shadow

“Сахих әл-Бұхари” хадистер жинағынан 20 хадис

Автор: Ділмұрат Әбу Мухаммад

18,19 - хадис қосылды

Назарларыңызға Ділмұрат Әбу Мұхаммәдтің “Сахих әл-Бұхари” хадистер жинағынан өткен 20 хадисін ұсынамыз!

1-хадис: 3. БІЛІМ КІТАБЫ

9-ТАРАУ. Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсіндіреді

63 (71). Муғауиядан  (Аллаһ оған разы болсын). Ол: “Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Аллаһ кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсіндіреді. Расында, мен тек үлестірушімін, ал  Аллаһ береді. Қашан бұл үмбет Аллаһтың әмірін (орындауда) мықты тұрса, Аллаһтың әмірі келгенге дейін (Қиямет) оларға қарсы келушілердің зияны тимейді“, - дегенін естідім”, - деген. 

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

4-хадис: 35. ХАУАЛА (ҚАРЫЗДЫ АУДАРУ) КІТАБЫ

2-ТАРАУ. Мәйіттің қарызын басқа бір кісіге аударуға болады

1009 (2289). Сәләмә ибн Акуағтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: “(Бірде) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында отырғанымызда, жаназа әкелініп, (адамдар Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын,): “Оған жаназа намазын оқып бер”, - деді. (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, “Оның қарызы барма?” - деп (сұрады). Олар: - Жоқ, - деді. (Мирасқа) бір нәрсе қалдырды ма?” - деп (сұрады). “Жоқ”, - деді. Сөйтіп, (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқыды. Сосын басқа бір жаназа әкелініп: “Уа, Аллаһтың елшісі! Оған жаназа намазын оқып бер”, - деді. (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Оның қарызы барма?” - деп (сұрады). “Иә”, - деп айтылды. (Мирасқа) бір нәрсе қалдырды ма?” - деп (сұрады). “Үш динар”, деді. Сөйтіп, (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), оған жаназа намазын оқыды. Содан кейін үшінші (бір жаназа) әкелініп: ” Оған жаназа намазын оқып бер”, - деді. (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): (Мирасқа) бір нәрсе қалдырды ма?” - деп (сұрады). “Жоқ”, - деді. “Қарызы барма?” - деп (сұрады). “Үш динар”, деді. (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Жолдастарыңа жаназа намазын сендер оқыңдар”, -деді. (Сол кезде ) Әбу Қатада: “Оған намаз оқы, уа, Аллаһтың елшісі! Оның қарызын мен мойныма аламын”, -деді. Сөйтіп, (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған жаназа намазын оқыды”, -деген.

5-хадис: 53. ЖИҺАД ЖӘНЕ ЖОРЫҚТАР (СИЯР) КІТАБЫ

63-ТАРАУ. Жолаушыны үшін тұрғылықты кезінде істеп жүрген амалдарындай (сауап) жазылады. 

1227 (2996). Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: “Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Пенде ауырса, не сапарда болса, ол үшін тұрғылықты, дені сау кезінде істеп жүрген амалдарындай (сауап) жазылады”, - деп айтты”, - деген. 

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

6-хадис: 59. САХАБАЛАРДЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ КІТАП

2-ТАРАУ. Омар ибн әл-Хаттаб Әбу Хафс әл-Құрайши әл-Адауидің (Аллаһ оған разы болсын) қадір-қасиеттері жайлы

1458(3679). Әннәстан (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі: «Қиямет қашан (келеді)?» деп  Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қиямет туралы сұрапты.  (Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ал сен ол үшін не дайындық жасадың» деп (қарсы сұрақ қойыпты). Ол: «Аллаһ пен оның елшісін сүйгенімнен басқа ешнәрсе», - дейді. Сонда (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен өз сүйгендеріңмен бірге боласың», - депті. Әнәс: «Біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Сен өз сүйгендеріңмен  бірге боласың» деген сөзіне қуанғандай, ешнәрсеге қуанбаған едік», дей отыра: «Мен де Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір мен Омарды сүйемін және мен олардың амалдарындай іс-амал жасай алмасам  да, оларға деген махаббатымның себебімен олармен бірге болуды үміт етемін», - деген екен.

7-хадис:

3653. Әнәс ибн Мәликтен (оған Аллаһ разы болсын) Әбу Бәкрдің (оған Аллаһ разы болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Біз үңгірге тығылған кезде, мен біздің бастарымыздың дәл қасынан мүшриктердің (көпқұдайшылдар) аяқтарын көрдім де айттым: «Уа Аллаһтың Елшісі, егерде олардың біреуі аяғының астына қараса бізді көріп қалады». Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй Әбу Бәкр, ал сен үшіншісі Аллаһ болған екеу туралы не ойлайсың?» - деп жауап берді.»

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

8-хадис: 22. ҚАЖЫЛЫҚ КІТАБЫ

Әбу Саид әл-Худриден (оған Аллаһ разы болсын): «Біз Омармен (оған Аллаһ разы болсын) бірге хаж орындадық. Ол тәуәф орындауға кіріскен кезде, қара тасқа бұрылды да: «Мен сенің пайда да, зиян да әкелмейтін тас екеніңді білемін. Егер де мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сені сүйгенін көрмегенімде, мен сені ешқашан сүймейтін едім», - деп айтты да ол тасты сүйді»

9-хадис: 2. ИМАН КІТАБЫ

38-ТАРАУ. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлмі болсын) «Дін – Аллаһ пен оның елшісіне және мұсылмандардың басшылары мен барлық мұсылмандарға шын пейілде қатынас» - дегені туралы

52 (57). Жарир ибн Адбуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаз оқуға, зекет беруге және әрбір мұсылманға адал болуға ант бердім», - деген.

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

10-хадис:  21-ЗЕКЕТ КІТАБЫ

19-ТАРАУ. Әр мұсылман садақа беруге міндетті, ал таба алмаған шариғат құптағанды істесін

(1445). Әбу Мұсадан (оған Аллаһ разы болсын). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): Әр мұсылман садақа беруге міндетті, - дегенде, (адамдар): - Уа, Аллаһтың пайғамбары! Таба алмаған (кісі) ше? – деп (сұраған). (Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): - Қол еңбегімен айналысып, өзіне пайда келтіреді және садақа береді, - деді. (Адамдар): - Сонда да таба алмаса ше? – деп (сұрады). – Көмек керек мұқтаждарға көмектеседі, - деді. – Оны да таба алмаса ше? – деп (сұрады). – Онда шариғат құптағанды істеп, жамандықтан тиылсын, сол оған садақа, - деді.

11-хадис: 2. ИМАН КІТАБЫ

5-ТАРАУ. Тамақ беру – Исламнан

Абдуллаһ ибн Амрдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Исламның ең жақсы көрінісі қайсы?» - деп сұрағанда, ол: «Тамақ жегізуің және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің», - деп айтқан.

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

12-хадис: 64. НЕКЕ КІТАБЫ

1743 (5063). Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) үш кісі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің үйлеріне Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғибадаты туралы сұрап келді. (Сұрағандары жайлы) айтылғанда, олар оны азырқанғандай сыңай танытып: «Бізге Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жету қайда, Аллаһ оның бұрынғы және келешектегі күнәларын кешірген», - деді. Сонда біреуі: «Мен болсам (әр) түн бойы намаз оқимын», - деді. Басқа біреуі: «Мен (әр күні) үзбей ораза тұтамын», - деді. Енді бірі: «Мен әйелдерден қашықтап, өмір бойы үйленбеймін», - деді. (Біраздан соң) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Былай-былай деп сендер айттыңдар ма? Бірақ Аллаһпен ант етейін, расында, мен Аллаһтан сендерден көбірек қорқамын және Ол үшін сендерден көбірек тақуалық жасаймын, алайда мен (кей күндері) ораза тұтып, (кейбір күндері) тұтпай жүремін, (түндердің бір бөлігінде) намаз оқып, (енді бір бөлігінде) ұйықтаймын, сондай-ақ әйелдерге үйленемін. Кімде-кім менің сүннетімді (ұстануды) қаламаса, ол менен емес», - деп айтты», - деген.

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

13хадис: 2. ИМАН КІТАБЫ

8-ТАРАУ. Иманның ләззаты

16 (16). Әнәстан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бойында мына үш (қасиет) болған адам иман ләззатын сезеді: Аллаһ пен Оның елшісін бәрінен артық жақсы көру, біреуді тек Аллаһ үшін жақсы көру және тозаққа тасталуды қандай қаламаса, күпірлікке қайтуды да сондай қаламау», - деген.

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

14-хадис: 57. ПАЙҒАМБАРЛАР ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР КІТАБЫ

1373 (3445) Омардан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Христиандар Мәриямның ұлын дәріптегендей мені асыра дәріптемеңдер, шын мәнінде, (Аллаһтың) құлы ғанамын, сондықтан (мені) «Аллаһтың құлы әрі елшісі» деп айтыңдар», - деп жатқанын естідім», - деген.

15-хадис:

Әнәс ибн Мәлик (оған Аллаһ разы болсын) Муаз ибн Жәббәлдің (оған Аллаһ разы болсын) былай айқанын жеткізеді: «Бір күні мен, Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге есекте кетіп бара жатқанымызда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, Муаз, сен Аллаһтың өзінің құлдарындағы хақысын білесің ба?» – деп сұрады. Мен, «Аллаһ және оның елшісі біледі» - деп жауап бердім.  Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың өз құлдарындағы хақысы құлдарының оның жалғыз өзіне құлшылық қылып оған ешбір нәрсені серік қоспауы» - деді. Ол тағыда: «Егер пенделері Аллаһтың хақысын орындаса, олардың Алладағы болған хақысын білесң ба?» - деп сұрады.  Мен, «Аллаһ және оның елшісі біледі» - дедім. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды Аллаһ азаптамауы» -  деді. 

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

16-хадис: 80. АНТТАР ЖӘНЕ НӘЗІРЛЕР КТАБЫ

Абдуллаһ ибн Омар (оларға Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көшеде кетіп бара жатқан кезде Омар ибн Әл Хаттаб адамдардың арасында әкесінің атымен ант етіп жатқанын естідім. Сол кезде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мән беріңдер! Аллаһ сендерді аталарыңмен ант етуден қайтарады. Кімде-кім ант ететін болса Аллаһтың атымен ант етсін, немесе үндемесін» - деп айтты»

17-хадис: 63. ҚҰРАННЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТТЕРІ ТУРАЛЫ КІТАП

Османнан (оған Аллаһ разы болсын). Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлеміболсын): «Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйренген және оны (басқаларға) үйреткендерің», - деген.

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


Жүктеу


Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Автор

Админ

Оқы

Пікіріңіздер

  1. Сансызбаев Шойбек    

    Тири жаннын суретин салудын неси куна екенин билгим келеди, отиниш билсениздер жауап кутемин…

  2. Туралы    

    Ассаламу алейкум

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Толтырылуға міндетті орындар * белгіленген.

Сіз келесі HTML тегтерді қолданала аласыз. <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>