Мақаланы WORD (DOC) форматта жүктеу
Шейх Салих әс-Суһайми ИШИМ-нің (ИГИШ) хауариждік ертегілері мен олардың халифаты туралы
Сұрақ: Аллаһ сізге игілігімен қайырсын, кеше жарияланған Ислам халифаты туралы не айтасыз?
Жауап: «А! Ма шаа Аллаһ.
Бауырларым, «Жамандық (жауыздық) кұрлық пен теңізде адамдардың қолекі істегендерінің себебінен пайда болады» («Рум» сүресі, 41-аят). Әрі бұл жамандық не шектен шығушылықта, не елемеушілікте көрініс табады.
Елемеушілікте ол құдайсыздар мен зайырлы және либералдық идеялардың жақтаушыларынан, жамандықтың, азғындық пен бұзақылықтың, сахналық көріністердің және «Таш маташ» комедиялық сериалының үгіттеушілерінен шығады. Сен осы «Таш маташта» қаншама бәле бар екенін білесің бе? Олар бір-бірің алдында оған (қарап) жылайды. Бұлар – бірінші топ.
Екінші топ — шектен шығушылықтың угіттеушілері – бұл хауариждердің және солардың жолына түскендердің амалдарынан.
Ал қазір ақымақтар, өздері айтпақшы «Ислам халифаты» мемлекетін құрғандығын жариялады. Бұл - біз 80 жылдан бері білетін бос сөз. Олар кұпия түрде «халифаға» (өзін Абу Бакр әл-Бағдади деп атаған кімсеге) өздерінің бұзылған манһажының сәйкес ант береді; белгісіз-беймәлім адамдарға ант беру олардың барлығына тән!
Ал қазір тағы да жариялады. Әрі жарияланып жатқан нәрселер нендей көп! Ал содан кейін жариялағандары өлтірілсе, немесе кетсе, олар жаңа «халифамен» шыға келеді. Әрі бұл рафидилердің «Маһдиіне» ұқсайды, біз мұндайдан Аллаһтан пана іздейміз.
Әрі осы жарияланған «халифалықпен» олар бүкіл мұсылмандар үшін халифаны меңзейді. Ол Иракта (адамдарды) бауыздау ұйымдастырғаннан және бауырлармен осылай істегеннен кейін де олар оны халиф деп атайды! Ол да, оның қарсыластары болған рафидилер де жақысылық болып табылмайды. Екі жақ та Ислам үмметіне жақсылық тілемейді.
Біз (адамдарды) екі топтан сақтандыруымыз керек: одан (яғни осы халифасымақтан) және рафиделерден болған оның қарсыластарынан. Олардың барлығы жауыздық таратуда. Олардың барлығы Суннеттің жақтаушыларымен жауласу үшін өзара келісіп жатқан шығар.
Ендеше, олардың «қазіргі заман мұсылмандарының халифасы» деп жариялаған дүмшеге ант етуден сақтаныңдар. Бұл — дәжжал (қырсық дүмше), өтірікке шақырушылардан болған барып тұрған тәкаппар өтірікші. (Ол) Шамда мұсылмандарды сойды, енді келіп Ирактың мұсылмандарын бауыздап жатыр. Ол және Шамның тағуттары (Башар Асадтың үкіметі) бір-біріне мұсылмандарды жоюға көмектесуде. Сондықтан да Шамның тағуттары одан қолын тартып, онымен мүлде соғыспайды. Өйткені ол оларды Дейр әз-Зорадан жанылғымен қамтамасыз етеді. Қазір жауыздықтың бүкіл күштері өзара ынтамақтасты, әрі олардың арқасында Батыс тұр, барлығы түгел. «Халифат мемлекеті» және «Рафидилер мемлекеті» деп аталатын жауыздықтың үгіттеушілері. Бұл атаулардың барлығы қазір ыза кернеп құтырған күйінде Исламға және мұсылмандарға лап беруде.
Біз Игі-Берекелі және Ұлы Аллаһтан Ол Өзінің Сөзін ұлықтауын, Өзінің дініне жеңіс сыйлауын және бидғаттар мен әуес-қалаулардың жақтаушыларынан және діннің дұшпандарынан болған жауыздық жасаушыларды езіп тастауын сұраймыз, мейлі олар артық кетушілерден, мейлі елемеушілерден болсын.
Олар — дәжжалдар (қырсық дүмшелер), оларға байлаулы болудан сақтаныңдар».
Тыңдаңыз: «Шарх усул әс-сунна» 3.
3 рамадан 1435 х. ж. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешіті.
Пікір қалдыру