Quickribbon

07.Ораза (әс-соум). Мақалалар.

Праздничная молитва на открытом месте

http://islamic.kz

Совершение двух праздничных молитв на открытом воздухе в специально отведенном месте за городом – это Сунна
Шейх Мухаммад Насыруддин аль-Албани
Первое издание

Читать далее… »

Ләйлятуль-Қадр (Қадір түні)

http://islamic.kz/

 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Ал саған Қадір түнінің не екенін не білдіреді? Қадір түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірлері үшін періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем (салям)!» (Ләйләтул-Қадр 1-5).

Аллаһ Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түнде түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» (Духан, 2-5).

Қатада: «Бұл түнде алдағы жыл істерінің тағдыры жазылады», - деді (“Тафсир әт-Табари” 25/65). Читать далее… »

Зәкәт әл-фитр

Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Зәкәт әл-фитрды беру парыз болып табылады

Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті» (әл-Бухари 1503).

Имам әл-Хаттаби былай деді: «Бұл хадисте, зәкәт әл-фитрдың міндетті екеніне нұсқау бар, әрі оның парыз екені бүкіл ғалымдардың пікірі болып табылады» (“Мә’алиму-Ссунән” 3/214).

Имам ән-Нәуәуи: «Зәкәт әл-фитр әрбір мұсылманға парыз екенінде, ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскен», – деп айтқан («әл-Маджму’» 6/106). Читать далее… »

Оразаны бұзатын нәрселер

http://islamic.kzАса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

1. Әдейілеп ішіп-жеу.

Аллаһ Тағала былай деген: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша, жеңдер де, ішіңдер. Сосын кешке дейін ораза тұтыңдар» (әл-Бақара, 187).

Шейх Ибн әл-Қайим айтқан: «Әдейілеп ішіп-жеу оразаны бұзатынында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ» (“Зәдул-мә’ад” 2/60).

Рамазанда айы күндіз әдейілеп тамақтанған адам,үлкен тәубені талап ететін, ұлы күнә жасады.

Сондай-ақ, ғалымдардың көбісі, егер адам тістерінің арасында тұрып қалған тамақты әдейілеп жұтып қойса, оның оразасы есептелмейді деп есептеген.

Имам Ибн Қудама былай айтты: «Тістерінің арасында тамағы қалған адамның жағдайы екі түрге бөлінеді: егер тамақтың кішкентай ғана шағымы жұтып қойылса, әрі оны түкіріп тастауға еш мүмкіндік болмаса, онда ораза бұзылмайды, өйткені бұл түкірік секілді. Ибн әл-Мунзирдің айтуынша, ғалымдар бұған бір ауыздан келіскен. Екінші түрі – бұл, егер тамақтың үлкен шағымы қалса, әрі оны түкіріп тастауға мүмкіншілік бар. Бірақ адам ол шағымды әдейілеп жұтып қойса, онда оның оразасы ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша бұзылады. Себебі, ол тамақтанумен тең» (“әл-Муғни” 3/260). Читать далее… »

Оразаны бұзбайтын нәрселер

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Ұмытшақтықтан ішіп-жеу, жыныстық қатынасқа бару

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Ұмытшақтықтан бір нәрсе жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені оны тамақтандырып, сусындатқан – Аллаһ» (әл-Бухари 1933, Муслим 2/171).

Ғалымдардың көпшілігі осы хадиске сүйенген, имам Мәлик қана бұл жарлықтың тек қосымша (нәфил) оразаға қатысты деп есептеген. Алайда, оның пікірі қабыл етуге жарамсыз, себебі басқа хадисте сөз Рамазан айындағы оразаға туралы боп жатқаны анық айтылған. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Егер адам ұмытшақтықпен Рамазан айының ораза күнінде тамақтанған болса, онда ол бұл күнді толтыруға да, ақысын өтеу ге де міндетті емес» (әл-Хаким 1/420, әд-Дарақутни 2/178. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әл-Байхақи, хафиз әз-Зәһаби, имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хаджар және шейх әл-Әлбәни растаған). Читать далее… »

Оразаның шарттары мен тіректері

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

1. Ислам дінін ұстану
Ислам дінін ұстану – бұл, бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет күні ол зиянға ұшыраушылардан болады» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «Саған (Әй, Мухаммед!) әрі сенен бұрыңғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»», - деді (Зумар, 65).

2. Тыйылу
Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады (“Тухфәтул-фуқаһа” 1/537). Читать далее… »

СуҺур мен Ифтардың әдептері

http://islamic.kz/

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Суһур (сәресі)

Суһурдың маңыздылығы мен артықшылығы

Әрбір мұсылман түннің соңғы бөлігінде, ораза тұтуға ниет етіп, суһурды ұстанғаны жөн. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Таң атпастан бұрын тамақтаныңдар, өйткені суһурдың берекесі бар!», - деді (әл-Бухари 1923, Муслим 1095).

Суһурдың артықшылығы жайында, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, Аллаһ және Оның періштелері суһур жасайтындарға салауат жодайды» (Ахмад 3/12. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген).

Суһур – бұл тағы да, мұсылмандардың оразасы мен христиандар және яһудилердің оразаларының арасындағы айырмашылық. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Негізінде, біздің ораза мен Кітап иелерінің оразасынан айырмашылығы - суһур» (Муслим 2/770). Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|