Quickribbon

Оразаның шарттары мен тіректері

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

1. Ислам дінін ұстану
Ислам дінін ұстану – бұл, бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет күні ол зиянға ұшыраушылардан болады» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «Саған (Әй, Мухаммед!) әрі сенен бұрыңғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»», - деді (Зумар, 65).

2. Тыйылу
Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады (“Тухфәтул-фуқаһа” 1/537).

3. Уақыт
Бұл жерде оразаны таң атқаннан күн батқанға дейін тұту жайында айтылуда. Аллаһ Тағала: «…ал сосын кешке дейін ораза тұтыңдар», - деген (әл-Бақара, 187).

4. Ниет
`Умар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Расында, амалдар тек ниетке қарай бағаланады. Шынында, әрбір адам тек өзінің ниеттенген нәрсесін ғана алады» (әл-Бухари 1, Муслим 1907).

Осы хадистен байқайтынымыз, Аллаһтан басқа біреу үшін жасалатын кез-келген іс есептелмейді, әрі амалдарды ықылассыз жасаған адам осы дүниеде де, арғы дүниеде де ешқандай игілікке қол жеткізе алмайды.

Имам Ибн әлМунзир айтқан: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Амалдар тек ниетке қарай бағаланады» деген сөздері, барлық істерге нұсқайды. Әрі ешқандай амал: парызы болсын, қосымшасы болсын одан ерекшеленбейді (тыс қалмайды)» (“әл-Әусат” 1/371).

5. Ораза тұтуға мүмкіншіліктің болуы

Бұл жерде ораза тұту үшін денсаулықтың болуы, сондай-ақ етеккір мен босағанан кейінгі қан кетуден тазалану жайында айтылуда (Қараңыз: “Хашия әд-Дусуқи” 1/509).

forum.al-hanifiya.kz

 

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|