Quickribbon

Ғаламдық мәселелер (ән-нәузиль) бойынша кім шешім шығара алады

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

«Нәуәзилге» мұсылман үмметінің басына келіп түскен күрделі мәселелер жатады, олар – джихад, хурудж (әмірге қарсы шығу), жаппай бойкот т.б.

Ислам – өзінің қатаң заңдары мен үкімдеріне ие дін, және онда анархияға орын жоқ. Шариғат қандайда бір мәселелелерді құзыреті жоқ адамдарға шешуге қатаң тыйым салады,  әсіресе, бұл Ислам үмметінінің проблемаларына қатысты.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Қашан оларға (мұсылмандарға) аманшылықтан немесе қауіп-қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді». (ән-Нисә 4: 83).

Іс басындағылар – бұл ғалымдар және мұсылмандардың әмірлері. Қараңыз “Тафсир әл-Қуртуби” 3/341.

Мұсылман үмметіне қатысты мәселелер ең маңызды және салмақтыларына жататынына күмән жоқ.  Шейх `Абдур-рахмән әс-Са`ди бұл аятқа қатысты мынадай сөздер айтты: «Бұл - Аллаһтың өз құлдарына осындай лайықсыз қылығы үшін жасаған сөгісі! Егер мүминдерге  баршаның игілігіне қатысты, муминдер үшін қауіпсіздік және қуәнышпен, немесе олар үшін қауіп-қатермен байланысты маңызды дерек жетсе, олар оны асығыстықпен таратпауы керек. Олар оның шын екенін тексеріп, оны Елшіге  (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), немесе білім мен ұстанымдылыққа ие, болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болған және пайда мен зиян мәселесін түсінетін, адамдардың арасында ықпалға ие болғандарға жеткізуі керек. Егер осындай адамдар: «Алынған деректерді жариялау мұсылмандарға пайда келтіреді, оларға күш береді және дұшпандарға қарсы тұруға көмектеседі», - деп шешсе, онда бұл жөнінде бүкіл халық алдында жария етіледі. Ал егер олар: «Осы деректерді жариялау мұсылмандарға ешқандай пайда әкелмейді, және оларға пайдадан көбірек зиян тигізеді», - деп шешсе, онда бұл жөнінде жария етілмейді. Міне, сондықтан Аллаһ: «олардан оның мән-жайын зерттей алатындар білер еді», - деді, яғни маңызды деректерді өзінің дұрыс көзқарастарының және салиқалы білімдерінің себебімен талдай алатын адамдар білуі керек. Осыда – «Кез-келген мәселені зерттеуді соған қабілеті жететін адамға тапсыру керек!» - деген маңызды ережеге дәлел бар. Және ешкім маңызды мәселелерді осындай адамдардан бұрын шешпеуі керек, өйткені олар дұрыс шешімге жақындау және қателіктерден көбірек қорғалған. Осыда, сондай-ақ, естіген нәрсені асығыстықпен жариялауға тыйым бар. Мұсылмандар сөздерінің үстінен ойлануы керек, олар пайда келтіретіні, не келтірмейтіні жайлы ой тоқтатуы керек”. Қараңыз “Тафсир әс-Са’ди” 185.

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, адамдар үшін сондай бір, өтірікшілерге сеніп, шыншылдарға сенуді қоятын; қиянатшылдарға аманат тапсырып, сенімге лайық болғандар жайлы опасыз деп күдіктенетін; және сөз рууәйбидаларда болатын замандар келеді». Одан: “Рууәйбида деген кім?” – деп сұрағанда, ол: «Жаппай адамдарға қатысты мәселелер туралы сөйлейтін ақымақ!» - деді. Әхмәд 2/291, Ибн Мәжжәһ 4036. Хафиз Ибн Хаджәр, хафиз Ибн Кәсир, шейх Әхмәд Шәкир және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді.

Не үшін пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ақырет Күнінінің жақындағаны туралы хадистерді айтады және олардың мәні неде? Ғалымдар мұның даналығына нұсқаған: біріншіден, Ақырет Күнінің белгілері туралы хадистер мұсылмандар оған дайындалуы үшін айтылған, ал екіншіден, олардың мәні – олар пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ескерткен нәрселерінен аулақ болуы үшін, олар міндетті түрде орын алатындығына қарамастан. “әл-Мууәфәқат” 2/450.

Келітірілген аят пен хадисте шариғат құзырет бермеген кісіге мұсылмандардың жаппай проблемаларын талқылап, шешуге айқын тыйым бар!

Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһтың Кітабын, Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін және сахабалардың айтқан сөздерін білуші – тек осындай адам ғана мұсылман үмметі душар болған күрделі мәселелерді (нәуәзиль) шешуге құзырлы болып табылады, және тек солардан ғана осы мәселелер бойынша пәтуә алуға болады”. Қараңыз “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/212.

Имам Ибн әл-Хәж әл-Мәлики айтатын: “Мужәхид білім иелерінен джихадты қалай жасау керектігі туралы сұрамайынша джихадқа шықпауы керек”. [1] “әл-Мәдхәл” 2/13.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: Джихад мәселелерінде дүние істерінде де тәжірибесі бар шынайы білім иелерінің пікірін назарға алу  міндетті (уәжіп) болып табылады. Ал, дұние істерінде тәжірибеге ие, бірақ дін мәселелерінде дұрыс түсінігі жоқ адамдарға келер болсақ, олардың пікірі қабылданбайды, сондай-ақ,  діни білімге ие болып, бірақ дүние істерінде тәжірибеге ие болмағандардан да қабылданбайды! ” “әл-Ихтиярат әл-фиқхия” 311.

Шейх Салих әл-Фәузанға мынадай сүрақ қойылды: «Біздің уақытымызда үлкен ғалымдарды балағаттау және қаралау жиі орын алып кетті. Оларды күпірлікте және бұзақылықта айыптауда. Әсіресе бұл айыптаулар террористтік актілердің рұқсат етілмейтіндігі туралы шешімдер (пәтулар) шыққаннан кейін жиіленді. Сондай-ақ, біздің ғалымдарымыз  «Исламдағы достасу және қатыссыс болу» принципін орындауда кемшіліктерге орын беруде деп айтылуда (әл-Уәлә уә әл-Бара). Осы мәселеге байланысты кеңес беруіңізді сұраймыз».

Шейх былай деп жауап берді: Надан (джәхиль) үнсіз болуы керек және Аллаһтан қорқып, білімсіз сөйлемеуі қажет. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Күдіксіз, Раббым, арсыздықтарды ғана, олардың көрнеу, көмесін, және (барлық) күнәны, орынсыз озбырлықты, және сендер Аллаһ оған байланысты ешбір дәлел түсірмеген нәрсеге Онымен қатар ғибадат етулеріңді және Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», - де!» (әл-А’раф 7: 33).

Джәхилге (наданға білімнің болуын талап ететін мәселелер бойынша, әсіресе такфир, джихад, әл-уәлә уә әл-бара сияқты үлкен мәселелерде сөйлеуіне тыйым салынады. Ал әмірлерді және ғалымдарды ғайбаттап, олардың ар-намысына тиісу туралы айтар болсақ, бұл - өсектің және ғайбаттың ең жаман түрі, және бұған тыйым салынған! Біздің кезімізде мұсылмандардың басына түскен проблемалар билік иелері шешетін мәселелердің қатарына кіреді. Міне, солар өзара кеңеседі және бұл мәселелерді бірігіп зерттейді, ал ғалымдардың міндеттері - бұл мәселелердің шариғи үкімін түсіндіріп беру. Халыққа және қарапайым адамдарға, сондай ақ, енді бастап келе жатқан, жас студенттерге келер болсақ, бұл - олардың міндеті болып табылмайды. Аллаһ Тағала былай деп  айтады: «Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді. Егер сендерге Аллаһтың мейірімі мен рахымы болмағанда, азғантайларыңнан басқаларың, шайтанға ілесіп кетер едіңдер». (ән-Ниса сүресі, 83-аят). Бұл мәселелер бойынша тілді тыйю керек, әсіресе такфир (күпірлікте айыптау) және әл-уәлә уә әл-бәра (достасу және қатыссыс болу) мәселелерінде.

Егер адам өз бауырына: «Йә, кәпір!» - десе, ал ол іс жүзінде олай болмаса, онда бұл оның өзіне қайта оралады, Аллаһ бізді бұдан сақтасын! Бұл – өте қауіпті іс, және Аллаһтан қорқатын адам, егер ол – осындай мәсеселелерді шешу міндеті жүктелгендердің, яғни бұл мәселелерді зерттеп, жағдайдан шығудың жолын іздеуге тиіс болған әмірлер мен ғалымдардың қатарынан болмаса, өз тілін тыюы қажет. Алайда, қарапайым адамдар, немесе білім талаб етудің бастауыш сатысында тұрғандар адамдарды соттауға және оларға байланысты қандайда бір үкімдер шығаруға, адамдардың намысына орынсыз тиісуге, ғайбат айтуға, күпірлікте және бұзақылықта айыптауға[2] т.б. құқығы жоқ, өйткені, бұл оның өзіне зиян тигізеді. Мұсылман адам өзінің тілін ұстау керек және өзіне қатысты емес нәрселер туралы сөйлемеуі керек. Ол Аллаһтан мұсылмандар үшін көмек және кәпірлер үшін жаза тілеуі керек. Бұл – сенің құқығың және міндетің болып табылады.

Ал шариғат ережелерін, мұның үстіне қате ережелерін қолдануға, сондай-ақ, мұсылман әмірлерінің және ғалымдарының ар-намысын қаралауға, және олардың күпірлігі немесе адасушылығы туралы үкімдер шығаруға келер болсақ болсақ, бұл – сенің өзіңе қарсы оралып тиетін ұлы қауіп болып табылады, әй, мұндайды айтушы! Ал сен әңгіме етіп жатқандарға келер болсақ, оларға сенің сөздерің зиян тигізбейді! ” “Фәтауә әш-шәр’ия” 73-74.

Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) проблема туындаған жағдайда, оны шешу үшін білім иелеріне жүгінуді бұйырады. Кез-келген адам ғалым болып табылмайды және кез-келген біреу, біз бұл жөнінде айтып өткеніміздей, пәтуа шығаруға жарамайды. Бұл – діннің барлық ережелеріне, өмір және өлім туралы аса күрделі мәселелерге тіпті, қатысты.

Шариғат пәтуа беруге құзырет бермеген, бірақ, олар бәрібір осыны істеп жүрген адамдарға келер болсақ, бұл – мұндай адам Аллаһтан қорқушы емес екендігін дәлелдейді. Ал, ендеше мұндай адамнан қалайша пәтуа алуға болады. Егер адам пәтуа өзінің ізінен алып келетін ұлы жауапкершіліктен, немесе білімсіз сөйлейтіндерге дайындалған жазадан қорықпайтын болса, онда қалайша мұндай адамға жүгінуге болмақ?! Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет күні ең ауыр жазаға білімі болмай адасушылыққа салған тартылады». Әхмәд, әт-Табәрани. Хадис хасан. «Сахихуль-джәми’» - ні де (1000)  қараңыз.

Суфьян ибн ‘Уяйна былай деп айтатын: Ең аз білімге ие болған адамдар пәтуа беруге ең қатты асығады! “Джәми’уль-бәяниль-‘ильм” 1588.

Біздің үмметімізде ең білгір болған, бізге барлық діни білімді жеткізген, алайда осыған қарамастан пәтуа шығарудың жауапкершілігінен қорққан сахабалар мен ең білмейтін сахабаның тырнағына да тұрмайтын, бірақ мұсылмандардың ғаламдық проблемаларын шешуге кірісіп жүрген біздің кезіміздегі түрлі ағымдардың жақтаушыларының айырмашылығына назар аударыңыздар.

‘Абдур-Рахман ибн Әбу Ләйлә былай деп баяндайтын: “Мен Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан болған, осы мешітке келуші жүз жиырма адамды көріп үлгердім, және олардың қайсысынан болсын пәтуа беру немесе хадис жеткізу сұралса, ол міндетті түрде оның бауыры оны осыдан құтқаруын қалайтын. Алайда, кейін, бүгіңгі күні білімді деп аталуға таласып жүргендер және,  егер Умар ибн әл-Хаттабқа мұндай сұрақтар қойылса – ол міндетті түрде Бәдр шайқасының қатысушыларын жинап алып, олармен кеңесетіндей сұрақтарға жауап беруге батылы жететін адамдар алға шықты!” “Мин хадьи саләф фи талибиль-‘ильм” 14.

Осында мынадай сұрақ туындайды: «Діннің күрделі мәселелері бойынша пәтуа беруді мойнына алып отырған түрлі партиялардың жетекшілері мен жақтаушылары Умардың білімінің жүзден бір бөлігіне ие ме?! »  Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) егер өзінен кейін пайғамбар болса, онда ол – Умар болады деп, Аллаһ оған кітап Иелерінен пайғамбар болмаған кейбір адамдарға уахи еткеніндей уахи етеді деп айтқан, оның пікірін Аллаһтың Өзі Құранда он алты рет растаған  Умардан!

Имам Мәлик былай деп айтатын: “Мен өзімнен білгірлеу болған адамнан сұрамайынша ешқашан пәтуа бермейтінмін”. “И’ләну-ннәкир” 48.

Ал, білімге және пәтуа беруге деген құқыққа ие  болмай пәтуа берушіге келер болсақ,  ол осы үшін жауапкершілікке тартылады, ал ниетінің ықыластылығы оны құтқармайды. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Соттар (билер) үш түрлі болады. Олардың екеуі - Отта, ал біреуі - Жәннәтта. Ақиқатты біліп, онымен үкім шығарғаны - Жәннәтта. Ақиқатты біліп, өз әуес-қалауларының негізінде үкім шығарғаны – Отта, және білімге ие болмай билік еткен де - Отта», - деген. әл-Хаким, әт-Табәрани. Хадис сахих. «Сахихуль-джәми’» 4446, 4447.

Сөйтіп, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ықыласты болып, бірақ білімі болмаған би де - Отта болады деп хабарлады. Ал, жауапкершіліктің барлығын оларға пәтуа берген адамның өзі ғана алып жүреді дегендерге келер болсақ, олар қателеседі. Ия, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Егер кім білімсіз пәтуа шығарса, онда (сол пәтуаға негізделіп) жасалған істің күнәсі сол пәтуаны шығарған адамға түседі», - деп айтқан. Әбу Дауд 3657, Ибн Мәджәһ 53. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деді.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хақты айтады, бірақ оның сөздері нені білдіреді? Пәтуа беруші адам барлық жауапкершілікті өзіне алуы үшін, ол осыған құзыретті болуы керек. Көптеген мұсылмандар барлық жауапкершілік пәтуа берушіге түседі деп, рұқсат етілмеген нәрселерді істеп жатады. Олар осылары үшін өздері де жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін түсінбейді!  Әбу әд-Дарда Пағамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайды: «Қиямет Күні барлық адамдар белгілі бір жолмен жүретін кезде, және адамның жанынан оны өлтірген (адам) өткенде, ол: «Йә, Раббым! Ол мені (дүние өмірінде) өлтірген еді», - деп дауыстайды. Аллаһ: «Сен оны не үшін өлтірдің?» - деп сұрайды. Ол: «Маған пәлен бұйырды», - дейді, және өлтірген де, оған бұйрық берген де жазаға тартылады!» Ибн Әбу Шәйбә 5/434, әт-Табәрани 10407. Хадис хасан. “Мәджмә’у-ззауәид” 7/300.

Біз атқарушыны оның бұйрықты жәй орындаған болғаны сақтап қалмағанын көрудеміз.

Аллаһ Тағала былай деп айтты:

«Олар (кәпірлер) Қиямет Күні өздерінің жүгін түгел көтерсін, сондай-ақ, өздері адасушылыққа салған надандардың жүгін де. Олардың көтерген жүгі нендей жаман!» (ән-Нәхль 16: 25).

Имам Муджәхид бұл аятқа берген тәпсірінде былай деді: Олар өздерінің күнәларының ауыртпалығынын және оларға мойынсынғандардың күнәларының ауыртпалығын мойнымен көтереді. Бірақ, олардың өздеріне ергендердің күнәларының ауырпалығын көтеруі, оларға мойынсынғандардың жазасын еш жеңілдетпеді ”. “Тафсир Ибн Кәсир” 2/587.

Шейх Ибн әл-Қайим былай деді: Өзі пәтуа беруге құқықты адамдардың қатарынан болмай адамдарға пәтуа беруші адам мойынсынбаушы және күнәхар болып табылады! Және осындай адамның пәтуасына негізделіп қандайда бір үкім шығарған мұсылмандардың әмірі де мойынсынбаушы және күнәхар болып табылады!

Имам Ибн әл-Джәузи говорил: «Мұсылмандардың әмірі, осын Бәну Умәйя әулетінің әмрлері істегендей, пәтуа беруге құқығы жоқ адамдарға пәтуа беруге тыйым салуы керек. Бұл адамдар өздері жолды білмей оған өзге жолға шығушыларды сілтеп тұрған кімсе секілді. Және олар медицинаны білмей адамдарды емдейтіндер секілді, тіпті олар осы жоғарыда аталғандардың барлығынан да жаман. Және егер әмір медицинаны білмейтін кімсеге адамдарды емдеуге тыйым салса, онд не Құранды, не Сүннетті білмей, не діннен толық хабардар болмай пәту берушілер туралы не айтуға болды?! Біздің шейх  Ибн Таймия мұндай адамдарды қатты сөгетін және былай деп айтатын: «Менен біреулер: “Сен пәтуаберуші өзінің пәтуасы үшін сұралады деп ойлайсың ба?» - деп сұрады. Ал мен оларға: «Егер тіпті наншы мен аспаз да сұралатын болса, пәтуа беруші өзінің берген пәтуасы үшін сұралмайды деп ойлайсыңар ма?! ” – деп жауап бердім».  “И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/217.

Ескертпелер:

[1] Кейбіреулер джихад жүргізу үшін білімге ие болу міндетті емес дейді де, дәлел ретінде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде адамдар Ислам қабылдаған бойдан шайқастарға қатысатын еді және Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Алдын білім алыңдар, ал кейін джихад жасаңдар!» - деп айтпайтын деген хадистерді келтіреді. Әрине, білімнің болуы - джихад жүргізудің шарты болып табылмайды. Алайда, джихадты қашан, кіммен және қалайша жүргізу керек екендігін шешу үшін білім керек. Исламды қабылдап джихад жасайтын сахабаларға келер болсақ, бұл – оларға міндетті болды, өйткені олар үшін шешімді Пайғамбардың өзі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қабылдады, ал олардың міндеті – бағыну болды.  Пайғамбардан (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) соң, джихад – бұл мұсылмандардың әмірлері және ғалымдар шешетін мәселе, өйткені, бұл - олардың құзыретіне жатады, және кез-келген біреу бұл міселелерді шеше беруге құқықты емес.

Шейх Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уәххаб былай дейтін: “Джихад – бұл әмірге және оның шешіміне тапсырылатын іс, ал қоластындағылар ол шешкен нәрседе оған мойынсынуға міндетті”. «Мәджму’ әл-муәлифәт» 2/360.

Сондай-ақ, шейхуль-Ислам Ибн Таймия джихад мәселелері бойынша былай деді: “Бұл нәзік мәселелердегі зертеулер – үлкен ғалымдардан болған мамандардың жұмысы”. “Минхаджу-Ссуннә” 4/504.

[2] Бұзақылықта (пасықтықта) айыптау (тафсиқ) бұл – адамды бұзақы (фасиқ) деп атау. Көп адамдар бұл терминді тіпті оның мағынасын түсінбей қолданады. Бұзақылық (пасықтық) (фисқ) екі түрлі болады: үлкен және кіші. Үлкен бұзақылық (пасықтық) бұл – адамның күнәні саналы түрде, оны халәл деп жасауы. Бұзақылықтың (пасықтықтың) бұл түрі адамды Исламнан шығарады, өйткені мұндай адам харамды халәл етіп, Аллаһтан және Оның Елшісінен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келгенді жоққа шығарады.

Кіші бұзақылық бұл – күнәні оның күнә екендігін мойындап істеу, және пасықтықтың мұндай түрі адамды діннен шығармайды. Алайда, мұсылманды пасық (бұзақы) деп, егер ол күнәларды ашық түрде істесе, және насихаттаулар мен ақиқаттың өзіне жеткізілуіне қарамастан, осынысында қасарысып тұрып алған жағдай ғана, атауға болады.

Ал, мұсылмандарды күнәсіз бұзақылықта айыптаушыларға және оларды пасық деп атаушыларға келер болсақ, оладың өздері сондай болып табылады, өйткені бұл сөз олардың өздеріне оралады, бұл жөнінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сіәлемі болсын) былй деп айтқанындай: «Егер бір адам екінші бір адамды бұзақылықта немесе күпірлікте айыптаса, айыптау міндетті түрде оның өзіне оралады, егер айыпталушы шындығында олай болып табылмаса». әл-Бухари 6045.
(Кто имеет право выносить решения по глобальным вопросам (ан-науазиль))

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|