“Тарауих” намазы
Бірінші басылым
сайтының редакциясы дайындаған
Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы
1435 һ.ж.
Мазмұны
«Тарауих» сөзінің анықтамасы.. 3
Рамазан айында тарауих намазын орындаудың абзалдығы және артықшылығы 3
Тарауих намазын ерлерге де, әйелдерге де жамағатпен оқудың заңдылығы.. 4
Тарауих намазын қай жерде оқыған жақсырақ: үйде ме, әлде жамағатпен бірге мешітте ме?. 6
Тарауих намазының уақыты. 8
Тарауих намазының ракағаттар саны туралы. 9
Маңызды ескертпе 25
Тарауих намазын орындау туралы бірер сөз 26
Рамазанда да, басқа кездерде де түнгі намазды орындаудың ережесі 26
Тарауих намазын созу және қысқарту туралы.. 27
Тарауих намазының әрбір екі немесе төрт ракағатынан кейін белгілі зікірлерді айту туралы. 28
Тарауих намаздарының арасында уағыз айту немесе дәріс өту 28
Тарауих кезінде Құранды кітаптан (мусхафтан) оқуға болады ма? 29
Үтір намазындағы құнұт дұғасы туралы. 29
Құнұт дұғасында не айту керек? 31
Құнұт дұғасын қашан жасау керек: рукуғтан бұрын ба, әлде кейін бе? 31
Құнұт дұғасы кезінде қолды көтеруге болады ма? 31
Имамның дұғасынан кейін дауыстап «Әмин» деп айтуға болады ма? 32
Құнұт дұғасындағы кейбір артық нәрселер туралы.. 32
Қолданылған әдебиет 35
Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
«Тарауих» сөзінің анықтамасы
«Тарауих» – бұл «таруиха» сөзінің көпше түрі. Осылай деп Рамазан айының түндерінде оқылатын түнгі нәпіл намаздар аталған. «Тарауих» намазының атауы «демалу» деген мағынаны білдіретін арабтың «рохатун» сөзінен шыққан. Оның бұлай аталуының себебі – ізгі сәлафтар бұл намазды өте ұзақ оқып, әр екі немесе төрт ракағат сайын демалуға отыратын. Қз.: “Фатхул-Бари” 4/294, “Раддул-мухтар” 1/474.
Шейх Убайдуллаһ әл-Мубаракфури былай деп жазған: «Тарауих та, Қияму-рамадан да (Рамазанның түндерінде оқылатын намаз), Қиямул-ләйл де (түнгі нәпіл намаз), тәһажжуд та – бұлардың барлығы бір намаздың атаулары болып табылатынын біл. Әрі Рамазандағы таһажжуд – бұл сол тарауих. Өйткені Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда бірі тарауих, ал екіншісі таһажжуд деп аталатын екі намаз оқығаны бірде-бір сенімді хадисте де, тіпті әлсіз хадисте де жетпеген. Әрі Рамазаннан басқа күндері жасалатын таһажжуд – бұл Рамазанда тарауих деп аталатын намаз». Қз.: “Мир’әтул-мәфатих” 2/224.
Рамазан айында тарауих намазын орындаудың абзалдығы және артықшылығы
Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда адамдарды қосымша түнгі намаздарды орындауға ынталандыратын, бірақ оны үзілді-кесілді түрде бұйырмайтын, әрі: “Рамазанның түндерін иманмен және Аллаһтың сауабына деген үмітпен намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі”, - деп айтатын». Әл-Бухари 37, Муслим 759.
Абдуллаһ ибн Уқайм былай деп баяндайтын: «Рамазан айы кіргенде Умар ибн әл-Хаттаб былай дейтін: “Расында, Аллаһ сендерге бұл айда ораза ұстауды парыз етті, бірақ түнгі намаздарды парыз етпеді. Алайда, ақиқатында, (рамазандағы) бұл намаздар Аллаһ Тағала хабарлаған нәпіл амалдардың ең жақсыларынан болып табылады! Ал кім оларды оқығысы келмесе, өз төсегінде жата берсін. Сондай-ақ әрбірің: «Егер пәленше ораза ұстаса, мен де ұстаймын, егер түгенше түнгі намаздарды оқыса, мен де оқимын», - деп айтудан сақ болсын. Сондықтан кім ораза ұстаса немесе түнгі намаздарды орындаса, оны тек Аллаһ үшін істесін!“». Абдур-Раззақ 7748, Ибн Аби Шайба 8873. Иснады сенімді.
Имам ән-Нәуауи былай деген: «Тарауих намазы парыз емес екендігіне үммет бірауызды келіскен, алайда бұл мустаһаб (ерікті сауапты) іс болып табылады», - деді. Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 5/379.
Тарауих намазын оқу міндетті болып табылмайды, алайда Раббысының разылығына ұмтылатын мұсылман оны жіберіп алмауға тырысады, өйткені Рамазан айы ұзаққа созылмайды, ал Рамазан айында түнгі намаздарды оқу үшін ұлы сауап беріледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл туралы: “Рамазанның түндерін иманмен және Аллаһтың сауабына деген үмітпен намаз оқумен өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі”, - деп айтқан. Әл-Бухари 37, Муслим 759.
Имам әл-Бәжи былай дейтін: “Бұл хадисте Рамазан айында түнгі намаздарды орындауға деген ұлы ынталандыру бар, әрі осыған ұмтылу керек, өйткені осы амалда бұрынғы күнәлардың кешірілуі қамтылған. Күнәлар кешірілуі үшін, бұл намаздарды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уәдесі ақиқат екендігіне иман келтіріп және рия мен амалдарды бұзатын барлық нәрселерден аулақ болған күйде Аллаһтың сый-сауабына ұмтылып оқу керек!” Қз.: “әл-Мунтақа” 251.
Амр ибн Мурра әл-Жуһани былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам келіп: “Уа, Аллаһтың елшісі! Мен Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне, әрі сіз Аллаһтың елшісі екеніңізге куәлік беретінімді, намаз оқитынымды, зекет беретінімді, ораза ұстайтынымды және Рамазанның түндерін намаз оқып өткізетінімді білесіз бе?!”, — деді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Кім осыларды ұстанған күйінде қайтыс болса, Жәннатта шыншылдар мен шаһидтер арасында болады”». Әл-Баззар, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахиху-т-тәрғиб” 1/419.
Хафиз Ибн Ражаб былай дейтін: “Рамазан айында мүминнің бойында нәпсіге қарсы жиһадтың екі түрі бірігетінін біл! Ораза (ұстау) үшін күндізгі уақытпен жиһад және түнгі намаздарын орындау үшін түнмен жиһад. Әрі кім өз бойында жиһадтың осы екі түрін біріктірген болса, сол есепсіз сый-сауапқа лайық болады!” Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 171.
Тарауих намазын ерлерге де, әйелдерге де жамағатпен оқудың заңдылығы
Таруих намазы Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бастау алады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алғашында оны адамдармен бірге орындайтын, ал содан соң бұл намаз адамдарға парыз етілуінен қорқып, оны олармен бірге орындауды қойды. Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) былай деп хабарлағаны жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір түні мешітке шығып, намаз оқыды, (сонда) бір кісілер де оған қосылып бірге намаз оқыды. Ертеңіне адамдар сол түнгі намаз туралы бір-біріне айтты да, келесі түні бұдан да көп адам жиналып, онымен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге намаз оқыды. Ертесіне де адамдар түнгі намаз туралы өзара сөйлесіп, үшінші түні мешітке жиналғандардың саны көбейіп кетті. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке шығып намаз оқығанда, олар да оған ұйып намаз оқыды. Төртінші түнде адамдар мешітке сыймай кетті. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (намазға шықпай,) таң намазын оқуға ғана мешітке шықты. Таң намазын оқып болған соң ол сөзін Аллаһты мадақтаумен бастап, кейін адамдарға былай деді: «Содан соң. Расында, сендердің түнде намазға жиналғандарың маған жасырын емес, бірақ мен бұл (намаз) сендерге парыз етілуінен және сендер оны орындай алмай қалуларыңнан қорқып, намазға шықпадым». Ал содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болды да, адамдар мұны тастап қойды”. Әл-Бухари 2012, Муслим 2/177.
Басқа бір риуаятта Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намазды Рамазанда оқитын», - деп айтқаны жеткізіледі. Әл-Бухари 2011.
Тағы бір риуаятта былай деп айтылған: “Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған кезде, барлығы сол күйі қала берді. Абу Бакрдің халифалық тұсында да осылай болды. Кейін Умар ибн әл-Хаттабтың халифалығы кезінде ол адамдарды (тарауих намазын оқу үшін) Убай ибн Ка’бтың артына жинады. Әрі бұл адамдар бір қаридың артынан ұйыған алғашқы рет болды”. Ән-Нәсаи 4/155.
Абдур-Рахман ибн Абдул-Қари былай деп айтады: “Бірде біз Умар ибн әл-Хаттабпен Рамазанның бір түнінде бір мешітке кірдік, ондағы адамдар намазды бөлек-бөлек оқып жатқан болатын. Сонда Умар: «Менің ойымша, егер мына адамдарды бір қаридың артына жинасам жақсы болады!», - деді. Сөйтіп ол жұртты Убай ибн Ка’бтың артына жинады. Кейін, мен онымен бірге келесі түні мешітке барғанымда, адамдар бір қаридың артына ұйып намаз оқып жатыр екен, (сонда) Умар: «Мынау неткен керемет бидғат!», - деді”. Әл-Бухари 2010.
Умардың (Аллаһ оған разы болсын): «Мынау неткен керемет бидғат!» деген сөздеріне келер болсақ, онда тілдік мағынадағы бидғат туралы сөз болуда, себебі Умардың әрекеті діндегі жаңалық болуы ешқандай мүмкін емес еді. Мұндай іс шариғатта бұрыннан бар еді ғой, өйткені Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл намазды адамдармен бірге орындаған еді, бірақ бұл намаз оның үмметіне міндет болып бұйырылуынан қауіптеніп, оны (жамағатпен оқуды) тоқтатқан болатын. Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін бұл намаз үмметке міндетті болып кету қауіпі қалмады, сондықтан Умар өзі халифа болып тұрған шағында Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін тірілтіп, мұсылмандарды тарауих намазын оқу үшін бір имамның артына жинады.
Әрі Умардың бұл сөздерінде «жақсы бидғат» немесе «жаман бидғат» деген ұғымдарға нұсқау жоқ. Жақсы және жаман бидғаттың шегін кім және қалайша анықтай алмақ?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кез келген бидғат – бұл адасушылық» (Муслим 2/135), - деп айтқан бола тұра, қалайша енді «жақсы бидғат бар» деп айтуға болмақ?!
Ал Ибн Умар осындай мәлімдеменің болатынын алдын ала білгендей: «Кез келген бидғат – бұл адасушылық, тіпті адамдар оны жақсы деп санаса да!», - деп айтқан екен. Әд-Дарими 1/39. Шейх әл-Әлбани хабардың иснадын сенімді деген.
Сонымен, Умар Рамазан айының түндерінде жамағат намазын оқу түріндегі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін тірілткен кісі болды әрі сахабалардан әлдебіреудің оның осы амалына қарсылық білдіргені белгісіз.
Имам Ибн Са’д былай деген: «Умар Рамазанның түнінде адамдарды жинап, жамағат намазын оқуды жаңғыртқан ең алғашқы адам болды. Әрі ол осы туралы барлық қалаларға жазып жіберді. Бұл оқиға һижра бойынша он төртінші жылдың Рамазан айында орын алды». Қараңыз: “әт-Табақат” 3/213.
Хафиз Ибн Абдул-Бәрр былай деп айтқан: «Умар Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көріп, разы болып бекіткен нәрсесінен артық еш нәрсе бекітпеді, ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне түнгі намаз парыз болып кетеді ме деген қауіптің себебімен ғана мұны жалғастырғысы келмеген болатын, өйткені ол мүминдерге қатысты жұмсақ әрі мейірімді болатын. Әрі Умар мұның барлығын Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білгендіктен және оның өлімінен кейін парыздар көбейтілмейтінін де, азайтылмайтынын да білгендіктен осы амалды қайта тірілтті де, адамдарға осыны орындауды бұйырды!» Қараңыз: “Ишрақ әл-мәсабих” 1/168.
Ән-Ну’ман ибн Бәшир (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: «Бірде біз Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге Рамазанның жиырма үшінде түннің алғашқы үштен бір бөлігі өткенше түнгі намаз оқыдық. Кейін Рамазанның жиырма бесінде біз онымен бірге түннің ортасына дейін түнгі намаз оқыдық. Ал біз онымен бірге Рамазанның жиырма жетісінде түнгі намазды оқыған кезімізде, сәресіне (сухур) үлгермей қаламыз ба деп ойладық». Ахмад 4/272, ән-Нәсаи 1/238. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, шейх әл-Әлбани мен Шу’айб әл-Арнаут растады.
Имам әл-Хаким былай деп айтқан: «Осы хадисте тарауих намазын мешіттерде орындау бекітілген Сүннет екеніне нақты нұсқау бар. Али ибн Әбу Талиб те Умардың (адамдарға) осы Сүннетті орындауды бұйыруына түрткі болған». Қараңыз: “әл-Мустадрак” 1/440.
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: “Біз Рамазанда Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге ораза ұстайтынбыз, әрі ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан аяқталуға жеті түн қалмайынша бізбен бірге түнгі намазды оқымайтын. Кейін ол түннің алғашқы үштен бір бөлігі өткенге дейін бізбен бірге намаз оқыды. Алты түн қалған кезде, ол тағы да бізбен бірге намаз оқыды. Одан кейін, бес түн қалған кезде, ол бізбен бірге түннің ортасына дейін намаз оқыды. Ал біз: “Уа, Аллаһтың елшісі! Біз неге түннің қалған бөлігінде де намаз оқи бермейміз?”, – дедік. Сонда ол: «Расында, имам орнынан тұрып кетпейінше имаммен бірге намаз оқыған кісі түнімен намаз оқыған адамдай болады», - деді”. Абу Дауд 1375, ән-Нәсаи 1364. Хадистің сенімділігін Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан және әл-Әлбани растады.
Әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда адамдармен бірге тарауих намазын орындағанына нұсқайтын хабарлар көп.
Әйелдерге де тарауих намазына қатысуға рұқсат етіледі. Бұдан қалса, егер мүмкіншілік болса, оларға бөлек имам тағайындалады. «Умар адамдарды рамазанның түндерінде намазға жинағанда, ерлерге имам етіп Убай ибн Ка`бты, ал әйелдерге Суләйман ибн Абу Хасманы қойғаны» сенімді хабарда келген. Әл-Әлбани «әс-Силсилә әс-сахиха» 2/494.
Сондай-ақ Арфажа әс-Сәқафи былай деп айтатын: «Али ибн Аби Талиб Рамазанда түнгі намаздарды оқуға әмір еткен кезде, ерлерге бір имам және әйелдерге бір имам тағайындайтын. Әрі мен әйелдерге имам болғанмын». Ибн Наср “Қияму-л-ләйл” 93.
Алайда егер мұндай мүмкіншілік болмаса, онда намазды әйелдерге де, ерлерге де бір имамның артында тұрып-ақ оқыса болады. Бірақ олар ерлермен араласпай, бөлек жерде тұрулары керек.
Әйелдер қалаған қосымша намазын мешітте оқи алады, алайда олардың үйлерінде оқыған намаздары жақсырақ болып табылады. Себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Әйелдеріңе мешітке баруға тыйым салмаңдар, алайда олардың үйлерінде оқыған намаздары олар үшін жақсырақ!» Абу Дауд 567. Шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған.
Тарауих намазын қай жерде оқыған жақсырақ: үйде ме, әлде жамағатпен бірге мешітте ме?
Имам ән-Нәуауи былай деген: “Ғалымдар тарауих намазының мустаһаб екендігіне бірауызды келіскен, алайда олар «Бұл намазды қай жерде орындау жақсырақ: жалғыз болып өз үйіңде ме, әлде жамағатпен бірге мешітте ме?» деген мәселеге қатысты әртүрлі пікірде болған. Имам әш-Шәфи’и және оның жақтаушыларының көпшілігі, сондай-ақ Абу Ханифа, Ахмад және кейбір мәликилер бұл намазды Умар және басқа да сахабалар сияқты (Аллаһ оларға разы болсын) жамағатта орындаған жақсырақ деп санаған. Әрі мұсылмандардың осы амалы жалғасты да, бұл айт намазы сияқты Исламның сырттай көрінісіне (рәсіміне) айналды. Алайда Мәлик, Абу Юсуф және кейбір шәфиилер мен басқа ғалымдар бұл намазды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамның ең жақсы намазы – бұл парыз намаздарын санамағанда, үйде орындаған намазы», деген сөздеріне ілесіп, үйде оқыған жақсырақ деп айтқан” Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 5/378.
Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйде орындалған намаз ең жақсы намаз деп хабарлады да, бұдан тек парыз намаздарын ғана бөліп шығарды, ал тарауих намазы бірауызды пікір бойынша парыз болып табылмайды, демек, ол үйде орындалғаны жақсырақ болып саналатын намаздардың қатарына жатады. Әрі тарауих намазын үйде орындауды абзал көретін сахабалардың қатарында, бұл туралы Нәфи’ айтқанындай, Ибн Умар да болатын. Ибн Абу Шәйба 2/166. Иснады сахих.
Имам Мәлик: «Көптеген ғалымдар тарауихты адамдармен (жамағатпен) бірге оқымайтын, әрі мен де осыны абзал санаймын», - деп айтқан. Қз.: “әл-Мудаууана” 1/223.
Имам әт-Тахауи, тарауих намазын үйде орындауды абзал санаған (ғалымдардың) пікірін келтіре келе, былай деді: “Олардың барлығы Рамазандағы намазды имаммен бірге оқығанға қарағанда жалғыз орындағанды абзал көрген, әрі бұл дұрыс пікір!” Қз.: “Шарх маани әл-асар” 1/351.
Бұл тараптың ең күшті дәлелі Зайд ибн Сабит жеткізген, онда бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан кезінде мешітке (шағын) шатыр тігіп, оның ішінде түнгі намаздарын оқығаны туралы айтылған хадис болып табылады. Әрі осыдан соң адамдар оның жанына жиналып, оның артынан ұйып намаз оқитын болды. Кейін түндердің бірінде олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дауысын естімей қалды да, оны ұйықтап қалды деп ойлап, Пайғамбар олардың жанына шығу үшін шулай бастады. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға шығып: «Сендерге не болған? Не үшін сендер мен көріп тұрған нәрселерді істеулеріңді қоймайсыңдар? Өйткені мен бұл намаз сендерге парыз етіледі ме деп қорқудамын. Ал егер ол сендерге парыз етілсе, сендер оны орындай алмайсыңдар! Уа, адамдар, өз үйлеріңде намаз оқыңдар! Ақиқатында, адамның ең жақсы намазы – бұл, парыз намазын санамағанда, оның өз үйінде оқитын намазы!», - деді. Ән-Нәсаи 1599. Хадис сахих, ал оның негізі әл-Бухариде де келеді.
Имам әс-Синди осы хадистің шархында былай деген: “Бұл Рамазан айында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде орын алған еді. Әрі егер Рамазан айындағы (нәпіл) намазды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітіне қарағанда үйде оқыған жақсырақ болса, онда бұл намазды басқа мешіттерде оқу туралы не айтуға болмақ?! Иә, көптеген ғалымдар Рамазандағы намазды мешітте оқу жақсырақ деп санайды, алайда бұл пікір осы хадиске қайшы келеді, ал онда дәл Рамазан намазы туралы айтылады! Алайда Рамазан намазын мешітте оқу жақсырақ болғанының себебі – оның Ислам рәсімдерінің біріне айналғандығында деп айтылған!” Қз.: “Шарх ән-Нәсаи” 3/198.
Үйде оқылатын нәпіл намаз басқа намаздардан артық болатынының себебі – бұл намазды басқа адамдардың көрмейтінінде және ол көрер көзге рия етіп оқылмайтынында.[1]
Ал тарауих намазын жалғыз орындағанға қарағанда жамағатпен бірге оқуды абзал санаған ғалымдар «Ақиқатында, имаммен бірге ол кеткенге дейін намаз оқыған адам түнімен намаз оқыған адамға тең» деген хадиске сүйенеді. Абу Дауд 1375, ән-Нәсаи 1364. Хадистің сенімділігін Абу Иса әт-Тирмизи, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан және әл-Әлбани растаған.
Ал «Ақиқатында, адамның ең жақсы намазы – бұл, парыз намазын санамағанда, оның өз үйінде оқитын намазы!» деген хадиске келер болсақ, ғалымдар оған: «Бұл кез келген нәпіл намазына қатысты жалпы үкім», - деп жауап берген. Алайда олар бұдан жамағатпен орындалуы заңдастырылған екі айт намаздарын, күн тұтылу және жаңбыр сұрау намаздарын, сондай-ақ тарауихты ажыратып шығарған.
Сондай-ақ олар барлық сахабалар Умарды қолдағанын және тарауих намазын жамағатпен оқығанын әрі осыны бұл намазды үйде оқығаннан абзал көргеніне сүйенген.
Абу Дауд былай деп баяндайтын: “Мен имам Ахмадтқа: «Сіз адамның Рамазанда намазды адамдармен бірге орындағанын абзал көресіз бе, әлде жалғыз өзі ме?», - деген сұрақ қойылғанын естідім. Ол: «Адамдармен бірге оқығанын», - деп жауап берді. Ол сондай-ақ былай деді: «Мен адамның түнгі намазды имаммен бірге оқығанын әрі үтірді де имаммен бірге орындағанын қалар едім, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, барлық намаздарды имаммен бірге ол кеткенге дейін оқыған адам түнімен намаз оқыған адамға тең», - деп айтты ғой»”. Қз.: “әл-Мәсаил Абу Дауд” 62.
Бұдан қалса, имам Ахмад тарауих намазын жамағатпен бірге түннің бірінші бөлігінде мешітте орындау, оны жалғыз болып түннің үшінші бөлігінде үйде орындағаннан жақсырақ деп есептеген. Әрі осы пікірді сондай-ақ шейх әл-Әлбани де абзал көрген.
Алайда тарауих намазын өз үйінде оқуды абзал көрген кісі өзіне ешқандай кінә тағылуына және сөгіске лайықты емес екендігіне ешқандай күмән жоқ, мұның үстіне бұл тараптың дәлелдері де өте күшті.
Мұсылман адам сондай-ақ өз жағдайын, яғни ол қай жерде тарауихты ынталы және бой ұсынған кейіпте орындайтынын ескеруі қажет: үйде ме, әлде мешітте мұсылмандардың жамағатымен бірге ме? Бірде бір кісі Хасан әл-Басриден: «Уа Абу Са’ид, Рамазан кірді, ал, ендеше, сіз маған қай жерде намаз оқуға кеңес бересіз: бір өзім бе, әлде мұсылман жамағатымен бе?» , - деп сұрағанда, ол: «Расында, сен мұны өзің таңдауға құқықтысың! Екеуін де қарап көр, әрі жүрегің қайсысына ауса және намазды қай жерде жақсырақ орындайтын болсаң, соған ілес», - деп өте жақсы насихат айтқан екен. Ибн Наср “Қияму-л-ләйл” 231.
Тарауих намазының уақыты
Имам ән-Нәуауи былай деген: “Тарауих намазының уақыты, бұл туралы әл-Бағауи және басқалар айтқандарындай, құптан (иша) намазының аяқталысымен кіреді де, таңға дейін жалғасады”. Қз.: «әл-Мәжму’» 3/526.
Бұл кез келген түнгі намаздарға қатысты, мейлі ол тарауих, таһажжуд немесе үтір болсын. Айша былай деп баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намаздарын құптан намазы аяқталғаннан кейін және таң намазыны кіргенге дейінгі аралықта он бір ракағат етіп оқитын”. Муслим 736.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді тағы бір намазбен нықтады, ал бұл – үтір! Ендеше, оны құптан мен таң намазы аралығында оқыңдар!» Ахмад 6/397, әт-Тахауи 1/250. Хадис сахих. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 108.
Алайда түнгі намаздар үшін ең жақсы уақыт – бұл соңғы үшінші бөлігі. Бұл туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім түннің соңғы бөлігінде ұйқыдан ояна алмай қалуынан қорықса, үтірді оның басында оқысын, ал кім үтірді түннің соңында оқығысы келсе, солай істесін, өйткені, расында, түннің соңында орындалатын намаздың куәгерлері[2] болады, әрі бұл жақсырақ!» Муслим 755.
Тарауих намазының ракағаттар саны туралы
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, тура солай орындаңдар!», - деген. Әл-Бухари 631, 6008.
Бұл хадис жалпылама болып табылады, әрі ол кез келген намазға: оның үлгісіне де, ракағаттар санына да – қатысты. Қз.: “әл-Ихкам” 7/612, “әл-Ибхаж фи шарх әл-минһаж” 2/129.
Ал тарауих намазының ракағаттар санына қатысты айтар болсақ, алғашқы және кейінгі ұрпақтардың ғалымдары арасында бұған қатысты үлкен келіспеушілік болған. Ғалымдар бұған қатысты көптеген түрлі пікірлер білдірген, олардың арасында: 8 ракағат, 11, 13, 20, 21, 24, 28, 36, 38, 41, 47 ракағат. Сондай-ақ бұл пікірлердің арасында түнгі намаз Рамазанда немесе кез келген басқа уақытта болсын ешқандай шектеуге ие емес, әрі адам қанша ракағат орындағысы келсе, соншаны орындайды деген пікір де бар. Қз.: “әл-Ихтиярат”, “Мәжму’ул-фатауа” 22/272-273, “Иршад әс-сари” 3/423, “Фатхул-Бари” 4/204, «Умдатул-Қари» 5/356.
Жоғарыда аталған барлық пікірлердің ішіндегі ең дәйектілері үшеу. Тарауих намазының ракағаттар саны 11 деп айтқан ғалымдардың пікірі; тарауих намазының ракағаттар саны 20 деп айтқан ғалымдардың пікірі; әрі түнгі намаздың соның ішінде тарауихтың да көбейтуге немесе азайтуға болмайтындай нақты белгіленген ракағаттар саны жоқ дейтін ғалымдардың пікірі.
Тарауих намазының ракағаттар саны он бір деп айтқан ғалымдардың дәлелдері
Тарауих намазының әрі кез келген түнгі намаздың ракағаттар саны 11-ден аспауға тиіс деп санайтын ғалымдар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда да, басқа кездерде де түнгі намазды он бір ракағаттан артық оқымағанын дәйек етеді. Айша (Аллаһ оған разы болсын) «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанның түндерінде қалай намаз оқитын еді?» деген сұраққа: “Рамазанда да, басқа айларда да Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде он бір ракағаттан көп намаз оқымайтын”, - деп жауап бергені хабарланады. Әл-Бухари 1147, Муслим 738.
Бұл хадис осы пікірді жақтаушылардың ең басты дәлелі болып табылады.
Имам Ибн Хузайма бұл хадисті өзінің жинағында келтіріп, тарауды «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында орындайған түнгі намазының ракағаттар саны» деп атаған. Қз.: “Сахих Ибн Хузайма” 3/341.
Осы хадисті келтірген тарауды имам әл-Бәйһақи де тура осылай атаған. Қз.: “әс-Сунан әл-кубра” 3/495.
Сөйтіп, біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазы рамазанда да, басқа кездерде де он бір ракағаттан аспағанын көріп түрмыз.
Сондықтан да осы пікірдің жақтаушылары Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмір бойы түн ішінде он бір ракағаттан көп намаз оқымағаны, бұл намаздың ракағаттар санын көбейту Сүннет әрі рұқсат етілген амал емес екендігіне нұсқайды деген.
Олар «Ғибадаттың әлдебір түріне шариғатта нұсқау болған, әрі бұған қатысты әһлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушілік болмаған жағдайлардан басқа кез келген ғибадаттағы негіз – бұл тыйым салынғандылық» деген танымал және жалпы ережеге сүйенген. Қз.: “Мәжму’ул-фатауа” 28/385, “И’ләмул-мууакқи’ин” 1/299, “әл-Мууафақат” 3/513.
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: “Ғибадаттың, діни мәселелердің және Аллаһқа жақындаудың есіктері (жолы) тек Аллаһпен және Оның Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатылады! Әрі ешкім әлдебір нәрсені шариғат дәлелінің негізінен бөлек ғибадат және Аллаһқа жақындау етуге құқықты емес!” Қз.: “Мажму’ул-фатауа” 31/35.
Бұл ғалымдар сондай-ақ нәпіл намаздар олардың ракағаттар саны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан оның сөздерімен немесе істерімен орнатылған әрі оларды көбейтуге де, азайтуға да болмайтындарға және саны шектелмегендерге бөлінеді, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерімен де, істерімен де бекітілмеген намаздардың ракағаттар санын қалағаныңша орындауға болады деген. Имам әрі фақиһ Ибн Хәжар әл-Хайтами былай дейтін: “Шектелмеген нәпіл намаздары мен шектелгендерінің арасындағы айырмашылық – Аллаһ шектелмегендеріне әлдебір санды орнатпағанында әрі таңдау еркін адамның өзі бергенінде”. Қз.: “әл-Фатауа әл-кубра” 1/193.
Ал бізге мәлім болғанындай, тарауих намазы ракағаттар саны белгілі емес немесе орнатылмаған намаздардан емес. Өйткені ракағаттар саны Пайғамбардың (оған Аллаһтың иглігі мен сәлемі болсын) сөздерімен емес, іс-амалымен ғана орнатылған, әрі олардың ракағаттар санын көбейтуге ғалымдар рұқсат бермейтін қаншама нәпіл намаздар бар. Өйткені ертедегі әш-Шәфи’и немесе әл-Бухари сынды, сунан-рауатиб намаздарының ракағаттар санын көбейтуге рұқсат бермейтін имамдардың пікірі белгілі ғой?!
Абдур-Рахман ибн Хармалә былай деп баяндайтын: “Бірде Са’ид ибн әл-Мусайиб[3] таң намазына азан шақырылғаннан кейін екі ракағаттан көп намаз оқып әрі оларда рукуғтары мен сәжделерін ұзартып тұрған адамды[4] көріп, оған сөгіс білдірді. Әлгі адам оған: «Уа, Абу Мухаммад! Сонда Аллаһ мені көп намаз оқығаным үшін жазалайды ма?!», - деді. Бұған Са’ид: «Жоқ, алайда Ол сені Сүннетке қайшы келгенің үшін жазалайды!», - деді”. Абдур-Раззақ 3/52, әл-Бәйһақи 2/466. Иснад сахих.
Осы жерде кейбір шәфиилердің Айшаның: “Рамазанда да, басқа айларда да Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде он бір ракағаттан көп намаз оқымайтын”, - деген сөздері дәл үтір намазының ракағаттар санына қатысты деп айтқанын ескерте кеткен жөн. Бұл туралы имам әл-Қасталәни хабарлаған болатын. Қз.: «Иршад әс-сари» 5/14.
Осының негізінде кейбір имамдар таһажжуд пен үтірдің арасын бөлген болатын.
Алайда мұндай бөлуге ешқандай нұсқау жоқ. Әрі мұндай түсіну Айшаның өзінің хадисінің сыртқы мағынасына қайшы келеді, өйткені «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан түндерінде қалай намаз оқитын еді?» деген сұраққа ол жалпылама жауап берді. Әрі егер үтір намазы мен таһажжуд Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрқайсысын жеке-бөлек орындаған намаздар болғанда, онда ол міндетті түрде бұл туралы ескертіп кетер еді. Алайда оның жауабы: “Рамазанда да, басқа айларда да Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнде он бір ракағаттан көп намаз оқымайтын”, - деген жалпылама жауап болды.
Сондай-ақ кейбір ғалымдар Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарауих намазының ракағаттар санын бекіткен жоқ деген. Имам әс-Суюти былай дейтін: “Ақиқатында, ғалымдардардың тарауих намазының ракағаттар санына қатысты пікірлері бірікпеген, әрі егер оның саны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан орнатылған болғанда, онда үтір намазының және сунан-рауатибтің (ракағаттар) санында келіспеушіліктер болмағаны сияқты, бұған қатысты да келіспеушіліктер болмас еді”. Қз.: “әл-Хауи” 1/74.
Бұған шейх әл-Әлбани шын мәнісінде тарауих намазындағы ракағаттар саны, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түндерде қалай намаз оқығандығы туралы басқалардан жақсырақ білетін Айша (Аллаһ оған разы болсын) хабарлағандай, Рамазан айында он бір ракағат намаз оқыған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің іс-амалымен бекітілген деп жауап берген! Ал келіспеушіліктер тіпті тікелей және бірмағыналы шариғи мәтіндер болған кезде де болып жатады. Әс-Суюти айтып жатқан сол үтір намазы мен сунан-рауатибтің өздерінде де оларға қатысты тікелей сахих мәтіндердің болуына қарамастан, белгілі келіспеушіліктер бар ғой. Мысалы, шәфиилерде үтірдің ең аз ракағаттар саны біреу, ал ханафилерде үшеу. Қз.: «әл-Минһаж» 14. Ал Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен үтір намазының ең азы бір ракағат деген сенімді хабарлар бар.
Тура осыны сунан-рауатиб туралы айтуға да болады. Мысалы, бесін (зухр) намазынан алдыңғы сүннет шәфиилерде тек екі ракағат болса, ханафилерде ол тек төрт ракағат. Ал әл-Бухари мен Муслим келтіретін хадистерде бесін намазынан алдынғы сүннет екі әрі төрт ракағат деп сахих түрде бекітілген.
Әрі осындай мысалдар өте көп.
Сондай-ақ бұл пікірдің жақтаушылары шейхул-Ислам Ибн Таймияның: “Кім Рамазан айындағы түнгі намаздардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан бекітілген әрі көбейтуге немесе азайтуға болмайтын белгілі саны бар деп санаса, сол қателеседі!», - деген сөздеріне де, шейхул-Исламның бұған қатысты басқа сөздері де бар деп жауап берген. Мысалы, шиға Ибн әл-Мутаххирді теріске шығарып, шейхул-Ислам былай деген: “Ол: «Али түн бойында мың ракағат жасайтын», - деп мәлімдеген! Бұл өтірік! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн бойында он үш ракағаттан көп жасамаған. Әрі түнімен намаз оқу құпталатын амал болып саналмайды, бұдан қалса – бұл айыпталады! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн Амрға: «Ақиқатында, сенің денеңнің де сенде хақысы бар!», - деп айтты. Али Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті туралы ең жақсы білетін әрі оны ең ұстанатын адам еді, әрі ол осыған қайшы келмейтін!” Қз.: “әл-Мунтақа мин минһаж әл-и’тидәл” 169-170.
Сөйтіп, өзінің осы сөздерінде шейхул-Ислам Алидің Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатқан ракағаттар санын көбейтуі мүмкін еместігіне нұсқады.
Тарауих намазы он бір ракағаттан тұрады деген пікірдің жақтаушылары сондай-ақ тарауих намазын он бір ракағат етіп орындауды бұйыратын Умар ибн әл-Хаттаб сынды сахабалардың амалдарына сүйенген. Имам Мәлик Мухаммад ибн Юсуфтан, әс-Саиб ибн Язидтың былай деп баяндағанын жеткізген: “Умар ибн әл-Хаттаб Убай ибн Ка’б пен Тамим әд-Дариге Рамазан айында тарауих намазын адамдармен он бір ракағат етіп оқуды бұйырды. Әрі қари екі жүз аяттан оқитыны сондай еді – біз ұзақ тұрғанымыздан таяққа сүйенуге мәжбүр болатынбыз. Сөйтіп біз таңға жуық қалғанда ғана тарайтынбыз”. Қз.: “әл-Мууатта” 1/248.
Бұл хабардың иснады, бұл туралы әс-Суюти айтқанындай, күн секілді анық (сахих). Қз.: “әл-Мисбах фи саләти-ттарауих” 32.
Мухаммад ибн Юсуф – имам Мәликтің ұстазы, ол бірауызды келісім бойынша сенімді риуаятшы болған әрі оның хадистерін әл-Бухари мен Муслим келтіретін.
Ал әс-Саиб ибн Язид бала кезінде Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге қоштасу қажылығын жасаған оның сахабасы еді.
Алайда хафиз Ибн Абдул-Барр: “Мен Мәликтен басқа осы хабарды онда он бір ракағат туралы айтып жеткізген ешікміді білмеймін, әрі ол осыда қателесті”, - деген.
Шейх Мухаммад әл-Мубаракфури Ибн Абдул-Баррдың бұл сөздері туралы: “Бұл үлкен адасушылық”, - деген. Қз.: “Тухфатул-ахуази” 2/74.
Осы себепті хафиз Ибн Абдул-Баррға имам әз-Зурқани де теріске шығару (рад) жасап былай деген: “Істің бәрі ол айтқандай емес! Бұл хабарды Мухаммад ибн Юсуфтан сондай-ақ Са’ид ибн Мансур да келтіреді, әрі онда да, бұл Мәликте келтірілетініндей, он бір ракағат туралы айтылады”. Қз.: “Шарх әл-Мууатта” 1/25.
Сондай-ақ он бір ракағат туралы айтылатын Умардың осы хабары Яхъя ибн Са’ид әл-Қаттаннан да, Исма’ил ибн Умайядан да, Усама ибн Зайдтен де және Мухаммад ибн Исхақтан да келтіріледі.
Жәбир былай деп баяндайтын: “Бірде Убай ибн Ка’б Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді де: «Уа Аллаһтың Елшісі, ақиқатында, олар менен Рамазанның әлдебір түнін олар үшін бөлуімді сұрап жатыр!», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен не туралы айтып тұрсың, я, Убай?», - деді. Ол: «Менің үйімнің әйелдері, олар: “Ақиқатында, біз Құранды оқымаймыз, ендеше, біз сізбен бірге намаз оқи аламыз ба?», - дейді. Әрі мен олармен бірге сегіз ракағат және үтірді оқыдым», - деп айтты”. Абу Я’лә 1801, Ибн Наср 1/91. Хафиз әл-Хайсами, шейх әл-Мубаракфури және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Жәбир сондай-ақ былай деп баяндайтын: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында біздің намазымызға имамдық етіп, сегіз ракағат және үтір оқыды. Кейін келесі түні біз мешітте жиналдық, әрі ол шығады ма деп үміттеніп, таңға дейін отырдық та, кейін үйлерімізге қайттық. Кейін адамдар оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз өткен түні сіз бізбен бірге намаз оқисыз ба деп үміттеніп мешітке жиналдық!», – деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен бұл намаз сендерге парыз етіледі ме деп қорықтым», - деп жауап берді”. Ибн Наср 1/90, әт-Табарани 1/107. Имам әз-Зәһаби бұл хадистің иснады орташа, яғни жақсы деді. Қз.: “Мизан әл-и’тидәл” 3/311. Сондай-ақ шейх әл-Әлбани де бұл хадистің иснадын хасан деді.
Сондай-ақ бұл пікірдің жақтаушылары түнгі намаз ракағаттарының ең көп саны он бір дегенге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің: «Үтірді ақшам (мағриб) намазына ұқсатып үш ракағат етіп оқымаңдар[5]. Алайда бес, жеті, тоғыз, не он бір ракағат оқыңдар!», - деген сөздерін келтірген. Әл-Хаким 1/314, әт-Тахауи 1/292. Хадистің сахихтығын әл-Хаким, хафиз әл-Ирақи, хафиз Ибн әл-Муләкқин мен шейх әл-Әлбани растаған.
Айтпақшы, бұл хадисте сондай-ақ түнгі намазды он бір ракағаттан кем етіп оқуға рұқсат етілетініне де нұсқау бар.
Имам Мәлик былай дейтін: “Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды жинаған нәрсе мен үшін ең сүйікті, әрі бұл он бір ракағат болатын, және бұл Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазы болатын”. Одан: “Үтірмен қоса он бір ракағат па?”, - деп сұрады. Ол: “Иә, бірақ он үш те дұрысқа жақынырақ”, - деді де, кейін: “Әрі мен адамдар осы көп рукуғтарды қайдан алғанын білмеймін!”, - деп айтты. Қз.: “әл-Масабих фи саләти-т-тарауих” 2/77, “Танқиду-ссадид би рисаләти ижтиһад уа-ттақлид” 266-268.
Сондай-ақ имам Абу Бакр ибн әл-Араби әт-Тирмизидің жинағына жасаған түсіндірмесінде, имам әт-Тирмизи тарауих намазының ракағаттарына қатысты келтірген әртүрлі пікірлерден соң былай деді: “Дұрысы – он бір ракағат жасау, (әрі) бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазы еді. Ал ракағаттардың басқа да сандарына келер болсақ, оларда ешқандай негіз жоқ! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан, яғни Рамазанда да, басқа кездерде де түнгі намазының санын он бір ракағаттан асырмайтын. Оның түнгі намазы осындай болатын. Әрі осыда оған ілесу міндетті (уәжіп) болады!” Қз.: “Шарх әт-Тирмизи” 4/19.
Шейх Мухаммад әл-Мубаракфури былай деген: “Дұрыс әрі дәлелдер жағынан ең күшті пікір – аталған пікірлердің ең соңғысы, (яғни) имам Мәлик таңдаған пікір болып табылады, ал бұл он бір ракағат. Әрі осы – Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих түрде жеткен нәрсе, және Умар бұйырған сан да – осы. Ал қалған пікірлерге келер болсақ, олардың ішінде Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және ізгі халифалардың әлдебіреуінен сенімді түрде жеткен еш нәрсе жоқ!” Қз.: “Тухфатул-ахуази” 2/103.
Әрі бұл шейх әл-Әлбани таңдаған әрі осы мәселенің зерттеуіне бірнеше еңбектерді, соның ішінде «Саләту-ттарауих» кітабын арнаған пікір.
Сондай-ақ бұл пікірді шейх Сафию-р-Рахман әл-Мубаракфури де «Миннатул-мун’им фи шарх «Сахих» Муслим» 1/465 еңбегінде абзал деп санаған.
Тарауих намазы жиырма ракағаттан тұрады деп санаған ғалымдардың дәлелдері
Тарауих намазы жиырма ракағаттан тұрады деген пікір ғалымдардың басым бөлігінің (жумһурдың) пікірі болып табылады. Бұл пікірдің кейбір жақтаушылары тіпті бұл мәселеде бірауызды келісім (ижма`) бар деп те айтқан. Алайда бұл үлкен қателік, әрі бұның осылай екені, ин шаа Аллаһ, төменде түсінікті болады.
Жиі жағдайда дәлел ретінде бұл тарап Ибн Абу Шәйба Ибн Аббастың сөздерінен келтіретін, онда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында жиырма ракағат және үтір оқитын» деп айтылатын хадисті келтіреді.
Бұл хадис барлық мухаддистердің бірауызды келісімі бойынша әлсіз болып табылады. Бұл хадистің жеткізушілер тізбегінде Абу Шәйба Ибраһим ибн Усман деген, оның хадистері қабылданбайтын жеткізуші бар. Осыған байланысты әл-Бәйһақи, әл-Миззи, әз-Зәһаби, әл-Хайсами, әз-Зайлә’и, Ибн Хәжар, әс-Суюти, Ибн Хәжар әл-Хайтами, әс-Сан’ани, әл-Әлбани сынды және басқа да көптеген имамдар бұл хадисті әлсіз деген. Қз.: “Фатхул-Бари” 4/205-206, “Насбу-р-рая” 2/153, “әл-Хауи лил-фатауа” 2/73.
Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Бұл хабардың иснады әлсіз, әрі бұған қоса бұл хабар әл-Бухари мен Муслимнің екі сахих жинағында келтірілетін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн бойында он бір ракағаттан көп намаз оқымайтын деген) Айшаның хадисіне қайшы келеді. Ал Айша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазы туралы (басқаларға қарағанда) жақсырақ білген”. Қз.: “Фатхул-Бари” 4/206.
Имам әс-Суюти былай деген: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан түн бойында жиырма ракағат орындау бекітілмеген”. Қз.: “әл-Хауи лил-фатауа” 2/73.
Ал тарауих намазы жиырма ракағаттан тұрады деген пікірдің жақтаушыларының ең басты дәлелі – бұл имам әл-Бәйһақи Язид ибн Хузайфа арқылы үзіліссіз иснадпен келтіретін, онда Умар тарауихты жиырма ракағат етіп орындауды бұйырғандығы туралы айтылатын хабар. Қз.: “әс-Сунан әл-кубра” 3/496.
Сырттай бұл хабардың иснады сахих болып табылады, сол себепті де кейбір имамдар оны сахих деп атаған. Алайда бұл хабардың кейбір кемшіліктері бар. Имам әс-Синди былай дейтін: “Язид ибн Хусайфаның нұсқасы ол өзінен күштірек және сенімдірек болғанға қайшы келгендігі себепті кері қайтарылған (шазз) болып табылады!” Қз.: “Тахкық әл-Мисбах” 47.
Яғни оның имам Мәликтің Умар жиырма ракағат емес, он бір ракағат орындауды бұйырды деп хабарланатын нұсқаға қайшы келгендігі себепті.
Шейх Убайдуллаһ әл-Мубаракфури былай деген: “Язид ибн Хусайфаның әс-Саибтен жеткен нұсқасына келер болсақ, ол әл-Бәйһақиде екі жолмен келтіріледі. Біреуі Абу Усман Амр ибн Абдуллаһ әл-Басримен, ал басқасы Абу Абдуллаһ Хусайн ибн Фанжауайһпен. Мен олардың өмірбаяндары туралы ешнәрсе таппадым, әрі олардың жағдайы белгісіз”. Қз.: “Мир’атул-мафатих” 2/33.
Доктор Мухаммад Дыяу-р-Рахман әл-А’зами былай деген: “Абу Усманның әл-Бәйһақиде аталуын мен таппадым, бірақ Абу Абдуллаһ Хусайнге келер болсақ, оның өмірбаяны белгісіз екені дұрыс. Оның өмірбаянын іздеу барысындағы ұзақ зерттеулерден соң, мен ол туралы тапқаным – бұл әз-Зәһабидің: «Оның аты Тамам ибн Абу Хусайн», - деп, оның сенімділігінің дәрежесін атамай айтқан сөзі ғана болды!” Қз.: “Саләту-т-тарауих” 19.
Ал Язид ибн Хусайфа деген риуаятшыға келер болсақ, көптеген имамдар, солардың ішінде Ахмад, Ибн Ма’ин, ән-Нәсаи, Абу Хатим оны сенімді деп санаған. Бірақ оның сенімділігіне қарамастан, имам Ахмад та ол туралы: «Оның хадистері кері қайтарылады!», - деген. Қз.: “Мизан әл-итидәл” 4/430, “Тахзиб әл-камәл” 8/1535.
Хафиз Ибн Хәжар, Ахмадтың осы сөздерін атап кетіп, мұның мағынасы мұндай риуаятшы сенімді екенінде, бірақ ол өзінен сенімдірек болған біреуге қайшы келсе, онда оның хабары қабыл етілмейтінінде деп айтты. Қз.: “Хадью-с-сари” 453.
Бұдан қалса, Язид ибн Хусайфаның өзі де жеткізген ракағаттар санында шатасқан еді, әрі кейбір хабарларда жиырма ракағат туралы емес, жиырма бір ракағат туралы айтады да, осы орайда күмән білдіреді. Исма’ил ибн Умайя Язидтен Умардың кезіндегі тарауихтың ракағаттарының саны туралы сұрағанын әрі ол: «Мен әс-Саиб 21 ракағат туралы айтты деп ойлаймын», - деп жауап бергенін жеткізген.
Сөйтіп, біз Язид Умардан келтіретін хабарда тарауихтың ракағаттары туралы сенімділікпен айтпайтынын, өйткені мұны жақсылап есте сақтап қалмағанын көріп тұрмыз. Тек осы жалғыз күмәнның негізінің өзінде-ақ Язидтің бұл хабарын кері қайтаруға болады, ендеше, осыған қоса оның риуаяты Умар тарауихты он бір ракағат етіп оқуды бұйырған сахих хабарға қайшы келетін жағдай туралы не айтуға болмақ?! Қз.: “Саләту-т-тарауих” 51.
Сондай-ақ Ибн Абу Шәйба 2/393 Яхъя ибн Са’идтен Умар бір кісіге тарауихты жиырма ракағат етіп өткізуді бұйырғаны туралы жеткізеді.
Алайда бұл хабардың иснады үзілген болып табылады, өйткені Яхъя ибн Са’ид Умарды көріп үлгермеген. Имам Ибн әл-Мәдини былай дейтін: “Мен Яхъяның Әнастан өзге әлдебір сахабадан (хабар) естігенін білмеймін”. Қз.: “Тахзиб әт-Тахзиб” 11/223.
Шейх Мухаммад әл-Мубаракфури былай деп жазған: “Бұл хабардың иснады үзілген, әрі оған сүйенуге болмайды. Сонымен қоса, бұл Умар Убай ибн Ка’б пен Тамим әд-Дариге адамдармен бірге он бір ракағат орындауды бұйырғандығы туралы хабарға да қайшы келеді. Бұл сондай-ақ Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахих түрде жеткен (хабарларға) да қайшы келеді”. Қз.: “Тухфатул-ахуази” 2/85.
Аталғанға сондай-ақ Абдур-Раззақ 7730 келтіретін, онда Умардың кезінде он бір ракағат та емес, жиырма да емес, жиырма бір ракағат орындайтын деген риуаят қайшы келеді.
Шейх Мухаммад әл-Мубаракфури былай деген: “Абдур-Раззақ (Умар бұйырған) ракағаттар саны жиырма бір еді деген риуаятты келтірген жалғыз кісі болған, әрі одан өзге ешкім, бұл маған белгілі болғандай, мұндайды жеткізбеген. Ал Абдур-Раззақ сенімді әрі хафиз болса да, өмірінің соңында, бұл туралы Ибн Хәжар «әт-Тақрибте» айтқанындай, зағип болып қалды, әрі хадистерде де өзгерді. Ал имам Мәликке келер болсақ, ол барлық кезде Һижра Үйінің (Мәдинаның) имамы болатын”. Қз.: “Тухфатул-ахуази” 3/527.
Имам Ахмад пен ән-Нәсаи Абдур-Раззақтың зағип болып қалғаннан кейінгі хадистері қабылданбайтынын айтқан. Қз.: “Муқаддима улюм әл-хадис” 408.
Мухаддистердің арасында қандай да бір сенімді риуаятшы әлдебір себептерге байланысты хадистерге қатысты өзгерген болса, мысалы, оның барлық жазбалары өрттеніп кеткен болса, немесе есін жоғалтқан болса, немесе зағип болып қалған болса т.с.с., онда оның хадистері үш санатқа бөлінетіні белгілі. Оның өзгеруіне дейін жеткізілгендігі белгілі хадистер - мұндай хадистер қабылданады. Ол өзгергеннен кейін одан жеткізілетін хадистер, - мұндай хадистер қабылданбайды. Әрі жеткізілгені ол өзгергенге дейін болды ма, әлде ол өзгергеннен кейін бе – белгісіз болған хадистер - мұндай хадистер де қабылданбайды, әсіресе, егер олар басқа сахих хабарларға қайшы келіп жатса. Қз.: “Муқаддима Улюм әл-хадис” 391.
Сондай-ақ Язид ибн Руманнан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “Умардың кезінде адамдар (тарауихты) жиырма үш ракағат (етіп) орындайтын”. Мәлик 1/115.
Имам Бадруддин әл-Айни: “Бұл хабардың иснады үзілген”, - деп айтқан. Қз.: «Умдатул-Қари» 11/126.
Хафиз әз-Зайлә’и: “Язид ибн Руман Умарды көріп үлгермеді”, - деген. Қз.: “ән-Нәсбу-р-рая” 2/154.
Әрі имам ән-Нәуауи де бұл хабарды әлсіз деген. Қз.: «әл-Мәжму’» 4/33.
Осылайша, біз Умардан жеткен оның кезінде тарауихты жиырма ракағат етіп оқитыны туралы, әрі осының негізінде көп адамдар мұны Умардың сүннеті деп атаған хабар мығым бекітілмеген хабар екенін көрдік. Бұған қоса, бұған оларда он бір, жиырма бір, және жиырма үш ракағаттар туралы айтылатын көптеген басқа риуаяттар қайшы келеді.
Тарауих намазы жиырма ракағаттан тұрады деген пікірдің жақтаушылары сондай-ақ Абдул-Азиз ибн Рафи’адан жеткен, Убай ибн Ка’б Мәдинада адамдармен бірге жиырма ракағат тарауих және үш ракағат үтір орындайтын деген хабарға сүйенеді. Ибн Абу Шәйба 1/90.
Алайда Абдул-Азиз ибн Рафи’ Убайды көріп үлгермеді, әрі бұда келіспеушіліктер жоқ. Олардың араларын жүз жылға жуық уақыт бөледі, өйткені Убай һижраның не 19, не 33 жылы қайтыс болды, ал Абдул-Азиз һижраның 130 жылы дүниеден өтті, бұл болса өз кезегінде ол Убайдан (хабар) естуі мүмкіндігін жоққа шығарады.
Сондай-ақ дәлел ретінде бұл пікірдің жақтаушылары Али ибн Абу Талиб бір кісіге тарауихты жиырма ракағат етіп өткізуді бұйырғандығы туралы хабарды келтіреді.
Бұл хабарды имам әл-Бәйһақи келтіріп, оны атап кеткен соң: «Оның иснады әлсіз», - дейді. Қз.: “әс-Сунан әл-кубра” 2/497.
Бұл хабардың иснадында Абул-Хусна деген белгісіз жеткізуші бар. Қз.: “әт-Тақриб” 2/412.
Тарауих намазы он бір ракағаттан тұрады деген пікірді жақтаушы ғалымдар осы хабарларды мұқият зерттеп шыққан соң, бұл хабарларға көптеген имамдар сүйенген болса да, оларды дәлел ретінде қолдануға болмайтындығы түсінікті болатынын айтқан. Бұл хабарлардың осындай кемшіліктері және әлсіздіктері бола тұра, сондай-ақ олар Умардан жеткен он бір ракағат туралы сахих хабарларға қайшы келе тұра, қалайша оларға сүйенуге болмақ?!
Хафиз Ибн әс-Саләх былай дейтін: “Егер әлдебір жеткізуші одан өзге ешкім жеткізбеген әлдебір нәрсені жеткізсе, онда ол нақтылығымен және есте сақтауымен одан да сенімдірек болған басқа біреуге қайшы келіп жатқан жоқ па – осыны қарау керек. Әрі егер ол осындай біреуге қайшы келсе, онда оның хабары қабылданбай қайтарылатын (шазз) болып табылады!” Қз.: “Муқаддима Улюм әл-хадис” 86.
Әрі имам Мәликтің он бір ракағат туралы нұсқасындағы иснад пен жеткізушілер аталған риуаятшылардың барлығынан да сенімдірек дегенге ешқандай күмән жоқ.
Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Кейбір ғалымдардың арасында хабардың кез келген нұсқасын тексерусіз қабылдау кең тарап кетті. Бұл – хабардың қабыл етілуіне оның қабылданбайтын (шазз) болмауын шарт ететін мухаддистердің әдісінен болып табылмайды”. Қз.: “Нузхату-н-назар” 30.
Осы жерде имам әл-Бухари өзінің «Сахихында» Умар бұйырған тарауих ракағаттарының саны туралы қай риуаятын келтіргеніне назар салу керек.
Абдур-Рахман ибн Абдул-Қари былай дейтін: “Бірде біз Умар ибн әл-Хаттабпен Рамазанның бір түнінде бір мешітке кірдік, ондағы адамдар намазды бөлек-бөлек оқып жатқан болатын. Сонда Умар: «Менің ойымша, егер мына адамдарды бір қаридың артына жинасам жақсы болады!», - деді. Сөйтіп ол адамдарды Убай ибн Қа’бтың артына жинады”. Әл-Бухари 2010.
Имам әл-Бухари бұл хабарды келтіреді де, бірақ олар орындаған ракағаттар саны туралы айтылатын бірде-бір риуатты атап айтпайды. Бұл факт имам әл-Бухаридің өзі де оларды сенімді деп санамағанына нұсқайды. Бұдан қалса, Умардан жеткен осы хабарды келтіргеннен кейін, әл-Бухари төмендеу Айшаның, онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда да, басқа кездерде де түн бойында он бір ракағаттан артық жасамайтыны туралы айтқан хадисті келтіреді. Қз.: доктор Дыяу-р-Рахман әл-А’зами “Саләту-т-тарауих” 21.
Айтылғанның барлығының негізінде тарауих намазы он бір ракағаттан тұрады деген пікірді жақтаушылар осы хабарларды, мұны кейбір ғалымдар: «Умар бірде 11 ракағат жасауды, ал басқа бір кезде 20 ракағат, тағы бір рет 21 ракағат, ал кейін 23 ракағат орындайды бұйырған болуы ықтимал» деп істегендеріндей, біріктіруде қажеттілік жоқ деп айтады. Шейх әл-Әлбани былай дейтін: “Мазмұны бойынша әртүрлі риуаяттарды тек барлық риуаяттар сахих болған кезде ғана біріктіруге болады, алайда бұл (тарауихтың әртүрлі ракағаттары аталған) хабарлар сахих болып табылмайды. Бұдан қалса, мұндай біріктіруден қарама-қайшылық келіп шығады”. Қз.: “Саләту-т-тарауих” 60.
Яғни шейх әл-Әлбани мұндай біріктіру Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында ешқашан он бір ракағаттан артық жасамады деген және Умардың өзі де Сүннетке ілесіп, он бір ракағат орындауды бұйырды деген сахих хабарларға қатысты қарама-қайшылыққа келтіреді деп санаған.
Сомымен, кейбір фақиһтердің: «Сахабалардың арасында тарауихты жиырма ракағат етіп орындау рұқсат етілгендігі туралы бірауызды келісім болған», - деген тұжырымы дұрыс болып табылмайды. Әрі бұл «бірауызды пікір» туралы шейх әл-Мубаракфури: «Ақиқатында, бұл жалған мәлімдеме!», - деген. Қз.: “Тухфатул-ахуази” 2/76.
Шейх Сыддық Хасан Хан былай дейтін: “Белгілі мәзһабтардың кейбір ұстанушылары өздерінің мәзһабын ұстанушылардың бірауызды пікірі (жалпы мұсылмандардың) бірауызды пікірі болып табылады деп ойлайды. Бұл ұлы бұзақылық болып табылады!” Қз.: “әс-Сиражул-уахаж” 1/3.
Тарауихтың жиырма ракағаты туралы Пайғамбардан да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларынан да сахих түрде еш нәрсе жетпеген.
Имам әс-Сан’ани Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазандағы жиырма ракағат тарауих оқығандығы және Умардан жеткен түрлі хабарлардың әлсіздігін атап, былай деген: “Әрі егер сен осыны түсінген болсаң, онда Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жиырма ракағат туралы еш нәрсе жеткізілмегені саған түсінікті болады! Мұның үстіне, сахихтығына барша бірауызды келіскен Айшаның: «Рамазанда да, басқа айларда да Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түндерде он бір ракағаттан көп намаз оқымайтын», - деп айтылатын хадис те келеді. Осының барлығынан көпшілік біріккен (ракағаттар) санымен орындалатын тарауих намазы бидғат екені саған түсінікті болады! Әрине, Рамазан түндерінде намаз оқу келіспеушіліксіз Сүннет болып табылады, әрі кейбір кезде нәпіл намаздарын жамағатпен оқуға сөгіс айтылмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түндерде Ибн Аббаспен және басқалармен бірге намаз оқитын. Алайда тарауихтың қандай да бір үлгісін немесе тарауихтың қандай да бір санын Сүннет етіп, кейін осыны ұстану – бұл бидғат болып табылады!” Қз.: “Субулю-с-Саләм” 2/11-12.
Тарауих намазы он бір ракағатпен шектелмеген деп санайтын ғалымдардың дәлелдері
Бұл пікірлі ұстанатын ғалымдар түндерде намазды шектеусіз орындауға болатындығына қатысты көптеген дәлелдер бар екендігін әрі сәлафтардан әлдебіреу мұны тыйым салғаны немесе сөккені белгісіз екенін айтқан. Мұның үстіне, бұл пікірді жақтайтындар бұл мәселеде бірауызды келісім (әл-ижма’) бар деген.
Осы пікірді ұстанушылар дәлел ретінде нәпіл намаздарын көбірек орындауға ынталандыратын көптеген хадистерді келтірген. Мысалы, дәлел ретінде олар Раби’а ибн Ка’бтың, онда бірде ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) онымен бірге Жәннатта болғысы келетінін айтқанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Бұда маған көп сәжделермен (яғни намаздармен) көмектес», - деп жауап бергендігі туралы айтылатын хадисін алға тартады. Муслим 2/53.
Сондай-ақ Абу Заррдан да Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Намаз – бұл ең жақсы амал, әрі кім қаласа, оны көбейте берсін, ал кім қаласа – азайта берсін!», - деп айтқаны жеткізіледі. Ахмад 5/178, Ибн Хиббан 361, әл-Хаким 2/652. Имам Ибн Хиббан және имам әш-Шәукани хадистің сахихтығын растаған.
Алайда түнгі намазды он бір ракағаттан артық жасауға болмайды деген пікірдің жақтаушылары бұл хадистер жалпылама болып табылады әрі оларды Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазының он бір ракағат болғандығы туралы хадистермен нақтылауды қажет деп айтқан. Өйткені егер Құран мен Сүннеттің жалпылама мәтіндерін жеке мәтіндермен нақтыламаса, бұл орын алып жатқандай көптеген бидғаттарға жол ашады. Имам әш-Шәтыби былай деген: “Күмәнді (муташабих) нәрселерге ілесудің қатарына жалпылама үкімдерге сәйкес, мұны нақтылайтын әлдебір нәрселер бар-жоқтығына көңіл бөлместен амал ету жатады!” Қз.: “әл-Итисам” 1/245.
Шейх Али Махфуз былай дейтін: “Жалпылама мәтіндерге, олар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-амалдарымен және оның (істемей) қалдырған нәрселерімен түсіндірілетініне назар бөлместен, ілесу Аллаһ тыйым салған күмәнды нәрсеге (муташабихке) ілесу болып табылады! Өйткені егер біз нақтылауларға назар бөлместен жалпылама мәтіндерге жүгінетін болсақ, шегі жоқ бидғаттарға үлкен есіктер ашып береміз ғой! Мынау – біз сөз етіп жатқанға мысал: әт-Табараниден жететін хадисте: «Ең жақсы амал – бұл намаз!», - деп айтылған. Егер осы хадистің жалпы мағынасын алар болсақ, онда рағаиб[6] намазы қалайша айыпты бидғат болмақ?! Әрі шағбанның[7] ортасындағы намаз да осы хадистің жалпы мәтініне қатысты бола тұра, қалайша айыпты болмақ?! Алайда ғалымдар бұл екі намаз жаман әрі айыпты бидғат екендігіне нұсқаған! Екінші мысал: Аллаһ: «Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгітпен шақыр!», - деп айтады. Ол сондай-ақ: «Аллаһты көп зікір етіңдер!» - дейді. Енді әлдебіреу осыған сүйеніп, екі айт намаздарына, күн тұтылу немесе тарауих намаздарына азан шақыруды ұйғарғанын елестетіп көріңізші. Ал біз одан: «Сен қалайша Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан істемеген және бұйырмаған істі істейсің?!» - деп сұрасақ, ол бізге: «Расында, азаншы шақырушы және Аллаһты зікір етуші болып табылады!», - деп жауап береді. Ал, ендеше, сен оған қалай дәлел келтірмексің және оның бидғатын қалай теріске шығармақсың?! Үшіншісі: Аллаһ: «Ақиқатында, Аллаһ және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Әй, иман келтіргендер, оған жиі салауат және сәлем айтыңдар!» - деп айтады. Осы сырттай және жалпылама бұйрыққа сүйеніп, қиямда тұрып та, рукуғта да, сәждеде де және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне салауат айтуды бекітпеген басқа жерлерде де Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтумен Аллаһқа жақындауға болатын (болып көрінуі мүмкін)! (Алайда,) осындай (іс-амалдар) арқылы Аллаһқа жақындауды кім орнатқан, әрі бізге «Намазды мен сендердің көздеріңше қалай орындаған болсам, солай орындаңдар» деген хадис белгілі бола тұра, мұндай намаз дұрыс болады ма?!” Қз.: «әл-Ибда’» 25.
Сонымен, жалпылама хадистерді жекелерімен нақтылау қажет.
Ал түнгі намазда шектеу жоқ деп санағандарға келер болсақ, олар жоғарыда аталған дәйекке: «Бұл ереже шариғатта негізі болмаған намаздарға қатысты, ал түнгі намазға келер болсақ, онда ол рағаиб және сол сияқты намаздардан айырықша, шариғаттағы заңдылыққа ие», - деп жауап берген.
Сондай-ақ бұл пікірдің жақтаушылары дәлелге Ибн Умардың былай деп айтқан хадисін келтіреді: “Бірде бір кісі Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Уа Аллаһтың Елшісі, түнгі намазды қалай орындау керек?», – деп сұрады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Түнгі намаз жұп-жұп орындалады. Ал сендерден біреу таңның атып кетуінен қорықса, онда (соңында) бір ракағат орындасын, бұл оның орындаған намаздарының санын так етеді», - деп жауап берді. Әл-Бухари 990, Муслим 849.
Бұл ғалымдар осы хадиске сүйеніп, онда түнгі намазды он бір ракағаттан көбейтіп оқуға рұқсат етілетініне нұсқау бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намаздың қандай да бір шектеуіне нұсқаған жоқ дейді.
Бірақ түнгі намаз он бір ракағаттан аспау керек деп санайтын ғалымдар бұл дәлелге аталған хадисте түнгі намаздың ракағаттар саны туралы емес, орындау тәсілі туралы сөз етілген деп жауап берген. Әрі мұны имам Муслим келтіретін, онда осы хадисті жеткізген Ибн Умардан: ««Жұптап-жұптап» деген нені білдіреді?», - деп сұрағанда, ол: «Әр екі ракағаттан кейін сәлем беру», - деп жауап берген риуаят түсіндіріп береді. Муслим 849.
Ал талқыланып жатқан пікірдің жақтаушыларына келер болсақ, олар мұндай түсіндіруге келіспеді де, бұл хадистің сыртқы мағынасына қайшы келеді, өйткені Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген кісі түнгі намаз туралы еш нәрсе білмеді, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған түнде қалай намаз оқу керек екенін айтып, таңнан басқа ешқандай шектеу жасаған жоқ деді. Әрі Са’ид ибн Мансур келтіретін басқа бір риуаятта дәл осы нәрсе түсініледі. Онда Ибн Умар: «Егер сен таң атып кетуінен қорықпасаң, онда жұп-жұп етіп намаз оқы да, (кейін) үтірмен бітіре сал», - деді. Қз.: “Фатхул-Бари” 2/481.
Хафиз әл-Ирақи былай деген: “Хадистің мағынасы адам орындаған намазының (рағағаттар) санына қарамастан әр екі ракағаттан соң сәлем беруі (таслим жасауы) керектігінде. Әрі сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сөздерін: «Ал сендерден біреулерің таң атып кетуінен қорықса…», - деген сөздермен аяқтады. Бұл адам түнде өзіне қиынға соқпайтын шектеусіз ракағаттар санын орындай алатынына нұсқайды”. Қз.: “Тарх әт-Тасриб” 3/95.
Имам әл-Бажи былай деген: “Бұл хадистің мағынасы ракағаттардың санында емес, өйткені бұл намаз оқушының жеке жағдай-күйіне байланысты, және бұған дәлел – «Жұп-жұп етіп» деген сөздер, әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір (ракағаттар) санын орнатып бекіткен жоқ. Әрі екіншіден, «Ал сендерден біреулерің таң атып кетуінен қорықса…» деген сөздер ракағаттар санымен емес, таңмен байланысты”. Қз.: “әл-Мунтақа” 1/220.
Сондай-ақ бұл пікірдің кейбір жақтаушылары дәлел ретінде, бұл туралы имам Мәлик пен әш-Шәфии жеткізген, тарауих намазын отыз алты ракағат етіп оқыған Мәдина тұрғындарының амалын келтіреді. Ал ол адамдар сахабалар мен олардың ізбасарларын көріп үлгерген еді, әрі егер түнгі намазды көбейтуге болмайтын болғанда, бұл оларға міндетті түрде белгілі болар еді.
Алайда түнгі намаз он бір ракағаттан аспауы керек деген пікірді ұстанушылар бұл Исламдағы дәлел болып табылмайды деп айтады. Өздігінше ғалымдардың сөзі де, Мәдина қаласының іс-амалдары да, т.с.с. басқа да нәрселер сахих хадиске қарсы қоюға болатын шариғи дәлел болып табылмайды. Дәлел – бұл тек Құран, Сүннет және ижма’! Имам Ибн Хазм былай деп айтатын: “Қандай да бір мәселеде келіспеушілік орын алған кезде, басқа еш нәрсеге емес, тек Құран мен Сүннетке оралу керек. Әрі келіспеушілік орын алған кезде Мәдина қаласының тұрғындарының іс-амалдарына немесе басқа да әлдебір нәрселерге жүгінуге рұқсат етілмейді!” Қз.: “әл-Мухаллә” 1/55.
Ибн әл-Қайим былай деген: “Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті қандай да бір қаланың тұрғындарының іс-амалдарымен қайтарыла алмайды, олар кім болса да! Өйткені Мәдинаның билеушілері мен басқа да тұлғалар намазға олардан кейін де орындалуы қалдырылмаған амалдарды қосты ғой!” Қз.: “Задул-ма’ад” 1/253.
Сондай-ақ түнгі намаздың шектеуі жоқ деген пікірді ұстанушылар: «Расында, имаммен бірге, ол кетіп қалмайынша намаз оқыған адам түнімен намаз оқыған адамдай» деген хаиске сүйеніп, бұл хадисте имам қанша ракағат намаз оқыса, сонша ракағат орындау керек, тіпті ол он бір ракағаттан асырып жатса деген.
Алайда шейх әл-Әлбани бұған келіспеушілік білідіріп, имамға ілесу туралы айтылған хадистерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазын орындайтын имам туралы айтылады деген. Муаз ибн Жәбәл имам болған кезінде намазды қатты созып жібергенінде, Суләйм есімді жігіт намаздан шығып, мешіттің бір бұрышында намаз оқып, кейін кетіп қалғаны туралы хабарланады. Намаз біткен соң Муазға орын алған жайт туралы хабарлағанда, ол: “Ақиқатында, бұл оның тарапынан екіжүзділік болды! Мен міндетті түрде Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі сәлемі болсын) оның істегені туралы айтып беремін», - деді. Ал әлгі жігіт: «Мен де Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның істегені туралы айтып беремін», - деді. Азанда олардың екеуі де Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді де, Муаз бұл жігіттің істегені туралы айтып берді. Жігіт болса: “Уа, Аллаһтың елшісі! Ол сіздің жаныңызда ұзақ уақыт болып келеді де, біз үшін намазымызды ұзартып жібереді!”, - деді. Мұны естіген Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ашуланып, Муазға: «Сен бүлікшісің бе, уа, Муаз?!», - деді. Ахмад 5/74, Ибн Хузайма 1634. Хадис сахих.
Намазды ұзартып оқу Сүннетте бар екендігіне әрі мақтаулы іс болғанына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Муазға қатаң сөгіс айтты, ал жігітке, ол имамның артындағы парыз намазын үзгеніне қарамастан, ешқандай сөгіс білдірмеді. Бұл мәселенің жан-жақты түсіндірмесін “Силсиләтул-һуда уа-ннур” № 254 үнтаспасынан тыңдаңыз.
Түнгі намаз он бір ракағаттан аспауы керек деген пікірдің жақтаушылары сондай-ақ былай дейді: он бір ракағаттан асырмайтын адам, тіпті имам одан көбірек ракағат жасаса да, бәрібір Аллаһтың қалауымен өз сый-сауабын алады, өйткені ол мұны (артық ракағаттарды) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі орнатқан ракағаттар санынан асырмау мақсатында Аллаһтың разылығы үшін қалдырады. Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сен Аллаһ Тағала үшін нені тастасаң да, Ол міндетті түрде мұны сен үшін жақсырақ нәрсемен алмастырады!» Уақи’ “әз-Зуһд” 231, Ахмад 5/363, әл-Асбахани 1/73. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Түнгі намаздың шектеуі жоқ деген пікірдің жақтаушылары сондай-ақ келесі хадиске сүйенетін: «Үтірді ақшам (мағриб) намазына ұқсатып үш ракағат етіп оқымаңдар. Алайда үтірді бес, жеті, тоғыз, он бір не одан да көбірек ракағат етіп оқыңдар!» Әл-Бәйһақи 4594, Ибн Хиббан 2729, әл-Хаким 1/403.
Бірақ қарсы пікірді ұстанушылар бұл хадисті, мұны хафиз Ибн Ражаб «Фатх әл-Бариде» 9/114 және шейх әл-Әлбани «Қийям Рамаданда» айтқандарындай, сахих емес деген.
Біз аталған хадистің сахихтығының егжей-тегжейліктеріне кіріспейміз, алайда дұрысы – бұл хадистің сахих екендігі, әрі оның сахихтығын көптеген имамдар растаған және дәлелдеген. Мысалы, имам әд-Дарақутни мен әл-Бәйһақи бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімді деп айтқан. Ал имам Ибн Наср әл-Мәруази, хафиз әл-Ирақи және шейх Ибн әл-Қайим бұл хадисті сахих деген. Сондай-ақ бұл хадисті атақты зерттеуші Мухаммад Субхи Халләқ та сахих деген. Қз.: “Китаб әл-уитр” 54, “И’ләмул-мууакқи’ин” 2/373, “әл-Бадр әл-мунир” 4/302, “Тахқиқ «Нәйлюл-аутар»” 5/123.
Әрі бұл сондай-ақ Ибн Аббастың пікірімен де расталады. Бірде Курайб Ибн Аббасқа Муауияның `иша намазын оқып, үтірді бір ракағат етіп, әрі одан көбейтпегені жайлы хабарлады. Сонда Ибн Аббас былай деді: «Әй, балам, ол дұрыс істеді! Біздің арамызда Муауиядан артық білетін адам жоқ. Үтірді бір ракағат етіп те, бес, жеті ракағат етіп те және одан да көп ракағат етіп оқыса болады. Үтірді қанша қаласаң, сонша оқи аласың!» Абдур-Раззақ 4641, әл-Бәйһақи 4572. Иснады сахих, әрі бұл хабардың негізі әл-Бухариде келтірілген 3784.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деген: «Расында, Аллаһ үшін ең сүйікті намаз – бұл Дауд пайғамбардың намазы. Ол түннің жартысын ұйықтап, оның үштен бірін намаз оқып өткізетін де, ал кейін алтыдан бір бөлігінде (тағы) ұйықтайтын». Әл-Бухари 3238, Муслим 1159.
Бұл хадисте де Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды түнгі намазды орындауға ынталандырады. Бірақ оның ракағаттарының саны шектелгендігі туралы бірде-бір сөз айтпайды. Егер де түнгі намаздарды он бір ракағаттан артық оқу тыйым салынғанда, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол жайында хабарламай кеткенін елестету мүмкін емес, өйткені ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) харам мен хәлалға қатысты бірде-бір мәселені түсіндірмей қалдырып кетпеген!
Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: «Шынында, Абдуллаһ (ибн Умар) ізгі адам, бірақ егер ол түнде көбірек намаз оқыса еді!», - деп айтты. Осы хадисті жеткізген әз-Зуһри: «Осыдан кейін Абдуллаһ түнгі намаздарды көп оқитын болған», - деп айтты. Әл-Бухари 7030.
Ал Ибн Умардың өзі былай деген: «Мен намазды сахабалар оқығандай оқимын! Әрі мен күннің шығып жатқан әрі батып жатқан кездерден басқа уақытта, түнгі және күндізгі намаздарды қалағанынша оқуды ешкімге тыйым салмаймын». Әл-Бухари 589.
Амр ибн Абаса былай деп баяндайтын: «Бір күні мен Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Түннің қай бөлігінде (оқыған) намаз жақсырақ қабыл болады?”, - деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: “Түннің ең терең бөлігінде (яғни жеті қараңғы түнде)! Намазды таң атқанша қанша қаласаң – сонша оқы, өйткені, расында, намаздың куәгері (періштесі) бар, әрі ол жазылады. Кейін күн көкжиектен найзаның ұзындығындай немесе екі найза ұзындығындай көтерілгенге дейін намаздан тосыл, өйткені күн шайтанның екі мүйізінің арасынан көтеріледі, әрі осы кезде оған кәпірлер құлшылық етеді. Кейін тағы да қанша қаласаң – сонша намаз оқы, өйткені намаздың куәгері бар әрі ол жазылады”». Абу Дауд 1277, Ибн Мәжаһ 1251, Ибн Хузайма 260, әл-Хаким 584. Хадистің сенімділігін имам әш-Шәукани “Нәйлюл-әутарда” және шейх әл-Әлбани “Сахих «Сунан» Ибн Мәжаһта” растаған.
Осы хадисте де түнгі намаздың ракағат саны шектелмегеніне күшті дәлел бар!
Ракағаттар саны шектелгені жайында айтылмаған осыншама жалпылама хабарлар бола тұра, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күндердің бір күнінде біреу келіп, Айшадан түнгі намаздың ракағаттар санын сұрайды әрі осыдан кейін бұл туралы бүкіл үммет біліп алады деп үміт етіп, оны он бір ракағаттан асырып оқуға болмайды деп ескертпей кеткенін елестету өте қиын.
Сөйтіп осы тараптың түнгі намаздың, мейлі ол тарауих немесе басқа болсын, қандай да бір шектеуі жоқ деген пікірі едәуір күшті болып табылады. Ал енді Айшаның: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазанда да, басқа айларда да түнгі намазды он бір ракағаттан артық оқымаған», - деген сөздеріне келер болсақ, онда бұл Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) өзі үшін таңдаған ракағаттар саны екендігіне нұсқайды.
Алайда ол мұны өзгелерге бұйырмайтын, әрі өз үмметін осы санмен шектемейтін. Мұның үстіне, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) он бір ракағаты ол түн бойында орындайтын жалғыз сан емес еді, алайда (басқа сандарға қарағанда) тұрақтылау орындайтын саны еді, өйткені басқа хадистерде ол түн барысында он бір ракағаттан көбірек жасағандығы туралы айтылған. Мысалы, Ибн Аббастан: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейде түн барысында он үш ракағат орындайтын”, - деп жеткізіледі. Әл-Бухари 698, әт-Тирмизи 442.
Осы жерде түнгі намаз он бір ракағаттан аспау керек деген пікірді жақтаушылар бұл хадистерде құптан намазынан кейінгі сунан-рауатибтің екі ракағаты немесе таң намазынан бұрынғы екі ракағат қосылған он бір ракағат туралы сөз болуда деп айтатынын ескертіп кету қажет. Бұл туралы хафиз Ибн Хәжар мен шейх әл-Әлбани айтқан. Әрі бұл Айшаның былай деп баяндаған мына хадисімен түсіндіріледі: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында он үш ракағат оқитын кездер болатын: алдын ол сегіз ракағат оқитын да, оған үтірдің бір ракағатын қосатын, содан соң сәлем беріп, отырып екі ракағат оқитын, ал одан кейін азан мен иқаманың арасында таң сүннетінің екі ракағатын оқитын”. Әл-Бухари 1159, Муслим 738.
Сөйтіп, он бір ракағат туралы айтылатын хадистер мен он үш ракағат туралы айтылатын хадистердің арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Он бір ракағат дегенде құптан намазынан кейінгі екі ракағат сүннет немесе таң намазының екі сүннеті есептелмеген дәл түнгі намаз меңзеледі.
Күмәнсіз, бұл түсіндірме де, осы біріктіру де өте жақсы, алайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазды он бір ракағаттан асырмады деген бұл пікірді қалайша мына хадиспен үйлестіруге болмақ: Ибн Аббас былай деп баяндайтын: “Бірде мен өзімнің апам, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Маймуна бинт Харистің үйінде түнедім, әрі сол түні Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) онікінде болатын. Ол құптан (иша) намазын оқыды да, кейін үйіне оралып, төрт ракағат оқыды. Кейін ол ұйықтады, ал тұрған кезде: «Бала ұйықтап жатыр ма?», - деп сұрады. Кейін ол намаз оқи бастады, ал мен оның сол жағына тұрдым, бірақ ол мені оң жағына қойды да, кейін бес ракағат, ал содан соң тағы екі ракағат оқыды. Содан соң ол тағы жатып ұйықтады, ал мен оның қорылдауын естідім”. Әл-Бухари 117, 697.
Бұл хадистің басқа нұсқасында Ибн Аббас былай деген: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құптан намазын оқыды да, содан соң қайтып келіп, төрт ракағат оқыды. Кейін ол ұйқыдан тұрып, екі ракағаттан намаз оқып, оны сегізге жеткізді де, содан соң (ракағаттар) арасында (ташаһһудқа) отырмай бес ракағат үтір оқыды”. Абу Дауд 1357, 1358. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.
Сөйтіп, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында қанша ракағат жасағанын есептеп көрейік: құптан намазынан кейін үйге қайтқанда төрт ракағат, кейін оянған соң сегіз ракағат, және бес ракағат үтір. Сонымен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында он жеті ракағат орындағаны шықты!
Бірақ тіпті егер осыдан алдыңғы риуаятты түсіріп тастасақ та, бәрібір Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында он үш ракағат орындаған болады, әрі оның ішіне құптан намазынан кейінгі екі ракағат сүннет те, таң намазынан бұрынғы екі ракағат сүннет те кірмеді, ал бұның өзі он бір ракағаттан асып түсті!
Әрі сондықтан да біз кейбір сәлафтар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазы он бір ракағаттан көп болатын деп айтқанын көреміз. Мысалы, Али ибн Абу Талиб: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында парыз намаздарын санамағанда он алты ракағат орындайтын”, - дейтін. Абдуллаһ ибн Ахмад “әз-Зиядат”. Хафиз әл-Хайсами бұл хабардың барлық жеткізушілері шыншыл деген. Қз.: “Мәжма’у-ззауаид” 2/272.
Сондай-ақ Тауус та: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түн барысында он жеті ракағат орындайтын кездер болатын еді”, - деп баяндаған. Абдур-Раззақ 4710. Иснад сахих.
Сондықтан да хафиз әл-Мунзири де былай деген: “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазы туралы жеткізілген ең көп сан – бұл он жеті деп айтылған, ал бұл күндіз және түнде орындалатын бес парыз намаздарының ракағаттар санына сәйкес келеді”. Қз.: “әт-Тәлхыс” 2/19.
Осы, яғни түнгі намаздың шектеуі жоқ деген пікірді көптеген сәлафтар, солардың ішінде сахабалар да ұстанған, ал кейбір имамдар тіпті бұл туралы бірауызды пікірді де жеткізген:
Хафиз ибн Абдул-Барр былай деген: «Түнгі намазда ешқандай шектеу әрі нақтылау жоқ және ол қосымша намаз екеніне ғалымдар бірауызды келіскен. Әрі кім қаласа – қиямды (Құран оқумен намазда тұруды) ұзартсын да, ракағаттар санын қысқартсын, ал кім қаласа – сәжде мен ракағаттар санын арттырсын!» Қз.: “әл-Истизкар” 5/244.
Қади Ийяд былай деп айтқан: «Түнгі намаздың көбейтуге де болмайтын, кемітуге де болмайтын шектеулері жоқ екеніне ғалымдар бірауызды келіскен. Түнгі намаз оны көбейткен сайын сауабы да көбейе беретін игі істерге жатады. Ал келіспеушік туралы айтар болсақ, онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазын оқыған кезінде өзі үшін нені таңдап алғаны жөнінде болған». Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 6/19.
Хафиз әл-Ирақи: «Түнгі намаздың шектеуі жоқ екеніне ғалымдар бірауыздан келіскен!», - деген. Қз.: “Тарх әт-тасриб” 3/50.
Ал бірінші пікірді ұстанатын тараптың имам Мәликтің жоғарыда келтірілген, ол тарауих намазаның ракағаттарын он бір ракағаттан асыруды сөккен деген сөздеріне келер болсақ, онда имам Мәликтің бұл мәселедегі пікірі бірмағыналы болмаған. Мысалы, оның айтқан сөздері жинақталған «әл-Мудаууана» кітабында Ибн әл-Қасим имам Мәликтің тарауих намазының саны үтір намазының үш ракағатын қосқанда отыз тоғыз деп санағанын, өйткені бұл Мәдина тұрғындарының пікірі болғанын жеткізген. Қз.: “әл-Мудаууана” 1/193.
Сол сияқты мәлики мәзһабының атақты имамы Ибн Рушд имам Мәлик те тарауих намазының санына қатысты отыз тоғыз, жиырма және ол өзі үшін таңдаған он бір деген үш пікірде болғанын хабарлаған. Қз.: “Бидаятул-мужтаһид” 1/487.
Сөйтіп, біз түнгі намаздың шектеуі жоқ деген бірауызды пікірді жеткізген ғалымдардың пікірі өте күшті екенін көріп тұрмыз.
Қорытынды
Жоғарыда баяндалғанның барлығының негізінде біз ғалымдар арасында тарауих намазының ракағаттар санына қатысты үлкен келіспеушілік бар екенін көріп тұрмыз. Алайда біз келіспеушіліктің болғаны дәлел келтіруде және бір пікірді басқадан абзал көруде, немесе бір пікірді басқасымен теріске шығаруда ешқандай шариғи күшке ие емес екенін білуіміз керек. Ал ғалымдардың сөздері мен пікірі өздігінше дәлел болып табылмайды. Бұл туралы шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Ешкімге даулы мәселеде дәлел ретінде біреудің сөзін қолдануына рұқсат етілмейді! Ақиқатында, дәлел – бұл кейбір ғалымдардың сөздері емес, (ол -) тек мәтін (Құран мен Сүннет), бірауызды пікір (әл-ижма’) әрі осыдан алынатын дәлелдер. Расында, ғалымдардың сөздері шариғи дәлелмен нығайтылуы қажет, ал шариғи дәлел олардың сөздерімен нығайтылмайды!” Қз.: “Мәжму’ул-фатауа” 26/202.
Бұрын біз тарауих намазын он бір ракағаттан асыруға болмайды деген бірінші топ ғалымдарының пікіріне ілесетінбіз. Алайда бұл мәселені және барлық тараптың дәлелдерін егжей-тегжейлі зерттеп шыққан соң, біз ең күшті әрі дәйектелгені тарауих намазының да, кез келген басқа түнгі намаздың да ешқандай шектеуі және ешқандай нақты ракағаттар саны жоқ деген пікірге келіп тоқтадық.
Имам әш-Шәукани былай деген: “«Тарауих» деп аталатын намазды белгілі ракағаттар санымен немесе оларда Құранның белгілі сүрелерін оқумен шектеудің Сүннетте ешқандай нұсқауы жоқ!” Қз.: “Нәйлюл-әутар” 3/64.
Бірақ егер адам Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көбірек жасайтын амалына ілесіп, тарауих намазын он бір ракағат етіп оқитын болса, бұда ешқандай проблема жоқ. Ал тарауих намазы ракағаттарының басқа кез келген санын заңдастырып бекітіп қоюға келер болсақ, онда бұл, бұл туралы имам әс-Сан’ани бұған Құран мен Сүннетте ешқандай дәлел жоқ деп айтқанындай, бидғат болып табылады.
Айта кететін тағы бір жайт: тарауих намазы тек жиырма ракағаттан тұрады деген пікірді ұстанатын тарап он бір ракағат туралы пікірді жақтайтын жақты теріске шығару үшін өте жиі жағдайда үшінші тараптың дәлелдерін пайдаланады да, содан соң тарауих намазының шектеуін он бір ракағаттан ығыстырып, қатаң түрде дәл жиырма ракағатқа тоқтайды. Бірақ үшінші пікірдің жақтаушылары тарауих намазы үшін ешқандай белгілі ракағаттар санын заңдастырмады ғой!
Маңызды ескертпе
Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: “Ижтиһад мәселелерінде қолмен (яғни күшпен) сөгіс білдіруге болмайды! Әрі ешкім ижтиһадтың әлдебір мәселесіне ілесуге міндеттеуге хақысы жоқ, алайда мұны ғылыми дәлелдер арқылы талқылауға болады. Әрі кім үшін осы пікірлердің бірінің дұрыстығы түсінікті болса, ол соған ілессін. Ал басқа пікірге сенетін кісіге келер болсақ, оған сөгіс білдіруге болмайды”. Қз.: “Мәжму’ул-фатауа” 30/80.
Шейх Ибн Усаймин былай дейтін: “Егер ғалымдар пәтуа мәселелерінде немесе, мысалы, уағыз-насихат мәселерінде әртүрлі пікірде болса, онда мұсылман адам нені ақиқатқа ең жақын деп көрсе, соған ілесуі қажет!” Қз.: “Лиқа Баб әл-мафтух”, № 1136 сұрақ.
Алайда көптеген мұсылмандар осы айтылғандарды түсінбей, жыл сайын тарауих намазының ракағаттар санын көп жағдайда бүліктерге әкеп соқтыратын айтыс-тартыстың және ұрыс-керістің өзегіне айналдырады. Бұған жол беруге тыйым салынған! Өйткені Рамазан айындағы жамағат болып оқылатын тарауих намазы бүлік пен ұрыстың себебіне айналмай, керісінше, мұсылмандардың жүректерін жақындатуға тиіс. Барлық бәленің басы көптеген мұсылмандардың исламдағы «орынды келіспеушілік» деген мәселені түсінбеуінде. Істің мәні «Сүннет – бұл түн барысында тек он бір ракағат оқу» деп санайтын көптеген жас мұсылмандар осыдан көп ракағат жасайтындарды бидғатшылар деп санай бастайтынында болып тұр. Ал жиырма ракағат туралы пікірді соқыр (фанатикалық) түрде ұстанатындар өз жағынан оларды мұсылман жамағатын бөлетін бүлікшілер деп атайды, өйткені олар тарауихты имаммен бірге соңына дейін оқымай, сегіз не он ракағаттан кейін кетіп қалып жатады, әрі бұлар да оларды бидғатшылар деп айыптайды. Ал кейбір республикаларда адам өзгелер оны жиырма ракағат оқымағандығы үшін уаһһаби немесе фитнашы деп айтпаулары үшін, тіпті маңызды шаруаларымен кетуі қажет болып тұрса да, имамның артына соңына дейін ілесіп тұруға мәжбүр болады. Әрі бұл тіпті бұл адам тарауих намазын он бір ракағаттан асыруға болмайды деген пікірді ұстанбаса да.
Мұның барлығы білімсіздіктен және ғалымдар арасындағы орынды келіспеушіліктерді түсінбеуден туындаған адасушылық болып табылады.
Тарауих намазының ракағаттар санын фитнаның және мұсылмандардың арасындағы бөлінудің өзегіне айналдырып жүрген адамдарға олар имам тарауих намазын олар ұстанатын ракағаттар санымен оқитын мешіттерді іздеуін кеңес беруге болады. Ал егер олар ондай мешітті таппаса, онда бүлік салғанға қарағанда, тарауих намазын мешітте имаммен бірге оқығаннан үйде оқыған абзалырақ деп санаған имамдардың пікірін ұстанып, оны үйде оқығаны жақсырақ болады.
Бастысы – осы мәселеде де, басқа кез келген мәселелерде де қандай да бір пікірге өз әуес-қалауларыңның негізінде емес, дәлелдер негізінде ілесу. Ал имамдары қалай істесе, тура солай істейтін қарапайым халыққа келер болсақ, олар ешқандай сөгіске лайықты емес!
Тарауих намазын орындау туралы бірер сөз
Рамазанда да, басқа кездерде де түнгі намазды орындау тәртібі
Имам Ибн Хузайма Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазы сипатталған кейбір хадистерді келтіріп, былай деген: “Адамға намазды Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізілген рағаттардың кез кезген қалаған санымен орындауға рұқсат етіледі. Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізілетін үлгіде орындай берсін. Әрі ешкім бұл үшін жазғырылуға лайықты емес”. Қз.: “Сахих Ибн Хузайма” 2/194.
Түнгі намазды орындаудың Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес келетін көптеген түрлері бар, алайда біз түнгі намаздың ең таралған үлгісін атап көрсетумен шектелеміз. Имам ән-Нәуауи былай деген: “Сәлемді әр екі ракағаттан соң беру мустаһаб болады, өйткені намазды осылайша орындау Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан кең таралған еді, әрі оның өзі де осылай істеуді бұйырып: «Түнгі намаз жұп-жұп етіп орындалады», - деп бұйырған”. Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 5/432.
Тарауих намазын ұзарту және қысқарту туралы
Тарауих намазын ұзарту имамға ұйып тұрған жамағатқа байланысты болады. Егер әлдебір мешіттің имамы тарауихты едәуір ұзартып оқитын болса, әрі адамдар осыны біле тұра намазға келе берсе, онда, күмәнсіз, намазды ұзартып оқу құпталады әрі Сүннетке де, сахабалардың амалдарына да сәйкес келеді. Саиб ибн Язид былай деп баяндайтын: “Умар ибн әл-Хаттаб Убай ибн Ка’б пен Тамим әд-Дариге Рамазан айында тарауих намазын адамдармен он бір ракағат етіп оқуды бұйырды. Әрі қари екі жүз аяттан оқитыны сондай еді – біз ұзақ тұрғанымыздан таяққа сүйенуге мәжбүр болатынбыз. Сөйтіп біз таңға жуық қалғанда ғана тарайтынбыз”. Мәлик 1/248.
Алайда бұл мұсылмандардың хал-ахуалына назар бөлместен кез келген жағдайда да осылай істеу керек дегенді білдірмейді, өйткені Сүннетте басқа да мәтіндер бар, әрі оларды қоса қарау керек.
Имам әл-Касани былай дейтін: “Умардың бұйырғаны, (яғни) Құранды (тарауихта) бірнеше рет оқып бітіру – жақсы амалдардан. Бірақ бұл олардың кезінде болатын, ал біздің кезімізге келсек, имам үшін намазхандардың жағдайына сәйкес оқу жақсырақ болады.[8] Ол адамдамдарды жамағат намазын оқудан бездірмейтіндей мөлшерде оқысын, өйткені жамағаттың көп болуы, намазда Құран оқуды ұзартудан жақсырақ![9]” Қз.: “Маусуатул-фиқһия” 27/148.
Ал Умардың тарауихта екі жүз аяттан оқу әміріне келер болсақ, онда одан жеткен осы тақырыпқа байланысты басқа да хабарлар бар. Мысалы: “Умар Рамазанда Құран оқитын қариларды шақыртып, жылдам оқитындарына отыз аяттан, орташа оқитындарына жиырма бес аяттан, ал жай оқитындарына жиырма ракағаттан оқуды бұйырды”, - деген хабар. Ибн Абу Шәйба 2/89. Шейх әл-Әлбани иснадын сахих деді.
Имам намаз оқитын мұсылмандардың жағдайын ескеруі керек әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден біреулерің адамдармен бірге намазды орындайтын болса, намазды жеңілдетсін! Расында, намаз оқып тұрғандардың арасында балалар, кәрі адамдар, әлсіздер, аурулар, немесе шаруасы қысып тұрғандар болуы мүмкін. Ал кім намазды жалғыз өзі оқыса, намазын қалағанынша ұзарта берсін!», - деген бұйрығына амал етуі қажет. Әл-Бухари 703, Муслим 467.
Шейх Ибн Баз былай деген: “Бұл барлық намаздарда, мейлі ол тарауих немесе парыз намаздары болсын, қажет болып табылады. Имам намаз оқып тұрғандардың жағдайын ескеруі керек және Рамазан түндерін намазбен өткізуде жұмсақтық танытуы қажет!” Қз.: “Фатауа Ибн Баз” 11/336.
Имам Ахмад былай дейтін: “Имам Рамазан айында адамдарға ауырлатпайтындай етіп оқуы керек”. Қз.: “әл-Муғни” 2/169.
Имам Ахмадтан Рамазан айында тарауих кезінде Құранды екі қайталап оқитын имам туралы сұрағанда, ол: “Мен үшін бұл намаз оқушылардың ынтасына байланысты, өйткені олардың арасында жұмыскерлер болуы мүмкін ғой!”, - деп жауап берді.
Хафиз Ибн Ражаб оның сөздері туралы: “Ахмадтың сөздері имам намаз оқушылардың жағдай-күйін ескеруі және оларға ауырлатпауы керек екендігіне”, - деген. Қз.: “Ләтаифул-мә’ариф” 18.
Егер имам Құран оқуды, сондай-ақ рукуғтар мен сәжделерді де ұзартатын болса, онда әр екі немесе төрт ракағаттан кейін демалу абзал болады. Имам әс-Сархаси былай дейтін: “Тарауихтың әр екі ракағатынан кейін демалу мустаһаб болады, әрі бұл имам Абу Ханифаның (Аллаһ оны рахым етсін) пікірі. Өйткені бұл намаз «тарауих» деген атауын демалудың себебімен алды ғой, әрі бұл сәлафтардан жеткізіледі”. Қз.: “әл-Мәбсут” 2/146.
Имам әл-Мардауи де: “Әр төрт ракағаттан кейін, бұны сәлафтар істегендей, азғантай отырыспен демалу қажет. Алайда мұны істемеудің ешқандай оқасы жоқ”, - деді. Қз.: “әл-Инсаф” 2/182.
Әр екі немесе төрт ракағаттан кейін белгілі зікірлерді айту туралы
Бұл – көптеген мешіттерде әр екі немесе төрт ракағаттан кейін Аллаһты зікір етудің белгілі сөздерін немесе Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтумен жасалатын нәрсе. Мұның заңды әрі орынды екеніне Құранда да, Сүннетте де, сәлафтардың әлдебіреуінің амалдарында да нұсқау жоқ. Мұның үстіне, имамдар бұны бидғат деп атаған. Имам Ибн әл-Хаж әл-Мәлики былай дейтін: “Имам тарауих намазының әр екі ракағатынан кейін Аллаһты зікір ету түріндегі дауыстап немесе барша бір дауыспен айтылатын (бұл намазға) енгізілген бидғаттардан аулақ болуы керек. Мұның барлығы – айыпталатын бидғат! Сол сияқты азаншының әр екі ракағаттан кейін: «Намаз, Аллаһ сіздерді рахым етсін» («Әс-салә, ярхамукуму-Ллаһ»), - деген сөздері де бидғат болып табылады! Бидғаттар дінде тыйым салынған, ал ең жақсы басшылық – бұл Мухаммадтың басшылығы!” Қз.: “әл-Мәдхәл” 2/293.
Бұл имам осыдан жеті жүз жыл бұрын өмір сүргеніне, әрі сол кездің өзінде де осы бидғаттар болғанына назар аударыңыздар!
Алайда бұл бидғаттарды мұсылмандар даналықпен, пайда мен зиянды ескерген түрде жоюлары керек, өйткені сөгіс қатаң білдіріліп, соның негізінде дау-дамай туындап, бұл мешіттің жабылып қалуына әкеп соқпауы керек!
Тарауих намаздарының арасында уағыздар айту немесе дәрістер өткізу
Тарауих намазының ракағаттарының арасында уағыз айтуға немесе дәрістер өткізуге келер болсақ, онда бұл туралы шейх Ибн Усайминге былай деп сұрақ қойылған болатын: «Тарауих намаздарының арасында немесе тарауихтың ортасында уағыз айту үнемі жасалатын болса, бұның үкімі қандай?» Шейх былай деп жауап берді: “Уағызға қатысты айтар болсақ, жоқ! Бұл сәлафтардың әдісі болып табылмайды. Алайда егер уағыздауда қажеттілік болып жатса, онда егер қаласа мұны тарауихтан соң жасаса болады. Ал егер бұл күнделікті тарауих кезінде жасалатын болса, онда бидғат болады”. Қз.: “Лиқа Баб әл-мафтух” 118.
Шейх әл-Әлбаниге «Имамға тарауих намазы кезінде ара-арасында уағыз айтуға болады ма?» деген сұрақ қойылады. Шейх былай деп жауап береді: “Мұндай іс-амал рұқсат етілген болуы да, рұқсат етілмеген болуы да мүмкін. Егер сөз әлдебір нәрселерді түсіндіру, немесе айыпты нәрседен сақтандыру немесе тыю туралы болып жатса, онда бұл қажет-ақ! Алайда егер сөз мұны дәстүр ретінде (яғни үнемі) істеу туралы болып жатса, онда бұл Сүннетке қарама-қайшылық болады”. Қз.: “Силсиләтул-һуда уа-ннур” № 656.
Тарауих кезінде Құранды кітаптан (мусхафтан) оқуға болады ма?
Кейбір ғалымдар мұндай амалдың құпталмайтындығы туралы айтқан, алай да дұрысы – мұның ешбір айыптаусыз рұқсат етілетіні.
Ибн Абу Муләйка былай баяндайтын: «Айшаның Закуан атты қызметшісі болатын, әрі ол Рамазан айында оған имам болып намаз орындап, Құранды мусхафқа қарап оқитын». Әл-Бухари 1/245.
Табиғиндерден болған атақты имам Ибн Шиһаб былай дейтін: “Біздің ең жақсыларымыз Рамазанда Құранды мусхафқа қарап оқитын!” Қз.: “әл-Мудаууана” 1/224.
Имам Мәлик: “Имамның Рамазанда және нәпіл намаздарында Құранды мусхафтан оқығанында ешқандай проблема дәнеме жоқ!” – дейтін. Ибн әл-Қасим: “Мәлик бұны парыз намаздарында сөгетін”, - деген. Қз.: “әл-Мудаууана” 1/225.
Имам Ахмад былай деп айтатын: “Адамдармен бірге түнгі намазды орындайтын адам Құранды мусхафқа қарап оқығанының оқасы жоқ”. Одан: «Ал парыз намаздарында ше?» - деп сұрағанда, ол: “Мен бұл туралы еш нәрсе естімедім”, - деді. Қз.: “әл-Маусуатул-фиқһия” 33/57.
Имам ән-Нәуауи былай деген: “Құранды мусхафтан оқитынның намазы, ол оқып жатқан нәрсесін жатқа білсе де, білмесе де бұзылмайды! Бұдан қалса, егер ол Фатиханы жатқа білмесе, онда бұл қажетті болады!” Қз.: «әл-Мәжму’» 4/27.
Осы жерде имамға ұйып тұрушыларға, мұны кейбіреулер істейтін сияқты, Құранды қолына алып алып, имамның оқығанын байқап тұру емес, Құранның оқылуын тыңдау қажет екенін атап кету қажет. Егер имамға мусхафтан оқу мұндай жағдайда рұқсат етілген болса, онда ұйып тұрушыларға бұған деген қажеттілік жоқ. Осы іс-амалдың себебінен адам өз намазының кейбір қажетті нәрселерін орындамай қалдырып қояды, нақты айтқанда, сәжде жасайтын орынға қарамайды, қолды көкірекке байламайды, Құранның беттерін ашқан кезде көп артық қозғалыстар жасайды т.б. Осының негізінде Ибн Баз бен шейх Ибн Усаймин осы амалға қатаң сөгіс білдіретін, әрі ол Сүннетке қарама-қайшылық болып табылады деп айтатын.
Үтір намазындағы құнұт дұғасы туралы
Құнұт – бұл үтір намазының соңғы ракағатында айтылатын дұға. Бұл дұға үтір намазының жарамды болуының шарты болып табылмайды, алайда кейбір ғалымдар ол міндетті (уәжіп) әрі оны қалдыру саһуа сәжде жасауды талап етеді деп айтқан. Бұл ханафилердің арасындағы пікір, алайда көптеген ханафи имамдары үтірдегі құнұт дұғасы уәжіп деген мәлімдеме қателік және адасушылық болып табылады деген, әрі осындайды ханафи имамы Ибн әл-Хумам айтқан . Қз.: “Фатхул-Қадир” 1/306.
Үтір намазы туралы (хадистерді) жеткізген сахабалар құнұт дұғасы туралы айтпаған, әрі егер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үтір намазында үнемі құнұт дұғасын оқитын болғанында, онда, күмәнсіз, олардың барлығы бұл туралы айтып кетер еді, бірақ бұл тек Убай ибн Ка’бтан ғана жеткізіледі, ал бұл (өз кезегінде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үтір намазында құнұт дұғасын үнемі оқымағанына нұсқайды. Қз.: “Сифату-с-салә” 179.
Убай ибн Ка’б: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үтір намазын оқитын әрі құнұт дұғасын рукуғқа дейін жасайтын», - деп баяндайтын. Ән-Нәсаи “әс-Сунан әл-кубра” 1/218, Ибн Мәжаһ 1/359. Сенімділігін хафиз әл-Ирақи мен шейх әл-Әлбани растаған.
Сондай-ақ бұл хадисте құнұт дұғасында тек Рамазан айының ортасында немесе жалпы тек Рамазанда ғана істеуге болады және істеу керек деген пікірді теріске шығару бар. Құнұт дұғасы тек Рамазанмен ғана байланысты емес, бұл дұғаны жыл барысында айта беруге болады. Бұл хадисте Убай ешқандай шектеу жасамады және Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құнұтты белгілі бір уақыттарда ғана жасайтын деп айтпады, әрі оның сөздері жалпылыққа нұсқайды!
Сондай-ақ бұл сахабалардың амалдарымен де расталады. Умар, Али және Ибн Мәс’уд құнұтты үтір намазында жыл бойы оқитыны хабарланады. Ибн Наср 131.
Құнұт дұғасында не айту керек?
Әл-Хасан ибн Али былай деп баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған құнұт дұғасын былай деп үйретті: «Я, Аллаһ! Өзің тура жолға салған кісілердің қатарында мені де тура жолға сал. Өзің есендік берген кісілердің қатарында маған да есендік бер. Өзің қамқорлық еткен кісілердің қатарында маған да қамқорлық ет. Берген нәрселеріңді маған берекелі ет және мені алдын ала шешіп қойған нәрселеріңнен сақтай гөр. Расында, Сен үкім етесің, ал Саған ешкім үкім ете алмайды. Шынында, Сен дос тұтқан пендең қор болмайды. (Ал Сен Өзіңе жау тұтқан пендең қадірлі болмайды) Я, Раббымыз! Сең Игі-Берекелі әрі Аса Жоғарысың!»” Абу Дауд 1425, ән-Нәсаи 3/248. Хадис сахих. Хадистің сахихтығын имам Абу Иса әт-Тирмизи, әл-Хаким, имам ән-Нәуауи, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбани растаған.
اللًَّهُمَّ اهْدِنِي فِيمَنْ هَدَيْتَ، وَعَافِنِي فِيمَنْ عَافَيْتَ، وَتَوَلَّنِي فِيمَنْ تَولَّيْتَ، وَبَارِِِكْ لِي فِيمَا أعْطَيْتَ، وَقِنِي شَرَّمَا قَضَيْتَ، فَإنَّكَ تَقْضِي وَلاَيُقْضَى عَلَيْكَ، إنَّهُ لاَيَذِلُّّ مَنْ وَالَيْتَ وَلاَيَعِزٌّ مَنْ عَادَيْتَ، تَبَارَكْتَ رَبَّنَا وَتَعَالَيْتَ
«Аллаһуммә-һдини фи-мән һәдәйтә, уә ‘а-фи-ни фи-мән ‘а-фәйтә, уә тәуәлләни фи-мән тәуәлләйта, уә бә-рик ли фи-мә ә’тайта, уә қини шәрра мә қадойтә, фә-иннәкә тақды уә лә юқдо ‘аләйкә, иннәһу лә язиллю мән уәләйтә, (уә лә я’иззу мән ‘а-дайтә) Тәбәрактә, Раббәнә, уә тә’а-ләйта!»
Бұл – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі тарапынан сенімді түрде бекітілген жалғыз құнұт дұғасы.
Алайда осы дұғадан кейін Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтуға да болады, өйткені мұны сахабалар істейтін, солардың ішінде мұны Рамазан айында үтір намазында оқыған Убай ибн Ка’б пен Абу Халима Му’аз әл-Ансари де бар. Ибн Наср 136, Ибн Хузайма 1097. Қз.: “Сифату-с-салә” 180.
Сондай-ақ Умар ибн әл-Хаттабтың үтір намазы кезінде былай деп айтатыны хабарланады: «Я, Аллаһ! Біз Саған ғана құлшылық етеміз, Саған намаз оқып, сәжде етеміз. Саған қарай ұмтылып, Саған асығамыз, әрі рахметіңді тілеп, азабыңнан қорқамыз. Шын мәнінде, Сенің азабың кәпірлерге жетеді. Я, Аллаһ! Расында, біз Сенен ғана көмек сұраймыз, әрі Сенен ғана кешірім тілейміз, әрі жақсылығың үшін Өзіңді дәріптейміз. Және Саған қарсы шықпаймыз. Біз Саған иман келтірдік, әрі біз Саған бойсұнамыз, әрі біз Саған қарсы болғандардан аулақ жүреміз». Әл-Бәйһақи 2/211. Иснады сахих.
اللَّهُمَّ إيَّاكَ نَعْبُدُ، وَلَكَ نُصَلِّي وَنَسْجُدُ، وَإلَيْكَ نَسْعَى وَنَحْفِدُ، نَرْجُو رَحْمَتَكَ، وَنَخْْشَى عَذَابَكَ، إنَّ عذَابَكَ بِالْكَافِرِينَ مُلْحَقُ. اللَّهُمَّ إنَّا نَسْتَعِينُكَ، وَ نَسْتَغْفِرُكَ، وَنُثْنِي عَلَيْكَ الْجَيْرَ، وَلاَ نَكْفُرُكَ، وَنُؤْمِنُ بِكَ، وَنَخْضَعُ لَكَ، وَنَخْلَعُ مَنْ يَكْفُرُكَ
«Аллаһумма, и-йәкә нә’буду, уә ләкә нусолли уә нәсжуду, уә иләйкә нәс’а уә нәхфиду, нәржу рахмәтәкә уә нәхша ‘азәбәкә, иннә ‘азәбәкә бил-кәфиринә мулхәқ. Аллаһуммә, иннә нәстә’инукә, уә нәстәғфирукә, уә нусни ‘аләйкә-л-хайра, уә лә нәкфурукә, уә ну‘мину бикә, уә нәхдо’у ләкә, уә нәхлә’у мән йәкфурука».
Сахабалардың бұл іс-амалдары құнұт дұғасы кезінде Аллаһқа Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз немересіне үйреткен дұғасымен ғана емес, кез келген дұғамен жалбарынуға болатынына нұсқайды.
Алайда Ибн Абу Шәйбадан Хасан әл-Басри құнұт дұғасында Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларынан жеткен дұғалардан басқа дұғалармен жалбарынуды жақсы көрмейтіні туралы жеткізілген. Бірде ол Умардан жеткізілетін құнұтты оқыған кезде, оған: «Уа, Абу Са’ид, сен құнут дұғасын Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат, дұғалар және (Аллаһқа) мақтау-мадақтар айтумен көбейтесің бе?», - деген сұрақ қойылғанда, ол: «Мен бұған тыйым салмаймын, бірақ мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары бұған еш нәрсе қоспайтынын әрі егер біреу осыған әлдебір нәрселері қоспақшы болса, ашуланатынын еститінмін!”, - деп жауап берді. Қз.: “Қунут әл-уитр” 78-79.
Құнұтты қашан оқу керек: рукуғтан бұрын ба, әлде кейін бе?
Үтір намазындағы құнұт дұғасын соңғы ракағаттың рукуғына дейін де, одан кейін де оқуға болады, бірақ оны рукуғқа дейін оқыған абзалырақ, өйткені Убай ибн Ка’б: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үтір намазын оқитын әрі құнұт дұғасын рукуғқа дейін жасайтын”, - деп баяндайтын. Ән-Нәсаи 1/218, Ибн Мәжаһ 1/359. Сахихтығын хафиз әл-Ирақи мен шейх әл-Әлбани растаған.
Хафиз Ибн Хәжар былай деген: “Әнастан жеткізілетін хабарлардың көпшілігі (парыз намаздарында оқылатын) құнұт-нәзәлә рукуғтан кейін оқылатынына нұсқайды, әрі бұда келіспеушілік жоқ. Ал құнұт дұғасына келер болсақ, оны рукуғқа дейін жасау керек, десе де бұл мәселеде сахабалар әртүрлі пікірде болған, бірақ бұл орынды келіспеушіліктерден еді”. Қз.: “Фатхул-Бари” 2/569.
Құнұт дұғасы кезінде қолды көтеруге болады ма?
Абдуллаһ ибн Ахмад былай дейтін: “Мен әкемнен (имам Ахмадтан) құнұт кезінде қолды көтеру туралы сұрадым, әрі ол: «Бұда ешқандай дәнеме жоқ, өйткені Абдур-Рахман ибн әл-Асуадтың әкесінен Ибн Мас’уд құнұт дұғасында қолын көтеретіні туралы жеткізіледі», - деп жауап берді”. Қз.: “әл-Мәсәил” № 332.
Шейх әл-Әлбани былай дейтін: “Умардан және басқалардан құнұт кезінде қолды көтеру бекітілген”. Қз.: “Ируаул-ғалил” 2/181.
Имам құнұт дұғасын оқып болғаннан кейін «Әмин» деп дауыстап айтуға болады ма?
Ибн Аббас былай деп баяндайтын: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде бесін (зухр), екінті (аср), ақшам (мағриб), құптан (иша) және таң (фәжр) намаздарының соңында құнұтты екі ай қатарынан орындады. Әрі ол рукуғтан бой түзеген кезде: «Сами’а-Ллаһу лиман хамидаһ», - деп айтатын және бану суләйм, сондай-ақ ри’л, закуан және усайя тайпаларына қарсы дұға ететін. Ал оның артында ұйып тұрғандар: «Әмин», - деп айтатын”. Ахмад 1/301, Абу Дауд 2746. Хадистің сахихтығын имам Ибн Хузайма, шейх Ахмад Шакир, шейх әл-Әлбани, шейх Абдул-Қадир әл-Арнаут және Шу’айб әл-Арнаут растаған.
Имам Исхақ ибн Рахауайх: “Имам дұға етеді, ал оның артындағылар: «Әмин», - деп айтады”, - дейтін. Ибн Наср 156.
Абу Дауд былай баяндайтын: “Мен имам Ахмадтан: «Егер мен имамның құнұтын естімесем, мен өзім дұға ете берейінбе?» - деп сұрадым. Ол: «Иә», - деп жауап берді”. Қз.: “әл-Мәсаил Аби Дауд” 102.
Бірде Умардың халифалық кезінде тарауих өткізетін Абу Халима Му’аз әл-Ансари құнұт дұғасы кезінде қателесіп: «Уа, Аллаһ жаңбыр жаудырма», - деп айтып қойды, ал оған ұйып тұрушылар: «Әмин», - деді. Намаз біткен соң, Абу Халима оларға: “Мен: «Уа Аллаһ, жаңбыр жаудырма», - дедім, ал сендер болса: «Әмин», - дедіңдер. Сендер не үшін мен не айтып тұрғанымды естіп барып, содан кейін: «Әмин», - деп айтпайсыңдар?!”, - деді. Ибн Наср “әл-Уитр” 326.
Бұл хабарда «Әмин» сөзін тиісті жерде айтудың маңыздылығына нұсқалады. Өйткені «Әмин» деген сөз «Уа, Аллаһ, жауап бер», - дегенді білдіреді ғой. Ато: “«Әмин» – бұл дұға”, - дейтін. Абдур-Раззақ 2/183.
Құнұт дұғасындағы кейбір артық нәрселер туралы
Абу Нә’ама былай деп баяндайтын: “Бірде Абдуллаһ ибн Муғаффәл ұлының Аллаһқа: «Уа, Аллаһ, ақиқатында, мен сенен Жәннатты, оның рахатын, оның ләззатын сұраймын…, - әрі осылайша әрі қарай, - …Әрі мен саған Оттан, оның азабынан және кісендерінен пана тілеп сиынамын…», - әрі осылайша әрі қарай дұға етіп жатқанын естіп қалады. Әрі ибн Муғаффәл оған: “Уа, балам! Ақиқатында, мен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Дұғада артық кететін халықтар пайда болады», - дегенін естігенмін. Ендеше, олардың қатарынан болма? Егер саған Жәннат сый етілсе, онда саған оның барлық игіліктері де сый етіледі, әрі егер сен Оттан аман қалсаң, онда, әрине, оның бүкіл қасіреттерінен аман боласың!”, - деп айтты”. Абу Дауд 1480, Ибн Мәжаһ 3864. Хадистің сахихтығын имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Касир, хафиз Ибн Хәжар және шейх әл-Әлбани растаған.
Ибн Журайж былай дейтін: “Дұғада дауысты көтеру – бұл дұғадағы артық кетушіліктерден!” Қз.: “Тафсир әт-Табари” 5/318.
Сондай-ақ дұғадағы артық кетушілікке құнұт дұғасын әуендетіп айту да жатады, (өкінішке орай) мұны көптеген имамдар Рамазан айында жасап жатады. Сондай-ақ бұған кейбір қарилардың Құранды оқып болған соң әртүрлі дұғаларды әуенге салып айтулары да жатады. Бұның дінде ешқандай негізі жоқ! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) да, оның сахабалары да, салиқалы табиғиндер де бұлай істемеген. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім біздің бұл ісімізге (дінге) оған қатысы жоқ нәрсені енгізсе, ол кері қайтарылады!» Әл-Бухари 2697, Муслим 1718.
Осыдан бес жұз жыл бұрын өмір сүрген имам Ибн әл-Хумам былай дейтін: “Біздің кезіміздегі адамдар істеп жатқан нәрсе, ал бұл дұғаны созып жіберу және шектен тыс әуенге салып айту, құлшылық болып табылмайды және дұғаның қабыл болуына ешқандай ықпалын тигізбейді. Керісінше, бұл оның қабыл болмауының себептерінен!” Қз.: “Файдул-Қадир” 1/229.
Ол сондай-ақ былай дейтін: “Мен кейбір қарилардың дұғаны әуендетіп айтуын ойыннан басқа еш нәрсе деп санамаймын!” Қз.: “Фатхул-Қадир” 1/370.
Шейх Бакр Абу Зайд былай деген: “Расында, дұғаны әуендету, созып айту, және оны әнге салу ғибадаттың рухына, тыныштыққа, рияның және өз-өзімен сүйсінудің болмауына қайшы келетін ұлы бұзықтық болып табылады! Алғашқы және кейінгі буынның ғалымдары мұндайды істейтінді сөгетін. Ендеше, Аллаһ кімге намаздарды өткізетін және үтірде құнұт (дұғасын) оқитын имам болуды нәсіп еткен болса, ниетінің дұрыс болуында ыждағат танытсын!” Қз.: “Тасхих әд-ду’а” 145.
Сол сияқты құнұт дұғасын шектен тыс ұзартуға да болмайды, өйткені бұл Сүннет немесе сәлафтардың амалы болып табылмайды. Бұдан қалса, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Хасан ибн Алиге үйреткен құнұт дұғасы ұзын болмайтын! Қз.: “Сахих фиқхһу-с-Сунна” 1/392.
Әрі сахабалардан жеткізілетін хабарлардан да олардың құнұт дұғалары ұзын болмағаны көрінеді. Қз.: “Қунут әл-уитр” 80-83.
Осының негізінде Рамазан айында құнұт дұғасын, бұны біздің кезіміздің көптеген имамдары құнұтты жарты сағат, ал кейде тіпті бір сағат оқып, оның уақытын тарауих намазының уақытындай ұзартып жіберіп жасайтындай созып жіберу дұрыс емес! Әрі көптеген намазхандар Рамазан айында құнұт дұғасын созу бекітілген Сүннет болып табылады деп ойлайды.
Ибраһим ән-Нәһа’и былай дейтін: “Құнұт дұғасын «Аспан жарылған кезде» («әл-Иншиқақ») сүресін оқуға қанша уақыт кетсе, сонша уақыт айту керек”. Ибн Абу Шәйба 2/308.
Имам Ахмад: “Имам Умардың «Аллаһуммә иннә наста’инук…» дұғасымен дұға етуі керек. Әрі әл-Хасанның: «Аллаһуммә-һдина фи ман һадайт…» дұғасымен де”, - деп айтатын. Қз.: “әл-Инсаф” 2/171.
Ал егер құнұт дұғасын созып жіберу намаз оқушыларға ауыртпалық жасайтын болса, онда бұл іс-амал одан сайын айыпты болады!
Шейх Бакр Абу Зайд былай дейтін: “Құнұт дұғасын намаз оқушыларға ауыртпалық болатындай етіп созып жіберуден аулақ болу керек!” Қз.: “Тасхих әд-ду’а” 162.
Сондай-ақ шейх Ибн Усаймин де адамдарға ауыртпалық туғызбау үшін құнұт дұғасын созып жіберуге болмайды деп айтқан. Бұдан қалса, ол адамдар Рамазанда құнұт дұғасын жасау міндетті екен деп ойлап қалмауы үшін, кейде құнұтты оқымай-ақ қойған дұрыс деген. Қз.: «Фатауа Ибн Усаймин» 2/198.
Дұғаларда артық кетушіліктерден аулақ болу керек, өйткені бұдан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сақтандырған болатын. Ал біздің кезімізде: «Уа, Аллаһ, бізге үстімізден береке бер, бізге астымыздан береке бер, бізге жан-жағымыздан береке бер …», немесе: «Уа, Аллаһ, бізді туылған кезімізде де рахым ете гөр, бізді ауырған кезімізде де рахым ете гөр. Уа, Аллаһ бізді өлген кезімізде де рахым ете гөр, бізді қабірге қойған кезімізде де рахым ете гөр. Уа, Аллаһ, бізді қайта тірілген кезімізде рахым ете гөр…», немесе: «Уа, Аллаһ, біздің рукуғтарымызды, сәжделерімізді, қиямымызды, Құраны оқығанымызды, мақтау-мадақ айтқанымызды, Өзіңді дәріптеп-пәктеуімізді, біздің дұғаларымызды қабыл ете гөр…», - деген тағы басқа да ұзағынан созылатын дұғаларды естуге болады. Мұның барлығы және басқа да осындай дұғалар ғалымдар қатаң сөгетін артық кетушілік болып табылады.
Ақиқатында, ең жақсы дұғалар – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұғалары. Аллаһ оған қысқа сөздермен терең мағынаны білдіру қабілетін сыйлады. Айша былай деп баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен мағынаны қамтыған қысқа дұғалармен жалбарынуды жақсы көретін, әрі ол осыдан басқа еш нәрсемен дұға етпейтін!” Абу Дауд 1482. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, имам ән-Нәуауи, хафиз аз-Зәһаби, имам әш-Шәукани және шейх әл-Әлбани растаған.
Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Әдебиет
1. «Фатхул-Бари би шарх “Сахих“ әл-Бухари» Ибн Хәжар әл-Асқаләни.
2. «Фатхул-Бари шарх “Сахих“ әл-Бухари» Ибн Ражаб әл-Ханбали.
3. «Умдатул-қари шарх “Сахих“ әл-Бухари» Бадруддин әл-Айни.
4. «Шарх “Сахих» Муслим» Яхъя ибн Шараф ән-Нәуауи.
5. «Мир’атул-мафатих шарх “Мишкат әл-масабих“» Убайдуллаһ әл-Мубаракфури.
6. «Тухфатул-ахуази би шарх «Жами’» әт-Тирмизи» Мухаммад әл-Мубаракфури.
7. «Қияму Рамадан» Ибн Наср әл-Мәруази.
8. «Әл-Масабих фи саләти-т-тарауих» Жаләлюддин әс-Суюти.
9. «Найлюл-аутар мин асрар Мунтақа әл-ахбар» Мухаммад әш-Шәукани.
10. «Қияму Рамадан фадлюху уә кайфия адаих» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
11. «Саләту-ттарауих» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
12. «Саләту-ттарауих» Мухаммад Дыяур-Рахман әл-А’зами.
13. «Тасхих әд-ду’а» Бакр Абу Зайд.
14. «Буғъятул-мутатауи’ фи саләти-ттатауу’» Мухаммад ибн Умар Базмул.
15. «Әл-Ахадис уәл-асар уарида фи қунут әл-уитр» Мухаммад ибн Умар Базмул.
16. «Сыфату салә қыям әл-лейл» Мухаммад ибн Салих әл-Хазим.
17. «әл-Уажиз фи фиқһи-с-Сунна уәл-Китабил-Азиз» Абдул-Азым ибн Бадауи.
18. «Маусу’атул-фиқһиятул-муяссара» Хусайн әл-Ауаиша.
19. «Тамамул-минна фи фиқһил-Китаб уә сахихи-с-Сунна» Адил ибн Юсуф әл-Аззази.
20. «Сахих фиқһу-Сунна» Абу Мәлик Камәл ибн Сайд Салим.
[1] Нәпіл намаздарын адам үйде, риядан, яғни адамдар көрсін деп орындаудан қорғашталған жағдайда оқудың артықшылығына көптеген хадистер нұсқайды. Мысалы, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Адамның үйде оқыған нәпіл намазы адамдардың көзінше оқыған нәпіл намаздан, адамның жамағатта оқыған (парыз) намазы жалғыз оқығанның (парыз) намазынан қаншалықты артық болса, соншалықты артық!» Абдур-Раззақ 4835, Ибн Абу Шәйба 2/256. Хадис сахих. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 3149.
Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кісінің оны адамдар көрмейтін жерде оқыған нәпіл намазы адамдардың көзінше оқыған намаздан жиырма бес есе артық!» Абу Я’лә, әд-Дайләми. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 3821.
[2] Бұл намазға періштелер келеді, әрі олар оның куәгерлері болады деген меңзелуде.
[3] Имам Ибн әл-Мәдини Са’ид ибн әл-Мусайиб туралы: “Мен табиғиндердің арасыннан одан көбірек білімге ие адамды білмеймін”, - деген. Қз.: “ат-Тахзиб” 2396.
[4] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатып-бекіткен таң намазынан бұрын орындалатын екі қысқа ракағаттардың орнына, бұл адам көп ракағаттар жасады әрі рукуғтары мен сәжделерін созып орындады.
[5] Бұл сөздер сырттай үтірді үш ракағат етіп оқымау керек дегенге нұсқайтындай болып көрінеді. Алайда бұлай түсіну дұрыс емес, өйткені көптеген сахабалардан, солардың арасында Айшадан да (Аллаһ оларға разы болсын), Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үтірді жиі үш ракағат етіп оқитыны жеткізіледі. Айша былай баяндайтын: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үш ракағат үтір оқығанда екінші ракағатта ташаһһуд оқу үшін отырмайтын да, мұны тек үшінші ракағатта ғана істейтін, ал содан соң сәлем беретін (таслим жасайтын)”. Мәлик 466, ән-Нәсаи 3/234, әл-Бәйһақи 3/31. Хадис сахих.
Ал Ибн Умар былай деп баяндайтын: “Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үтірді екі ракағаттан оқып, оның арасын таслиммен (екі жақа сәлем берумен) бөлетін де, содан соң бір тақ ракағат жасайтын”. Әл-Бухари 991.
Осылайша, біз үтірді үш ракағат етіп оқу болатынын көріп тұрмыз, әрі бұл Сүннет, алайда үтірді дәл ақшам намазындағыдай екінші ракағаттан кейін ташаһһуд жасап орындамай, ең соңында бір-ақ ташаһһуд жасау керек. Немесе екі ракағат жасап, кейін сәлем беріп, ал содан соң тағы бір ракағат жасау қажет. Мұндай жағдайда үтірдің үш ракағаты ақшам (мағриб) намазы сияқты болмайды, әрі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйымының астына түспейді. Қз.: “Қияму-л-ләйл” 119 және “Субулю-с-Сәләм” 2/8.
Бұдан қалса, үтірді осылайша (екінші ракағатта ташаһһудпен) орындау Сүннетте ешқандай сенімді негізге ие емес!
[6] Рағаиб намазы – бұл кейбір білімсіз адамдар Ражаб (Ережеп) айының бірінші жұмасында орындайтын он екі ракағаттан тұратын намаз. Бұл намаздың шариғатта ешқандай негізі жоқ және барлық мәзһабтардың имамдарының пікірі бойынша бидғат болып табылады. Қз.: “әл-Фатауа әл-кубра” 2/239, “әл-Мәдхәл” 1/294.
[7] Шағбан айының ортасында орындалатын «саләтул-бараа» деп аталатын намаз. Ол да ешқандай шариғи негізі жоқ діндегі бидғаттарға жатады. Қз.: “әс-Сунан уәл-мубтади’ат” 156.
[8] Бұл бізден 900 жыл бұрын өмір сүрген имам тарауихты жеңілдетуді және созып жібермеу туралы айтып жатыр, ендеше, көптеген мұсылмандар мешітке бес-ақ минутқа созылатын жамағатпен оқылатын парыз намаздарына баруға ерінетін біздің кезіміз туралы не айтуға болмақ?!
[9] Бұған дәлел – мына хадис: «Адамның біреумен оқыған намазы бір адамның намазынан жақсырақ! Ал екі адаммен бірге орындаған намаз бір адаммен орындаған намаздан жақсырақ! Әрі сан қаншалықты көп болса, бұл Аллаһ үшін соншалықты сүйіктірек!» Ән-Нәсаи 843, Абу Дауд 554. Хадис сахих. Қз.: “әс-Силсилә әс-сахиха” 1912.
Пікір қалдыру