Исламдағы Құрбан шалу және онымен
байланысты ережелер туралы
(Әхкам әл-Удхия)
Бірінші басылым
Дайындаған
сайтының редакциясы
қазақ тіліне орыс тілінен аударған www.abuhanifa.kz
Мазмұны
«Әл-Удхия» (Құрбан шалу) терминінің анықтамасы.. 3
Құрбан шалу тек Аллаһқа ғана арналуы керек. 3
Мерекелі Құрбан шалу міндетті ме?. 4
Құрбан шалуды (Удхияны) құпталатын амал деп санайтын тараптың дәлелдері 4
Құрбан шалуды (Удхияны) міндетті деп санайтын тараптың дәлелдері 4
Удхияның міндеттілігіне қатысты қорытынды.. 6
Мерекелі Құрбан шалудың артықшылығы.. 6
Құрбан шалуға қойылатын шарттар.. 8
Мерекелі құрбандық ретінде пайдалануға болатын жануарлар. 8
Құрбандыққа шалынатын мал белгілі жасқа жетуі қажет.. 9
Құрбандық малын құрбандыққа жарамсыз немесе ұнамсыз ететін кемістіктер. 9
Мерекелі құрбандықтың орындалатын уақыты.. 10
Құрбандық малын сатып алған, бірақ кейіннен одан айырылып қалған адам не істеуі керек?. 11
Бір қой жанұя атынан шалынады.. 11
Бір малды қанша адам бірігіп құрбан ретінде шала алады?. 12
Тек ет алуды ниет еткен адаммен бірігіп сиыр союға болады ма?. 12
Удхия мен Ақиқаны біріктіруге болады ма?. 12
Қайтыс болған адам үшін жасалатын Удхия. 12
Қандай мал мерекелі құрбандық үшін ең жақсысы болып табылады?. 13
Құрбан шалуды ниет еткен адам не нәрселерден тыйылуы керек?. 14
Құрбандық малын шалуға қатысты қағидалар.. 15
Ықыласты ниет.. 15
Құрбан шалынатын малға рахымдылық таныту. 15
Құрбандық малын шалар кезде оны Қағбаға қарату. 15
Мерекелі құрбандықты адам өз қолымен шалғаны абзал. 16
Құрбандық малын шалуды басқа біреуге тапсырудың, бірақ ол мұсылман болуы шартымен рұқсат етілгендігі туралы.. 16
Құрбан шалудан бұрын айтылатын зікірлер. 16
Құрбан шалудан бұрын дәрет алу туралы. 17
Құрбандық малын шалғаннан кейін онымен не істеу керек?. 17
Құрбандыққа шалынған малдың ешбір бөлігін сатуға болмайтындығы туралы.. 17
Өзің шалған құрбандықтың етінен жеудің абзал екендігі жайында. 18
Құрбандық малының етін қалай дұрыс үлестіру керек?. 18
Құрбандық малының етінен кәпірге садақа ретінде беруге болатындығы туралы.. 18
Құрбандыққа шалынған малдың етін басқа қалаға жіберуге болады ма?. 18
Әдебиет. 19
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Біз Оны ғана мадақтайтын және Одан ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның елшісі екеніне куәлік береміз.
«Әл-Удхия» (Құрбан шалу) терминінің анықтамасы
Удхия, көпше түрі «адахи», тілдік мағынасы: «Таңертең күн шыққаннан кейін (әд-Духа) орындалған құрбан шалу». Қз.: “әл-Мисбах әл-мунир” 359.
Фақиһтердің анықтамасында «удхия» сөзі «Аллаһқа жақындау үшін белгілі уақытта, белгілі шарттармен құрбандыққа шалынған белгілі жануар» деген мағынаны білдіреді. Қз.: “Муғни әл-мухтаж” 6/122, “Субулю-с-Сәлам 4/160”.
Құрбан шалу тек Аллаһқа ғана арналу керек
Кез келген құрбан шалу: мейлі ол мерекелі (Удхия) болсын, мейлі басқа болсын – тек Аллаһ Тағалаға арналған болуы керек, мұны Аллаһ Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп бұйырғанындай: ”«Намазым, құрбандығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббысы - Аллаһ үшін! Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен мұсылмандардың алғашқысымын!», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 6: 162-163).
Қатада «… мен бой ұсынушылардың алғашқысымын» деген сөздер туралы: «Яғни осы үмметтің мұсылмандарының алғашқысымын», - деген. Абдур-Раззақ “әт-Тафсир” 1/214, Ибн Абу Хатим “әт-Тафсир” 8184.
Али ибн Абу Талибтің сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Өзінен басқа үшін құрбан шалған адамды лағынеттеді!», - деп айтқаны жеткізіледі. Муслим 1978.
Шейх Салих Әли Шейх былай деген: «Құрбан шалуды төрт түрге бөлуге болады:
Біріншісі: Аллаһтың атымен және Аллаһ үшін сойылатыны. Бұл – бірқұдайшылық (таухид)!
Екіншісі: Аллаһтың атымен, бірақ Аллаһтан басқа үшін сойылатыны. Бұл – құлшылықтағы көпқұдайшылық!
Үшіншісі: Аллаһтың атымен де емес, Аллаһ үшін де емес сойылатыны. Бұл – Аллаһтан басқа кімге болсын көмек тілеп жүгінудегі көпқұдайшылық, әрі құлшылықтағы көпқұдайшылық!
Төртіншісі: Аллаһтың атымен емес, бірақ Аллаһ үшін сойылатыны. Бұл – Аллаһтың Раббылығындағы көпқұдайшылық!».[1] Тыңдаңыз: “Шарх Китаб әт-таухид”.
Құран мен Сүннет Құрбан шалу ғибадаттың және Аллаһ Тағалаға мойынсұнудың ең ұлы түрлерінің бірі екеніне айқын нұсқайды. Ал Аллаһтан өзге үшін құрбан шалуға қатысты айтар болсақ, бұл үлкен көпқұдайшылықтың көрінісі. Бұның себебі жақындау мақсатымен мал құрбан шалу Аллаһ Тағаладан басқа ешкімге арнауға болмайтын ғибадат болып табылатындығында!
Құрбан шалу сияқты ғибадат рәсімінің ұлықтығы сонша – шариғат оны бұрын әлдебір пұт тұрған немесе көпқұдайшыл-мүшриктердің әлдебір мерекелері өтетін жерде орындауға тыйым салады, тіпті егер құрбан шалу Аллаһ үшін жасалса да. Сабит ибн әд-Даххақ былай деп баяндайтын: “Бірде бір адам Буана (деген жерде) түйе құрбан шалуды нәзір етті де, бұл туралы Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пікірін сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол жерде бұрын көпқұдайшылдардың табынатын пұты тұрған ба?», - деп сұрады. Оған: «Жоқ», - деп жауап берілді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы да: «Ал ол жерде кәпірлердің қандай да бір жиындары (мерекелері) өтетін бе еді?», - деп сұрады. Оған: «Жоқ, өтпейтін», - деп жауап қайырылды. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Нәзіріңді орында», - деді”. Абу Дауд 3307, әт-Табарани 1/134. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани мен шейх Абдул-Қадир әл-Әрнаут растаған.
Саф шариғат бірқұдайшылықты қандай қорғап сақтайтынына әрі болашақта көпқұдайшылыққа алып келетін барлық жолдарды қалай жабатынына назар бұрыңыздар!
Мерекелі Құрбан шалу міндетті ме?
Барлық ғалымдар Айт күні Құрбан шалудың шариғатпен заңдастырылған амал екеніне бірауызды келіскен. Қз.: “әл-Муғни” 9/345, “әл-Хауи” 19/83, “әл-Мухаллә” 7/355.
Алайда олар Құрбан шалу міндеттілігіне қатысты екі пікірге бөлінген.
Құрбан шалуды (Удхия) құпталатын қосымша амал деп санайтын тараптың дәлелдері
Ғалымдардың басым бөлігі, олардың арасында Са’ид ибн әл-Мусайиб, Ата, Алқама, Суфьян әс-Саури, Ибн әл-Мубарак, Мәлик, әш-Шәфи’и, Ахмад, Исхақ, әл-Музани, Ибн әл-Мунзир, Ибн Хазм, т.б. Құрбан шалу (Удхия) кұпталатын Сүннет, бірақ міндетті амал емес деп санаған. Қз.: «әл-Мәжму’» 8/358, “әл-Хауи әл-кәбир” 15/71, “Тәфсир әл-Қуртуби” 15/108.
Олардың дәлелі - Умм Сәлама жеткізген, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Құрбан шалғысы келген адам Зул-хижжа айы басталғанда құрбанын шалғанына дейін шашын да, тырнағын да мүлде алмасын!», - деген хадисі. Муслим 1977.
Имам әш-Шәфи’и былай деген: “Бұл хадисте мерекелі Құрбан шалу міндетті еместігіне айқын нұсқау бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны қалаумен байланыстырып: «… шалғысы келген», - деп айтты. Әрі егер бұл міндетті болғанда, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ешкім құрбан шалмайынша шаштары мен тырнақтарына тиіспесін!», - деп айтар еді”. Қз.: “Мухтасар әл-Музани” 8/283, «әл-Мәжму’» 8/368.
Жәбир былай баяндайтын: “Мен айт намазын Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге орындадым, әрі ол аяқталған соң ол бір қошқарды жетектеп келіп: «Аллаһтың атымен, Аллаһ Ұлы! Уа, Аллаһ мұны менен және менің үмметімнен болған құрбан шала алмағандардың атынан қабыл ет», - деп құрбан шалды”. Абу Дауд 2810, әт-Тирмизи 1521, Ахмад 3/356, Абу Я’лә 2/105. Хадистің сахихтығын имам әл-Хаким, имам әз-Зәһаби, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани растаған.
Сондай-ақ осы сияқты хадис Абу Рафи’адан да жеткізіледі. Онда: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айт күні екі семіз ақ қошқар сатып алып, оларды өзінің және үмметінің атынан құрбан шалды», - деп айтылады. Ахмад 6/391, әт-Табарани 2/127. Хадистің сахихтығын хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани растаған.
Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл екі хадисте (мерекелі) Құрбан шалу міндетті емес екендігіне нұсқау бар. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметі мен отбасы үшін Құрбан шалғаны мерекелі Құрбан шалуды орындамаған әрбір адам үшін, оның оны орындауға шамасы болсын-болмасын, жеткілікті болып табылады!» Қз.: “Нәйлюл-әутар” 5/126.
Шейх Ахмад ибн ‘Абдур-Рахман әл-Банна бұл хадистерге қатысты былай деген: «Бұл тараудың хадистерінде сондай-ақ Құрбан шала алмайтын кедей мұсылман бұл үшін сауапсыз қалмайтынына, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол үшін Құрбан шалғанына нұсқау бар!» Қз.: “әл-Фатх әр-Раббаний” 13/66.
Ал осы тараптың ең күшті дәлелдерінің біріне келер болсақ, ол, бұл туралы имам Ибн Хазм айтқандай, сахабалардан ешкім Удхияны міндетті деп санамағаны. Имам әл-Бәйһақи Абу Сариханың: «Мен Абу Бакр мен Умардың (адамдар) оларға осыда ілесетінінен қорқып, мерекелі Құрбан шалуды орындамағанын көрдім», - деп баяндағанын жеткізген. Кейін әл-Бәйһақи: «Абу Сариха – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Хузайфа ибн Усайд», - деген. Қз.: “Сунан әл-кубра” 9/295.
Бұл хадистің сахихтығын имам ән-Нәуауи, хафиз әл-Хайсами және шейх әл-Әлбани растаған. Қз.: «әл-Мәжму’» 8/368, “Мәжма’у-ззауаид” 4/18, “Ируаул-ғалил”1139.
Сондай-ақ Абу Мас’уд әл-Ансари де: «Ақиқатында, мен кейде Құрбан шалуға мүмкіндігім бола тұра, мұны қалдырамын, өйткені көршілерім оны міндетті деп ойлап қалуынан қорқамын!», - деген. ‘Абдур-Раззақ 8149. Хафиз Ибн Хәжар иснадын сахих деген. Қз.: “әт-Тәлхис әл-хабир” 4/145.
Құрбан шалуды (Удхия) міндетті деп санайтын тараптың дәлелдері
Ғалымдардың бір тобы, олардың арасында Абу Ханифа, әл-Ләйс, әл-Ауза’и, Хасан әл-Бәсри, сондай-ақ шейхул-Ислам Ибн Тәймия Құрбан шалуды міндетті деп санаған. Қз.: “әл-Мәбсут” 8/12, “Мәжму’ул-фатауа” 23/162.
Осы орайда олар келесі дәлелдерге сүйенген:
Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деген: «Раббың үшін намаз орында және бауызда» («әл-Кәусар» сүресі 108: 2).
Хасан әл-Басри бұл аяттың мағынасы туралы былай деген: «Раббың үшін мерекелі (Айт) намазды орында және құрбандық малын (Удхия) шал!» Қз.: “Тафсир әл-Қур`ан әл-‘Азиз” 5/168.
Әрі тура осылай етіп бұл аятты ханафилер және Удхияны міндетті деген пікірді ұстанатындардың барлығы тәпсірлейтін.
Алайда бірінші пікірді ұстанатын ғалымдар сәлафтардың бұл аятты осылай тәпсірлеуі бірмағыналы емес деген. Олардың арасында «Раббың үшін намаз орында» деген сөздер бес уақыт намазға қатысты дегендер болған, әрі бұл пікір Ибн Аббастан да жеткізіледі. Ал «және шал» (уанхар) сөзіне келсек, онда Али ибн Абу Талиб оны: «Намазда оң қолды сол қолдың үстіне көкірекке қою» деп тәпсірлеген. Қз.: “Мә’рифату-с-Сунан уәл-асар” 14/18, “Тәфсир әл-Қуртуби” 20/218.
Сондай-ақ Құранның кейбір тәпсіршілері бұл аяттың мағынасы көпқұдайшылдар өздерінің намаздары мен құрбандықтарын пұттарға арнайтын болып, ал Аллаһ Тағала мұсылмандарға мұны тек Өзіне ғана арнауды бұйырғанында еді деген! Қз.: “Нәйлюл-әутар” 5/127.
«Бұл аятта сөз мерекелі Құрбан шалу туралы болып тұр» деген бірмағыналы тәпсірлеудің болмауы негізінде бұл дәйектің күші Удхия міндетті деген пікірге қатысты жойылады.
Құрбан шалуды міндетті деп санайтын тараптың дәлелдеріне сондай-ақ Жундубтан жеткізілетін, оның былай деп баяндаған хадисі жатады: “Мен Құрбан Айт күні Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болдым. Әрі ол намазды орындап біткен соң, бауыздалған қойларға көзі түсті де, былай деді: «Кім Құрбан шалуды намазға дейін орындаған болса, шалып қойған малының орнына тағы бір қой шалсын. Ал кім әлі Құрбан шалуын орындамаған болса, оны Аллаһтың атымен орындай берсін!»” Әл-Бухари 10/20, Муслим 1960.
Құрбан шалудың міндетті екендігін жақтайтындар егер Удхия міндетті болмағанда, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны Айт намазына дейін орындаған адамға қайта орындауды бұйырмайтын еді деген. Қз.: “И’лә әс-Сунан” 13/246.
Алайда кері пікірдің жақтаушылары бұған хадисте Құрбан шалуды орындаудың уақытына нұсқау туралы сөз болуда деп жауап берген. Имам Абул-‘Аббас әл-Қуртуби былай деген: “Бұл хадисте Құрбан шалудың міндеттілігіне нұсқау жоқ, өйткені оның мағынасы Құрбан шалғысы келген, бірақ білімсіздігі немесе ұмытшақтығы себебімен оны шариғат заңдастырмаған тәсілмеген орындайтын адамға оның шарттарын нұсқауда болып тұр. Сондықтан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның шарттарын түсіндіріп тұр. Бұл - нәпіл намазы туралы: «Ол дәретсіз және әуретті жабусыз жарамсыз», - деп айтылатын сөздер сияқты”. Қз.: “әл-Муфхим” 5/351.
Хафиз Ибн Хәжар былай деп айтқан: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан шалуды қайталауды бұйырып айтқан сөздері мұның міндетті екендігіне нұсқамайды, олар тиісті уақытынан бұрын бірінші шалынған құрбандықтың жарамсыз екеніне нұсқап тұр». Ол тағы да былай деді: “Бұл дәйекке жауап келесідей: бұл хадистерде Құрбан шалудың (Удхия) шариғи шарты туралы айтылуда. Бұл, мысалы, Дұха намазын күн шыққанға дейін орындаған адамға (басқа адамның): «Күн шыққан соң, бұл намазды қайта орында», - деп айтқаны сияқты”. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/14, 93.
Удхияның міндеттітілігін жақтайтын тараптың тағы бір дәлелі – бұл Абу Хурайрадан жеткізілетін, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім жағдайы бола тұра Құрбан шалуды орындамаған болса, біздің мешіттерімізге жақындамасын!», - деп айтқан хадисі. Ахмад 1/321, Ибн Мәжаһ 3123, әд-Дарақутни 2/545.
Алайда ғалымдардың арасында бұл сөздер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі ме, әлде Абу Хурайраға ма деген келіспеушілік бар. Имам әл-Бәйһақи былай деген: «Маған Абу Иса әт-Тирмизиден бұл хадис Абу Хурайрадан келтіріледі деп жетті». Қз.: “Сунан әл-кубра” 9/260.
Ханафи имамы әз-Зәйлә’и де бұл сөздер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) емес, Абу Хурайраға тиесілі деген пікірге ауған. Қз.: “ән-Нәсбу-ррая” 4/207.
Оған дейін тура осыны имам әд-Дарақутни мен хафиз әл-Мунзири де айтқан. Қз.: “әт-Тарғиб” 2/321.
Хафиз Ибн Абдул-Барр былай деген: «Бұл хадисте, тіпті егер осы сөздер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тиесілі болғанда да, Удхияның міндетті екендігіне нұсқау жоқ. Ал көпшілік (ғалымдар) бұл сөздер Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздері емес деп айтқан жағдай туралы не айтуға болмақ?!» Қз.: “әл-Истизкар” 15/160.
Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Бұл хадисті Ибн Мәжаһ пен Ахмад келтіреді. Оның барлық жеткізушілері сенімді, алайда бұл сөздер кімге тиесілі дегенде келіспеушіліктер бар. Әрі ең дұрысы - бұл сөздердің Абу Хурайраға тиесілі дегені. Бірақ тіпті осылай болса да, онда Құрбан шалудың міндетті екендігіне айқын нұсқау жоқ». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/98.
Имам Ибн әл-Жәузи былай деген: “Бұл хадисте Удхияның міндетті екендігіне нұсқау жоқ, бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сарымсақ жеген адам біздің мешіттерімізге жақындамасын!», - деген сөздері сияқты”. Қз.: “Тахқиқ фи ахадис әл-хиләф” 2/161.
Имам Мунсур әл-Бухути де тіпті бұл хадис сенімді болғанның өзінде, оның мағынасы Құрбан шалуға деген қатаң үндеуде, бірақ оның міндетті екендігінде емес деп айтқан. Қз.: “Шарх әл-Ирадат” 1/162.
Сондай-ақ дәлел ретінде келесі хадис те қолданылады: «Уа, адамдар! Бір отбасы үшін жылына бір рет Құрбан шалу мен Атираны орындау керек». Абу Дауд 2788, әт-Тирмизи 1518, ән-Нәсаи 4235, Ибн Мәжаһ 3125.
Алайда бұл хадис әлсіз болып табылады, өйткені оның жеткізушілерінің арасында Абу Рамлә деген белгісіз жеткізуші бар. Бұл хадистің әлсіз екендігі жайында имам әл-Хаттаби, хафиз Абдул-Хакқ әл-Ишбили, имам Абул-Аббас әл-Қуртуби т.б. айтатын. Қз.: “Мә’алиму-с-Сунна” 2/195, “ән-Насбу-ррая” 4/211.
Имам әл-Бәйһақи былай деген: «Тіпnі егер бұл хабар сенімді болса да, онда (Құрбан шалудың) абзалдығы туралы сөз болуда, өйткені хадисте Удхия мен Атира өзара байланысты келеді, ал Атира бірауызды келісім (ижма’) бойынша міндетті емес!» Қз.: “Мәрифату-с-Сунан уәл-асар” 14/17.
Имам Абул-Аббас әл-Қуртуби де хадисте Құрбан шалуға деген үндеу және оның құпталатындығы туралы сөз болуда, өйткені бұл бұйрық тіс тазалағыш таяқшаны (сиууак) пайдалану туралы: «Сендер сиууак қолдануларың керек! Ақиқатында, ол – ауызды тазалағыш, әрі Раббының разылығын шақырады!», - деп айтылған бұйрық секілді деп айтқан. Ахмад. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4068.
Ал Атираға[2] келер болсақ, онда ғалымдардың барлығы оның міндетті болмағандығына бірауызды келісімде болатын. Әрі сондықтан да егер хадис Удхияның міндеттілігіне нұсқайтын болғанда, онда сондай-ақ Атираның да міндеттілігіне нұсқау болар еді. Қз.: “әл-Муфхим” 5/351.
Удхияның міндеттілігі туралы қорытынды
Қаралған дәйектердің негізінде мерекелі Құрбан шалу (Удхия) міндетті емес және оны орындамау күнә болмайды деген пікір дұрыс екендігі айқын болады. Әрі бұл мәселедегі ең айқыны - бұл сахабалардың түсінігі, ал олар Удхияны міндетті деп санамаған.
Алайда барлық ғалымдар бұл ұлы рәсімді орындау өте құпталатын амал екеніне бірауызды келіскен, әсіресе, оны орындауға деген мүмкіндік болса, өйткені Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сапарда да, үйінде де болған кездерінде Удхияны қалдырғандығы туралы белгісіз! Әрі осыған аса Құдіретті Аллаһ Тағала да: «Құрбандыққа шалынатын малдарды сендер үшін Аллаһтың рәсімдік белгілері еттік. Мұнда сендер үшін қайыр бар», - деп нұсқаған («Хаж» сүресі 22: 36).
Имам әш-Шәфи’и былай дейтін: «Удхия – Сүннет! Әрі мен оның тасталғанын ұнатпаймын!» Қз.: “әл-Умм” 2/221.
Хафиз Ибн Абдул-Барр былай деген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл өмірі барысында Удхия жасайтын, әрі оның Удхияны бір рет болса да қалдырғаны белгісіз. Ол оны орындауға ынталандыратын, әрі молшылыққа ие мұсылман адам оны тастамауы қажет!» Қз.: “әл-Истизкар” 15/163.
Әрі Удхияны міндетті емес деп санаған шейх Ибн Усаймин де: «Удхия міндетті деген пікір ол міндетті емес деген пікірден жақсырақ. Алайда (құрбан шалуға деген) мүмкіндіктің болуы шартымен». Қз.: «Шархул-мумти’» 7/422.
Мерекелі құрбан шалудың артықшылығы
Аллаһ Тағала былай деген: «Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Аллаһтың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік» («әл-Хаж» сүресі 22: 34).
Икрима былай деген: «Сөз мерекелі Құрбан шалу туралы болуда!» Қз.: “Тафсир Ибн Абу Хатим” № 13927.
Имам Ибн әл-Жәузи былай деген: «Бұл аятта мерекелі Құрбан шалу тек бұл үмметтің ғана ерекшелігі болмағанына нұсқау бар». Қз.: “Задул-мәсир” 5/431.
Мерекелі Құрбан шалу Исламның ұлы рәсімдерінің бірі екеніне, әрі біз оны орындау барысында Аллаһтың Жалғыздығы мен Ұлықтығын ұмытпай, барлық үмметтерден ең алғаш болып осы рәсімді орындаған арғы атамыз Ибраһим пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) өнегесіне ілесетінімізге ешқандай күмән жоқ.[3] Әрі Құрбан шалудың артықшылығы ұлы екеніне де ешқандай күмән жоқ, алайда бұл амалдың артықшылығына нұсқайтын көптеген хадистер әлсіз, не ойдан тоқылған болып табылады. Имамдардың арасында Удхияның артықшылығы туралы бірде-бір сахих хадис жоқ деп айтқандары да болған. Имам Абу Бакр ибн әл-Араби былай деген: «Құрбан шалудың артықшылығы туралы сахих хадис жоқ, әрі адамдар бұған қатысты оғаш нәрселер жеткізетін[4]». Қз.: «Аридатул-ахуази» 4/13.
Бірақ бұған қарамастан, Ибн әл-Арабидің өзі былай дейді: «Ақиқатында, Құрбан Айт күні құрбан шалу амалдардың ең жақсысы болып табылады, өйткені әрбір ғибадат өзінің бекітілген уақытысында артықшылыққа ие!» Қз.: «Аридатул-ахуази» 4/13.
Алайда Удхия туралы хадистердің арасында кейбір сенімді хадистер бәрібір бар. Хафиз Ибн Абдул-Барр “әт-Тамхидте” былай деп баяндаған: “Құрбан шалудың артықшылығына келсек, онда ол туралы жақсы (хасан) хабарлар жеткізілген, олардың арасында Са’ид ибн Дауд Абу әз-Зубайрдың сөздерінен, ал ол Мәликтен, ол Саур ибн Язидтен, ол Икримадан, ал ол Ибн Аббастан жеткізген, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ үшін туысқандық қатынастарды үзбей сақтаудан кейін, құрбан малының қанын төгуден артық шығындану жоқ!», - деп айтқан (хадис)”. Қз.: “Фатх әл-Мәлик” 7/18.
Сондай-ақ Ибн Умардан жеткен ұзын хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардың Қажылық рәсімдерінің артықшылықтары туралы қойған сұрақтарына жауап бере келе, Құрбан шалуға қатысты: «Ал сенің Құрбан шалуыңа келер болсақ, онда бұл үшін саған Раббыңның алдында ұлы сый әзірленген!», - деп айқаны жеткізіледі. Әл-Баззар 2/182, Ибн Хиббан 963, Абдур-Раззақ 8830. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1112.
Имам әл-Мунауи әт-Тыйдің былай дегенін жеткізген: “Игі амалдар, олардың міндеттілері де, сүннеттері мен әдепке (қатыстылары) да, өздерінің құндылықтарындағы айырмашылықтарына қарамастан, бірінің үстінен бірі артықшылыққа ие болады. Өйткені басқа амалдар оның үстінен артықшылыққа ие болған қаншама амалдар белгілі уақыттың немесе орынның себебімен өзге амалдардан артық болады! Әрі егер мерекелі Құрбан шалуға (Удхияға) қарайтын болсақ, онда бұл Аллаһтың рәсімдерінің көрініс табуынан екендігі айқын болады, ал Аллаһ Тағала: «Ал кім Аллаһтың рәсімдерін ардақтаса, онда бұл, ақиқатында, жүректердегі тақуалықтан шығады!» («әл-Хаж» сүресі 22: 32), - деген ”. Қз.: “Фәйдул-Қадир” 5/584.
Құрбан шалуға қатысты қойылатын шарттар
Мерекелі Құрбандық ретінде пайдалануға болатын жануарлар
Мерекелі Құрбан шалуға тек төрт түрлі малдың еркектері мен ұрғашылары жарамды, олар: түйе, сиыр, қой, ешкі. Ал жануардың басқа түрлері Удхия үшін жарамсыз. Қз.: “әл-Муғни” 9/440, “Бидаятул-мужтаһид” 1/348, “әс-Сайлюл-жәрар” 4/78.
Аллаһ Тағала былай деген: «Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Аллаһтың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік» («әл-Хаж» сүресі 22: 34).
Имам әш-Шәфи’и былай деген: “«Малдардан» дегенде бұл жерде сегіз (яғни төрт жұп) мал туралы сөз болуда: түйе, ірі қара, қой, ешкі”. Қз.: “әл-Хауи” 15/75.
Имам әл-Қуртуби былай деген: «Мұсылмандар бірауызды келісімде болған және Удхияны жасайтын малдар – бұл төрт түрлі мал жұптарымен: қой, ешкі, сиыр мен түйе (еркек-ұрғашылары)». Қз.: “Тафсир әл-Қуртуби” 15/109.
Алайда бұл бірауызды пікірден Удхия ретінде бөкенді, қарақұйрықты, қодасты, енекені (буйвол) т.с.с. шалуға рұқсат етіледі деп санаған Хасан ибн Салих (Қз.: «әл-Мәжму’» 8/394) және Удхияны етін жеуге болатын кез келген жануармен жасауға болады деп айтқан имам Ибн Хазм ауытқыған. Осы орайда ол «Жұма күні жүніп болғаннан соң ғұсыл алынатындай етіп ғұсыл алып, кейін мешітке (жұма) намазға (оның) алғашқы сағаттарында аттанған адам Аллаһ үшін түйе құрбан шалған адам сияқты. Намазға бұдан кейінірек аттанған адам құрбанға сиыр шалғандай. Бұдан да кешірек баратын адам мүйізді қошқарды құрбан шалған сияқты. Одан кешірек аттанған адам тауықты құрбан шалған адамдай. Ал бұдан да кешірек баратын адам жұмыртқаны құрбан шалған адам секілді» деген хадиске сүйенген. Әл-Бухари 881, Муслим 850.
Бұл хадиске сүйеніп, Ибн Хазм егер тауықты құрбан шалуға рұқсат етілмейтін болғанда, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны сауаптың мысалы ретінде атамайтын еді деген. Қз.: “әл-Мухаллә” 6/29.
Алайда қалған ғалымдар бұл дәйектемеге қарсы шығып: «Егер құрбандық ретінде құсты шалуға да болады дегенге осы хадисті дәлел ретінде алатын болсақ, онда мерекелі Құрбандық ретінде жұмыртқаны да қолдануға рұқсат етілетіні шығады! Өйткені ол да осы хадисте мысал ретінде қолданылған ғой. Алайда мұның болмайтынына келіспеушілік жоқ», - деп айтқан.
Сондай-ақ дәлел ретінде Ибн Хазм Біләлдің «Мен тауықпен болса да Құрбан шалуды қоймас едім!» деген сөздерін пайдаланған. Абдур-Раззақ 8156. Иснады сахих.
Алайда бұлтартпас дәлел тек Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) іс-амалында ғана, өйткені оның қашан болса да құспен Удхия жасағаны белгісіз.
Хасан ибн Салих пен Ибн Хазмның бұл мәселедегі пікірлерін ғалымдар қайтарылған және сәлафтар мен олардан кейінгі имамдардың айтқандарына қайшы келетін пікірлерге жатқызған. Қз.: “И’ләу әс-Сунан” 17/229.
Құрбандық малы белгілі жасқа толған болуы қажет
Жәбирден Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Тиісті жасына толмаған малды құрбан шалмаңдар. Егер бұл сендер үшін ауыр болса, онда алты ай толған қойларды шалуларыңа болады». Муслим 1963.
Имам ән-Нәуауи былай деген: «Бұл хадисте белгілі жасқа толмаған малды мерекелі Құрбандыққа шалуға рұқсат етілмейтініне нұсқау бар, бұдан тек қой ерекшеленеді». Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 5/101.
Ал құрбандық малдарының жастарына келер болсақ, онда түйенің ең аз жасы бестен басталады, сиыр-бұқаның жасы – екі жастан, ал қой-ешкінің жасы бір жастан басталады. Қз.: “әл-Мудаууана” 2/12, “әл-Мәбсут” 9/12, “әл-Муғни” 9/348, “әл-Хауи” 19/29.
Ал дәл қой мен қошқарға келер болсақ, онда шариғат оларға ерекшелік жасап, егер қой-қошқар ірі болса, онда бір жасқа толмағанын да шала беруге рұқсат етті.
Уқба ибн Амир былай баяндайтын: «Бірде біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге мерекелі Құрбан шалуды орындадық, әрі алты айлық қойларды құрбан шалдық». Ән-Нәсаи 7/219, әл-Бәйһақи 9/270. Хафиз Ибн Хәжар мен шейх әл-Әлбани хадистің сенімділігін растаған.
Алайда бұл, осыған жоғарыда келтірілген «Егер бұл сендер үшін ауыр болса, онда алты ай толған қойларды шалуларыңа болады» деген хадис нұсқайтындай, тек қажеттілік болған жағдайда ғана орындалатын ерекшелік екенін тағы да бір рет айтып кету қажет. Муслим 1963.
Бұған қоса кейбір сәлафтар алты айлық қозы кішкентай болмауға тиіс деп айтқан. Ибраһим ән-Нәһа’и: «Бір жасқа толмаған қой егер ірі болса ғана құрбандыққа шалына алады». Қз.: “әл-Асар” 63.
Сондай-ақ кейбір адамдар қой-қошқарға қияс жасап, осы үкімге ешкі-теке де кіреді деп қате санайды. Әл-Бара ибн ‘Азиб былай деп баяндаған: “Бірде Құрбан Айт күнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (айт) намаздан кейін бізге құтпа айтты әрі: «Біз сияқты намазды орындаған және біз сияқты құрбан шалған адам оны дұрыс орындаған болады, ал (егер) кім құрбанды айт намазына дейін шалса, онда оны намазға дейін шалып қойған әрі мүлде құрбан шалмаған болады», - деді. Мұны естіп, Абу Бурда: «Уа, Аллаһтың Елшісі, мен өзімнің қойымды намазға дейін құрбан шалып қойдым, өйткені бүгін мереке екенін және адамдар жеп-ішетінін білдім, әрі менің қойым үйімде шалынатын құрбандықтың ең алғашқысы болуын қаладым! Міне, осы себептен де мен өз қойымды намазға келуден бұрын бауыздап, етін жеп алдым», - деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің қойың тек етке ғана жүре алады», - деді. (Сонда) Абу Бурда: «Уа, Аллаһтың елшісі, бізде мен үшін екі қойдан да қымбат кішкентай лақ бар. Ол мен үшін (әлгі қойдың) орнын баса алады ма?», - деп сұрады. Ол: «Иә, бірақ сенен кейін бұл ешкім үшін (қойдың) орнын басатын бола алмайды!», - деп жауап берді”. Әл-Бухари 955.
Сөйтіп, бұл тек Абу Бурда үшін ерекшілік болғаны айқын болды.
Бұдан қалса, ғалымдардың арасында Удхияға жарамды малдардың барлығы белгілі жасқа толуы қажет екендігіне әрі ерекшелеу тек қойларға қатысты жасалғанына келіспеушілік болмаған. Имам ән-Нәуауи: «Түйе, сиыр және ешкі белгілі жасқа толмаса, құрбандыққа шалына алмайтынына үммет бірауызды келіскен», - деп айтқан. Қз.: «әл-Мажму’» 8/394.
Құрбандық малын құрбандыққа жарамсыз немесе ұнамсыз ететін кемістіктер
Әл-Бара ибн Азиб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай дегенін баяндады деп жеткізіледі: «Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды: ақауы айқын бір көзді малды; ауруы айқын ауру малды; ақсақтығы айқын ақсақ малды; және әлсіздігі айқын арық малды». Ахмад 4/284, Абу Дауд 2802, әт-Тирмизи 1/283. Абу ‘Иса әт-Тирмизи, Ибн Хиббан, әл-Хаким және әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Хафиз Ибн ‘Абдул-Барр былай деген: «Осы төрт кемістіктер туралы барлық ғалымдар бірауызды келісімде, мен бұған қатысты ешқандай келіспеушіліктерді білмеймін. Сондай-ақ осындай мағынаға жататынның барлығы да осыған қатысты екені де белгілі. Егер бір көзді мал рұқсат етілмесе, онда соқыр мал тіпті рұқсат етілмейді. Әрі егер ақсақ мал рұқсат етілмесе, онда аяқсыз мал тіпті (рұқсат етілмейді). Мұның барлығы ап-айқын және белгілі, әрі бұған қатысты келіспеушіліктер жоқ». Қз.: “Фәтх әл-Мәлик” 7/16.
Осындай кемістіктері бар мал Құрбандық ретінде шалынуына болмайды, ал егер шалынса да – есептелмейді, әрі ғалымдар арасында бұған қатысты келіспеушіліктер жоқ.
Ал егер бұл кемістіктер айқын емес және шамалы ғана болса, онда мұндай малды құрбандыққа шалуға тыйым салынбайды, өйткені хадисте бұл кемістіктер айқын болуға тиіс деп нұсқалған. Қз.: “әс-Сәйлюл-жәрар” 4/80.
Сондай-ақ малды құрбандыққа жарамсыз етпейтін, бірақ ұнамсыз ететін кемістіктер де бар. Олардың арасында, мысалы, құлақтың кесілгені немесе жұлып алынғаны, сынық мүйіз секілді т.с.с. бар. Али ибн Абу Талиб: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге (құрбандық малдарының) көздері мен құлақтарына көңіл бөлуді бұйыратын», - деп айтқан. Ибн Мәжаһ 3143, Ибн Хузайма 2915. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Ал Сүннетте аталмаған кемістіктерге келер болсақ, олар құрбандыққа шалынатын малдарды жарамсыз етпейді, алайда сауаптың толыққанды болмауына себепкер болуы мүмкін. Қз.: “Сахих фиқһу-с-Сунна” 2/373.
Ал піштірілген малға келер болсақ, оны құрбанға шалудың оқасы жоқ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандыққа шалған екі қошқар піштірілген болатын деп айтылған көптеген хадистер бар.
Абу Рафи’ былай баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан ретінде екі ақ-қара ала піштірілген қошқарды шалды». Ахмад 6/8. Хадис сахих. Қз.: “Ируаул-ғалил” 1147.
Имам әл-Хаттаби былай деген: «Бұл хадисте піштірілген мал мерекелі Құрбандық үшін айыпталмайтындығына нұсқау бар. Бірақ кейбір ғалымдар мұны малдың бір дене мүшесі болмауы себепті айыпты деп санаған. Алайда бұл малдың кемістігі болып саналмайды, өйткені піштіру малдың етін жақсартады әрі одан жаман иісті жояды». Қз.: “Мә’алиму-с-Сунан” 2/197.
Құрбан шалу – бұл Аллаһқа арналатын ғибадат рәсімі, ал Аллаһ – Игі әрі тек игі болған нәрсені ғана қабыл етеді. Аллаһ Тағала былай деген: «Ал кім Аллаһтың рәсімдерін ардақтаса, онда бұл, ақиқатында, жүректердегі тақуалықтан шығады!» («әл-Хаж» сүресі 22: 32).
Егер мал оны сатып алғаннан кейін (жарақаттанып) зақым-кемістік алса, оны бәрібір құрбандыққа шалса болады.
Мерекелі құрбан шалу орындалатын уақыт
Удхияның қатаң белгіленген өз уақыты бар. Ол Құрбан Айт (10 зул-хижжа) күні айт намазы мен айт құтпасы оқылып болған соң басталады. Удхияны айт намазына дейін орындағанның құрбандығы жарамсыз болады. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Біз сияқты намазды орындаған және біз сияқты құрбан шалған адам оны дұрыс орындаған болады, ал (егер) кім құрбанды айт намазына дейін шалса, онда бұл намазға дейін болды да, ол құрбан шалмады». Әл-Бухари 955.
Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: «Удхияны айт күні күн шыққанға дейін шалуға рұқсат етілмейтініне барша бірауызды келіскен!» Қз.: «әл-Ижма’» 78.
Егер мұсылмандар айт намазы оқылмайтын мемлекетте өмір сүрсе, онда олар күн шыққаннан шамамен бір сағаттан кейін Құрбан шала береді. Мұның себебі Құрбан шалу уақыты күннің көкжиектен найзаның бойындай биіктікке көтерілген сәттен (әд-Духа) басталатындығында, бірақ сондай-ақ осыған айт намазы мен одан кейін құтпаның оқылуын қосу керек, сонда барлығы қосылғанда бір сағатты құрайды. Қз.: “әл-Муфәссәл фи ахкам әл-Удхия” 153.
Ал Құрбан шалудың соңғы уақыты туралы айтар болсақ, онда ғалымдар арасында бұған қатысты бес түрлі пікір бар. Алайда, бұл туралы хафиз Ибн Абдул-Барр айтқандай, олардың екеуін ғана қарауға болады, өйткені бұл пікірлердің екеуі ғана сахабалардың пікіріне негізделген болып табылады. Бір пікір бойынша, 10 зул-хижжа Құрбан Айт күнінен кейін тағы екі күн құрбан шалуға рұқсат етіледі. Ал екінші пікір бойынша, құрбан шалуды Айт күнінен кейін тағы үш күн, яғни әт-Тәшриқтың барлық үш күнінде, яғни зул-хижжаның 11,12 және 13-де орындауға болады. Бұған қатысты Жубаир ибн Мут‘имнен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әт-Тәшриқтің барлық күндері – Құрбан шалу күндері!», - дегені жеткізіледі. Ахмад 4/82, әд-Дарақутни 4/284.
Алайда бұл хадистің сахихтығы туралы көптеген түрлі пікірлер айтылған болатын. Бірақ аталған хадис бір-бірін күшейтетін көптеген жеткізу жолдарына ие, сол себепті имам Ибн Хиббан, хафиз әс-Суюты, имам әл-Мунауи, шейх әл-Әлбани, шейх Абдул-Қадир әл-Әрнаут пен Шу’айб әл-Әрнаут оның сахихтығын растаған. Қз.: “«Сахих» Ибн Хиббан” 9/166, “Фәйдул-Қадир” 5/35, «Сахих әл-жәми’» 4537, “Тахқиқ «Зад әл-мә’ад»”.
Сондай-ақ бұл пікір Али мен Ибн ‘Аббастан да жеткізіледі. Қз.: “Задул-Мә’ад” 2/291, “Нәйлюл-әутар” 5/142.
Имам әш-Шәфи’и былай дейтін: «Кім әт-Тәшриқтің соңғы күні күн батқаннан кейін құрбан шалған болса, оның Удхиясы жоқ!» Қз.: “әл-Умм” 2/223.
Сөйтіп, ең жақсы пікір бұл Удхияны төрт күн орындауға болады деген пікір болып табылады.
Алайда құрбандықты ең бірінші, яғни 10 зул-хижжа, ол туралы Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһтың алдындағы ең ұлы күн Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн болып табылады![5]» (Ахмад, Абу Дауд, әл-Хаким. Шейх әл-Әлбани және шейх Муқбил хадистің сахихтығын растаған. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1064, “әл-Жәми’ әс-сахих” 2/328) , - деп айтқан, жылдың ең ұлы күні болған Құрбан айт күні шалған жақсырақ екеніне күмән жоқ.
Құрбандық малын сатып алған, бірақ кейіннен одан айырылып қалған адам не істеуі керек
Егер адам құрбандық малын сатып алған болса, алайда кейіннен оны жоғалтып алса, немесе ол өліп қалса, немесе оны ұрлап кетсе т.с.с., онда ол еш нәрсе істеуге және басқа мал сатып алуға міндетті емес. Тамим ибн Хууайс былай деп баяндайтын: “Бірде мен Құрбандық шалу үшін Мина алқабында тоқты сатып алған едім, бірақ кейін ол жоғалып қалды. Мен бұл туралы Ибн Аббастан сұрағанымда, ол: «Бұл саған зиян тигізбейді», - деп жауап берді”. Әл-Бәйһақи 9/289. Иснады сахих.
Бірақ нәзір етілген құрбандық пен нәзірсіз орындалатын құрбандық арасын ажырату керек. Ибн Умар былай дейтін: «Егер адам мерекелі құрбандыққа түйе шалуды нәзір етіп, сол үшін түйе сатып алған болса, әрі содан кейін ол жоғалып немесе өліп қалса, онда ол оның орнына (басқасын шалу) керек. Ал егер бұл ерікті (нәзірсіз) Құрбан шалу болса, онда қаласа оның орнын (басқасымен) ауыстырсын, ал егер қаламаса, еш нәрсе істемей-ақ қойсын». Мәлик 866. Иснады сахих.
Бір қой бір жанұя атынан құрбандыққа шалынады
Әрбір ауқатты жанұя атынан, тіпті ол жанұяда жүз адам болса да, бір қой шалынады. Ата ибн Ясар былай деп баяндайтын: “Бірде Абу Айубтан адамдар: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде Құрбан шалу қалай орындалатын?» , - деп сұрады. Ол: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде адам өзі және өз отбасы мүшелері үшін бір қой құрбан шалатын, әрі олар оның етін жейтін және оның бір бөлігін басқаларға тарататын, бірақ кейіннен адамдар осымен мақтанатын болды да, сендер қазір көріп тұрған нәрселер орын алды», - деп жауап берді”. Ибн Мәжаһ 3147, әт-Тирмизи 1541. Имам Абу ‘Иса әт-Тирмизи, имам ән-Нәуауи мен шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растады.
Аиша былай баяндайтын: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Удхияны орындаған кезінде: «Аллаһтың атымен. Уа, Аллаһ, Мухаммад пен Мухаммадтың отбасы мүшелерінен және Мухаммадтың үмметінен қабыл ет», - деді де, содан кейін құрбан шалды”. Муслим 1967.
Имам әл-Хаттаби былай деген: «Бұл хадисте бір қойды құрбан шалу бір адам және оның жанұясының барлық мүшелері үшін, тіпті олар көп болса да, жеткілікті екеніне дәлел бар!» Қз.: “Мә’алиму-с-Сунан” 2/197.
Сондай-ақ: «Али ибн Абу Талиб бір малды өз отбасының барлық мүшелері атынан Құрбан шалатын еді», - деп жеткізіледі. Ибн Абу әд-Дунья. Қз.: «‘Аунул-Мә’буд» 8/4.
Ал егер кімнің мүмкідігі де, қалауы да болып жатса, ол бір малдан көбірек те құрбан шалуына болады; ең бастысы, осы орайда рия мен мақтанушылық емес, дұрыс ниет пен ықыластылық болу керек.
Осы жерде ханафилер бір қойды тек бір адам атынан шалуға рұқсат етіледі деп санайтынын атап кету қажет. Олар, бұл туралы имам әт-Тахауи айтқанындай, жоғарыда келтірілген дәлелдердің күші жойылған деп есептеген. Ал имам ән-Нәуауи бұған: «Ғалымдар оның (әт-Тахауидің) бұл мәселеде қателескенін айтқан. Ақиқатында, күштің жойылуы мен нақтылау жай мәлімдеменің негізінде емес, дәлелдің негізінде орнатылу керек!», - деп жауап берген. Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 5/106.
Бір малды қанша адам бірігіп құрбан шала алады?
Жәбирдің сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Сиыр жеті (адам) атынан Құрбан шалынады, әрі түйе де – жеті (адам) атынан». Абу Дауд 2808, ән-Нәсаи 4121. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деген.
Ибн Аббас былай баяндайтын: «Бірде біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болған кезімізде Құрбан Айт басталды. Әрі біз жетеуіміз бірігіп сиырды және онымыз бірігіп түйені Құрбан шалдық». Әт-Тирмизи 1501, ән-Нәсаи 7/222. Шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған.
Алайда кейбір ғалымдар бұл хадисті қате немесе ауытқу (шазз) деген, өйткені имам әт-Табаридің “Түйе мен сиырды жетеуден көп адам атынан құрбан шалуға болмайтынына үммет бірауызды келіскен!” деген сөздеріне сүйенген. Қз.: “әл-Истизкар” 15/190.
Ал кейбір ғалымдарға келер болсақ, онда олар бұл мәселеде бірауызды келісім жоқ едеп есептеген, өйткені Са’ид ибн әл-Мусайиб, Исхақ ибн Рахауия мен Ибн Хузайма түйені он адам атынан да шалуға болады деп есептеген. Қз.: “әл-Муғни” 9/437.
Имам әш-Шәукани бір түйені жеті адам атынан және он адам атынан құрбан шалуға болады деген хадистерді өзара біріктіруге талпыныс жасады. Ол: «Егер сөз Удхия туралы болып тұрса, онда түйені он адам бірігіп құрбан шала алады. Ал сөз Хадьи (қажылық жасаушы адамдар шалатын құрбандық) туралы болып тұрса, онда мұны тек жеті адам бірігіп жасай алады». Қз.: “Нәйлюл-әутар” 5/137.
Ал қой-ешкіге келер болсақ, олар тек бір адам атынан құрбан шалынады, өйткені сәлафтардан қой мен ешкіні бірнеше адам бірігіп шалды деген ешқандай нұсқау жоқ. Имам ән-Нәуауи былай деген: «Қойға келер болсақ, ол тек бір адам атынан құрбандыққа шалына алады!» Қз.: «әл-Мәжму’» 8/399.
Тек ет алуды ниет еткен адаммен бірігіп құрбан шалуға болады ма?
Ханафилерден басқа ғалымдардың көпшілігі мұның ешқандай оқасы жоқ деп есептеген, өйткені ханафилер жеті адамның барлығында малды тек Құрбандыққа шалу (Удхия) ниеті болуға тиісті деп санаған. Қз.: “әл-Муғни” 9/458.
Имам ән-Нәуауи былай деген: «Жеті адам бірігіп, Удхияға бір сиырды немесе бір түйені шала алады. Әрі осы жетеуі бір отбасыдан болады ма, әлде әртүрлі отбасылардан ба; олардың біреу-міреуі тек ет алуды қалады ма, әлде малды Удихия ретінде шалады ма – мұның айырмашылығы жоқ. Мұның айырмашылығы жоқ, әрі бұл біздің (шәфи’и) мазһабымыздың пікірі, сондай-ақ бұл Ахмад пен ғалымдардың көпшілігінің де пікірі». Қз.: «әл-Мәжму’» 8/372.
Удхия мен Ақиқаны біріктіруге болады ма?
Ғалымдардың арасында бұған қатысты екі пікір бар. Мысалы, Хасан әл-Бәсри былай деген: “Егер Удхия баланың атынан жасалса, онда ол ақиқаның да орнын басады”. Ибн Абу Шәйба 5/534. Иснады сахих.
Алайда басқа ғалымдар бұл рұқсат етілмеген, өйткені сөз екі мүлде әртүрлі себептермен шалынатын құрбан шалу туралы болуда деп санаған. Өйткені жағдаяттардың ұқсастығына қарамастан ғалымдар бір қойды, мысалы, екі егіз бала үшін құрбан шалуға рұқсат етпеген, ал құрбан шалудың екі мүлде әртүрлі себептері туралы не айтуға болады?! Қз.: “Тухфатул-мәудуд” 68, “Тухфатул-минһаж” 9/371.
Удхия мен Ақиқаны біріктіруге болады ма?
Ғалымдардың арасында бұған қатысты екі пікір бар. Мысалы, Хасан әл-Бәсри былай деген: «Егер Удхия баланың атынан жасалса, онда ол ақиқаның да орнын басады». Ибн Абу Шәйба 5/534. Иснады сахих.
Алайда басқа ғалымдар бұл рұқсат етілмеген, өйткені сөз екі мүлде әртүрлі себептермен шалынатын құрбан шалу туралы болуда деп санаған. Өйткені жағдаяттардың ұқсастығына қарамастан, ғалымдар бір қойды, мысалы, екі егіз бала үшін құрбан шалуға рұқсат етпеген, ал құрбан шалудың екі мүлде әртүрлі себептері туралы не айтуға болады?! Қз.: “Тухфатул-мәудуд” 68, “Тухфатул-минһаж” 9/371.
Қайтыс болған адамның атынан Удхия шалу
Қайтыс болған адамның атынан Удхия шалуға келер болсақ, онда бұған қатысты үш пікір бар. Бір ғалымдар мұны рұқсат ететін, басқалары құпталмайды деп айтатын, ал үшіншілері қатаң тыйым салатын. Мұны рұқсат етілген деп санайтын ғалымдар Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің және өз үмметінің атынан құрбан шалғанына сүйенеді. Ал сол кезде оның үмметінің ішінде қайтыс болған адамдар да, әрі дүниеге келмеген адамдар да бар екені белгілі. Тірілер де, қайтыс болғандар да – олардың бралығы Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне кіреді. Қз.: «‘Аунул-Мә’буд» 7/487.
Ал бұған тыйым салатын ғалымдар егер осы хадиске сүйенер болсақ, онда кез келген мұсылман осы үлгімен Мухаммад пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі атынан құрбан шала алатыны шығады, бірақ мұны тек Пайғамбар ғана (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істей алатын!
Сондай-ақ қайтыс болған адам атынан Удхия шалуды рұқсат ететін тарап Хәнаштың сөздерінен жеткізілетін келесі хадиске сүйенетін: “Бірде мен Алидің Удхия ретінде екі қошқарды сойып жатқанын көріп: «Бұл не?», - деп сұрадым. Ол: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған өзінің атынан құрбан шалып тұруды өсиет еткен, мен соны орындап жатырмын!», - деп жауап берді”. Абу Дауд 2790, әт-Тирмизи 1495.
Егер осы хадис бірмағыналы түрде сенімді болғанда, бұл мәселедегі барлық тартысты жабуға болар еді, алайда ғалымдар бұл хадистің сенімділіге қатысты түрлі пікірге бөлінді. Бірақ, дегенмен, имам әл-Хаким, хафиз әз-Зәһаби мен шейх Ахмад Шәкир бұл хадисті сенімді деп санаған.
Сондай-ақ қайтыс болған адамның атынан Удхия шалудың рұқсат етілгенін жақтайтындар дәлел ретінде қайтыс болған адам атынан садақа берудің және құрбан шалудың рұқсат етілгеніндігіне нұсқайтын жалпылама хадистерді қолданған. Әрі осы ең жақсы дәлел болып табылады, өйткені Удхия да садақаға жатады. Ал шейхул-Ислам Ибн Таймия: «Қайтыс болған адамның атынан Удхия шалу оның атынан малдың құнын жаратудан жақсырақ!», - деген. Қз.: “Мәжму’ул-фәтауа” 24/315.
Амрдың әкесі – әл-Ас ибн Уәил тірі кезінде жүз құл азат етуге нәзір бергені, бірақ нәзірін орындай алмай қайтыс болғаны жеткізіледі. Ал Амр Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер бұл оның әкесіне пайда келтіретін болса, онда ол әкесі үшін оның нәзірін орындайтыны туралы сұрады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сенің әкең мұсылман болғанда, онда оның орнына құлдарды азат етуің, оның атынан садақа беруің және қажылық жасауың оған пайда келтірер еді!» , - деп жауап берді. Абу Дауд 2883, әл-Бәйһақи 6/279. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген.
Шейх Шамсул-Хакқ Азым Абади былай деген: «Бұл хадисте қайтыс болған кәпір атынан садақа беру оған ешқандай пайда бермейтініне дәлел бар». Қз.: «‘Аунул-Мә’буд» 8/90.
Қайтыс болған адам атынан Удхия жасауға рұқсат етілген деген пікірді жақтайтын қазіргі заман ғалымдарының арысында әл-Мубаракфури, Ибн Баз бен Ибн Усаймин болған. Қз.: “Тухфатул-ахуази” 5/66, “Фатауа Исләмия” 2/6, “Фәтауа мәнар әл-Исләм” 2/411.
Алайда шейх Ибн Усаймин “Әхкам әл-Удхия” еңбегінде айтқан бір маңызды жайтты еске салып кету қажет: қайтыс болған адамның атынан Удхия шалу үшін белгілі бір жылды арнайы белгілеу, мысалы, кейбір араб елдерінде адам қайтыс болған жылы оның атынан құрбан шалу әдетке сіңіп кеткендей, ешқандай негізге ие емес. О бастан Удхия рәсімі тірілерге бұйырылған, әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен бұрын қайтыс болған туысқандары, мысалы, көкесі Хамза, әйелі Хадиша, балалары мен қыздары атынан Удхия шалғаны белгісіз. Сондықтан да мұның бекітіліп орнатылмағандығы, мұның құпталатын амал еместігіне нұсқайды, алайда Құран мен Сүннеттің жалпылама мәтіндері мұның рұқсат етілгендігіне нұсқайды, бірақ қандай да болсын нақтылаусыз.
Қандай мал мерекелі құрбандық үшін ең жақсысы болып табылады?
Шафи’илер, ханбалилер және кейбір мәликилер ең жақсы құрбандық түйе, содан соң ірі қара мал, кейін қой, ал содан соң түйедегі және сиырдағы үлес болып табылады деп санаған. Осы орайда олар «Құрбандыққа шалынатын малдарды сендер үшін Аллаһтың рәсімдік белгілері еттік. Мұнда сендер үшін қайыр бар» («Хаж» сүресі 22: 36) деген аятқа сүйенетін.
Олар сондай-ақ «Жұма күні жүніп болғаннан соң ғұсыл алынатындай етіп ғұсыл алып, кейін мешітке (жұма) намазға (оның) алғашқы сағаттарында аттанған адам Аллаһ үшін түйе құрбан шалған адам сияқты. Намазға бұдан кейінірек аттанған адам, құрбанға сиыр шалғандай. Бұдан да кешірек баратын адам мүйізді қошқарды құрбан шалған сияқты. Одан кешірек аттанған адам тауықты құрбан шалған адамдай. Ал бұдан да кешірек баратын адам жұмыртқаны құрбан шалған адам секілді» деген хадиске сүйенген. Әл-Бухари 881, Муслим 850.
Имам ән-Нәуауи былай деген: «Бұл хадисте құрбандыққа шалуда түйе сиырдан жақсырақ дегенге нұсқау бар, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірінші түйені атап, сиырды екінші орынға қойды». Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 2/452.
Имам Ибн Қудама былай деген: «Ең жақсы құрбандық малы түйе болып табылады, өйткені ол қымбаттау әрі оның еті молдау!» Қз.: “әл-Муғни” 9/439.
Бұл пікірге сүйенген түрде, бір қой түйенің немесе сиырдың жетіден бір бөлігінен жақсырақ, өйткені өз құрбандық малыңның қанын ағызуда мол сауап бар.
Алайда кейбір имамдар ең жақсы құрбандық малы – бұл қошқар, не қой деп те есептеген. Хафиз Ибн Абдул-Барр: «Мүйізді қошқар ең жақсы құрбандық малы болып табылады, әрі бұл Мәликтің және көптеген ғалымдардың пікірі», - деген. Қз.: “әл-Изтизкар” 15/136.
Осы орайда бұл пікірдің жақтаушылары Аллаһ Тағала Ибраһим пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) ұлын қошқарға алмастырғандығы туралы аятқа сүйенеді. АллаҺ былай деген: «Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық» («әс-Сафат» сүресі 37: 107).
Сөз қошқар туралы болуда, әрі Аллаһ осы құрбандықты ұлы деп сипаттады, ал басқа мал туралы Ол мұндай деп айтпаған. Қз.: “әз-Захира” 4/143, “Тәфсир әл-Қуртуби” 15/107.
Сондай-ақ олар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі мүйізді қошқарды құрбандыққа шалғанын, ал ол әркез ең жақсы амал істегенін келтіреді. Алайда шейх Ибн Баз бұған жауап ретінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық кезде үмметіне деген рахымшылдық тұрғысынан ең ыңғайлы деп санаған нәрсені таңдағанын, өйткені ол өз үмметінің оның өнегесіне ілесетінін білгенін және оларға қандай да болсын қиындықтар туғызуды қаламағанын айтқан.
Бірақ, әйтсе де, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осындай тұрақты таңдауы кездейсоқ болмаған. Имам Ибн Дақиқ әл-‘Ид былай дейтін: «Мәликилер осыны дәлел ретінде алды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Удхияны қошқарлармен жасайтын, әрі Аллаһ қошқарды таңдап, онымен Ибраһим пайғамбардың ұлын алмастырды». Қз.: “Ихкамул-әхкам” 2/291.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған соң оның кейбір сахабалары да тура осылай істейтін. Әнас: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі қошқар шалатын[6], мен де екі қошқар шаламын!», - дейтін. Әл-Бухари 2/119, Муслим 3/103.
Юнус ибн Мәйсара былай деп баяндайтын: “Бірде, біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Абу Са’ид әз-Зурақимен бірге Құрбан шалу үшін мал сатып алуға шыққан кезімізде, ол басында қара дақтары бар, денесі өте үлкен де, кішкентай да емес бір қошқарды көрсетіп: «Маған осыны ал, өйткені ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалатын қошқарға ұқсайды екен», - деді”. Ибн Мәжаһ 3129. Хадистің сахихтығын имам әз-Зәһаби, әл-Бусайри және әл-Әлбани растаған.
Құрбандық шалғысы келген адам неден аулақ болуға тиісті?
Құрбан шалуды ниет еткен адам зул-хижжа айының басынан құрбан шалғанына дейін тырнағын алмауы, қырынбауы, шаш-сақалын қысқартпауы керек. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кім құрбан шалғысы келсе, зул-хижжа айы басталғанда құрбан шалмайынша ешбір жағдайда шашын да, тырнақтарын да алмасын!» Муслим 1977.
Бұл - ерлерге де, әйелдерге де қатысты, әрі осы бұйрық, бұл туралы айтылған ең дұрыс пікірге сәйкес, ерікті емес, яғни міндетті сипатқа ие. Шейх Ибн әл-Қайим «Тахзиб әс-Сунанда» бұл хадисте қатаң тыйым туралы сөз болып тұрғанын ескертіп, былай деген: «Осы хадистің сыртқы мағынасына сүйеніп, оған қатысты осылай деген адам бақытты, өйткені ол сахих әрі оған қайшы келетін еш нәрсе жоқ!» Қз.: «Аунул-Мә’буд» 7/491.
Ал егер адам шашы мен тырнағын қасақана алса, онда ол Аллаһтан кешірім сұрауы қажет, алайда оның Құрбандығы жарамды болады. Шейх Ибн Усаймин былай деген: «(Құрбандық малын шалғанға дейін) шашы мен тырнағын алатын адам мойынсұнбаушы болып табылады. Ал адамдардың арасында таралған «бұл Удхияны жарамсыз етеді» дегенге келер болсақ, ол қате мәлімдеме, өйткені мұның Удхияның жарамдығымен ешқандай байланысы жоқ». Қз.: «Шархул-мумти’» 7/533.
Алайда өзінің шашы мен тырнағынан зиян тигізетін бөліктерін, мысалы, сынған тырнақты немесе шашты жердегі жараның айналасындағы шаштарды алуда күнә жоқ.
Егер адам зул-хижжа айының алғашқы он күні барысында Удхия орындауға ниеті болмай, тырнағын немесе шашын алса, ал кейін қайта ойланып, құрбан шалу туралы шешім қабылдаса, онда ол шешімін қабалдаған сәтінен бастап құрбан шалғанға дейінгі қалған күндерінде шашы мен тырнағын алудан сақтануы қажет.
Бұл тыйым тек Удхияны орындайтын адамға ғана қатысты, бірақ оның отбасының қалған мүшелеріне қатысты күшке ие емес. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз отбасы мүшелері атынан құрбан шалғаны белгілі, алайда ол өз отбасы мүшелеріне шаштары мен тырнақтарын алуға тыйым салғаны туралы еш жерде хабарланбайды.
Сондай-ақ бұл тыйым құрбан шалу сеніп тапсырылған қасапшыға да қатысты емес. Шейх Ибн Баз: «Құрбандық малдарын шалу сеніп тапсырылған адамдарға қатысты айтар болсақ, олар еш нәрсе істеуге тиісті емес, өйткені Удхияны жасап жатқан олар емес. Удхияны оларға мал бауыздауды сеніп тапсырғандар жасап жатыр!» Қз.: “Фәтауа Исләмия” 2/316.
Құрбандық малын шалуға қатысты ережелер жайында
Ықыласты ниет
Аллаһ Тағала былай деген: «Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаһқа жетіп бармайды. Бірақ сендердің тақуалықтарың ғана жетіп барады. Сендерге тура жол көрсеткен Аллаһты ұлықтауларың үшін, осылайша малды еріктеріңе бердік. (Мухаммад,) жақсылық істеушілерді қуандыр» («әл-Хаж» сүресі, 22: 37).
Имам ән-Нәуауи былай деген: “Ниет Удхияның шарты болып табылады”. Қз.: «әл-Мәжму’» 8/380.
Имам әл-Касани былай деген: “Удхия ниетсіз жарамсыз болады, өйткені мал тек ет үшін немесе Аллаһқа жақындау үшін ғана бауыздалған болуы мүмкін”. Қз.: «Бадаи’у-ссанаи’» 4/208.
Құрбан шалынатын малға рахымшылдық таныту
Абу Умама былай деп баяндаған: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім құрбан шалу кезінде рахымшылдық танытса, соған Қиямет күні Аллаһ Өзінің рахымын танытады»”. Әл-Бухари “әл-Адабул-Муфрадта” 381. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген.
Ибн ‘Аббас былай баяндайтын: “Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне қарап жатқан қойдың тұмсығына аяғын қойып, пышағын қайрап тұрған адамның жанынан өтіп бара жатты. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамнан: «Сен неге оның жамбасын жерге тигізбей тұрып пышағыңды қайрап алмадың? Оны екі рет өлтірмексің бе?!», - деп сұрады”. Әт-Табарани “әл-Кабирде” 3/140/1 және “әл-Аусатта” 1/31. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған.
Имам Ахмад: «Малды бауыздар орнына жұмсақтықпен және олардан пышақты жасырып алып бару керек, әрі оны тек бауыздар кезде ғана шығару керек», - деп айтқан. Қз.: “Жәми’уль-’улюми уәл-хикам” 157.
Имам ан-Нәуауи былай деген: «Бір малды басқасының көз алдында бауыздамау керек». Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 13/93.
Шәддад ибн Аустан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені жақсылап орындауды бұйырды, әрі егер өлтіру тура келіп жатса, жақсы тәсілмен өлтіріңдер, және мал бауыздаған кезде де, оны ең жақсы үлгіде істеңдер. Әрі сендердің әрқайсың өз пышағын дұрыстап қайрап алсын және малды қиналудан құтқарсын». Муслим 3/1955.
Құрбандықты жақсылап орындау деген малдың тамағы мен мойын тамырларын тез кесу дегенді білдіреді.
Сондай-ақ ол былай деген: «Ғалымдардың барлығы жануарды бауыздар алдында сол жамбасына жатқызу керектігінде бір пікірге келген. Өйткені осындай жағдайда жануардың басы сол қолға келіп, ал пышақ оң қолға тиіп, бауыздауды жеңілдетеді». Қз.: “Шарху Муслим” 13/122.
Құрбан шалынатын малды бауыздау кезінде Қағба жаққа қарату
Жәбирден: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалған кезде, жануарды Қағба жаққа қаратты», - деп хабарланады. Абу Дауд 2795. Шейх әл-Әлбани сахихтығын растаған.
Нәфи’: «Ибн Умар Удхияны орындайтын кезінде жануарды Қағба жаққа қарай бұратын», - деп жеткізген. Мәлик 854. Иснады сахих.
Алайда мұндайды істеудің құпталатындығы тек мерекелі Құрбан шалуға ғана қатысты, өйткені жануарды жай бауыздау кезінде оны Қағба жаққа бұру туралы ешқандай нұсқау жоқ. Имам әш-Шәукани былай деген: “Бұған не Құранда, не Сүннетте ешқандай нұсқаулар жоқ. Ал Құрбан айт мейрамында құрбан шалуға қияс жасап: «Жануарды бауыздаудан алдын Қыблаға бұру – мустахаб», - деген пікірлер дұрыс емес. Өйткені мустахаб дегеніміз – шариғаттың үкімі, ал оған (шариғат үкіміне) дәлел керек”. Қз.: “Сайлюл-жәрар” 4/70.
Мерекелі құрбандықты адам өз қолымен шалғаны абзал
Сахих Сүннетте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандықтарын өз қолымен шалатынына көптеген нұсқаулар бар. Мысалы, Әнас ибн Мәлик: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мерекелі Құрбан шалуды өз қолымен орындайтын», - деп баяндайтын. Ахмад 3/188. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 4942.
Имам әл-Мәрдауи имам Ибн Қудаманың «Адам құрбандығын өз қолымен шалғаны жақсырақ» деген сөздерін келтіріп, былай деген: «Бұда ешқандай күмән жоқ, өйткені бұған хадистер нұсқайды. Бірақ, егер адам өз малын өзі соймаса да, оны бауыздар кезінде болғаны абзал». Қз.: “әл-Инсаф” 4/83.
Әл-Мусайиб ибн Рафи’: «Абу Муса әл-Аш’ари (оған Аллаһ разы болсын) қыздарына құрбандықтарын өз қолдарымен бауыздауды бұйыратын», - деп баяндайтын.[7] ‘Абдур-Раззақ 4/389. Хафиз Ибн Хәжар иснадын сахих деген. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 10/19.
Құрбандық малын шалуды басқа біреуге тапсырудың, бірақ ол мұсылман болуы шартымен рұқсат етілгендігі туралы
Удхияны басқа біреуге ол Құрбандық малын осы малдың иесі үшін шалуы үшін тапсырудың рұқсат етілгендігіне қатысты келіспеушіліктер жоқ. Алайда малды бауыздайтын адам мұсылмандардан болуға тиіс! Ибн Аббас: «Сенің Удхияңды мұсылманнан басқа ешкім шалмауы керек!», - дейтін. Әл-Бәйһақи 9/284.
Басқа біреудің атынан Құрбандық малын шалу тапсырылған кісі оны малдың иесінің атынан: «Бисмилләһ, уа Аллаһ, (мұны) пәленнен қабыл ет», - деп бауыздауы керек. Бірақ біреудің Құрбандығын бауыздаушы адам оны өз атынан шалса да, ол мал иесіне ғана жазылады! Имам әл-Қарафи былай дейтін: “Тіпті егер Құрбандық малын бауыздау тапсырылған адам оны өзінің атынан шалса да, бұл (Құрбандық) иесіне жазылады. Бірде Ибн Умар (Аллаһ оған разы болсын) бір қойшыдан қой сатып алды да, оны таудан алып түсіп, әлгі қойшыға оны Құрбандыққа шалуды бұйырды. Сонда қойшы: «Уа, Аллаһ мұны менен қабыл ет!», - деп, оны бауыздады. Бұған Ибн Умар: «Раббың оны таудан кім түсіргенін жақсырақ біледі!», - деп жауап берді!” Қз.: “әз-Захира” 4/156.
Құрбан шалудан бұрын Аллаһты зікір ету туралы
Құрбандық малын шалудан бұрын Аллаһтың атын айту керек. Аллаһ Тағала былай деген: «Оларды тұрғызып қойып, үстінен Аллаһтың атын айтыңдар» («әл-Хаж» сүресі 22: 36).
Сүннетке сәйкес Құрбан шаларда:
بسم الله ، و الله أكبر ، اللّهم إن هذا منك ولك اللهم تقبل مني
/Бисми-Лләһ, уа-Ллаһу Әкбар. Аллаһумма тақаббәл-минни/.
(мағынасы: «Аллаһтың атымен әрі Аллаһ Ұлы! Уа, Аллаһ, ақиқатында, бұл Сенен және Саған! Уа, Аллаһ менен қабыл ет!»), - деп айту керек. Муслим 3/1557.
Мұсылман адам өзінің Құрбандығының құрамына өз отбасы мүшелерін кіргізуіне болады, мұны Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істеп: «Уа, Аллаһ, Мухаммадтан және Мухаммадтың отбасы мүшелерінен қабыл ет!», - деп айтқанындай. Ахмад, әл-Баззар, әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: “Ируаул-ғалил” 4/251.
Мұндай жағдайда Құрбан шаларда былай деп айту керек:
اللهم هذا عني وعن آل بيتي
/Аллаһумма, һаза ‘анни уа ‘ан али бәйти/
(мағынасы: Уа, Аллаһ, бұл менен және отбасымнан).
Сондай-ақ сенімді хадисте Жәбирден Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құрбан шалуы кезінде келесі дұғаны айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, мен Ибраһим ханифтің жолына сәйкес жүзімді көктер мен жерді Жаратқанға қараттым, әрі мен көпқұдайшылдардан емеспін! Ақиқатында, намазым да, құрбандығым да, өмірім де, өлімім де әлемдердің Раббысы – серігі жоқ Аллаһ үшін. Бұл маған бұйырылған, әрі мен мұсылмандарданмын! Уа, Аллаһ бұл Сенен және Сен үшін!» Абу Дауд 2795. Хадистің иснады хасан.[8]
إني وجهت وجهي للذي فطر السماوات والأرض على ملة إبراهيم حنيفاً وما أنا من المشركين ، إن صلاتي ونسكي ومحياي ومماتي لله رب العالمين ، لا شريك له وبذلك أمرت وأنا من المسلمين اللهم منك ولك
/Инни уажаһту уажһия ли-лләзи фатара ссамауати уәл-ард ‘алә милләти Ибраһимә ханифан уа мә әнә минәл-мушрикин. Иннә саләти уа нусуки уа мәхъяя уа мәмати ли-Лләһи Раббил ‘аләмин, лә шәрика ләһу, уа бизалика умирту уа әнә минәл-муслимин. Аллаһуммә минка уа ләка/.
Құрбан шалудан бұрын дәрет алу туралы
Бұл көптеген білімсіз мұсылмандар сауапты іс деп істейтін амал. Бұл Аллаһ Тағаланың дініне ешқандай қатысы жоқ бидғат болып табылады. Ибн Баз басқарған Тұрақты Көмитет ғалымдары былай деген: «Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ол Айт намазынан кейін Құрбан шалу үшін дәрет алғаны жеткізілмейді. Әрі бұл туралы алғашқы үш буынның салиқалы сәлафтарынан да еш нәрсе жетпеген. Ал кім Құрбан шалу үшін дәрет алса, сол бидғаттың сауатсыз жақтаушысы!» Қз.: “Фатауа әл-Ләжна” 11/433.
Ал кейбір адамдардың Құрбандық малын шалудан бұрын жуындыру - Құрбан шалу рәсімінің бір бөлігі деп санап, оны жуындыратынына келер болсақ, бұл да дінде негізі жоқ бидғат болып табылады, әрі бұл белгілі халықтардың салты ғана.
Құрбандыққа шалынған малмен не істеу керек?
Құрбандық малының қандай да бір бөлігін сатуға тыйым салынғандығы туралы
Али ибн Абу Талиб (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндаған: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған құрбандық малдарын бақылауды және олардың етін, терілерін және (түйе) жабуларын садақа ретінде таратуды, әрі қасапшыларға мал бауыздағаны үшін (бұлардан) еш нәрсе бермеуді бұйырды. Ол: «Біз оларға өзімізде барымыздан бір нәрсе берерміз», - деді”. Муслим 1317.
Имам Абул-Аббас әл-Қуртуби былай деген: «Бұл хадисте құрбандық малының терісі мен жабуын сатуға болмайтындығына нұсқау бар, өйткені бұл нәрселер құрбандық малының етімен байланысты әрі тура сондай үкімге ие. Ғалымдар құрбандыққа шалынған малдың етін сатуға болмайтынына бірауызды келіскен, терінің үкімі де тура осындай». Қз.: “әл-Муфхим” 3/416.
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз оларға өзімізде барымыздан бір нәрсе берерміз» деген сөздерінде қасапшыға еңбекақы беруге болатынына нұсқау бар, бірақ құрбандық малынан емес. Қз.: “Нәйлюл-Әутар” 5/134.
Сондай-ақ Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Құрбандық малының терісін сатқан адамның құрбандығы жоқ». Әл-Хаким, әл-Бәйһақи. Хадис хасан. Қз.: «Сахих әл-жами’» 6118.
Алайда кейбір ғалымдар терінің ақшасын садақа беру ниетімен оны сатуға болады деп айтқан. Шейх Ибн әл-Қайим былай деген: “Ибн Хамдан: «Құрбандық малының терісін, дене мүшелері мен басын сатып, ақшасын садақаға таратуға болады», - деген. Сондай-ақ әл-Хәлләл имам Ахмадтың былай дегенін жеткізген: «Ибн Умар бірде сиырдың терісін сатып, ақшасын садақа ретінде таратты». Исхақ ибн Мансур да: «Мен Ахмадтан: “Удхияның терісімен не істейін?”, - деп сұрадым. Ол: “Оны істет, не ақшасын садақа ретінде тарат”, - деді. Мен: “Оны сатып, түскен ақшаны садақа ретінде жұмсайын ба?!”, - деп сұрадым. Ол: “Иә, Ибн Умардың хадисіндегідей”, - деп жауап берді»”. Қз.: “Тухфатул-мәулюд” 85.
Имам әз-Зәйла’и былай деп жазған: «Егер құрбандық малының терісі ақшасын садақа ретінде тарату үшін дирхамға сатылса, бұл рұқсат етіледі, өйткені бұда осы малдың терісі мен етін тарату секілді Аллаһқа жақындау бар». Қз.: “Батйин әл-хақаиқ” 6/19.
Өз құрбандығыңның етінен дәм татудың абзал екендігі туралы
Құрбан шалуды ниет еткен адам Сүннетке сәйкес сол күні, өзі құрбан шалған малдың етінен дәм татпайынша, мүмкіндігінше еш нәрсе жемеуі абзал. Бурайда: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ораза Айт намазына тамақтанбастан шықпайтын, әрі Құрбан Айт намазына шығудан алдын одан қайтып келмейінше тамақ жемейтін», - деп баяндаған. Әт-Тирмизи 542, Ибн Мәжаһ 1756. Хадистің сахихтығын имам Ибн Хузайма, имам ән-Нәуауи, шейх әл-Әлбани мен шейх Ибн Баз растаған.
Осы хадисте, оның имам Ахмад келтіретін нұсқасында сондай-ақ былай деп айтылған: «Әрі Құрбан айт намазына шығудан бұрын одан қайтпайынша тамақтанбайтын. Содан соң өз құрбандығынан жейтін». Ахмад 23034. Хафиз Ибн әл-Қаттан сахихтығын растаған.
Имам Ахмад былай деген: «Құрбан айт күні Удхия жасауды ниет еткен адам ғана (Айт намазына шығуынан бұрын) тамақтанбайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз құрбандығынан тамақтанған. Ал егер адамда құрбан шалатын малы жоқ болса, оның (айт намазына шығуынан бұрын) тамақтануының оқасы жоқ». Қз.: “әл-Муғни” 2/229.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір адам өз құрбандығының етінен дәм татсын!», - деген. Әт-Табарани, Абу Ну’айм. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 5349.
Имам әл-Мунауи былай деген: «Бұл бұйрық абзалдық болып табылады. Алайда бұл сөздерден құрбандық малының етін түгелімен жеп қою керек деген үкім шықпайды. Бұдан қалса, бұған тыйым салынған! Бұдан міндетті түрде мұқтаж мұсылмандарға садақа беру керек. Байларға келер болсақ, оларға етті садақа ретінде беруге болмайды, алайда оларға қонақ сыйы ретінде беруге болады. Ал бәрінен жақсысы - құрбандықтың етін бір кішкентай телімнен басқасын садақа ретінде таратып жіберу». Қз.: “Фәйдул-Қадир” 737.
Құрбандық малының етін қалайша дұрыс үлестіру керек?
Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деген: «Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер» («әл-Хаж» сүресі 22: 36).
Сәлама ибн әл-Ақуа’ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбандық малына қатысты: «Жеңдер, жегізіңдер әрі қамданыңдар», - дегені жеткізілген. Әл-Бухари 5569.
Ғалымдар құрбандық етінің бір бөлігін садақа ретінде тарату дегенге бірауызды келіскен, алайда олар оның ең аз мөлшері қанша болуға тиісті дегенге қатысты түрлі пікірде болған.
Ал құрбандық малының етін бөлудің ең жақсы үлгісі - бұл Ибн Аббастан жеткізілетін Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Еттің үштен бір бөлігін өзіңе қалдыру керек, үштен бір бөлігін қонақтарға жегізу керек, ал тағы үштен бір бөлігін мұқтаждарға тарату керек», - деп айтқаны.
Бұл хадисті имам әл-Асфахани “әл-Уазаифте” келтіріп: «Хадис хасан», - деген. Қз.: “әл-Муғни” 9/448.
Имам Ибн Қудама былай деген: “Имам Ахмад: «Біз бұл мәселеде Ибн Аббастан жеткен хадиске ілесеміз», - деген. Әрі бұл сондай-ақ Ибн Мас’уд пен Ибн ‘Умардың да пікірі, әрі сахабалардан біреу оларға осы мәселеде қайшы келгені белгісіз”. Қз.: “әл-Муғни” 9/449.
Құрбандық малының етінен кәпірге садақа беруге болатындығы туралы
Құрбандық малының етінен кәпірге: ол туысқан, көрші немесе мүлде бөгде адам болсын – егер ол кедей болса, оның жүрегін Ислам үшін ашу мақсатында садақа беруге рұқсат етіледі, бұл туралы шейх Ибн баз айтқанындай.
Шейх Ибн Усаймин былай деген: «Құрбандық малының етінен кәпірге садақа ретінде беруге болады, бірақ бұл кәпір мұсылмандарға қарсы соғысып жатқан кәпір болмауы керек деген шартпен. Кері жағдайда оған еш нәрсе беруге болмайды!» Қз.: “Фәтауа Ибн Усаймин” 2/663.
Құрбандықтың етін басқа қалаға жіберуге болады ма?
Ғалымдар бұл туралы әртүрлі пікір білдірген. Мысалы, имам әл-Мәрдауи бұның ешқандай оқасы жоқ деген. Қз.: “әл-Хауи” 15/75.
Алайда имам Шәмсуддин әр-Рамли олай істеуге болмайды, өйткені бұл құрбандықтың еті сол аймақ кедейлерінің қақысы деп айтқан. Қз.: “Фәтауа әр-Рамли” 4/68.
Сөйтіп, келіспеушілікке түспеу үшін, Құрбандықтың етін егер осыда, мысалы, пәлен қалада мұқтаждардың жоқтығы сияқты қатты қажеттілік болмаса, басқа жаққа жібермеген абзал.
Әрі сөзіміздің соңында біз әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ айтамыз!
Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оның соңынан ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Уа, Аллаһ, біздің ғибадаттарымыз бен Құрбандықтарымызды қабыл ет!
Әдебиет
1. «Фәтхул-Бәри би шарх «Сахих» әл-Бухари» Ибн Хәжар әл-Асқаләни.
2. «Әл-Муфхим лима ашкалә мин тәлхис китаб Муслим» Абул-Аббас әл-Қуртуби.
3. «Шарх «Сахих» Муслим» Яхъя ибн Шараф ән-Нәуауи.
4. «Файдул-Қадир шарх “әл-Жами’ ас-сағир”» ‘Абдур-Рауф әл-Мунауи.
5. «Аунул-Мә’буд шарх «Сунан» Аби Дауд» Абу әт-Тайиб Шәмсул-Хакқ ‘Азым Абади.
6. «Силсиләтул-ахадис әс-сахиха» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
7. «Силсиләтул-ахадис әд-да’ифа» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
8. “Сахих «әл-Жәми’ әс-сағир»” Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
9. «Сахих «әт-Тарғиб уа-ттархиб»» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
10. «Ируа әл-ғалил фи тахриж ахадис Манар сабил» Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани.
11. “Субулю-с-Сәлам шарх «Булюғ әл-марам»” Мухаммад ибн Амир ас-Сән’ани.
12. “Найлюл-аутар шарх «Мунтақ әл-ахбар»” Мухаммад әш-Шәукани.
13. «Әл-Уажиз фи фиқһи-с-Сунна уәл-Китабил-‘Азиз» Абдул-Азым ибн Бадауи.
14. «Сахих “ФиқҺу-Сунна“» Абу Малик Кәмал ибн Сайд Салим.
15. «Мин әхкам әл-Удхия» Мухаммад ибн Салих әл-Усаймин.
16. «Әл-Муфәссал фи әхкам әл-Удхия» Хисамуддин Афана.
17. «Әхкамул-Удхия» Мухаммад Салих әл-Мунажид.
[1] Аллаһтан басқаның атын атап бауыздау мен Аллаһтан басқаға арнап бауыздаудың айырмашылығына көңіл бөліңіздер. Соңғысы үлкен ширк екендігін көріп тұрмыз. Ал қазіргі уақытта, өкінішке орай, көп адамдар біріншісімен ғана бастарын қатырып жүр!
[2] Атира – бұл көпқұдайшыл арабтар Исламға дейінгі надандық (жәхилиет) дәуірінде ережеп (ражаб) айының соңғы он күнінде шалатын құрбандық болатын. Ол Исламның алғашқы жылдарында рұқсат етілетін, алайда кейіннен жойылды. Қз.: “Миннату мун’им” 3/329. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Фара’ та жоқ, атира да жоқ!», - деген. Муслим 1976.
Фара’ – жәхилиет дәуірінде пұттардан игілік тілеп, соларға арнап шалынатын құрбандық.
[3] Құрбан шалу парыз етілгендердің алғашқысы Ибраһим пайғамбар еді (оған Аллаһтың сәлемі болсын). Бұл оқиғаны Аллаһ Тағала Құранда былай баяндайды: “(Ибраһим:) «Раббым, маған ізгілерден бір ұл бер!» (, - деді.) Оны өте ұстамды бір ұлмен қуанттық. Ұлы (Исмаил) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: «Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды керемін; назар аудар, көзқарасың не?», - деді. Ол: «Уа, әкетайым! Өзіңізге не әмір етілсе, соны орындаңыз. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табарсыз», - деді. Сөйтіп екеуі де мойынсұнып, әкесі оны жамбасына жатқызады. Біз оған: «Әй, Ибраһим! Сен түсіңді шынға шығардың!», - деп дыбыстадық. Күдіксіз, Біз ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Шын мәнінде, бұл бір ашық сынау еді. Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. Кейінгі нәсілдерде ол туралы (жақсы ат) қалдырдық. Ибраһимге сәлем. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені ол сенген құлдарымыздан еді” («әс-Сафат» сүресі 37: 100-112).
Ал Ибраһим пайғамбар ұлдарының қайсысын: Исхақты ма, әлде Исмаилді ме – құрбан шалуға тиісті болғанына қатысты айтар болсақ, онда дұрысы – бұл Исмаил болғаны. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 23/22-55, “Тафсир Ибн Кәсир” 4/146-148.
[4] Құрбан шалудың артықшылығы туралы кең таралған, бірақ сенімді емес осындай хадистердің арасында мына келесілері бар:
1. «Адам баласының амалдары ішінде Аллаһ үшін Құрбан Айт күні құрбандық малының қанын ағызудан сүйіктірек амал жоқ. Әрі ақиқатында, бұл мал Қиямет күні мүйіздерімен, жүнімен және тұяқтарымен бірге келеді…» Әт-Тирмизи 2/352.
Бұл хадис әлсіз риуаятшы болып табылатын Сулайман ибн Язидтің себебімен әлсіз болып табылады, бұл туралы имам Абу Хатим, хафиз әл-Мунзири, имам әз-Зәһаби мен шейх әл-Әлбани айтқандарындай. Қз.: “әс-Силсила әд-да’ифа уәл-мәуду’а” 526.
2. «Бірде сахабалар Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл Құрбан шалу (Удхия) нені білдіреді?», - деп сұрады. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Құрбан шалу – бұл арғы аталарың Ибраһимнің Сүннеті!», - деп жауап берді. Ал “Бұл үшін бізге не болады?” деген сұраққа ол: «Әрбір жүн талшығы үшін сендерге сауап жазылады», - деп жауап берді». Ибн Мәжаһ 2/273.
Бұл хадистің жеткізу тізбегінде АизуЛлаһ пен Абу Дауд әс-Саби’и деген екі қабыл етілмейтін жеткізушілердің болуы себебімен сенімді емес. Қз.: “әс-Силсилә әд-да’ифа уәл-мауду’а” 527.
3. «Уа, Фатима! Орныңнан тұр да, құрбандығыңның шалынуына куә бол. Ақиқатында, алғашқы қанның тамуымен сенің күнәларың кешіріледі!» Әл-Хаким 4/222.
Бұл хадис Сабит ибн Абу Сафия атты тәрк етілетін жеткізушінің себебімен қабылданбайды. Қз.: “әс-Силсила әд-да’ифа уәл-мәуду’а” 528.
4. «Кім сауапты үміт етіп, игі Құрбан шалуды орындаса, сол оған Оттан қалқан болады». Әт-Табарани «әл-Кәбир».
Бұл хадис ойдан тоқылған, өйткені оның тізбегінде хадистерді ойдан тоқитын Сулайман ибн ‘Амр ән-Нәһа’и бар. Қз.: “әс-Силсила әд-да’ифа уәл-мәуду’а” 529.
5. «Құрбандық шалыңдар, өйткені ол сендердің Жәннатқа барар жолдарыңдағы мініс көліктерің болады». Әд-Дәйлами «әл-Фирдаус».
Бұл хадис те, бұл туралы имам имам әл-Ажлюни, хафиз Ибн әс-Салах, Ибн Хәжар және шейх әл-Әлбани айтқандарындай, өте әлсіз болып табылады. Қз.: “әс-Силсила әс-сахиха уәл-мәуду’а” 74, 1255.
Бұл хадистерді Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) телуге болмайды, өйткені ол мұндайды айтпаған. Сондай-ақ «Менің атымнан мен айтпаған нәрсені айтушы Отта өз орнын иеленуге дайындала берсін!» деген үрейлі ескертуден қорқу керек. Әл-Бухари 109.
[5] Мұның себебі дәл осы екі күнде қажылықтың көптеген өте маңызды рәсімдері орындалатынында.
[6] Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Бұл сөздерде осының тұрақты болғанына нұсқау бар». Қз.: “Фәтхул-Бәри” 12/114.
[7] Бұл хабарда әйелдер мал бауыздауға құқықты екеніне нұсқау бар, әрі бұл ет үшін жай бауыздау болады ма, әлде мерекелі құрбан шалу ма – оның айырмашылығы жоқ. Көпшілік арасында әйел кісінің мал бауыздауына болмайды деген пікір кең таралғанына қарамастан, бұл рұқсат етіледі. Ка’б ибн Малик: «Бірде бір әйел таспен қой сойып, осы туралы Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағанда, ол оған оны жеуді бұйырды», - деп баяндаған. Әл-Бухари 5504.
Ибраһим ән-Нәһа’и әйелдер мен балалардың құрбан шалуына қатысты: «Егер олар мал союға қабілетті болса әрі Аллаһтың атын атаса, бұның ешқандай оқасы жоқ», - деген. Са’ид ибн Мансур. Хафиз Ибн Хәжар иснадын сахих деген. Қз.: “Фәтхул-Бәри” 9/575.
Имам Ибн әл-Мунзир: «Ғалымдар әйелдер мен балалардың құрбан шалуы рұқсат етілген дегенге бірауызды келіскен”. Қз.: «әл-Ижма’» 43.
[8] Алғашында шейх әл-Әлбани бұл хадисті әлсіз деген, алайда кейін оны қайта қарап, оны хасан екендігін айтқан. Қз.: «Сахих Сунан Аби Дауд» 8/143.
Оставить комментарий