shadow

Мақаланы WORD (DOC) форматта жүктеу
 

Көпқұдайшылық

   

сайтының басшылығы тексерген

Каир, 2006 ж.

мәтінін редакциялаған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

 
Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтаулар мен мадақтар болсын. нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздың кесірінен Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ  Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жинағын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ Тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

 

 

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

 

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа барлық мақтау-мадақтар болсын, әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Алла Тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

Ұлы Аллаһ Тағала мейірімін төгіп, кейбір бауырларымыздың ат салысуымен осыдан төрт жыл бұрын «www.ToIslam.ws» деген сайт ашылған болатын. Дыбыс күйіндегі Ислам жайындағы мағлұматтардың көптігі – бұл сайттың құндылықтарының бірі болып табылады. Алға қойылған негізгі мақсат – дініміз ең алғашында Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай түсірілген болса, оны қалың жұртшылыққа тура сол қалпында жеткізу.

Бұл сайттағы лекциялар бүкіл жер бетіндегі орыстілді мұсылмандар арасында өте кең таралып кетті. Ізінше әртүрлі ұсыныстар, өтініштер, алғыс хаттар және әлемдердің Раббысы – Аллаһқа шүкіршілік айтқан тақырыптағы хаттар келіп жатты.

Көбіне осы сайттағы лекцияларды жазбаша түрде шығару жөніндегі өтініштер келетін. Алайда бауырларымыздың сайттағы оқып өткен лекциялары мен дәрістері дайындық ретінде шағын ғана қағаз бетіне түсірілгені болмаса, үлкен көлемде қағаз бетіне түсірілмеген болатын. Дәрістердің жазбаша түрін талап еткен хаттар легі толастамағаны үшін мен Аллаһтан жәрдем сұрап, иман келтірген бауырларымыздың өтінішін орындауға бел будым.

Менің атқарған істерім:

1) Дыбыс күйіндегі материялдардан дәрістер мен лекциялар стилінен алыстамай, олар тыңдаушыға қалай жеткізілген болса, тура сол қалпында баспаға шығару. Мағынаның дәлме-дәл болуы үшін, сондай-ақ сөздерді қайталамау мақсатында кейбір жерлері сәл ғана қысқартылып, кейбір сөздері ауыстырылды.

2)   Қысқаша толықтырулар мен түсініктемелер енгізілді.

3) Лекциялардағы аталып өткен аяттар мен хадистерге сілтеме жасалды. Хадистердің алынған жерінің бір-екеуін ғана атап өтумен шектелдім.

Бұл еңбегім тегін таратылып, жалпы осы атқарған ісімнің құқығы өзімде қалады.

Аллаһ Тағаладан Оның есімдері мен сипаттары арқылы осы ісімді пайдалы етуін, әрі бұл еңбегім үшін үлкен сый беруін сұраймын. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ Тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

 

Әбу Салих.

Һижра жыл санағы бойынша зул-хижжаның 8-і, 1426 жыл.

 

 

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Автор

Админ

Оқы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Толтырылуға міндетті орындар * белгіленген.

Сіз келесі HTML тегтерді қолданала аласыз. <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>