shadow
Мақаланы WORD (DOC) форматта жүктеу

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Бүкіл әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммәдқа, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және олардың ізінен ергендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Осман ибн Аффан, Аллаһ оған разы болсын!

  Толық есімі - Осман ибн Аффан ибн Аби әл-Ас ибн Умәйя ибн абд Шамс ибн Абд Манаф ибн Қусаий ибн Киләб әл-Қуроши аль-Умәуй. Куньясы – Әбу Амр, сондай-ақ пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) екі қызын: Руқайа мен Умм Кульсумді айелдікке алғаны себепті «зу-ан-Нурәйн», яғни «екі нұрдын иесі» деп атап кеткен. Анасы – Уруа бинт Қурайс. Осман Таиф қаласында, піл оқиғасынан 6 жыл өткеннен кейін дүниеге келді.

Осман ибн Аффан орта бойлы, келбеті көрікті, терісі жұмсақ, үлкен сақалды қара торы адам болған.

Ол кісі өзінін ұяттылығымен ерекшеленген, тіпті пайғамбарымыз (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Мен қалай періштелер ұялатын адамнан ұялмаймын» деген екен (Муслим), сондай-ақ ақылдылықпен, адамдарға жақсылығымен, туысқандық қарым-қатынасты сақтауымен, тақулығымен, түнгі намаздарды ұзақ тұруымен, Ақырет күнін еске алғанда үнемі жылаумен, жомарттылығымен танылған еді.

Исламға дейін Осман ибн Аффан саудагерлікпен айналысып, өте бай адамдардан болған. Ислам қабылдап, өз мүлкін Ислам жолында және оған шақыруға жұмсаған. Имам Ахмад өз Муснадында, Осман ибн Аффан Руума құдығын сатып алып, Аллаһ елшісіне (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) жауап ретінде, оны Аллаһ жолында садақа еткені туралы келтірді.

Осман ибн Аффан Әбу Бәкр шақыруынан кейін біріншілердің қатарында болып Ислам қабылдаған кісі. Онымен бірге: Зубәйр ибн Аууәм, Талхә ибн Убәйдуллаһ, Саад ибн Аби-Уәққас, Абдуррахман ибн Ауф иман келтірген.

Усман ибн Аффан өз әйелі болған, пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) қызы Руқайаны алып, дінін сақтау үшін Меккеден Эфиопия еліне бірінші болып көшкен еді.

Осман ибн Аффан х.б. 24 жылы 1 мухаррам айында Әбу Бәкр мен Омардан кейін үшінші Халиф болып тағайындалып, х.б. 35 жылға дейін басқарған. Басқару уақытында Ислам үшін көпеген пайдалы істер жасады. Мәселен, «Фәтх әл-Бәри» кітабінда келтірілген оқиға, ол Османның Құранды бір қырағатқа (оқу әдісінде), яғни Құрайыш қырағатында жинағаны келтіріледі, сондай-ақ Мекке және Медина қалаларындағы екі Харамның шекарасын кеңейтті. Осман басқарғанда мұсылмандар Әзірбайжан, Армения, Тунис және тағы басқа көпетеген елдерді ашты.

Осман ибн Аффан х.б. 35 жылы, Зуль-Хижә айының, жұма 18 күні, 80 жасында, еврей Абдуллаһ ибн Саб бастаған харижиттердін қолынан шахид өлімімен қаза тапты. «Фәтх әл-Бәри» кітабіндегі,Әнәс ибн Мәликтен Қатада жеткізген хадисте, бір уақытта пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) Ухуд тауында Әбу Бәкр, Омар және Османмен бірге тұрғанында, тау сілкіне бастады, сондапайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын): «Тыныштал Ухуд! Расында сенің үстіңде пайғамбар, Сыддық, және екі шахид бар», - деп айтқаны келтіріледі.

Осман ибн Аффан тірісінде Жәннәтпен сүіншіленген 10 сахабалардың бірі болды. Абдуррахман ибн Ауф және Саид ибн Зәйдтен жеткен хадисте пайғамбар (Аллаһ игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Әбу Бәкр жәннәтта, Омар жәннәтта, Осман жәннәтта, Али жәннәтта, Талхә ибн Убәйдуллаһ жәннәтта, Зубәйр ибн Аууәм жәннәтта, Абдуррахман ибн Ауф жәннәтта, Саад ибн Әбу Уәққас жәннәтта, Саид ибн Зәйд жәннәтта, Әбу Убәйба ибн әл-Жәррах жәннәтта». Бұл хадисті Ахмад 1/188, әт-Тирмизи 3747, ибн Мәжәх 132 және басқалары жеткізге. Хафиз ибн Хажәр, шейх Ахмад Шакир, шейх әл-Әлбани сахих деген.

Аллаһ оған разы болсын!

Аллаһ игілігі мен сәлемі пайғамбар Мұхаммәдқа, отбасына, сахабаларына және Қиямет күніне дейін оның артынан ергендерге болсын!

 

Сайт: www.kz.islamic.kz

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Автор

Админ

Оқы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Толтырылуға міндетті орындар * белгіленген.

Сіз келесі HTML тегтерді қолданала аласыз. <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>