Ассаламу алейкум ва рахматуллахи ва баракатух!
- Адамдар арасында «шайтан баска, жын баска» деген создер бар, Шынымен шайтан мен жын бир жаратылыс па немесе олардын арасында айрмашылык бар ма?
- Уә `аләйкум әс-сәлям уә рахмәту-Ллаһи уә баракәтуһ!
Шайтандар адамдардың ішінен де, жындардың ішінен де болады. Аллаһ Тағала: «Жындар мен адамдардың ішіндегі«, - деді (Нас сүресі, 6-аят).
Халықты адастырып, Тозаққа жетелейтін адамдарды пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шайтандар деп сипаттаған.
Ал нақты Ібліс туралы айтар болсақ, онда ол періште де емес, адам да емес. Ол, Аллаһ айтқандай: «Жындардан болған, сол үшін Раббысының әміріне қарсы келді» (Кәһф сүресі, 50-аят).