shadow

Ибраһим Әбу Мұхаммәд – 1991 жылы Ташкент қаласындағы Имам Бухари атындағы Ислам институтына түсті. Ол жерде араб тілін, сарф, наху, ханафи фикһын, тафсир, хадис сабақтарын оқыды. Институттан басқа мешітте «Сахих аль-Бухари» кітабіна шарх жазған ибн Хажәр аль-Асқаланидің «Фатхуль-бари» кітабін оқыған. Сондай-ақ Сыддиқ Хасан Ханның «Шарх сахихаль-Бухари», Мухаммад Солих аль-Усайминнің «Мусталахуль-хадис», Ахмад Хади Мақсудидің «Истикма» кітаптарын және Абдуль-Карим аль-Ахльдің «Мафхум ахли сунна уаль-жамаа» дейтін кітаптарды оқыған.

Сол жылдары парсыша сарфтан «Бидон», нахуден «Аз-зарири» кітаптарын оқыған.

1992 жылы институтта «Ақида Тахауия» кітабінің мәтіндерін жаттап, ибну Абиль-Изз аль-Ханафи шархы бойынша үйренген.

1996 жылы Қазақстанға көшіп келіп, Шымкент қаласында «Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, араб тілі» факультеті бойынша университетті бітірген.

1997 – 2002 жылдары–шейх Мухаммад Амин жазғын «Адуауль-баян» кітабін, шейхтын ұлы Мухаммад Мұхтардың оқушысы Мухаммад Самғай дейтін кісімен оқыған. Ол кісіден 5 жыл білім талап еткен. Усайминнің «аль-Усуль мин ильмил-усуль» кітабін өткен. Мухаммад Самғай өтінішімен «Ақида Тахауия» кітабіна Абдуррахман аль-Хумайстің шархын аударған. Сол жылдары ол кісіден «такфир» жайлы сабақтарын алған.

2001 жылы Катар қаласына барып, шейх Уалид Абу Халидтен «Шарх Сахих аль-Бухари», Имам Маликтің «Муатта», Имам Ахмадтің «Усулус-сунна» деген кітаптардың шархтарын үйренген. Ибрахим шейх Уалидті 1994 жылдан білетін, сүннет сабақтарын алатын.

Одан кейін Димашк (Дамаск) қаласына келіп, Абдуль-Қадир аль-Арнауттан және оның оқушыларынан «Тафсир ибн Касир» кітабін, мусталәхуль-хадистан «аль-Бахисуль-хасис» кітабін оқыған.

1997 жылы қажылыққа барғанында Минада шейх Усайминнің (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін)  зухрдан кейін сабақтарына қатысып, сұрақтар қойып жүрген кездері де болған. Ал аср, мағриб, иша намаздарынан кейін ибн Баздың (Аллаһ оны мейіріміне бөлесін) палаткасында болып, сабақ алатын.

Одан кейін Димашк қаласынан Қазақстанға қайтып, «Ақида Тахауия» кітабіна ибн Абиль-Изз жазған шархын қысқаша аударып, осы кітаптан сабақтар берген.

2006 жылы Астана қаласындағы «Шұбар» мешітіне имам болып тағайындалды.

Осы арасында умра-қажылыққа барып, Салих аль-Фаузан, Салих аль-Лухайдан (Аллаһ оларды сақтасын) деген және тағы басқа шейхтардын сабақтарына қатысып жүрген.

2010 жылы (1431 хижра жылы) шейх Ибрахим ар-Рухайлиге 26 минут бойы  «АқидаТахауия» кітабі бойынша емтихан тапсырған. Және де, сол кезде Пайғамбар (салләЛлаһу аләйһи уассалләм) мешітінде 6 күн бойы минбарға жақын жерде, мағриб пен иша арасында «Ақида Тахауия» сабағын шейхпен бірге жүргізген, Ибрахим устаз мәтінін оқып отырса, шейх түсіндіріп отырған.

Касетадан шейх Мухаммад Салих аль-Усайминнің  «Сахих аль-Бухари» сабағын, шейх Сулейман ар-Рухайлидің, шейх Ибрахим ар-Рухайлидің, шейх Абдуль-Мухсин аль-Аббадтың сабақтарын тындап тұрады.

Жалпы Ибрахим жайлы қазір Мединада тұратын Уалид Абу Халид пен Ибрахим ар-Рухайлиден сұраса болады.

Ал өзі ақидасы жайында: «Менін ақидам Аллаһтың сөзі Құран, пайғамбар (сәлләЛлаһу аләйһи уассалләм) сүннеті, осы екеуін бұрынғы (сәләф) ғұламалардың түсінігімен түсіну» дейді.

Ибрахим Таиржан қазіргі уақытта Астана қаласында тұрады.

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


скачать

Ибраһим Әбу Мухаммәд туралы Ділмұраттың жауабы: “Ибраһим бауыр, Әлхамдулилләһ, жақсылыққа беттеп келеді. Ол кісіден өзінің өткен кітаптарын алса болады, ал оның артынан әңгіме айту т.б соған ұқсаған нәрселерді қойыңдар! Қателеспейтін адам жоқ.”

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.


скачать

 

Ибраһим Әбу Мұхаммәд сабақтарының тізімі

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Автор

Админ

Оқы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Толтырылуға міндетті орындар * белгіленген.

Сіз келесі HTML тегтерді қолданала аласыз. <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>