай деп жазылуда?

Кейбір адамдар тек өзінің имамының пайымына (иджтихад[19]) негізделіп, жан-жақтан өзінің наразылығын білдіруі мүмкін! Біздің барлығымыз, мазхабтарымызға қарамастан, кітаптарда Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жеткен мына сахих хадисті оқимыз: «Үлкен мөлшерде мас қылатын нәрсені, аз мөлшерде де ішуге тыйым салынды». Әбу Да­уд 3681, әт-Тир­ми­зи 1925, Ибн Мәд­жәһ 3393. «Әл-Ируә», 2375. Сондай-ақ, ол былай деп айтты: «Мас қылатын нәрсенің барлығы – алкоголь, ал барлық алкоголь тыйым салынған болып табылады». Мус­лим 2003.

Не үшін бұзақылықтың ернеуінде тұрған және оған түсіп үлгерген адамдарды сергітетін және оларға жүзімнен алынбаған спирттік ішімдіктерді ішуді әдемі етіп көрсететін бұл қауіпті сөздер осы кезге дейін сақталып келуде? Және мұның барлығы -  пәлен имам осылай деп айтқандықтан![20] Біз де ол имамды ұлы ғалым деп есептейміз. Алайда, айырмашылығымыз - біз бұл ұлы ғалым қателесуден пәк емес деп есептегенімізде, ал оның пікірін соқыр түрде ұстанушылар өздерін осы ұлы ақиқатты ұмытқан етіп көрсетеді де, оның сөздерін қорғауды жалғастыра береді. Ал басқалары бұл сөздерді пайдаланып, мұсылмандардың арасында алкоголь таратуда. Үшіншілері имамның осы сөздерін емес, оның өзін қорғауда.

Мүмкін сендердің көпшілігің «Әл-’Араби» журналында мұсылмандарға жүзімнен жасалмаған ішімдіктерді ішуге рұқсат беретін бұл пікірді қолдайтын мақала пайда болғанын көрген боларсыздар. Сөйтіп, міне, олардың дәлелі – «өзіңді мас қылатын мөлшерде ішпе» деген сөздер болды.

Бірақ, көпке мәлім болғандай, іс жүзінде мұны істеу мүмкін емес. Өйткені, бірінші тамшы өзінің соңынан екіншісін, үшіншісі - төртіншісін сүйрейді және тағысын тағы. Өйткені, қандай мөлшер мас қылатынын, ал қандай мөлшер мас қылмайтынын анықтау мүмкін емес! Бұл - нәтижесінде мас болуға әкеледі.

Осыдан шыға келе, мені бір нәрсе толғандырады: не үшін осы сөздер фиқх бойынша кітаптарда сақталып келуде, олар бұл пікірді толығымен жоққа шығаратын Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айқын және сахих (сенімді) хадистеріне қайшы келуіне қарамастан?!

Не үшін біз пайдакүнем мақсаттарын көздеген бұл адамға өзінің мақалаларын таратуға және «өзіңді мас ететіндей мөлшерде ішпе, азғантай ғана іш, бірақ, көп ішпе» деп мұсылмандарға спирттік ішімдіктерді ішуге рұқсат етіп, одан түскен пайдаға өзіне сарайлар құруға мүмкіндік береміз.

Ал, мүмкін, оның ниеті ізгі шығар, және ол «Әй, адамдар! Дінді қиындатпаңдар. Егер бір имамның пікірі спирттік ішімдіктерді ішу рұқсат етілген деп тұрса, біз неліктен оған тыйым салуымыз керек?» - дейтін адамдардың жолына жәй ілесуді ғана қалайтын шығар. Мүмкін, бұл надан осындай да шығар. Алайда, осы мақалаға қарсы пікір жазған Шәмның абыройлы ғалымдарының бірінің сасқанын немен түсіндіруге болар екен? Ол ең басында мақала авторының пікірін ұстағандарды қолдайды, кейін бұл жазушының және ол сүйенген адамдардың сөздерін жоққа шығаратын хадистерді келтіреді, олардың кейбіреулерін біз ескертіп қойғанбыз.

Мұндай өзіне сенбеушіліктің және қобалжудың себебі неде? Себебі – ол бұл сөздерді, олар мұсылман ғалымдарының біреуінікі болғандықтан, талассыз дұрыс етуінде. Ал, бұл ғалым әуес-қалауымен, немесе надандығымен сөйлеп тұрған жоқ. Және мен мұнымен келісемін де, онымен бірге: ол әуес-қалауымен, немесе надандықпен айтпады, алайда, ол әуестілік пен надандықтан алшақ болса да, қандайда бір мәселе бойынша өз пікірін шығаруда қателесуден сақталған ба?! Біз барлығымыз: «Жоқ», - деп жауап береміз. Және біз барлығымыз Аллаһтың Елшісінің: «Егер үкім етуші (би, сот), ыждағаттылық танытып қаулы шығарса, және оның пікірі дұрыс болып шықса, онда оған екі сауап. Ал егер ол ыждағаттылық танытып үкім етсе, және қателессе, онда оған бір сауап», - деген сөздерін ұмытпағанбыз. әл-Бу­ха­ри, 7352; Мус­лим, 1716.

Бірақ, неліктен біз муджтахид-ғалымға[21] бір сауап берілетінін ұмытамыз және оның қателескенін жәй ғана мойындап қоймаймыз? Кейбір адамдар үшін «пәлен имам қателесті» - деп айту өте қиын.

Ал, біз: «Мұндай шектен шығушылық не қажет?» - дейміз. Неліктен біз имамдардың біреуі өзінің қандайда бір пікірінде қателесті және оған екі сауаптың орнына береу ғана беріледі деп айтудан қорқамыз? Неліктен біз осыны өзімізге принцип етіп алмаймыз және біз қазір ғана талқылаған екінші дәрежелі мәселелерде амалға асырмаймыз?!

Және егер осы ғалым әлгі жазушыға қарсы пікір ретінде жазған жолдауды оқысаңдар, нәтижесінде онда бұл жазушының қателігіне нұсқайтын ешнәрсе таппайсыңдар, өйткені, негіз ретінде ол мұсылмандардың бір имамының пікірін алды. Ал бұл имамның кейбір ізбасарлары бұл пікірді мұқият зертеп, оған шариғи дәлелдерді қарсы қойған соң, имамын онда ыждағат танытқаны үшін бір сауап алатындардың қатарына жатқызып, осы (пікірден) бас тартты ғой. Және өздері сахих хадистерді ұстана бастады. Ал неліктен біз осы жолдауда «Бұл мәселеде имам қателесті және оған бір сауап беріледі» деген ескерпені таппаймыз? Сондай-ақ, «Бұл жазушы имамның сөзіне сүйеніп, Сүннетке қайшы келуге құқығы жоқ еді» деп, оған сөгіс білдіруді де таппаймыз!

Жауап – біздің жүректеріміздің соқырлығында, өйткені, біз имамды дәріптеп, оны Аллаһ бізді міндетті еткеннен де артығырақ қадір тұтамыз. Біз Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жасы үлкенді құрметтемеген және жасы кішіге қамқорлық көрсетпеген, және біздің ғалымға лайықтысын бермеген – бізден емес», - деген сөзіне сенеміз. «Са­хихуль-джә­ми’», 5443.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізді ғалымдардың құқықтарын орындауға үндеді. Алайда, адамдар өз іс-әрекеттерімен ғалымды  қателесуден пәк етіп, Пайғамбардың дәрежесінен де биік көтермелеуне оның құқығы бар ма? Ал, іс-әрекеттер, сөздерге қарағанда, көп нәрсені білдіреді емес пе?[22]

Біз ғалымға құрмет көрсетіп, оны лайықты түрде қадірлеуіміз қажет екендігі - Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін қалдырып, оның сөздерін көтермелеуіміз қажет дегенді білдірмейді. Біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінің алдында оның сөздеріне басымдық беруімізге болмайды.

Және біз жоғарыда сөз еткен нәрселер  - бүгіңгі күні біздің ортамызда таралып кеткен, Құран Мен Сүннеттің білгірлері тарапынан сөгіс немесе наразылық білдірілмей қалып жатқан іс-әрекеттердің бір ғана мысалы.

Мен бұл жөнінде бір өзімнің жарияланған еңбегімде айтқан болатынмын. Және оқырман сол жолдауымнан тек бір ғана нәрсе алуы керек еді  - істің мәні - Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Көп мөлшерде мас қылатын нәрсені аз мөлшерде ішуге де тыйым салынады», - деп айтқанында. «Әл-Ируә», 2375.

Және сондықтан «Әл-‘Ара­би» жұрналынан болған әлгі жазушы қателесті, және оны қолдаған ғалым да қателесті. Және біз ешкімге әуестеріміз ауып қарамаймыз. Қателік – ол қателік, күпірлік – ол күпірлік, ол ерексекпен орын алса да, баламен орын алса да, еркекпен орын алса да, әйелмен орын алса да. Қателік, оны кім жасаса да, қателік болып табылады.

Сондай-ақ, мысал ретінде бүгіңгі күнге дейін сақталып келе жатқан және «Азаматтық хәлдер туралы заң» деп аталатын, некелесуге қатысты кең таралған пікірді келтіруге болады.

Жалпыға мәлім болғандай, өкінішке орай, бізге бір ауызды келісім бойынша шариғатқа қайшы келетін ережелерді қамтитын конституцияны міндеттеп қойды. Алайда, бұған қарамастан, біз айтып тұрған пікір шариғат заңы деп беріледі. Және бұл – саналы және кәмелет жасына жеткен мұсылман қызға уәлиінің (қамқоршысының)[23] рұқсатынсыз күйуге шығуға болады деген, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қандайда бір әйел уәлиінің (қамқоршысының) рұқсатынсыз күйеуге шықса, оның некесі жарамсыз. Оның некесі жарамсыз. Оның некесі жарамсыз!»[24] - деген айқын  сөздеріне қайшы келетін пікір. «Әл-Ируа» 1840.

Кейде адамдар маған: «Сонда осы хадисті сен ғана түсіндің бе?» - деп сұрайды. Мен оларға: «Бұл хадисті осылайша етіп араб тілінде имам болып саналатын кісі түсінді, ал ол -  имам әш-Шә­фи’и. Және бұл – Албаниялық бір кісінің пікірі ғана емес. Алайда, бұл албаниялық кісі бұл хадисті тауып алды, және бұл хадисті ‘Аб­дуль-Му­тал­либ тайпасынан болған қурайш имамы қалай түсінгенін де тауып алды».

Не үшін біз сахих хадиспен нығайтылған бұл дұрыс пікірді ғалымның пікірін алу үшін қалдырдық?

Ия, біз имамдардың иджтихадымен санасамыз. Алайда, иджтихад Құран мен Сүннеттің қатесіз мәтіндеріне қайшы келмейтін жағдайда ғана құнға ие болады. Біз барлығымыз фиқх негігіздері (усуль әл-фиқх) туралы кітаптардан: «Егер (Құраннан немесе Сүннеттен алынған) айқын мәтін болса, онда (ой-тұжырымға негізделген) пікір жарамсыз болады», немесе: «Айқын мәтін болса, иджтихад рұқсат етілмейді», - деген ережелерді оқимыз.   Осы ережелер бұл ғылымның ғалымдары тарапынан жаппай мойындалған. Онда, неліктен, біз осы Сүннетке сәйкес келетін ережелерді тәжірибеде қолданбаймыз да, оған қайшы келетін пікірлерді қасарысып ұстап аламыз.

Және егер біз шындығында да Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін», - деп айтып,  нұсқаған емделуге кіріскіміз келсе, онда: «Дінге қайта оралу тек сөз жүзінде ғана болуы керек пе, әлде ол амалдар мен сенімдерде көрініс табуы керек пе?» деген сұраққа жауап беруіміз керек?

Мұсылмандардың көпшілігі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына, және Мухаммәд – Аллаһтың Елшісі  екендігіне куәлік береді. Алайда, олар бұл куәліктің міндетті болған талаптарын орындамайды. Және бұл – өте ауқымды тақырып. Мұсылмандар, тіпті діннің уағыздаушылары деп аталатындар, біздің кезімізде бұл куәліктің мағынасына дұрыс түсіндірме бермейді. Жас мұсылмандардың және ислам жазушыларының көбі бұл куәліктен «Заң шығару құқығы тек Аллаһқа ғана тән»  деген ұғым шығатындығына басты назарды аударған. Иә, мұсылман жастары және ислам жазушылары болмыстың осы қырына ерекше маңыз беретінін мен ашық түрде жариялағым келеді. Яғни, заңдарды орнату Тек жалғыз Аллаһ Тағаланың  құқығы екендігіне. Және бізге міндеттелген, орын алып жатқан проблемаларды шешуде сүйенетін конституциялар «Заңдар тек Аллаһқа ғана тән» дегенге қайшы келетініне (назар аударады). Алайда, мен бұл жазушылардың өздері назар аудаған нәрселерінде тиянақсыз екендігін көрудемін, нақты айтқанда, заңдарды орнатуға тек Аллаһ ғана құқықты және Аллаһтың үкімдері – ол Құран мен Сүннеттің үкімдері екендігінде.

Сендердің ойларыңша, егер кәпірден қандайда қайшы заң келсе, ол Аллаһтың заңына қайшы келеді, солай ғой? Ал егер қандайда бір ғалым өзінің ыждағаттылығында (иджтихад) қателессе, онда бұл Аллаһтың үкіміне қайшы келмейді ме?!

Мен бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ екендігіне кәміл сенімдімін. Мұсылман адам Құран мен Сүннетке қайшы келетін кез-келген пікірді тастауға міндетті, ол пікір кімнен келсе де.  Алайда, бұл күпірлікті айтқан кәпір мен, өйткені ол мәңгі Тозақта қалатын кәпір, және қателесіп, қателігі үшін сауап алатын мұсылманның арасында айырмашылық бар. Біз бұл жөнінде сахих хадиске сүйеніп, жоғарыда айтқан болатынбыз.

Сондықтан, дінге оралу оны түсінуге жол жасалғаннан кейін ғана мүмкін болмақ. Және бұл - тәжірибеге «әл-фиқх әл-муқ­а­ран» (салыстырмалы фиқх)[25] деп аталатын фиқхты енгізуден басталып орындалуы керек. Бұл фиқхты оқып-зерттеу міндетті болып табылады. Оны шариғат білімі туралы диплом алатынның барлығы оқып-зерттеуі қажет.

Әрі қарай, біз Ислам мемлекетін орнатуға шақырғанда, бұл мемлекеттің нақты заңы және кодексі болу керектігін мойындаймыз.  Ал, бұл заң қай мазхабтың негізінде құрылады? Және қай мазхабтың негізінде бұл заңға түсіндірмелер жазылады?

Кейбір ислам қайраткерлері бүгіңгі күні болашақ ислам мемлекетінің конституциясы сүйенуге тиіс болған құқықты құрастыруға кірісіп кетті. Және біз бұл құқықтың жоғарыда сөз етілген «салыстырмалы фиқхты» оқып-зерттеуге, немесе біздің терминологиямызда айтылатындай «Құран мен Сүннетті оқып-зерттеуге» негізделмей жатқанын көреміз. Осындай қайраткерлердің біреуі белгілі бір мазхабты оқып-зерттеп, ал кейін осы мазхабтың пікірін өзі жазған құқықтың көптеген тарауларында жеткізген. Ол өзінің кітабын ислам мемлекеті пайда болғанда ол оның конституциясы болуы үшін дайындаған, ал бұл жақын арада орын алуы мүмкін. Ал, іс жүзінде ол, спирттік ішімдіктің рұқсат етілгендігі туралы жазған адам сияқты, ешқандай жаңалық жасаған жоқ. Ислам мемлекетінің конституциясының жобасы туралы ең кем дегенде ол өзіне осы мәселе бойынша  Сүннетпен нығайтылған басқа имамның пікіріне қайшы келетін әлсіз пікірді қамтығанын айтуға болады. Және мен айтып тұрған нәрсе «Егер мұсылман зиммиді[26] өлтірсе – одан кек алу ретінде оны өлім жазасына кеседі» деген тарауда келген.   Және бұл пікір ислам фиқхында белгілі. Алайда, басқа: «Егер мұсылман зиммиді өлтірсе, кәпір үшін кек алу ретінде оны өлтірмейді» - деген пікір де бар, өйткені әл-Бухаридің жинағында Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылманды кәпір үшін өлтірмейді», - деген сөздері келтіріледі.  «Әл-Ируә», 2209.

Ал, мұсылманды кәпір үшін өлім жазасымен өлтіру туралы заңды, ол Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзіне қайшы болып тұрса да, ислам құқығына енгізуге бұл ғалымды не итермеледі екен?![27]

Мен мұның себебі -  ол осы мазхабтың фиқхын оқып-зерттеп, соның үстінде өсіп, оған ілесуді өзіне де, өзгеге де міндетті еткені екеніне мығым сенемін. Ал, енді осыны дінге қайта оралу деп атауға болады ма?  Ақықатында, дін: «Кәпір үшін мұсылманды өлтірмейді!» - деп айтып тұр, ал мазхаб өлтіреді дейді. Сондай-ақ, бұл жазушы сол тармақта: «Ал, егер мұсылман зиммиді қателесіп өлтірсе, онда құн не болады? Оның құны мұсылманның құнындай», - деген. Осылай деп ол сүйенетін мазхабқа ілесетін конституция жариялап тұр. Алайда,  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кәпірдің өлімі үшін құн муминнің құнының жартысына тең». «Са­хих әл-Джәми’», 3391.

Ал, біз конституция ретінде нені қабылдауымыз керек? Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзін бе, әлде оған қайшы келетін пікірлерді ме? Және мұндай мысалдар өте көп.

Сөйтіп, дінге қайта оралу – бұл Құран мен Сүннетке қайта оралу, өйткені имамдардың бір ауызды келісімі бойынша, дәл  соларда дін қамтылған. Және тек соларға ілесу ғана  - адасушылықтан кепілді қорғау болып табылады. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендерге олардан кейін сендер ешқашан адасушылыққа түспейтін екі нәрсе қалдырдым – Аллаһтың Кітабын және менің Сүннетімді, және олар маған су айдынының қасында көрсетілмейінше ажыратылмайды». «Са­хих әл-Джә­ми’», 2937.

Біз бұл мысалдарды білім иелері діннің Құран мен Сүннет деген екі негізге сәйкес келетін түсінігіне қайта оралудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуі үшін және мұсылмандар Аллаһ осыны рұқсат етті деп харамды халәл етпеуі үшін ғана келтірдік.

Және дінге қайта оралуға қатысты айтқым келген нәрсе.

Егер біз Аллаһ Тағала бізге ұлықтық беруін, қорлықтан құтқаруын және дұшпандарымызға қарсы бізге көмектесуін қаласақ, онда бұл үшін проблеманы жалғыз ұғыну ғана жеткіліксіз болады. Ал бұл – дінді және шариғат дәлелдерін бұрмалап тастаған түрлі пікірлерден құтылудың қажеттілігін бұрыс түсіну проблемасы. Тағы бір маңызы аз болмаған фактор бар, ал ол – амалдар. Білім – амалдарды атқаруға қажетті құрал ғана. Және егер адам таза, түрлі адасушылықтардан еркін білімге ие болып, бірақ, оған сәйкес іс-әрекет жасамаса, онда, бұл білімнің ешқашан жемісі болмайтыны – әп-айқын. Сондықтан да білімнің ізінен әркез амал ілесуі қажет.[28]

Әрбір білім иесі бүгіңгі күні мұсылмандардың жаңа ұрпағын – (яғни )Құранға және сахих Сүннетке сәйкес өмір сүретін мұсылмандардың ұрпағын тәрбиелеуге кірісуі керек. Және адамдарды олар өздерінің ата-бабаларынан мирас етіп алған дін туралы жалған түсініктерінде қалдыруымызға бізге рұқсат етілмейді.  Өйткені, олардың кейбіреулері бір ауызды келісім бойынша жалған болып табылады, ал басқаларында иджтихад шеңберіндегі келіспеушілік бар, алайда, Сүннетке қайшы келетін иджтихадта.

Және тек осындай тазартудан және діннің қайта жаңғыруы неден басталуы мен оның жолы қандай екенін түсінуден кейін ғана жаңа ұрпақты осы сахих білімнің негізінде тәрбиелеу орын алуы қажет. Және мұндай тәрбиенің жемісі, міндетті түрде, таза ислам қоғамының, ал содан кейін ислам мемлекетінің де пайда  болуы болады. Және осы екі бастапқы сатыларсыз – сахих білімсіз және соның негізінде жүргізілетін дұрыс тәрбиесіз – ислам басқаруын, немесе мемлекетін орнату мүмкін емес екендігіне мен кәміл сенемін.

Мен осы сатылар Исламды қайта жаңғырту ісінде қаншалықты маңызды екеніне мысал келтіремін. Бізде – Шамда мұсылмандардың тобы бар, олар да Исламның қайта жаңғыруын және оның негізінде жаңа ұрпақты тәрбиелеуді қалайды, және тіпті бұл үшін белгілі күш-жігерін де салуда. Бірақ, біз олардың басшыларының көбі өздері Исламды біз айтқан жолдың негізінде мұқият оқып-үйренуге мұқтаж екендігін сезудеміз. Біз бұл қайраткерлер жұмаға қараған түнде ислам жастарын Аллаһқа құлшылық ету үшін шақыратынын көрудеміз. Иә, бұл шақыру – Аллаһқа мойынсынуға және оған ғибад етуге деген шақыру. Және бұл – өте жақсы. Бірақ, олар Сүннетті зерттеп-оқымағандығынан және оны түсінуге тырыспағандығынан, және өздерін осыда жастайынан тәрбиелейтін ұрпақты көріп үлгермегендігінен, оған деген қайшылыққа түсті. Біз Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Басқа түндерді қалдырып, жұмаға қараған түнді (түнгі) намазды орындау үшін белгілеп қоймаңдар, және басқа күндерді қалдырып, жұма күнін ораза ұстау үшін белгілеп қоймаңдар», - деген сөздерін меңзеп тұрмыз.[29] Мус­лим, 1144.

Ал, енді жұмаға қараған түнді ерекше етіп белгілеуге және оны ғибадатқа арнауға біздің қандай құқымыз бар, мұны бізге Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған болса. Жауап: мұның себебі болып надандық табылады. Бірақ, онда не үшін білім иелері мұндай істеуге тыйым салынғандығына нұсқап, бұл надандықты жоймайды?!

Балалардың басқалары өздеріне музыка тыңдауды рұқсат етеді, өйткені, барлық каналдар оған толы.  Ал, неліктен ешкім оларға Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) музыкалық аспаптарға және музыкаға тыйым салып, өз уақытын ойынмен, бос сөзбен және музыкамен өткізетіндерді (Аллаһ) маймылдар мен доңыздарға айналдыратындығымен қорқытқандығын нұсқамайды? «әс-Силь­си­лә әс-са­хи­ха», 91. Бұл ұрпақ не нәрсе – халәл, ал не – харам болып табылатындығында тәрбиеленбеді. Өздерін ақтау ретінде бұл балалар музыканың халәл екендігі туралы жолдау жазған имамдардың бірі Ибн Хазмнің сөздері сияқты, кейбір ғалымдардың сөзін келтіреді.[30] Және бұл пікір олардың арасында өте жылдам таралып кетті, өйткені, ол пікірде олардың әуес-қалауларына сәйкес келетін нәрселер бар. (Мұндай топтардың) кейбір жетекшілері және өздерін қоғамды түзетумен айналысып жүргендер деп ойлайтындар: «Егер осы имам осындай пікірді шығарған болса, онда біз музыка тыңдап,  оған осыда ілесе аламыз; мұның үстіне оны қазір барша естуде», - деп жариялайды.[31]

Ал, Сүннет қайда кетті?! Ақиқатында, Сүннет ұмытылды!

Және егер Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) дінге қайта оралуды қорлықтан құтылудың құралы еткен болса, онда біз оны ғалымдардың Құран мен Сүннетке негізделетін пікірлеріне сүйеніп, дұрыс түсінуіміз керек, және дәл осының үстінде жаңа ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.

Міне осы - мұсылмандардың барлығы шағымданатын проблемалардың шешілуіне жеткізетін жол.

Маған бір сөз ұнайды, және ол мен жоғарыда айтып өткендерімнің қорытындысы болады. Бұл - кезінде дінге шақырумен айналысқандардың біреуінің сөзі. Және бұл сөз көктен түскен белгі сияқты деп есептеймін. Ол: «Ислам мемлекетін өз жүректеріңде құрыңдар, және ол сендер үшін жерде құрылады», - деген сөз.

Біз өзімізді Исламымыздың, дініміздің негізінде түзетуіміз керек. Ал бұл, мен айтқандай, надандықтың көмегімен іске асырылмайды. Алайда, бұл тек білімнің негізінде ғана орын алуы мүмкін және бұл жерде ислам мемлекеті құрылғанға дейін жалғаса беруі қажет.[32]

Және соңында бұл ұлы істі жүзеге асыруға қабілетті әрбір кісіге шынайы Исламды, ол туралы Құран мен Сүннетте айтылатын Исламды, таратуда, және оның үстінде жас ұрпақты тәрбиелеуде ғалымдармен ынтымақтастықта болуды мирас етемін.  Бұл ескерту еді, өйткені ескерту муминдерге пайда әкеледі.[33]

 

Әс-Са­ләму ‘аләй­кум уә рах­мә­ту-Лла­һи уә бәра­кә­туһ!

 

سلسلة

«الدعوة السلفية»

(٤)

 

التصفية و التربية

وحاجة المسلمين إليها

للشيخ

محمد ناصرالدين الألباني

باللغة الروسية

الإصدار الأول

الإعداد : الموقع» إلى الإسلام«


[1] Түп нұсқасында кітап «Әл-Мәктәбә әл-Исләмия»  баспасында жарық көрген.

[2] Мухаддис – хадистер (Мухаммәд пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары жайлы деректер) туралы ғылыммен айналысатын, оларды жақсы түсінетін, олардың көптеген нұсқаларын (риуаяттарын) біліп, олардың жеткізушілері туралы егжей-тегжейлі білімге ие болып, олардан өздігінше шариғи үкімдер шығаруға қабілетті ғалым.

[3] Шейх Мухаммәд Нәсыруддин ибн Нух ибн Әдәм Нәджәти әл-Әлбәни – біздің ғасырымыздың ұлы ғалымы. Ол хиджра жыл санауы бойынша 1333-жылы (1914 ж.) Шкодер қаласында (Албанияның бұрыңғы астанасында) туылды.

Оның әбырой-мәртебесі мен білімінің деңгейіне нұсқау үшін өз ғасырының ғалымдарының  оның көзі тірісінде-ақ, сондай-ақ, оның өлімінен кейін ол туралы айтқан сөздерін келтіру жетіп асады.

Ибн Баздың ұстазы - шейх Мухаммәд ибн Ибрахим шейх әл-Әлбәни туралы былай деді: “Сүннетті ұстанушы, ақиқаттың көмекшісі және адасушылықтарды жақтаушылардың қарсыласы”.  “Мухаддисуль-‘асри уә нәсыру-Ссуннә” 32.

Шейх Ибн Баз ол туралы былай деген: Мен қазіргі кезде аспан астында әл-Әлбәниден көбірек білетін адамды білмеймін! “Кәукәба мин әимәтиль-хуәда” 227.

Бірде Ибн Базға: «Ақиқатында, Аллаһ бұл үмметке  әр жүз жыл сайын олар үшін дінді жаңғыртатын біреуді жіберіп отырады», - деген хадис оқып беріліп: «Бұл ғасырдың жаңғыртушысы (мужәддид) кім еді?» - деген сұрақ қойылды.  Ибн Баз: “Шейх Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәни, бұл менің пікірім, - деді. “Мәджлә әл-әсалә әл-Урдуния” 76.

Шейх Ибн ‘Усәймин былай деген: Шейх әл-Әлбәни - әһхлю-Суннә адамы, Сүннетті қорғаушы, хадис туралы ғылымның имамы, және біздің заманымызда онымен теңдесетін адамды білмейміз. Алайда, кейбір адамдардың жүрегіне, олар адамның қабілеттерін көрген кезінде, өшпенділік ұялап, олар, кезінде аз да, көп те мөлшерде садақа беретін муминдерді тәлкек қылған екіжүзділер сияқты, ол туралы жаман сөздер тарата бастайды. Бұл адамды біз оның кітаптары арқылы білеміз, және мен оны ол өткізген мәжілістерден білемін.  Ол -дұрыс жолмен (мәнһәжбен) жүрүші, ақидасы бойынша - сәләфи*”. “Тасджиләту мәжәлис әл-худә” 4 - кассета.

* Саләфи – өзінің сөздерінде, амалдарында және сенімдерінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), оның ардақты сахабаларының, сондай-ақ, олардың ізбасарларының (табиъун) жолын ұстанатын адам.

Шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейх және шейх Салих әл-Фәузан ол туралы: “Біздің кезіміздегі Сүннеттің қорғаушысы!” - деді. “Мухаддисуль-әсри уә нәсыру-Ссуннә” 33.

Шейх ‘Абдуллаһ ибн ‘Абдур-Рахмән әл-Бәссам былай деп айтқан: “Шейх әл-Әлбәни – Сүннетке қызмет ету жолында өзін де, өзінің мал-мүлкін де аямай ыждағаттылық танытқан біздің заманымыздың ұлы имамдарының қатарынан.  “Кәшфу-ттәлбис” 76.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббәд: “Шейх әл-Әлбәни, Аллаһ оны рақым етсін, Өзінің (өмір сүрген) жылдарын Сүннетке қызмет көрсетуге, кітаптар жазуға, Аллаһқа шақыруға, саләфи шақыруының (дағуатының) жеңіске жетуіне және бидъаттарға қарсы күресуге бағыштаған  атақты ғалымдардың қатарынан еді. Ол Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің қорғаушысы еді және, күмәнсіз, мұндай ғалымды жоғалту – мұсылмандар үшін ұлы қаза. Аллаһ оған істеген ұлы қызметі үшін ең жақсы сыйын берсін және оны Жәннәтқа қоныстандырсын”. “Хаятуль-Әлбәни” 7.

Шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убәйлән былай деп айтқан: “Мен және бүкіл дүние жүзі мұсылмандары имам, атақты ғалым, мухаддис, зухд - шейх  Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәнидің өліміне қатты қайғырамыз. Шындығында да, оның барлық артықшылықтарын сөзбен жеткізуге болмайды, және егер де оның саләфия шақыруын (дағуатын) жаңғыртуынан өзге ешқандай қызметтері болмаса да, осының өзі өзгелер жете алмайтын қызмет болар еді. Бірақ, сонымен бірге, ол - Сүннеттің негізінде өмір сүрген және биъаттардан сақтандырған саләфияға шақыратын ең үлкен уағыздаушы еді. Біздің шейх ‘Абдуллаһ әд-Дуәйш: «Біз көп ғасырлардан бері хадистердің сахихтығын анықтауға (тахқиқ) едәуір еңбек сіңірген шейх Нәсырға теңдесетін кісіні білмегенбіз. Имам әс-Суютыдың өлімінен соң тіпті біздің уақытымызға дейін хадис туралы ғылымды (‘ильму-хадис)  шейх әл-Әлбәни сияқты кең көлемде және дәлме-дәл оқып-зерттеген ешкім болмады»”. “Хаятуль-Әлбәни” 9.

Шейх Салих Әли Шейх ол туралы былай деп айтқан: “Атақты ғалым Мухаммәд Нәсыруддин әл-Әлбәнидің қазасы қайғы болып табылатынына еш күмән жоқ, өйткені, ол – Аллаһ Тағала ол арқылы бұл дінді қорғайтын және Сүннетті тарататын, Ислам үмметінің қатарынан болған ғалым, мухаддистердің мухаддисі  еді!” “Каукәбә мин әимәтиль-худә” 252.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ білімді өз құлдарынан жәй тартып алуы арқылы алып қоймайды, бірақ Ол білімді білімділерді алып кетуі арқылы алып қояды!» - деп ақиқатты айтты. әл-Бухари 100, Муслим 3/737.

Ізгі саләфтар былай деп айтатын: Ғалымның өлімі – бұл қайғы, және тұтас халықтың өлімінің маңызы – бір ғалымның өлімінің маңызынан төмендеу”. “Мифтәху дәри-сса’әдә” 1/68.

Шейх әл-Әлбәни хижраның 1420 жылы, джумәда әс-сәни айының 22-де, сенбі күні (2 қазан 1999 ж.) 87 жасында қайтыс болды. Аллаһ оны рақым етсін, оның күнәларын кешіріп, Жәннәтпен сүйіншілесін!

[4] Шейх әл-Әлбәни баяндап беретін тазарту және тәрбиелеу Исламда маңызды орынға ие. Біздің кезімізде Ислам үмметінің болашағы үшін толғанумен және қайғырумен ынталанған көптеген мұсылмандар адамдарды, өздерінің діндерін және өмірін қорғау үшін, бірігуге шақырады. Бірақ, бұл шақыруларында олар адамдардың бұрмаланған сенімдерін түзетуге ешқандай назар бөлмейді де, жәй бірігудің өзі - барлық проблемаларды шешудің жолы бола алады деп есептейді, және біртұтас сенім мен көзқарастардың негізінде болмаған  бірігуді мүмкін деп санайды. Олар, өздерінің жақтаушыларының санын көбейту үшін, тіпті әртүрлі ережелерді жасап қояды, мысалы: «Біз бір-бірімізбен біртұтас болған нәрселерімізде ынтымақтас боламыз да, өзара келіспейтін нәрселерімізде бір-бірімізді (тиіспей) қалдырамыз» немесе «Бізді біріктіретін биъат - бізді бөлетін Сүннеттен жақсы» дегендей. Мұндай шақыру, сырттан қарағанда, абзал болып көрінгенімен, кесірлі (бұзық) болып табылады және діннің негіздеріне қайшы келеді.

Имам әл-Фудайль ибн ‘Ийяд былай дейтін: «Жандар сарбаздар сияқты, олардың бірін-бірі танығандары бірігеді, ал олардың бірін-бірі танымағандары таралып кетеді. Және Сүннеттің жақтаушысының бидғаттың жақтаушысына көмектесуі мүмкін емес, бұл - тек екіжүзділіктің көрісінісі болуынан басқа”. “Шәрх усуль и’тикад” 1/138.

Шейх Әхмәд ән-Нәджми былай деді: “Кім мұсылмандарды сенімнің біртұтастығына емес, қатарларының біртұтастығына шақырса, ол жақсылыққа шақыруды және жамандықтан қайтаруды бұзғысы келеді! Мұсылманға басқа мұсылманның адасушылығына қатысуына рұқсат етілмейді… Әртүрлі сеніммен қатарларды біріктіруге Раббымыз ешқашан разы  болмайды. (Адасқандармен)  қатарларды біріктіруге болмайды, және бұл - шайтанның шақыруы!” “әл-Фәтауә әл-джәлия” 70.

Тағы біреулер, біздің үмметіміздің қайғы-қасіреттерінің себебі - Исламнан алшақтауда деп түсініп, адамдарды оған қайтуға шақырады. Алайда, олар да, біріншілер сияқты, адамдардың бұрмаланған сенімдерін тазартуға және түзетуге бейғам. Мұндай шақыру мәнсіз және пайдасыз болып табылады. Бұған қоса, ол бірігуге емес бөлінуге деген шақыру болып табылады. Өйткені, Ислам туралы әртүрлі көзқарасқа ие болған екі-ақ адамның қашан болса да бірігуін елестету мүмкін емес. Ислам – жалғыз, және ол ешқандай әртүрлі түсінушілікке жол бермейді. Сондықтан да, адамдарды Исламға шақырудан бұрын, алдымен адамдардың сенімін (ақидасын) оған араласып кеткен оған қатыссыз болған нәрселерден тазарту керек. Кейін, шариғат заң-ережелерін негізсіз болған және Құран мен Сүннетке қайшы келетін сан алуан пікірлерден тазарту керек.

Сүннетте тазартудың маңыздылығына нұсқаулар аз емес. Мысалы, Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бұл білімді әр ұрпақтан болған әділетті ғалымдар алып жүреді, олар оны шектен тыс асырып айтушылардың бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады»,  – деген. әл-Бәйһәқи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдармен риуаят етіледі, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді, және сондықтан, хадистің сахихтығын Әхмәд, әл-Ләләкәи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталәни, әл-Әлбәни және ‘Абдуль-Қадир әл-Әрнәут сынды имамдар растаған.

Сондай-ақ,  Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, бұл дін жат (ғарып) болып басталды, және жат (ғарып) болып аяқталады. Және Тубә (Жәннәттағы ағаш) – менен кейін  менің Сүннетімдегі адамдар бұзғанды  жөнге келтіретін жат (ғарып) болғандар /ғураба/ үшін». әт-Тирмизи 2630, әт-Табәрани 9/76.  Имам әт-Тирмизи хадистің сахихтығын растаған. Сондай-ақ, «әс-Сильсилә әс-сахиханы» 273 қараңыз.

Сөйтіп, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы және осы сияқты хадистерде ғалымдар дінді әртүрлі бұрмалаулардан және бұрыс түсіндірмелерден тазартады дегенге нұсқаған.

Және осыдан кейін ғана, біздің үмметіміздің ізгі алдыңғы буыны ұстанған таза негіздердің үстінде мұсылмандарды тәрбиелеу, біріктіру керек, және тек дәл солардың үстінде адамдарды Исламға шақыруды құру керек.

Шейх әл-Әлбәнидің бұл мақаласы – Ислам әлемінің көкейтесті мәселелерімен мазаланып және шын ықыласымен мұсылмандардың қазіргі жағдайын түзетуді қалап жүргендерге керемет насихат болып табылады.

[5] Шейх әл-Әлбәни Аллаһ Тағаланың мына сөздерін меңзеп тұр:

«Әй, иман келтіргендер! Егер сендер иман келтірген болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар және өсімнің қалған бөлігін алмаңдар. Бірақ, сендер мұны істемесеңдер, онда Аллаһ және Оның Елшісі сендерге соғыс жариялайтынын біліңдер». (әл-Бәқара 2: 278-279).

[6] Бидъаттарға қатысты да осылай. Олар - адамдар оларды істеп жатып, олар  күнә болып табылатындығын білетін - күнәлардан едәуір жаманрақ. Өйткені, дінге жаңалық енгізуші адамдар өздерінің бұл іс-әрекеттерін күнә деп есептемейді, тіпті мұны - ғибадат және Аллаһқа жақындаудың құралы деп біледі.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Исламның имамдары «Бидъаттар – адамдар олардың күнә екендігін түсініп істейтін - күнәлардан жаман» - дегенге бір ауызды келісімде!” “Мәджму’уль-фәтауә” 28/471.

Ибн әл-Қайим былай деді: “Адамдамдардың көпшілігі Аллаһқа Ол тыйым салған нәрселері арқылы ғибадат етіп, осынысын мойынсыну және жақындау деп нық сенеді. Және мұндай адамның жағдайы, өзінің істеп жатқаны күнә екендігін түсінетін адамның жағдайынан жаман!” “Иғәсату-лләхфән” 2/181.

[7] Біздің заманымыздың мұсылмандары рибамен  айналысып, өздері Аллаһпен соғысып жатқанынына қарамастан, Аллаһтан ұлылықты және жеңісті тілейтіні - таң қаларлық нәрсе. Ибн Аббәс былай деп баяндайтын: «Қиямет Күні өсім жегенге: «Аллаһпен соғысу үшін қару ал!» - деп айтылады!» әт-Табәри 3/127. Шейх Әхмәд Шәкир иснәдін сахих деді.

[8] Бұл дүниеге деген махаббат пен құштарлық - мұсылмандардың әлжуаздығының салмақты себебі болып табылады, басқа ұлы хадисте бұл жөнінде де айтылғандай.   Саубәннан жеткізілетін хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Жыртқыштар өзінің  құрбанына тап беретініндей, халықтар да сендерге жабылып  тап беретін күн жақын-ақ!» Одан: «Бұл сол кезде біздің аз болуымыздың себебінен орын алады ма?» - деп сұрағанда, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Керісінше, сол күні сендер көп боласыңдар, бірақ, сендер ағын суда жайылып кеткен тұнба сияқты боласыңдар. Және Аллаһ, дұшпандарың сендерді көрген кезде  олардың жүрегінен қорқыныш кетіп қалатын етіп, ал сендердің жүректеріңе әлсіздік (уәхн) салып қояды», - деп жауап берді. Одан: «Йә, Аллаһтың Елшісі, бұл нендей әлсіздік?» - деп сұрады. Ол: «Бұл дүниеге деген махаббат және өлімге деген жеккөрушілік», - деді». Әбу Дауд 4297. Хадис сахих. «Сахихуль-джәми’» 8183.

[9] Кейір адамдар  «…сендер діндеріңе қайта оралмағандарыңа дейін» деген сөздердің мағынасын тек джихадқа қайта оралумен ғана шектеп қояды. Ал хадисте: «Сендер джихадқа қайта оралғандарыңа дейін» - деп айтылған ба?! «Дін» деген сөздің түсіндірмесі Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінен Жәбірейіл періште туралы хадисте келген. Жәбірейіл (Оған Аллаһтың сәлемі болсын) пайғамбарға және оның сахабаларына келіп, одан Ислам, иман, ихсан туралы сұраған. Хафиз ибн Раджәб бұл хадиске берген шархында былай деген: «Бұл – өзіне діннің толық түсіндірмесін қамтыған хадис, бұл жөнінде хадистің соңында пайғамбарымыз: «Ол  - сендерге діндеріңді үйретуге келген Жәбірейіл періште еді», - деп айтқандай, және Исламның, иманның және ихсанның дәрежелерін түсіндіріп берген соң, ол мұның барлығын дін деп атады!» “Джәми’уль-‘улюми уәл-хикәм” 1/43.

Мұсылмандардың өздері - әлжуаздық пен қорлық жағдайының себепкерлері болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай:

«Бастарыңа келген кез-келген қасірет қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Аллаһ көбін кешіп жібереді!» (әш-Шура 42: 30).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Егер мұсылмандарда әлсіздік болса, немесе олар әлжуаз болып, ал дұшпандар оларға үстемдік етсе, бұл – олардың күнәларының кесірінен!” “Джәуәбу-ссахих” 6/450.

Шейх Мухаммад Әмин әш-Шәнқити мұсылмандардың әлсіздігінің, аз болуының және кәпірлерге қатысты әскери дайындығы жеткіліксіз болуының  себебі туралы былай деп айтатын: “Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында егер Оның құлдарының жүректері ықыласты болса, онда Ол оларға олардан күштірек болғандардың үстінен ұлылық беретінін нұсқады… Ықыластылықтың жемісі болып Ол мұсылмандарға өздерінің күші келмейтіндердің үстінен күш-қуат беретіні табылады… Және Аллаһқа деген ықыластылық және иманның күштілігі - осы әлсіздіктен ем болып табылады!” “әл-Исләм дину кәмиль” 33-34.

[10] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: «Пайғамбарлар, Аллаһтың оларға сәлемі болсын, салмақты қателіктер жасаудан қорғалған еді, ғалымдар мен әмірлерден айырықша. Ақиқатында, олар бұдан қорғалмаған. Сондықтан да, ілесу тиісті болған ақиқатты түсіндіру міндетті болып табылады, тіпті бұл түсіндіруде ғалымдар мен әмірлердің қателіктеріне нұсқау тұра келсе де». “Мәджму’уль-фәтәуә” 19/123.
Хафиз Ибн Раджаб былай деген: “Аллаһқа, Оның Кітабына және  Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ықыластылық танытуға (насыха) Құран мен Сүннеттің көмегімен адамдардың адасушылықтарын жоққа шығаратын және мұны түсіндіретін ғалымдардың істеп жатқаны табылады. Сондай-ақ, бұған ғалымдардың әлсіз сөздерін жоққа шығару да жатады”. “Джәми’уль-‘улюми уәл-хикәм” 96.

[11] Яғни фиқх мәселелерінде.

[12] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рақым етсін, «әһлюәс-Суннә уәл-джәмәъа» терминіне анықтама бере отырып, балай деген: “Бұл – Аллаһтың кітабына және Оның Елшісінің Сүннетіне, сондай-ақ, мухаджирлер мен ансарлардан болған алғашқы ұрпақ, және оларға ықыласты түрде ергендер біріккен нәрсеге қатаң түрде ілесетіндер”.  “Мәджму’уль-фәтауә” 2/375.

[13] Мазхаб – құқықтану мектебі. Осы сияқты мектептер өте көп болатын, алайда ең танымал болып төртеуі, яғни ханәфи, мәлики, шәфиъи, ханбәли мазхабтары табылады.

[14] Дінге шақырумен айналысатын мұсылмандар өте жиі жағдайда өздері білімге ие болмайды. Аллаһтың жолына қисынның, немесе пайымдалған пайданың көмегімен емес, білімнің  көмегімен шақыратынын ескерткіміз келеді! Аллаһ Тағала Өзінің Пайғамбарына (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

«Айт: «Менің жолым - осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелмен шақырамыз… »  (Юсуф 12: 108).

[15] Шейх әл-Әлбәни имамдардың сөздерін келтірмеді, өйткені, оның лекциясында отырғандарға бұл сөздер жақсы таныс еді. Алайда, біз аталып кеткен мазхабтардың имамдарының кейбір айтқан сөздерін келтіреміз.

Мысалы, имам Әбу Ханифә ән-Ну’мән ибн Сабит (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтатын: Егер (сендерге) сахих хадис (жетсе) – міне осы менің мазхабым. Ибн ’Абидин “Әл-Хашийя” 1/63. Сондай-ақ, оның сөздеріне мыналар да жатады: Менің дәлелімді білмеген адамға менің сөздеріме негізделіп пәтуа беруне тыйым салынады! “Расмуль-муфти” 1/29, әл-Мизән” 1/55. Сондай-ақ, ол былай деп те айтатын: Егер мен Аллаһтың Кітабына қайшы келетін бір нәрсе айтсам, онда менің сөздерімді тастап, Аллаһтың Кітабына ілесіңдер. Одан: «Ал егер олар Аллаһтың Елшісінің хадисіне қайшы келсе ше?» - деп сұрады. Ол: «Менің сөздерімді тастап, Аллаһтың Елшісінің хадисіне ілесіңдер», - деді. Одан тағы да: «Ал егер олар сахабалардың айтқан сөздеріне қайшы келсе ше?» - деп сұрағанда, ол: «Менің сөздерімді қалдырып, сахабалардың айтқандарына ілесіңдер», - деп жауап берді.  “әл-Мәдхәл илә-Ссунәниль-кубра” 203-204 және “Фәтхуль-Мәджид” 241.

Имам Мәлик ибн Әнәс (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтатын: “Ақиқатында, мен – тек қана адаммын: (кейде) қателесуім де, ақиқатты айтуым да мүмкін.  Менің білдірген көзқарастарыма ой салыңдар – Құран мен Сүннетке сәйкес келетіннің барлығын алыңдар, ал сәйкес келмейтінін – қалдырыңдар”. Ибн ’Абд әл-Барр “Джәми’ әл-бәйән әл-’Ильм” 2/32. Ол сондай-ақ: “Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзінен өзге кез-келген адамның сөзі қабылалынады және қайтарылады”, - деген.  «Иршәд әс-Сәлик» 227/1.

Имам әш-Шәфи’и (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтатын: Егер адам Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қандайда бір іс-әрекеті, немесе айтқан сөзі туралы білсе, оған оны басқа біреудің айтқан сөзі үшін қалдыруға тыйым салынатындығына мұсылмандар бір ауызды келісімде”. «’Иләм әл-мәуәққи’ин» 2/361. Ол, сондай-ақ, былай деп айтатын: Егер менің жазғаданрымда Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайшы келетін бір нәрсе тапсаңдар, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес сөйлеңдер де, менің айтқандарымды тастаңдар. “Хилйәт әл-Әулиййә” 9/107.

Имам Әхмәд ибн Ханбәл (Аллаһ оны рақым етсін): Маған ілеспеңдер, және Мәликке де, әшәфи’иге де,  әл-Ауза’иге де, әс-Сауриге де ілеспеңдер, олар алған жерден алыңдар, - дейтін. Ибн Әби Хатим, Әбу Ну’айм және Ибн ’Асакир 15/9/2. Сондай-ақ, ол: Егер біреу Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисін қайтарса, ол опат болудың ернеуінде тұр. Ибн әл-Джәузи 182.

[16] Түрлі мазхабтардың ілесушілері өз имамының сөзін, ол Сүннетке қайшы келетінін біле тұра, жиі келтіреді, бірақ, бұл жөнінде айтпайды. Аллаһ бізді Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге біреуге салынып ілесуден сақтасын!

[17] Бұл қате пікірдің жақтаушылары осы іс-әрекет - Мәдина тұрғындарының хадистердің күшін жоятын амалы болып табылады дейді. Ақиқатында, бұл – ұлы адасушылық. Дінді сақтауды Өзіне міндет еткен Аллаһ Тағала, қалайша енді күші жойылған (мәнсух) мәтінді сақтап қалып, күшін жоятын (насих) мәтінді сақтап қалмады?!

[18] Шейх біздің кезімізде Исламның уағыздаушы сымақтарының  кең таралып кеткен «дін өзек пен қабыққа бөлінеді» деген сөздеріне нұсқап тұр. Бұл қисынға сәйкес, маңызды және жеткілікті болып тек Исламның өзегі ғана табылады, ал, «қабық» санатына жататындарға келер болсақ, оларды, маңызды болмағандығы себебінен, тастауға да болады. Ал, ақиқатында, Аллаһтың Елшісінен бізге келіп жеткен кез-келген хабар қабылдануы және мұқият зерттелуі, және егер сахих (сенімді) болса, қабылдануы қажет, Аллаһ Тағаланың мына сөздеріне сәйкес:

«Сендерге Пайғамбар не берсе - алыңдар да, неден тыйса - одан тыйылыңдар, әрі Аллаһтан қорқыңдар». (Әл-Хашр 59: 7).

Аллаһ тағаланың шариғатындағы барлық нәрсе маңызды болып табылады, алайда, бірінші кезекті нәрселер болады, және керексіз және маңызсыз ешнәрсе жоқ, тіпті егер сөз дәретті қалайша сындыру туралы болып тұрса да! Аллаһ Тағала былай деп айтты:

«Әрине, саған салмақты (маңызды) Қүранды түсіреміз!» (әл-Музәммиль 73: 5).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Мақұлданатын нәрсенің ешқайсысына елемеушілік танытпаңдар, тіпті өз бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу керек екендігіне де». Муслим 2626.

Имам әл-‘Изз ибн Әбду-Ссаләм: “Аллаһтың шариғаты өзіне қабықты (кишр) қамтыған деп айтуға, және мұндай амалдардағы көптеген пайдалар мен игіліктерді қалдыруға болмайды. Мойынсынуға және иманға деген бұйрық қалайша қабық болып табылу мүмкін?! Мұндай жіктеуді ақымақ, сорлы және адамгершіліксіз адамнан өзге ешкім жасамайды. Егер олардың біреуіне: «Сенің шейхыңның сөздері қабық болып табылады!» - деп айтсаң, ол саған қатаң сөгіс айтады, алайда оның өзі осындай сөзді шариғатқа қатысты айтады! Шариғат – бұл тек Аллаһтың Кітабы және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті. Ал мұндай наданға оның күнәсіна сәйкес сөгіс жасау керек”. “әл-Фәтауә” 71-72.

Бірде Ибн Базға: «Сақалды қыру және киімді тобықтан төмен түсіру – қабық және болмашы мәселе болып табылады, бірақ маңызды (нәрсе) емес», - деп айтатынға қатысты шариғат үкімі қандай?» - деген сұрақ қойылғанда, шейх былай жауап берді: “Бұл сөздер өте қауіпті және сөгіс айтылатындай! Дінде қабық жоқ! Дінде барлық нәрсе маңызды және игі болып табылады. Ия, дінде бірінші кезекті нәрселер бар, екінші кезекті де, және сақалды қыру мен киімді қысқарту - бірінші кезектегі мәселелерден емес. Алайда, діннің қандайда бір ережесін қабық деп атауға рұқсат етілмейді. Және мұндайды айтқан адам үшін, оның сөздері - дінді масқаралау болып қалуы, ал оның өзі осының себебінен - діннен шыққан муртад болып қалуы мүмкін деген қауіп бар!” “Фәтауә ‘уләмә әл-бәләд әл-харам” 321.

 

[19] Иджтихад – қандайда бір мәселе бойынша шариғи пайым шығару.

[20] Ғалымдардың сөздері өздігінше дәлел болып табылмайды. Бұл жөнінде шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп керемет сөздер айтты: «Ақиқатында, ғалымдардың сөздері шариғи дәлелмен нығайтылуы қажет, ал шариғи дәлел олардың сөздерімен нығайтылмайды!» “Мәджму’уль-фәтауә” 26/202.

[21] Муджтахид – қандайда бір мәселелер бойынша шариғи пікір (пайым, үкім) шығаруға құқығы бар адам.

[22] Салим ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: «Бірде мен Ибн ‘Умармен бірге мешітте отырғанымда, оған Шәмның бір адамы келіп, қажылыққа дейін умра жасау (әт-тамәттуъ қажылығы) туралы сұрақ қойды. Ибн ‘Умар: “Бұл жақсы және өте жақсы амал”, - деп жауап берді. Әлгі адам: «Тіпті сенің әкең (‘Умар ибн әл-Хаттаб) бұған тыйым салатын болса да ма?» - деді. Ибн ‘Умар: “Бәле саған! Егер менің әкем Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзі істеп, өзгелерге бұйыратын нәрсені істеуге тыйым салса, сен менің әкеме мойынсынасың ба, әлде Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойынсынасың ба?!” – деді. Әлгі адам: «Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әміріне», - деп жауап берді». Әхмәд 5700, Әбу Я’лә 3/1317. Иснәдінің сахихтығын имам ән-Нәуәуи растаған.

Хафиз Ибн Раджаб былай деген: “Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір әмірі жеткен әрбір адамға ол жөнінде адамдарға жеткізуге және оларды осыған ілесуге шақыруға міндетті (уәжіп) болады, тіпті бұл (әмір) пәлен кісінің атақты пікіріне қайшы келсе де, өйткені Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) әмірі кез-келген абырой-атақ иесінің пікірінен ұлықтауға және өнеге етуге лайықтырақ”. “Иқазуль-хамәм” 93.

Хафиз Ибн Кәсир: Адамдардың сөздері мен амалдары Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздерімен және амалдарымен салыстырылады, және оның сөздері мен амалдарына сәйкес келетіндері – қабыл алынады да, ал оларға сәйкес келмейтіндері - қайтарылады, олар кімдікі болса да. “Тафсир Ибн Кәсир” 3/415.

[23] Бұл пікір ханәфи мазхабында таралған, және ол – Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) нұсқауларына қайшы келетін, айқын қате пікір болып табылады.

[24] Сондай-ақ, пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Уәлисіз неке жоқ», - дейтін. Әбу Дауд, Әхмәд, Ибн Мәджәһ, әл-Хаким. «Сахихуль-джәми’» 7555. Имамдар бұл хадистің сахих екендігіне бір ауызды келіскен.  Әхмәд, Яхъя ибн Мә’ин және әл-Бухари сынды имамдар оның сахихтығын растағанының өзі жетіп асады.  Және бұл хадис «мутауәтир» дәрежесіндегі (көп жолдармен жеткен) хадиске жатады.

[25] Яғни әрбір мәселе бойынша барлық мазхабтардың пікірі мен дәлелдері келтіретін.

[26] Зимми – Ислам мемлекетінде өмір сүріп, салық төлейтін христиан немесе яхуди.

[27] Бұл жерде Ислам мемлекетінде кәпірді өлтірген мұсылманға қатысты шариғи үкім туралы сөз болуда. Және мұсылманды ол кәпірді өлтіргені үшін өлім жазасымен жазаламайды деген сөз - бұл кәпірді өлтіруге рұқсат етілген дегенді білдірмейді. Өйткені, мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірді өлтіру - үлкен күнә болып табылады. Имам әл-Бухари өзінің сахих жинағындағы тарауды «Зиммиді қақысыз өлтіргеннің күнәсі» деп атап, мына хадисті келтіреді: «Кім муахадты (мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпір)өлтірсе, Жәннәттің иісін де сезбейді. Ал, ақиқатында, Жәннәттің иісі қырық жылдық қашықтықтан сезіледі». әл-Бухари 6914. Бұл тура өзінің баласын өлтірген әкенің өлтірілмейтіндей. Шариғат үкімі осылай. Алайда, бұл – ата-анаға баласын өлтіруге рұқсат етіледі дегенді білдірмейді.

[28] Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді:

«Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Аллаһ оны өзгертпейді». (әр-Ра’д 13: 11).

Са’ид ибн Джубайр, Хасан әл-Бәсри және Суфьян әс-Саури былай дейтін: Амалымен бірге болған (сөздерден) өзге сөздер қабыл етілмейді. Және дұрыс ниеттерімен бірге болған (сөздер мен амалдардан) өзге сөздер мен амалдар қабыл етілмейді. Және Сүннетке сәйкес болған (сөздер, амалдар және ниеттерден) өзге сөздер, амалдар және ниеттер қабыл етілмейді”. әл-Ләлякәи: “И’тиқаду әхли-Ссуннә” 1/57, Ибн әл-Джәузи: “Тәлбису Иблис” 9, және әз-Захаби: “Мизәнуль-и’тидәл” 1/90.

[29] Яғни жұманы ораза, немесе түнгі намаз үшін белгілеуге болмайды, тек егер бұл басқа түндерде де үнемі орындалатын түнгі намаз болмаса.

[30] Захирилер мен сопылардан өзге, алдыңғы имамдардың ешқайсы музыканы халәл деп есептемеген. Әхлю Суннәның алдыңғы үш ұрпағының арасында музыка тыйым салынғандығына келіспеушіліктер болмаған. Бұл мәселеде бір ауызды келісім болғанына көптеген имамдар нұсқаған, олардың арасында: Ибн Саләх, әл-Әджурри, ән-Нәуәуи, әр-Рифә‘и, әл-Қуртуби, Ибн Таймийя, Ибн әл-Қайим, Ибн Раджәб, Ибн Кәсир, Ибн Хаджәр әл-Хайтами және басқалар бар. “Кәффу әр-ру’а” 124, “Иғасату әл-ләхфән” 1/228, “Нузхату әл-әсмә” 69. Және маңызды ереже айтатындай: «Бірінші ұрпақтардың бір ауызды пікірі кейінгі ұрпақтардың келіспеушілігімен бұзылмайды».

Музыка харам екендігіне бірмағыналы сахих хадистер нұсқайды. Мысалы, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Және менің үмметімде зинаны, жібекті, шарапты және музыкалық аспаптарды халәл деп санайтын адамдар пайда болады». әл-Бухари 5590.

Сондай-ақ, Әнәстан Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бұл дүниеде және Ақыретте екі дыбыс лағнеттелген: қуаныш кезіндегі - сырнай және қайғыдағы – ойбайлау (жоқтау)». әл-Бәззар, әд-Дыя әл-Мәқдиси. әл-Мунзири және әл-Хайсами сынды хафиздер, бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімге лайық деген. “әт-Тарғиб уә-ттархиб” 87 және “Мәджмә’у-ззауәид” 3/13, ал  имам Әбу Иса әт-Тирмизи, хафиз әз-Зайлә’и және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 427.

Сондай ақ,  Ибн ‘Аббәстан, Ибн ‘Умардан және Қайс ибн ‘Убәдәдан Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ сендерге шарапты, құмар ойындарды, және дағыраны харам етті. Және есіртетін нәрсенің барлығы - харам». Әхмәд 2/165, әл-Байхақи 10/222. Хадистің сахихтығын имам Әхмәд: “әл-Әмру билль-мә’руф” 26, әл-Халләлә, сондай ақ, хафиз Ибн Хаджәр: “әт-Тәлхис” 4/202, шейх Әхмәд Шәкир және шейх әл-Әлбәни:  “Тахриму әлту-ттарб” 46 .

Әнәстан, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақырзаман алдында опырылулар, құлаулар және құбыжықтықтар жиілінеді, және осылар адамдар шарап ішетін, әнші әйелдерді (жалдап) алатын, және музыкалық аспаптарда ойнайтын болғанда орын алады». Ибн Әбу әд-Дунья 1/153. Хафиз әс-Суюты және шейх әл-Әлбәни хадистің сахихтығын растаған. “әс-Сильсилә әс-сахиха” 6/236.

[31] Білімі жоқ, қарапайым адамға, ол білімде мығымдалып алмайынша және күшті пікірді әлсізінен айыра білмейінше белгілі бір ғалымға соқыр түрде ілесуне рұқсат етілетіндігіне күмән жоқ. Алайда, қарапайым адамға тек оның пікірі өзінің әуес қалауларына сәйкес келетін имамға ілесуге тыйым салынады. Ол Аллаһтан қорқуы керек және білгірлеу болып табылатын имамға ілесуі керек. Мысалы, шейх ибн Баз басқаша айтып тұрған кезде қандайда бір мешіттің имамына ілесуге болмайды, тек егер адам екі жақтың дәлелдерінің негізінде мешіттің имамы айтқан пікір күштілеу екендігіне келмеген болса. Бұл туралы көптеген ғалымдар айтқан, олардың ішінде әл-Хатыб әл-Бәғдади, имам әш-Шәтыби және басқалар бар.  “әл-И’тисам” 2/861.

[32] Шейхтың сөздері - біздің заманымыздың хауаридждері ойлайтындай - жер бетінде қазіргі кезде ислам жері жоқ дегенді білдірмейді. Шейх әл-Әлбәни тек Құран мен Сүннетті басшылыққа алатын шынайы және толыққанды ислам мемлекеті туралы айтып тұр.

[33] Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай дейді:

«Ескерт! Өйткені, ескерту мүміндерге пайда береді». (әз-Зәрият 51: 55).

al-hanifiya.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|