Quickribbon

Құда түсетін кісіге, әйелдің қай жерлеріне қарауға болады?

http://islamic.kz

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер де сендерден біреу әйелге құда түссе, онда оған үйленуге ынталандыратын нәрсесіне қарай алса, солай жасасын» (Ахмад 3/346, Әбу Дәуд 2082. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әз-Зәһаби, хафиз Ибн Хажар және шейх әл-Әлбәни растаған).
Ғалымдар бұл хадисті әртүрлі түсінген. Сондықтан, бұл мәселеде үш белгілі пікір бар:

1. Беті мен алақандарына қарау рұқсат етілген. Бұл көпшілік ғалымдардың пікірі болып табылады.

2. Әйелге үйде жүретін кейіпінде қарауға болады. Яңни орамалсыз кезінде. (Басына, мойындарына, балтырларына, қолдарына және с.с.).

3. Оның бүкіл денесіне қарау рұқсат.
Осы үш пірікді шейх Ибн әл-Қайим «Тәһзиб әс-Сунән»-да 3/25-26 келтіріп, олардың барылығы имам Ахмадтан жеткінін айтты.
Екінші пікір ең дұрысы болып табылады. Әрі жоғарыдағы хадис, алақандар мен бетке ғана қарауға болады деген бірінші пірікрдің қателігін анық дәлелдеп тұр. Сондай-ақ, бұны хадистің жеткізушісі – сахаба Жәбир ибн `Абдуллаһ растайды. Ол хадисті жеткізіп: “Мен бір қызға құда түскенімде оған үйленуге ынталандыратын нәрсесін көретіндей тығылып қалдым. Ал сосын оған үйлендім”, - деп айтты.
Екінші пікірді шейх Ибн Баз, шейх әл-Әлбәни және шейх Ибн `Усәймин ұстанған. Алайда, олар қыз бен жігітке оңаша қалуларына болмайтынын ескерткен! Тағы да олар қыз бен құда түсіп жатқан жігіттің телефон арқылы сөйлесуін үзілді-кесілді тыйым салған.
Ал үшінші пікір жайында айтар болсақ, онда ғалымдар оны дін рухына жат деп, қайтарылған пікірлердің қатарына жатқызды.
Айта кетерлік тағы бір нәрсе, құда түсіп жатқан кісіге, беті мен алақандарынан артық жерлерін көрсетуден бас тартқан әйелді ешкім мәжбүрлей алмайды. Бұл туралы имам Ибн Қудама өзінің «әл-Муғни» кітабында 7/456 айтқан.
Ал ешер ол, біреудің оған қарап жатқанын білмесе, онда құда түсуші оны үй киімінде болсын көрсе де айыбы жоқ. Себебі, ұзатылғалы жатқан қызды көру үшін, оның келісімі шарт емес. Бұған дәлел келесі хадис: «Егер сендерден біреу әйелге құда түссе, онда оған қарағаны үшін күнә алмайды. Егер оған, тіпті әйел бұл туралы бейхабар болса да, үйлену үшін қараса» (Ахмад 5/424, әт-Табарани 1/52. Хадис сахих. Қараңыз: «әс-Сильсиля әс-сахиха» 97).
Бұны тағы да кейбір сахабалардың әрекеті де растайды. Мухаммад ибн Мәсләма, құрма ағашының жанында бір әйелге тығылып қарап отырғанда, оған: “Сен пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы болғаныңа қарамастан, осылай жасайсың ба?”, - деп сұрайды. Сонда ол былай жауап берді: “Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер біреулеріңнің әйелге құда түсуге ниет пайда болса, онда оған қарауында еш айып жоқ», - дегенін естідім” (Ибн Мәжаһ 1846, Са’ид ибн Мансур 519. Шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растады).
Алайда бұның барлығы, тек шынымен де үйленуге бет алған кісі үшін ғана рұқсат!

Аллаһ жақсырақ біледі!

forum.al-hanifiya.kz

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|