Мақаланы WORD (DOC) форматта жүктеу
«Сүннет бізді әйелімізге жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандырады» айдарынан
1-бөлім
Әйеліңе күліп қара
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Бауырыңның жүзіне күліп қарау садақа болып есептеледі» (әт-Тирмизи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадис мұсылман адамды мүминдерге күліп қарауға ынталандырады;
2) Хадисте осы амалдың Аллаһтың алдында садақа ретінде жазылатынына нұсқау бар;
3) Хадисте егер бөтен бауырыңа күліп қарау садақа болатын болса, онда әйеліңе күліп қарау тіптен садақа екеніне нұсқау бар;
4) Хадисте шариғаттың жақсылыққа ынталандыратынына нұсқау бар;
5) Хадисте кім әйеліне жақсы қарым-қатынас жасағысы келсе, Сүннетті үйреніп-білуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
2-бөлім
Әйеліңді өз қолыңмен тамақтандырып, еркелетіп әлпештеп тұр.
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Әрі, ақиқатында, сен міндетті түрде Аллаһтың Дидарына ұмтылып жұмсаған барлық нәрсең үшін сый-сауап аласың, тіпті әйеліңнің аузына (өз қолыңмен) салатын (тамақ) үшін де» (әл-Бухари, Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте дүние-мүлкіңді Аллаһ үшін жұмсауға ынталандыру бар;
2) Хадисте Аллаһтың жомарттығына және дініміздің көркемділігіне нұсқау бар;
3) Хадисте ниеттің маңыздылығына нұсқау бар. Өйткені сый-сауап тек сол сый сауапты алуға деген ниеті болған адамға ғана беріледі?!
4) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандыру бар;
5) Хадисте әйеліңе өз қолыңмен тамақ беру Сүннет екендігіне нұсқау бар;
6) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
8) Хадисте Аллаһ Тағаланы, Оның ұлылығына лайықты, Дидар (Уәжх) сипатымен сипаттау бар;
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
3-бөлім
Әйеліңнің ішкен ыдысын алып, оның еріндері тиген жеріне еріндеріңді тигізіп, оған деген өзіңнің нәзік сезіміңді көрсет
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «(Бірде) мен етеккір уақытым кезінде бір ыдыстан сусындап ішкен болатынмын. Сосын мен (сол) ыдысты Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұсындым, әрі ол өзінің еріндерін (ыдыстың) мен ішкен жеріне тигізіп ішті» (Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Сүннеттің аса үлкен көлемін жеткізген Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын) абырой-мәртебесіне нұсқау бар;
2) Хадисте Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарапайымдылығына нұсқау бар;
3) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасауға нұсқау бар. Себебі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған қатысты жиіркеніштік танытпады ғой, әрі оның етеккірі келіп жүрген болса да, ыдыстың ол ішкен жеріне ернін тигізіп ішті;
4) Хадисте Сүннеттің ұлылығына, көркемділігіне және тәттілігіне нұсқау бар;
5) Хадисте шариғаттың ерлі-зайыптыларға отбасылық өмірді қалай дұрыс құру керек екенін үйрететіне әрі кез-келген жанұлық қиындықтарды емдеп-түзейтініне нұсқау бар. Сондықтан да бұл туралы ақпаратты тыстағы әртүрлі күмәнді дереккөздерден іздеудің қажеті жоқ, адам Құран мен Сүннетті егжей-тегжейлі оқып-үйренумен айналысса, осы жеткілікті болады;
6) Хадисте етеккірі келіп жүрген әйелдің сілекейі таза екеніне нұсқау бар;
7) Хадисте етеккір уақытысындағы әйелді лас мақұлық деп есептейтін дәстүрлер мен халықтардың бұл тұжырымын теріске шығару бар. Кейбір ТМД республикаларында еттекір кезінде әйелге өсімдіктердің тұқымын егуге тыйым салынады. Ал енді бір елдерде етеккір кезінде әйелді үйден тыс оңашалайтын болған;
8) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
9) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;.
10) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
4-бөлім
Әйеліңнің етегіне жастан. Яғни басыңды оның аяғына қой.
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [басын] менің аяқтарыма қоятын да, Құран оқитын. Әрі сол кезде менің етеккірім келіп жүрген болатын» (әл-Бухари, Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте жұбайыңа жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандыру бар;
2) Хадисте мүмин әйелдің тәні етеккірдің келуімен лас болып қалмайтынына нұсқау бар;
3) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарапайымдылығына нұсқау бар;
4) Хадисте Аллаһ Тағаланы кез-келген кейіпте зікір етуге болатындығына нұсқау бар;
5) Хадисте Құранды жатып оқуға рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
6) Хадисте кім әйеліне жақсы қарым-қатынас жасағысы келсе, Сүннетті үйреніп-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
8) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқалады. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
5-бөлім
Онымен бірге ғұсыл құйын (шомыл).
Мүминдердің аналары Айша, Умму Сәләма және Маймуна (Аллаһ оларға разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелімен бірге бір ыдыстан ғұсыл құйынатындығы (шомылатындығы) туралы баяндайтын. Әрі кейде ол оған: «Маған да (су) қалдыршы», - дейтін, әрі әйелі де оған: «Маған да қалдыршы», - дейтін (әл-Бухари, Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте ерлі-зайыптыларға бірге ғұсыл құйынуларына рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
2) Хадисте қолданылған судың таза екендігіне (фадл әл-ма’) әрі онымен тахарат-ғұсыл алудың рұқсат етілетіндігіне нұсқалады. Демек, мұны тыйым салынған деп есептейтін мазһабтардың пікірін теріске шығару бар;
3) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандыру бар, әрі ер кісі, мұны көпшілік істейтіндей, өзінің қажетін қанағаттырғаннан кейін әйелінен тез-тез қашып кетпеуі керектігіне де нұсқалады;
4) Хадисте ерлі-зайыпқа бір-бірінің ұятты жерлеріне қарауына рұқсат етілетіндігіне нұсқалады, әрі сенімсіз хадистерге сүйеніп бұны харам немесе мәкруһ деп санайтындардың пікірін теріске шығару бар;
5) Хадисте ерлі-зайыпқа бірге ғұсыл құйынғанда қалжың мен ойындарға рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
6) Хадисте кім әйеліне жақсы қарым-қатынас жасағысы келсе, Сүннетті үйреніп-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
8) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқалады. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
6-бөлім
Әйеліңмен қалжыңдасып ойна
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде Жәбирге (Аллаһ оған разы болсын): «Неліктен сен онымен ойнайтыныңдай әрі ол да сенімен ойнайтындай (күйеуде болмаған) қызға үйленбедің?» - деді (әл-Бухари, Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандыру бар;
2) Хадисте әйеліңмен ойнап-күлуге ынталандыру бар;
3) Хадисте әйеліңмен сүйісуге ынталандыру бар. Кейбір ғалымдар біз «ойнау» деп аударған “تلاعبك” сөзі ”لُعاب” «сілекей» сөзінен шыққан, демек ол тек «ойын» деп қана емес, «сүйісу» деп те аударылады деп айтқан;
4) Хадисте (күйеуде болмаған) қызға үйленуге ынталандыру бар;
5) Хадисте мұғалімнің, шейхтың немесе ұстаздың өз шәкірттеріне уақыт бөлуі керектігіне және қажетінше олардың жеке сұрақтарын да талқылауы керектігіне, әрі тек сабақпен ғана шектеліп қоймауы керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті оқып-үйренуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуіне ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
8) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) сондай-ақ бірде оның Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болғандығы туралы жеткізіледі. Сол кезде ол әлі балғын қыз болатын. Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабаларына: «Алға жүре беріңдер, ілгері баса беріңдер», - деді де, сосын Айшаға (Аллаһ оған разы болсын): «Кеттік, жарысып көрейікші (яғни жарысып жүгірейікші)», - деп айтты (Ахмад).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарапайымдылығына нұсқау бар;
2) Хадисте жұбайыңды өзіңмен бірге сапарға алып шығудың рұқсат етілітендігіне нұсқау бар;
3) Хадисте еркек адам мүмкіндігінше өзінің әйелін бөтен көздерден жасыруы керектігіне нұсқау бар;
4) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасауға, онымен ойнауға әрі қалжыңдасып күлуіге нұсқау бар;
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті оқып-үйренуі керектіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуіне ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
7-бөлім
Әйеліңе үй шаруаларында көмектес
Бірде (бір кісілер) Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйде не істейтіні жайлы сұрайды.
Сонда ол: «Ол адамдардың бірі еді. Киімін жамап-тігетін, қой сауатын әрі өз-өзіне қызмет жасап жүретін», - деп жауап береді (Ахмад).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте салиқалы сәләфтардың (алдыңғы буын өкілдерінің) Сүннетті танып-білуге деген ұмтылысы көрсетілген;
2) Хадис ғалымдарға, әсіресе хадис білгірлеріне сұрақтар қоюдың абзал екендігіне нұсқайды;
3) Хадисте Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) абырой-мәртебесі (артықшылығы) көрсетіліп тұр;
4) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарапайымдылығына нұсқау бар. Ол пайғамбар, ғалым, елбасшы болғанына қарамастан, осының барлығына уақыт таба білген;
5) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кәдімгі адамдардың бірі болғанына нұсқау, әрі, тиісінше, оны құдайлық сипаттармен сипаттайтын сопылардың тұжырымдарын теріске шығару бар;
6) Хадисте әйеліңе деген игі қарым-қатынасқа әрі оған үй шаруаларына көмек берудің құпталатындығына нұсқау бар;
7) Хадисте қой бағып-ұстаудың абзалдығына нұсқау бар;
8) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зуһттық өмір салтына нұсқау бар. Ол, егер киімі жыртылып қалса, оны тастамай, жамап-тігетін;
9) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тігуді, қой саууды т.с.с. нәрселерді білгендігіне нұсқау бар. Әрі бұл еркек адамның қолмен тірлік атқара алуы керек екендігіне нұсқайды;
10) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті оқып-білуі керектігіне нұсқау бар;
9) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
10) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
8-бөлім
Оның қасында болған кезіңде денеңнен немесе ауызыңнан жағымсыз иістің шықпауына талпын
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: «Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйге кіргенде ең алдымен тісін мисуакпен тазалауға кірісетін» (Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тазалығы мен көркем мінезіне нұсқалады, әрі біз үшін ода ұлы үлгі-өнеге бар;
2) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынас жасауға әрі ол сенен ауыздың, тердің иісі сияқты өзіне жағымсыз болуы мүмкін әлдебір нәрселерді сездіртпеуге тырысу қажет екеніне нұсқалады;
3) Хадисте темекі шегетін еркектердің нашар жағдайына нұсқау әрі олардың бұл амалын теріске шығару бар. Себебі олар күнә жасап, өздеріне зиян тигізетініне қоса, жұбайларына да көптеген ыңғайсыздықтар мен зиян жасайды;
4) Хадисте мисуак қолданудың құпталатындығына нұсқалады. Мисуәк ұғымына тіс пен ауыз қуысын тазартатын, әрі оны жағымсыз иістерден арылтатын барлық құралдар жатады;
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті оқып-үйренуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
9-бөлім
Үстіңнен хош иістің аңқып жүруіне тырыс әрі ол үшін сәнденіп киін
Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Мен әйелімнің мен үшін әдеміленгенін жақсы көретінім секілді өзімді де ол үшін сәндегенді жақсы көремін» (Ибн Әби Шәйба).
Асардан алынатын кейбір пайдалар:
1) Асарда әйеліңе деген жақсы қарым-қатынас жасаудың үлгісі келген;
2) Асарда ерлі-зайыптылардың бірін-бірі үшін әдеміленуінің абзал екендігіне нұсқау бар;
3) Асарда Ибн Аббастың (Аллаһ оған разы болсын) қарапайымдылығы мен көркем мінез-құлқына нұсқау бар, себебі ол өз заманының ең үлкен ғалымдарының бірі болғанына әрі өзінің жұмысбастылығына қарамастан әйелі үшін уақыт таба білетін;
4) Асарда әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
5) Асарда күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
6) Асарда Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқау бар.
10-бөлім
Оны еркелететін немесе оның өзіне ұнайтын есімдермен, немесе лақапаттармен, немесе куньялармен атап-шақыр
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаға қаратып: «Уа, Аиш, Уа, Аиш, міне, Жәбірейіл саған сәлем айтып жатыр», - дейтін (Бухари, Муслим).
Сондай-ақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған қарап: «Я, әппақ!» - дейтін (ән-Нәсаи).
Сондай-ақ бірде Айша оған: “Сенің менен өзге барлық әйелдеріңнің куньялары бар» , - деп айтқанда, ол оған Умм Абдилләһ деген кунья бергені туралы хабарланады (Ахмад).
Хадистерден алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадистерде жұбайыңмен жұмсақ әрі жақсы қарым-қатынас жасауға әрі еркелетудің құпталатындығына нұсқау бар;
2) Хадистерде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінезіне нұсқалады;
3) Хадистерде есімдерді еркелетіп айтып шақырудың рұқсат екендігіне нұсқау бар (мысалы, Фатима – Фатимажан т.с.с.);
4) Хадистерде әйеліңді ерке атаулармен атаудың абзал екендігіне нұсқалады, мысалы: жаным, әппағым, тәттім т.с.с.;
5) Хадистерде баласы жоқ адамға кунья есім беруге рұқсат етілетіндігі бар;
6) Хадистерде әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадистерде күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;.
8) Хадистерде Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
11-бөлім
Кейде оның әлдебір кемшіліктерін байқамауға тырыс
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мүмин еркек мүмин әйелге жеккөрушілік танытпайды. Оған оның мінез-құлқының әлдебір тұсы ұнамағанымен, басқасы ұнайды» (Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте өзіңді әйеліңмен, көршіңмен, досыңмен, жұмысшыңмен әрі сенімен қандай да байланысы бар кез-келген адаммен қалай ұстау қажеттігі туралы пайғамбарлық өсиет жатыр;
2) Хадисте мүмин адам өзін қоршайтын адамдардың: мейлі ол әйелі немесе басқа біреу болсын – міндетті түрде әлдебір кемшіліктері болатынына дайын болуы керек екендігіне нұсқау бар;
3) Хадисте әйеліңнің кемшіліктеріне қамығудың қажеті жоқ екеніне, оның орнына оның артықшылықтарына қарау керек екеніне нұсқау бар.
4) Бұл хадис кемшіліктерді түземеу керек дегенге нұсқамайды. Онда әйелдің қандай да бір кемшілігі, егер оның жақсы жақтары болатын болса, оған деген жеккөрушіліктің себебіне айналмауы тиіс дегенге нұсқау бар;
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті оқып-үйренуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
12-бөлім
Егер әйелің жылап қалса, оны жұбатып, көз жастарын сүртіп қой
Әнас (Аллаһ оған разы болсы) былай дейтін: “Бірде Сафия (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болатын. Әрі сол күн оның (еншілі) күні етін. Әрі ол (өзгелерден артта) қалып қойды да, сосын Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны алдынан шығып күтіп алды. (Сол кезде) ол көзіне жас алып: «Сіз мені жайбасар түйеге отырғыздыңыз», - деді. (Сонда) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қолымен оның көз жастарын сүртіп, оны жұбата бастады” (ән-Нәсаи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңді өзіңмен бірге сапарға алып шығудың рұқсат етілгендігіне нұсқау бар;
2) Хадисте әйелге түйеге, атқа және т.с.с. мініп жүруіне, әрі осыған сәйкес автокөлікті жүргізуге де, егер бұл оның тұрып жатқан мемлекетінің заңымен тыйым салынған болмаса, рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар.
3) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әділдігіне, әрі оның әйелдер арасында түндерді әділ бөліп отырғандығына нұсқау бар;
4) Хадисте әйелдің әлсіздігіне, нәзіктілігіне әрі жылауықтығына нұсқау бар;
5) Хадисте әйел кісінің күйеуіне шағымын айтуына болатындығына нұсқау бар;
6) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасау, оған деген мейірімділік пен нәзік ілтипат таныту қажет екендігіне нұсқау бар;
7) Хадисте ер адамға әйелі көз жастарына малынып жатқанда жүйкесін жұқартпауы керек екендініне нұсқау бар. Ол жай ғана әйелінің көз жастарын сүртіп, оны жұбатуға тырысуы қажет;
8) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
9) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
10) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
13-бөлім
Егер кей кездері ол сенімен керісіп қалса, сабыр ет
Умар (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “(Бірде) мен өз әйеліме дауыс көтеріп жібердім, әрі ол да маған (керісіп) жауап берді. Әрі маған оның айтқаны ұнамады. [Мен оған: «Менің не істегім келетініне сенің қандай шаруаң бар? Және менің істейін деп жатқан тірліктеріме неге араласасың?», - дедім] Ол болса: «Ал сіз немеге менің сөз қайтарып жатқанымды сөгесіз? Аллаһтың атымен ант етемін, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері оған (сөз) қайтарады», - деді” (әл-Бухари).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынас жасауға нұсқау бар;
2) Хадисте егер кей кездері ол сенімен сөзге келіп қалса, сабыр танытуға нұсқау бар;
3) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сабырлығы мен көркем мінез-құлқына нұсқау бар;
4) Хадисте ант беру Аллаһтың атымен ғана болу керектігіне нұсқау жатыр;
5) Хадисте әйел кісінің күйеумен айтысып-керісуінің құпталатындығына немесе жақсы іс екеніне нұсқау жоқ.
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
14-бөлім
Егер ол әлдебір тамақты дұрыс дайындай алмай қалса, оның пісірген тамағын сөкпе
Абу Хурайра (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан тамақты сөкпейтін. Егер оған ұнаса - жейтін, ұнамаса - жемейтін» (әл-Бухари).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе деген жақсы қарым-қатынас жасау керек екеніне нұсқалады;
2) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінезіне нұсқау бар;
3) Хадисте Аллаһқа Оның берген нығметтері үшін шүкіршілік айту керектігіне әрі тамақты сөгу шүкіршілікке қарама-қайшы келетін нәрсе екеніне нұсқау бар;
4) Хадисте егер әйелің әлденені дәмсіз етіп дайындап қойса, оны осы үшін ұрысып-сөгудің қажеті жоқ екеніне нұсқау бар. Тамақтан тек бас тартып қана қою керек, әрі ол мұның себебін өзі түсінетін болады;
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
15-бөлім
Оған, істеп жүрген барлық жақсылықтары үшін, міндетті түрде алғысыңды айтып жүр
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Адамдарға рахметі жоқ адам Аллаһқа шүкіршілік етпейді» (әт-Тирмизи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасау керектігіне нұсқау жатыр;
2) Хадис барлық жақсылық үшін алғыс-шүкірлік білдіру керек екендігіне нұсқайды;
3) Хадисте Аллаһқа шүкіршілік етудің маңыздылығына нұсқау бар;
4) Хадисте адамдарға, олардың саған жасаған жақсылықтары үшін, алғыс білдіруің Аллаһқа деген шүкіршіліктің ажырамас бір бөлігі болып табылатындығына нұсқау бар;
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
16-бөлім
Әйеліңнің жақындары мен құрбы-құрдастарына жомарттығыңды таныт
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қой сойған кездері (оның етінен) Хадижаның құрбы-құрдастарына сый ретінде жіберіп отыратын» (әт-Тирмизи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқына нұсқау бар;
2) Хадисте садақа беруге, адамдарды тамақтандыруға және сыйлықтар тарту етуге ынталандыру бар;
3) Хадис адамдардың саған істеген жақсылығын есте сақтап жүру – иманның көрінісі болып табылатындығына нұсқап отыр;
4) Хадисте жақсылыққа рахмет білдіру керектігіне нұсқау бар;
5) Хадисте қайтыс болған адамға деген игілік оның туысқандары мен жақындарына жақсы қарым-қатынас жасау арқылы танытылатынына нұсқау бар;
6) Хадисте Хадижаның (Аллаһ оған разы болсын) абырой-мәртебесі мен артықшылықтарына нұсқау бар;
7) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасын қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
17-бөлім
Оған қиын-қыстау кезде қамқор бол, әрі ауырып қалған кездері оны Құранмен емде
Айша (Аллаһ оған разы болсын) өзіне қатысты жала оқиғасы (хадисат әл-ифк) туралы баяндаған кезінде былай дейтін: “Бұрын мен ауырғанымда ол маған мейірбан әрі мейірімді болатын, ал ол осы ауырған кезімде ол ондай болмады, әрі бұл маған ұнамады. Анам мені емдеп жүрген кезде ол маған кіріп (анамнан): «Ол қалай?», - деп (қана сұрап) қоятын. Әрі бұған өзге еш нәрсе қоспайтын” (әл-Бухари).
* «Хадисат әл-ифк» - екіжүзділер Айшаны (Аллаһ оған разы болсын) зинақорлықта айыптағаны туралы оқиға.
Сондай-ақ Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Егер оның жанұясынан әлдебіреу ауырып қалса, ол оларды соңғы екі сүремен (әл-мау’изатайн) дем салып емдейтін» (Муслим).
Хадистерден алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе деген жақсы қарым-қатынас жасау керектігіне нұсқау баар;
2) Хадисте жалпы отбасыңа және әйеліңе жеке қамқорлық таныту қажет екендігіне нұсқалады;
3) Хадисте әйеліңе қатысты ізгілік пен мейірбандылық таныту керектігіне нұсқау бар;
4) Хадисте әйелің ауырып қалса, оны емдеуің керек екеніне нұсқалады;
5) Хадисте біздің үмметімізде мүминдер мен салиқалы адамдарды олардың қатысы жоқ нәрселерде айыптайтын екіжүзділердің (мунафиқтардың) бар екендігіне нұсқау бар. Екіжүзділер Айшаны (Аллаһ оған разы болсын) зинақорлықта айыптаған болатын;
6) Егер де мұндай жаладан Айша анамыздың өзі (Аллаһ оған разы болсын) қашып құтыла алмаған болса, онда одан кейінгі мүминдер екіжүзділер мен олардың күдіктеріне шалынғандардың шабуылдары мен өтірік айыптауларына тіптен кезігуі мүмкін;
7) Айшаға (Аллаһ оған разы болсын) жала жабылған оқиға екіжүзділердің салиқалы кісілерге қатысты басқа салиқалы адамдардың күдік-күмәндарын туғызулары мүмкін екеніне нұсқайды. Мәселен, бұл Бадр шайқасына қатынасқандардың бірі болған, бірақ бұған қарамастан екіжүзділердің айтқан сөздеріне сеніп қалып, осындай сөздерді айтқан салиқалы сахаба Мистахпен (Аллаһ оған разы болсын) орын алғанындай. Сондықтан біздің кезімізде кейбір жалақор-өсекшілердің шейхтарға барып, білім талап етушілерге өтірік жала жапсыратындары, әрі әлгі кісілер солардың сөздеріне сеніп, соңғыларды сөгіп-жазғыратындары әрі өзгелерді олардан сақтандыратындары таңқаларлық іс емес;
8) Хадис Аллаһ Тағала мүминдерді сақтап-қорғайтынына нұсқайды. Айшаға (Аллаһ оған разы болсын) жала жабылған болатын, ал Аллаһ Тағала жеті қабат көктің үстінен оның күнәсіздігін растап, аяттар түсірді. Тура сол сияқты, біздің кезімізде де кімге әділетсіз жала жабылған болса, Аллаһ Тағала міндетті түрде айыпталғандардың күнәсіздігін және екіжүзділердің өтірігін шығаратын себептерді жасап тудырады;
9) Хадисте екіжүзділердің (мунафиқтардың) Мәдинада турулары мүмкін екендігіне әрі игі мекен, немесе игі тек онда туратын адамды өздігінше игі-салиқалы етпейтініне, бірақ адамды оның тақуалығы мен игі-салиқалы амалдары игі-салиқалы ететіне нұсқау бар;
10) Хадисте Құран сүрелерін, әсіресе, соңғы екуін оқып емдеудің құпталатындығына нұсқау бар;
11) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
12) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
13) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
18-бөлім
Әйеліңе Аллаһқа құлшылық етуде көмектес
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Түнде (ұйқысынан) тұрып, намаз оқитын және отбасын (ұйқыдан) оятатын, ал егер ол (әйелі) тұрмай жатса, бетіне су шашатын адамды Аллаһ рахым етсін» (Абу Дауд).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасау керектігіне нұсқау бар;
2) Хадисте Аллаһтың мейіріміне нұсқау бар;
3) Хадисте түнгі намазды орындау құпталатын сауапты амал екендігіне нұсқау бар;
4) Хадисте жақсылық пен тақуалықта өзара көмектесу қажет екендігіне нұсқау бар;
5) Хадисте отбасыңа Аллаһқа құлшылық етуде көмектесу қажет екендігіне нұсқау бар;
6) Хадисте намазға тұрмай жатқан адамға су себуге рұқсат бар;
7) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
19-бөлім
Әйеліңе сенім арт әрі ол саған опасыздық жасайды деп ешқашан ойлама
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [ұзақ уақыт бойы үйінен алыс жүрген] еркекке [әйелі оған опасыздық жасап жатыр екен деген күдікпен] немесе әйелдері тарапынан [жіберілген] күнә-қателіктердің [үстінен түсу ниетімен, өзінің әйелдеріне] кенеттен түнде баса-көктеп кіруіне тыйым салды (Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасау қажеттігіне нұсқау бар;
2) Хадисте жұбайың жайлы жақсы ойда болу керек екендігіне нұсқау бар;
3) Хадисте үйіңе түнде күтпеген жерден кенеттен оралуға тыйым салынатынына нұсқау бар;
4) Хадисте әйелің сені қарсы алуға дайын болуы үшін оған өзіңнің сапардан оралу уақытың туралы хабарлаудың құпталатын сауапты амал екеніне нұсқалады;
5) Хадисте әйеліңнің қателіктері мен кемшіліктерін ақтарудың тыйым салынатындығына нұсқалады;
6) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;.
8) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
20-бөлім
Үйіңнен шығарда әйеліңді сүйіп қой
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің кейбір әйелдерін сүйіп, сосын барып тахарат алмастан намазға шығатын»(Абу Дауд, әт-Тирмизи. Шейх Әлбани хадисті жақсы (хаман) деп атаған).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Айша анамыздың (Аллаһ оған разы болсын) артықшылығына нұсқау бар, себебі ол Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа адамдар көріп-есіте алмаған нәрселерді жеткізді емес пе?!
2) Хадисте оның қарапайымдылығына нұсқау бар, себебі хадисте сөз ол туралы болуда;
3) Хадисте әйеліңді сүйю және ұстау тахаратты бұзбайтындығына нұсқау бар. Ал енді Аллаһ Тағаланың келесі сөздеріне келер болсақ:
يَاأَيُّهَاالَّذِينَآمَنُوالَاتَقْرَبُواالصَّلَاةَوَأَنتُمْسُكَارَىٰحَتَّىٰتَعْلَمُوامَاتَقُولُونَوَلَاجُنُبًاإِلَّاعَابِرِيسَبِيلٍحَتَّىٰتَغْتَسِلُواوَإِنكُنتُممَّرْضَىٰأَوْعَلَىٰسَفَرٍأَوْجَاءَأَحَدٌمِّنكُممِّنَالْغَائِطِأَوْلَامَسْتُمُالنِّسَاءَفَلَمْتَجِدُوامَاءًفَتَيَمَّمُواصَعِيدًاطَيِّبًافَامْسَحُوابِوُجُوهِكُمْوَأَيْدِيكُمْإِنَّاللَّهَكَانَعَفُوًّاغَفُورًا
«Әй мүминдер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге дейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша (бой дәретсіз намаз оқымаңдар). Бірақ жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындассаңдар да, су таба алмасаңдар, сонда таза жерге (тәяммум соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Аллаһ аса Кешірімді, тым Жарылқаушы» («ән-Ниса» сүресі, 43-аят), - онда «әйелдермен жақындассаңдар» сөзінің астарында жыныстық қатынас меңзелуде.
4) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынас пен оған қатысты нәзік сезім таныту керектігіне нұсқау бар;
5) Хадисте үйден шығар кезде әйеліңді сүйіп қою құпталатын сауапты амал екендігіне нұсқау бар.
5) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқына нұсқау бар;
6) Хадисте парыз намаздарын мешітте орындау керек екендігіне нұсқау бар;
7) Хадисте кімде-кімнің әйеліне жақсы қарағысы келетін болса, Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;.
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
«[Бірде] Айша (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің әйелдерінің бірін ораза ұстап жүріп сүйгендігін айтып отырып, жымиды» (Муслим).
Сондай-ақ ол былай деп баяндайтын: “[Бірде] Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мені сүю үшін маған қарай бойын созды. Бұған мен: «Мен Ораза ұстап жүрмін», - дедім. Ол: «Мен де ұстап жүрмін», - деп мені сүйіп алды” (ән-Нәсаи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) абырой-мәртебесіне және артықшылығына нұсқау бар;
2) Хадисте оның ұялшақтығына нұсқау бар;
3) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынас жасау қажет екеніне нұсқау бар;
4) Хадисте әйеліңе деген жұмсақтық пен нәзік сезім танытуға нұсқау бар;
5) Хадисте ораза ұстап жүрген күйеуі мен әйеліне бірін-бірі сүюлеріне рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар. Оразада тыйым салынатын нәрсе – бұл жыныстық қатынас;
6) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһты игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқы мен оның жұмсақтығына нұсқау бар;
7) Хадисте кімде-кімнің әйеліне жақсы қарағысы келетін болса, Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;.
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
21-бөлім:
Әйеліңнің көңілін көтер әрі оны ойнатып-күлдірт
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бөлменің есігіне тұрып алды, ал сол уақытта эфиоптықтар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде қылыштасып ойнап жатқан еді. Әрі мен олардың ойындарын көре алуым үшін, ол мені өзінің жамылғы киімімен жауып алды. Осылайша мен өзім кетпегенімше жалғасып тұрды» (әл-Бухари).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынас жасауға нұсқау бар;
2) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқы мен мейірбандылығына нұсқау бар;
3) Хадисте әйелің қамаудағы тұтқын емес екеніне, әрі ол да өзге адамдар секілді кейде ойын-сауыққа мұқтаж болатынына нұсқау бар. Алайда бұл ойындар мен сауық-сайрандар шариғат шеңберінен шықпауы және мүмин әйелдің өмір салтына айналмауы қажет, яғни бүкіл ғұмыр ойын-сауықта өтпеуі керек;
4) Хадисте еркек адам өзінің әйелін бөтен көздерден сақтап-қорғауы керектігіне нұсқау бар;
5) Хадисте мешітте кейбір кездері (шариғатпен құпталатын) ойындар өткізуге рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
6) Хадисте әйелдердің ер адамдарға қарау мәселесінде еркектерден айырмашылығы бар екеніне, әрі егер әйел адам ерлерге құмарлық сезіміммен қарамаса, бұл рұқсат етілетініне нұсқау бар, ал ер адамның әйелдерге құмарлықпен де, құмарлықсыз да қарауына тыйым салынады;
7) Хадисте кімде-кім әйеліне жақсы қарағысы келетін болса, Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
22-бөлім:
Әйеліңді өзіңмен бірге сапарға алып шығып жүр
«Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сапарға жиналатын болса, әйелдерінің арасында жеребе тастайтын. Әрі кімнің жеребесі шықса, соны өзімен бірге (сапарға) алып шығатын» (әл-Бухари, Муслим жеткізеді)
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынас жасауға нұсқау бар;
2) Хадисте әйеліңе қамқорлық көрсетуге нұсқау бар;
3) Хадисте осы секілді жағдайларда жеребе тастаудың рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
4) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әділеттілігіне нұсқау бар;
5) Хадисте әйеліңді өзіңмен бірге сапарға алып шығудың құпталатындығына нұсқау бар;
6) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
8) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
23-бөлім:
Әйеліңе сараңдық танытпай, қаражатыңды жаратып отыр
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Сенің Аллаһтың жолында жұмсаған динарың, әрі құлды босату үшін жұмсаған динарың мен өзіңнің отбасыңа жұмсаған динарың: (барлығының ішінде) сауабы бойынша ең үлкені - сенің отбасыңа жұмсағаның» (Муслим).
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай дейтін: «Егер адам өз дүние-мүлкін сый-сауапқа үміт ете отырып, яғни осынысымен Аллаһ Тағаланың Дидары мен Оның ризашылығын қалап, жұмсайтын болса, бұл оған садақа болып жазылады» (әл-Бухари, Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Аллаһ жолындағы жиһадтың артықшылығына нұсқау бар (Алайда жиһад – бұл бүлік пен ланкестік емес, әрі бейкүнә адамдарды өлтіру де емес, тонаушылық та емес. Жиһад – бұл өзінің (белгілі бір) шарттары бар, әрі тек мұсылмандардың елбасшысының туының астында ғана орындалатын, намаз бен қажылық секілді құлшылық;
2) Хадисте Аллаһ жолында дүние-мүлік жаратудың артықшылығына нұсқау бар;
3) Хадисте құлдарды азат етудің құпталатын сауапты екендігіне нұсқау бар;
4) Хадисте құлдарды азат ету үшін мүлкін жұмсайтын адамның артықшылығына нұсқау бар;
6) Хадисте дүние-мүлкіңді жалпы отбасыңа және нақты айтқанда әйеліңе жаратудың артықшылығына нұсқау бар;
7) Хадисте әйеліңе сараңдық жасамау керектігіне нұсқау бар. Себебі егер адам осыны Аллаһтың разылығы үшін істейтін болса, бұл оған садақа ретінде жазылатын болады;
8) Хадисте отбасыңа мал-қаражат жұмсаудың жиһадқа мал-қаражат жұмсаудан да, құлды азат етуден де да жақсы екеніне нұсқау бар;
9) Хадисте отбасыңа мал-мүлкіңді жұмсаудың сый-сауабы үлкен екеніне нұсқау бар;
10) Хадисте іс-амалдардағы ықыластылықтың маңыздылығына нұсқау бар;
11) Хадисте іс-амалдардағы ниеттің әрқашан есте болуы қажет екеніне нұсқау бар;
12) Хадисте Аллаһ Тағаланың Дидары және разылығы секілді сипаттарына нұсқау бар. Олардың болмысы Оның Ұлылығына лайықты;
13) Хадисте 40 күнге немесе 4 айға Үндістанға немесе Бангладешке сапарға шығып, өздерінің дүниесін бостан-босқа сарп ететін, әрі өз отбасыларын осынша уақыт бойында нәпақасыз қалдырып қоятын таблиғ сектасын айқын теріске шығару бар;
14) Хадисте кімде-кім әйеліне жақсы қарағысы келсе, Сүннетті танып-үйренуі керектігіне нұсқау бар;
15) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
16) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
24-бөлім:
Әйеліңнің сырын ешкімге ашпа
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Расында, Қиямет Күні Аллаһтың алдындағы адамдардың ең жаманы – өз әйелімен оңашада болатын әрі ол да онымен оңашаланатын, ал сосын оның (жыныстық) құпияларын айтып беретін еркек» (Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынасқа және оның жеке тұлғасына деген сый-құрмет танытуға нұсқау бар;
2) Хадисте жақсы мінез-құлыққа ынталандыру бар;
3) Хадисте Қиямет Күніне иман келтіруге нұсқау бар;
4) Хадисте жаман адамдар Аллаһ Тағаланың алдында сұрқиялығы бойынша әртүрлі дәрежеде, яғни біреудің жағдайы жаман, ал басқа біреудікі одан да жаман болатынына нұсқау бар;
5) Хадисте иманның артатынына және кемитініне нұсқау бар;
6) Хадисте ерлі-зайыптыларға бір-бірінің жыныстық құпияларын бөтен адамдарға айтып берулеріне тыйым салынатынына нұсқау бар;
7) Хадисте кімде-кім әйеліне жақсы қарағысы келсе, Сүннетті танып-үйренуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
9) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
25-бөлім:
Әйеліңнің жеке қызығушылықтарына, егер оларда күнәлі еш нәрсе болмаса, құрметіңді таныт
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі бола тұра қуыршақтармен ойнайтынмын және менімен бірге ойнайтын құрбы-құрдастарым да бар болатын. Және ол кіріп келгенде олар одан тығылатын да, ал ол болса оларды маған қарай жіберетін, сөйтіп олар менімен ойнайтын» (әл-Бухари «әл-Адаб әл-Муфрадта»).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқына, оның жұмсақтығына әрі ізгілігіне нұсқау бар;
2) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынасқа нұсқау бар;
3) Хадисте жұбайыңның жеке қызығушылықтарына, егер оларда күнәлі әрі күйеуінің қақыларын бұзатындай еш нәрсе болмаса, құрмет таныту керектігіне нұсқау бар;
4) Хадисте қуыршақтармен ойнауға рұқсат ететін ғалымдардың дәлелі бар;
5) Хадисте қыз бала балалық шағынан бастап ананың рөліне бейімделіп үйрене беруі керектігіне және қуыршақтармен жаттығып-ойнау керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте сахабалардың қыздарының ұялшақ болғанына нұсқау бар, ендеше, ересек сахаба-әйелдердің ұялшақтығы туралы не айтуға болмақ?!
7) Хадисте жұбайыңа, егер оның дініне және мінез-құлқына зиян келмейтін болса, құрбы-құрдастармен достасуға рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
8) Хадисте кімде-кім әйеліне жақсы қарым-қатынас жасағысы келсе Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
9) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
10) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
26-бөлім:
Әйеліңе етеккір уақытысында ерекше көңіліңді бөл, әрі мұны оған көрсет
Мәймуна (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің әйелдерін оларда етеккір келген кездері изардың сыртынан аймалайтын» (әл-Бухари).
Әнас (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Егер яһуди әйелдердің арасынан біреудің етеккірі келсе, (олардың күйеулері) олармен бірге отырып ішіп-жемейтін, әрі олармен бірге үйлерінде де отырмайтын. Әрі (бірде адамдар) Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы туралы сұрағанда, Аллаһ (келесі аятты) түсірді:
وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ قُلْ هُوَ أَذًى
«Олар сенен етеккір туралы сұрайды. «Ол азап шектіреді», - де» («Бакара» сүресі, 222-аят).
Әрі Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [мұсылмандарға] олармен бірге отырып ішіп-жеуге әрі олармен бірге үйлерінде болуға, және олармен жыныстық қатынастан басқа қалаған нәрселерін жасауға бұйырды» (Муслим).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте осы үмметтің артықшылығына нұсқау бар;
2) Хадисте сұрақтарды білім иелеріне, әсіресе, хадис білгірлеріне қою керектігіне нұсқау бар;
3) Хадисте білім – бұл Аллаһ пен Оның Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген нәрсе екеніне нұсқау бар;
4) Хадисте Аллаһтың діні туралы білімсіз сөйлеуге тыйым қамтылған;
5) Хадис дініміздің көркемділігіне нұсқайды;
6) Хадисте Ислам әйел затын нендей мәртебелеп-жоғарылатқанына нұсқау бар;
7) Хадисте басқа үмметтің әйелдерінің қаншалықты қызығуға тұрмайтындай нашар жағдайда екеніне нұсқау бар;
8) Хадисте жұбайыңа деген жақсы қарым-қатынасқа нұсқау бар;
9) Хадис жұбайыңа оның етеккірі келген кездері, ол өзін күйеуі оған жиіркенішпен қарайтын сияқты сезінбеуі үшін, көңіл бөлу керектігіне нұсқайды.
10) Хадисте етеккірдің әйелдерге қиындық болып табылатынына нұсқау бар;
11) Хадисте ерлі-зайыптының арасында етеккір кезінде жыныстық қатынастан өзге аймалаудың кез-келген түрі рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар;
12) Хадисте әйел адам, етеккір қаны күйеуін былғамауы үшін, әлдебір нәрсе киюі немесе қазіргі кезде кең қолданылатын гигиеналық заттарды пайдалануы керектігіне нұсқау бар.
13) Хадис Ислам дінінде барлық тақырыпқа жауаптар бар екеніне нұсқайды. Егер онда әйелдің етеккір қанына байланысты түсіндірмелер келген болса, онда мемлекетті қалай құру керектігі, немесе жиһадты немесе дағуатты қалай дұрыс жүргізу керектігі туралы түсіндірмелер тіптен (бар).
14) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
15) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
16) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
27-бөлім:
Ол сен үшін қымбат екенін айтып отыр
Айша (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Умму Зар’ мен оған өте қайырымды болған, бірақ соңынын онымен ажырасып кеткен Абу Зар‘ туралы оқиғаны айтып берген кезде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаға: «Мен саған Умму Зар’ үшін Абу Зар’ қандай болған болса, сондай боламын, бірақ мен сенімен ажыраспаймын», - деді.
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте әйеліңе жақсы қарым-қатынас жасауға ынталандыру бар;
2) Хадисте оған жақсы сөздер айтуға ынталандыру бар;
3) Хадисте еркек адам егер әйелі оған бір нәрселер айтқысы келсе, оған назар бөлуі қажеттігіне нұсқау бар, тіпті бұл оған қызық болмаса да;
4) Хадисте күйеуі әйеліне оны жақсы көретінін, оны бағалайтынын әрі одан айырылғысы келмейтіні туралы айтуы керектігіне нұсқау бар;
5) Хадисте мүмин адам жақсы әйелмен ажыраспайтынына нұсқау бар;
6) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
7) Хадисте күйеуінің тарапынан жақсы қарым-қатынасты қалайтын әпке-қарындастарымыз күйеуін Сүннетті танып-білуіне ынталандыруы керектігіне әрі оған осы жолда көмектесуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
28-бөлім:
Әйеліңмен қарым-қатынасыңда қуаныш пен шаттықтың ахуалын сақтап отыр
Айша (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндайтын: “Бірде бізге Сауда зиярат жасап келді, ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) біз екеуміздің арамызға отырды да, бір аяғын оның етегіне, ал екіншісін менің етегіме қойды. Мен болсам хазира (тағамын) дайындаған болатынмын, әрі Саудаға: «Жей ғой!», - дедім. Бірақ ол бас тартты. Сонда мен оған (қалжыңмен): «Егер осыны жемесең, мен мұны сенің бетіңе жағамын», - дедім. Бірақ ол сонда да бас тартты. Сонда мен тамақтан кішкене алып, оның бетіне жаға салдым. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), Сауда менен «өшін» қайтарсын деп, оның етегінен аяғын тартып алды. Сол кезде ол ыдыстан бірдемені алды да, менің бетіме жақты. Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күліп-күліп отырды” («әс-Сунан әл-Кубра» ән-Нәсаи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте жұбайыңа немесе жұбайларыңа деген жақсы қарым-қатынасқа нұсқау бар;
2) Хадис үйде қуаныш пен шаттық ахуалын сақтап-ұстауға нұсқайды. Және әрқашан көңілсіз әрі артықша салмақты болып жүретін адам дұрыс істемейді. Өйткені әр нәрсенің өз уақыт-орны бар;
2) Хадисте Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінез-құлқына нұсқау бар;
4) Хадисте Айша анамыз бен Сауда анамыздың (Аллаһ оларға разы болсын) өзара достығына нұсқау бар;
5) Хадисте Айша мен Сауданың (Аллаһ оларға разы болсын) артықшылықтарына нұсқау бар;
6) Хадисте бір адамның әйелдері өзара бір-бірімен дос болуында әрі өзара араласуында ешқандай проблема жоқ екеніне нұсқау бар;
7) Хадисте бір адамның әйелдері бірін-бірі зиярат етіп тұруында ешқандай проблема жоқ екеніне нұсқау бар, тіпті сол уақытта күйеулері солармен бірге отырса да;
8) Хадисте күйеуі өзінің екі әйелдерімен бір отырыста қалжыңдасып, көңіл көтергенінде тұрған ештеңе жоқ екеніне нұсқау бар;
9) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
10) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
11) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
29-бөлім:
Әйеліңе өзін-өзі әдемілеп, ретке келтіруіне мүмкіндік бер
Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай дейтін: “Бірде біз Пайғамбармен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге сапарда болғанбыз. Және біз қалаға қайтып оралғанымызда әрі үй-үйлерімізге тарамақшы болғанымызда, ол бізге: «(Әйелдер) таранып әрі (қажетсіз жерлерін) қырынып алулары үшін, оларға уақыт беріңдер (яғни олар өз-өздерін ретке келтіріп алулары үшін)», - деп айтты” (ән-Нәсаи).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадис жұбайыңа деген игі әрі сабырлы қарым-қатынас жасауға нұсқайды. Көптеген ер кісілер әйелдерінің солар үшін ұзақ сәнденгеніне ренжіп, жүйкелері жұқарып жатады. Бұл дұрыс емес, сабырлық таныту керек, өйткені ол мұны сен үшін жасап жатыр емес пе?!
2) Хадисте сахабалардың әдебіне нұсқау бар. Олар әрқашан: «Біз Пайғамбармен бірге болатынбыз», - және т.с.с. сөздерді айтатын, әрі ешқашан: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізбен бірге болды», - деп айтпайтын;
3) Хадис ер адам сапардан оралып жатқанда жұбайына, ол оны қарсы алуға дайындық жасап үлгеруі үшін, өзінің келе жатқанын хабарлауы керектігіне нұсқайды;
4) Хадисте еркек адам сапардан оралғанда, егер оның жұбайы оның келгенін әлі білмейтін болса, үйге кіруге асығып-аптықпауы керектігіне нұсқау бар. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жолдан қалаға оралғанда, алдымен мешітке барып, екі ракағат намаз оқитын, ал сосын барып үйіне қарай жүретін;
5) Хадисте әйел адам үнемі өзін-өзі күйеуіне сәндеп-әрлеуі керектігіне нұсқау бар. Әрі бұл күйеуінің оған деген сүйіспеншілігінің бір себебі болып табылады;
6) Хадисте өзін-өзі күтпейтін әрі өзін күйеуіне сәндеп-әдемілемейтін әйелдерге деген сөгіс қамтылған;
7) Хадисте әйел кісі таранбай жүрмеуі керектігіне нұсқау бар;
8) Хадисте әйел кісі денесіндегі артық жүндерін (яғни қолтық асты жүндерін теріп тастау арқылы, ал кіндік асты жүндерін қырып тастау арқылы) алып тұруы керектігіне нұсқау бар;
9) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
10) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
11) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
30-бөлім:
Өзара араларыңдағы сүйіспеншілік пен махабатты жандандырып отыр және оны жылы сөздермен, сәлеммен әрі сыйлықтармен тәрбиелеп-өсір
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Мен сендерге сендер соны істеу арқылы бір-біріңді жақсы көріп кететін іске нұсқайын ба? Өз араларыңда сәлем таратыңдар» (Муслим).
Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Бір-бірлеріңе сыйлықтар беріңдер – бір-бірлеріңді жақсы көріп кетесіңдер» (әл-Бухари).
Әрі бұл барша мұсылмандарға жалпы ортақ жағдай, ал енді ерлі-зайыптылар туралы не айтуға болады?
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте шариғаттың қойған мақсаттарының бірі мүминдерді жақындастыру және олардың арасындағы сүйіспеншілік орнату болып табылатындығына нұсқау бар;
2) Хадисте мүминдер арасындағы сүйіспеншілікке жетелейтін себептер бар екеніне нұсқау бар. Әрі өзіңе басқа адамның сүйіспеншілігін қалай қаратуға болатындығы жайында сұрайтындарға да жауап қамтылған;
3) Хадис Сүннет бойынша оқыту тәсілдерінің біріне нұсқайды. Ал бұл – ұстаздың өз шәкірттеріне сұрақ қойып, соңынан өзі сол сұраққа жауап беруі. Әрі мұндай әдіс шәкірттердің назарын айтылайын деп жатқан мәселеге барынша шоғырландыру мақсатында қолданылады;
4) Хадисте ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты ұлғайтып-өсірудің маңызды екеніне нұсқау бар. Себебі егер шариғат жалпы мүминдерді осыған ынталандыратын болса, онда ерлі-зайыптылар бұған тіптен ынталануға тиіс;
5) Хадисте өзара «әс-сәләму аләйкум…» деп сәлем берудің маңыздылығына, әрі танитын және танымайтын мұсылмандарға сәлем беру керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте мұсылмандар өзара жақсы (жылы) сөздермен қарым-қатынас жасауының маңызды екеніне нұсқайды. Өйткені әс-Сәләм Аллаһ Тағаланың көркем есімдерінің бірі болғандықтан, игі сөз болып табылады;
7) Хадисте өзара сыйлықтар берудің абзал екендігіне нұсқау бар. Әрі бұл жай ғана мүминдер арасында абзал болса, онда ерлі-зайыптылардың арасында тіптен құпталады;
8) Хадисте сыйлықтар жалпы мүминдер арасында әрі, нақты айтқанда, ерлі-зайыптылар арасында сүйіспеншіліктің жаңғыруының бір себебі болып табылатындығына нұсқау бар;
9) Хадисте басқа адамдарды, олардың іс-амалдары немесе сөздері өздерінің әуес-құмарлықтарына жақпағандығы үшін, жікшілдікте, бидғатшылықта, күпірлікте және арсыздықта айыптап, оларға бас салатындарды айқын теріске шығару бар. Хадисте мұсылман кісі барынша адамдарды жақындастыруға әрі олардың бір-біріне деген махаббатын жандандыруға ұмтылуы қажет екендігіне айқын нұсқау бар. Ал әлгілер болса, керісінше, мұсылмандар бірін-бірі жек көрулері, негізді-негіссіз айыптаулары және өзара қарым-қатынастарын үзулері үшін бар білгенін істейді. Олар Сүннетті насихаттайтын адамдарды қаралайтындары аз болғандай, өздерінің жала мен өтірікке толы айыптауларымен келіспейтіндерді де айыптауға салынады. Аллаһ Тағаладан бізді мұндай жамандықтан, адасушылықтан әрі Сүннетке айқын қарсы шығудан сақтап-қорғауын сұраймыз;
10) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
11) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
12) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
31-бөлім:
Әйелдеріңнің арасында әділетті бол
Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: «Кімнің екі әйелі болған болса, ал ол тек біреуіне қарай ауытқып отырған болса, сол (адам) Қиямет Күні өзінің жарты денесінен арылған күйде тұрады» (Абу Дауд).
Хадистен алынатын кейбір пайдалар:
1) Хадисте көп әйелді болудың заңды екеніне нұсқау бар;
2) Хадисте Қиямет Күніне иман келтіруге нұсқау бар;
3) Хадисте (ер адам) өз әйелдері арасында әділетті болуы міндетті екеніне нұсқау бар;
4) Хадис әйелдері арасындағы әділеттілікті сақтамаған адамға жаза бар екеніне нұсқайды;
5) Хадисте әйеліне жақсы қарағысы келетін адам Сүннетті танып-білуі керектігіне нұсқау бар;
6) Хадисте күйеуінің тарапынан өзіне жақсы қарым-қатынасты қалайтын әйел оны Сүннетті оқып-үйренуге ынталандыруы керектігіне және оған осыда көмектесуі қажеттігіне нұсқау бар;
7) Хадисте Сүннеттің көркемділігі мен ғажайып әсемдігіне, әрі оны оқып-үйрену арқылы иманның көтерілетініне нұсқау бар. Сондай-ақ хадисте «пәлен пәлен туралы былай деді» деген сияқты иманды әлсірететін әңгімелерді тастау керектігіне және мұның орнына Сүннетті оқып-үйренумен айналысу қажеттігіне нұсқалады.
Қорытынды:
Ақиқатында, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ең ұлы көркем мінез-құлық иесі еді. Әрі айтылған нәрселердің барлығы оның ардақты Сүннеті болып табылады.
Әрі әйелдердің хақысы деп, көзбояушылықпен жылайтындар бұдан нендей алыс! Біздің Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерімен қандай қарым-қатынас жасағанына қараңыздаршы! Ол олардың хақысын ең әділетті үлгіде сақтап отырды, оларды сыйлады, және оларға мейірімді әрі жұмсақ болды, олармен ең көркем үлгідегі қарым-қатынаста болды, ал ол заманда басқа діндер әйелді тіпті адам деп санамайтын.
Сүннетті ұстанушылар үлкен әрі кіші мәселелерде өз Пайғамбарының (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңынан ілесетіндерін мақтан тұтады.
Аллаһ Тағаладан бізді Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – өз әйелдеріне ең жақсы қарым-қатынас жасайтындарың», - деп сипаттаған мұсылмандардан етуін сұраймыз.
Әрі соңында әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға барша мақтау-мадақтарымды айтамын. Пайғамбарымыз Мухаммадқа Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын деп тілеймін.
Сіздердің бауырларыңыз Ринат Қазақстани
12.06.2022
Алынған дереккөзі: http://vk.com/wall281299690_466
Пікір қалдыру