шейх Мухаммад ибн Солих әл-`Усәймин
Бірінші басылым
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «…Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ!
Аллаһ Тағалаға иман келтiру мына төрт нәрсенi қамтиды.
Бiрiншiсi: Аллаһ Тағаланың бар екендiгiне иман келтiру.
Аллаһ Тағаланың барлығына болмыс, ақыл, шариғат және сезiм дәлел бола алады.
Ал ендi, осыларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.
1-Болмыстың дәлелi:
Барлық адам пiкiрлеспей-ақ, тәлiм-тәрбие алмай-ақ өз жаратушысына сенуге бейiмделген. Тек жүрегiне сол нәрсенi кетiретiн ұғымды кiргiзiп алған адам ғана болмаса.
Бұл жөнiнде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
“Кез-келген нәресте таза болмыспен (мұсылман табиғатымен) туылады. Кейiн оны яһуди ететiн де, христиан ететiн де немесе отқа табынушы ететiн де әке-шешесi”- деген (Бухари).
2-Ақылдың (ой-сананың) дәлелi:
Бұкiл болмыстың әу бастан жаратушысы бар. Ешнәрсе өзiн-өзi жарата алмайды. Өйткенi, ол бар нәрсеге айналудан бұрын өзi жоқ нәрсе едi. Сонда ол қалайша жаратушы болады?!
Сондай-ақ ешнәрсе кездейсоқ жаратылып немесе кездейсоқ бар болып қалмайды. Бүкiл әлем ғажайып үйлесiмдiлiкте, ғаламшарлардың бiр-бiрiмен керемет жүйе бойынша байланыста орналасуы оның кездейсоқ пайда болғандығын ұзiлдi-кесiлдi жоққа шығарады. Өйткенi, кездейсоқ пайда болған нәрсе пайда болуы кезiнде белгiлi бiр жүйеге сүйенген жоқ-ты. Ендеше, ол өзiнiң өсуi мен көркейуiнде қалайша жүйелi болмақ ?
Ендеше барлық жаратылыс, бүкiл мақлұқтар өзiн-өзi жарата алмаса, сондай-ақ кездейсоқ жаратыла алмаса, демек, бұларды жоқтан бар етушi болғандығы анықталды. Ол – бүкiл әлемнiң жаратушысы Аллаһ.
Аллаһ Тағала қасиеттi Құран Кәрiмнiң “Тур” сұресiнде бұл туралы былай деп айтқан: «Олар ешнәрсесiз (өзiнен-өзi) жаратылды ма ? Әлде жаратушы өздерi ме?» (Тур сүресі, 35-аят). Яғни олар ешбiр жаратушысыз өздерiн-өздерi жаратқан жоқ. Ендеше осының өзi Аллаһ Тағаланың жаратушы екендiгiн көрсетпей ме? Сондықтан да Жубәйр ибн Мут`им айтқан: “Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Тур» сүресiн оқып: “Немесе олар ешнәрсесiз (өзiнен-өзi) жаратылды ма? Әлде жаратушы өздерi ме?”. Яки олар, көктер мен жердi жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды. Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игерушi ме?” (Тур сүресі, 35-37-аяттар) деген аяттарға жеткен кезде, жүрегңм ұшып кете жаздады”. Ол: “Менiң жүрегiме алғаш иман ұялаған кез сол кез болатын”- деген (Бухари).
Ал ендi жай ғана мысал келтiрейiкшi.
Бiр кiсi сiзге келiп, айналасы бау-бақшамен қоршалған, iшiнде өзен ағып жатқан, дивандар мен кiлемге толы, күшейтiп кемелдендiрiп, барлық зейнет түрлерiмен безендiрiлген зәулiм сарай туралы әңгiмелеп, сосын сiзге сол сарай әрi оның iшiндегi нәрселердi ешкiм жасаған жоқ немесе өзiнен-өзi ешкiмсiз пайда болып қалды десе, дереу сiз оның сөзiн терiске шығарып, өзiн өтiрiкшiге айландырып, әңгiмесiн де сандыраққа санар едiңiз. Олай болса, мына шексiз ғалам жерi, көктерiмен, аспан әлемдерiмен және олардың керемет жүйелерiмен өзiнен-өзi пайда болды немесе кездейсоқ пайда боп қалды деу шындыққа жанаса ма?
3-Аллаһтың бар екендiгiне шариғи тұрғыдағы дәлел:
Көктен жiберiлген кiтаптардың ешбiрi “Құдай жоқ”- демейдi. Керiсiнше барлығы Құдайдың бар екендiгi туралы хабар бередi. Сондай-ақ, сол кiтаптардағы халықтың (жаратылыстың) пайдасын қамтыған ұкiмдер Өзi жаратқан нәрселердiң пайдасын толық бiлетiн, Дана Жаратушыдан тұскендiгiн көрсетедi.
4-Аллаһтың бар екендiгiне сезiмнiң дәлелi:
Бұл екi жолмен болады:
А) Бiздер Аллаһ Тағаланың бар екенiне кесiмдi тұрде дәлел болатындай дұға жасаушылар мен қайғылылардың тiлегiнiң қабыл болғандығын көрiп те, есiтiп те жүрмiз. Сондай-ақ Құрандағы мына аяттарды да бiлемiз: «Бұрын жалбарынған Нухтың тiлегiн қабыл етiп, оны әрi ұй-iшiн зор апаттан құтқарған едiк» (Әнбия сүресі, 76-аят).
«Сол уақытта Раббыларыңна қатты қиыналғанда жалбарынуда едiңдер. Сонда Ол сендерге жауап берді» (Әнфәл сүресі, 9-аят)
Бухаридың сахихында Әнәс ибн Мәликтен риуаят еткен хадисте Әнәс айтады: Жұма күнi Пайғамбар хұтпа оқып тұрған кезде бiр бәдәуи келiп: “Әй Аллаһтың елшісі! Мал қырылып, бала-шаға аш қалды, бiз ұшiн Аллаһқа дұға етіңіз” -дедi. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екi қолын көтерiп дұға еттi. Сонда таулар көлемiндей бұлттар келiп, жаңбыр жауды және ол мiнберден тұспей-ақ оның сақалынан жаңбыр ағып жатқанын көрдiм. Кейiнгi жұмада сол бәдәуи немесе басқасы тұрып: “Үйлер бұзылып, малдар суда қалды. Бiз үшiн Аллаһқа дұға етiңiз”- дедi. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолын көтерiп: «Әй, Аллаһ! Үстiмiзге емес, жан-жағымызға жаудыр» - деп дұға еттi. Қолмен қай жақты көрсетсе, сол жақтағы бұлт кететiн едi.
Шынайы қабыл болу шарттарын дұрыс орындап, Аллаһтан сұрағандардың тiлектерiнiң қабыл болғандығы бұгiнгi күнiмiзге дейiн жалғасып келедi.
Ә) Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)“мұғжизалар” деп аталатын кереметтерi. Мұны адамдар көзбен көрген немесе құлақпен естiген. Бұл олардың жiберушiсiнiң Хақ екендiгiн бiлдiретiн кесiмдi айғақ. Әрине олардың жiберушiсi Аллаһ Тағала. Өйткенi, бұл мұжизалар елшілерді (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолдап, оларға жәрдем болу үшiн Аллаһтың оларға берген (адамдар құдiретiнен тыс) ерекше қасиеттерi.
Мысалы, Мұса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кереметi; Оған Аллаһ аса таяқпен теңiздi ұр деп бұйырып, ол Оның айтқанын бұлжытпай орындаған кезде теңiз он екi құрғақ жолға қақ жарылған.
«Мұсаға: таяғыңмен теңiздi ұр! – деп уахи еттiк. Сонда (теңiз) жарылып, әр бөлiмi асқар таудай болды» (Шу`ара сүресі, 63-аят).
Тағы бiр мысал, `Исаның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) муғжизасы; Аллаһтың нұсқауымен ол өлiктердi тiрiлтiп, қабiрлерiнен шығаратын едi. Бұл жөнiнде Құран Кәрiмде айтылған:
«… Шын мәнiнде сендерге Раббыларыңнан мқғжизамен келдiм. Сендерге құстың мүсiнi сияқты жасап, оны үрлеймiн. Сонда Аллаһтың бұйрығы бойынша құс болады» (Әли `Имран сүресі, 49-аят).
«Және сол уақытта Менiң бұйрығыммен балшықтан құстыє бейнесi ұқсаған жасап, оның iшiне үрлегенiңде, Менiң бұйыруыммен құс болатын едi» (Мәида сүресі, 110-аят)
Тағы бiр мысал, Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұғжизасы; Құрайш руы одан керемет көрсет деп талап еткенде, ол айға ымдаған. Сонда ай екiге бөлiнiп, адамдар оны көрген. Бұл да Құранда айтылған: «Қиямет жақындады, ай жарылды. Олар бiр мұғжиза (керемет) көрсе бет бұрады да: “жалғасты түрдегi бiр сиқыр ”-дейдi» (Қамар сүресі, 1-2-аяттар).
Мiне осындай Аллаһ Тағаланың пайғамбарларын қолдап, қуаттап, оларға берген сезiмдiк (көз-көрген) мұғжизалары - Оның хақ екендiгiне кесiмдi дәлел.
Екiншiсi: Аллаһтың рубубиясына иман келтiру.
Яғни өзi ғана Раббы, серiгi және жәрдемшiсi жоқ.
Раббы дегенiмiз – жарату, иелiк ету, басқару құдiретiне ие зат.Аллаһтан басқа ешқандай Жаратушы да, Ие де жоқ, Басқару да тек Оған тән. Құран Кәрiмде былай деп айтылған: «Расында, жарату мен басқару тек Оған тән» (А`раф сүресі, 54-аят.
«Міне осы – Раббыларың Аллаһ. Иелiк Соған тән. Ал одан өзге дұға, етіп, құлтышық қылғандарың құма дәнінің қабығына да ие емес» (Фатыр сүресі, 13-аят).
Адамдардын ешқайсысы Аллаһтың рубубиясын (Жаратушы, Иелiк етуші, Басқарушы екенін теріске) терiске шығармаған. Тек өз айтқанын ұқпай, дандайсып айтуы мұмкiн. Айталық, Фир`аун, ол өз қауымына былай дедi:«Мен сендердiң жоғарғы раббыларыңмын» (Нази`ат сүресі, 24-аят). «Әй, бастықтар ! Мен сендер үшiн өзімнен басқа тәңiр барлығын бiлмеймiн» (Қасас сүресі, 38-аят).
Бiрақ бұл олардың жүректеріндегі сенімі емес едi. Аллаһ Тағала былай дейдi: «Іштерінде анық сенген бола тұра зұлымдық және менмендiкпен теріске шығарды» (Нәмл сүресі, 14-аят).
Аллаһ Тағала бiзге жеткiзген аятта Муса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Фир`аунға былай деген:
«Муса: “Расында сен бұлардың көктер мен жердiң Раббысы түсiрген көрнеу мұғжизалары екенiн бiлесiң! Әй, Фир`аун, шын мәнiнде мен сенi опатқа ұшырайсың деп ойлаймын”-деген едi» (Исра сүресі, 102-аят).
Ал көпқұдайшылар өздерiнiң құлшылықтарын Аллаһқа серiк қосқандығына қарамай, Аллаһтың рубубиясын мойындайтын. Мына бiр аятқа назар аударайық:
«”Егер білсеңдер, жер мен оның үстіндегі барлық нәрсе кімдікі?”, - деп сұра. Олар: “Аллаһтікі”, - деп жауап береді. “Неліктен ойланбайсыңдар?!”, - деп айт! Олардан: “Жеті көктің және ұлы `Арштың Раббысы кім?”, - деп сұра! Олар: “Аллаһ!”, - дейді. “Неліктен қорықпайсыңдар?!”, - де! “Егер білсеңдер әр нәрсенің иелігі кімнің қолында? Әрі Өзі қорғайтын, бірақ Одан қорғайтын ешкімі жоқ кім?”, - деп сұра. Олар: “Аллаһ!”, - деп жауап береді. Оларға айт: “Қаншылықты алдандыңдар”» (Муминун сүресі, 84-87-аяттар).
Раббымыздың басқаруы болмыстағы және шариғаттағы үкiмдердi де қамтиды. Мысалға: Ол ғаламды басқарып қозғалтушы, даналығымен қалағанынша төрешi болса, сол сияқты даналығымен құлшылықтар мен мәмiле үкiмдерiн заңдастырушы. Ендеше кiмде-кiм Аллаһ Тағалаға құлшылықтарды заңдастырушы, мәмiлелерге төрелiк етушi деп бiреудi қосса, ол серiк қосқан саналып, иманын жүзеге асырмаған болады.
Үшiншiсi: Аллаһтың улюһиясына иман келтіру.
Яғни Ол Өзi ғана хақ (шынайы) Тәңiр (иләһ), басқа ешкiм емес. Тәңiр (иләһ) дегенiмiз – сүю және ұлықтау арқылы құлшылық етілетін зат.
Аллаһ Тағала былай дейдi:
«Тәңiрлерiң – бiр-ақ Тәңiр. Одан өзге Тәңiр жоқ. Ол аса қамқорлы, ерекше мейiрiмдi» (Бақара сүресі, 163-аят).
«Аллаһ Тағала, перiштелер және әдiлет ұстiнде тұрушы білім иелерi, расында тым Үстем, хикмет Иесi Аллаһтан басқа ешбiр тәңiр жоқтығына куәлiк бердi» (Әли `Имран сүресі, 18-аят)
Аллаһтан өзге тәңiр деп есептелiнiп, табынылып жатқан нәрселердiң тәңiрлiгi жалған. «Бұл өйткені, Ол Аллаһ – Шынайы (Хақ), ал Одан басқа құлшылық етілетін нәрселер – жалған» (Хаж сүресі, 62-аят).
Олардың тәңiрлер деп аталуы шынайы тәңiрлiктi бiлдiрмейдi. Аллаһ Тағала адамдар тарапынан тәңiр деп есептелген Лат, `Узза, Мәнәт деген мүсiндер жөнiнде былай дейдi: «Сендер Ләт пен `Уззаны және үшіншісі қор болған Мәнәтты көрдіңдер ме? Сендерге ер жыныстылар, ал Оған әйел жыныстылар ма? Бұл әділсіз бөлусі болар еді. Олар – тек сендердің және аталарыңның берген есімдерің ғана. Олар туралы Аллаһ еш дәлел түсірмеген» (Нәжм сүресі, 19-23-аяттар).
Сондай-ақ Аллаһ Юсуф (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) абақтыдағы екi досына айтқан сөзiн Құранда келтiрген: «Әй, менiң абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге Өктем жалғыз Аллаһ жақсы ма? Одан өзге сендер, өздерің және аталарың атаған есімдерге ғана құлшылық етесіңдер. Ол туралы Аллаһ еш дәлел түсірмеген» (Юсуф сүресі, 40-аят).
Сондықтан барлық пайғамбарлар өз қауымдарына: «Аллаһқа құлшылық етiңдер. Сендер үшiн одан өзге құлшылыққа лайықты ешбiр тәңiр жоқ» -дейтiн.
Теріс сенімдерге қарсы жауап (родд)
Бiрақ көп құдайшылар бұдан бас тартып, сол баяғы әуендерiне салып, көп тәңiрлерден жәрдем сұрап, соларға жалбарынды.
Аллаһ Тағала олардың бұл iстерiн төмендегi екi ақыли дәлелмен теріске шығарады. Сондай-ақ олардың бұл iстерi шынымен де қисынға келмейдi.
1. Олардың тәңiр деп қабылдаған тәңiрлерiнде ешқандай тәңiрлiк қасиет жоқ. Олар бiреудi жаратпаған, керiсiнше өздерi жаратылған. Өзiне құлшылық еткендерге пайда келтiре алмайды. Сондай-ақ олардан зиянды кетiре де алмайды. Олар тiршiлiк берушi де, ажал жеткiзушi де емес. Көктердiң бiр нәрсесiне иелiк ете алмайды. Тiптi оған серiктесе де алмайды. Бұл жөнiнде Аллаһтың сөзi төмендегiдей: «Олар (Аллаһтан) өзге ештеңені жаратпайтын, керісінше өздері жаратылған. Әрі өздеріне пайдамен де, зиянмен де, өлім және өмірмен, сондай-ақ қайта тірілумен иелік етпейтін тәңірлерді алып алды» (Фурқан сүресі, 3-аят).
«(Әй, Мұхаммед! Оларға) айт: “Аллаһтан өзге құлшылық ететін нәрселеріңді шақырыңдар! Олар аспанда да, жерде де кішкентай құмырсқаның салмағындай да еш нәрсеге ие бола алмайды. Олардың онда ешқандай серіктестігі жоқ, сондай-ақ Аллаһқа олардың ешбіреуі көмекші де емес”», - деді (Сәбә сүресі, 22-аят).
«Олар ештеңені жаратпаған, бірақ өздері жаратылған, сондай-ақ оларға көмек бере алмайтын, тіпті өздеріне де жәрдемдесе алмайтын нәрселерді серік қосты ма?!» (А`раф сүресі, 191-192-аяттар).
Олардың тәңiр деп есептендерiнiң жағдайы осындай болса оларды құлшылық етуге лайықты тәңiр деп қабылдау нағыз ақымақтық әрi бекершiлiк.
2. Аталмыш көпқұдайшылар Аллаһ Тағала жалғыз Өзi бүкiл нәрсенiң басқаруы қолында болған жаратушы Ие, Ол қорғайды, ал одан қорғаныш жоқ деп мойындайтын едi. Олардың мұнысы Аллаһ Тағаланы рубубияда жалғыздағандықтай, оларды Оны тәңiрлiкте де (құлшылық етуде) солай жалғыздауларын мiндеттейдi. Бұл жөнiнде Аллаһ бұкiл адамзат баласын саналылыққа шақырып былай дедi: «Әй, адамдар! Сендер мен сендерден бұрыңғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер. Ол сендерге жерді төсеніш етті, көкті төбе қылды. Аспаннан су ағызып, сол арқылы сендерге жемістерден ризық шығарды. Енді біле тұра, Аллаһқа серік қоспаңдар!» (Бақара сүресі, 21-22-аяттар).
Аллаһ Тағала: «Егер олардан: “Аспандар мен жерді кім жаратты?”, - деп сұрасаң, олар былай дейді: “Оларды аса Үстем, Білуші жаратқан”» (Зухруф сүресі, 9-аят).
Аллаһ Тағала былай айтты: «“Аспан мен жерден сендерді кім ризықтандырады? Есту, көру қабілеттеріңе кім иелік етеді? Өліден тіріні және тіріден өліні кім шығарады? Әрі істермен басқаратын кім?”, - деп сұра. Олар: “Аллаһ!”, - деп жауап береді. “Неліктен қорықпайсыңдар?!”, - деп айт» (Юнус сүресі, 31-аят).
Төртiншi: Аллаһтың есiмдерi мен сипаттарына иман келтіру.
Аллаһтың есiмдерi мен сипаттарына сену дегенiмiз – Аллаһ Тағала Өз кiтабында немесе елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисiнде Өзiне бекiткен есiмдер мен сипаттарды бұрмаламастан, жоққа шығармастан, қалай деп сұрамастан, ұқсатпастан Оған лайықты түрде бекіту. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейдi: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол аттармен дұға етіңдер. Аллаһтың атында қиғаштық iстейтiндердi қойып қойыңдар. Олар iстегендерiнiң сазайын тартады» (А`раф сүресі, 180-аят).
«Әрi көктер мен жердегi жоғары сипат Оған тән. Ол өте ұстем хикмет Иесi» (Рум сүресі, 27-аят).
«Оған ұқсас ешнәрсе жоқ. Ол – Естуші, Көруші» (Шура сүресі, 11-аят).
Теріс сенімдерге қарсы жауап (родд)
Осы мәселеде екi топ адасты.
1) Му`аттила (жоққа шығарушылар). Олар Аллаһ Тағаланың есiмдерi мен сипаттарын немесе солардың кейбiрiн жоққа шығарып, оларды Аллаһқа тағу - Аллаһты Өзiнiң жаратқан нәрселерiне ұқсату дегенді білдіреді.
Ал бұл ойлар бiрнеше жолдармен терiске шығарылады.
Бiрiншiден: Аллаһтың сөзiнде кемшiлiк бар дегендi бiлдiредi. Өйткенi, Аллаһ Өзiне сипаттар мен есiмдердi тағып, Өзiне ұқсас ешнәрсе жоқ екендiгiн айтты. Бұлардың айтуы бойынша, сол сипаттарды Аллаһқа тағу - Оны бiр нәрсеге ұқсату болатын болса, онда Аллаһтың сөзiнде кемшiлiк болып, бiр сөзi бiр сөзiне қайшы келедi деген ұғым шығады.
Екiншiден: екi нәрсенiң бiр есiмде немесе бiр сипатта сәйкес келуi сол екеуiнiң бiрiн-бiрiндей екендiгiн бiлдiрмейдi. Мысалы: сiз екi кiсiнiі есiтушi , көрушi, сөйлеушi адам екендiгiн көрдiңiз. Бiрақ сол нәрсе ол екеуiнiң адамгершiлiкте, есiтуде, көруде сөз саптауында бiрдей екендiгiн бiлдiрмейдi ғой. Сондай-ақ жан-жануарлардың да қолдары, аяқтары, көздерi бар. Мiне осылар бәрiнде бiрдей деген ұғымды бiлдiрмейдi. Жан-жануарлар арасында сәйкес келетiн есiмдер мен сипаттардың айырмашылығы көрiнiп тұрса, Жаратушы мен жаратылыстардың арасындағы айырмашылық неге көрiнбеске ?!
2) Мушаббиһә (ұқсатушылар). Бұлар Аллаһтың есiмдерi мен сипаттарын Аллаһқа таққанда бiр нәрсеге ұқсату арқылы тағады. Сондай-ақ олар өз ойларын аяттар мәтiнiнiң көздегені сол, өйткенi, Аллаһ құлдарына олар түсiнетiндей сөйлейдi деп дәлелдемекшi болады. Бұл ой да бiрнеше жолмен терiске шығарылады:
Бiрiншiден: Аллаһты жаратылыстың бiр нәрсесiне ұқсату ақыл да, дiн де қабылдамайтын терiс iс. Мәтiннiң көздеген нәрсесі болуы да мүмкiн емес.
Екiншiден: Аллаһ Тағала пенделерiне негiзгi мағыналарын түсiнетiндей етiп сөйлейдi. Ал Өзiнiң бейнесiне және сипатына байланысты оның шынайы болмыстық ақиқатын бiлдiретiн мағынасын ғоиб (көмес) әлемінде жасырып қойды.
Мәселен, Аллаһ Тағала Өзiн толық Есiтушi дедi. Ал ендi есiту дегенiмiз – түпкi мағынасы жағынан алғанда дауыстарды бiлу дегендi бiлдiредi. Бiрақ Аллаһ Тағаланың есiтуiне байланысты оның түпкі кейіпі белгiсiз. Өйткенi, тiптi жан-жануарлардың есiтуiнiң өзiнде айырмашылық бар. Ал Жаратушы мен жаратылыстың есiту қабiлетi тiптi басқаша.
Тағы да Аллаһ Тағала Өзi жайында, Өзiнiң `Аршқа (Тақ) көтерiлгенiн айтқан. Ал ендi “көтерiлу” сөзiнiң түпкi мағынасы белгiлi. Бiрақ Аллаһтың `Аршқа көтерiлгенінің шынайы көрінісі мен кейіпі белгiсiз. Мысалы, мықты жайласқан орындыққа көтерiлу, үркек, асау түйенiң ер-тоқымына көтерiлу сияқты емес. Мiне қарасаңыздар, мақлұқаттардың өзiндегi айырмашылық бар екен, ал Жаратушы мен жаратылыстардың арасындағы айырмашылық туралы не айтсақ болады?
Аллаһ Тағаланың сипаттарына иман келтірудің мүминдерге тәттi жемiс бередi.
1) Өзгеден үмiт етпей, өзгеден қорықпай, өзгеге құлышылқ етпейтіндей дәрежеде Аллаһтың жалғыздығын жүзеге асыру.
2) Аллаһ Тағаланы көркем есiмдерi мен жоғары сипаттарына сай ұлықтап, кемел түрде жақсы көру.
3) Ол бұйырған нәрселердi орындап, Ол қайтарған нәрселерден тыйылып, Оған шынайы құлшылық жасау.
Перiштелер - көмескi әлем, Олар да жаратылыстарға жатады. Яғни олар да Аллаһтың құлдары. Оларда улюһиялық (құлшылыққа лайықты боолатындай) немесе рубубиялық (әлемдегі істерді басқаратындай) қасиеттерiнiң ешбiрi жоқ. Аллаһ оларды нұрдан жаратып, оларға Өзiнiң бұйрықтарына толық бағынып, бұлжытпай орындайтын қабiлет берген.
«Оның қасындағылар, Оған құлшылық етуден дандайсымайды да шаршамайды. Олар күндiз-түнi Аллаһты дәрiптеуден жалықпайды» (Әнбия сүресі, 19- 20-аяттар).
Олардың сандары өте көп. Оны тек Аллаһ қана бiледi. Әнәс риуаят еткен сахих хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ми`ражда көктегi Бәйтул Ма`мурға көтерiлгені жайлы айтылады. Онда әр күнi жетпiс мың перiште намаз оқиды. Бiр мәрте намаз оқып шыққан перiштеге қайта намаз оқуға кезек жетпейдi (перiштелердiң көптiгi соншалықты - кезек қайта келмейдi).
Періштелерге иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:
1.Олардың бар екеніне иман келтiру.
2. Есiмдерiн бiлгендерiмiздiң есiмiне иман келтiру (Жәбiрейiл тәрiздi). Ал есiмдерiн бiлмегендерiмiзге жалпылай иман келтiру.
3. Олардың сипаттарына иман келтiру. Мысалы Жәбiрейiлдiң сипаты. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өз бейнесiнде көрiп, оның көкжиектi түгел жапқан алты жүз қанаты бар екендiгiн көрген. Кейде перiште Аллаһтың әмiрiмен адам бейнесiне ауыса алады. Мысалы: Жәбрейіл періштенің Мәйриямға адам түрінде келгені. Сондай-ақ, оның сахабаларының арасында отырған Мұхаммед пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам бейнесінде келуі. Сол сияқты, Ибраһимге және Лутқа (ол екеуіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген періштелер де еркек кейіпінде болған-ды.
4. Аллаһ Тағаланың әмiрiмен олардың орындайтын бізге белгілі iстерiне иман келтiру. Мысалы: тәсбих айту, ертелi-кеш жалықпастан құлшылық ету және т.б.
Олардың кейбiрiнiң арнайы iстерi де болуы мүмкiн. Айталық:
- Жәбiрейiл (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарларға Аллаһтың уахиiн (хабарын) жеткiзушi.
-Микәил (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаңбыр, өсiмдiк сияқты табиғат iстерiне жауапты.
- Исрафил (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ақыр заман мен адамдардың қайта тiрiлу кезiнде Сұр үрлеуге мiндеттi.
- Өлiм перiштесi жан алуға мiндеттелген.
-Мәлик - тозаққа жауапты (тозақтың күзетшiсi).
-Жатырдағы баланың ризық-несiбесiн жазуға жүктелген перiштелер.
Бала анасының жатырында төрт айлық болса, Аллаһ Тағала бiр перiште жiберiп, оның ризық-несiбесiн, ажалын және амалын сондай-ақ бақытты немесе бақытсыз болуын жазуға бұйырады.
- Мәйiттен сұрақ алу iсi жүктелген перiштелер. Мәйiт қабiрге қойылса, екi перiште келiп, Раббысы, дiнi, пайғамбары жайында сұрайды.
- Адамды қорғап жүретін періштелер.
- Пенденің істеген амалдарын, айтқан сөздерін жазып жүретін періштелер.
Періштелерге иман келтірудің жемістері:
1.Аллаһтың ұлылығын, құдiреттiлiгiн және оның салтанатын бiлу. Өйткенi, жаратылыстың күштiлiгi Жаратушының құдыретін көрсетедi.
2.Аллаһ Тағаланың адам баласына деген қамқорлығына шүкiр ету. Өйткені, Раббымыз сол перiштелердің ішінен адамдарды қорғайтын және олардың амалдарын жазатын, және тағы басқа сол сияқты олардың пайдаларын iске асыратын перiштелердi тағайындады.
3.Аллаһқа құлшылық ретiнде орындаған ғибадаттары үшiн перiштелердi жақсы көру.
Теріс сенімдерге қарсы жауап (родд)
Адасқан бiр қауым перiштелердiң денесi болуын терiске шығарып: “Олар жаратылыстардағы жасырын жақсылық күшiнен тұрады”, - деген.
Бұл пiкiр Аллаһтың Кiтабы мен пайғамбарының хадисін терiске шығару болып табылады.
«Көктердi және жердi жасаған, сондай-ақ екi, үш және төрт қанатты перiштелердi елшi еткен Аллаһқа барлық мақтаулар лайық» (Фатыр сүресі, 1-аят).
«Перiштелер қарсы болғандардың беттерiне, арқаларына ұрып: “Күйдiретiн азапты татыңдар “, - деп жандарын алғанын көрсең» (Әнфәлс үресі, 50-аят).
«Егер залымдарды өлiм қиналысында, перiштелер қолдарын созып: “Жандарыңды шығарыңдар. Бүгiн Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерiң, Оның аяттарын менсiнбегендерiң себептi қорлаушы азаппен жазаланасыңдар”дегенiн көрсең» (Ән`ам сүресі, 93-аят).
«Ақыр жүректерiнен шошыну кеткен кезде, өзара: “Раббың не айтты?”, - десе: “Хақты айтты”, - деседi. Ол Аллаһ - аса Жоғары, тым Үстем» (Сәбә сүресі, 23-аят).
«Перiштелер әр есiктен олардың үстерiне кiредi. Сабыр еткендерiң үшiн, Аллаһтың есендiгi сендерге болсын! Соңғы мекен нендей жақсы» (Ра`д сүресі, 23-24-аяттар).
Бухаридың «Сахихында» Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу һурайрадан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят етiлген хадисiнде: «Аллаһ пенденi жақсы көрсе, Жәбiрейiлдi шақырып: “Мен пәленшенi жақсы көремiн сен де оны жақсы көр”-дейдi. Сонда Жәбiрейiл оны жақсы көрiп, ол Көктегi тұрғындарға: Аллаһ пәленшенi жақсы көредi. Сендер де оны жақсы көрiңдер деп үндейдi. Сонда көктегi тұрғындар да оны жақсы көредi. Сосын жерде оның сјзi мақұлданатын болады», -дейдi.
Бухаридың «Сахихында» осы кiсiден риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Жұма күнi мешiт есiктерiнiң әрбiрiнде перiштелер келгендердi ретімен жазатын болады. Ал имам отырғанда, олар тiзiм кiтабын жауып, зiкiр тыңдауға келедi» .
Мiне осы мәтiндер перiштелердiң адасқандар айтқандай мәндiк күш емес, дене екендiгiне ашық дәлел. Сондай-ақ осы мәтiндердiң талабына мұсылмандар бiр ауыздан келiскен.
«Китәб» (көпше түрі «кутуб») деген сөз – жазылған («мәктуб») деген мағынаны бiлдiредi. Ал бұл жердегi кiтаптардан мұрат – адамзатқа мейірім әрi тура жол болу үшiн, сөйтiп, адамдар бұл дұние мен ақыретте бақытқа жетуi үшiн Аллаһтың пайғамбарларға түсiрген кiтаптары.
Бұл иман төрт нәрсенi қамтиды:
1. Сол кiтаптар шынымен Аллаһтан түскен деп иман келтіру.
2. Атын бiлетiндерiмiзге жекелей аттарымен иман келтіру.
Мысалы: Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түскен Құран, Мусаға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түскен Тәурат, Исаға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түскен Инжил, Дәуiтке (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түскен Зәбур. Ал атын бiлмегендерiмiзге жалпылай иман келтіру.
3. Құранның хабарлары сияқты, бұрынғы кiтаптардың бұрмаланбаған, өзгертiлмеген хабарлары сияқты сенімді хабарларын растау.
4. Үкiмдерінен күші жойылмағандарына амал ету.
Сол мансух (күші жойылған) болмаған үкiмнiң сырын түсiнсек те, түсiнбесек те ризалық бiлдiрiп, бойұсыну. Барша бұрыңғы кiтап Қасиеттi Құранның келуiмен мансух болды. Яғни сол бұрынғы кiтаптардың Құранның келуiмен жарамдылығы тоқталды, күштері жойылды. Аллаһ Тағала былай деді: «Саған шынайы түрде Құранды өзiнен бұрынғы кiтаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрiнде түсiрдiк» (Мәида сүресі, 48-аят).
Яғни сол кiтаптарға төрешi ретiнде түсiрген, соған байланысты, бұрынғы кiтаптардың, Құран растамаған әрі сенімсіз бiрде-бiр үкiмiне амал жасауға болмайды.
Аллаһтың кітаптарына иман келтірудің жемістері:
1. Аллаһ Тағаланың құлдарына деген қамқорлығын бiлу. Өйткені Ол әр қауымға тура жолға бастайтын кiтап түсiрген.
2. Аллаһтың шариғатындағы даналығын бiлу. Өйткені Ол әр қауымға өздерiне сай келетiндей заңдар орнатқан. Аллаһ Құранда былай айтқан: «Сендердiң әрбiреулерiң үшiн бiр шариғат пен жол (минһаж) оранттық» (Мәида сүресі, 48-аят).
3. Аллаһтың осындай нығметiне (жақсылығына) шүкiр ету.
Елші арабша “расул” (көпше түрі “русул”) деген сөз. Оның тілдік мағынасы: бір нәрсенi жеткiзу үшiн жiберiлген біреу.
Ал шариғи мағынасы: оған уахи арқылы шариғат берiлген әрі соны жеткiзуге бұйырылған адам.
Елшілердің ең алғашқысы Нух, ал соңғысы Мұхаммед (ол екеуіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын).
Бұған дәлел ретінде Құран мен Сүннеттегі келесі мәтіндерді келтірсек болады. Аллаһ Тағала былай дейдi: «Бiз Нухқа және одан кейiнгi пайғамбарларға уахи еткенiмiздей саған да уахи еттiк» (Ниса сүресі, 163-аят).
Бухаридың «Сахихында» Әнәстан жеткен шапағат жөнiндегi хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Өздерiне шапағат ету үшiн адамдар Адам атаға келедi. Ол болса сылтаурата бастайды да: “Аллаһ жіберген ең әуелгі елші – Нухқа барыңыздар”, - дейдi». Аллаһ Тағала Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы былай деген: «Мұхаммед сендерден ешбiр еркектiң әкесi емес. Бiрақ Аллаһтың Елшiсi және пайғамбарлардың соңғысы» (Ахзәб сүресі, 40-аят).
Оларға дербес шариғат әкелген елшісі жоқ немесе алдыңғы елшілердің шариғатын жаңғыртып келмеген пайғамбары жоқ халық болмаған.
Аллаһ Тағала: «Расында, әр үметке: “Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және тағуттан аулақ болыңдар”, - дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-аят), - деп айтты.
Тағы да Аллаһ Тағала: «Негізінде, ескертушісі болмаған бірде-бір халық жоқ», - деп айтты (Фатыр сүресі, 24-аят).
Елшілер – Аллаһтың жаратылыстары ғана. Оларда рубубиялық (әлемдегі істермен басқаратындай) және улюһиядан (құлшылыққа лайықты болатындай) ешқандай қасиеттері жоқ. Бiздiң пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) елшілердің мырзасы, Аллаһтың қасында ең беделдiсi болса да, Аллаһ ол жөнiнде былай деген: «“Аллаһ қаламайынша, өзiм үшiн пайда да, зиян да келтiру күшiне ие емеспiн. Егер көместi (ғоиб) бiлген болсам, әрине, жақсылықты көбейтiп алар едiм. Сондай-ақ маған бiр сәтсiздiк жұғыспас едi. Мен иман келтiрген елдi қорқытушы, қуандырушы ғанамын ”- деп айт» (А`раф сүресі, 188-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтты: «“Расында мен сендерге зиян келтiре алмаймын да, игiлiк те iстей алмаймын Расында ешкiм менi Аллаһтан сақтай алмайды да, мен де Одан өзге пана таба алмаймын”, - деп айт» (Жын сүресі, 22-аят).
Сондай-ақ оларға ауру, өмiр, iшiп-жеудi қажет ету сияқты пенделік қасиеттер тиесiлi. Аллаһ Ибраһимның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Раббысын сипаттағандығы жөнiнде былай дейдi: «Ол маған жегiзедi де, iшкiзедi. Ол қашан ауырсам, маған шипа бередi. Ол менi өлтiредi де, сосын тiрiлтедi» (Шу`ара сүресі, 79- 81-аяттар).
Пайғамбарымыз да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мен сендер секiлдi адаммын. Сендер ұмытқандай, мен де ұмытамын. Егер ұмытып қалсам, есiме салыңдар».
Аллаһ Тағала пайғамбарларды мақтап, оларды құлшылық етудің ең жоғарғы деңгейінде сипаттаған. Мысалы: Нух (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жөнiнде: «Ол шүкiр етушi құл едi» (Исра сүресі, 3-аят).
Ал Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жөнiнде: «Бүкiл әлемге ескертушi болуы үшiн құлына Фурқанды (Құранды) түсiрген Аллаһ өте жоғары» (Фурқан сүресі, 1-аят).
Ал Ибраһим, Исхақ және Я`қуб (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жөнiнде: «Құлдармыз Ибраһим, Исхақ және Я`қубты есiңе ал. Олар мықты да, қырағы едi. Расында бiз оларды ақыреттi нағыз еске алғандары үшін таңдадық. Сөз жоқ олар қасымызда таңдаулы, ең жақсылардан еді» (Сад сүресі, 45-47-аяттар).
Мәриямның Ұлы `Иса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жөнiнде: «Ол `Иса Бiз өзiне игiлiк берген, сондай-ақ Израил ұрпақтарына бiр мысал қылған құл ғана» (Зухруф сүресі, 59-аят).
Аллаһтың елшілеріне иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:
1. Олардың елшілігі Аллаһ Тағаладан екендiгi хақ деп сену.
Кiмде-кiм олардың бiреуiнiң елшілігін терiске шығарса, ол барлығының елшілігін терiске шығарған болады. Аллаһ Тағала былай айтты: «Нухтың елi де елшілерді жасынға шығарды» (Шу`ара сүресі, 105-аят). Нухтың елi оны жасынға айналдырғанда (оны мойындамағанда) Нухтан басқа пайғамбар жоқ едi. Соған қарамастан Аллаһ оларды барлық елшілерді жасынға айналдырды деп тұр. Соған байланысты пайғамбарымыз Мухаммедті (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мойындамай терiске шығарып, оның ізімен ілеспеген христиандар Мариям ұлы `Исаны да терiске шығарып, оның жолынмен жүрмеген болып саналады. Оның ұстiне `Иса (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға өзiнен кейiн Мухаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың келетiнiн хабарлаған. Мұның мағынасы олардың адасушылықтан құтқарылып, тура жол табуы Мухаммед пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) арқылы жүзеге асады деп сүйіншілегені.
2. Есiмiн бiлген елшілерге есiмдерімен иман келтіру.
Мысалы: Мұхаммед, Ибраһим, Муса, `Иса, Нұх (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). Және осы бесеуi пайғамбарлардың ең беделдiлерi. Аллаһ Тағала оларды Құранның екi жерінде атап өткен: «Сол уақытта пайғамбарлардан, сенен, Нухтан, Ибраһимнен, Мусадан және Мәриям ұлы `Исадан берiк уәде алған едiк» (Ахзәб сүресі, 7-аят).
«Аллаһ Нухқа өсиет еткен нәрселердi және саған уахи еткенiмiздi, сондай-ақ Ибраһим, Муса, `Исаға өсиет еткен нәрселерiмiздi сендерге шариғат еттi: дiндi мықты орындаңдар да, онда бөлiнбеңдер» (Шура сүресі, 13-аят).
Ал олардың есімдерін білмейтін елшілерге жалпылай иман келтіреміз. Аллаһ Тағала: «Расында сенен бұрын да елшiлер жiбердiк. Олардың кейбiрiн саған баян еттiк те, кейбiрiн баян етпедiк» (Ғафир сүресі, 78-аят).
3. Олардан жеткен сенімді хабарларды растау.
4. Олардың ішінен бiзге жiберiлген пайғамбардың шариғатымен амал ету. Ал ол - барша халыққа жiберiлген пайғамбарлардың соңғысы болған Мухаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). Аллаһ Тағала былай деді: «Раббыңмен ант! Олар сені араларында туған келіспеушіліктерде би (үкім шығарушы) қылып алмайынша, сосын жүректерінде шығаршан шешіміңнен ақау таппайынша және толық бойұсынбайынша иман келтірмейді» (Ниса сүресі, 65-аят).
Аллаһтың елшілеріне иман келтірудің жемістері:
1. Аллаһтың құлдарына деген мейiрімі мен қамқорлығын бiлу. Өйткенi Аллаһ оларды тура жолға бастау үшiн және Өзiне қалай құлшылық етудi баяндау үшiн оларға пайғамбар жiбердi. Себебi, адам баласының санасы мұны бiлуде дербес күй кеше алмайды.
2. Аллаһ Тағалаға осы ұлы нығмет үшiн шүкiрлiк ету.
3. Елшілерді сүю, құрметтеу және оларды лайықты түрде мақтау. Өйткенi, олар Аллаһтың құлшылығын орындап, Оның дiнiн жеткізіп, Аллаһтың құлдарына адалдық танытты.
Теріс сенімдерге қарсы жауап (родд)
Кейбiр қасарысушылар, елші адам баласынан болуы мүмкін емес деп өз елшілерін жасынға айналдырған. Аллаһ Тағала олардың бұл қате пайымдауларына Құранда қысқаша былай жауап берді: «Адам баласын тура жол келген кезде иман келтірулеріне тек олардың “Аллаһ елші етiп адамды жiбередi ме екен?!”, – деген сөздерi ғана бөгет болды. Айт: “Егер жер жүзiнде перiштелер бейбiт жүрген де едi, әрине оларға көктен перiштені елші қылып жiберер едiк”» (Исра сүресі, 94- 95-аяттар).
Аллаһ Тағала бұл ойды пайғамбар мiндеттi түрде адам болу керектiгiмен қатеге шығарды. Өйткенi, пайғамбар жер тұрғындарына, яғни адамдарға жiберiлген. Егер де жер тұрғындары перiштелер болғанда, Аллаһ Тағала елші ретінде өздерi тәрiздi перiште жiберер едi. Осылайша Аллаһ пайғамбарларды жасынға айналдырушылар әңгiмесiн жалғастырып былай деп суреттеген: «”Сендер де бiздей-ақ пендесіңдер. Бiздi ата-бабаларымыздың табынған нәрселерiнен тосқыларың келе ме? Бiзге ашық бiр дәлел келтiрiңдер”- дедi. Сонда елшілері оларға: “Әрине бiз сендерге ұқсаған адам баласымыз. Бiрақ Аллаһ құлдарынан кiмдi қаласа, соны сыйлыққа бөлейдi. Аллаһтың әмірісіз бiздiң сендерге бiр мұғжиза келтiруiмiз мүмкiн емес…”, - дедi» (Ибраһим сүресі, 10-11-аяттар).
Ахырет күнi - адамдардың сый не жаза алу үшін және есепке тартылу үшін қайта тiрiлетiн Қиямет күнi. Оның бұлай аталуының себебі, өйткенi одан кейiн күн жоқ, ол – ақырғы күн. Яғни жәннәттықтар – өз мекенiне, тозақтықтар өз мекенiне қоныстанатын күн деген сөз.
Ахырет күніне иман келтіру үш нәрсені қамтиды:
1. Қайта тiрiлуге иман келтіру.
Яғни ол күнi екiншi рет Сұр үрленгенде өлiлер тiрiлiп, аяқ киiмсiз, жалаңаш, сүндетке отырғызылмаған күйде бүкiл әлемнiң Жаратушысының алдында тұрады. Аллаһ Тағала былай деген: «Әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бiзге бiр мiндет. Шынында Бiз (оны) орындаймыз» (Әнбия сүресі, 104-аят).
Қайта тiрiлу - Құран мен Сүннетте дәлелi келген, сондай-ақ бүкіл мұсылмандар бірауыздан келіскен хақ, ақиқат болып табылады.
«Бұдан кейiн әрине сендер өлесiңдер. Сосын Қиямет күнi әлбетте тiрiлесiңдер» (Муминун сүреі, 15-16-аяттар).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын): «Адамдар Қиямет күнiнде сүндетсiз, жалаң-аяқ жиналады», - деген. (Бухари, Муслим)
Бұл - мұсылмандарда айтыс-тартысы жоқ шешiмдi мәселе. Ахырет күнiнiң болуы даналықтың сұранысы десек те болады. Өйткенi пайғамбарларының тiлiмен Аллаһтан мiндеттелеген бұйрықтарды орындаған, орындамағанына қарай, оларды сауапқа бөлейтiн немесе жазаға тартатын қайта тiрiлтетiн күн адамзатқа керек.
Аллаһ Тағала былай деді: «Біз сендерді босқа жараттық, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» (Муминун сүресі, 115-116-аяттар). Тағы да Ол пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында саған Құранды парыз еткен (Аллаһ) сені өмірге қайта келтіреді».
2.Есеп-қисап және сый мен жазаға иман келтіру
Әрбiр пенде iстеген амалына қарай есеп берiп, соған қарай сый не жазасын алады.
Бұған Құран да, хадистер де, мұсылмандардың бірауызды келісімі де дәлелi болады.
Аллаһ: «Расында, олардың қайтатын жері Біз жақ. Шын мәнінде, Біз оларды есепке аламыз», - деп айтты (Ғашия сүресі, 25-26-аяттар).
Аллаһ Тағала былай деді: «Кiм бiр жақсылықпен келсе, оған сондайдың он есе сыйы беріледі. Ал кім бiр жамандық iстесе, сондай ғана жаза алады. Әрі олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» (Ән`ам сүресі, 160-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтқан: «Қиямет күнi туралық таразысын орнатамыз. Сонда ешкiм әдiлетсiздiкке ұшырамайды. Егер бiр ұрық түйiрiнiң салмағындай болса да әкелемiз. Есеп көруде жеткiлiктiмiз» (Әнбия сүресі, 47-аят).
Ибн Омардан риуаят етiлген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Аллаһ Тағала мүмінді жақындатып, оған пердесiн қойып, оны жасырады. Сөйтiп: “Мына күнәнi бiлесiң бе? Ана күнәнi бiлесiң бе?” –дейдi. Ол “Иә, Раббым!” –дейдi. Ақыры оған күнәларын мойындатып, оның “Құрыдым ғой ендi”- дегенiн көргенде, Ол расында мен сол күнәларды саған дүниеде жасырдым. Ал бүгiн сен үшiн соларды кешiрдiм дейдi. Сөйтiп, оған жақсылықтарының кiтабы берiледi. Ал кәпiрлер мен екiжүздiлерге бүкiл халайықтың алдында: “Мыналар Раббыларына өтiрiк сөйлегендер, Аллаһтың лағынеті залымдарға жаусын!” – деп үш рет айтылады» (Бухари, Муслим).
Мұсылмандар есеп-қисаптың iстеген амалдарға қарай болатындығына бір ауыздан келіскен. Сондай-ақ, ол даналыққа да жатады. Өйткенi, Аллаһ кiтаптар түсiрiп, пайғамбарлар жiберiп, пенделерiне солар алып келген шариғатпен жүрудi парыз еттi. Егер де есеп-қисап болмағанда Дана Раббыға жараспайтын ерiккеннiң ермегi болар едi. Аллаһ Тағала Құранда осы мағынаға меңзеп былай деген: «Өздерiне елшi жiберiлгендердi сұраққа тартамыз, әрi елшiлердін өздерін де сұраққа тартамыз. Әрине оларға біліммен баян етемiз. Негiзiнде ешқашан жоқ болмадық» (А`раф сүресі, 6-7-аяттар).
3.Жәннәт пен Тозаққа иман келтіру
Бұл екеуi адамзаттың мәңгiлiк қалатын орны. Жәннәт - ол Аллаһтың сенудi мiндет еткен нәрселерiне сенiп, Аллаһқа шын ықыласпен ғибадат жасап, елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолымен жүрген тақуа мұсылмандарға арнайы дайындалған рахат орны. Ол жерде алуан түрлi рахат және ләззәт түрлерi бар. Хадисте былай айтылғандай: «Адамның көзі көрмеген, құлғы естiмеген, адамзаттың ойына келмеген жақсылықтар бар».
Аллаһ Тағала былай деді: «Күдiксiз сондай иман келтiрiп, түзу iс жасағандар, мiне солар жаратылғандардың ең жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары: астарынан өзендер ағатын `Адн жәннәттары. Олар онда мәңгi қалады. Аллаһ олардан разы, олар да Аллаһтан разы. Осы сыйлық Раббысынан қорыққан кiсi үшiн болады» (Бәйина сүресі, 7-8-аяттар).
Тағы да Аллаһ былай айтты: «Істегендері үшін сый ретінде көз айым болатын қандай нәрселер әзірленіп қойылғанын ешбір адам білмейді» (Сажда сүресі, 17-аят).
Ал Тозақ - ол Аллаһтың Өзiне қарсы келiп, пайғамбарларына бойұсынудан бас тартқан залым имансыздарға арнайы әзiрленген азап орны. Ол жерде алуан түрлi азап және адам баласының ойына келмеген қинау түрлерi бар. Бұл жөнiнде Аллаһ Тағала былай айтқан: «Имансыздарға әзiрленген Тозақ отынан сақтаныңдар» (Әли `Имран сүресі, 131-аят).
Тағы да Аллаһ: «Расында бiз залымдар үшiн дуалдары жан жағынан қоршап алатын Тозақ отын әзiрледiк. Егер олар су сұрап жалбарынса, ерiген кен тәрiздi беттердiкүйдіретін бiр су берiледi. Ол нендей жаман су, әрi (орын) нендей жаман орын», - деді (Кәһф сүресі, 29-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтты: «Расында Аллаһ кәпiрлерді лағынеттеді де, оларға жалындаған Тозақ әзiрледi. Олар онда мәңгi қалады. Не дос, не көмекшi таба алмайды. Олардың беттерi от iшiнде аударылатын (өзгеретін) күнi: “Әттең! Аллаһқа бойсынып, елшісінеа бағынсақ едi”-дейді» (Ахзәб сүресі, 64-66-аяттар).
Ахырет күніне иман келтіруге тағы да өлiмнен кейiнгi болатын барлық нәрсеге сену жатады. Олар:
Қабiр сынағы.
Мәйiт жерленгеннен кейiн, одан Раббысы, дiнi және пайғамбары жайында сұрақ қойылады. Аллаһтың сөзiне сенгендердi Аллаһ табанды етедi. Сөйтiп, ол “Раббым – Аллаһ, дiнiм – Ислам, пайғамбарым – Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)”- деп жауап бередi. Ал залымдарды Аллаһ шатастырып, нәтижесiнде имансыз адам: “Һа-Һа! бiлмеймiн”, - деп жауап берсе, екi жүздiлер немесе күдіктенгендер: “Бiлмеймiн, адамдардың айтқанын есiтiп, мен де соны айттым ғой”,- дейдi.
Қабiр азабы мен рахаты.
Қабiр азабы екiжүздiлер мен кәпiрлерден құралған залымдарға болады. Бұл жөнiнде Аллаһ Құранда былай дедi: «Егер залымдарды өлiм қиналысында, перiштелер қолдарын созып: “Жандарыңды шығарыңдар. Бүгiн Аллаһқа қарсы орынсыз сөйлегендерiң, Оның аяттарын менсiнбегендерiң себептi қорлаушы азаппен жазаланасыңдар”дегенiн көрсең» (Ән`ам сүресі, 93-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтты: «Олар таң ертен және кешке отқа ұсынылады. Ал Қиямет күні болған кезде: “Фир`аун әулетін азаптың ең қаттысына кiргiзiңдер”, (- делінеді)» (Ғафир сүресі, 46-аят).
Муслимнiң «Сахихында» Зәйд ибн Сәбит риуаят еткен хадисте былай делінген: “Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер де сендер бір-бірлеріңді жерлемегендеріңде, сөзсiз өзiм естiп тұрған қабiр азабын сiздерге де естiртудi Аллаһтан тiлер едiм», - дедi. Сосын сахабаларына бет бұрып: «Тозақ азабынан Аллаһқа сыйыныңдар», - дедi. Олар: “Тозақ азабынан Аллаһқа сыйынамыз” - дедi. Ол: «Қабiр азабынан Аллаһқа сыйыныңдар», - дедi. Олар: “Қабiр азабынан Аллаһқа сыйынамыз”-дедi. Ол: «Ашық және жасырын бүлiктен Аллаһқа сыйыныңдар», - дедi. Олар: “Ашық және жасырын бүлiктен Аллаһқа сыйынамыз” - дедi. Ол: «Дәжжәлдың фитнасынан (сынағынан) Аллаһқа сыйыныңдар», - дедi. Олар: “Дәжжәлдың сынағынан Аллаһқа сыйынамыз” – дедi” (Муслим 2767).
Ал қабiр рахаты иман келтiрген шыншыл мұсылмандарға бұйырады. Аллаһ Тағала бұл жөнiнде былай деген: «”Раббымыз – Аллаһ!”, - деп, сосын мықты тұрғандарға перiштелер түседi де: “Қорықпаңдар да қайғырмаңдар! Сендерге уәде етiлген жәннәт арқылы қуанышқа бөленiңдер”, - дейдi» (Фуссиләт сүресі, 30-аят).
Тағы да Аллаһ былай деді: «Ал жан жұтқыншаққа келіп қалған сәтте, сол уақытта сендер қарап қаласыңдар. Негiзiнде оған (өлiп бара жатқанға) Бiз жақынырақпыз, алайда сендер оны көрмейсiңдер. Ал енді егер жазаланбайтын болсаңдар, онда айтқандарың рас болса оның жанын неге қайтармайсыңдар?! Егер өлген кiсi Аллаһқа жақындардан болса, сонда оған рахат, шаттық, әрi нығметтi Жәнат бар» (Уәқи`а сүресі, 83-96-аяттар).
Бәра ибн `Азиб жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабiрде екi перiштенiң сұрағына жауап берген мұсылман адам жөнiнде былай деген: «Бiр үндеушi аспаннан: “Құлым шындық айтты! Оған жәннәттан төсенiш төсеңдер, оны жәннәттан киiндiрiңдер, ол үшiн жәннәтқа есiк ашыңдар”, - деп үн қатады. Ол оған жәннәт дамылы мен хош иiсiнен әкеледi және оған көзi жеткен жерге дейiн қабiрi кеңейтіледі» (Ахмад, Әбу Дәуд).
Ахырет күнiне иман келтiрудiң жемiстерi:
1. Сол күнгi сауапты үмiт етiп, Аллаһқа бойұсынуға ұмтылып, соған ынта-жігер қосу.
2. Күнә iстеуден әрi оған көнiгуден сақтану, қорқу.
3. Қол жеткiзе алмаған нәрсенiң орнына үмiт еткен Ахырет рахаты және сауабымен мүміннiң жұбануы.
Теріс сенімдерге қарсы жауап (родд)
Тағы да бір адасқан топ қабiр азабы мен рахатының болуы мүмкiн емес деген. Ол шынайы өмірде көріп жатқанымызға қайшы келіп тұр ғой деп сылтауратады. Олардың айтатын дәлелдерi: “Қабiрдi ашсаңыз, өлiктiң болары болып, қабiр кеңдiгi немесе тарлығы жағынан өзгермеген болады”-дейдi. Бұл ойды шариғат, сезiм, ақыл-ой жоққа шығарады.
1. Шариғаттың дәлелі
Қабiр азабы мен рахатының растығының дәлелі ретінде, жоғарыда біз Құран мен Сүннеттен мәтіндер келтірген едік. Имам Бухаридiң «Сахихында» Ибн Аббастан риуаят етiлген хадисте ол былай дейдi: “Пайғамбарымыз Мәдина қабiрлерiнде азапталып жатқан екi кiсiнiң даусын естiдi… «Бiрi зәрінен сақтанбай жүрген, ал екіншісі өсек таратып жүрген»” (Бухари).
2. Сезiмнің дәлелі
Мысал ретінде ұйқыдағы адамды келтірелік. Ол ұйқысында рахаттанатындай кең, мамық жерде екендiгiн немесе күйзелетiндей тар, дөңбек жерде екендiгiн көредi. Кейде осындай жағдайда ұйқысынан оянып кетуi мүмкiн, қараса бөлмесiнде төсек үстiнде жатыр екен. Сонда ол әлгi жағдайды сезедi. Ұйқы – өлiмнің бауыры. Сондықтан да, Аллаһ ұйқыны кіші өлім деп атаған: «Аллаһ жандарды өлер уақытында алады. Ал әлі өлмейтіндердiң жанын ұйқыда алады. Сосын өлуiне үкiм берiлгендердiкiн тоқтатады да, басқалардiкiн белгiлi бiр мерзiмге дейiн жiбередi. расында, мұнда түсiнетiн елге ғибраттар бар» (Зүмәр сүресі, 42-аят).
3. Ақыл-ойдың дәлелі
Адам ұйықтап жатқанда өмiрде шынымен орын алған нәрсе туралы түс көредi. Тiптi пайғамбарымызды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сипаты бойынша көруi мүмкiн. Кiмде-кiм оны сипаты бойынша көрсе, оны шын көргенi (Бухари, Муслим). Бiрақ сол түстi көрушi көргенiнен алыстағы бөлмесiндегi төсек үстiнде ғой. Осындай жағдайлар осы дүниенiң өзiнде болып жатса, Ахырет жағдайларында болуы мүмкiн емес пе?!
Ал ендi қабiрдi ашсақ өлiк сол күйi, қабiр де кеңеймеген немесе тарылмаған деп айтатындарға бiрнеше жолмен жауап беруге болады:
1 - Құран және Сүннетте келген дәлелдерге түсiнiксiз күмандармен қарсылық бiлдiруге болмайды. Өйткені, ол күдіктерін келтіріп жатқан адам, сол жайында жақсылап ой жүгіртсе, олардың түкке тұрмайтын дәйектер екенін аңғарады. Тура сөздi айыптаушылар қаншама?! – Бірақ проблемма қыңыр түсiнiкте!
2 - Адамның өлімі мен Қиямет күнінің арасында болатын жағдайлар сезiм жетпейтiн көмескi (ғоиб) iстерден боылп табылады. Егер де олай болғанда, онда ғоибқа (көмеске) сенудiң пайдасы қалмай, ғоибқа сенгендер мен сенбегендер тең болып қалар едi.
3 - Қабiр азабы мен рахаты, қабiр кеңдiгi мен тарлығы – бұларды өзге бiреу емес, тек өлiктiң өзi ғана сезедi. Бағанағы тар жерде немесе кең, мамық жерде көрген ұйқыдағы адамның мысалы осыған дәлел. Ал шын мәнiнде ол басқа бiреудiң көзқарасында, оның ұйықтап жатқан жерiнде ешқандай өзгерiс болған жоқ. Сол бөлмесiндегi көрпесiнiң iшiнде жатыр. Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалар арасында болған кезде де уахи түсетiн едi. Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахиды естiп, ал сахабалар оны естiмейтiн. Кейде оның алдына перiште келетiн, сонда оны ол өзi көрiп, сахабалар болса көрмейтiн, әрі періштенің сөздерін де естимейтін еді.
4 - Жаратылыстың сезiмi Аллаһ Тағала берген мүмкiншiлiкпен ғана шектеледi. Барлық нәрсенi сезiп бiлулерi мүмкiн емес. Жетi көк, жер, сондай-ақ ондағы болғандар, әрi ол екеуiнiң арасындағы тiрi жандар мен барлық нәрселер Аллаһты пәктейді, мадақтайды, тәсбихтер айтады. Бірақ, олардың зікірлерін Аллаһ қалаған адамдардан басқа ешкім естімейді.
Аллаһ Тағала былай деген: «Жетi көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар Аллаһты пәктейдi. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бiрақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерiн, дәрiптеулерiн) түсiнбейсіңдер. Шынында, Аллаһ өте Жұмсақ, аса Жарылқаушы» (Исра сүресі, 44-аят).
Сол сияқты шайтандар мен жындар жер бетiнде ары-берi кезiп жүредi. Тiптi жындар Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасына келiп, оның оқыған сүресiн тыныш қана тыңдап, өз қауымдарына естiртiп(хабарлап) барған. Сондай болса да бұл бiзге көрiнбейдi, жасырын нәрсе. Аллаһ Тағаланың мына сөзiне құлақ салайық: «Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерiн көрсету үшiн киiмдерiн шешiп, жәннәттан шығарған сияқты сендерге де, сұмдық жасамасын. Өйткенi, ол және оның елі, сендер оларды көрмеген жерде көредi. Шайтандарды иман келтiрмейтiндерге жолдас еттiк» (Ағраф сүресі, 27-аят).
Ендеше адамдар барлық нәрсенi сезiп бiле алмайтын болса, өздерi бiлмеген көмес iстердi жоққа шығарудың қажеті не?!
Тағдыр дегенiмiз – Аллаһтың алдын болған білімі мен даналығына сай бүкiл тiршiлiкке арнап өлшеген мөлшерi.
Тағдырға иман келтiру төрт түрлi нәрсенi қамтиды:
1. Аллаһ Тағаланың барлық нәрсенi жалпылама да, егжей-тегжейлi де әзелден, мәңгi бiлетініне иман келтіру. Бұл нәрселер Аллаһтың өз iстерiне де, пенделерiнiң iстерiне де қатысты.
2. Соны Аллаһ «Ләухул-Махфузға» (Сақтаулы Тақатаға) жазып қойғандығына иман келтіру. Бұл жөнiнде Аллаһ Тағала былай дейдi: «Аллаһтың жер мен көктегi нәрселердi бiлетiнiн бiлмейсiң бе? Расында, бұлар кiтапта жазулы. Күдiксiз, бұл Аллаһқа оңай» (Хаж сүресі, 70-аят).
Муслимнің «Сахих» жинағында Абдуллаһ ибн `Амр ибн әл-Әстан риуаят етiлген хадисте: “Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Тағала бүкiл халайықтың тағдырларын көктер мен жердi жаратудан елу мың жыл бұрын жазып қойған», - деп айтқанын естiдiм”, - дейдi ол (Муслим 1862).
3. Барлық болатын нәрселер тек Аллаһтың қалауымен ғана болады деп иман келтіру. Өзiнiң iсiне қатысты болсын, жаратылыстарының iсiне қатысты болсын, бәрiбiр. Аллаһ өзiнiң iсiне байланысты былай дейдi: «Раббың қалағанын жаратады да, таңдау жасайды» (Қасас сүресі, 68-аят). «Сондай-ақ, Аллаһ қалағанын iстейдi» (Ибраһим сүресі, 27-аят). «Ол Аллаһ сендердi жатырларда қалағанындай бейнелейдi» (Әли `Имран сүресі, 6-аят).
Ендi жаратылыстардың iстерiне байланысты Аллаһ былай дедi: «Раббың қалағанда едi, олар оны жасамас едi. Оларды жасанды сөздерiмен қойып қой» (Ән`ам сүресі, 112-аят). «Егер Аллаһ қаласа, оларды сендерге өктем қылар едi. Сонда олар сендермен міндетті түрде, соғысар едi» (Ниса сүресі, 90-аят).
4. Бүкiл жаратылыстар өз бейнесiменен, суретiменен, қимылдарыменен Аллаһтың жаратылыстары болып табылады деп иман келтіру.
Аллаһ тағала былай деді: «Аллаһ барлық нәрсенi жаратушысы, әрi Ол әр нәрсеге кепiл» (Зүмәр сүресі, 62-аят). «Сондай-ақ, әр нәрсенi жаратып, оның тағдырын белгiледi» (Фурқан сүресі, 2-аят).
Аллаһ Тағала Ибраһимның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаумына айтқан сөзiн бiзге мына аятпен жеткiздi: «Аллаһ сендердi де, амалдарыңды да жаратты» (Саффат сүресі, 96-аят).
Бiз түсiндiрген анықтама бойынша тағдырға иман келтіру – адамның ерiктi iстерiнде қалаудың және соны iстеу қабiлетiнің бар болуына қарама-қайшы емес. Бұған Құран мен Сүннеттегі мәтіндер дәлел болып табылады. Сондай-ақ, күнделiктi тiршiлiгiмiздi де соған дәлел деп айтсақ болады.
Шариғаттың дәлелi
Аллаһ тағала былай деді: «Сол күн – шындық! Ендеше кiм қаласа, Жаратқан иесiне барар жол тұтсын» (Нәба сүресі, 39-аят). «Егiндiктерiңе қалай қаласаңдар келiңдер» (Бақара сүресі, 223-аят). «Аллаһтан шамаларың келгенше қорқыңдар. Әрі тындаңдар да, бойұсыныңдар» (Тағабунс сүресі, 16-аят). «Аллаһ Тағала адамға шамасы келетiн мiндеттi ғана жүктейдi. Iстеген жақсылығы өз пайдасына, жамандығы зиянына» (Бақара сүресі, 286-аят).
Өмірдің дәлелі
Ал ендi күнделiктi өмiрдiң дәлелiне келсек, әрбiр адам өзiнiң қалауы және күшi бар екенiн бiледi. Осы екеуiне сәйкес ол, бiр нәрсенi iстейдi немесе iстемей-ақ қояды. Сондай-ақ ол жүруi сияқты өз қалауымен орындалып жатқан нәрсе мен дiрiлдеу сияқты өз қалауынсыз орындалып жатқан нәрсенi айыра алады. Бiрақ, адамның қалауы мен күшi Аллаһтың қалауы мен құдiретi арқылы iске асады. Құрандағы мына аятқа назар аударайық: «Әлемдердің Раббысы – Аллаһ қаламайынша, сендер де қаламайсыңдар!» (Тәкуир сүресі, 28- 29-аяттар).
Бүкiл ғаламның бәрi Аллаһтың мүлкi болғандығы себептi, сол мүлкiндегi ешбiр нәрсе Оның бiлiмiнсiз, қалауынсыз жүзеге аспайды.
Теріс сенімдерге қарсы жауап (родд)
Бiз түсiндiрген анықтама бойынша тағдырға иман келтіру – “Пешенеме Құдай соны жазса, мен не iстей аламын?!”, - деп тыйым салынған істерді жасап немесе міндетті амалдарды орындамауына сылтау болмайды. Осыған байланысты, оның сылтауы бос сандырақ болады. Мұны бiрнеше себебі бар:
Бiрiншiсі: Аллаһ тағала былай айтты: «Аллаһқа серiк қосқандар: “Егер Аллаһ қаласа едi, бiз де, аталарымыз да серiк қоспас едiк, әрi ешнәрсенi харам қылмас едiк”, – дейдi. Осы сияқты бұлардан бұрынғылар да, бейнетiмiздi татқанға дейiн жасынға шығарған. Былай деп айт: “Сендердің Бiзге қарсы келтіре алатын алатын бiлiмдерiң бар ма? Негiзiнде сендер ойларыңа ғана iлесесiңдер де, өтiрiк айтасыңдар”» (Ән`ам сүресі, 148-аят).
Демек, егер оларға күна жасап, тағдырмен сылтауратуға рұқсат етiлгенде, Аллаһ оларға бейнетiн татқызбас едi.
Екiншiсі: Аллаһ тағала былай айтты: «Елшілерді қуандырушы, қорқытушы етiп жiбердiк. Елшiлерден кейiн адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшiн. Аллаһ Тағала – аса Үстем, әрi хикмет Иесi» (Ниса сүресі, 165-аят).
Бұл аятта айтылғандай, пайғамбарлар жiберiлгеннен соң, адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы қалмайды. Егер “Құдай пешенеме соны жазса мен не iстей аламын?!”, - деу адамдарға сылтау болғанда, пайғамбарларды жiберудiң пайдасы жоқ болып қалатын едi.
Үшiншiсі: `Алидан жеткен хадисте. Былай делінген: Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбiр адамның тозақтан немесе жәннәттан орны жазылып қойылған»- дедi. Сонда адамдардың бірі: “(Осыған) сүйеніп қалсақ бола ма?”, – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жоқ, амал қылыңдар! Өйткенi, бәрi оңтайластырылған», - деп мына аятты оқыды: «Ал ендi әлде кiм (Аллаһ жолында) берсе, тақуалық iстесе, жақсылықты дұрыс деп бiлсе, сонда оның жолын оңтайластырамыз»”. Ал Муслимнiң мәтiнiнде: «Бәрi о баста неге арнап жаратылған болса, соған оңтайластырылған» (Ләйл сүресі, 5-7-аяттар), - делiнген.
Осылайша, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) амал iстеуге бұйырды да, тағдырға сүйенуге тиым салған.
Төртiншісi: Аллаһ Тағала адамға бұйрық берiп, тыйым салған. Сонымен қатар оған оның шамасы келетiндi ғана мiндеттеген: «Аллаһтан шамаларың келгенше қорқыңдар» (Тағабун сүресі, 16-аят). «Аллаһ адамға шамасы келетiн мiндеттi ғана жүктейдi» (Бақара сүресі, 286-аят).
Егерде адам iстердi мәжбүрлi түрде iстейтiн болғанда, шамасы келмейтiн iстi де iстеуге мiндеттелген болар едi. Ал мұның болымсыздығы белгiлi. Сондықтан да адам бiр күнәнi бiлместен немесе ұмытып, немесе бiреудiң мәжбүрлеуімен iстесе, оған күнә жазылмайды. Өйткенi, ол адам үзірлі жағдайда.
Бесiншiсі: Аллаһ Тағаланың тағдыры - ешкiм бiлмейтiн құия сыр. Ол тек сол тағдыр орындалғаннан кейiн ғана бiлiнедi. Ал адамның iстейтін нәрсесiн қалауы, сол iстi iстеуiнен алдын болады. Сондықтан, оның бiр iстi қалауы Аллаһтың тағдырын бiлмей тұрып орын алады. Мiне осымен оның тағдырға сылтау айтуы орынсыз болады. Өйткенi, адамның бiлмеген нәрсесiне сылтау айтуына жол жоқ.
Алтыншысы: Бiз адамдардың дүние iсi бойынша өзiне пайдалы iске қатты берiлiп ұмтылып, одан өзiне зиян беретiн iске ауытқымайтынын көремiз. Сөйтiп ол “тағдыр” деп сылтау қылмайды. Ал дiн бойынша пайдалы iстерге ұмтылмай, керiсiнше зиянды нәрсеге ұмтылады. Сөйте тұра, тағдырға сылтау айтады. Әңгiмемiз ашық түсiнiктi болу үшін мысалдар келтірейік.
Мысалы, алдымызда екi жол жатыр, оның бiрi бейбастық, кiсi өлтiру, зорлық-зомбылық, қауiп-қатер, кедейшiлiк жайлаған жаққа алып барады. Ал екiншiсi тәртiп, жүйе, тыныштық, рахат өмiр, адам құрметi бар жаққа алып барады. Ендi сiз осы екi жолдың қайсысымен жүрер едiңiз? Мiндеттi түрде тәртiбi бар, тыныштық орнаған жаққа алып баратын жолмен жүресiз. Ешқандай ақылды адам бассыздық, тынышсыздық жайлаған жаққа барып, сөйте тұра тағдырға сылтау айтуы мүмкiн емес. Онда неге сіз о дүниеге қатысты мәселелерде, Тозақ отына апаратын жолды басасыз да, бау-бақшалы Жәннатқа жетелейтін жолға бұрылмайсыз? Сөйте тұра тағдырғмен сылтауратасыз ба?
Тағы бiр мысал: Ауру адам өзiне жазып берiлген дәрi-дәрмектi өзi қаламаса да iшiп, зияны тиетiн тамақтардан өзi қалап тұрса да тыйылады. Тағдыр деп сылтау айтып, дәрiлердi iшпей, зиянды деген тамақтарды жеуiн жалғастыра беруi мүмкiн емес. Ендеше адам дүние iсi бойынша бұйырылған iстi орындап, тыйым салған iстен тыйылады. Ал дiн iсi бойынша неге Аллаһ пен Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған iстi орындамай, тыйым салған iстен тыйылмайды? Сосын тағдырды сылтау еткенi несi?
Жетiншi: Парыз, уәжiп болған iстердi орындамай, күнә iстеп, тағдырды сылтау етiп жүрген адамға бiреу күш көрсетiп, теңгесiн тартып алып: менi кiнәлама (қапа болма) тағдыр бойынша iстедiм деп тағдырға сылтау етсе, ол оның сылтауын қабыл алмайды. Ол бiреудiң өзiне қоқан-лоққы көрсетуiнде тағдырды сылтауратуын қабыл алмайды да, өзi Аллаһтың қақысын бұзған кезде тағдырды сылтауратады. Мұсылмандардың әмiршiсi `Умар ибн әл-Хаттабқа жазалануы тиiс болған үрыны алып келедi. Сонда ол оның қолын кесуге бұйрық бередi. Сол кезде әлгi ұры: “Әй, мүміндердің әміршісі! Мен Аллаһтың тағдырымен ұрлық жасадым ғой!”, - дейдi. Сонда `Умар: “Бiз де Аллаһтың тағдырымен қолыңды кескелi тұрмыз!”, - деп жауап қатады.
Тағдырға иман келтірудің жемістері
1. Бір нәтижеге жету үшін себепбер жасағанда сол себептерге емес, Аллаһ Тағалаға жүгiну, Оған сүйену. Өйткенi, барлық нәрсе Аллаһтың тағдырымен болады.
2. Кiсi мұратына жеткенде өзiне-өзi таңданбауы. Өйткенi, оның мақсатқа жетуi Аллаһтың оған тағдыр етiп жазған хайырлы әрi табысты себептерiмен болған Аллаһтың нығметi. Оның өзiне-өзi таңдануы сол жақсылыққа шүкiр етудi ұмыттырады.
3. Аллаһтың оған жазған тағдырынан болып жатқан нәрсемен көңiл тыныштығы. Ендеше ол жақсы көрген нәрсесiне қол жеткiзе алмағанына немесе оған жағымсыз нәрсенiң болғанына уайымдамайды. Өйткенi, ол көктер мен жердiң билiгiне ие болған Аллаһтың тағдырымен орын алды. Ол шарасыз болады.
Аллаһ тағала былай деді: «Жер жүзiнде, сондай-ақ сендердің бастарыңы бiр бейнет (қайғы) келетiн болса, ол жаратылмас бұрын Кітапқа жазылып қойылған. Бұл Аллаһқа жеңiл. Осы өткенге өкiнбеулерiң, өздерiңе берiлгенге сүйсiнбеулерiң үшiн. Аллаһ бүкiл тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейдi» (Хадид сүресі, 22 – 23-аяттр).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мұсылманның iсiне таң қаласың! Оның iсiнiң бәрi жақсылық. Осы қасиет мұсылмандардан басқа ешкiмде жоқ: егер оған қуаныш келсе, шүкiр етедi. Мұнысы өзiне жақсылық болады. Ал егер жамандық келсе, сабыр етедi. Бұл да оған жақсылық болады» (Муслим).
WORD форматымен жүктеп алу (DOC)
Дайындаған: www.al-hanifiya.kz