Quickribbon

Садақа берудің артықшылығы

Садақа беру иманның кәмілдігіне жеткізеді

بَاب إِفْشَاءُ السَّلَامِ مِنْ الْإِسْلَامِ وَقَالَ عَمَّارٌ ثَلَاثٌ مَنْ جَمَعَهُنَّ فَقَدْ جَمَعَ الْإِيمَانَ الْإِنْصَافُ مِنْ نَفْسِكَ وَبَذْلُ السَّلَامِ لِلْعَالَمِ وَالْإِنْفَاقُ مِنْ الْإِقْتَارِ

Аммар (Аллаһ оған разы болсын) айтты:

«Мына үш қасиетті бойына сақтаған адамның иманы кәміл болады:

1- Ынсапты және әділ болу
2- Баршаға сәлем беру
3- Кембағалдарға садақа беру

(Сахих Бұхари 20-бап «Сәлем беру- Исламның амалдарынан»)

Садақа беру тозақтан құтылуға себеп болады

حَدَّثَنَا سَعِيدُ بْنُ أَبِي مَرْيَمَ قَالَ أَخْبَرَنَا مُحَمَّدُ بْنُ جَعْفَرٍ قَالَ أَخْبَرَنِي زَيْدٌ هُوَ ابْنُ أَسْلَمَ عَنْ عِيَاضِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ قَالَ خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي أَضْحَى أَوْ فِطْرٍ إِلَى الْمُصَلَّى فَمَرَّ عَلَى النِّسَاءِ فَقَالَ يَا مَعْشَرَ النِّسَاءِ تَصَدَّقْنَ فَإِنِّي أُرِيتُكُنَّ أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ فَقُلْنَ وَبِمَ يَا رَسُولَ اللَّهِ قَالَ تُكْثِرْنَ اللَّعْنَ وَتَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ مَا رَأَيْتُ مِنْ نَاقِصَاتِ عَقْلٍ وَدِينٍ أَذْهَبَ لِلُبِّ الرَّجُلِ الْحَازِمِ مِنْ إِحْدَاكُنَّ قُلْنَ وَمَا نُقْصَانُ دِينِنَا وَعَقْلِنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ قَالَ أَلَيْسَ شَهَادَةُ الْمَرْأَةِ مِثْلَ نِصْفِ شَهَادَةِ الرَّجُلِ قُلْنَ بَلَى قَالَ فَذَلِكِ مِنْ نُقْصَانِ عَقْلِهَا أَلَيْسَ إِذَا حَاضَتْ لَمْ تُصَلِّ وَلَمْ تَصُمْ قُلْنَ بَلَى قَالَ فَذَلِكِ مِنْ نُقْصَانِ دِينِهَا

Әбу Саъид әл-Худрий риуаят етті: «Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан айтында ма, әлде Ораза айтында ма намазға шықты. Әйелдердің жанынан өтіп бара жатып: «Ей, әйелдер жамағаты, садақа беріңдер! Тозақ иелерінің көбірегі әйелдер деп маған аян етілді»,- деді. Сонда әйелдер: «Не себепті, я Расулулла?»,- деп сұрасты. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өйткені сендер көп қарғайсыңдар, ерлеріңнің жақсылығын білмейсіңдер, ерлеріңнің істеген жақсылықтарын кемсітесіңдер, қадірлемейсіңдер, сендерден гөрі ойы қысқа және сенімі аз, әр қандай иманды кісіні жолдан аздырушы қауымды көрмедім»,- деді. Сонда әйелдер: «Сеніміміз бен ақылымыздың қандай кемшілігі бар, Я Расулулла?»,- деп сұрасты. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір әйел кісінің куәлығы жарты еркектің куәлығына тең емес пе?»,- деді. Әйелдер: «Әрине»,- деді. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Міне, осы ақылдарыңның кемшілігі емес пе? Хайыз көргендеріңде намаз оқымайтындарың, ораза тұтпайтындарың да сендердің кемшіліктерің емес пе?»,- деді. Әйелдер: «Иә, дұрыс айттыңыз»,- деді. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Міне, осылар әйелдердің діндегі кемшілігі екенін білдіреді»,- деді.

(Сахих Бұхари №301-хадис)

Садақа беруші қиямет күні Аллаһтың Аршысының көлеңкесінде болады

حَدَّثَنَا مُحَمَّدُ بْنُ بَشَّارٍ بُنْدَارٌ قَالَ حَدَّثَنَا يَحْيَى عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ قَالَ حَدَّثَنِي خُبَيْبُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ عَنْ حَفْصِ بْنِ عَاصِمٍ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمْ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ الْإِمَامُ الْعَادِلُ وَشَابٌّ نَشَأَ فِي عِبَادَةِ رَبِّهِ وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِي الْمَسَاجِدِ وَرَجُلَانِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَيْهِ وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ وَرَجُلٌ طَلَبَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ فَقَالَ إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ أَخْفَى حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ

Әбу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) айтты: «Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ): «Аллаһ тағала жеті топ мүъминдерге ахирет күні еш сая-көлеңке қалмағанда Аршының көлеңкесінен орын берер олар: «Әділ басшыға, тақуалықпен құлшылық етіп өскен жігітке, жүрегі мешіттерге байланған кісіге, Аллаһ үшін деп біреумен достасқанға және Аллаһ үшін досынан ажырағанға, сұлу әйел зинақорлыққа жетелесе, оған «Мен Аллаһтан қорқамын»,- деп айтқан адамға, оң қолымен берген садақасын сол қолы білмейтіндей еткен кісіге, мешітте Аллаһ тағаланы есіне алып солқ-солқ жылаған кісіге»,- деп айтты»,-деді.

(Сахих Бұхари №629-хадис)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|