Quickribbon

Оразаны бұзбайтын нәрселер

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Ұмытшақтықтан ішіп-жеу, жыныстық қатынасқа бару

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Ұмытшақтықтан бір нәрсе жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені оны тамақтандырып, сусындатқан – Аллаһ» (әл-Бухари 1933, Муслим 2/171).

Ғалымдардың көпшілігі осы хадиске сүйенген, имам Мәлик қана бұл жарлықтың тек қосымша (нәфил) оразаға қатысты деп есептеген. Алайда, оның пікірі қабыл етуге жарамсыз, себебі басқа хадисте сөз Рамазан айындағы оразаға туралы боп жатқаны анық айтылған. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Егер адам ұмытшақтықпен Рамазан айының ораза күнінде тамақтанған болса, онда ол бұл күнді толтыруға да, ақысын өтеу ге де міндетті емес» (әл-Хаким 1/420, әд-Дарақутни 2/178. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әл-Байхақи, хафиз әз-Зәһаби, имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хаджар және шейх әл-Әлбәни растаған).

Егер де біреу ұмытшақтықпен жеп не ішіп жатқан адамды көретін болса, онда ол оған ораза тұтып жатұанын ескертуі керек. Өйткені, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім қайтарылған іс көрсе, оны өзгертсін», - деген (Муслим 1/78).

Хасан әл-Басри мен Муджаһид айтқан: «Ұмытшақтықпен жыныстық қатынасқа барған адам, ештеңені өтемейді» (Қараңыз: “Сахих аль-Бухари” 1/452).

Құшықтасу мен сүйісу

Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін құшықтап, аймалуына рұқсат. `Айша былай айтатын: «Ораза кезінде, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын жиі өз әйелдерін құшақтап, сүйген, алайда ол сендерден гөрі өзіне жақсырақ ие болған» (әл-Бухари 1927, Муслим 1/65).

Сондай-ақ, `Айшаның жиені Масруқ одан былай сұрағыны хабарланады: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?». Ол: «Жақындасудан басқасынын барлығы», - деп жауап берді (‘Абдур-Раззақ 4/190. Хадистің сенімділігін хафиз Ибн Хаджар растаған. Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/183).

Осы хадистерден түсінетініміз, ауызы берік адам, егер бұл жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелдерін құшықтап, аймалауына рұқсат етіледі. Ал егер адам әлсіз болса, әрі өзін ұстай алмай қалатынын білсе, онда оған бұдан тыйылғаны жөн. Шариғатты маңызды бір қағида бар: «Харамға апаратын нәрсе де – харам!».

Сүйісу кезінде адамда мәзи (қою емес) сұйықтығы шығатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Бұған, мәзи сұйықтығы оразаны бұзады деген дәлелдің жоқтығы, дәлел болып таылады. Ораза - бұл құлшылық, ал белгілі бір құлшылықтың бұзылуын мәлімдеу үшін, Құран мен Сүннеттен дәлел келтіру қажет (Қараңыз: «Шархул-Мумти’» 6/397).

Бой дәреттің (ғусл) жоқтығы

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері `Айша мен Умм Саләмадан жеткен хабарларда, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелімен өткізген түннен соң, таңды жүніп күйінде қарсы алған. Содан кейін, ол шомылып оразасын тұтқан (әл-Бухари 1925, Муслим 2/80).

Сондай-ақ, бірде Умм Саләмадан, жүніп күйінде таңды қарсы алған еркек ораза тұту керек пе деп сұрағанда, ол: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) поллюциядан кейін емес, әйелімен өткізген түннен соң, таңды жүніп күйінде қары алды. Сосын ол ораза тұтып, оның қазасын өтемеген» (Муслим 2/80).

Осы хадистерден аңғаратынымыз, бой дәреттің (ғусл) адам оразасын бұзбайды, тіпті ол таң атқаннан кейін шомылса да.

Ал енді, «Таңды жүніп күйінде қарсы алған адам ораза тұтсын!» (Муслим 1109), - деп айтқан Әбу Һурайраның пікіріне келер болсақ, онда ол – қате. Себебеі, Әбу Һурайраның бұл сөздерін естіген `Айга мен Умм Саләма, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңды жүніп күйінде де қарсы алып, ораза тұтқанын хабарлағанда, Әбу Һурайра өз пікірінен бас тартады да: «Олар пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туралы менен жақсырақ біледі», - дейді (Муслим 1109).

Тіс тазартқыш (сиуак) қолдану

Ораза кезінде тіс тазартқышты қолданудың рұқсат екеніне пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабаларынан жеткен бірнеше хабар дәлел бола алады. `Амир ибн Раби`а былай айтқаны жеткізіледі: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтып жүргенінде сансыз мәрте тістерін сиуәкпен (тіс тазалағышпен) тазалағанын көрдім» (әт-Тирмизи 725, Әбу Дәуд 2364, Ибн Хузайма 2007.).

Имам Әбу `Иса әт-Тирмизи және Ибн Хузайма бұл хадисті хасан деп атаған, бірақ хафиз Ибн Хаджар мен шейх әл-Әлбәни оны әлсіз деген.

Алайда, бұл хадис Ибн `Аббастан жеткен басқа бір хабармен бекітіледі: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік уақытында сиуәкпен қолданған» (Ахмад ибн Мәни’. Иснады сахих. Қараңыз: “әл-Мәталибул-‘алия” 1089).

Тағы да бұл, пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол туралы айтқандай, осы үмметтегі заләл мен харам мәселелерін ең жетік білетін Му`аз ибн Жәбалдың сөздерімен де расталады. `Абдур-Рахман ибн Ғуним айтқан: «Мен Му`аздан: «Оразада тістерімді тазалауыма болады ма?», - деп сұрадым. Сонда ол: «Йә», - деп жауап берді» (әт-Тәбарани өзінің “әл-Кәбир” кітабында 20/133. Хафиз Ибн Хаджар иснадын хасан деген).

Алайда, егер сиәуктің дәмі болса, мысалға: жасыл сиуәк, немесе лимон яки жалбыз дәмі бар сиуәктар, онда түкірікті жұтуға болмайды. Ал бұдан да жақсысы, бұндай сиуәкты ораза кезінде мүлдем қолданбау.

Егер тіс тазартқыш қолдану барысында, қызыл иектен қан шыға бастаса, онда оны жұтуға болмайды, оны түкіріп тастау қажет. Бірақтан, егер сонда да қанның кейбір бөлігі тамаққа кетіп қалса, онда бұның ешқандй айыбы жоқ (Қараңыз: “Фатәуа әл-Ләджна әд-дәима” 10/254).

Ал енді Рамазан айында күндіз тіс пастасын қолдану жайында сөз қозғасақ, онда ғалымдар бұл мәселеде түрлі пікірлер білдірген, алайда қарама-қайшылықтан шығып және қатеден алыс болу үшін бұны жасамаған жақсы. Шейх Ибн `Усеймин: «Күндіз тіс пастасын қолданбағай, оны кешке қалдырған дұрыс, себебі оның қатты татыған дәмі бар», - деп айтқан (Қараңыз: “Мәджәлису шаһри Рамадан” 72).

Еріксіз құсу

Әбу Һурайра жеткізген хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Егер құсық еріксіз шыққан болса, онда оразаны өтеу міндетті емес. Ал егер ол әдейі шығарылса, онда оразаның қазасын өтеу керек» (Ахмад 2/498, Әбу Дәуд 2380. Имам ән-Нәуауи, шейхул-Исләм Ибн Тәймия және шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Шейх Ибн `Усеймин айтқандай, егер адам қазір құсамын деп сезетін болса, бірақ кейін тынышталса, онда бұл оразаны бұзбайды, өйткені бұған ол бақылау жасай алмайды. Алайда, егер құсық ауызға келіп қалса, ал адам оны қайтып жұтып жіберсе, онда бұл оразасын бұзады. Егер адам ішінде әлсіздік сезіп жатса, онда құсығын басып өз-өзін қинамау керек, әйтпесе бұл оның денсаулығына кері әсерін беруі мүмкін (Қараңыз: “Маджалису шахри Рамадан” 67).

Қан алу немесе қан жоғалту

Ораза кезінде қан алудың рұқсат етілгенінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Қан алу оразаны бұзады деп санайтын ғалымдар, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисіне сүйенген: «Қан алған және қан алдырған адам, оразаларын бұзды» (Ахмад 4/123, Әбу Дәуд 2369. Хадис сахих).

Ал басқа ғалымдар болса, қан алу оразаны бұзбайды деп Ибн `Аббас жеткізген келесі хадиске сүйенеді: «Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза тұтып жатқанында, қан алынған» (әл-Бухари 1939).

Сондықтан, көптеген ғалымдар, қан алу оразаны бұзады деген хадистің күші жойылған деп есептеген. Сол ғалымдаран әш-Шафи`и, әл-Байһақи, Ибн `Абдул-Барр, ән-Нәуәуи, әл-Әлбәни сияқты имамдарды ерекше атап өтсек болады.

Аталған қарама-қайшылыққа Сәбит әл-Бунәниден жеткен келесі хадис айқындық еңгізеді. Ол Әнәстан: «Қан алу Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде қайтарылған ба еді?», - деп сұрайды. Сонда Әнәс оған былай жауап береді: «Жоқ, тек егер ол адамды әлсіретпесе ғана» (әл-Бухари 1940).

Тағы да, Әнәс айтқан: «Басында ораза тұтушыға қан алу қайтарылған еді. Әрі бір күні пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қан алғызып отырған, Джа`фар ибн Әбу Толибтің жанынан өтіп бара жатқанда: «Бұл екуі оразаларын бұзды», - деп айтқан. Бірақ, кейінірек пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік адамға қан алуды рұқсат еткен», сондықтан Әнәс ораза уақытында қан алғызған еді (әд-Дарақутни 2/182. Хадистің сенімділігін имам әд-Дарақутни, әл-Байһақи және ән-Нәуауи).

Сондай-ақ, Абу Са`ид әл-Худриден: «Ораза тұтушыға қан алу рұқсат па?», - деп сұрағанда, ол: «Йә, бұның ешқандай проблеммасы жоқ», - деп жауап берді (Ибн Хузайма 3/235. Шейх әл-Әләбәни).

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып және барлық пікірлерді жинап, келесідей қорытынды шығарсақ болады:
Ораза уақытында қан алу тыйым салынбаған, әрі ол оразаны бұзбайды. Алайда, егер қан алу адамды әлсірететін болса, онда оны жасамаған жақсы. Бірақ егер, қан алу ауызы берік адамды аузын ашуға мәжбүрлейтін болса, онда ол тыйым салынады. Бұл туралы Имам әш-Шәукәни айтқан (“Нәйлюл-Әутар” 4/515).

Дәл осы, қан тапсыруға да қатысты, егер мұнда қажеттілік болса әрі бұл организмнің әлсіреуіне әкеліп соқпаса, онда бұл рұқсат етіледі. Ал керісінше жағдайда жоқ! (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Ссунна” 2/114).

Қажет болғанда тамақтың дәмін тату

Керек болып тұрса, ауызы берік адамға тамақтың дәмін тілімен татып немесе оны шайнап жіберуіне болады. Мысалы: одан басқа ешқандай жол таппаған, сәбиді тамақтандырып жатқан ана; ас әзірлегенде, оның дәмін татып көру; сатып аларда тағамның дәмін тексеру. Ибн `Аббас былай деген: «Адамның, уксусты немесе сатып алғысы келіп жатқан затының дәмін көруінде еш айыбы жоқ» (Ибн Әби Шәйба 2/161. Иснад сахих).

Шейхул-Ислам ибн Тәймия айтқан: «Ораза тұтушының, тамақтан қажетсіз дәм татуы қайтарылады (мәкруһ), бірақ оразаны бұзбайды. Бұл ауызды сумен шайқау тәрізді» (Мәджму’ул-фатәуа” 25/266).

Алайда, тілмен тексеріп көрген тамақты жұтуға болмайды!

Ауыз шайқау мен шомылу

`Умар ибн әл-Хаттаб айтатын: «Бірде мен, ораза тұтып жүргенімде, өзімнің әйелімді сүйдім. Содан соң, мен пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен қорқынышты нәрсе жасадым, мен ауызым берік бола тұра әйелімді сүйдім!», - деп айттым. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай сұрады: «Сен ораза кезінде, ауызыңды шаю туралы не ойлайсың?». Мен: «Бұның еш қорқыныштысы жоқ», - дедім. Сонда пайғамбар(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда несіне уайымдайсың?», - деді» (Ахмад 1/21, Әбу Дәуд 2385, әд-Дәрими 1723. Шейх Ахмад Шәкир, шейх әл-Әлбәни, ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут және Шу’айб әл-Арнаут хадистің сенімділігін растады).

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі жеткізген хадисте «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыжыған ыстықтан сақтанып, басына су құятын» (Мәлик өзінің “әл-Мууатта” кітабында 1/294, Әбу Дәуд 2365, Ахмад 4/63. Шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).

Осы хадистерден байқайтынымыз, ораза кезінде күндізгі уақытта ыстықтың әсерін басу үшін ауызды шаюға немесе шомылуға рұқсат етіледі. Ораза кезінде ауыз шаю, дәрет алғанда болсын, одан тыс уақыттары болсын, рұқсат етлгенінде ешқандай келіспеушілік жоқ (Қараңыз: “Шархул-Кәбир” 3/44).

Алайда, дәрет алған кезде суды мұрынмен тартпаған жақсы, әйтпесе су тамаққа өтіп кетеді. Ләқит ибн Сабира айтқан: «Бірде мен пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Аллаһтың ешісі, маған дәрет жайында айтып берші», - деп сұрадым. Ол былай деді: «Дәретті лайықты түрде ал, саусақ араларын және егер ораза тұтып жатқан болмасаң, мұрныңды жақсылап жу!»» (әш-Шәфи’и 1/30, Ахмад 4/33, Әбу Дәуд 142. Хадистің сенміділігін Ибн әл-Қатан, ән-Нәуауи, Ибн Хаджар мен әл-Әлбәни растаған).

Сондай-ақ, оразаны келесі нәрселер де бұзбайды:

Сүрмені қолдану

‘Аиша айтқандай, “Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүрмемен қолданған” (Ибн Мәджаһ 1678).

Ғалымдар арасында бұл хадистің сеніміділігі жөнінде келіспеушіліктер болған. Бірақ шейх әл-Әлбәни оны сахих деп есептеген. Ал кейбір имамдар, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ораза кезінде сүрмені қолданған деген бір де бір сахих хадис жоқ деген.

Соған қарамастан, бұл хадистің мағынасы, яғни сүрмені қолдану оразаны бұзбайтыны, дұрыс. Бұған қоса имам әт-Табарани 2/132 Барирадан, ал әл-Байһақи Ибн `Аббастан, олар ораза кезінде сүрмені қолданғандарын жеткізеді. Және Хафиз ибн Хаджар бұл хабарлардың иснадын хасан деп атаған (Қараңыз: “Талхисул-хабир” 2/366).

Тістерді емдеу және оларға пломба салу

Шайқау жабдықтары ретінде қолданылатын дәрілер, егер оны адам жұтпаса, оразаны бұзбайды. Егер адам тістерін пломбаласа, содан кейін бір татыған дәм сезетін болса, онда шейх Ибн Баз айтқандай, бұл оразаны бұзбайды.

Ине ектіру

Емделуге қолданылған ем, пенициллин және инсулин, немесе сергітетін заттар, егу, оразаны бұзбайды, әрі ол бұлшық еттік немесе көк тамырлық болсын оған тауелді емес.
қараңыз “Фатауа Мухаммад ибн Ибрахим” 4/189

Көз бен құлаққа дәрілер тамызу

Дұрысырақ пікір бойынша, клизмалар, көз бен құлаққа тамызылатын дәрілерді қабылдау, тіс жұлу мен жараларды емдеу оразаны бұзбайды (Қараңыз: «“Мәджму’ул-фатәуа” 25/233-245»).

Әйелдердің истихада қаны (ауыртатын қансырау)

Әйелдерде болатын ауыртатын қынсырау (истихада) оның намазына да, оразасына да, басқа еш қандай құлшылыққа да әсер етпейді.Бұл қан нәжәс болып табылмайды, әрі еттекірі немесе туғаннан кейінгі қансырауы келген әйелдерге тыйым салынғанның барлығы, истихадасы бар әйелге рұқсат (Қараңыз: “Сахих фиқһу-Ссунна” 1/216-217).

Шаң және кездейсоқ ауызға түскен нәрселерді жұту

Шейз Ибн Баз былай деген: «Егер ораза тұтушы жараланса немесе мұрынынан қан ағып, содан қиналса, немесе су не бензин ауызына кездейсоқ, оның ерігісіз кіріп кетсе, онда бұл оның оразасын бұзбайды» (Қараңыз: «Фатәуа исләмия» 2/134).

Сол сияқты, егер шаң, түтін немесе шыбын кездейсоқ оның ауызына кіріп кетсе, бұл оразасын бұзбайды. Егер адам түкіріктің әжептәуір мөлшерін жинап, сосын оны жұтып жіберсе, ең күшті пікір бойынша ораза бұзылмайды (Қараңыз: «“әл-Муғни” 3/106»).

Тыйым салынған сөздер мен жүз аудару (қарау)

«Бес нәрсе ораза мен дәретті бұзады: өтірік, өсек, ғайбат, шаһуатпен жүз бұру (қарау) және жалған ант», (Қараңыз: “әс-Силсилә әд-да’ифа уәл-мауду’а” 1708).

Бұл хадис әлсіз!
Алайда, осы әлсіз хадисте аталғандар оразаны бұзбайытынына қарамастан, бұл нәрселер Исламда ауыр күнә болып табылады, оразаның сауабын кемітеді!

Астмактиктерге (демікпесі бар адамдарға) арналған оттек қапшықтары

Астма (демікпе) кезінде қолданылатын оттек қапшықтары оразаны бұзбайды, себебі өкпеге баратын қысылған (сығылған) газ – бұл тамақ емес, әрі оған деген мұхтаждық ылғи да бола береді, Рамазан айында да, одан басқа айларда да (Қараңыз: Сәб’уна масалә фи-ссыям” 36).

Аллаһ жақсырақ біледі!

 

Соңында, әлемдердің Раббысы Аллаһқа мақтаулар болсын!
_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|