shadow
Мақаланы WORD (DOC) форматта жүктеу

Мусылман ғалымдарының қазіргі заман үндеулеріне берген жауаптары

 

Құрастырушы :

шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани

 араб тілінен орыс тіліне аударған:

Владимир Абдулла Нирша

 Арабша мәтінінің редакциясын басқарған: Сауд Арабиясы Корольдігінің Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, доктор шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан

 Орыс тіліндегі бірінші басылымның редакторы:

муфтий Исмаил-хазрат Шангареев

***

Бұл кітапта Сүннет жолын ұстанған ең ірі діндар ғалымдардың жауаптары жинақталған. Егер қаласаңыз, оларды бүгінгі күнде сәнге айналған «Уахаббист» сөзімен атаңыз. Бұл жауаптарда террористік актілердің кез келген түрін жасауға, бейбіт адамдарды өлтіруге және оларды ұрлап кепілдікке алуға, өзін-өзі өлтіруге, жарылыстар ұйымдастыруға қарсы қатал түрде қорқытып айтылатын ескертулер бар, өйткені мұндай іс-әрекеттер озбырлыққа және жәбірлеуге жатады.

Сондай-ақ бұл жауаптар осы адасушылық жолын ұстанып жүргендердің күмәндарын теріске шығарады. Осы тақырыпқа қатысты ғалымдардың сөйлеген сөздерінің басым бөлігі 11-қыркүйектегі әйгілі уақиғалардан көп уақыт бұрын айтылған болатын, бұл, өз кезегінде, Исламның оларға ешбір қатысы жоқ екендігіне куә болады. Бұл пәтуаларды оқу әрбір әділ адамның құқығы болып табылады және шындықты білуге ұмтылған барлық сауатты адамдардың мүддесіне үйлеседі.

КУВЕЙТ, 2008

 

Алғысөз

Адамдардың арасында Аллаһтың елшілері болмаған әр уақыт кезеңдерінде адасқандарды дұрыс жолға шақыратын, өздеріне жасалып жатқан зәбірлерді сабырлықпен көтеретін, Құдіретті және Ұлы Аллаһтың Кітабы арқылы өлілерді тірілтетін және Оның нұрымен соқырлардың көзін ашатын ғалымдардың болуын орнатып қойған Аллаһқа мадақтар болсын!    Олар Ібіліс қағып құлатқандардың қаншасын тірілтті және көптеген адасқандарды дұрыс жолға шығарды. Олардың адамдарға істегендері нендей жақсы, ал адамдар оларға қарсы жасағандары нендей жиіркенішті еді! Олар фанатиктердің Аллаһтың Кітабына жасаған бұрмалауларын мойындамайды, сондай-ақ өтірікшілердің дәйексіз тұжырымдарын да, надандардың түсіндірмелерін де мойындамайды, ал біз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне және Мухаммад – Оның құлы, әрі елшісі екендігіне куәлік береміз.

Пайғамбарымызға, оның отбасына, оның барлық сахабаларына және Ақырет күніне дейін оның жолымен жүріп оның Сүннетіне[1] ілескендерге Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Құдіретті және Ұлы Аллаһ Мухаммадты , оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзіне жақындатты және оны адамдарға Аллаһтың құлдарына құлшылық қылудан бас тартып, Аллаһтың өзіне ғана ғибадат ете бастауға және түрлі жолдармен адасушылықта жүруден Аллаһқа мойынсұнуға көшуге шақыру үшін  пайғамбар ретінде жіберді, өйткені Ислам пайда болғанға дейін адамдар надандықтың шырмауында еді және өз төзімсіздіктерінен соқыр болды. Абыржуда болған олар бүліктердің тасқынының ортасында батып-сүңгіп жатты, өз құмарларымен мас болып, адасу мен надандықтың кісендерінен шыға алмады. Олардың ақсүйектері өз-өздерімен сүйсінумен, ал қаралары басыбайлылықта болды, сөйтіп Аллаһ адамдарға Жәннат бақтарына жол көрсеткен, оларға Аллаһтың жолдауын жеткізген, Оның аяттарының[2] мағынасын түсіндірген және пұттарды талқандауды бұйырған елші жіберді, соның себебінен ақиқат жарқырай түсті, қараңғылық жарықтан ажырады және екіжүзділіктің тамырлары қопарылып жұлынды. Оның Сүннетіне ілесу игілік пен есендікте өмір сүрудің кепілі болып табылады, оның (жаққан) жарығы сөнбейді, ал дәлел-дәйектері теріске шығарылмайды; кім Сүннетке ауытқымай ілессе, қорғалған болады, ал кім оған қарсы шықса, өкінеді, өйткені Сүннет - алынбас қамал және мықты негіз. Сүннетің артықшылығы айқын және кім оны берік ұстанса, жетістікке жетеді, ал оған қайшы келетін нәрсені қалаған адам опат болады; Сүннетпен байланысын үзбей ұстағандар мәңгі дүниеде бақытты болады, ал бұл дүниеде оларға адамдар қызығушылықпен қарай бастайды.

Маған адамдардың басына түсіп жатқан ауыр апат-лаңдарға қатысты олардың мұсылман ғалымдарының пәтуаларына[3] мұқтаж екендігі және білім ұмытылып, ақыл-парасат аз кездесетін, дін ережелеріне ілесу мысалдары аз көрінетін, ал бидғаттар (дінге енгізілген жаңалықтар) көбейген, келісім жойылып бара жатқан, жікшілдік пайда болып, адамдардың бастарына қайғы-қасіреттер үйіліп, қан төгіліп жатқан, адамдар тығыз байланыста болу керек адамдардан аулақ болуға, ал аулақ жүру қажет кімселерге жақын болуға ұмтылатын  кезеңде осындай пәтуалар арқылы бүліктерден құтылу және адамдардың дінін, ар-намысын және өмірін қол сұғудан сақтап қалу мүмкін болатындығы айқын болды.

Осындай уақытта бүліктерден құтылу тек Сүннетке ауытқымай ілесіп, көрнекті кісілердің тарихы мен өмір жолынан  ғибрат алу арқылы және Пайғамбардың жолы мен мұрасынан алыстау, білім мен оны алып жүрушілерден алшақтау Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үмметін опат болуға әкелетіндігін түсіну  арқылы ғана мүмкін болмақ.

Аллаһ Тағала: «Расында, Бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де, қарсы келгендер: “Сендер қисынға сыймайтын нәрсе айтып тұрсындар!”, - дейді. Осылайша Аллаһ білмегендердің жүректерін бітейді. (Мухаммад) енді сабыр ет. Аллаһтың уәдесі - хақ. (Иманы) мығым еместер сені (өз міндеттеріңе) салғырт болуыңа мәжбүрлемесін», - дейді (әр-Рум сүресі, 58-60 аяттар).

Хузайфа бин әл-Йаман, Аллаһ оған разы болсын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Жахилиет[4] кезінде біз ең нашар халде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке[5] жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым.  Ол: «Иә», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым. Ол: «Иә, бірақ онда бір кемшілік болады», - деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» - деп сұрадым. Ол: «Менің Сүннетімді ұстанбайтын адамдар (пайда болады) және (олар басқаларды) мен бағыттап жатқан жақтан өзге жаққа бағыттайды, және сен олардың (істерінің кейбірін) мойындайсың, ал (кейбірін) тәрк етесің», - деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ме?» - деп сұрадым. Ол: «Иә, Тозақтың қақпаларының аузында (тұратын) шақырушылар (пайда болады) және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (Тозаққа) тастатады», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», - деп сұрадым. Ол: «Иә. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» - деп сұрадым.Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың тобынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», - деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) топ та, әмір де болмаса ше?» - деп сұрадым. Ол: «Онда ол секталардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» - деді.  әл-Бухари «Сахих», № 7084 хадис; Муслим «Сахих», № 3434 хадис.

Құрметті бауырым, сенің назарыңа соларға ілесуің және басшылығын ұстануың қажет болған ғалымдардың пәтуалары жинақталған кітап ұсынылады. Біз олардың айтқандарынан ешнәрсені алып тастамадық та, және оған ешнәрсені қоспадық. Тек олардың сөздерін ғана жеткіздік және кітапты бөлімдерге бөлдік.

Аллаһ Тағаладан бізге барлық игі нәрсеге қол жеткізуге көмектесуін және барлық жаман нәрседен алыстатуын, бізді ашық және жасырын апаттардан қорғауын, бізді игілікке себепші, ал жамандындыққа бөгет қылуын, Өзінің дініне көмектесуін және Өзінің сөзін үстем етуін сұраймыз. Және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

 

Мухаммад бин Хусайн бин Саид әл-Суфран әл-Кахтани

Әр-Рияд

 

БІРІНШІ БӨЛІМ

ИМАМДАРДЫҢ МҰСЫЛМАН ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ЕМЕС МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТАР МЕН ҚОПАРУШЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ  ШЕШІМГЕ ҚАТЫСТЫ БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шешімі

 

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды ең соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратылыстарының ішіндегі ең абзалы - Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс басшылығының арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.

Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12-нен 18-не дейін (1988 жылдың 24-тамызынан 30-тамызына дейін) әт-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының  Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүлік пен қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға имандары пәс немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.

Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өрттеу, көпірлер мен туннельдерді жару, сондай-ақ ұшақтарды жару немесе басып алу қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы  бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиі қайталанатындықтан және Сауд Арабиясы да басқа да елдер сияқты осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің нысанасы болғандықтан, Ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекеттер зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен қоғамдық және үкіметтік мекемелерге немесе басқа бір нәрселерге қарсы бағытталғанына қарамастан, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға ұстамды бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.

Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: нақты атап айтқанда  - дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мал-мүлікті - сақтап-қорғау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу алапат қауіптермен қаншалықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекет қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.

Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, жазаларды қолдануды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  заңдастырып, адамдардың дінін, тәндерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүліктерін қорғады.  Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[6]  біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе[7], барлық адамды тірілткенмен тең», - деп жаздық» (әл-Мәида сүресі, 32-аят).

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері[8], немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді.   Негізінде ғалымдар  қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «…және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», - деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді» (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар), - деді .

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[9] бүлікшілік қылмаңдар» (әл-Ағраф сүресі, 56-аят), - деп бұйырды.

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл Аллаһтың құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды», - деді.

Әл-Қуртуби[10]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды және бұл (үкім) барлық (адамдарға) қатысты», - деді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жүрген жақтардың  іс-әрекеттерімен салыстырғанда анағұрлым қауіптірек екендігіне сүйене отырып, өйткені қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның сенім жүйесін жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолдан тайдыруға ұмтылып жатқандықтары себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:

  1. Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, күнәлі адам өлім жазасына лайықты.

Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары және қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.

Жеке адамды ғана өлтіру немесе тонау арқылы оған қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, онда көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін лаңкестер (терроршылар) оған тіпті лайық.

  1. Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары тергеу органдары мен Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізуі қажет.  Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың  қажетті іс-шараларын  орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге  байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.
  2. Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы қажет деп есептейді.

Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі - пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына болсын.

 

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі[11]

 

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Әр-Рияд қаласында орын алған жарылыс туралы шешімі

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына салауаттар мен сәлем болсын.

Комитет:  «Бұл қастандық - күнә, жиіркенішті қылмыс, қиянаттың көрінісі, сатқындық және адамдардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғылмаушылыққа қатысты, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты діни тыйымдарды бұзу болып табылады», - деп шешті.

Мұндай қылмысты бойын өшпенділік, қиянатшылық, көралмаушылық, әділетсіздік, дұшпандық және өмір мен игілікке деген жиіркеніш баулап алған пасық қана істей алады. Мұсылмандар бұл қылмыстың тыйым салынғандығы, жиіркеніштілігі және өте үлкен күнә екендігі жөнінде бірауызды пікірді ұстанады, ал осы және осы сияқты қылмыстарға тыйым салынғандығына нұсқайтын Құранның аяттары мен хадистер өте көп және көпшілікке аян.

Осыдан шыға келе, Комитет бұл қылмысқа тыйым салынатындығы жөнінде шешім шығарады,  жаман ағымдарға,  бұзақы идеялық көзқарастарға және опатқа соқтыртатын бағыт-бағдарларға ілесуден сақтану керектігін ескертеді, өйткені егер адам жамандыққа үндейтін өз нәпсісіне ерік берсе, ол оны опатқа жетектейді. Тұла бойын жеккөрушілік баулап алған адамдар осы әрекеттерде өздері үгіттеп жүрген жақсаруға шақыру түріндегі өздерінің мақсаттары мен қалауларын іске асыруға мүмкіндік табады.  Ал осы қопарғыш элементтер туралы бір нәрсе болса да білген әрбір адам олар туралы құзырлы органдарға хабарлауы керек.

Құранда  Аллаһ адамдарды жамандыққа шақыратындардан және жер бетінде бұзақылық пен пасықтық жасап-таратушылардан сақтануды ескертті. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», - делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған Тозақ жетеді[12], (ол) нендей жаман орын» (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар), - деді.

Біз Оған ғана мадақтар айтатын және Одан ғана дұға тілейтін Аллаһ Тағаладан бейтбіт тұрғындарға қастандық қылатындарды әшкерелеуін, бізден және барша мұсылмандардан зұлымдықтың бетін кері бұруын, осы және өзге де мұсылман елдерін барша жаман және айыпты нәрселерден қорғауын және біздің мұсылман  әмірлерімізге, сондай-ақ барлық мұсылман мемлекеттерінің әмірлеріне адамдар мен мемлекеттерге пайда беретін амалдар жасауға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

 Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі

 

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Әл-Хубар қаласында орын алған жарылысқа байланысты шешімі

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Өзінен соң басқа пайғамбарлар келмейтін Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі 13.02.2022 х.ж. (29.06.2022 ж.) сенбі күні әт-Таиф қаласында өткен өзінің төтенше 10-отырысында Шығыс ауданында орналасқан Әл-Хубар қаласында хижра бойынша  09.02.2022 ж. (25.06.2022 ж.) сейсенбіде орын алған және қирауларға, көптеген мұсылмандар мен мұсылман емес адамдардың опат болуына, жарақат алуына және қорқып-үрейленуіне әкеп соқтырған жарылыс туралы мәселені қарады.

Аталған мәселені қарап және зерттеп, Кеңес бірауызды төмендегі шешімді қабылдады:

1. Аталған жарылыс - қылмыстық акция деген пікірге мұсылмандар бірауызды келіседі, бұған төмендегі жағдайдайлар нұсқайды:

а) Аталған жарылыс баршаға аян болуға тиіс болған Ислам тыйымдарын бұзу болып табылады. Мұндай әрекеттерді жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығына қастандық, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың өміріне қарсы және адамдар оларсыз амалдай алмайтын қоғамдық қызметтерге қарсы жасалған қастандық  болып табылады. Аллаһтың тыйымдарын бұзуға қорықпай бет алған, Оның құлдарына қатысты зұлымдыққа жол берген  және мұсылмандар мен олардың арасында өмір сүретін басқа тұрғындарды қорқытып-үрейлендіруге талпынған кімсенің қылмысы нендей жиіркенішті және ауыр болып табылады! Оған қасірет, тағы да қасірет болсын, өйткені оны Аллаһтың жазасы, кек алуы және Оның лағынеті күтіп тұр, ал біз Аллаһтан қылмыскерді әшкерелеуін және оны қорлауын тілейміз.

б) Шариғатқа сәйкес әрбір мұсылман және де мұсылмандармен бейбіт өмір сүріп жатқандардың барлығы қол сұғылмаушылық құқығына ие; бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деген:  «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және зор қинау әзірлеп қойылған!» (ән-Ниса сүресі, 93-аят).

Мұсылмандардың қорғауындағы адамды[13] білместікпен өлтіру туралы айтар болсақ, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деді: «Ал егер ол (өлтірілген адам) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құлды азат етуі керек» (ән-Ниса сүресі, 92-аят).

Ал егер қорғаныштың астында болған адамды білместікпен өлтіргені үшін құн төлеп, айыпты өтеу амалдарын жасау қажет болса, онда мұндай адамды қасақана өлтіру туралы не айтуға болады?  Мұндай адамды өлтіру едәуір ауыр қылмыс және едәуір салмақты күнә болып табылады, ал сахих хадистердің бірінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Муахадты[14] өлтірген (адам) аңқыған иісі (одан) қырық жылдық жол қашықтықтан сезілетін Жәннаттың иісін де сезбейді» (әл-Бухари «Сахих», №3166 хадис), - деп айтқаны туралы.

Сонымен, қорғаныштың астындағы адамды өлтіріп, өте ауыр және жиіркенішті қылмыс жасау түгілі оны ренжітуге де болмайды. Муахадты өлтірген адамға өте қорқынышты ескертулер жолданған, өйткені мұндай күнә өте ауыр күнәларға жатады және оны жасаған адамға Жәннатқа кірмейтіндігі туралы қорқытылып айтылады, ал біз Аллаһтан пана іздейміз және Ол бізді қолдаусыз қалдырмауын тілейміз!

в) Мұндай қылмыс Ислам тыйым салған бірқатар амалдардың жасалуымен байланысты. Олардың қатарына қиянат, сатқындық, зұлымдық пен өшпенділіктің көрініс беруі, мұсылмандарды қорқыту т.б. жатады. Бұл амалдардың барлығы Аллаһ, Оның Елшісі және муминдер тәрк ететін және жек көретін,  айыпталатын өте жиіркенішті істер болып табылады.

2. Кеңес мұндай қылмыстық әрекеттер шариғатпен тыйым салынғандығына анық нұсқайды және әлемге төмендегіні жариялайды:

Исламның, сол сияқты Аллаһ пен Қиямет күніне иман келтірген кез келген мұсылманның да мұндай іс-әрекеттермен ортақ еш нәрсесі жоқ.  Мұндай амалдарды тек бұрмаланған көзқарастар мен бұзылған сенімге ие адам ғана жасай алады. Ол өзінің күнәсына және өзінің қылмысына жауапкершілік тартады және оның әрекеттерін Исламмен де, іс жүзінде Исламның бекіткен ережелерін басшылыққа алып, Құран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанатын мұсылмандармен де байланыстыруға болмайды.

Мұндай іс-әрекеттер - нағыз пасықтық пен қылмыс және шариғатпен де, адамның табиғатының өзімен де тәрк етіледі.  Дәл сол үшін де Құран мен Сүннет мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салады және оларды жасап жүргендермен байланыста болудан сақтану керектігі туралы қатаң ескертеді. Өйткені Аллаһ Тағала:   «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді. Ал қашан оған: «Аллаһтан қорық!», - делінсе, оның паңдығы ұстап, өзін күнәкар етеді. Оған Тозақ жетеді, (ол) нендей жаман орын» (әл-Бақара сүресі, 204-206-аяттар), - деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағаладан осындай істермен айналысып жүрген адамдарды шариғат бойынша соттау үшін әшкерелеп, ұстап алуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз. Сондай-ақ біз Одан бұл елден де, басқа мұсылман елдерінен де қайғы-қасіреттің бетін аулақ етуін, екі Қасиетті мешіттердің қызметшісі болған король  Фахд бин Абд әл-Азизге, оның үкіметіне барлық мұсылман әмірлеріне мемлекеттер мен Аллаһтың құлдарына пайда әкелетін істерді атқаруға, бұзақылық пен бұзақыларды басып тастауға көмектесуін, осы әмірлер арқылы Оның дініне көмектесуін, Оның сөзін ұлықтап-биіктетуін және барша мұсылмандардың істерін ретке келтіруін тілейміз, өйткені бұл Оған ғана тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі[15]

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін)

мәртебелі Мекке қаласында 1989 жылы (х. 1409 ж.) орын алған жарылысқа байланысты қойылған сұрақтарға берген жауаптары

 

Ислам әлемі мәртебелі Меккеде 10.07.2022 ж. (х. 07.12.2021 ж.) дүйсенбі күні кешкісін орын алған жарылысқа байланысты болған келеңсіз уақиғаны қатаң айыптады.  Барша мұсылмандар мұны аса ауыр және жиіркенішті қылмыс деп санайды, өйткені ол Аллаһтың қасиетті Үйіне келген қажыларға үрей салу әрекеті, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу,  қасиетті аймақтарда жүріп-тұру ережелеріне қатысты тыйымдарды бұзу және Аллаһтың құлдарына қатысты зұлымдықтың көрінісі болды. Аллаһ Тағала Меккені Қиямет күніне дейін Қасиетті аймақ деп жариялады және мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мүлкіне қол сұғуға Қиямет күніне дейін тыйым салды. Ол бұл тыйымдардың бұзылуын өте үлкен қылмыс және аса үлкен күнә деп жариялады да, Меккеде осыған ұқсас нәрсе жасауға ниет еткен адамға  қорлаушы азап тартқызатындығы туралы қорқытып айтты.

Мысалы, Аллаһ Тағала былай деді:  «…және кім бұл Мешітте зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа[16], оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз» (әл-Хаж сүресі, 25-аят).

Ал Қасиетті аймақта жаман (оғаш) бір нәрсе істеуді қалаған әрбір адамға қорлаушы азап уәде етілген болса, мұны іс жүзінде істеген адам туралы не айтуға болады? Мұндай қылмыстың одан да ауырлау болатындығы және қорлаушы азапқа лайықтырақ екендігі  анық. Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметінің мүшелеріне зұлымдық танытудан сақтануды қатаң ескерткен, бұл жөнінде көптеген хадистерде баяндалады.

Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің қоштасу қажылығында мұсылмандарға берген түсіндірмесі осындай ескертудің бірі болып табылады. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің, мал-мүліктерің және ар-намыстарың тура осы айдағы, тура осы қаладағы, тура осы күндей қасиетті (болуы керек). Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?»

Бұған сахабалар былай деп жауап берді:  «Сен жеткіздің және (өзіңе жүктелгенді) орындадың, және  (үмметіңе) игі насихат бердің  деп куәлік береміз».

Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһ, куә бол, Уа, Аллаһ, куә бол!» - деп қайта-қайта айтып, саусағымен бірде аспанға, бірде жерге көрсете берді. әл-Бухари «Сахих», №1741 хадис; Муслим «Сахих», №1679 хадис.

Жарылғыш заттарды қолданып Аллаһтың қасиетті Үйінің қасында жасалған бұл жиіркенішті қылмыс аса ауыр қылмыстар мен аса үлкен күнәлар қатарына жатады. Бұған Аллаһқа және Ақыретке иман келтірген адам бара алмас еді, ал мұндай қылмысты Исламды, мұсылмандарды және Аллаһтың Қасиетті Үйіне қарай бет алған қажыларды  жек көретін кімсе ғана жасай алады. Ол қандай ұлы зиянға ұшырады және қандай ауыр қылмыс жасады!

Біз Аллаһтан бұл қылмыскердің жаман пиғылды  амалдарын өзіне қарсы бұруын, оны өз руластары арасында масқара қылуын және Екі Қасиетті Мешіттердің Қызметкерінің үкіметіне айыптыны табуға және Оны Аллаһ белгілеп қойған жазаға тартуға көмектесуін жалбарынып сұраймыз, өйткені бұл Аллаһқа тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз,

Ислам әлемі Лигасының Бас Хатшысы, 

Сауд Арабиясы Корольдігінің ғылыми зерттеулер,

 пәтуалар, Ислам шақыруы мен бағдарлауы

 бойынша Басқармаларының Бас директоры[17]

 

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ әл әш-Шейхтың (Аллаһ оған есендік берсін)

АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына

жасалған әуе шабуылына байланысты жасаған

жолдауы

Әлемдердің Раббысы - Аллаһқа мадақ, пайғамбарлар мен елшілердің ең ардақтысына, оның отбасына және барлық сахабаларына игілік пен сәлем болсын.

Бізге 11-қыркүйекте АҚШ-та орын алған уақиғаларға қатысты өте көп сұрақтар келіп түсуде. Адамдар: «Шариғат бұған қалай қарайды?, -және, - Осы сияқты істерді Ислам діні мақұлдайды ма?», - деп сұрайды.

Мен Аллаһтан көмек сұрап, мынаны айтамын: адамдарға Исламды сыйлаған Аллаһ бізге рахым етті. Ол бұл діннің іске асуы ретінде кез келген орын мен кез келген уақытқа жарамды, жеке адамдармен қауымдардың жағдайларын жақсылыққа қарай өзгерте алатын, ізгілікке, әділеттілікке және қайырымдылыққа шақыратын, көпқұдайшылдықтан, жамандықтан, зұлымдықтан және қиянатшылдықтан бас тартуға үндейтін кемел шариғатты бекітті.

Аллаһ бізді осы дінге қарай бағыттағаны және оның ұстанушылары мен жақтаушылары еткені Оның ұлы нығметтерінің бірі болды, өйткені шариғаттың үкімдеріне бағынатын, Аллаһтың Елшісінің Сүннетіне ілесетін және ешбір нәрседе бұл діннен ауытқымайтын мұсылман екі дүниеде де ешбір зиян шекпейді.

Мыңдаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған АҚШ-тағы  қайғылы уақиға, күмәнсіз,  шариғат құптамайтын амалдардың қатарына жатады, Исламға ешқандай қатысы жоқ және оның шариғатының негіздерімен үйлеспейді. Бұл төменде келтірілген нұсқаулармен расталады:

1. Аллаһ Тағала әділеттен таймауға бұйырды, өйткені әділеттіліктің үстінде жер мен көктер сүйеніп тұр және адамдарға жіберілген елшілер мен көктен түскен Кітаптар оларды әділеттілікке шақырып отырды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан және зорлық-зомбылықтан тыяды. Сендерге насихат береді. Әрине, түсінерсіңдер» (ән-Нахль сүресі, 90-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Расында, елшілерімізді ашық мүғжизаларымызбен[18] жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, Таразыны (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік» (әл-Хадид сүресі, 25-аят).

Сондай-ақ әділеттілігі Мінсіз, Кемел Аллаһ ешкімге өзгенің күнәсін жүктеуге болмайтындығы туралы үкім етті: «Ешкім басқаның (күнәсының) жүгін көтермейді» (ән-Нәжм сүресі, 38-аят).

2. Аллаһ, Оған мадақтар болсын, зұлымдықты Өзіне Өзі харам етті және оны құлдарының өзара қатынасында да харам деп жариялады. Бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде Аллаһтың былай дегені жеткізілген:  «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір жасамаңдар!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Бұл Оның барлық құлдарына, олардың мұсылман, мұсылман еместігіне қарамастан, қатысты айтылған,  сондықтан да олардың ешбіріне басқа біреуіне қатысты зұлымдық жасауға рұқсат етілмейді және де  ешкім бұған дұшпандықтың немесе өшпенділіктің әсерімен де  жол бермеуі керек.

Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Аллаһ үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Сөйтіп, дұшпандық пен өшпенділік сезімдері зорлық пен зұлымдыққа заңды негіз бола алмайды.

Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп, барлық елдер мен халықтар, олар Исламды ұстанатынына немесе ұстанбайтынына қарамастан, мыналарды білуге тиіс:

  1. АҚШ-та орын алған, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да: ұшақтарды басып алып қашу, бейбіт тұрғындарға үрей салу немесе жазықсыз адамдарды өлтіру сияқты - іс-әрекеттер зұлымдық пен езгінің бір түрі болып табылады. Мұндай әрекеттерді шариғат құптамақ түгілі, оларға тыйым салады және ең ауыр күнәлар қатарына жатқызады.

2. Өз дінінің қағидаларымен таныс және іс жүзінде Құран мен өзінің пайғамбарының Сүннетінің нұсқауларын ұстанатын  мұсылман мұндай әрекеттерге қатысудан қашады, өйткені олар адамға Аллаһтың қаһарын төктіреді және зиян келтіреді.

3. Мұсылман үмметінің ғалымдары мұндай оқиғалардың шынайы мәнін көрсетуге міндетті, бүкіл әлемге шариғаттың ұстанымын және Ислам діні мұндай әрекеттерді еш құптамайтынын түсіндіруі керек.

4. Бүлік тарату, Исламды және мұсылмандарды қаралау және адамдардың жүрегінде дұшпандық сезімдерді лаулату мақсатымен мұсылмандарға қарсы айып тағып, бұл ақиқат дінді қаралап, Исламға қатысты болмаған нәрсені оған таңыған ақпарат құралдарының артында тұрғандар ақылға тоқтап, өз дінінің ереже-қағидаттарымен таныс кез келген әділетті және ақылды адам туралы былай айтуға жол берілмейтіндігін, сол сияқты оған қарсы мұндай айып тағуға болмайтындығын түсінуге тиісті. Өйткені Исламды ұстанатын халықтар ғасырлар бойы үнемі адамдардың құқықтарын құрметтейтін және зұлымдық пен зорлық көрсетуден сақтанатын.

Айтылғандардың барлығы ақиқатты түсіндіреді және түсінбеушіліктерді жояды. Аллаһтан бізге ақыл-парасат беруін, бізді бейбітшілік жолдарымен жүргізуін, Өзінің дінін нығайтуын және Өзінің Сөзін ұлықтауын тілеймін. Пайғамбарымыз Мұхаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ бин Мухаммад Әл әш-Шейх,

Сауд Арабиясы Корольдігінің Бас мүфтиі,

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің және

Ғылыми зерттеулер мен пәтуа бойынша

Басқарманың басшысы

 

Шейх Салих бин Мухаммад әл-Люхайданның (Аллаһ оған есендік берсін)            АҚШ-тағы Дүниежүзілік сауда Орталығының ғимаратына жасалған әуе шабуылына байланысты айтқан сөзі[19]

Құрметті телекөрермендер, сіздерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын.

Не орын алса да - Аллаһқа мадақ, Оның рахметімен игілік жасалып жатқан Аллаһқа мадақ, бүкіл нәрсенің тағдырын белгілеп және бекітіп қойған  Аллаһқа мадақ!

Адамдар орын алған жайтқа қатысты пікірлердің ұштаспауына не әкеп соққаны туралы және АҚШ-тың басына келген опат туралы бізге және бір-біріне сұрақтар қойып, осындай оқиғалар шариғат тұрғысынан қандай бағаланатынын білгісі келеді.

Ислам шариғаты кез келген уақиғаларға қолданыла алатын, құрамында кез келген мәселелердің шешімі бар және кез келген апаттармен - соның  ішінде жақын күндерде орын алғандары да бар - олардың көлемі туралы үкім шығаруға мүмкіндік беретін,  бүкіл нәрсені қамтитын діни заң екендігіне күмән жоқ. Көбіне адамдар «Шариғаттың осындай оқиғаларға қатынасы қандай?», «Шариғат осыны рұқсат етеді ме?»,  «Мұсылман ғалымдары осындай іс-әрекеттерді құптайды ма?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Исламның мұндай оқиғаларға қатынасы қандай екендігі туралы не айту керек? Мұсылман ғалымдары барлық орын алып жатқан жағдайлар туралы айтуы керек және мұсылмандар мен мұсылман еместердің басына түсіп жатқан сәтсіздіктерге шариғаттың қатынасын түсіндіруі керек.

Барлық нәрсе Аллаһтың тағдыры мен үкімі бойынша орын алып жатқанына және шариғат кез келген оқиғаларға қолдануға жарамды екеніне еш күмән жоқ. Аллаһ – даналардың Ең Данасы, рахымдылардың Ең Рахымдысы және Ол Әділетті Би болып табылады. Ол әділетсіздікті (зұлымдықты) Өзіне харам етті және оны Өз құлдарының арасындағы қарым-қатынаста да харам етті, бұл жөнінде құдси хадистердің бірінде Аллаһ былай деп айтады: «Әй, Менің құлдарым, ақиқатында, Мен зұлымдықты Өзіме харам еттім және Оны сендердің араларыңда харам еттім; ендеше, біріңе бірің жәбір көрсетпеңдер!» Муслим «Сахих», №6572 хадис.

Жазықсыз адам  зорлыққа ұшырап жатса және ешбір қылмыс жасамаған адам өлтіріліп жатса, бұл зұлымдықтың көрінісі болып табылады. Тек адамдарға ғана емес, жындарға да рахымшылдықтың, мейірімділіктің және жанашыршылықтың пайғамбары етіп жіберілген Мухаммад пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға барлық қажетті нұсқауларды түгел етіп берді. Ол әскери жорықтарға және соғыс әрекеттеріне қатысты, ал қолды жорыққа дайындау кезінде сарбаздарға: «Сендер баланы да, әйелді де, әлсіз қартты да, өзінің кельясында ғибадат етушіні де[20] өлтірмеуге міндеттісіңдер», - деп бұйыратын. Муслим «Сахих», №4522 хадис.

Бұл дегеніміз: Ислам басқаларды өлтіретін, соғысатын және мұсылмандарға шабуыл жасайтындарды ғана өлтіруге рұқсат береді.

Осыған орай, емізулі нәрестелер мен әйелдер, қарт шалдар мен кемпірлер, ауру мен сау адамдар құрбан болып жатқан осындай қылмыстар, мал-мүлікке және оның иелеріне зиян тигізіп жатқан қылмыстар аса үлы қылмыс және қауіпті күнә болып табылады. Шариғат оларды Ислам тыйым салған жер бетінде бұзақылық таратуға, егіндер мен мал түлігін жоюға теңестіреді, өйткені мұндай амалдарға Аллаһ және Оның Елшісі тыйым салған. Бір әскери жорық барысында өлтірілген әйелді көрген Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онымен соғыспау керек еді», - деген. Абу Дауд «Сунан», №2669 хадис.  Ал бұл – оны (әйелді) өлтіру – мүлде тыйым салынған іс екендігін көрсетеді.

Мен теледидардан бұл ғимараттарға қалайша соққы берілгенін және олардың қирауының дәл қарсаңында адамдарды Қиямет күні басталғандай  қорқыныш баулағанын көрдім, бұл сасқандарынан қай жаққа қашуын білмей жан-жаққа ұрынғандардың жүздерінен көрінді.

Міне, сондықтан осыны жасаған адамдар және осындай қылмыстарды жасаушылардың барлығы да Ислам тұрғысынан өте қауіпті қылмыскерлер болып табылады және олар ең жаман амалдар жасап жатыр.   Ал кімде-кім: «Шариғаттың, Құран мен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің мақсатын білетін мұсылман діндарларының әйтеуір  біреуі осындай әрекеттерді кұптайды», - десе, ол олар туралы жаман ойда болғаны.

Мұсылман адам дұшпанынының қайғы-қасіретіне де, егер оған зұлымдық жасалған болса, қуанбайды, өйткені зұлымдыққа мүлдем рұқсат жоқ, ал жазаға лайықты емес адамға қарсы өшпенділік әрекеттер жасау харам және жиіркенішті. Ал куәгерлердің көз алдында жасалған, ол туралы хабар кең тараған және оны көзімен көрген адамдарға үрей салған қылмыс туралы не айтуға болады, әрі мұсылмандар осындай әрекеттерді құптайды деп қалайша айтуға болады?!

Орын алған оқиғаны ақтап, дәлелдеу үшін не ойланып табылса да, бұндай негіздемелер (дәлелдер) орынсыз болып табылады, ал мұндай әрекеттер, оларды Ислам критерийлерінің негізінде бағаласақ,  ақтала алмайды. Аллаһ Тағала қасиетті Құранда мұсылмандарға былай дейді:  «…және бір елдің өшпенділігі сендерді әділетсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ….» (әл-Мәидә сүресі, 8-аят).

Әділетке жер мен көктер сүйеніп тұр, ал жаппай жазалауға келер болсақ, бұл әділеттілікпен еш ұштаспайды және ол - әділетсіздіктің көрінісі, сондай-ақ зорлық-зомбырлық пен жиіркенішті амал болып жазылады.  Өйткені бір ғана жазықсыз адамды өлтірудің өзі - ұлы қылмыс, ал енді арасында сәбилер мен жас балалар және Қиямет күні келген сияқты қорыққанынан түсік тастаған болуы мүмкін жүкті әйелдер бар көптеген адамдарды өлтіру қаншалықты ауыр болмақ!

Мұсылманның ақыл-санасы бұл қылмыстың жасалу салдарынан адамдар куә болған жан түршігерлік көріністерді мақұлдай алмайды, сондай-ақ оны жасаған адамдардың ақталуы да қабылданбайды, тіпті олар мұсылман ортасында және мұсылман елінде өскен болса да; ал маңыздысы - бұл ғалымдардың айтып жатқан сөздері және шариғаттың мұндай әрекеттерді қауіпті қылмыстардың санатына жатқызатындығы.

Ұшақтарды алғашқы алып қашулар туралы хабарлар Сауд Арабиясы Корольдігінде мәлім болғанда, ол ұшақтардың арасында сол кезде бірде-бір саудиялық ұшақ жоқ болатын және бұл елдің ғалымдары мұндай әрекеттерге, ұшақтағы жолаушылар мұсылман немесе мұсылман емес болуына қарамастан, тыйым салынғандығы туралы шешім шығарған еді. Ғалымдар мұндай зұлымдық – харам (тыйым салынған), ал негізсіз зорлық-зомбырлық және адамдарға үрей салуға оқшалану ең ұлы жамандықтардың қатарына жатады және бұзақылықтың (пасықтықтың) көрінісі болып саналады деп тапты.

Ислам мемлекеті болып табылатын және шариғат нұсқауларына ілесетін Сауд Арабиясы Корольдігінің мұндай әрекеттерді және оларды жасаушыларды өз тарапынан ашық айыптауы таңданарлық жайт емес, өйткені бұл мемлекет қандай бастамаса жаса да, оның бұл жолдағы қадамдары Исламға қайшы келмеуі керек.

Бұл дегеніміз, мұндай әреккетерді айыптай отырып, мемлекет діннің қағидаларын басшылыққа алады және Ислам ұстанымы атынан сойлейді, өйткені оның аймағында екі мұсылмандық Қасиетті орындар бар және бұл жерден Исламның жолдауы жан жаққа тарала бастады, сондықтан-да оның мұндай жексұрындықты кұптамайтындығына, оны жасаушылардың қылмыстарына сөгіс жасайтынына және қылмыскерлерге пана беріп оларды жасыратындардың және олардың әрекеттерін құптайтындардың әрбірін айыптайтынына таңданудың қажеті жоқ.  Исламды ұстанатын, шариғаттың мақсаттарынан хабары бар және шариғаттың Аллаһтың құлдарына қаншалықты мейірімді және аяушы екендігін білетін мұндай әрекеттерді өте жеккөрінішті және адамдарға ең көп зиян әкелетін амалдар деп санайды.

Мен теледидарға шығуымнан алдын маған көптеген сұрақтар қойылды. Олардың көптігін және адамдардың Сауд Арабиясы Корольдігі әділет органдарының ұстанымын түсіну үшін сот мекемесі басшысының сөздерін естуді қалауын ескере отырып, мен шығып сөйлеуді және мыналарды айтуды жөн көрдім: мұндай әрекеттер айыптауға лайықты, алайда Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты», - деген сөзін ұмытпау керек.  Әт-Тирмизи «Сунан», №2159 хадис; Ибн Мажжаһ «Сунан», №3659 хадис.

Бұл дегеніміз: егер біреу қылмыс жасаса немесе белгілі қағидалар мен ережелерді бұзса, ол үшін жауапкершілікті оның өзі ғана көтереді және жауапкершіліктерді өзгелерге жүктемеу керек. Осы камераның алдына шығып сөйлеуден бірнеше сәт бұрын, мен бір газеттің сұрақтарына жауап беріп, бұл жан түршігерлік акцияның ақтауы жоқ екендігін және ол тек өшпенділіктің көрініс беруіне және мұндай әрекеттерді кұптамаған да, мақтамаған да мұсылмандарға қарсы бағытталған өш алу актілеріне әкеп соғатынын түсіндірген болатынмын.  Алайда әділеттілік пен ақыл әркім тек өзінің күнәсі үшін жауап беруін және жеке біреулерден де, адамдардың топтарынан да өзге біреулердің күнәлары үшін есеп талап етілмеуін талап етеді. Бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жасалған қылмысқа оны жасаған қылмыскердің өзі ғана айыпты, - деп айтқанындай. Ал Құранда былай деп айтылған: «Ешкім басқаның (күнәсінің) жүгін көтермейді» (Нәжм сүресі, 38-аят).

Бұл дегеніміз: жазықсыз адамға жамандық жасаған адамның күнәсінің айыбын жүктемеу керек, ал өзгелерге зиян тигізбейтін біреуді қылмыскердің жасаған қылмысы үшін жазаламау керек.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында  Америка халқына қатысты сұрақтар және американдықтар енді сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға немесе ол елге баратын арабтарға немесе өзге ұлт өкілдеріне белгілі бір теріс ұстаныммен қарайтын болады деген мәселелер көтерілген болатын. Адамдарды «Осы ақылға қонымды ма?» деген сұрақтар қызықтырады.

Мен алдында да айтушы едім, қазір де мынаны қайталаймын: өздерін демократияның көрнекті қорғаушылары және әділеттің  жақтаушылары деп атайтын американдықтардан олар өз азаматтарына және еліне келуші арабтарға немесе өзге мұсылмандарға немесе мұсылман емес арабтарға мұндай қарым-қатынас жасайтынын күту екіталай. Табандылығымен, ақыл-пайымымен және көптеген басқа да жақсы сипаттарымен ерекшеленетін американдықтар еш жамандық жасамаған адамдарға залымдар ретінде қарайды деу мүмкін емес, өйткені қылмыскер мен жазықсыз тең емес, ал бейбіт адамға зорлық акцияларын жасап жатқан адамның айыбын тағуға болмайды.

Мен тағы да бір рет қайталаймын: Ислам мұндай әрекеттерді мүлдем орынсыз деп санайды. Алдында мен соғыс кезінде әскери қимылдың қатысушылары әдетте бейбіт тұрғындарға тиетін зиян туралы да, олардың опат болуы туралы да ойланбайтынын айтқан болатынмын. Алайда Ислам балаларды, соғысқа қатыспайтын әйелдерді, қарт кісілерді және өз кельяларында ғибадат істерімен айналысатын монахтарды өлтіруге тыйым салған сияқты, соғыс қимылдарында қатыспайтындарды да өлтіруге тыйым салады. Осындай көзқарастарды ұстанған, Елшісі түрлі халықтарға және жеке адамдарға жіберілген діннің ұстанушылары мұндай аса зымиян залым амалдарды құптай алмайды. Бұл әрекеттер өте үлкен және бұрын орын алмаған қауіп болып табылады, ал оларға қатысу немесе болысу  барлық жағдайда қылмысқа теңестірілуі керек. Бұдан тыс, мұндай әрекеттерді болдырмауға қажетті мамандарға белгілі болған барлық шараларды қолдану керек.

Шариғат өз құрамында дененің ғана емес, әлеуметтік науқастардың да алдын алу құралдарына ие екендігіне және ауырудың алдын алу оны емдеуден жақсы екендігіне еш күмән жоқ, өйткені қауіп-қатерді болдырмау  шариғаттың мақсаттарына және ақыл санасы дұрыс адамдардың талабына жатады.

Сөзді көбейтпей-ақ, мұсылман үмметінің атынан оның ғалымдары мен саяси басшылығы мұндай әрекеттерді кұптай алмайтынын ерекше қадап айтамын. Сондай-ақ, мен Америка қоғамы да, жалпы батыс қоғамы да азаматтары оның қалауынсыз қылмыс жасап жатқан мемлекетке келіспеушік талаптарын қоя алмайды және мұндай мемлекетке қарсы, мұндай әрекеттер жасауға ешбір рұқсат алмай  және мемлекетін хабардар етпей, осындай әрекет жасаушылардың амалдары үшін, дұшпандық қадамдар жасай алмайды деп нық сенемін, өйткені осы жиіркенішті қылмысты жасаушылардың біреуі де өз ниеттері туралы өз мемлекетінің ресми өкілдерін хабардар етті деп ойламаймын. Ресми тұлғалар кез келген жерде өз отандастары туралы дұрыс және біржақты ғана болмаған пікірде болуы керек, әсіресе ол елдерде тұрақты немесе уақытша тұратын көптеген мұсылмандар оларға қарсы айыптаулар тағылған елдерден шыққандығын ескерген түрде. Ал Исламға қатысты айтар болсақ, ол мұсылмандарды түсі немесе тілі бойынша алаламайды.

Тағы да бір рет қайталаймын, АҚШ зардап тартқан іс-әрекеттер жабайы айуандардың іс-әрекеттерінен де, біз әдетте көріп үйренген лаңкестер (терроршылар) мен қылмыскерлердің іс-әрекетінен де жан түршігерлік сипатта. Орын алғанның барлығы ерекше қауіпті және жиіркенішті болып табылады.

Аллаһ Тағаладан бізді бұл дүниеде кез келген жамандықтан сақтауын, әрбір адасқанға тура жол сілтеуін, ақиқатқа және оны жақтаушыларға көмектесуін, жалғанды және оны жақтаушыларды көмексіз қалдыруын, біздің барлық істеріміз Оған ұнамды болуын және бізге рахымын төгуін тілейміз, өйткені Аллаһ Өзінің рахымына бөлемегендерге ешкім көмектесе алмайды.

Аллаһтың Елшісіне, оның бауырлары болған өзге пайғамбарлар мен елшілерге және шынайы ықыласпен ақиқатты ұстанатындарға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа мадақ, Ұлы, Жоғары Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

 

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) қопарушылық іс-әрекеттерге байланысты сұрақтарға берген жауаптары

Сұрақ: «Аллаһ Сізді рахымына бөлесін. Мұсылман емес мемлекеттерде адамдарды өлтіру және үкіметтік мекемелерді жару сияқты әрекеттер қажеттілік болып табылады ма, әрі осыны жихад деп атауға болады ма?[21]»

Жауап: «Адам өлтіру мен жарылыстарға тыйым салынған, өйткені олар мұсылмандарға қайғы-қасірет шақырады және олардың өлтірілуіне, сондай-ақ қудалануына әкеледі. Ал Аллаһтың жолындағы жихадқа қатысты айтар болсақ, онда тек ашық шайқас және тек белгілі шарттарға сәйкес амалдар болуы тиіс.  Бұл істе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өнегесіне ілесу міндетті болып табылады. Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Мәдинаға көшуге дейін Меккеде кәпірлердің арасында болған кезде мына аяттар түсті:  «Сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!» - делінгендерді көрмедің бе?» (ән-Ниса сүресі, 77-аят).

Сөйтіп оған кәпірлермен соғысудан бас тарту бұйырылған еді, өйткені олардың біреу болса да өлтірілсе, кәпірлер барлық мұсылмандарды опат қылар еді. Мұсылмандар өмір сүріп жатқан елдердегі адам өлтірулер мұсылмандардың өлтірулеріне әкеп соғады, ал бұл қазір де орын алып жатыр. Мұның Ислам шақыруына (дағуатына) ешбір қатысы жоқ және де ол Аллаһтың жолындағы жихад болып табылмайды. Мұсылмандарды қайғы-қасіреттің қойнауына тастап жатқан жарылыстар туралы да осыны айтуға болады».

Сұрақ: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кездерінде осы сияқты әрекеттер жасады ма?»

Жауап: «Жоқ! Ешқашан, өйткені оларға бұл тыйым салынған еді».

Сұрақ: «Ол Меккеде өмір сүрген кезінде кәпірлердің мал-мүлкін жойды ма?»

Жауап: «Ешқашан, өйткені бұған тыйым салынған еді, ал оған тек Исламға шақырумен айналысу және адамдарға Аллаһтың Жолдауын жеткізу бұйырылған еді».


ЕКІНШІ БӨЛІМ

МҰСЫЛМАН ӘМІРЛЕРІНЕ (ЕЛ БАСШЫЛАРЫНА) ҚАРСЫ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) қарсы шығуға қатысты сұрақтарға имамдардың берген жауаптары

Шейх-уль-ислам[22] Ибн Таймия[23], Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деген: «Сондықтан да Сүннетті ұстанушылардың көпшілігі әмірлерге (ел басшылырына) қарсы көтеріліске шығуды және оларға қарсы қарулы күрес жүргізуді, тіпті олар әділетсіздік (зұлымдық) көрсетіп жатса да, рұқсат етілмеген (тыйым салынған) деп есептейді, бұған сахих хадистер нұсқайды. Ұрыс-шайқастар әкеп соқтыратын бұзақылық пен бүліктердің таралуы әмірлерлердің (ел басшыларының) ұрыс-шайқассыз және бүліксіз жасап жатқан әділетсіздіктерінен көбірек зиян әкеледі. Әмірге қарсы шығып жүрген адамдар өздерінің қарсы шығуынан келетін зиян олар себебін жойғысы келген зияннан да үлкен болуы ықтимал екендігін білмеуі мүмкін». «Минхаж әс-Сунна ән-набауийа», 3/390.

Имам[24] Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) қатысты ықылас көрсету өшпенділікпен және алдаумен үйлесе алмайды, өйткені ықылас – өшпенділікке қарама-қарсы нәрсе. Шынайы мұсылмандар қауымдастығының жақтаушысы болу да жүректі өшпенділік пен алдаудан тазартады, өйткені өзін мұсылман қауымдастығының жақтаушысы деп санайтын адам сол қауымдастықтың мүшелеріне де өзіне қалаған нәрсені  тілейді және өзіне қаламаған нәрсені оларға да қаламайды.

Оларды ренжітетін және қуантатын нәрселер оны да ренжітеді және қуантады, бұл жайт оны рафидилерден, хауариждерден, муътазиләлардан, тағы солар сияқты басқа да бұл қауымдастықтан бөлініп шыққандардан және мұсылмандарды жамандап, қаралағандардан ерекшелейді.  Мұндай адамдардың жүрегі өшпенділік пен алдауға толып біткен, сондықтан да сен рафидилердің ықыластан анағұрлым алшақтағанын, олардың мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) және мұсылман үмметіне қатысты өте өтірікші екенін және олар шынайы мұсылмандардан бәрінен де алыста екенін көрудесің», - деп айтқан. «Мифтах дар әс-саада», 1/62.

Ибн әл-Қайим сондай-ақ былай деді: «Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметінің мүшелеріне Аллаһ пен Оның Елшісі сүйетін жақсы нәрселерге жету үшін  жамандықтан қайтаруды міндетті еткендігін мысал етіп келтіруге болады. Алайда егер жамандықтан қайтару одан да жаман және Аллаһ пен Оның Елшісі жек көретін  нәрселерге әкелетін болса, онда жамандықты қайтаруға негіз жоқ, тіпті Аллаһ мұны және мұндай істерді жақтаушыларды жек көрсе де. Бұл жерде сөз патшалар мен әмірлерді (ел басшыларын) мойындамау және оларға қарсы қарулы көтерілістерде көрініс тауып жатқан жағдайлар туралы болуда, өйткені бұл кез келген жамандықтың және соңы жоқ бүліктердің негізі болып табылады.

Бірде сахабалар, Аллаһ оларға разы болсын, Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазды бекітілген уақыттарынан кешіктіріп өткізетін әмірлермен соғысуға рұқсат сұрап: «Біз олармен соғыссақ қайтеді?», - дегенде, ол: «Олар намаздарды орындауды тоқтатпайынша,  жоқ», - деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 4800 хадис.

Сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Өз әмірінің қандай да бір (істерін) құптамайтын (адам) сабыр сақтасын және ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын…» Муслим «Сахих», № 7054 хадис.

Кез келген адам үлкен және кіші бүліктер орын алған кезде Исламның жағдайы қандай болғандығы жайлы ой қозғаса, адамдар пайғамбардың насихаттарына құлақ аспағанын және өздері қайтаруға ұмтылған жамандыққа сабыр сақтамағанын және бұл оларды баяғыдан да жаман нәрселерге әкеп соқтырғанын көреді». «И’ләм әл-маукаейн», 3/4.

 

Шейх-уль-ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаххабтың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) сөздері

«Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен (бастаймын)!

Мухаммад бин Абд әл-Уаххабтан осы жолдау жетіп баратын оның әрбір бауырына.

Сендерге Аллаһтың сәлемі, игілігі және берекесі болсын!

Сіздерде қазіргі кезде бұрын бізде де орын алған нәрселер болуда, және де біреу тағы да осындай уақиғаларға тап болса, біз бауырларымызға мыналарды барынша түсініп алуға кеңес береміз. Істің арқауы мынада: діннің жақтаушыларынан болған кез келген біреу жамандықты қайтару кезінде, өзінікі толығымен дұрыс болса да, кейде қателесіп, Аллаһ Тағаланың: «Әй, мүміндер! Аллаһтан шынайы қорқумен қорқыңдар да, мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Аллаһтың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені бір-біріңе дұшпан едіңдер, Ол жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Отты бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, Ол сендерді одан құтқарды. Осылайша Аллаһ сендерге, тура жолға түсулерің үшін, аяттарын баян етеді» (Әли Имран сүресі, 102-103 - аяттар), - дегеніне қарамастан,  осы мәселеге бауырларының арасын алалауға дейін апаратындай мән беріп жібереді.

Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Расында, Аллаһ сендерге үш (нәрсені)  қалайды: сендер Оған ғана құлшылық етулеріңді және ешкімді оған серік қоспауларыңды; Сендер Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңді және Аллаһ өздеріңнен үстем етіп қойғандарға игі насихат берулеріңді». Имам Малик «әл-Мууатта», № 1864 хадис; имам Ахмад «Муснад», № 8134 хадис.

Ғалымдар былай дейді: «Жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын адам үш нәрсеге мұқтаж: ол өзі шақырып жатқан нәрсесі және қайтарып жатқан нәрсесі туралы білуі керек; жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаруда жұмсақтық көрсетуі керек және өзіне өзгелерден тиіп жатқан ренжітетін нәрселерге сабырлық  таныта білуі қажет». Ал сендер осыны түсінуге деген ұмтылысқа және осыған іс жүзінде ілесуге мұқтажсындар, өйткені діннің жақтаушысы осыған іс жүзінде жеткіліксіз деңгейде ілескенде және бұл туралы түсінігі толық болмаған жағдайда қателіктерге бой береді.

Бұдан тыс, ғалымдар мына жағдайға да нұсқайды: егер жамандықтан қайтару алауыздыққа алып келетін болса, онда оған жол берілмейді. Мен нұсқаған нәрсеге ілесуге және осыны түсінуге ұмтылуға сендерге Аллаһ көмектессін, ал егер сендер осыған ілеспесеңдер, сендердің қайтаруларың дінге зиянын тигізеді, ал мұсылман адам өзінің дін және дүние істерінде барлық нәрсені ретті етуге ұмтылады».

Шейх-уль-ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаххаб сондай-ақ былай деді:

«Бұл сөздер көп те емес, бірақ олар өзіне көп мағынаны қамтиды, сондықтан олар туралы ойланыңдар, олардың мән-мағынасына жетуге ұмтылыңдар және айтылғанға сәйкес амал істеңдер және сендер осылай істесеңдер, онда бұл (осылай істегендерің) дінге көмегін тигізеді де, Аллаһтың қалауымен, бәрі дұрыс болады.

Айтылғанның жалпы мағынасы мынада: егер де әмір (ел басшысы) немесе өзге кез келген адам айыпталатын бір нәрсе істесе, оған жұмсақ және құпия түрде игі насихат беру керек, егер ол келіссе, барлық нәрсе жөнге келеді. Олай болмаған жағдайда, оған, өзімен жеке сөйлесіп кеңес берген кезде, ол оның кеңесіне құлақ салатын адамды алып келу керек, егер де ол мұны да істемесе, онда оған ашық түрде сын айтуға болады.

Әмірлерден (ел басшыларынан) басқа барлық адамдарға қатысты осылайша істеуге болады. Ал егер әмірге (ел басшысына) игі кеңес берілсе, әрі ол оны қабылдамаса және оған басқа адамды алып келген кезде ол онымен де келіспесе, онда бұл жөнінде бізді құпия түрде хабарландыру керек.

Елдің әрбір тұрғыны бұл жолдауды көшіріп жазып алсын да, оның көшірмесін өзінде қалдырсын, ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі». Ибн Ғәннәм «Тарих», 1/221.

 

Ғалымдар: Саъд бин Атиктің, Мухаммад бин Ибраһимнің, Умар бин Салимнің, Мухаммад бин Абд әл-Ләтифтің және Абдуллаһ әл-Анкаридің (Аллаһ оларға рахым етсін) әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығу мәселесі туралы айтқандары

Ислам  келісімсіз діннің жоқтығына, имаматсыз[25] келісімнің жоқтығына, мойынсұнусыз имаматтың жоқтығына анық нұсқау береді, ал әмірдің (ел басшысының) билігіне бағынудан шығу туралы айтар болсақ, онда бұл Аллаһтың құлдарының арасында бұзақылықтың таралуының және дұрыс жолдан ауытқудың негізгі себептерінің бірі болып табылады, ал Аллаһ Тағала былай деді: «Негізінен, Аллаһ сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында, Аллаһ сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз, Аллаһ – толық Естуші, тым Қырағы. Әй, мүміндер, Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде  жақсы» (ән-Ниса сүресі,  58-59-аяттар).

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шариғат билігі туралы былай деді: «Ғалымдардың айтуынша, жоғарыда келтірілген аяттардың біріншісі әмірлерге (ел басшыларына) қатысты, олар аманаттарды иелеріне қайтаруы керек және адамдардың арасында билік жүргізуде әділетті болуы керек. Ал екінші аят жауынгерлерден және өзгелердің қатарынан болған биліктің қол астындағыларының барлығына қатысты, олар өздеріне барлық істерде басшылық ететін әмірлерге, егер олар Аллаһқа мойынсұнбауға бұйырмаса, бағынуға тиісті. Егер олар Аллаһқа мойынсұнбауға бұйырса, онда (сол бұйрықты орындауда) Жаратушыға қарсы шықпау және  жаратылғанға бағынбау керек. Егер бір нәрсе жайлы келіспеушіліктер туындаса, онымен Аллаһтың Кітабына және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне жүгініңдер, ал егер әмірлер (ел басшылары) бұлай істемесе, онда оларға тек Аллаһтың бұйрықтарына қайшы келмейтін нәрселерде ғана бағыну керек, өйткені осыда Аллаһқа және Оның Елшісіне деген, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мойынсұнушылық танылады және бұл, Кұран мен Сүннет бұйырғандай,  олардың құқықтарының орындалуына мүмкіндік береді. Аллаһ Тағала былай дейді:  «Жақсылыққа, тақуалыққа бір-біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа бір-біріңе жәрдемдеспеңдер» (әл-Мәида сүресі, 2-аят).

Жоғарыдағы аят аманатты иелеріне қайтаруды және әділеттілікпен билік жасауды міндетті ететіндіктен, әділетті және жақсы билік жүргізудің мәні  де осыларда». «Мәжму’ әл-фатауа», 28/246.

Убада бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік және өзге де нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті болған нәрселерден айырған кезде де  (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып, құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті.  Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке түскенін көрмесеңдер және бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса[26]», - деді.   әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Абу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім (әмірге) бағынудан және жамағаттан бөлініп шықса және сол қалпында өлсе, жахилиет дәуірінің өлімімен өлген болады[27]; кім өзінің надандығының итермелеуімен және өзінікі болғанға ғана соқыр әуестенгедіктен ызаланып соғысса[28], немесе өзінікі болғанға ғана ілесуге шақырса, немесе өзінікі болғанды ғана қорғап өлсе, жахилиет кезінде опат болған сияқты опат болады; ал кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендерден сескенбей және өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)», - дегені жеткізілген. Муслим «Сахих», № 4848 хадис.

Myъаз бин Жәбәлдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әскери жорықтың екі түрі бар. Кім (әскери жорыққа) тек Аллаһ үшін қатысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттері үшін де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу үшін және өзгелерге көрсету үшін жорыққа қатысса, әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, мұндай (сауапты) ала алмай оралады». Ән-Насаи «Сунан», № 3188 хадис; Абу Дауд «Сунан», №2515 хадис.

Ибн Умардан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Әрбір адам) әмірге бағынуы және оған ұнаған нәрседе де, ұнамаған нәрседе де құлақ асуы керек, тек ол (Аллаһқа) мойынсұнбауға бұйырмаса ғана, өйткені (мұндай жағдайда) оған құлақ аспау да, бағынбау да керек болады», - дегені жеткізіледі. әл-Бухари «Сахих», №7144 хадис; Муслим «Сахих», № 1839 хадис.

Хузайфаның, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Менен кейін менің жетекшілігіме ілеспейтін және менің Сүннетімді ұстанбайтын әмірлер пайда болады және сендердің араларыңда адамның денесіндегі шайтан жүректі адамдар пайда болады», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі, осылар менің өмір сүруім кезінде орын алса, мен не істеуім керек?», - деп сұрадым. Ол: «Сен әмірді тыңдауың керек және оған бағынуың керек, тіпті ол сенің арқаңнан ұрса да және сенің мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және бағын!», - деп жауап берді.  Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Әл-Харис әл-Ашариден, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткізіледі: «Мен сендерге Аллаһ маған бұйырған мына бес нәрсені бұйырамын: тыңдаңдар, бағыныңдар, жихад жүргізіңдер, хижрет жасаңдар және келісімді (әл-жамаъаны) ұстаныңдар. Ақиқатында, кім келісімнен (әл-жамаъадан) бір қарысқа кері кетсе, Исламға қарсы көтеріліске шыққан болады».  Имам Ахмад «Муснад», № 17344 хадис; әт-Тирмизи «Сунан», № 2863 хадис.

Шейх Абд әл-Ләтиф бин әш-Шейх Абд ар-Рахман, олардың екеуін де Аллаһ рақымына бөлесін, былай деді: «Кейбіреулер осы хадисте аталған бес нәрсені Исламның бес парызына[29] қосты  да, бұл бес парыз осылардың арқасында ғана тура және бекем тұра алады деп есептеді. Бұл келісім (әл-жамаъа) мен бағынудың жоқтығына негізделген жахилиет дәуірінде болғандардан ерекшеленеді».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шариғат билігі туралы былай деді: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатынын білу қажет, тіпті осы ғана (адамдарға) дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір-біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж».

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ мынаны айтты: «Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл Аллаһтың тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: жихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға, өйткені мұның барлығын тек күш пен биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтан да біреу: «Әмір Аллаһтың жердегі көлеңкесі болып табылады», - депті. Ал басқа біреу: «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені бір күн әмірсіз болудан қайырлы», - депті, ал тәжірибе бұл сөздердің дұрыстығын дәлелдеуде. Міне, сондықтан біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінен болған кісілер, соның ішінде әл-Фудайл бин Ийяд, Ахмад бин Ханбәл және басқалар: «Егер бізде Аллаһ тарапынан қабыл болатын дұға жасау мүмкіндігіміз болғанда, біз Оған әмір (ел басшысы) үшін жалбарынар едік», - дейтін.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ былай деген: «Билікке діни міндеттілік және Аллаһқа жақындаудың құралы ретінде қарау керек, өйткені әмірдің Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынуы арқылы Аллаһқа жақындауға деген ынтасы жақындаудың ең жақсы құралдарына жатады, ал басшы болу мен байлық үшін билікке ұмтылатын адамдар көп жағдайда бұзылады». «Мәжму’ әл-фатауа», 28/390

Ибн Ражаб: «Мұсылман әмірлеріне (ел басшыларына) бағыну туралы айтар болсақ, ол бұл дүниеде бақытты өмір сүрудің кепілі болады. Оларға бағыну арқылы Аллаһтың құлдарының өмірлік мүдделері қамтамасыз етіледі, ал бұл оларға дінін ұстануға және Аллаһқа бағыныштылығын танытуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, былай дегендей: «Ақиқатында, адамдардың істерін тек әмір (ел басшысы) ретке келтіре алады, ол салиқалы немесе пасық болуына қарамастан. Егер әмір пасық болса, бұл иман келтірген адамға оның Раббысына құлшылық жасауға көмектеседі[30], ал пасық (әмір) оның мерзімі жеткенше өз амалдары үшін күнәсінің ауыртпалығын өзі көтереді».

Ал әл-Хасан әл-Басридің әмірлер туралы айтқан сөздері мынандай: «Олар біздің істеріміздің бесеуімен айналысады: жұма күнгі, жалпы және айт намаздарымен[31]; шекараларды қорғаумен және жаза қолданумен. Аллаһтың атымен ант етемін, тек олардың болуымен ғана діннің өмір сүруі сақталуда, тіпті олар адамдарға қысым жасап, оларға әділетсіздік көрсетсе де! Аллаһтың атымен ант етемін, әмірлердің қолдарымен Аллаһ олардың өздері бұзғандарынан көбірек нәрселерді ретке келтіреді! Аллаһтың атымен ант етемін, оларға бағыну адамдарда ыза туғызса да, олардан бөлініп кету күпірліктің көрінісі болып табылады». «Жәмиъ әл-Улюм уәл-хикам», 2/117.

Ибн Муфлих өзінің «Әл-Адаб» кітабында Ханбәлдің былай дегенін жеткізеді: «Әл-Уасиқтың[32] билік жүргізу тұсында фақихтер[33] Абу Абдуллаһтың[34] алдына жиналды да, оған: «Іс қиындап кетті және кең етек жайды[35], сондықтан да біз оның басқаруы мен билігіне разы емеспіз», - деді. Оларды мұнысында қолдап, ол былай деді: «Сендерге мұндайды жүректеріңмен қайтару керек, алайда бағынудан шықпаңдар, мұсылмандар арасында іріткі таратпаңдар және істі сендердің де, өзге мұсылмандардың да қаны төгілуге дейін жеткізбеңдер, бірақ нәтиженің қандай болуы туралы ойланыңдар және сабырлық танытыңдар, ізгі-салиқалы (адам) пасықтан тыныштық таппайынша». Және ол, сондай-ақ: «Бұл[36] дұрыс емес, бұл хадисте көрсетілгендерге қайшы келеді», - деді».  «Әл-адаб әш-шәрийә», 1/137.

Біз келтірген Құранның аяттары, Пайғамбардың хадистері және ғалымдардың сөздері әмірге бағынудың міндетті екеніне және оған қарсы шығуға және күрес жүргізуге тыйым салынғандығына, сондай-ақ адамдардың діни және дүниелік мүдделерін тек қана жоғары биліктің және келісімнің көмегімен қамтамасыз етуге болатындығына нұсқайды. Барлық айтылғанның мағынасын түсінген жағдайда, әмірге бағынудан бас тарту және оған қарсы бағытталған кез келген әрекеттер, мейлі ол соғыс жүргізу немесе басқа бір нәрсе болсын, күнә және Аллаһ пен Оның Елшісіне мойынсұнбау болып табылатыны және Сүннет пен келісімнің (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) жақтаушыларының ұстанымына қайшы келетіндігі айқын болады.

Әмірлердің күнәлары жайлы және олар тарапынан жасалып жатқан,  күпірліктің тартысуға келмейтін куәлігі болып табылмайтын және оларды Исламның шекарасынан шығармайтын, (шариғат) бұзушылықтары туралы айтар болсақ, онда шариғатқа сәйкес мұндай жағдайларда оларға жұмсақ түрде игі насихат беру керек.

Бұдан тыс, біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерімізден өнеге алу керек және кездесу-жиындарда және адамдар жиналған жерлерде әмірлерді балағаттап-жамандамау керек.

Ал егер біреу: «Осыда Аллаһтың құлдары үшін міндетті болып табылатын айыптыны айыптау  бар», - десе, онда мұндай пікір - үлкен қате және айқын надандықтың көрінісі болып табылады, ал осындай көзқарастарды ұстанатын адамға олардың дін мен дүние істеріне нендей опат әкелетіндігі беймәлім. Алайда бұл жөнінде жүрегін Аллаһ нұрландырған және біздің бұрынғы ізгі салиқалы буын өкілдерімізге және дініміздің имамдарына ілескендер анық хабардар.

 

Шейх Абд әр-Рахман бин Наcиp әс-Саадидің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) әмірлерге (ел басшыларына) ықылас таныту туралы айтқан сөздері

«Мұсылман әмірлері туралы және жалпы билік өкілдері туралы, жоғарғы билеушіден әкімге дейін және қазыдан бастап қандай да бір билікке ие біреуге дейін  айтар болсақ, оларға, мәртебесіне сәйкес, ықылас таныту міндетті болып табылады, өйткені оларға, басқалармен салыстырғанда, маңыздырақ болған мәселелер мен міндеттер жүктелген.

Бұл  - әмірлердің билігін мойындауда, шариғат мақұлдаған нәрселерде оларға міндетті түрде бағынуда, оларға қарсы шығудан бас тартуда, билік қоластында болғандардан өзгелерді оларға бағынуға және олардың Аллаһ пен Оның Елшісінің бұйырғандарына қайшы келмейтін әмірлерін орындауға шақыруда, оларға игі насихат беру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануда және олар өздерінің лауазымына сәйкес өз қоластындағылары үшін не істеу керектігін түсіндіруде өз көрінісін табуы керек.  Сондай-ақ, Аллаһтан Ол әмірлерді игілікке жеткізуін және оларға көмек беруін тілеу керек, өйткені олардың игілігі олардың қол астындағыларға да игілік болмақ, сол сияқты оларды қаралап-жамандаудан және олардың кемшіліктері туралы сөз таратудан аулақ болу керек, өйткені бұл үлкен зиян алып келеді.

Әмірлерге шынайы ықылас танытудың көрінісі сондай-ақ оларды дұрыс емес нәрселерді жасаудан ескерту де болып табылады, сондықтан да олардың тыйым салынған бір нәрсені істеп жатқанын көрген әрбір адам оларды бұл жөнінде жұмсақ және құпия түрде, осы адамдардың мәртебесіне сәйкес келетін және қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін сөздермен ескерту керек. Бұл әрбір адамға қатысты міндет болып табылады, әсіресе бұл әмірлер мен билік өкілдеріне қатысты, өйткені мұндай ескертулер көптеген игілік алып келеді және шыншылдық пен ықыластылықтың сипаты болып табылады». «Әр-Рийад ән-надира», 49-бет, 501-бет.

 

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығу туралы сұрақтарға берген жауаптары

Сұрақ: «Құрметті шейх, «Кейбір әмірлердің ауыр күнәлар жасауы оларға қарсы шығып, өзгерістерге қол жеткізуге оқталуды қажет етеді» деп есептейтін адамдар бар, бірақ бұл сол елде өмір сүріп жатқан мұсылмандарға зиян тигізеді және оның салдарынан бүкіл ислам әлеміне қиындықтар келуі мүмкін. Сіз бұл жөнінде не ойлайсыз?»

Жауап: «Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен! Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның басшылығының себебімен дұрыс жолға түскендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй, мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ниса сүресі,  59-аят).

Бұл аятта әмірлерге бағынудың міндетті екендігі туралы айтылуда, «әмірлер» деп билік иелері де, сондай-ақ білім иелері де айтылуда, ал Аллаһ Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерінде шариғат мақұлдайтын нәрселерде оларға бағыну қажетті және міндетті болып табылатындығы нұсқалады.

Хадистер шариғат құптайтын нәрселерде әмірлерге бағыну туралы айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйтіп, мұсылмандар әмірлерге (шариғат) мақұлдайтын нәрселерде бағынуы керек, бірақ күнәлі істерде емес, ал олар күнәлі істерге бұйырса, онда оларға бағынбау керек. Сонымен қоса, осы үшін оларға қарсы көтеріліске шығуға да рұқсат етілмейді, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Егер адам өз әмірінің белгілі бір күнәлі іс істеп жатқанын көрсе, ол істеп жатқан сол күнәлі істі жек көрсін, бірақ ешбір жағдайда оған бағынудан шықпасын». Имам Ахмад «Муснад», 6/24/28; Муслим «Сахих», № 1855 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деді: ««Кім (әмірге) бағынудан шықса және (мұсылман) жамағатынан бір сүйем болса да қашықтаса және сол қалпында өлсе, жахилиет дәуірінің өлімімен өлген болады Имам Ахмад «Муснад», 2/296; Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тағы да былай деген: «Адам (әмірге) құлақ асуы керек және оған өзіне ұнайтын нәрседе де, ұнамайтын нәрседе де бағынуы керек, тек оған күнәлі бір нәрсе істеу бұйырылмаса ғана, ал оған күнә істеу бұйырылса, ол тыңдамау да, бағынбау да керек». Муслим «Сахих», №1839 хадис; ән-Насаи «Сунан» , 7/160.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінен кейін олардың кейбір істерін сахабалар мойындайтын, ал кейбір істерін теріске шығаратын әмірлер пайда болады деп айтқанда, олар: «Сен бізге не істеуді бұйырасың?» - деп сұрады, ал ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұған: «Оларға (беруге) тиісті болғандарыңды беріңдер де, Аллаһтан өздеріңе қақыларың бойынша тиісті нәрсе жайлы сұраңдар», - деп жауап берді. әл-Бухари «Сахих», № 7052 хадис; Муслим «Сахих», № 1843 хадис.

Убада бин әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Кезінде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізді өзіне шақырды, ал біз оған ант бердік және өзге де нәрселердің қатарында ол бізден бізге жеңіл және ауыр болған кезде де, өзімізге заңды түрде тиісті болған нәрселерден айырған кезде де  (оған) бағынатынымыз және құлшынысты болып, құлықсыздық танытпайтынымыз туралы ант беруімізді талап етті.  Біз заңды әмірді билігінен құлатуға ұмтылмаймыз (деп ант бердік), ал Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке түскенін көрмесеңдер, бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса[37]», - деді.   әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

Осыдан мыналар келіп шығады: биліктің қоластында болғандарға әмірлермен егеске түсуге де, оларға қарсы көтеріліске шығуға да болмайды, тек қана олар әмірдің айқын күпірлікке түскенін көрмесе және бұл жөнінде оларда айқын дәлелдер болса ғана. Бұндай тыйым әмірге қарсы шығу үлкен қасіреттерге, қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына және адамдардың құқықтарының шектелуіне әкеп соқтыруы мүмкін екендігімен, бірақ жәбір көрсетушіні тоқтатуға және жәбір шегушілерге көмек көрсетуге кепілдік бермейтіндігімен ғана түсіндіріліледі. Бұл мұсылмандар әмірдің анық күпірлікке кіргенін көріп және бұл жөнінде оларда айқын дәлел болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сонда ғана олар мұндай әмірге қарсы көтеріліске шығуларына болады, егер олардың күш-қуаты бұған жетсе; кері жағдайда қарсы шығуға болмайды, өйткені бұл оларға көбірек зиян әкеледі. Шариғаттың барша мойындаған ережелерінің біріне сәйкес жамандықты одан да асқан жамандықпен тоқтатуға (жоюға) болмайды, жамандықты оны жоятын нәрсемен, немесе жеңілдік әкелетін нәрсемен ғана тойтару керек.

Осы ережеге сүйеніп, мынаны айтуға болады: егер адамдардың бір тобы, қажетті мүмкіндіктері бола тұра, күпірлікке айғақ  болатын амалдар жасап жатқан  әмірді орнынан алып, оның орнына ізгі және салиқалы әмірді тағайындауды қаласа және бұл (әрекет) мұсылмандарға зиян тигізбесе және бұрыңғы әмірден де асқан жамандыққа айналмаса, онда көтеріліске шығуға болады.

Ал егер көтеріліс зиян келтірсе және қоғамдық тәртіптің бұзылуына, жазықсыз адамдардың езгіге түсуіне және өлтірілуіне, сондай-ақ өзге де ұлы апаттарға әкеп соқса, онда бұған рұқсат етілмейді. Бұндай жайттарда сабырлық танытып, әмірге шариғат тарапынан мақұлданатын нәрселерде бағыну керек, билік өкілдеріне игі кеңестер беріп, Аллаһқа олар үшін жалбарыну керек, сондай-ақ жамандықтың азаюы және жақсылықтың көбеюі үшін бар күш-жігерді сарп ету керек. Соңынан  ілесуге тиісті дұрыс жол осы болып табылады, өйткені мұндай әрекеттер барлық мұсылмандардың пайдасына қызмет атқарады, жамандықты азайтып жақсылықты арттыруға мүмкіндік береді, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді және мұсылмандарды бұдан да үлкен жамандықтардан сақтап қалады, ал біз Аллаһтан баршаға көмектесуін және тура жол сілтеуін тілейміз.

Сұрақ: «Құрметті шейх, сіз атаған нәрселер Сүннет пен келісімнің жақтаушыларының (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) негізгі ұстындарының бірі болып табылатынын біз білеміз. Алайда, өкінішке орай, кейбір жастар бұндай идеяларды ұтылушылардың идеялары деп түсініп, оларда қорқақтықтың белгілерін көреді. Міне, сол үшін олар, өзгерістерді іске асыру үшін, зорлық қолдануға шақырады».

Жауап: «Мұндай сөздерді айтып жүрген адамдар қателеседі және олардың түсініктері таяз, өйткені олар Сүннетті түсінбейді және оны лайықты түрде білмейді. Қызбалаңдығы мен құштарлы құлшыныстары оларды дұрыс емес нәрселерді жоюға итермелейді, осы үшін олар хауариждер мен муътәзиләлар сияқты шариғатқа қарама-қайшы шығуға тура келетіндіктеріне қарамастан.

Ақиқатқа көмектесуге деген қалаулары немесе діндегі ерекше құлшыныстары  оларды жалған нәрселерге әкелді, соның салдарынан олар мұсылмандарды істеген күнәлары үшін күпірлікте айыптай бастады немесе күнә істегені үшін адамдар Тозақта мәңгі қалады деп айтатын болды, бұның мысалы ретінде муътәзиләлардың тұжырымдамаларын келтіруге болады.

Хауариждер күнәхарларды күпірлікте айыптап, олар Отта мәңгі қалады деп тұжырымдады.  Муътәзиләлар олардың күнәхарлар Отта мәңгі қалады деген тұжырымдамасымен келісті, бірақ бұл дүниеде күнә жасаушылар кәпірлердің де, иман келтіргендердің де қатарында емес, екеуінің арасындағы аралық кейіпте болады деп айтты, алайда бұл тұжырымдардың барлығы да адасу болып табылады.

Сүннет пен жамағаттың жақтаушылары (әһлю-Сунна уәл-жамаъа) күнә жасаушыны оның жасаған күнәсі үшін, егер ол осындай күнәні жасауға болады деп санамаса, күпірлікте айыптауға болмайды деп есептейді. Мысалы, зина жасаушы да, ұрлық жасаған адам да, арақ ішуші де кәпір болып табылмайды, бірақ олардың әрқайсысы иманы әлсіз күнәхар және пасық болып табылады.   Мұндай адамға шариғат бекіткен жазаны қолдану керек, бірақ оны күпірлікте айыптауға болмайды, тек ол өзі жасаған күнәсін рұқсат етілген деп есептемесе және «бұл рұқсат етілген» деп айтпаса.

Хауариждердің, адамдарды күпірлікте айыптаулары негізсіз болғандай, бұл жөніндегі тұжырымдары да негізсіз болып табылады. Міне, сол үшін мұндай адамдар жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, (алғашында) олар Исламнан ауытқып кетеді де, кейін оған қайта оралмайды», - деген.  Муслим «Сахих», №1067 хадис; Ибн Мажжәһ «Сунан», 1/170.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деді: «Олар мұсылмандармен соғысып, пұтқа табынушыларды тастап қояды». әл-Бухари «Сахих», №3344 хадис; Муслим «Сахих», №1064 хадис, Абу Дауд «Сунан», №4764 хадис; ән-Насаи «Сунан», 5/87.

Өздерінің соқыр сенімдерінің, надандығының және адасушылығының салдарынан хауариждер осындай жағдайға түсті. Ал жас және ересек адамдарға келер болсақ, олар хауариждер мен муътәзиләларға еліктемеуі керек. Керісінше, олар Сүннет пен келісімнің жақтаушыларының (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) жолымен жүріп, шариғаттың нұсқауларын басшылыққа алып, аят пен хадистерде айтылғандарға еруі керек. Бұл дегеніміз: олар әмірге оның істеген күнәсі немесе күнәлары үшін қарсы шықпаулары керек, жоқ, олар өздерінің мақсатына жетпейінше және жамандық азайып немесе жойылып кетпейінше, ал жақсылық көбеймейінше, жақсы және дана әдістерді қолданып және ең күшті дәлелдерді келтіріп, оған игі кеңестер беруі керек, оған хат жазып онымен сөйлесуі керек.

Бұл жөнінде хадистерде айтылады, ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сен оларға Аллаһтың мейірімі бойынша жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді» (Әли Имран сүресі, 159-аят).

Сонымен, тура жолға шақырушылар шариғаттың шеңберінен шықпауы керек және жақсы сөздерді, даналықпен сәйкес келетін әдістерді пайдаланып, Аллаһ билікке жеткізген адамдарға игі кеңестер беруі қажет. Және олар, жақсылық көп болып, жамандық азаймайынша, өз шақыруларында зорлықты емес, ең жақсы әдістерді қолданатын, әмірлерге игі кеңестер беретін және оңашада Аллаһтан оларды тура жолға бағыттауын, игілікке жетуін, күнәлардан бас тартуын және ақиқатты ұстануын жалбарынып тілейтін  Аллаһқа шақырушылардың саны көбеймейінше, осыйлайша істеуі керек.

Және олар Аллаһтан Аллаһ ісі үшін құлшыныс танытып жатқан өздерінің бауырларына да осыны тілеуі керек, олар зорлықты емес, ең жақсы нәрселерді пайдаланып, Аллаһ жолына шақырумен белсеңді айналысулары үшін, оларға үгіт-насихат беруі қажет. Осылардың себептерімен жақсылық көбейе түседі, ал жамандық азаяды, Аллаһ әмірлерге игілікке апаратын жол көрсетеді және барлығы да ең жақсы нәрселерге қол жеткізеді».

Сұрақ: «Белгілі бір топтың әмірге қарсы шығуға қажетті болған шариғи негіздемелері жеткілікті делік, бірақ сол (негіздемелер) әмірдің көмекшілерін және де үкімет органдарында жұмыс істейтін адамдарды, мысалы, полицейлерді, қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін және өзге де адамдарды өлтіріп жоюды  ақтайды ма?»

Жауап: «Алдын мен әмірге қарсы шығуға тек екі шарт болған кезде ғана жол беруге болады деп айтып өткен болатынмын: олардың бірі – әмір тарапынан айқын күпірлік танытылса және көтерілісшілер ол жөнінде Аллаһтан түскен дәлелдерге ие  болса; ал екіншісі – әмірді орнынан жағдайды қиындатуға әкелмейтіндей етіп ығыстыру мүмкіндігінің болуы».

Сұрақ: «Кейбір жастар мұсылман мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан немесе сапармен келген мұсылман еместермен шариғатқа сәйкес қатал қарым-қатынас жасау керек деп есептейді, сондықтан егер мұсылман еместердің қылықтарында ұнамсыз нәрсе көрсе, оларды өлтіруді және тонауды өзіне рұқсат етіп жүргендер де жоқ емес».

Жауап: «Елге кіруіне мемлекет рұқсат берген күнәхарлар мен мұсылман еместерді өлтіру, сондай-ақ оларға қарсы зорлық акцияларын жасау рұқсат етілмейді, ал қандай да бір келеңсіздіктер туындаған жағдайда, оларды сот органдарына тапсыру керек, өйткені тек шариғат соты  ғана мұндай мәселелерді қараумен айналыса алады[38]».

Сұрақ: «Егер елде шариғат соттары болмаса, не істеу керек?»

Жауап: «Егер елде шариғат соттары болмаса, онда әмірлерге, олар шариғат нормаларының негізінде сот жүргізе бастағанға дейін, жақсы кеңестер беру, оларды игілікке бағыттау және олармен ынтымақтастықта болу ғана қалады, ал өз қалауымен жүгенсіз сот жүргізуге жол берілмейді. Әмірлермен ынтымақтастықта болып, ең жақсы тәсілдерді қолдану арқылы оларды сот үкімдерін шариғат бойынша шығаруға ынталандыру керек. Міндетті түрде ең жақсы дәлелдердің көмегімен ғана насихат беру керек және игілікке бағыттап, жамандықтан қайтару керек, ал Аллаһ Тағала былай деді:  «Сондықтан шамаларың келгенше Аллаһтан қорқындар» (әт-Тағабун сүресі, 16-аят)

Ал адам өлтіру немесе қақтығыстар арқылы көрініс беретін қайтаруға келер болсақ, бұл, күмәнсіз, жағдайды тек одан сайын шиеленістіреді  және одан да көбірек зиян тигізеді, бұл жөнінде осы мәселені зерттеген әрбір адам хабардар».

Сұрақ: «Біздің салиқалы алдынғы буын өкілдері көпшілік алдына шығып әмірлерге сын білдірген бе, әрі олар әмірлерге игі насихатты қалай берген?»

Жауап: «Әдетте олар әмірлердің кемшіліктері туралы көпшіліктің алдында  сөйлемеген және мінберлерге[39] шығып мұндай нәрселер туралы жарияламаған, өйткені бұл анархияға, шариғат мақұлдайтын нәрселерде де әмірлерге бағынбауға және тек қана зиян әкеліп, еш пайда бермейтін нәрселерге әкеп соқтыруы мүмкін. Әдетте діннің салиқалы алдыңғы буын өкілдері әмірге игі насихатты онымен оңаша қалғанда беретін, оларға жолдаулар жазатын немесе әмірмен байланыста болған ғалымдармен байланысты үзбей ұстап отыратын. Олар қайтарылған нәрселерге сөгіс білдіру үшін, зина жасайтын, арақ-шарап ішетін немесе өсімқорлықпен айналысатын адамның атын атамаған, ол әмір болса да, немесе биліктің қол астындағы болса да, ал бұл (өз кезегінде) қайтарылған нәрсені айыптауға және осындай (күнәларды) жасаудан кез келген адамды тыйуға мүмкіндік беретін.

Усманның, Аллаһ оған разы болсын[40], билік жүргізуінің тұсында бүлік басталған кезде бір кісі Усама бин Зайдке[41]: «Сен Усманмен сөйлесіп көрмейсің бе?», - деді, ал ол оған: «Мен онымен сендердің көздерінше сөйлеседі деп ойлайсыңдар ма, бірақ мен онымен тек оңаша сөйлесемін, өйткені мен осылай (сендер айтқандай) істейтіндердің алғашқысы болғым келмейді[42]», - деп жауап берді.

Усманның, Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында адамдар жамандық істей бастаған соң және әмірлерге көпшіліктің алдында сөгіс айта бастағаннан кейін бүліктер мен ұрыстар басталып кетті, олардың салдарын адамдар бүгінгі күнге дейін сезінуде. Бұл  Усманның[43] өлтірілуіне, Али мен Муғауияның арасындағы араздыққа және көптеген сахабалар мен басқа да адамдардың өліміне әкелді. Ал осының барлығына себеп болған – көпшілік алдында әмірді айыптау және оның кемшіліктерін атау, бұл адамдарда оған деген өшпенділікті туғызды және оларды оны өлтіруге ынталандырды, ал біз Аллаһтан (мұндайдан) аман болуды тілейміз».

 

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усайминнің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығуға қатысты сұрақтарға берген жауаптары

Адамдардың әмірлерге деген қатынасы туралы шейх былай деді:

«Кездескен сайын әмірлер туралы әңгіме қозғау, олардың жақсы қасиеттері мен жетістіктерін айтпастан, намысын қорлау және олардың кемшіліктері мен қателіктері туралы мәліметтерді жаю кейбір адамдар үшін әдетке айналды. Мұндай әрекеттер, әрине, жағдайды қиындатады, ешқандай мәселелерді шешпейді және әділетсіздіктің жойылуына ыкпал етпейді,  әрі жаңа қасіреттерге әкеп соқтырады, әмірлерге деген өшпендікті туындатады және адамдарды орындауға тиісті бұйрықтарды орындамауға итермелейді. Әмірлер де басқа да барлық адамдар секілді жаман амалдар жасауы және қателесуі мүмкін екендігіне біз күмән келтірмейміз, өйткені әрбір адам қателеседі, ал қателікке жол бергендердің ең жақсылары – тәубе етушілер. Біз, сондай-ақ, қателікке бой берген кез келген адамның әрекеті туралы бізге үндемей қалуға болмайтындығына да күмән келтірмейміз, өйткені біз барынша Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың әмірлеріне және қарапайым мұсылмандарға қатысты ықылас танытуымыз керек, бұл біздің міндеттеріміздің шеңберіне кіреді.

Сөйтіп, біз билік өкілдерінің бір қателік жібергенін көрсек, біздің міндетіміз олармен жеке сөйлесіп немесе хат жазып игі насихат беру болып табылады. Дәл осы билік өкілдеріне ең алдымен ақиқатты жеткізіп, олардың қателіктері неде екенін көрсетудің, ал содан соң оларға насихат беріп, олар өз қоластындағыларына жақсы қарым-қатынас жасауы, олардың мүдделері жөнінде қамқорлық көрсетулері және оларды жәбір көруден қорғауы қажеттігін ескертудің ең қысқа жолы болып табылады.

Және біз олардың естеріне сахих хадистердің бірінде баяндалған Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін саламыз: «Уа, Аллаһ, менің үмметімнің (мүшелерінің) үстінен қандай да бір билікке ие болып, оларға қатал болғанға қатал бол…» Муслим «Сахих», №1828 хадис.

Сондай-ақ ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ қамқорлығына (біреуді) тапсырған және ол өз қарамағындағыларын алдауды қоймай өлген кез келген құлына міндетті түрде Жәннатты харам етеді», - деп айтты. Муслим «Сахих», №142 хадис. Және егер де биліктің өкілі Құран мен Сүннеттің насихаттарына иланса, міне осы - қалаулы нәтиже болады, кері жағдайда біз одан да жоғары мәртебеге ие біреуге, ол шара қолданып жағдайды түзетуі үшін, жүгінуіміз керек болады. Ал егер біз шешім қабылдау ісі тәуелді болған барлық тұлғаларға жүгініп болған болсақ және олардан жоғары тұрған ешкім қалмаған болса, онда өзіміздің парызымызды өтеген боламыз, ал осыдан кейін бізге тек әлемдердің Раббысына жалбарыну ғана қалады. Біз одан мұсылмандар мен олардың әмірлерінің істерін тәртіпке келтіруін сұраймыз».

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усаймин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ былай деді:

«Биліктің қоластындағылары әмірлердің бұйырғандарын орындап, оларға бағынуға және олар тыйым салған нәрседен, егер бұл шариғатқа қайшы келмесе, тыйылуға міндетті, кері жағдайда оларға мұндай істерде бағынбау керек, өйткені жаратылған біреуге Жаратушыға мойынсұнбаушылық жасап бағынуға болмайды».

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усаймин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, сондай-ақ: «Аллаһ ұстануды бұйырған әмірлерге бағыну  сондай-ақ иман келтірген (адамның) үкімет бекітіп қойған тәртіптерді сақтауын да қамтиды, (әрине) егер олар шариғатқа қайшы келмесе. Осылай істеген адам Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнғанын танытады және бұл үшін сауап алады, ал кім бұған қайшы амал жасаса, Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнбайды және күнә жасайды.

Ал әмірлердің өз қоластындағыларына қатысты міндеттері жайлы айтар болсақ, Онда оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Билік жүргізудің мақсаты - көбірек билікке және жоғары мәртебеге қол жеткізу емес. Бұл мақсат тек Аллаһтың дініне көмектесумен және адамдардың дін және дүние істерін ретке келтірумен байланысты жауапкершілікті орындай алу болу керек».

 

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның, Аллаһ оған есендік берсін, әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығуға қатысты сұрақтарға берген жауаптары

Сұрақ: «Құрметті шейх, өкінішке орай, әмірлерге қарсы шығуға шариғатта ешқандай нұсқау болмаған жағдайларда да оларға қарсы шығуды ақтап жүрген адамдар бар. Мұсылман және мұсылман  емес әмірлермен болған қатынаста біз нені ұстануымыз керек?»

Жауап: «Егер мұсылман әмірі туралы айтар болсақ, онда бізден оған бағыну талап етіледі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар, егер сендер Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ниса сүресі,  59-аят).

Ал Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келер болсақ, ол былай деді: «Мынау менің сендерге берген өсиетім: Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар және сендерге (эфиопиялық) құл әмірлік етсе де - тыңдаңдар және мойынсұныңдар. Ақиқатында, (сендерден) кім (менен кейін)  өмір сүрсе, көптеген араздықтардың куәсі болады, сондықтан сендер менің  Сүннетімді және менен кейін дұрыс жолмен ілесіп жүретін салиқалы халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек». Абу Дауд «Сунан», №4607 хадис; әт-Тирмизи «Сунан», №2676 хадис.

Бұл хадистің мағынасы жоғарыда келтірілген аяттың мағынасына толық сәйкес келеді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ: «Кім әмірге бағынса, маған бағынған болады, ал кім әмірге мойынсұнбаса, маған мойынсұнбаған болады», - деп айтқан. Әл-Бухари «Сахих», № 2957 хадис, Муслим «Сахих», № 1835 хадис.

Мұсылмандарды әмірлерге бағынуға үндейтін басқа да хадистер мәлім.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «… тіпті ол сені арқаңнан ұрса да және мал-мүлкінді тартып алса да, тыңда және мойынсұн!», - дегені жеткізіледі. Муслим «Сахих», №1847 хадис.

Сонымен, әмірдің бұйырғандары Аллаһтың бұйырғандарына  қайшы келмесе, әмірге бағыну керек, егер де ол қандай да бір күнәлі іске бұйырса, оған күнәлі нәрседе бағынбау керек, ал басқа барлық нәрседе оған бағыну қажет.

Ал мұсылман емес әмірмен қарым-қатынасқа келер болсақ, онда мұсылмандар жәбірлеушілер және кәпірлерлермен қақтығысқа бармауы керек, өйткені бұл оларға зиян тигізуі және олардың жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің пайғамбарлық миссиясын орындай бастағаннан кейін он үш жыл бойы Меккеде өмір сүрді, ал ондағы билік кәпірлердің қолында еді, алайда Исламды қабылдаған оның сахабалары кәпірлермен күреспеді, өйткені бұл оларға тыйым салынған еді, ал күресу туралы әмір оларға Мәдинаға қоныс тепкеннен соң және мұсылман мемлекеті құрылғаннан кейін ғана түсті».

Сұрақ: «Құрметті шейх, белгілі болғандай, дін дегеніміз - ықылас таныту (насыха)[44], және ол Исламның негізі болып табылады. Алайда әмірлерге келгенде, біз оларға қатысты ықылас танытуымыз белгілі қиындықтарға тіреледі. Ол (ықылас, насыха) қалай танытылуы керектігін және өзгерістерге күшпен қол жеткізуге талпыныс жасалғанда туындайтын ең түйінді қиындықтар қандай болатындығын түсіндіре аласыз ба?»

Жауап: «Абу Рукәйә Тамим бин Аус әд-Даридің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту», - деді. Біз одан: «Кімге қатысты ықылас таныту?», - деп сұрадық. Ол: «Аллаһқа[45], Оның Кітабына[46], және Оның Елшісіне[47], және мұсылмандардың басшыларына[48], және жалпы барлық мұсылмандарға[49]», - деп жауап берді. Муслим «Сахих», № 55 хадис.

Мұсылман әмірлеріне қатысты ықылас оларға шариғат мақұлдайтын нәрселерде бағынуда, олар үшін Аллаһтан дұға-тілек тілеуде және оларға дұрыс жол мен олар жіберіп қоюы мүмкін қателіктерді, әмірлер оларға тап болмауы үшін, түсіндіруде танылады.   Сонымен қоса, әмірлерге ықылас таныту оларға құпия түрде игі насихат беруді, сондай-ақ оған бағынатын шенеуніктердің өздеріне тапсырылған істерді адал орындауды да қамтиды.  Сондай-ақ, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден кім (шариғатта) айыпты деп саналатын нәрсені[50] көрсе, оны қолымен өзгертсін[51], егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен[52] (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда - жүрегімен[53], және бұл - иманның ең әлсіз (көрінісі) болады», - дегені хабарланады. Муслим «Сахих», № 49 хадис.

Осыған сәйкес, мұсылмандар үш топқа бөлінеді:

  1. Білімге және билікке ие адам айыпталатын істі өз қолымен тоқтата алады. Мұндай адамдардың қатарына адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын мұсылман мемлекетінің билігі тағайындаған әмірлер және мемлекеттік қызметкерлер жатады. Мұндай адамдар дана және шариғат заңдастырған әдістермен айыпты істерді өзгерте алады.
  2. Білімге ие, бірақ билікке ие емес адам. Ол айыпталатын істі сөзбен, яғни адамдарға шариғаттың харам мен халалға, құпталатын мен айыпталатынға қатысты үкімдерін түсіндіру, оларға дұрыс жолды көрсету, оларға насихат айту, уағыздау арқылы, өзгерте алады.
  3. Білімге де, билікке де ие емес, бірақ мұсылман болып табылатын адам айыпты болып саналатын істі жүрегімен айыптап, осындай істерді істеп жатқан адамдардан, олар оған өз ықпалын тигізбеуі үшін,  өзін аулақ ұстауы керек.

 

Сұрақ: «Игі насихатты қалайша дұрыс беру керек, әсіресе мәселе әмірлерге қатысты жағдайларда? Олардың дұрыс емес амалдары жайлы көпшіліктің алдында айтуға болады ма, әлде оларға насихатты құпия түрде беру керек пе? Бұндай жағдайларда діннің алдыңғы салиқалы буын өкілдері қалай істегенін түсіндіріп берсеңіз».

Жауап: «Күнә істеуден тек Аллаһтың Елшісі ғана, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қорғалған еді, ал әмірлер – басқа да барлық адамдар сияқты қателесетін қарапайым адамдар. Алайда әмірлер әділетсіздік танытып жатса да, адамдарды жәбірлеп, күнә жасап жатса да, олар айқын күпірлікке түспейінше, біз олардың қателіктерін, осы қателіктер туралы көпшіліктің алдында сөйлеу үшін және оларға бағынудан бас тарту үшін, сылтау қылмауымыз керек, өйткені бізге осылай істеуді Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырды. Бұл дегеніміз, олар тіпті күнә жасап, әділетсіздік көрсетіп жатса да, біз мұсылман елдерінің бірлігі мен қорғауын сақтап қалу үшін, оларға бағынуымызды жалғастыра беруіміз керек, өйткені әмірлерге мойынсұнбау және оларға қарсы күрес жүргізу олар істеп жатқан айыпты болып саналатын нәрселерден де көбірек зиян әкеледі, әңгіме тек қана күпірлік пен көпқұдайшылық төңірегінде болмаса ғана.

Біз әмірлердің қателіктері туралы мүлдем үндемеу керек деп айтып жатқан жоқпыз, жоқ, оларды түзету керек, бірақ  мұны дұрыс істеу керек, нақтырақ айтқанда, оларға құпия түрде ауызша немесе жазбаша кеңес беріп.

Бұл істе Интернет сияқты құралды қолдануға да болмайды, өйткені бұл мінберлерден айтылған сөздерден де ықпалдырақ болады, өйткені айтылған сөздер ұмытылады, ал жазылған нәрсе қолма-қол жүре береді, ал мұнымен келісуге болмайды.

Бірде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту», - деп үш рет қайталағаны жеткізеді. Сонда сахабалар: «Кімге қатысты?» - деп сұрады. Ол: «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және жалпы барлық мұсылмандарға», - деп жауап берді. Басқа бір хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, Аллаһ сендерге үш (нәрсені)  қалайды: сендер Оған ғана құлшылық етулеріңді және ешкімді оған серік қоспауларыңды; Сендер Аллаһтың жібінен ұстанып бөлінбеулеріңді және Аллаһ өздеріңнен үстем етіп қойғандарға игі насихат берулеріңді». Имам Малик «Әл-Мууатта», № 1864 хадис; имам Ахмад «Муснад», № 8134 хадис.

Ең дұрысы – әмірлерге насихатты өздерінің ой-парасаттылығымен танылған дін ғалымдары және ықпалды адамдар берсе, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:  «Егер олар оны Пайғамбарға, не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді» (ән-Ниса сүресі, 83-аят).

Мұндай міндетті орындауға кез келген адам жарай бермейді, ал көпшіліктің алдында әмірлердің қателіктерін талқылау игі насихатпен де, біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміздің істеген амалдарымен де ешбір ортақтығы жоқ, тіпті осындай әдістерге жүгінетін адам, өзінің пайымы бойынша, игі ниетті басшылыққа алғандығымен ақталса да. Алайда, іс жүзінде, оның істеп жатқаны ол айыптап жатқан нәрседен де жаман, өйткені айыпталатын нәрсені айыптаудың өзі де, егер ол Аллаһ Тағала және  Оның: «Сендерден кім (шариғатта) айыпты саналатын нәрсені көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда - жүрегімен, және бұл - иманның ең әлсіз (көрінісі) болады», - деп айтқан Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, заңдастырған жол-тәсілмен орындалмаса, айыпталуы мүмкін.

Сөйтіп, Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарды үш топқа бөлді. Бірінші топқа айыпталатын нәрсені өз қолымен түзете алатын адамдар жатады. Олар – әмірлер немесе осы нәрсе оларға мемлекеттің атынан жүктелген адамдар. Екінші топқа айыпталатын нәрсені сөзбен түзете алатындар жатады, басқаша айтқанда, билікке ие емес, бірақ білім мен шешендік қабілет берілгендер. Үшінші топқа айыпталатын нәрсені жүрекпен тәрк етушілер, яғни билікке де, білімге де, шешендікке де ие емес адамдар жатады».

Сұрақ: «Сіз осы елде өмір сүріп жатып, өздерінің жиындарында билік өкілдерін жамандайтын жастар туралы не айтасыз?»

Жауап: «Мұндай әңгімелер еш негізсіз екендігі белгілі, ал оларды айтушы адамдар не жамандыққа ұмтылады, не бізді пайдаланып жүрген игіліктерімізден айырғысы келіп, өзгелерді адастырып жүргендердің ықпалында жүр.

Аллаһқа мадақ, біз өзіміз ілескен жолымызға сенімді болғанымыз секілді, өз әмірлерімізге де сенімдіміз. Бұл «Біз толық кемелдендік және бізде ешқандай кемшілік жоқ» деген сөз емес. Кемшіліктер бар, бірақ біз оларды, Аллаһ қаласа, дұрыс әдістермен түзетеміз.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көзі тірісінде ұрлық жасайтын, зина жасайтын немесе шарап ішетін адамдар болды, ал Пайғамбар оларға қатысты шариғат бекіткен жазаларды қолданды. Бізде, Аллаһқа шүкір, осындай жазалар оларға лайық адамдарға қолданылады және ол тергеу барысында дәлелденген болғанда ғана. Бұдан тыс, бізде адам өлтіруге тура сондай әрекетпен жаза беру қолданылады, ал бұл, Аллаһқа шүкір, игілік болып табылады, ал кемшіліктер болса да, олар болуға тиісті, өйткені бұл адам табиғатына тән.

Аллаһ Тағаладан Ол Өзінің рахметімен біздің істерімізді жөнге келтіруін, бізге өз нәпсімізбен күресуге көмектесуін, тура жол нұсқауын және кемшіліктеріміздің түзетілуіне ықпал етуін жалбарынып тілейміз.

Әмірлердің қателіктері мен жаңсақтықтарын олардың мәртебесін түсіру немесе қоластындағылардың оларға деген өшпенділігін ояту үшін пайдалану Сүннет пен  келісімнің жақтаушысы (әһлю-Сунна уәл-жамаъа) болған біздің салиқалы ата-бабаларымыздың әдістерімен еш ортақтығы жоқ.          Сүннет пен келісімнің жақтаушылары (әһлю-Сунна уәл-жамаъа) адамдарды әмірлерге бағынуға, оларды жақсы көруге және бірлікті сақтап тұруға талпындырады, ал бұл қажетті нәрсе болып табылады.

Әмірлерді балағаттауға және олар туралы сөз тасуға келер болсақ, онда бұлар -көпқұдайшылықтан кейін қатаң тыйым салынған нәрселердің қатарына кіреді, өйткені араздыққа алып келіп, адамдардың жүрегінде ашыну сезімін туғызады».

 

Ғылыми зерттеулер және пәтуалар бойынша Тұрақты Комитеттің жауабы

Ғылыми зерттеулер және пәтуалар бойынша Тұрақты Комитетке қойылған сұрақ: «Аллаһтың түсіргеннің негізінде билік жүргізбейтін әмір үшін Аллаһқа қандай тілектермен жалбарыну керек?»

Жауап: «Аллаһтан Ол бұндай әмірді ақиқат жолына бағыттауын және оған көмектесуін, сондай-ақ ол арқылы Аллаһ оның қоластындағыларының жағдайын жақсартуын, ал оның өзі адамдарды шариғатты басшылыққа алған түрде басқаруын тілеу керек».

 

 

Комитет төрағасы: Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз;

мүшелері: Абдуллаһ бин Қууд,

Абдуллаһ бин Ғадйан, Абд әр-Раззақ Афифи.

 


ҮШІНШІ БӨЛІМ

ШЕРУЛЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары

 

1992 ж. (х. 1412 ж.) шағбан айында Джидда қаласында шейхқа мынадай сұрақ қойылды: «Ерлер мен әйелдер қатысатын әмірлерге қарсы бағытталған шерулерді Исламға шақырудың құралы деп қарастыруға және де осындай шеруге қатысу барысында қаза тапқан адамды шахид немесе Аллаһ жолында жүрген адам деп санауға бола ма?»

Жауап: «Мен ерлер мен әйелдер қатысатын шерулерді қандай да бір мәселелерді шешудің құралы деп есептемеймін, мен оларды бүліктердің, жамандықтың, бір адамдардың өшпенділігін оятудың және басқа адамдардың құқықтарының бұзылуының себепшісі деп қарастырамын. Шариғи әдістер деп шариғатқа сәйкес іске асырылатын хат алмасуды, игі насихаттарды және жақсылыққа шақыруды айтады. Бұл әдістердің мәнін ислам ғалымдары, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары және оларға таза жүрекпен ілескендер түсіндірген, ал олар, жоғарыда айтқанымыздай, хат алмасудан, әңгімелесуден және «Әмір пәлен нәрсені істеді», немесе «Оның күнәсынан пәлен нәрсе орын алды» деп мінберлерден жарияламай, әмірмен байланыс орнатудан  тұрады, ал көмек сұрап Аллаһқа жалбарыну керек».

Шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке жауап беріп, шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баз былай деді: «Өзіңіздің «Шариғат басқаруы туралы тараулар» атты кітабыңыздың 31-ші және 32-ші беттерінде сіз: «Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, шерулерді ислам шақыруының құралы ретінде пайдаланды», - деп айтып өтесіз, алайда маған бұл жөнінде ешқандай нұсқаулар мәлім емес, сондықтан бұл жөнінде кім айтқанын және мұны сіз қандай кітаптан тапқаныңыз жайлы хабарлауыңызды сұраймын.

Егер де мұның Сүннетте ешбір мысалы болмаса, онда сіз өз сөзіңізден бас тартуыңыз керек, ал мен бұған нұсқайтын бірде-бір хадис немесе басқа да бір дереккөз көріп тұрған жоқпын. Шерулер қандай зиян әкелетіні белгілі болғандықтан, бұған сахих нұсқаулар болған жағдайдың өзінде де, бұзақылық таратушы адамдар өз мақсаттары үшін шерулер ұйымдастырмауы үшін, оларда нақты не айтылғандығын толық түсіндіру керек.

Аллаһтан сіз бен бізге пайдалы ілім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді тура жолмен жүрушілердің және онымен өзгелерді де жетелейтіндердің қатарынан етсін деп сұраймын. Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын».[54]

«Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздан шейх Абд әр-Рахман Абд әл-Халикке.

Аллаһ Сізге Өзіне ұнайтын амалдарды жасауға көмектессін және сіздің қолыңызбен Өз дініне көмектессін, әмин.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!

Мен сіздің кітабыңызды алдым және сіз менің ұсыныстарыммен келісетіңізді қуанышпен қабылдадым. Аллаһтан сізге бұдан да артық  деңгейде қолдау көрсетуін және Ол сізді тура жолмен жүрушілердің және өзгелерді де тура жолға жетектейтіндердің қатарына қоссын.

Мен сіздің шерулер туралы жазғандарыңызбен танысып шықтым, ал сіз келтірген нұсқадағы дерек әлсіз деректер санатына жатады. Өйткені оны жеткізушілердің бірі - Исхақ бин Абу Фәруа; ал оның жеткізгендері шариғи дәлел ретінде қолданыла алмайды. Алайда бұл дерек сахих болған жағдайда да, онда Ислам тарихының ең алғашқы, яғни мұсылмандар Мәдинаға әлі көшпеген, ал шариғат әлі толық қалыптаспаған кезеңі туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек.

Алайда үндеу немесе тыйым салу мәселелерінде, басқа да діни істердегідей, Мәдинаға көшкеннен кейін қалыптасқан шариғатттың ережелеріне негізделу керек. Ал жұма және айт намаздарына, сондай-ақ басқа да, күн тұтылуда оқылатын, немесе жаңбыр тілеу сияқты Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үндеген болуы мүмкін намаздарға келер болсақ, олар мұсылмандық діни рәсімдерге жатады және олардың шерулерге ешқандай қатысы жоқ.

Аллаһтан бізге, сізге және барлық бауырларымызға бұдан да көбірек пайдалы білім беруін, жүректерімізді және барлық амалдарымызды салиқалы етуін және бізді, сізді, сондай-ақ барлық мұсылмандарды бүліктермен байланысты болған адасушылықтардан және шайтанның азғыруынан сақтауын тілеймін. Расында, ең жақсысы - Аллаһқа ғана тілектермен жалбарыну.

Сізге Аллаһтың сәлемі, рахметі және берекесі болсын!» [55]

 

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

АДАМ ӨЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

 

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) адам өлтіру мәселесі бойынша берген жауаптары

Сұрақ: «Алжирдегі мұсылмандардың қарулы тобының өкілдері полицейлерді өлтіру және жалпы қару қолдану сияқты өздерінің жасап жүрген әрекеттерін сіз құптайды деп жариялайды. Осы шындыққа сәйкес келеді ме? Сіз бұл адамдардың амалдары туралы шариғаттың үкімдері тұрғысынан не айта аласыз?»

Жауап: «Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен. Аллаһқа мадақ және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, сахабаларына және оның жолына ілескендердің барлығына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Біз бұрын да исламға шақырумен айналысатын барша бауырларымызға Аллаһ Тағала: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[56]  пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят), - деп бұйырғандай, адамдарды жақсы сөздермен және игі үндеулермен насихаттау керектігі және олармен ең жақсы әдіс-құралдар арқылы пікірталас жүргізу қажеттігі туралы насихат берген болатынбыз.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «…Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар[57]» (әл-Анкәбут сүресі, 46-аят).

Сөйтіп, Құдіретті де, Ұлы Аллаһ  Өзінің құлдарына адамдарды Аллаһқа шақыруды бұйырды, әрі шақыруды даналықпен, яғни біліммен іске асыру керектігіне нұсқады. Бұл дегеніміз: (шақыруда) Аллаһтың және Оның Елшісінің сөздерін келтіру керек, игі насихатты қолдану қажет және күмәнді нәрсенің барлығы жойылғанға дейін, адамдармен пікірталастарды ең жақсы тәсілдер арқылы жүргізу керек.

Алжирде Аллаһқа шақырып жүргендерден кімде-кім мен оларға полицейлерді өлтіруді немесе (Исламға) шақыруда қару қолдануды айттым десе, онда мұндай сөздер – жай қателік қана емес, олар жалған болып табылады.

Шақыруды тек игі құрал-тәсілдер арқылы жүргізу керек. Бұл дегеніміз: Аллаһтың және Оның Елшісінің сөздерің келтіру керек, адамдарға үгіт-насихат айту керек, оларды ынталандыру керек және оларда Аллаһтан қорқу сезімін ояту керек. Пайғамбар да, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның сахабалары да, Меккеде өмір сүріп, билікке ие болмаған кездерінде Исламға шақыруды дәл осылай жүргізген еді. Олар адамдарды Құран аяттарының, игі сөздердің  және ең жақсы әдістердің көмегімен Аллаһқа шақырды, өйткені бұл ізгілікке жақындау және  ақиқаттың қабылдануына көбірек ықпал етеді.

Адамдарды өлтіру немесе ұрып-соғу арқылы іске асырылатын шақыруға келер болсақ, онда ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне де, оның сахабалары қолданған әдістерге де ешқандай қатысы жоқ.  Аллаһ Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жихад жүргізуді және шариғат бекіткен жазаларды қолдануды Ол оған Мәдинада билік сыйлаған кезде міндеткерлік етіп бекітті, сондықтан Пайғамбар тек Мәдинаға қоныс тепкен соң ғана көпқұдайшылдарға қарсы жихад жүргізуді және Аллаһтың әмірлеріне сәйкес жаза қолдануды орындай бастады.

Аллаһқа шақырушылар Құранның аяттары мен Пайғамбардың хадистерін пайдаланып, жақсы әдістерге жүгінуі керек екендігін тағы да бір рет рет ескеріп өтеміз. Егер шақыруды дұрыс деңгейде жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда әмірге жүгіну кажет және оған: «Осылай және осылай істеу керек», - деп игі насихаттар беру керек және әртүрлі әмірлердің арасында, мейлі олар патшалар, әмірлер немесе републикалардың президенттері болсын, өзара түсінушілікке қол жеткізілгенге дейін осылай істеу керек.

Түрмеге жабу, өлімге кесу немесе шариғат белгілеген жазаларды қолдану қажет болған жағдайларда (Исламға) шақырушылар әмірлерге жүгінулері қажет. Олар жақсы әдістерді және көркем сөздерді пайдаланып, әмірлерге насихат айтуы керек және оларды игілікке бағыттауы керек. Міне, сондықтан Аллаһ Тағала: «Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: “Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Құдайымыз да, сендердің Құдайларың да - біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз!” - деңдер» (әл-Анкәбут сүресі, 46-аят), - деді.

Егер Кітап иелерінен біреу әділетсіздікке жол берсе, әмір оған қатысты, кінәлі адам неге лайықты болса, сондай шара қолдануы кажет, ал шақырушылар ізгілік танытып, даналықты ұстануы керек, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ізгілік үнемі өзі араласқан нәрсесін көркем етеді, ал қашан бір нәрсе ізгіліктен арылса, бұл міндетті түрде абыройсыздыққа әкеледі», - деді.  Муслим «Сахих», № 2594 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ, былай деді: «Ізгіліктен айырылған  игіліктен де толық жұрдай болды». Муслим «Сахих», № 2592 хадис.

Шақырушылар адамдарға үгіт-насихатты Құран аяттарымен және хадистермен жүргізуі тиіс, ал біреуде күмән туындап жатса, оны ең жақсы әдіспен үгіттеу керек, аяттың немесе хадистің мағынасы неде екенін көрсету керек және Аллаһ пен Пайғамбардың сөздеріне, ақиқат айқын болып, күмән жойылғанша сілтеме жасау керек.

Алжирдегі және Алжирде болмаған бауырларымыз да міне осыларды істеу керек. Олар Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кезде амал істегендеріндей амал істеулері керек, ал олар шақыруды игі сөздер және ең жақсы әдістер арқылы жасады. Аллаһқа шақырушылар даналық жасап, әмірге және өзге де билік өкілдеріне игі насихаттар беруі керек, сөйтіп барлығы бір-біріне қылмыскерлерді ұстауда және ақиқатты орнатуда көмек көрсетуге тырысулары қажет.

Сонымен, атқару ісі басшыларға жүктеледі, ал діндарлар және Аллаһқа шақырушылар игі кеңестер беруге, адамдарға барлық қажетті нәрселерді жеткізуге және түсіндіруді талап ететін нәрсені түсіндіруге міндетті, ал біз болсақ Аллаһтан баршаға дұрыс жол нұсқауын тілейміз».

Сұрақ: «Бұл топтың өкілдері хиджаб жамылудан бас тартқан әйелдерді өлтіреді. Оларға осылай істеуге рұқсат бар ма?»

Жауап: «Бұл да - қателік. Бұлай істеуге оларға рұқсат етілмейді, ал міндеттісі насихат айту болып табылады. Әйелдерге, олар хиджаб кигенге дейін, насихат айту керек. Намаздан бас тартқандарға, олар намаздарын орындағанға дейін; өсімқорларға, олар өсімқорлықпен айналысуын тоқтатқанға дейін; зинақорларға, олар зина жасаудан бас тартқанға дейін насихат беру керек және шарап ішушілерге, олар ішіуін тоқтатқанға дейін насихат айту керек.

Аллаһтың сөздеріне және Пайғамбардың хадистеріне жүгініп және адамдарды Ақырет Күні олар тап болуы мүмкін Аллаһтың қаһары мен азабынан сақтандырып, әркімге ізгі насихаттар беру керек.

Ал зорлық-зомбылық акцияларына, адам өлтіруге және басқа да сол сияқты әрекеттерге келер болсақ, олар шақыру ісімен үйлеспейді, өйткені жиіркеніш туғызады. Аллаһқа шақырумен айналысатын адамдар кішіпейілділігімен және сабырлылығымен ерекшеленуі керек, игілік жасаушылардың саны көбейіп, ал жауыздық жасаушылардың саны азаюы үшін және адамдар (Исламға) шақырудан пайда алып, оған жауап беруі үшін, олар өздеріне тиіп жатқан ренжітулерге төзім танытып, мешіттерде және басқа жерлерлерде жақсы сөздер айта білуі қажет».

Сұрақ: «Адам өлтіру және сол сияқты әрекеттерді жасап жүргендерге қандай насихат беруге болады?»

Жауап: «Оларға Аллаһқа тәубе етулері және даналықтың, игі насихаттың, сондай-ақ ең жақсы әдістермен пікірталас жүргізудің көмегімен адамдарды Аллаһқа шақырған біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміз жүрген жолдан ауытқымай жүруі туралы кеңес беріңдер. Аллаһ Тағала былай деп айтты:  «Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсұнғандардың бірімін!», - деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).

Шақырушылар шақыру ісінде қиындықтар туғызатын және өзге шақырушыларға және білімі жетіспейтіндерге сәтсіздіктер әкелетін істермен айналыспауы керек. Егер шақыру игі сөздермен және жақсы әдістермен іске асырылса, шақырумен айналысатын адамдардың саны көбейе түседі, адамдар олардың сөздерін тыңдайтын болады және олардың себебінен пайдаға қол жеткізеді, ал мешіттерде және басқа жерлерде білім ізденушілердің үйірмелері жинала бастайды.

Аллаһ баршаға тура жол нұсқасын және біз Аллаһтан баршаны дұрыс жолға салуын және баршаға көмектесуін тілейміз». «Көрнекті діндарлардың пәтуалары», 61-68 беттер.

Сұрақ: «Шет ел туристеріне және де мұсылман елдеріне келіп кететін өзге де адамдарға шабуыл жасау мәселесі бойынша қандай шешім шығаруға болады?»

Жауап: «Бұл адамдарға да, басқа кез келген адамдарға да, олар турист немесе жұмысшылар болсын, шабуыл жасауға мүлде болмайды, өйткені олар елге бейбіт түрде кірді және (мемлекеттің) қорғауы астында болып табылады. Тіпті мемлекеттік органдарға мұндай адамдарды дұрыс емес нәрселердің барлығынан қорғаштау керектігін ұсыну керек, ал оларға шабуыл жасауға жол берілмеу керек. Ешкім оларды өлтірмеуі де, ұрып-соқпауы да, ренжітпеуі де керек, ал қандай да бір келеңсіздіктер орын алған жағдайда билікке жүгіну керек. Мұндай адамдарға шабуыл жасауға жол берілмейді, өйткені бұл (шабуылдар) бейбіт келген адамдарға қарсы бағытталған, ал олардың елге кіруіне кедергі келтіруі немесе мұндай адамдарға қандай да бір бөгет жасауы мүмкін болғандарға жүгіну айқын түрде сөгіске лайықты. Оларға игі насихаттар беріп, Исламға шақыру керек немесе олар мұсылман болса, айыпталатын нәрселелерден бас тартуға шақыру керек және осы шақыруларды шариғаттың нұсқауларымен күшейтіп, Аллаһтан көмек тілеу қажет. Аллаһтан өзге ешкім де күш-қуатқа ие емес, әрі Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын». «Пәтуалар жинағы», 8/239.

 

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) адам өлтіру мәселесі бойынша берген жауаптары

Сұрақ: «Алжирдегі Исламға шақырушылардың біреуі өзінің жазған бір кітабында: «Адам өлтіру Сүннетке сәйкес келеді, бірақ ол Сүннеттің ұмытылған әдеттеріне қатысты», - деп тұжырымдайды. Дәлел ретінде ол Кааб бин әл-Ашрафты және мұсылман әйеліне көз тігіп қараған яхудиді  өлтіру туралы хабарларды келтіреді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Кааб бин әл-Ашрафты өлтіру туралы хабар адам өлтіруді рұқсат етуге дәлел бола алмайды, өйткені Кааб бин әл-Ашраф сол кезде билік иесі болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығы бойынша өлтірілді, және Кааб бин әл-Ашраф, белгілі келісім-шартқа сәйкес, оның қоластындағылардың қатарына жататын еді. Бұл адам келісім-шарттың шарттарын бұзды да,  сатқындық жасады, ал бұл жағдай оның өлтірілуін рұқсат етті, ал мұның мақсаты бұл адамды ол мұсылмандарға тигізіп жатқан зияннан тоқтату болды. Ол, қазір туристтерді өлтіруге байланысты орын алып жатқандай, билеушіден тәуелсіз әрекет жасайтын жеке бір тұлғалардың немесе адамдардың топтарының үкімі бойынша өлтірілмеді. Ондай әрекеттер анархия деп бағаланады, ал Ислам оларды құптамайды, өйткені олар Исламға және мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді».

Шейх Салих бин Али әл-Ғисуанның, Аллаһ оған есендік берсін, адам өлтіру мәселесі бойынша жауаптары

Сұрақ: «Соңғы екі жыл бойы біз ислам шақыруымен айналысып жүрген кейбір адамдардың шақыру ісінде және қайтарылатын нәрселерді айыптауда қолданылатын әдіс-құралдар туралы үнемі айтып жүргенін және олар осы әдіс-құралдардың қатарына шерулерді, ұйымдасқан түрде көшелерден жүріп өтуді және адам өлтіруді жатқызатынын және осыны ислам жихады деп атайтынын естіп  жүрміз.

Біз Сізден екі сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз:

а) Жоғарыда аталғандарды шариғи әдіс-құралдар деп санауға болады ма, әлде олар айыпталуға лайықты болған бидғаттар мен тыйым салынған әдістердің қатарына жатады ма?

ә) Шариғат осындай әрекеттерге шақыратындарға және оларды насихаттайтындарға қатысты не істеуді бұйырады?»

Жауап: «Аллаһқа мадақ. Жақсылыққа үндеу және жамандықтан тосу, Аллаһқа шақыру және адамдарға тура жол сілтеу Аллаһтың дінінің негізіне жататыны белгігі,  алайда Аллаһ Тағала былай деді: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[58]  пікірталасты көркем түрде жүргіз. Күдіксіз, Раббың Оның жолынан ауытқығандар туралы бәрінен жақсы біледі және Ол тура жол тапқандар туралы да бәрінен жақсы біледі» (ән-Нахль сүресі, 125-аят).

Аллаһ Муса мен Харунды[59] Перғауынға жіберіп, оларға:  «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар», - деп бұйырды (Та ха сүресі, 44-аят).

Мухаммад Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға даналықпен келді және Исламға шақырумен айналысатындарға өз шақыруларын даналықты басшылыққа алып және сабыр танытып іске асыруларын әмір етті. Бұдан тыс Құранда былай делінген: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне хақты[60] үгіттесіп, сабырды[61] үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» (әл-Аср сүресі, 1-3 аяттар).

Сөйтіп, адамдарды Аллаһқа шақырушы, оларды құпталатын нәрселерге талпындырып, айыпталатын нәрселерден тыюға тырысатын адам сабырлық танытып, Аллаһтың сыйынан үміт етуі керек. Бұдан тыс, ол өзінің (дінге) шақыру жолында   естуі немесе кездесуі мүмкін болған жағымсыз нәрселерді төзімділікпен көтере білуі керек. Ал адамдармен тұрпайы түрде сөйлесіп, оларды ренжітетін (Аллаһ бізді ондайдан сақтасын) немесе тәртіпсіздікке ұмтылатын, немесе адамдарды дау-жанжалдарға және алауыздыққа келтіруге талпынатын адамдарға келер болсақ, онда мұның барлығы шайтанның амалдарының қатарына кіреді және хауариждердің шақыруының негізінде жатыр. Олар (хауариждер) айыпталатын нәрсеге деген сөгісті қару арқылы танытатын еді, ал егер бір нәрсе олардың көзқарастарына қайшы келсе, олар қан төгуден, адамдарды күпірлікте айыптаудан және сол сияқты істерден тайынбайтын еді.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары және біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміз іске асырған (дінге) шақырудың хауриждердің және олардан өнеге алғандардың шақыруынан айырмашылығы мынада: сахабалар өз шақыруын даналықтың, ақиқатты насихаттаудың және түсіндірудің көмегімен, сабырлық таныта отырып, Аллаһтың сыйынан үміт етіп, іске асыратын. Ал хауариждер адамдармен соғысып, олардың қанын төкті, оларды күпірлікте айыптады және мұсылмандардың арасына тартыстар енгізді, ал бұл жеккөрінішті және айыпталатын бидғаттардың қатарына жатады.

Мұндай нәрселерге шақырушылардан аулақ болып, оларға сенбеу керек, өйткені мұндай адамдар мұсылмандардың алауыздыққа түсуіне себебші болды, мұнысы үшін оларды Аллаһтың кек алуы және жазасы күтуде, Аллаһ бізді ондайдан сақтасын! Егер мұсылмандар игілікке деген ұмтылыстарында бірігіп, біртұтас болғанда еді, олар, күмәнсіз, жоғары мәртебеге жетіп, құрметке ие болар еді.

Мұсылмандар партияларға және топтарға бөлінгенде, олардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болады және олардың өздерінің ортасынан шыққан дұшпандар оларға жол табады. Бұл жаман жолмен бидғаттардың жақтаушылары жүреді, ал алғашқылар болып бұл жолға мұсылмандардың арасына араздық егіп, халифа Али ибн Абу Талибпен және оны қолдаған сахабалармен соғысқан адамдар түсті. Олар Алимен жақсы өзгерістерді қалап соғысты, бірақ ақиқатында азғындауға, бидғаттарға және ыдырауға себеп болды, өйткені мұсылмандарды бытыранқылыққа әкелген және оларды әлсіреткен солар еді. Міне осы нәрселер олардың сөздерін қайталап, олардың көзқарастарына ортақтасатын және оларды насихаттайтын әрбір адамға қатысты. Мұндай адам жаман көзқарастарды ұстанады және одан аулақ болу керек, өйткені ол өз қауымына, өз серіктеріне және өзі қатынасатын барлық адамдарға зиян тигізеді. Ал іс жүзінде мұсылман адам жасампаз әрекеттермен айналысуы керек, тек игілікке талпындырып, өзі де  оған ұмтылуы керек, ақиқат сөздерін айтып, ең мықты дәйектерді пайдаланып және жұмсақтық танытып Исламға шақыруы керек, өз бауырлары туралы дұрыс пікірде болып, кемелдікке жету өте қиын екендігін және күнә істеуден тек Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қорғалғандығын есте сақтауы керек. Сондай-ақ, олар өздері қарсы шығып жатқан адамдары - олар әмірлер, ресми тұлғалар немесе басқа біреулер болсын - жойылса, олардың орнына олардан да жаман адамдар келетінін де ұмытпауы керек, өйткені қандай заман өтсе де, оның орнына тек қана жаман замандар келеді. Адамдардан кемелдікті күтуші немесе олар еш қателік жібермеуіне және ешбір жамандық жасамауына қол жеткізуді қалайтын адам адасқан болып табылады. Мұндай адамдар мұсылмандарды бөлінушілікке әкелген және оларға көп зиян тигізген хауариждердің мирасқорлары болып табылады, ал мұндай мақсаттарды Сүннет пен келісімнің жақтаушыларына (әһлю-Сунна уәл-жамаъаға) қарсылас болған рафидилер, хауариждер, муътәзиләлар және басқа да арам пиғылды тұлғалардан және бидғаттың жақтаушыларынан болғандар көздеді».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕСІНШІ БӨЛІМ

ҰШАҚТАРДЫ БАСЫП АЛУҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ИМАМДАРДЫҢ БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің шешімі

 

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды ең соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратылыстарының ішіндегі ең абзалы - Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс басшылығының арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.

Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12-нен 18-не дейін (1988 жылдың 24-тамызынан 30-тамызына дейін) әт-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының  Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүлік пен қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға имандары пәс немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.

Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өрттеу, көпірлер мен туннельдерді жару, сондай-ақ ұшақтарды жару немесе басып алу қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы  бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиі қайталанатындықтан және Сауд Арабиясы да басқа да елдер сияқты осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің нысанасы болғандықтан, Ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекеттер зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен қоғамдық және үкіметтік мекемелерге немесе басқа бір нәрселерге қарсы бағытталғанына қарамастан, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға ұстамды бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.

Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: нақты атап айтқанда  - дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мал-мүлікті - сақтап-қорғау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу алапат қауіптермен қаншалықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекет қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.

Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, жазаларды қолдануды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,  заңдастырып, адамдардың дінін, тәндерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүліктерін қорғады.  Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған[62]  біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе[63], барлық адамды тірілткенмен тең», - деп жаздық» (әл-Мәида сүресі, 32-аят).

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһпен және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері[64], немесе елден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жазасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар» (әл-Мәида сүресі, 33-аят).

Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді.   Негізінде ғалымдар  қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «…және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», - деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреуінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді» (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар), - деді .

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін[65] бүлікшілік қылмаңдар» (әл-Ағраф сүресі, 56-аят), - деп бұйырды.

Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл Аллаһтың құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды», - деді.

Әл-Қуртуби[66]: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды және бұл (үкім) барлық (адамдарға) қатысты», - деді.

Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жүрген жақтардың  іс-әрекеттерімен салыстырғанда анағұрлым қауіптірек екендігіне сүйене отырып, өйткені қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның сенім жүйесін жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолдан тайдыруға ұмтылып жатқандықтары себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:

  1. Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіргені: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, күнәлі адам өлім жазасына лайықты.

Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары және қопарушылық іс-әрекетпен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.

Жеке адамды ғана өлтіру немесе тонау арқылы оған қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, онда көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін лаңкестер (терроршылар) оған тіпті лайық.

  1. Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары тергеу органдары мен Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізуі қажет.  Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың  қажетті іс-шараларын  орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге  байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.
  2. Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы қажет деп есептейді.

Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі - пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі[67]

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) ұшақтарды басып алу мәселесі бойынша жауаптары

Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Бір тамшыдай болса да ақыл-парасатқа ие адамға ұшақтарды басып алу, сондай-ақ елшіліктердің қызметкерлерін немесе басқа адамдарды кепілдікке алып тұтқындау – жазықсыз адамдарға көптеген қасіреттер мен үлкен зиян тигізетін, салдары едәуір салмақты болатын ауыр халықаралық қылмыстардың қатарына жататыны айдан анық.

Мұндай қылмыстар тек жеке мемлекеттер мен адамдардың топтарына ғана емес, бүкіл дүние жүзіне зиян тигізетіні де анық, демек үкіметтер мен барлық ресми тұлғалар, соның ішінде діндарлар да, еш күмәнсіз, оларға ерекше назар бөліп, бұл жауыздықты толығымен тоқтатуға мүмкіндігі барынша күш салу керек. Аллаһ Тағала қасиетті Құранды барлық нәрсеге түсіндірме, мұсылмандар үшін басшылық, рахмет және игі хабар ретінде түсірді, адамдарға Өзінің пайғамбары Мухаммадты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол бүкіл әлемдерге рахмет және Аллаһтың барлық құлдарына дәлел болуы үшін және баршаға Оның шариғатын басшылыққа алуды,  ал тартыстар пайда болған жағдайда Құран мен Сүннетке жүгінуді міндеттеу үшін жіберді.  Аллаһ Тағала былай деді: «Жоқ, Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды» (ән-Ниса сүресі, 65-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздейді ме? Мығым иманға ие болғандар үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?» (әл-Мәидә сүресі, 50-аят).

Сондай-ақ, Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар: егер сендер Аллаһқа, Ақырет Күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы хайырлы да, нәтижеде жақсы» (ән-Ниса сүресі, 59-аят), - деді.

«Аллаһқа ұсыну» деген Құранға жүгіну дегенді білдіретіні, ал «Елшіге ұсыну» деген оның көзі тірісінде тікелей өзіне, ал оның өлімінен соң оның Сүннетіне жүгіну дегенді білдіретіні жайлы барлық мұсылман ғалымдарының пікірлері ұштасқан, ал Аллаһ Тағала былай деп бұйырады: «Сендер не нәрседе тартыссаңдар да, шешім үшін Аллаһқа (жүгініңдер)» (әш-Шура сүресі, 10-аят).

Баршаға зиян тигізетін мұндай істердің қатарына ұшақтарды басып алу да жатады. Ұшақтарды басып алған адамдарды қолына түсірген мұсылман мемлекеті оларды шариғат бойынша соттау керек, өйткені мұндай жиіркенішті қылмысты жасау Аллаһқа мойынсұнбау және Оның құлдарының құқықтарын бұзу болып табылады. Мұндай қылмыстарға тосқауыл қоюдың бірден-бір құралы – Құранда түсірілген Аллаһтың шешімін іске асыру. Оны адамдарға жеткізу үшін Ол адамдардың ең ықыластысы және ең лайықтысы болған  Мухаммад Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жіберді. Бұл шешімнің мағынасын ұшақты басып алған адамдар және осыған қатысы бар болғандардың барлығы түсінулері керек. Егер олар мұсылман болса, онда бұл шешімге қанағаттануы керек, ал (мұсылман) болмаса, онда Аллаһ бәрібір Пайғамбарға оларды шариғат бойынша соттауды бұйырды, бұған Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе» (әл-Мәидә сүресі, 49-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Ал егер араларына үкім берсең, әділдік бойынша үкім бер» (әл-Мәидә сүресі, 42-аят).

Жоғарыда баяндағанымызға сәйкес, ұшақты басып алған адамдар пана сұрап жүгінген кез келген мұсылман мемлекеті, бұл істі қарап шығып, оны жан-жақты зерттеп, Кұран мен Сүннеттің нұсқауларының негізінде шариғатқа сәйкес келетін шешім шығару үшін, діндарлардан комиссия құруы міндетті болып табылады. Комиссия мүшелері «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яки қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ақыретте ірі азап бар»  деген аятқа қатысты басқа да ғалымдардың пікірлерін, сондай-ақ барлық мазхабтардың[68] ғалымдары  қарақшылық жөнінде не айтқандарын назарға алуы керек.

Ұшақ басып алған адамдар өздеріне пана іздеген мұсылман мемлекетінің үкіметі діндарлар комиссиясының шешімін міндетті түрде орындауы керек, бұл Аллаһқа мойынсұнуды, мұндай ауыр қылмыстардың қайталануынан аман қалуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз  етуге ұмтылуды таныту, сондай-ақ басып алудың құрбаны болған адамдарға рахымдылық пен әділет көрсету болады.

Мұндай қылмыстардың ауырлығы мен қаіуптілігін ескерген түрде мұсылмандарға игі насихат беруім, өз парызымды орындауым және ресми тұлғаларға жәрдемдесуім үшін, менің айтқандарымды жариялау міндетті деп есептеймін.

Аллаһтан мұсылмандардың істерін тәртіпке келтіруін, оларды тура жолмен жетелеуді жалғастыруын және олардың үкіметтеріне шариғат негізінде шешім қабылдауына және оны барлық нәрседе басшылыққа алуына көмектесуін тілеймін. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.


АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

ЕРЕУІЛДЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усайминнің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) ереуілдер мәселесі бойынша жауаптары

Сұрақ: «Мұсылман елінде ереуіл өткізу туралы қандай шешім шығаруға болады, ереуілдің мақсаты зайырлы тәртіпті құлату болса?»

Жауап: «Мұсылман жастарына дұрыс бағдар беру қажеттілігін назарға алсақ, бұл сұрақтың маңызды екеніне күмән жоқ. Еруілдерді өткізуге негіз бола алатын шариғат нұсқаулары, жеке немесе мемлекеттік кәсіпорын немесе мекеме туралы айтылып тұрғанына қарамастан, маған беймәлім. Ереуіл көп зиян тигізетіні және оның көлемі мен ұзақтығы үлкен болған сайын,  зияны да ұлғаятыны айдан анық.  Ереуілдер үкіметке кысым көрсетудің бір құралы ретінде қолданылатына күмән жоқ, алайда ереуілдің мақсаты зайырлы тәртіпті құлату болып табылады деп аталғандықтан, ең алдымен сол тәртіп зайырлы екенін дәлелдеу керек. Алайда, тәртіп зайырлы болса да, билікке қарсы шығуға тек белгілі шарттар болғанда ғана рұқсат етілетіндігін естен шығармау керек».

Сұрақ: «Ереуіл басталған соң оның ұйымдастырушылары өз талаптарын ұсына бастайды. Егер тұрған режим осы талаптарды қанағаттырудан бас тартса, оған қарсы революциялық баскөтерулер ұйымдастыруға болады ма?»

Жауап: «Мен мұндай жағдайларда халықты революциялық күреске үндеу керек деп есептемеймін, өйткені, белгілі болғандай, күш үкімет жақта, ал адамдарда ас пышақтары мен шопан таяқтардан басқа ешнәрсе жоқ, ал олармен танктерге және қаруға қарсы шығу мүмкін емес. Бұдан тыс, уақиғаларды асықтыруға болмайды, өйткені көп жылдар бойы отар болған кез келген ел бір күннің ішінде ислам мемлекетіне айнала алмайды, ал қалаулы нәрсеге жету үшін сабыр керек.  Сарай салғысы келген адам, оған ол сарайда тұру нәсіп етіледі ме, әлде ол онда тұрмай-ақ көз жұмып кетеді ме, бұған қарамастан, ең алдымен оның негізін қалайды. Исламның ғимаратын көтеру маңызды, тіпті қалаулы нәрсе көп жылдардан кейін іске асса да. Міне, сондықтан мен мұндай істерде асықпау керек деп есептеймін, тура сол сияқты адамдарды, көбінесе у-шумен ғана шектелетін және мығым негізі жоқ революциялық бас көтерулерге итермелемеу керек. Өйткені егер сарбаздар белгілі бір тұрғын кварталына келіп, бірнеше адамды өлтірсе, қалғандары бас көтерген нәрселерінен бас тартады.

 

 

ЖЕТІНШІ БӨЛІМ

ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРУ АКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ШЕШІМ

Шейх Мухаммад бин Салих әл-Усайминннің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) өзін-өзі өлтіру актілері туралы мәселе бойынша жауаптары

Қазылған орлардағы от-жалынға тасталып өлтірілген иман келтіргендер[69] туралы айтылатын хадистің мағынасын түсіндіріп және одан алынатын пайдаларға нұсқап, шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деп айтты: «Адам барша мұсылмандардың игілігі үшін өзін қиюы мүмкін. Сөйтіп, осы жасөспірім патшаға, ол оның айтқандарын жасаса, өзінің қаза болуына әкелетін нәрсені нұсқады.

Шейх-уль-ислам Ибн Таймия былай деді: «Бұл Аллаһтың жолындағы жихад болғандықтан, адамдар иман келтірді, ал ол ешнәрсе жоғалтпады, өйткені ол ерте ме, кеш пе өлер еді».

Ал өзінің денесіне жарылғыш заттарды орап алып, өзге діндегілердің аламан арасына кіріп, өзін олармен қоса жарып жіберетін кейбір адамдардың әрекеттеріне келер болсақ, бұл өзін-өзі өлтіру болып табылады, бұдан бізді Аллаһ сақтасын, өйткені өзін-өзі өлтіруші Тозақ отында мәңгі қалады, бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылады[70]. Мұндай өзін-өзі өлтірушілік мұсылмандардың мүддесіне сәйкес келмейді, өйткені адам өзі-өзін опат етсе және өзімен қоса он, жүз немесе екі жүз өзге өмірлерді алып кетіп жатса, бұл Исламға пайда әкелмейді, өйткені бұдан кейін өзге адамдар хадисте келтірілген жасөспірімнің өлімінен кейін оның дінін қабылдаған оның өлімінің куәгерлері сияқты Исламды қабылдамайды. Бұдан қалса, мұндай әрекеттер дұшпандарды одан әрі ызаландырады, сөйтіп олар мұсылмандарды ең сұрапыл тәсілдермен қыруға кіріседі.

Израиль үкіметінің палестиналықтарға қатысты істеп жатқан әрекеттері бұған мысал бола алады. Палестиналық біреу өзін-өзі жарып, бес-алты адамды өлтіргеннен кейін билік одан он есе көп палестиналықтарды тұтқындайды, ал бұл мұсылмандарға да, араларында осындай жарылыстар  орын алып жатқан адамдарға да ешқандай пайда әкелмейді.

Міне, сондықтан біз осылайша істеп жатқан адамдар хақысыз өздерін-өздері өлтіріп жатыр және бұл оларды міндетті түрде Тозаққа әкеледі деп есептейміз, Аллаһ бізді одан сақтасын. Мұндай адам шахид[71] емес. Егер ол мұны қателесіп, өзінің істеп жатқанын рұқсат етілген амал деп есептеп істесе, біз оның күнәсі кешіріледі деп үміттенеміз, алайда ол шахид болып табылмайды, өйткені ол шахид істеуге тиіс болған амал істеген жоқ.

Сұрақ: «Өзге діндегілердің ортасында, олардан кек алу үшін, өзін-өзі жарып жіберетін адам туралы қандай шариғи шешім шығару керек? Мұндай әрекеттерді өзін өлтіруді нұсқаған жасөспірім туралы хадиске жүгініп  ақтауға болады ма?»

Жауап: «Дұшпандарды өлтіру үшін өзін-өзі жарылғышпен орап алатын адам – өзін-өзі өлтіруші және бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылғандай, ол Тозақ отында өзін-өзі өлтірген нәрсесімен мәңгі азапталады.

Міне, сондықтан Аллаһ Тағаланың: «…өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Ниса сүресі, 29-аят), - деген сөздерін оқып, кейін осындай амалдарды жасайтын адамдар таң қалдырады.  Олардың амалдарының нәтижесінде дұшпан жеңіліс табуда ма? Әлде мұндай жарылыстардан кейін, Израильде болып жатқандай, дұшпандар мұсылмандарға қатысты бұрыңғысынан да бетер тәкәппарлық пен сұрапылдық танытуда ма? Ал қазірше біз ол жақтағы соңғы референдумда арабтарды өлтіріп-жоюды қалаған оңшылдар жетістікке жеткенін көрудеміз.

Алайда біз Аллаһ Тағаладан мұндай қадамға надандықпен, осы оны Аллаһқа жақындатады деп барған адамдарды жазаламауын тілейміз.

Жасөспірім туралы хадиске жүгіну туралы айтар болсақ, онда ол жерде дұшпаннан кек алу туралы емес, адамдар Ислам қабылдағаны туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек. Патша адамдарды жинап, жасөспірімнің қорамсағынан жебені алып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», - деген кезде, барлық адамдар: «Бұл жасөспірімнің Раббысы Раббы болып табылады!», - деп айқайлай бастады. Сөйтіп, осының себебімен көп адамдар Исламды қабылдады. Ал егер жарылыстардан кейін де осылай болғанда, онда біз: «Бұл хадисті дәлел ретінде келтіруге болады және  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны бізге соған сәйкес келетін қорытындылар шығару үшін жеткізді», - деп айтар едік. Ал іс жүзінде, өз өмірін қиып, он немесе жүз шақты дұшпанды өлтіруді қажетті деп есептейтін адамдардың әрекеттері, дұшпандардың одан сайын ызалануына және өздерінің ұстанымында  одан сайын табанды тұруына әкеледі.

 

СЕГІЗІНШІ БӨЛІМ

КҮПІРЛІКТЕ АЙЫПТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің күпірлікте айыптау мәселесі бойынша мәлімдемесі

Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның жолына ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Таиф қаласында хижраның 02.04.2022 жылы (26.07.2022 ж.) өткен Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің 49-сессиясында бұл ұйымның Кеңесі күпірлікте айыптау және көптеген мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде орын алған, әрі қантөгіс пен қирауларға әкелген жарылыстар туралы мәселені қарап шықты.

Салдары жазықсыз адамдардың опат болуына, мал-мүліктің жойылуына, бейбіт тұрғындардың қорқытылуына және қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына әкелетін мұндай келеңсіз оқиғалар маңызды болғандықтан, Кеңес бұл мәселе бойынша шешімнің түсіндірмесі жасалатын осы мәлімдемені жариялауды қажетті деп санайды. Бұл мәлімдеменің мақсаты – Аллаһтың құлдарына игі насихат беру, өз парызымызды орындау және мәселе әлі түсінікті болмағандардың түсінігіндегі былықты жою.

Аллаһтан көмек сұрап, біз төмендегіні мәлімдейміз:

1. Күпірлікте айыптау, белгілі бір істердің рұқсат етілгендігі, тыйым салынғандығы немесе міндетті екендігі туралы шешімдер сияқты,   Құран мен Сүннеттің негізінде  қабылданатын шешім болып табылады.

Күпірліктің көрінісі болып танылатын кез келген сөзді немесе істі адамды діннен шығаратын үлкен күпірліктің көрінісі деп есептеуге болмайды.

Күпірлікте айыптау Құранның немесе Сүннеттің анық нұсқауларына негізделуі керек болғандықтан, біз адамды осындай нұсқау бар болған жағдайда ғана кәпір деп есептей аламыз, алайда ешбір күмәнді немесе болжалды нәрсе бұған негіз бола алмайды, өйткені мұндай айыптаулардың салдары өте салмақты.

Күмәнді жағдайларда (тіпті) шариғат бекіткен жазалар қолданылмайды, оларды қолданудың салдарының ауырлығы күпірлікте айыптаудан жеңілдеу болса да. Бұл дегеніміз – егер іс күмән тудырса, күпірлікте айыптаудан тіпті тыйылу керек.

Міне, сондықтан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кәпір емес адамға кәпір деген үкім шығарудан сақ болу керектігін ескерткен. Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!», - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады[72]: ол (адам)[73] ол туралы айтылғандай болса (ол соған лайықты), ал керісінше болған жағдайда (айтылған нәрсе айтқан адамға) қайтады. әл-Бухари «Сахих», №6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис.

Кейде сондай Құран аяттары мен хадистер кездеседі, олардың мазмұнынан белгілі бір сөз, амал немесе сенім күпірліктің көрінісі болатынын түсүсінуге болады, бірақ, дегенмен, мұндай сөздерді айтатын, мұндай амалдарды жасайтын немесе мұндай сенімдерді ұстанатын адамдарды, белгілі кедергілер болғандықтан, күпірлікте айыптауға болмайды.

Мұндай шешімді шығару үшін белгілі себептердің және шарттардың болуы және белгілі кедергілердің болмауы қажет, ал бұл басқа да жағдайларға қатысты. Мысалы, егер өлген мұсылманның ағайыны басқа дінді ұстанса, бұл оларға оның (өлген туысқанының) мирасын иемденуіне кедергі болатыныны сияқты.  Ал күпірліктің кейбір көріністері туралы айтар болсақ, иман келтірген адам олар үшін  сөгіске лайықты болады, бірақ мұның негізінде оны күпірлікте айыптамау керек.

Қатты қуаныштың, ашу-ызаның немесе басқа сезімнің ықпалымен мұсылман адам ашық түрде күпірлікке айғақ болатын нәрселерді еріксіз айтып қоюы мүмкін, бұл жөнінде хадистердің бірінде былай деп айтылғандай: «…сөйтіп ол: «Уа, Аллаһ, Сен – менің құлымсың, ал мен – Сенің Раббыңмын!» - деп, (өзін баулап алған)  қатты қуаныштың себебінен қателікке жол беріп,  дауыстай салды». Муслим «Сахих», №2747 хадис.  Алайда мұндай жағдайларда оны күпірлікте айыптамау керек.

Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды, өйткені күпірлікте айыпталған адам діннен шыққан адам алатын жазаны алуы мүмкін, ендеше, иман келтірген адамды азғантай ғана күдікке бола қалайша мұнымен (күпірлікпен) айыптауға болмақ?! Бұл мәселеге әсіресе әмірлер (ел басшылары) туралы сөз болатын кезде ерекше абайлықпен келу керек, өйткені әмірді (ел басшысын) күпірлікте айыптау қарулы көтеріліске, анархияның таралуына, қантөгіске және басқа да апаттарға әкеп соғуы мүмкін.

Дәл осы үшін де Пайғамбар және оның сахабалары әмірлерге (ел басшыларына) қарсы шығуға тыйым салатын, ал  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке түскенін көрмесеңдер, бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса», - деді.   Әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.

«Тек қана… көрмесеңдер» деген сөздер жалғыз күдіктер мен ел ішінде жүрген әңгімелер жеткіліксіз екенін білдіреді; күпірлік туралы айту, тіпті әмір (ел басшысы) зұлымдық көрсететін, шарап ішетін, құмар ойнайтын және құқығы болмаған нәрселерді иемденіп алатын пасық болса да, бұлар оны күпірлікте айыптауға жеткіліксіз екенін білдіреді; «айқын» деген сөз ашық және еш нәрсемен бүркелмеген күпірліктің меңзеліп тұрғанына нұсқайды; «бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса» деген сөздер толық сенімді көзден алынған айдан анық нұсқау болуы керектігін білдіреді, ал толық айқын емес нұсқау жеткіліксіз болып табылады; «Аллаһтан» деген сөздер бір ғана діндардың сөзі, ол қаншалықты білімдар болса да және қаншалықты сенімге ие болса да, егер ол Құран немесе Сүннеттен айқын және сенімді нұсқаумен бекемделмеген болса, есепке алынбайтынын білдіреді.

Жоғарыда аталған барлық шарттар мұндай мәселеге қаншалықты маңыз беріп қарау керектігін көрсетеді.

Күпірлікте айыптаудағы асығыстық едәуір қауіпті, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Күдіксіз Раббым арсыздықтарды ғана, олардың көрнеу, көмесін, және (барлық) күнәны, орынсыз озбырлықты, және сендер Аллаһ оған байланысты ешбір дәлел түсірмеген нәрсеге Онымен қатар ғибадат етулеріңді және Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», - деп айт!» (әл-Ағраф сүресі, 33-аят).

2. Күпірлікте айыптаумен байланысты қате көзқарастардың салдары кейбір адамдардың өздері үшін басқа адамдарды өлтіру және қорлау, жеке және қоғамдық мүлікті тәркілеу, үйлер мен көлік құралдарын жару және түрлі кәсіпорындар мен мекемелерді қирату рұқсат етілген деп есептей бастайтыны болып табылады. Ислам ғалымдарының бірауызды пікірінше, мұндай және осыған ұқсас әрекеттерге шариғат тыйым салады, өйткені олар жеке тұлғаға және мал-мүлікке қол сұғылмаушылыққа қатысты озбырлық болып табылады және қоғамдық қауіпсіздік пен жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Ислам мұсылмандардың мал-мүлкіне, ар-намысына және жеке тұлғасына қол сұғылмашулықты бұзуға тыйым салады және бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығында өзінің үмметіне жеткізген ең соңғы өсиеті еді. Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің, мал-мүліктерің және ар-намыстарың тура осы айдағы, тура осы қаладағы, тура осы күндей қасиетті (болуы керек). Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?»

Бұған сахабалар былай деп жауап берді: «Сен жеткіздің, және (өзіңе жүктелгенді) орындадың, және (үмметіңе) игі насихат бердің  деп куәлік береміз».

Содан соң Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһ, куә бол, уа, Аллаһ, куә бол!», - деп қайта-қайта айтып, саусағымен бірде аспанға, бірде жерге көрсете берді. Әл-Бухари «Сахих», №1741 хадис; Муслим «Сахих», №1679 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Әрбір мұсылман үшін басқа мұсылманның ар-намысы, мал-мүлкі және өмірі мызғымайтын (болуы керек)», - деді. Муслим «Сахих», №2564.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай дегені жеткізіледі: «Зұлымдықтан қорқыңдар, өйткені, ақиқатында, Ақырет Күні зұлымдық (қою) қараңғылыққа[74] (айналады)». Муслим «Сахих», № 2578.

Аллаһ Тағала иман келтірген адамды қасақана өлтіру туралы: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын Тозақ болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және зор қинау әзірлеп қойылған!» (ән-Ниса сүресі, 93-аят)  - деп, адамды қақысыз өлтіретіндерге ең қорқынышты сеспен ескерту білдірді.

Ал мұсылмандардың қорғауында болған кәпірді қателікпен өлтіруге келер болсақ, бұл жөнінде Құранда былай делінген: «Ал егер ол[75] (өлтірілген) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек» (ән-Ниса сүресі, 92-аят).

Ал егер қорғау астында болған адамды білместікпен өлтіргені үшін құн төлеп, айыпты өтеу амалдарын жасау қажет болса, онда мұндай адамды қасақана өлтіру туралы не айтуға болады?  Мұндай адамды өлтіру едәуір ауыр қылмыс және едәуір салмақты күнә болып табылады, ал сахих хадистердің бірінде Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Муахадты[76] өлтірген (адам) хош иісі қырық жылдық алшақтықтан сезілетін Жәннаттың иісін де сезбейді» - дегені хабарланады. әл-Бухари «Сахих», №3166 хадис.

3. Кеңес адамдарды дәлелсіз айыптау мәселесі бойынша шешімнің және мұндай айыптаулар ауыр теріс салдарымен өте қауіпті болатындығының мәнін түсіндіреді және әлемге мыналарды жариялайды:

Исламның мұндай қате көзқарастармен ортақтығы жоқ. Ал кейбір елдерде орын алып жатқан жазықсыз адамдарды өлтіру, тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, мемелекеттік және жеке мекемелерді жару туралы айтар болсақ, бұл әрекеттер қылмыс болып табылады, әрі Исламның олармен еш ортақтығы жоқ. Тура сол сияқты, Аллаһқа және Қиямет күнге иман келтірген кез келген мұсылманның да онымен ешқандай ортақтығы жоқ. Мұндай іс-әрекеттерді тек қана бұрмаланған көзқарасқа және бұзылған сенімге ие адам ғана жасай алады. Ол өзінің күнәсына және өзінің қылмысына жауапкершілік тартады және оның әрекеттерін Исламмен де, іс жүзінде Исламның бекіткен ережелерін басшылыққа алып Құран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанатын мұсылмандармен де байланыстыруға болмайды, өйткені мұндай іс-әрекеттер - нағыз пасықтық және қылмыс болып табылады, әрі шариғатпен де, адамның табиғатының өзімен де тәрк етіледі.  Міне, сондықтан да Құран мен Сүннет мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салады және оларды жасап жүргендермен байланыста болудан сақтану керектігі туралы қатаң ескертеді. Мысалы,  Аллаһ Тағала былай деді:   «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңарқатады да, (ол) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді» (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар).

Барлық мұсылмандар, олар қай жерде өмір сүрсе де, ақиқатты ұстануы, бір-біріне игі насихат беруі, әзгілік пен тақуалық амалдарында бір-біріне көмектесуі, адамдардарды  даналықпен және игі сөздермен жақсылыққа үндеп және жамандықтан қайтаруы, сондай-ақ пікірталасты ең көркем нәрселер арқылы жүргізуі керек. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай дейді: «Жақсылыққа, тақуалыққа бір біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа бір-біріңе жәрдемдеспеңдер» (әл-Мәида сүресі, 2-аят).

 Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер - бір-біріне қамқоршы: олар дұрыстыққа талпындырып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ, олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Аллаһ рахымына бөлейді. Расында, Аллаһ – тым Үстем, аса Дана» (әт-Тауба сүресі, 71-аят), - деді.

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деді: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне хақты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» (әл-Аср сүресі, 1-3-аяттар).

Абу Рукәйә Тамим бин Аус әд-Даридің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «(Бірде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықыластылық  таныту», - деді. Біз одан: «Кімге қатысты ықыластылық таныту?» - деп сұрадық. Ол: «Аллаһқа[77], оның Кітабына[78], және оның Елшісіне[79], және мұсылмандардың басшыларына[80], және жалпы барлық мұсылмандарға[81]», - деп жауап берді. Муслим «Сахих». Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені хабарланады: «Бір-біріне деген сүйіспеншілікте, мейірімділікте және жанашырлықта мүміндер (біртұтас) дене секілді: оның (бір) бөлігіне сырқат тисе, барлық дене бұған ұйқысыздық және қызумен жауап қатады». Әл-Бухари «Сахих», №6011 хадис; Муслим «Сахих», №2586 хадис.

Бұл туралы айтылатын басқа да көптеген аяттар мен хадистер мәлім.

Сондай-ақ, біз Аллаһтан барлық мұсылмандардан жамандықтың бетін аулақ етуін, барлық мұсылман әмірлеріне елдер мен Аллаһтың құлдарына пайда әкелетін істерді орындауға, бұзақылық пен бұзықыларды басып тастауға көмектесуін, олар арқылы Оның дініне көмектесуін, Оның сөзін ұлықтап-биіктетуін және барша мұсылмандардың, олар қай жерде өмір сүрсе де, істерін ретке келтіруін, сондай-ақ ақиқатты қолдауын жалбарынып сұраймыз, өйткені бұл Оған ғана тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің Кеңесі

 

Шейх мухаддис[82] Насыруддин әл-Әлбанидің (Аллаһ оны рахымына бөлесін) күпірлікте айыптау мәселесі бойынша жауабы

Сұрақ: «Құрметті шейх, бүгінгі күні Ауғанстанда дұрыс жолдан ауытқыған көптеген топтар әрекет етіп жатқаны сізге мәлім. Өкінішке орай, олар біздің алдыңғы ізгі буын өкілдеріміздің жолына ешбір қатысы жоқ өздерінің идеяларын, кейбір өкілдері Ауғанстанда соғысқан жастарымыздың арасында таратып үлгерді. Әңгіме әмірлерді (ел басшыларын) күпірлікте айыптау жөнінде және олар «Сүннеттің ұмытылған әдет-ғұрыптары»  деп атайтын нәрселерді қайта жандандыру туралы болып тұр. Қазіргі, соғыс аяқталған және бұл жастар үйіне қайта оралған кезде, олардың кейбіреулері  жоғарыда аталып өткен күмәнді көзқарастарды өздері тұратын жерлерде тарата бастады. Бізге Сіздің бір бауырымызбен күпірлікте айыптау мәселесі бойынша ұзақ пікірталас жүргізгеніңіз мәлім. Бұл пікірталас аудиотаспасының сапасы нашар болғандықтан, біз сізден осы мәселе бойынша түсіндірме беруіңізді сұраймыз және Аллаһ Сізге игілігімен қайырсын».

Жауап: «Аллаһқа мадақ, біз Оны ғана мадақтаймыз және одан көмек және кешірім тілейміз. Аллаһтан өз нәпсіміздің жамандығынан және өзіміздің жаман істерімізден пана тілейміз; кімді Аллаһ тура жолға салса – оны ешкім адастыра алмайды, ал кімді Аллаһ тура жолдан тайдырса, оған оны ешкім нұсқай алмайды. Ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне және Мухаммад – Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін.

Іс жүзінде күпірлікте айыптау мәселесі тек қана әмірлерге ғана емес, қоластындағыларға да қатысты. Мұның барлығы басын бір мұсылман сектасы бастап кеткен көне бүліктің жаңғырығы болып табылады. Оның мүшелері хауариж деп аталып кетті. Мұсылман секталары туралы жазылған кітаптарда хабарланатынындай, хауариждер бірнеше топқа бөлінді. Олардың біреуі бүгінгі күнге дейін бар, ал оның мүшелері ибадилер деп аталады. Бүгінгі күнге дейін ибадилер өзіне толық бекінген секта болатын және осы күндері шақыру (дағуат) деп аталып кеткен уағыздаумен айналыспайтын. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын олар белсенділігін күшейтіп, өздерінің (бүркену мақсатында қолданатын шиғалардың «такийа»[83] деп аталатын тәсілін айтпағанда) баяғы заман хауариждерінің  көзқарастарынан еш айырмашылығы жоқ  көзқарастарын насихаттайтын жолдаулар таратуға кірісті.

Олар өздері туралы: «Хауариж емеспіз дейді», - алайда атауға байланысты заттың мәні өзгермейтіні  сіздің барлыңызға мәлім. Өзге де нәрселермен қатар, оларды хауариждермен біріктіретіні – олар ауыр күнә жасайтын күнәхарларды кәпір деп есептейтіні. Қазіргі кезде тек кейбір топтарда ғана ақиқатқа шақыруда  Құран мен Сүннетке ілесетін адамдар бар, бұл, менің ойымша, екі себеппен түсіндіріледі.

Біріншісі – терең білімнің жоқтығы және дінді терең түсінуге деген жеткіліксіз ұмтылыс.

Екінші маңызды себеп -  адамдар Исламға дұрыс шақырудың негізінде жататын шариғи ұстанымдарды игермеуі. Мұндай ұстанымдардың біріне сәйкес дұрыс жолдан ауытқыған және Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірнеше рет мақтау айтқан топтан алыстап кеткен кез келген топ Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шығады. Сондай-ақ, бұл топ жөнінде Аллаһ Тағала да ескертіп, былай деді: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына[84] бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол - нендей жаман орын!» (ән-Ниса сүресі, 115-аят).

Білімге ие адамдарға айдай айқын болған себептерге байланысты Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса…» деген сөздермен ғана шектелмеді, алайда Елшіге бағынбауға нұсқаумен бір қатарда мүміндердің жолынан өзге жолға ілесуді де атап: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жолға ілессе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол - нендей жаман орын!» - деді.  

Сөйтіп, мүміндердің жолымен жүру немесе одан бас тарту маңызды рөл атқарады, өйткені мүміндердің жолынан өзге жолмен жүрушілерді тозақ тосып тұр. Бұл дегеніміз, бұрынғы және қазіргі топтардың көбі тура жолдан адасты, өйткені Құран мен Сүннетті түсіндіруде мүміндердің жолына ілеспей, өздерінің ой-тұжырымдарына немесе тіпті әуестеріне жүгінді, олардың негізінде өздерін біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміз ұстанған жолдан өзге жаққа бұрып жіберген өте маңызды қорытындылар жасады. Міне, сондықтан көптеген сахих хадистерде Аллаһтың «мүміндердің жолынан басқа жолға ілессе» деген сөздерінің мағынасы ерекше сызылып айтылады.

Мен атап тұрған және бір бөлігін мүмкіндігінше мен әлі келтіретін хадистер тек білім иелеріне ғана емес, қарапайып мұсылмандарға да мәлім. Адамдарға осы жоғарыда аталған хадистердің Құран мен Сүннетті түсінуде мүміндердің жолына ауытқымай ілесу қажеттілігіне нұсқайтыны ғана беймәлім. Бұл жөнінде, өзгелерді күпірлікте айыптауға кіріскендерді айтпағанда, көптеген білім иелері де  ұмытады.

Адамдар өздігінше ізгі және ықыласты болуы мүмкін, алайда бұл  адамның Аллаһтың алдында жетістікке және құтылуға жетуі үшін жеткіліксіз, өйткені мұсылманға екі нәрсе міндетті болып табылады: ықылас және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ұстанғанына ауытқымай ілесу. Сөйтіп, оған тек ықыласты болу және іс-жүзінде Кұран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанып, осыларға өзгелерді де шақыру жеткіліксіз, өйткені бұдан тыс ол тура жолға ілесуі де керек.

Мен алдында атаған хадистердің қатарына жетпіс үш топ туралы хадис те жатады. Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Яхудилер жетпіс бір топқа бөлінді, христиандар жетпіс екі топқа бөлінді, ал менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді және олардың барлығы Отта болады, біреуінен басқа», - деді. Адамдар (сонда): «Оған (құтылған топқа) кім кіреді?» - деп сұрады, ол: «Келісімді (әл-жамаъаны) ұстанушылар», - деп жауап берді.  Хадистің басқа нұсқасында Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен және менің сахабаларым ұстанғанды ұстанатындар», - деп жауап берегені жеткізіледі. Имам Ахмад «Муснад», №11798 хадис; Ибн Мәжжәһ «Сунан», № 3993 хадис. Әт-Тирмизиде де осыған ұқсас хадис келтіріледі, «Сунан», №2641 хадис.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жауабы жоғарыда біз келтірген «мүміндердің жолынан басқа жолға ілессе» деген Аллаһтың сөздеріне толық сәйкес келіп тұрғанын көріп тұрмыз. Ең алдымен айта кететін жайт – мүміндердің жолы деп аталған жол - Аллаһтың Елшісінің сахабаларына қатысты айтылғандығы, ал ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзі ұстанғанды ұстану қажеттілігін нұсқаумен шектелмеді, өйткені бұл Құран мен Сүннеттен терең түсінігі болған  мұсылманға жеткіліксіз болар еді.  Бұдан тыс, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, іс жүзінде Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың: «…мүміндерге өте аяушы, ерекше мейірімді» (әт-Тәубә сүресі, 128-аят) - дегеніне ілесті.

Ерекше аяушылық пен мейірімділік таныта отырып, ол өзінің сахабаларына және ізбасарларына құтылатын топтың сипаты Пайғамбардың өзі тірі шағында ұстанғанына және ол өлгеннен кейін оның сахабалары ұстанатынына ілесу болып табылатынын түсіндіріп берді. Демек, Кұран мен Сүннетті түсінумен ғана шектелмеу керек, оларды түсунудің қажетті құралы - араб тілін және көптеген басқа нәрселерді білу болып табылады. Бұдан тыс, сондай-ақ, Аллаһқа ғибадат етуде бізден көбірек ықылас танытқан, Құран мен Сүннетті бізден жақсы түсінген және өзге де көптеген өздеріне лайықты сипаттарымен ерекшеленген (мұны олардың өмірбаяндары дәлелдейді) Пайғамбардың сахабаларының өнегесіне ілесу керек. Біз жоғарыда келтірген хадис өзінің мазмұны бойынша  ізгі (шыншыл) халифалар туралы хадиспен ұқсас келеді.

Абу Наджих әл-Ирбад бин Сарийаның, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Бірде Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге жүрегімізді қорқынышқа бөлеген, ал көзімізден жас төктірген өсиет айтты. Ал біз: «Уа, Аллаһтың елшісі, бұл қоштасып жатқан адамның өсиетіне ұқсап тұр, ендеше бізге насихат бер!» - дедік. Ол сонда былай деді: «Мынау менің сендерге берген өсиетім: Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтан қорқыңдар және сендерге (эфиопиялық) құл әмірлік етсе де - тыңдаңдар және мойынсұныңдар. Ақиқатында, (сендерден) кім (менен кейін)  өмір сүрсе, көптеген келіспеушіліктердің куәгері болады, сондықтан сендер менің  Сүннетімді және менен кейін дұрыс жолмен жүретін салиқалы (шыншыл) халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек». Абу Дауд «Сунан», №4607 хадис; әт-Тирмизи «Сунан», №2676 хадис.

Бұл хадис, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, осыдан алдынғы сұраққа берген жауабы нұсқаған нәрселерге нұсқайды. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өз үмметіне өзінің ғана Сүннетін ұстануды бұйырмады, өйткені ол: «…менен кейін дұрыс жолмен жүрген салиқалы халифалардың Сүннетін (мығым) ұстануларың керек», - деді.

Сөйтіп, егер біз шариғатымыздың және ғибадатымыздың мәнін түсінгіміз келсе, өзімізде қандай адамгершілік сипаттарын тәрбиелеуіміз керектігін және өзімізді қалай ұстап, әрбір мұсылманға не қажет екендігін білгіміз келсе, онда үнемі біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміздің өнегесіне жүгінуіміз керек, бұл әрбір адамға өзінің құтылған топқа жататынын, не жатпайтынын түсінуге мүмкіндік береді. Бұрынғы және қазіргі топтардың адасуының себебі –  олардың осы аятқа да, ізгі халифалар туралы хадиске де лайықты мән бермегенінде, міне, сондықтан осындай адамдардың, оларға дейін де өмір сүргендердің көбі сияқты,  Құраннан және Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен, алдыңғы салиқалы буын өкілдерінің жолынан ауытқығандай, ауытқығаны - әбден табиғи нәрсе. Олардың қатарына бұрынғы және қазіргі хауариждер жатады, өйткені біздің заманымызда да күпірлікте айыптауға «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят), - деген олар үнемі келтіретін аят негіз ретінде қолданылуда.

Осыған ұқсас сөздер Құранның басқа да екі аятында айтылатынын біз бәріміз білеміз. Сол сияқты Аллаһ Тағала: «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар» (әл-Мәидә сүресі, 45-аят), - деді.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (Әл-Мәидә сүресі, 47-аят).

Аллаһтың «кәпірлер» деген сөзін дәлел ретінде пайдаланатындардың надандығына олардың тым болмағанда күпірлік туралы айтылатын басқа да аяттармен таныспағандықтары және: ”«Күпір» сөзі дінді теріске шығаруды білдіреді және мұндай күпірлікке түскен адамдардың христиандардан, яхудилерден және басқа дінді ұстанатын адамдардан болған көпқұдайшылдардан еш айырмашылығы жоқ“, - деген тұжырымға  сүйенулері куә болады. Алайда Құран мен Сүннетте «күпір» сөзі олар бұған еш қатысы болмаған адамдарға қатысты үнемі айтатын қате мағынада қолданылмайды. Шын мәнінде, «зұлымдық» және «бұзақылық» сөздері сияқты «күпір» сөзі де жалғыз мағыналы емес. Егер адам залым және бұзақы деп сипатталса, бұл міндетті түрде оның өз дінінен шығып кеткендігін білдірмейді. Бұл (ереже) адам кәпір деп сипатталатын жағдайларға да қатысты. Сөз көпмағыналы болуы мүмкін, бұған тіл де, шариғат та нұсқайды, өйткені Құранның тілі – араб тілі. Міне, сондықтан да, мұсылмандарға, олар әмірлер немесе қол астындағылар болуына қарамастан, пәтуа беруге кіріскен адам Құран мен Сүннетті жақсы білуі керек және біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміздің жолы туралы хабардар болуы керек. Алайда Құранды, Сүннетті және оларға қатысты болған барлық нәрсені түсіну тек араб тілін жақсы меңгеру арқылы және өткеннің ғалымдарының, әсіресе Исламның алғашқы үш ғасырында өмір сүрген ғалымдардың еңбектеріне сүйену арқылы ғана мүмкін болмақ.

Енді «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» деп айтылатын аятқа оралайық. Бұл аятта күпірлік деп не айтылады? (Аятта) діннен шығу меңзеліп тұр ма, әлде басқа нәрсе ме? Бұл аяттың мағынасын дұрыс түсіну үшін (мәселенің) кейбір бүге-шігесін ескеру керек, өйткені бұл жерде амалдардағы күпірліктің көрініс табуы, яғни адамдардың амалдары шариғаттың кейбір заңдарына қайшы келетін жағдай меңзеліп тұрған болуы мүмкін.

Осы сөздің мағынасын бұл аяттың контекстінде түсінуге бізге мұсылман үмметінің ғұламасы әрі Құран тәпсірлеушілерінің имамы Абдуллаһ бин Аббас, Аллаһ оған разы болсын, көмектеседі, өйткені ол адасқан топтарға ілесушілерден басқа  барша мұсылмандар мойындайтын сахабалардың қатарына кіреді. Осы аятты үстіртін тәпсірлеп, оның бүге-шігесіне дейін толық түсінбейтін, бүгінгі күні біз естіп жүрген адамдар туралы  ол да естіген сияқты.

Абдуллаһ бин Аббастың былай дегені жеткізіледі: «Сендер айтып тұрған күпірлік – адамды діннің шеңберінен шығаратын күпірлік емес». әл-Хаким «Мустәдрак», 2/313.

Мүмкін, ол бұл сөздерді мүміндердің әмірі болған Алиге, Аллаһ оған разы болсын, қарсы шыққан және соның салдарынан олар мұсылмандардың қанын төккен және мұсылмандарға көпқұдайшылдарға көрсетпегенді көрсеткен хауариждерге айтып тұрған болуы мүмкін.   Абдуллаһ бин Аббас сондай-ақ былай деді: «Істің мәні - олар айтып немесе шамалап тұрғандай емес, өйткені бұл - күпірліктен кіші күпірлік қана». Құранның ең беделді тәпсіршісінің осы аят туралы қойылған сұраққа берген қысқа жауабы осы болатын. Мен алдында келтірген аяттар мен хадистерді де осыдан өзгеше түсінуге болмайды.

«Күпір» сөзі Құранда және Сүннетте көп рет кездеседі, алайда барлық жағдайларда оны діннен шығу деп түсіну керек деп тұжырымдауға болмайды. Бұған мысал ретінде Абдуллаһ бин Масғудтан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте келтірілген Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік»[85], -  деген сөздерін келтіруге болады. әл-Бухари «Сахих», № 48 хадис; Муслим «Сахих», № 64 хадис.

 Бұл жерде «күпірлік» дегенде күнә және мойынсұнбаушылық таныту аталып тұр, алайда арабша сөйлейтіндердің ең шешені болған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұндайға ешбір жағдайда жол бермеуді қалап, осындай сөз орамын қолданды, және сондықтан да ол:  «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік», - деп айтты.

Өзге жағынан (келер болсақ), хадистің «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық» деп айтылатын бірінші бөлімінде «бұзақылық» дегенде «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (әл-Мәидә сүресі, 47-аят) деген аятта аталып тұрған нәрсе тұспалдануда ма? Бұған былай деп жауап беруге болады: бұзақылық адамды діннің шеңберінен шығаратын күпірліктің синонимі ретінде де, адамды діннен шығармайтын күпірліктің синонимі ретінде де көрініс бере алады.  Бұл жерде Абдуллаһ бин Аббас: «Күпірліктен кіші күпірлік» - деп нұсқаған күпірлік аталып тұр. Бұл хадис «күпірлік» сөзіне осындай да мағына салуға болатындығына дәлел болып тұр. Алайда не үшін? Бұған жауап - мына аятта: «Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырыңдар; мұбада екі жақтын бірі екіншісіне өктемдік жасаса, жәбір көрсетуші жақпен, ол Аллаһтың әміріне қайтқанға дейін, соғысыңдар[86]» (әл-Хужжурат сүресі, 9-аят).

Бұл жерде Аса Құдіретті және Ұлы Раббымыз өктемдік жасаушы және мүміндермен соғысып жатқан топ туралы атап өтеді, алайда хадисте: «…ал онымен соғысу – күпірлік», - деп айтылса да, Аллаһ бұл адамдардың күпірлігі туралы айтпады. Демек, аталған жағдайдағы соғысу, жоғарыда келтірілген аятқа Абдуллаһ бин Аббас берген тәпсірінде аталған күпірліктен кіші күпірлік болып табылады. Мұсылманның мұсылманмен соғысуы зұлымдықтың, дұшпандықтың, бұзақылықтың және күпірліктің көрінісі болып табылады, алайда бұл дегеніміз, күпірлік амалдарда да, сондай-ақ сенімде де көрініс табуы мүмкін. Міне сондықтан болар, бұл мәселені шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, ал одан кейін оның шәкірті  Ибн Қайим әл-Жаузийя егжей-тегжейлі түсіндірген болатын.  Олардың (бұл мәселеде) еңбек сіңіргендігі -  Абдуллаһ бин Аббастың ұстанған пікірін ұстанып, тек амалдарда ғана көрініс табатын күпірлікті сенімдегі күпірліктен бөлек (ажыратып) қарастыру қажет деп санауында болып тұр, ал керісінше болған жағдайда күпірліктің бірінші түрін екіншісінен ажыратпайтын мұсылман өзі байқамай, мұсылман үмметінен ескі замандарда хауариждер шығып кеткендеріндей, ал қазір олардың ізбасарлары шығып жатқандарындайдай, шығып кетуі мүмкін.

Сөйтіп, Пайғамбардың: «…ал онымен соғысу – күпірлік», - деген сөздері діннен шығуды нұсқамайды. Бұған растауды көптеген басқа хадистерден де табуға болады, ал егер қандай да бір зерттеуші оларды біріктіріп жинақтаса еді, бұдан «Жоғарыда келтірілген аятта сенімдегі күпірлік айтылып тұр» деп табанды түрде тартысатын адамдарға қарсы бұлтартпайтын дәлел бола алатын, өте пайдалы жолдау шығар еді.  Ал егер әмірлерді және олардың билігіне мойынсұнушыларды күпірлікте айыптайтындарға келер болсақ, олар: «Күнә жасаушылар жасаған күнәсі үшін осындай айыптауға лайық», - деп есептейді.

Сұрақ қойған кісі басқа нәрселердің қатарында алғашында өзгелерді күпірлікте айыптаған, бірақ кейіннен Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ оларға дұрыс жол көрсеткен адамдардан естігендерімді есіме салды. Біз олардан: «Сендер күпірлікте кейбір әмірлерді айыптадыңдар, бірақ неліктен сендер мешіттердің имамдарын, ол жерде құтпа оқитындарды, азаншыларды, тіпті мешіт қызметкелерін де күпірлікте айыптадыңдар? Және неліктен сендер мектептерде шариғат ғылымдарын үйрететін оқытушыларды күпірлікте айыптадыңдар?», - деп сұрадық. Ал олар бізге: «Себебі, олар Аллаһ түсірмеген нәрсемен билік еткен әмірлердің үстемдігімен келісетін еді», - деп жауап берді.

Бұған мен былай жауап беремін: егер сөз Аллаһтан түспеген нәрсеге негізделіп билік атқарумен іштей келісу туралы болып жатқан болса, онда амалдарда көрініс табатын күпірлік сенімдегі күпірлікке айналады. Аллаһ тарапынан түскеннен өзгеге негізделіп үкім еткен және: «Бұл осы заманға сәйкес келеді және Кұран мен Сүннеттің негізінде үкім шығару дұрыс емес», - дейтін  әрбір адамның күпірлігі, күмәнсіз,  сенімдегі күпірлік болып табылады.  Бұл басқа да осыған ұқсас жағдайларға қатысты, алайда, біріншіден, сіз:  «Үнемі немесе көп жағдайда батыс заңдарына сәйкес үкім ететін әрбір адамнан (осы туралы) сұрасаңыз, ол міндетті түрде: «Осылай үкім ету - дұрыс, ал Ислам заңдары бойынша үкім етуге болмайды», - деп жауап қайтарады», - деп айта алмайсыз. Ал осындай заңдар бойынша өздеріне қатысты үкім шығарылатындар туралы айтар болсақ, олардың арасында діндарлар да, ізгі адамдар да бар. Ал сіз қалайша оларды, билігі сендерге толық жүретіні сияқты, оларға да толық жүретін осындай режимде  өмір сүргендігі үшін ғана күпірлікте айыптай аласыз?! Осыған қарамастан, сіздер діннен шығушылықты меңзей отырып, оларды кәпірлер деп жариялайсыздар. Аллаһтан түсірілген заңдарға негізделіп үкім ету міндетті болып табылады, алайда бұл – «егер адам бұл міндеткерлікті орындамаса, діннен шыққан болып табылады» деген емес.

Олардың қателескенін және адасқанын жарыққа шығарған пікірталастардың барысында мен олардан: ««Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мухаммад  - Аллаһтың елшісі», - деп куәлік беретін және намазды аз немесе көп орындайтын мұсылманды қай кезде күпірлікте айыптау керек болады? Бір рет жеткілікті ме, әлде ол өзінің діннен шығуын амалдарымен немесе сөздерімен мәлімдеуі керек пе?», - деп сұрағанымда, олар бұл сұраққа жауап беруге қиналды. Сонда мен мынадай мысал келтіруге мәжбүр болдым: «Үнемі шариғат бойынша үкім ететін белгілі бір қазы (сот) қателесіп, шариғатқа қайшы келетін үкім шығарып қойды делік. Осыны Аллаһтың түсіргені болмаған нәрсемен үкім ету болып есептелетін жағдай деп атауға болады ма?», - дедім. Олар: «Жоқ», - деп жауап берді. Мен: «Не үшін?», - деп сұрадым. Олар: «Өйткені бұл бір рет қана орын алды», - деп жауап берді. Мен: «Жарайды, ал егер ол екінші мәрте осындай немесе басқа, бірақ бәрібір шариғатқа  қайшы келетін шешім шығарса, бұл адам күпірлікке кірді дегенді білдіреді ме?», - дедім. Және мен егер ол үшінші рет те, төртінші рет те осылайша жасаса, не болатындығы жөнінде, оны қашан кәпір деп атауға болатындығын білгім келіп, сұрай бастадым.

Іс жүзінде, бұл қазының қанша рет шариғатқа қайшы келетін үкім шығарғанын санай отырып, оның иман мен күпірлікті бөлетін сызықтан қашан аттап өтетінін анықтау мүмкін емес, бірақ ол алғашқы ретте-ақ: «Аллаһтың түсіргеніне сәйкес келмейтінмен үкім шығару орынды, - деп және: - Шариғатқа сәйкес үкім шығару орынды емес», - деп есептесе, онда ол діннен шықты деп бірден айтуға болады. Егер ол түрлі мәселелер бойынша он мәртелеп шариғатқа қайшы шешімдер шығарса және сен одан: «Сен не үшін Аллаһтан түскенге сәйкес келмейтінмен үкім еттің?» - деп сұрасаң, ал ол: «Қорықтым, немесе бұл үшін пара алдым», - десе (екіншісі біріншісінен анағұрлым жаман), бұл жағдайда да, ол: «Шариғат бойынша үкім шығаруды жөн санамаймын», - деп мәлімдемейінше, сен оны күпірлікте айыптай алмайсың, тек ол осылай деп мәлімдеген жағдайда ғана оның діннен шығаратын мағынадағы күпірлігі туралы айтуға болады.

Қысқа қайырғанда, бұзақылықтың екі түрі және зұлымдықтың екі түрі болғандай, күпірліктің де екі түрі бар екендігін есте сақтау керек: өзі істеген (шариғатқа қайшы) амалдарын жүрегімен мақұлдаған жағдайда  адам діннің шеңберінен шығаратын күпірлікке (бұзақылыққа, зұлымдыққа) түседі; ал егер ол зина жасаса немесе шарап ішсе, бірақ осыны рұқсат етіледі деп санамаса, онда адамның амалдары оны діннен шығармайды. Күпірліктің мұндай түрі амалдарда көрініс табады, бірақ сенімде емес.

Сөйтіп, бізге күнәхарларды олар күнә жасап жатқандығы үшін ғана күпірлікте айыптауға болмайды. Олар жүрегінде Аллаһтың тыйым салған (харам) нәрсесін харам деп есептемейтініне біздің көзіміз анық жетпейінше біз оларды күпірлікте айыптай алмаймыз, өйткені Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп қорқытып айтқанынан қорқамыз: «Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!», - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады[87], ол (адам)[88] ол туралы айтылғандай болса (ол соған лайықты), керісінше болған жағдайда, (айтылған нәрсе айтқан адамға) қайтады. әл-Бухари «Сахих», №6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис.

Бұл жөнінде айтылатын басқа да хадистер өте көп. Біздің сұхбатымыздың тақырыбына орай, олардың бірінде бір көпқұдайшылмен соғысқан сахаба туралы айтылатынын еске салу орынды болып табылады. Төбесінен қылыштың көтерілгенін көрген кезде, көпқұдайшыл: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!», - деп дауыстап жібереді[89], алайда сахаба бұған мән бермей, оны өлтіріп тастайды. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, болған оқиға туралы біле салысымен, бұл амалды қатаң айыптады. Сахаба көпқұдайшылдың өлім қарсаңында болып қорыққандығы үшін ғана куәлік сөздерін айтқанын келтіріп,  өз амалын ақтай бастағанда,  Пайғамбар  оған: «Ал (неліктен) сен, ол мұны жүрегімен айтқан-айтпағанын білу үшін, оның жүрегін қақ жарып кесіп[90] көрмедің?!»[91] - деді.

Сөйтіп, сенімдегі күпірлік амалдарға емес, жүрекке қатысты болады, бірақ біз пасықтың, бұзақының,  ұрының, зинақордың, өсімқордың, немесе кез келген өзге күнәхардың жүрегінде не бар екенін, бұл жөнінде ол өзі айтпаса, біле алмаймыз.  Егер мұндай адамның амалдары туралы айтар болсақ, олар оның шариғатқа қарсы амал жасағанына айғақ болып тұр және біз оның діннен шыққандығы туралы шешім шығарсақ, ол бізге Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһтың алдында ақтау болуға жарайтын және оның салдары Пайғамбардың: «Өз дінін ауыстырғанды өлтіріңдер» әл-Бухари «Сахих», № 6922 хадис, - деген сөздерінде айтылған үкім болатын амал істемейінше,  біз оған: «Сен шариғатқа қарсы амал жасадың және күнә жасадың», - дер едік, бірақ: «Сен күпірлікке кіріп кеттің және өз дініңнен тайдың», - деп айтпас едік.

Әрі қарай (жалғастырайық), мен бұрын да мұны айқанмын және қазір де мұсылмандардың әмірлерін үнемі күпірлікте айыптайтын адамдарға осыны қайталаймын: «Олар шын мәнісінде күпірлікке түсіп кетті және діннен шыққан (муртад) болды және олардан билігі артық болған әмір олардың осындай күпірлікке кіріп кеткенін анықтаған жағдайда оларға міндетті түрде шариғат бекіткен жазаны қолдану керек еді делік. Бірақ тіпті осы әмірлердің барлығы кәпір және діннен шыққан (муртад) болды деп шамаласақ та, сендер іс жүзінде осыдан қандай пайда ала аласыңдар. Сендер не істей аласыңдар? Сендер күштеріңді бұған сарп етпей-ақ, барлық басқа нәрселерге негіз бола алатынды жасағандарың жақсы емес пе?»

Бұған Аллаһтың Елшісі өзінің сахабаларын тәрбиелеген Сүннетке ілесу арқылы қол жеткізуге болады, біз осындай жағдайларда бұл жөнінде үнемі еске саламыз, және барлық мұсылмандар Аллаһ Тағаланың «Ол сондай Аллаһ, мүшріктер жек көрсе де, дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен[92] және хақ дінмен жіберді» (әс-Саф сүресі, 9 аят)  деген сөздеріне сәйкес амал жасау қажеттігіне нұсқаймыз.

Кейбір сахих хадистерде бұл соңынан іске асатындығы туралы айтылады, бірақ мұсылмандар Құранда айтылғанның іске асуына болысу үшін, осы(ндай) адамдар оларды кәпір және діннен шыққан (муртад) деп санайтын  әмірлерге қарсы шығуға оларды шақыру қажет пе? Бұдан тыс, мұндай қате болжамдарға негізделіп, олар ешнәрсе істей алмайды. Ал ендеше, қандай жолмен жүру керек? Күмән жоқ, бұл - Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үнемі айтып жүретін және әр жұма құтпасында: «…ең жақсы басшылық – Мухаммадтың басшылығы», - деп сахабаларының есіне салып отырған жол.  Муслим «Сахих», № 867 хадис.

Барлық мұсылмандар, әсіресе олардың ішінен ислам басқаруын қайта қалпына келтіруге ұмтылғандары, Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бастаған нәрсесінен бастауы керек, ал оны екі сөзбен айтуға болады: тазарту және тәрбие. Себеп - әмірлерді күпірлікте айыптауға ғана қабілеті жететін фанатиктер байқамайтын, дұрысырақ айтқанда, байқағысы келмейтін ақиқаттың бізге мәлім екендігінде.  Олар осымен әрі қарай айналыса береді, ал бұл бүліктерге ғана әкеп соғады. Мұны сендерге мәлім болған, соңғы жылдардағы, Меккедегі қайғылы уақиғадан бастап және Ануар әс-Садатты өлтіру сынды, салдарынан көптеген жазықсыз мұсылмандардың қаны төгілген уақиғалар растай алады. Бұған мысал ретінде Мысырда, Сирияда және Алжирде орын алып жатқан және осылардың орын алуына кінәлі адамдар көп жағдайда Құран мен Сүннеттің нұсқауларына, әсіресе олардың ең маңыздысы болып табылатын: «Расында сендер үшін, Аллаһқа да, Ақырет күніне де үміт еткендер үшін және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзап сүресі, 21-аят), - дегеніне қарсы амал жасауынан туындаған, басқа да өкінішке лайықты уақиғаларды келтіруге болады.

Шынымен де, игі мақсаттарды іске асыру үшін біз ең алдымен, өзіміздің шамамыз оған жетпейтін әмірлермен соғысудан бастауымыз керек пе? Әлде Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бастаған нәрсесінен бастауымыз керек пе? Бұл сұраққа жауап, әрине, Аллаһтың мына сөздері болып табылады: «Аллаһтың Елшісі сендер үшін ең жақсы өнеге (болып табылады)»

Ал Аллаһтың Елшісі неден бастады? Ол шақырудан бастағаны және ақиқатты қабылдауға дайын деп санаған адамына шақыруды жолдағаны туралы сендерге мәлім. Содан соң, Пайғамбардың өмірбаянынан белгілі болғандай, адамдардан кейбіреулер оның шақыруына жауап берді, кейін Меккеде мұсылмандарды қудалау кезеңі басталды, содан соң көктен алғашында бірінші қоныс аудару, кейін екінші қоныс аудару[93] туралы әмірлер алынды, және Аса Құдіретті де Ұлы Аллаһ  Исламды Мәдинада нығайтпағанынша осылайша жалғаса берді.

Демек, біз Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұны қалай істеген болса, (тура) солай етіп адамдарға Исламды үйретуден бастауымыз керек. Алайда қазіргі жағдайда біз тек оқытып-үйретумен ғана шектеле алмаймыз, өйткені бүгінгі күні Исламға оған ешқандай қатысы болмаған нәрселер ғана емес, оның күйреуіне себеп болып жатқан нәрселер де араласып кетті. Міне, сондықтан да Исламға шақырушылар бұл дінді барлық қоспалардан тазартудан бастауы керек және мұсылман жастарын таза Исламның ұстанымдарында тәрбиелеуі керек.

Егер барлық сан алуан ислам топтарының соңғы ғасыр барысындағы атқарған әрекеттеріне үңіле қарайтын болсақ, біз бұл топтарға ілескендердің олар ислам басқаруын қалайтыны туралы үлкен у-шуы мен дабырлы ашық мәлімдемелеріне қарамастан, олардың қол жеткізген бір ғана нәрсесі осы сылтаумен көптеген жазықсыз мұсылмандардың қаны босқа төгілгендігі болғанын көреміз. Алайда біз қазір де олардан Құран мен Сүннетке қайшы келетін сөздерді естудеміз және олардың амалдары Құран және Сүннетпен үйлеспейтінін көрудеміз.

Осыған байланысты мен бір Исламға шақырушының айтқан сөздерін келтіремін және оның шәкірттері оның: «Ислам мемлекетін өз жүректеріңде құрыңдар, сонда ол сендер үшін жер бетінде пайда болады», - деп айтқандарын ауытқымай ұстанануын қалайтынымды айтамын.

Істің арқауы мынада: егер мұсылман адам Құран мен Сүннетке негізделген дұрыс көзқарастарға оралса, оның ғибадаты, адамгершілік сипаттары және амалдары дұрыс болады. Өкінішке орай, мұндай адамдар игі сөздерге құлақ салмайды және ислам мемлекетін құру қажеттілігі туралы бос айқай салады, ал төменде келтірілетін ақындық ойлар дәл соларға арналып айтылғандай:

Сен құтылуды үміттенесің,

бірақ оған жеткізетін жолдармен жүрмейсің,

алайда кеме құрлықпен жүзе алмайды ғой!

Менің айтқандарым сіздің сұрағыңызға жауап ретінде жеткілікті болар деп үміттенемін». «Әл-мәжжәллә әс-саләфийә», 1/1415.

 

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) түсіндірмесі

 

Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның жолымен жүргендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Мен «Муслимун» газетінде жарияланған  шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің Аллаһтың түсіргеніне негізделмей үкім ететіндерді дәлелсіз күпірлікте айыптаулар туралы қойылған сұраққа берген пайдалы да, құнды жауабымен танысып шықтым.

Әрбір осындай адамды тек оның амалдарының негізінде ғана күпірлікте айыптау, егер айыптаушыға ол адамның мұны жүрегінде рұқсат етілген деп санағаны айқын болмайынша, ешкімге рұқсат етілмегендігін түсіндіріп, шейх, менің ойымша, дұрыс және мүміндердің көзқарастарына  сәйкес келетін жауап берді. Дәйек ретінде ол Ибн Аббастың, Аллаһ оған разы болсын, және басқа да біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміздің сөздеріне жүгінеді.

Оның жауабында келтірілген Аллаһтың: «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар кәпірлер» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят); «Және кім Аллаһ түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар» (әл-Мәидә сүресі, 45-аят); «Кім Аллаһтың нұсқауымен үкім етпесе, міне солар бұзақылар» (Әл-Мәидә сүресі, 47-аят), - деген аяттарының тәпсірі, күмән жоқ, дұрыс болып табылады, өйткені ол күпірліктің кіші және үлкен болатынын және зұлымдық пен бұзақылықтың көрініс табуына да мұның тура сол сияқты қатысты екенін түсіндіріп берді.

Егер адам: «Аллаһтың түсіргенге сәйкес келмейтін нәрсемен үкім етуге, зина жасауға, өсімқорлықпен немесе барлық ислам ғалымдарының бірауызды келісімі бойынша тыйым салынған деп табылатын кез келген басқа іспен айналысуға болады», - десе, ол үлкен күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқаны үлкен бұзақылықтың көріністеріне жатады. Ал кім мұндай амалдарды, олар рұқсат етілген деп санамай жасаса, ол кіші күпірлікке түскен болады, ал оның істеп жатқандары кіші бұзақылықтың көріністеріне жатады, бұған  Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері нұсқайды: «Мұсылманды балағаттау – бұзақылық, ал онымен соғысу – күпірлік». әл-Бухари «Сахих», № 48 хадис; Муслим «Сахих», № 64 хадис.

Кіші бұзақылық пен кіші күпірлікті меңзеген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұндай нақысты сөзді адамдарда осындай қайтарылатын әрекеттерге деген жиіркенішті тудыру үшін қолданды. Бұл - Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын:  «Адамдардың (жасайтын) екі (ісі) олардың күпірлігінің (сипаты) болып табылады: (өзгелердің) шыққан тегін балағаттау және өлген адамға дауыстап жоқтау айту» (Муслим «Сахих», № 67 хадис), - деген сөздеріне, сондай-ақ, оның өзге де: «Менен кейін[94] бір-бірінің басын шабатын кәпірлерге айналмаңдар!» (әл-Бухари «Сахих», №121 хадис), - деген сөздеріне де қатысты. Басқа да осындай көптеген хадистер бар екені мәлім.

Әрбір мұсылман, әсіресе ол діндарлардан болса, барлық нәрсеге абайлықпен және даналықпен кірісуі керек. Бұл дегеніміз: ол кез келген істерді Құран мен Сүннеттің аясында қарауы, біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдерінің өнегесіне ілесуі керек және (мәселенің) қыр-сырына үңілмей шешім шығаратын көптеген адамдар түскен қауіпті жолдан сақ болуы қажет. Діндарлар Аллаһқа шақырумен міндетті түрде айналысуы керек, бүге-шігесіне дейін көңіл бөліп, адамдарға Исламның мәнін түсіндіруі керек, Құран мен Сүннеттің нұсқауларын пайдаланып, оларды Исламның қағидаттарын бұлжытпай ұстануға және бір-біріне игі насихаттар беруге талпындыруы және оларда жоғарыда аталған нұсқауларға қарсы келетін кез келген істерден қорқыныш туғызуы  қажет. Осының себебімен олар ақиқат жолын түсіндіруге және оған қайшы келетін барлық нәрседен сақтандыруға қатысты болған нәрседе Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы шыншыл халифалардың және сахабалардың  өнегесіне ілесе алады. Мұның қажеттілігіне Аллаһтың мына сөздері нұсқайды: «Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсұнғандардың бірімін!», - деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).

 Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Айт: «Бұл – менің жолым. Мен және маған ілескендер Аллаһқа білім негізінде шақырамыз. Аллаһ Пәк және мен көпқұдайшылдардан емеспін» (Юсуф сүресі, 108-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[95]  пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нахль сүресі , 125-аят), - деді.

Және мұның қажеттілігіне Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері де нұсқап тұр: «Жақсылыққа нұсқағанға жақсылықты істегенге берілетіндей сауап (белгіленген)». Муслим «Сахих», хадис №1893.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Дұрыс жолға шақырған (адам) өзіне ілескендердің (барлығының) сауабына тең сауап алады, және бұл олардың сауаптарын бір түйірге де азайтпайды, ал (өзгелерді) адасуға шақырған адам өзіне ілескен адамдардың күнәларының (ауыртпалығына тең жүгін) мойнына көтеріп алады, және бұл олардың өздерінің күнәларының ауыртпалығын жеңілдетпейді». Муслим «Сахих», №2674 хадис.

Хайбар[96] үшін болған шайқаста Алиді, Аллаһ оған разы болсын, яхудилерге жіберген Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деді: «…оларды Исламға шақыр және Аллаһқа қатысты оларға не міндетті екендігі туралы оларға хабарла. Және, Аллаһтың атымен ант етемін, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды (болса да) тура жолға салса, бұл сен үшін қызыл түйелерді (иемденуден) жақсы болады[97] әл-Бухари «Сахих», №3009 хадис; Муслим «Сахих», №2406 хадис.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Аллаһ ол арқылы тура жолға ең алғашқы оның сахабаларын шығармайынша, игі насихаттармен, даналықпен, сабырлықпен және өзге де ең жақсы болған әдістермен адамдарды бірқұдайшылыққа және Исламға шақырып, Меккеде он үш жыл өткізгені мәлім.

Аллаһтан бізге және біздің бауырларымызға олардың өнегесіне шынайы ықыласпен ілесуге көмектесуін, бізге және Исламға шақырумен айналысатын біздің барлық бауырларымызға көрегендік пен қырағылық, Онымен дидарласуға дейін игілік жасауға және сабырлық танытуға деген қабілеттілік беруін сұраймыз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол мұны істей алады. Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, барлық сахабаларына және Ақырет күніне дейін таза жүрекпен оларға ілескендерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын[98].

 

Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) күпірлікте айыптау мәселесі бойынша жауаптары

Сұрақ: «Біз байқайтынымыздай, қазіргі заман мұсылман мәдениеті хауариж және муътазилә сияқты адасқан секталардың ықпалынан еркін емес. Олардың кейбірі тұтас қауымдарды және жеке адамдарды күпірлікте айыптап, мұсылмандардан болған күнәхарлар мен бұзақыларға зорлық қолдануға жол береді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Бұл – кесірлі жол, өйткені Ислам шақыру ісінде күшке жүгінуге тыйым салады. Аллаһ Тағала айтады: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен[99]  пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят).

Ал Муса мен Харунға, оларға Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһ Перғауынмен былай деп сөйлесуді бұйырды: «…және оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар» (Та ха сүресі, 44- аят).

Зорлық зорлықты туғызады, қалаған нәрсеге емес, оған кері нәтижелерге әкеледі және мұсылмандарға кесірлі ықпалын тигізеді. Исламға шақыруды даналықпен,  ең жақсы әдістермен және осы шақыру бағытталған адамдарға қатысты ізгілік таныту арқылы іске асыру керек. Зорлықты қолдануға, қаттылық пен қарсыластық таныту мәселесіне келер болсақ, бұлардың Ислам дініне еш қатысы жоқ, ал шақырумен айналысатын мұсылмандар Пайғамбардың өнегесіне және қасиетті Құранның нұсқауларына ілесуі керек.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Күпірлік туралы шешімді шығару, қажетті дәлелдерді көрсеткен соң, белгілі біреу Сүннет пен келісім жақтаушыларынан (әһлю-Сунна уәл-жамаъадан) болған діндарлардың оған тиісті нұсқауы болған, Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеп қойған жағдайда рұқсат етіледі, ал егер адам мұндай еш нәрсе жасамаған болса, ол кәпір болып табылмайды, тіпті ол, көпқұдайшылдық күнәсынан өзге, күнә жасаса да».

Сұрақ: «Құрметті шейх, бұзықтық кең таралған мұсылман мемлекеттерін белгілеп айту үшін «жахилиет» терминін қолданатын адамдар бар[100]. Мұның салдары қандай болуы мүмкіндігі туралы сіз жақсы білесіз, бірақ мұндай әрекеттерді дұрыс деп санауға болады ма?»

Жауап: «Жалпы алғанда жахилиет кезеңі, Аллаһқа мадақ, Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, пайғамбарлық миссиясының басталуымен және  Ақырет күніне дейін жоғалмайтын Исламның, білім мен нұрдың пайда болуымен аяқталды.  Жахилиеттің қалдықтары бар болуы мүмкін, алайда мұндай жахилиет ішінара болып табылады және жеке адамдарға және қауымдарға қатысты болады, ал жалпы алғанда ол аяқталды және ешқашан қайта оралмайды.  Міне, сондықтан шейх-уль-ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахымына бөлесін, өзінің «Иқтида әс-сират әл-мустақим» еңбегінде бұл терминді баршаға қатысты қолдануға болмайтындығына нұсқады».

Сұрақ: «Мұсылман мемлекеттерін осылайша атап белгілейтіндер олардың халқын күпірлікте айыптағысы келетінін, ал солай екен, діннен шығушылықта да айыптағысы келетінін байқау қиынға соқпайды».

Жауап: «Біртұтас қауымдарды немесе жеке тұлғаларды күпірлікте айыптау немесе олардың күпірлігі туралы айту құқығына кез келген адам ие емес.

Күпірлікте айыптау белгілі шариғат ережелерін орындауды талап етеді. Адамның күпірлігі туралы шешім ол Исламмен үйлеспейтін бір нәрсе істеген жағдайда шығарылады. Мұндай жағдайлар белгілі, ал олардың ең ауырлары - көпқұдайшылық, ғайыпты білу құқығына таласу және Аллаһтың түсірілгенінен өзге нәрсемен үкім шығару жағдайлары жатады, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:  «Кім Аллаһтың түсіргенімен үкім етпесе, міне солар - қарсы болушылар» (әл-Мәидә сүресі, 44-аят).

Күпірлікте айыптау өте ауыр іс болып табылады және өзгелерді күпірлікте айыптауға әркімге рұқсат етілмейді. Мұндай құзырға тек шариғат соттары (қазылары) немесе білімде мығым, адамның Исламын не нәрселер жоққа шығаратынын және нақты жағдайлар туралы білетін, адамдар мен қоғамның жағдайын зерттейтін  діндар-ғалымдар ие.

Мұндай адамдар күпірлік туралы және басқа да салмақты шешімдерді шығара алады, ал надан адамдарға және шала оқығандарға келер болсақ, олар жеке адамдарды да, қауымдарды да, мемлекеттерді де күпірлікте айыптауға құқықты емес, өйткені бұл үшін қажетті мамандық-дәрежеге ие емес».

Сұрақ: «Діни білім алуға ұмтылып жүрген кейбір адамдар мұсылман адамды діннен шыққан деп оп-оңай айта салады, бірақ бұл дегеніміз – егер осыны әмір істемесе, олар өз қалауы бойынша кез келген біреуге діннен шыққандарды жазалау құзырын да бере салады деген сөз ғой. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Шариғат бекіткен жазаларды орындау әрқашан да тек мұсылман әмірінің айрықша құзыры болып қала беруі тиіс және одан өзге ешкім бұл құзырды иеленбеуі керек, керісінше болған жағдайда бұл міндетті түрде анархияға, қоғамның ыдырауына және бүліктің туындауына әкеп соғады.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кінәлі болғандарға шариғат бекіткен жазаларды қолдану керек болған нәрселер үшін бір-біріңді кешіріңдер, өйткені егер іс (туралы) әмірге (хабар) жетсе, онда Аллаһ жақтаушыны да, жақталып жатқанды да лағынеттейді[101]». ән-Насаи «Сунан», 4886 хадис; имам Малик «Мууатта», №1580 хадис.

Мұсылман әмірінің міндеттерінің бірі, шариғат соты кінәлі адамды діннен шыққандық, ұрлық немесе басқа да бір қылмыс үшін жазаға лайықты деп бекіткен соң,  шариғат бекіткен жазаларды орындау болып табылады.

Сонымен, шариғат бекіткен жазаларды орындау әмірдің айрықша құзыры болып табылады, егер мұсылмандарда әмір болмаса, онда шариғат мақұлдайтын нәрселерге талпындырумен, құпталмайтын нәрселерден қайтаруға деген талпыныспен, даналық, ізгі насихат және ең жақсы құралдармен сөйлесу арқылы  Аллаһқа шықырумен шектелу керек. Жеке тұлғалар туралы айтар болсақ, оларға жазаларды орындауға тыйым салынады, өйткені, алдын айтып өткеніміздей, бұл анархия мен бүліктерге соқтырады және пайдадан көрі көбірек зиян әкеледі, ал шариғаттың бір негізгі ережесі бойынша зиянды болдырмауға пайда келтіруге қарағанда артықшылық беріледі».

Сұрақ: «Құрметті шейх, кімді діннен шыққан деп есептеу керек? Біз сізден нақты анықтама беруіңізді сұраймыз, өйткені діннен шығу туралы айыптаулар кейде күмәнді жағдайларда тағылып жатады».

Жауап: «Діннен шыққандық туралы шешімді де, басқа да маңызды шешімдерді де, білімде мығым болған діндар-ғалымдар ғана шығаруға құзырлы, олар – шариғат соттары және құрметке ие муфтилер. Діннен шыққандық туралы шешімді шығару құқығы кез келген және барлық адамға тиесілі бола алмайды, сондай-ақ, шала білімі барларға немесе дін негізінің мәнін жеткілікті деңгейде терең түсінбегендерге де тиісті емес, өйткені бұл міндетті түрде зиян тигізеді. Мұндай адамдар діннен шыққан болып табылмайтын мұсылманды діннен шыққан деп шешім шығаруы немесе Исламнан шығаратын еш нәрсе жасамаған адамды күпірлікте айыптауы мүмкін.    Мұндай істер өте ауыр болып табылады, өйткені кім өзінің бауырын кәпір немесе пасық десе, ал ол іс жүзінде ондай болмаса, бұл сөздер оны айтқан адамның өзіне қайта оралады.

Сонымен, діннен шыққандық туралы шешімдерді тек шариғат соттарының қазылары және құрметті муфтилер шығара алады, ал шариғат бекіткен жазаларды тек мұсылман әмірлері атқара алады, ал қалғанның барлығы – анархия».

 

Шейх Салих бин Абд әл-Азиз бин Мухаммад Әл әш-Шейхтің (Аллаһ оған есендік берсін) күпірлікте айыптау мәселелесі бойынша жауаптары

Сұрақ: «Мен қарым-қатынас жасайтын кейбір адамдар ең ірі діндар-ғалымдарды кәпір дейді, өйткені олардың ойынша олар көпқұдайшылдарды қолдап, оларға болысады-мыс.  Олар өздерінің балаларын осыған үйретеді және оларды осындай рухта тәрбиелейді, әсіресе мұсылман емес мемлекеттерде жарылыстар ұйымдастыру харам екендігі жайлы пәтуалар жарияланғаннан кейін. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһқа иман келтірген әрбір адам Онымен кездесуге үміт етіп және Одан қорқып, білмеген нәрселері туралы сөйлеуден және ешбір дәлелі болмаған нәрсені  істеуден барлық күш-жігерімен сақ болуы керек. Бұл, әсіресе, сенім негіздері, иман, күпірлікте айыптау, харам мен халал мәселелеріне ерекше қатысты. Мысалы, халал мен харам туралы Аллаһ Тағала былай дейді: «Тілдеріңнің “бұл - харам, бұл - халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар[102], Аллаһқа өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында, Аллаһқа өтірік, жала жапсырғандар құтылмайды. Дүние - аз бір күн көрініс. Олар үшін күйзелтуші азап бар» (ән-Нахль сүресі, 116-117-аяттар).

Бұл аят ешбір айқын дәлел келтірместен белгілі бір нәрселерді халал немесе харам деп жариялайтын адамдарға қатысты. Бұл, сондай-ақ, адамдар өздерінде бұл жөнінде білімі болмаған нәрселерді, олар тәжірибелік сұрақтарға, фиқхтың кейбір салаларына немесе олардан да маңызды болып табылатын ақидаға қатысты болуына қарамастан, Аллаһқа  телитін басқа да барлық жағдайларға да қатысты. Міне, сондықтан Аллаһ Тағала адамға білімі болмаған нәрсеге ілесуге тыйым салды және білмеген нәрсе туралы сөйлеуге де тыйым салды. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп бұйырды: «Күдіксіз Раббым … Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», - де!» (әл-Ағраф сүресі, 33-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек; олардың барлығы одан сұралады!» (әл-Исра сүресі, 36-аят).

Ал хадистердің бірінде Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер адамға (дәлелмен нықталмаған) кеңес[103] берілсе, оның күнәсын осы кеңесті берген көтереді[104]». Абу Дауд «Сунан», №3657 хадис; Ибн Мәжжәһ «Сунан», №53 хадис.

Ақиқаттан елеулі ауытқулар және қажетті анықтамаларсыз мұсылмандарды күпірлікте айыптау сахабалардың көзі тірісі кезінде-ақ орын алған еді, бірақ Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мұндай ауытқулардың алғашқы сипаттары пайда болғанда не істеу керектігін үйретті.

Хадистердің бірінде хабарланғандай, Меккені алудың қарсаңында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірі бойынша оның сахабаларының бірі болған Хатыб бин Абу Бәлтааның меккеліктерге жолдаған хаты қолға түсірілді. Хадисте былай деп жеткізіледі:  «(Бұл хатта Хатыб) Меккедегі көпқұдайшылдардан болған адамдарды Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кейбір істері туралы хабарлаған болатын[105]. (Хаттың мазмұнымен танысып) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не, я, Хатыб!» - деп дауыстап айтты. (Оған жауап беріп Хатыб) былай деді: «(Мені айыптауға) асықпа, я, Аллаһтың Елшісі! Істің мәні мынада: мен құрайштықтардың[106] арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан емеспін[107]. Сенің жаныңдағы мухажирлердің[108] Меккеде туысқандары бар, ал олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды[109]. Ал менің (құрайштықтардың) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді және мен мұны күпірліктен немесе  дінімнен шыққым келгендіктен істемедім!» (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол расында да сендерге шындықты айтты», - деді. Ал, Умарға келер болсақ, ол: «Уа, Аллаһтың Елшісі, рұқсат бер, мен оның басын шауып тастайын!» - деп, дауыстап шіберді. (Бұған Пайғамбар): «Ол Бадр[110] (шайқасына) қатысты ғой, ал сен қайдан білесің, мүмкін Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ (бұл шайқастың) қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» - деген шығар?», - деп жауап берді. әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис. Бұл хадистің Бухари (№3007 хадис) жеткізген басқа риуаятында  Умар, Аллаһ оған разы болсын: «Уа, Аллаһтың Елшісі, рұқсат ет, менің бұл екіжүздінің басын шауып тастайын!» - дегені, ал бұған  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қой оны, Омар», - деп, содан соң Хатыбқа бұрылып одан: «Я, Хатыб, мұны істеуге сені не итермеледі?» - деп сұрағаны жеткізіледі.

Басқа бір хадисте Усама бин Зайд, Аллаһ оған разы болсын, шайқаста «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» [111] деп айтқан адамды өлтірген соң, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!», - дегеннен соң, сен оны қалай өлтіресің?!» - деп оған дауыстап айтқаны жеткізіледі. Усама: «Ол мұны тек қана құтылу үшін айтты ғой!» - деп жауап қатты. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дауыстап: «Бірақ сен Ақырет күні басталғанда «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген (сөздермен) не істемексің?![112]» - деді. әл-Бухари «Сахих», №4269 хадис.

Сөйтіп, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Усамаға, ол осы сөздерді айтқан адамның Исламын мойындамағаны үшін, сөгіс айтты.

Басқа хадисте бір әскери жорықтан кейін соғыстан түскен олжаны бөлу барысында Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бір адам: «Әділетті бол, уа, Аллаһтың Елшісі!» - деп қарсы сөз айтқаны жеткізіледі. Аллаһтың Елшісі дауыстап: «Мен әділетті болмағанда кім әділетті болмақ?», - деді де, оны жомарттықпен еншіледі, ал содан соң ол былай деді: «Бұл тамырдан[113] адамдар бөлініп шығады, және сендердің кез келгенің өзінің намаздары мен оразаларын олардың намаздарымен және оразаларымен салыстырғанда болмашы аз деп санайды, алайда ол адамдар діннен қайтады» әл-Бухари «Сахих», №3610 хадис.

Мұндай адамдар  Усманның[114], Аллаһ оған разы болсын, басқару тұсында  пайда болған хауариждер болды. Бұл адамдардың ауытқуына олардың «Әмір өзіне Аллаһ жүктеген міндеттерді орындамай жатыр» деген пікірі әкеп соқтырды. Осының салдарынан олардың кейбіреулері оны күпірлікте айыптай бастады, ал басқалары мұндай әмірді өлтіру керек деп шешті және олар, шынымен де, оны өз бетімен кетушілікте айыптап, өлтірді.

Тура сол кезеңде олар мұсылмандардың біртұтас тобын айыптады, ал бұл жағдай Алиді  оларға қарсы шығуға итермеледі, оны да олар кейіннен күпірлікте айыптады.  Саны 120 мың адамға жеткен бұл адамдарға Ибн Аббас[115] барды. Ол екі мәселе бойынша қайшылықты жою мақсатымен,  оларды насихаттауға және олармен айтысуға кірісті, олар – адамдар Аллаһтың Кітабы бойынша үкім ету қажеттігі  мәселесі және күнә жасаушы адамдарды күпірлікте айыптау мәселесі. Ибн Аббаспен болған пікірталастан кейін  кейбір адамдар оларға қайта оралды, ал кейбіреулері қайтуға келіспеді, сөйтіп сол кезден бері мұсылман үмметінде мұндай айтысулар тоқтаған емес.

Күпірлікте Усман және Али, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, айыпталды және басқа да әмірлерге олардың қарсыластары осындай айыптауларды түрлі себептермен қойып отырды.

Күпірлікте айыптау діннен шыққандық туралы шешім шығаруды меңзейді. Алайда Исламды қабылдағаны анық мұсылманның діннен шыққандығы туралы шешімді адамдар бұрын бұл адамның Исламы туралы қандай сенімде болған болса, оның діннен шыққандығына да сондай сенуге мүмкіндік беретін шариғаттың сенімді нұсқауы болғанда ғана шығаруға болады.  Бұған Аллаһ Тағаланың: «…сондай-ақ олар Исламды қабылдағаннан кейін кәпір болды» (әт-Тәубә сүресі, 74-аят), - деген және Оның басқа да: «Сендер иман келтіргеннен кейін кәпір болдыңдар[116]» (әт-Тәубә сүресі, 66-аят), - деген сөздері негіз бола алады.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Ал сондай иман келтіргеннен кейін күпірлікке кіргендер және күпірліктерін арттырғандар, олардың тәубесі әсте қабыл болмайды» (Әли Имран сүресі, 90-аят).

Исламды қабылдаған немесе иман келтірген адам иманнан қайтуы мүмкін екендігіне нұсқайтын басқа да аяттар бар. Алайда Сүннет пен келісімнің жақтаушылары діннен шыққандық туралы айыптауды көптеген мәлім болған шарттармен байланыстырады. Бұдан тыс, олар қандай да бір сөз немесе әрекет күпірлікке айғақ болады деген нұсқаулар мен шариғат үкімдерін орындауға міндетті болған мұсылманның осыны істегені арасында айырмашылықтар қояды және осы нәрсе оны діннің шеңберінен тыс қояды ма - соны анықтайды. Іс жүзінде адам кейбір мәселелер туралы білмеуі де мүмкін, ол ақталуға лайықты немесе лайықты емес болуы мүмкін және тағысын-тағы, ал мұның барлығы белгілі шарттардың орындалуын жіне тиісті кедергілердің болмауын талап етеді.

Мұндай мәселелерде Сүннеттің жақтаушылары хауариждер мен муржилердің[117] арасындағы орта қалыпты ұстанады. Хауариждер адамдарды күнә жасағандықтары үшін, кәпірлермен достық қарым-қатынастарын ұстанғандары үшін және осыған ұқсас нәрселер үшін күпірлікте айыптады. Ал муржилерге келер болсақ, олар иман келтіргендерді олардың амалдары, сөздері немесе сенімдері үшін діннен шығушылықта айыптауға болмайды деп есептеді.

Сүннеттің жақтаушылары иман келтіргені белгілі адамды тек тиісті дәлелдер болған, қажетті шарттар орындалған және белгілі кедергілер болмаған жағдайларда ғана діннен шығушылықта  айыптауға болады деп тұжырымдап, хауариждер мен муржилердің екі арасындағы қалыпты ұстанады.

Бірақ бұл, сондай-ақ, барлық шарттардың орындалуының және кедергілердің болмауының қажеттігін ескеріп, қажетті дәлелдерді қоятын адамның шариғат тұрғысынан қажетті мамандық-дәрежеге ие болуын да талап етеді. Мұндай адамдар заңдарды түсіндірудің тәсілдерін игерген және барлық қажетті жағдайларға баға бере алатын шариғат судьялары (қазылары) болып табылады.

Өзге жақтан қарағанда, шариғи білімін аяқтамаған адамдар, дәлелдеу тәсілдері және осыған қатысы бар барлық нәрсе туралы білімі жеткіліксіз болғандықтан, мұндай міндеттерді орындай алмауы мүмкін. Бұл жерде белгілі біреудің күпірлікке кіргендігі жөніндегі пайымдауды дәйекті түрде негіздей алатын шариғат судьясының (қазысының) шешімі керек. (Керісінше болған жағдайда) бұл діннен шығушылықта айыптауға душар етіп, көптеген  салдарға ие болуы  мүмкін.

Егер осы айқын болса, онда Сүннет пен келісімнің жақтаушыларынан (әһлю-сунна уәл-жамаъадан) болған діндар-ғалымдардың иманын және Исламы мен сенімінің  дұрыстығын қаралаудан өзгелерге қарағанда көбірек сақ болу керек. Тұтас алғанда, мұсылман діндар-ғалымдары дінге қатысты болған барлық нәрсемен айналысады. Олардан (адамдар) дінді және ақиқатты жалғаннан ажыратуды үйренеді. Міне, сондықтан Пайғамбардың: «Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!» - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады[118]» әл-Бухари «Сахих», № 6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис,  - деп айтқан сөздері бірінші кезекте соларды күпірлікте айыптайтындарға қатысты және мұндай сөздер міндетті түрде не оларды айтқан адамға, не олар кімге бағытталып айтылған болса, соған қайтуы керек. Бұл осындай сөздерді айтып жатқан адамға зор қауіп болып табылады, өйткені егер (ол айыптап тұрған) адам ол айтқандай болмаса, онда осындай айыптауды таққан адамның өзін кәпір деп есептеу керек болады. Міне, сондықтан осы тәрізді мәлімдемелерге өте сақтықпен қарау керек.

Діндар-ғалымдар шариғаттың, Құран мен Сүннеттің кең түсінігіне ие екеніне және шариғаттың нұсқауларын білетініне күмән жоқ, бұл оларға мәселелерді жан-жақтан қарауға мүмкіндік береді.

Фиқх[119] мәселелерін шешу екі алғышарттарға негізделеледі. Біріншісі – тиісті (шариғи) нұсқаудың болуы, бұл оны дәлел ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. (Нұсқау дегенде) Құран мен Сүннеттің таласты мәселе бойынша нұсқауы айтылып тұр, ең алдымен оны табу керек, ал кейін түсіну қажет, нәтижесінде діндарларға осы аяттың немесе хадистің мағынасы неде екіндігі айқын болады.

Екінші алғышарттың мәні осы нұсқаудың белгілі бір шешімге қатыстылығын анықтауда, басқаша айтқанда тиісті шешім шығару үшін осы мәселені қандай да бір нұсқаумен байланыстыруға болатынын анықтауда.

Мұндай қатынасты анықтау ижтихадпен байланысты[120]. Діндар-ғалымдар білімнің шыңына әлі жетпеген адамдардан ерекшеленеді, өйткені көптеген осындай адамдар бірінші алғышарт туралы түсінікке ие болуы мүмкін, бірақ екіншісі туралы, яғни қажетті шешім шығару үшін қандай да бір мәселені шариғаттың тиісті нұсқауымен қалайша байланыстыру туралы ешнәрсе білмеуі мүмкін.

Мұның барлығы білім ізденушіден абайлық танытуды талап етеді, ал оның ар-ожданы таза болуы үшін ол білмейтін нәрсені қараумен айналыспау қажеттігін ұмытпауы керек. Және адам өзінен көбірек білетіндердің қатарынан бір адам болса да басқа пікірді ұстанатынын көрсе, бұл оның таңдаған бағытының дұрыстығы туралы оған күмән ұялатуы мүмкін, тіпті басқа пікірді көптеген діндарлар ұстанатын жағдайды айтпағанда.

Міне, сондықтан ірі діндар-ғалымдарды олар көпқұдайшылдарды қолдайды деп айыптау төменде келтірілетін бірнеше себептерге байланысты өте қауіпті болып табылады.

1. Ірі діндар-ғалымдар, хауариждердің баскөтерулері кезінде сахабалардың істегендеріндей, ақиқатты түсіндіреді және осының себебімен оларды біреу күпірлікте айыптаса, бұл әлі оның мұнысы дұрыс екендігін білдірмейді.  Мұндай адам өз-өзіне қарсы қылмыс жасауда, ал шариғат судьясы (қазысы) мұндай әрекеттерді тоқтату керек және күнәлі адамды өнегелі, ғибратты жазаға тарту қажет, бұл оны болашақта осындай әрекеттерді жасаудан ұстап қалады. Егер ешкім де осындай жағдайларда шариғат бекіткен ғибратты жазаға тартылмаса, мұндай әңгімелер жиі жүретін болады. Бұрын судьялар /қазылар/ мұсылманды өзінің бауырын ит деп атағаны үшін немесе осыған ұқсас бір нәрсе айтқаны үшін ғибратты жазаға тартушы еді, өйткені бұл оның ар-намысына нұқсан келтіруші еді. Ал іс мұсылман, егер ол Аллаһтан қорықса, тағуға тиісті емес осындай ауыр айыптауларға қатысты болып жатса, мұндай жазаны қолдану тіпті кажет-ақ.

Енді көпқұдайшылдар мен кәпірлерді қолдау туралы мәселеге келсек. Біз бірқатар кездесулерде бұл мәселені зерттеумен айналысып, тиісті түсіндірмелерді беріп, иманға ие болу (дегеніміз)  оған ұмтылуды және күпірліктен аулақ болу дегенді білдіреді дегенге нұсқаған болатынбыз, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Шынайы түрде сендердің қамқоршыларың - тек қана Аллаһ және Оның Елшісі, және намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рұкұғ қылушы мүміндер. Кім Аллаһқа, Елшісіне және мүміндерге жақындықты іздесе, міне солар - шынайы түрде Аллаһты жақтаушылар. Солар жеңіске ие болады» (әл-Мәидә сүресі, 55-56 аятттар).

Және иманды болу дегеніміз түрлі құдайлардан және оларға ғибадат етуден өзін аулақ етуді білдіреді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: “Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім; мені жаратқан (Аллаһқа) ғана (құлшылық етемін). Расында, Ол мені тура жолға салады”, - деді.  Ибраһим өз ұрпақтарына бұл сөзді[121] (айнымас) мұра етіп, қалдырды. Әрине, олар осыған қайта оралар[122]» (әз-Зухруф сүресі; 26-28-аяттар).

Сөйтіп, иманның негізі оған деген жақындық және күпірліктен, Аллаһтан өзге кімге болса да ғибадат етуден өзін аулақ ұстау болып табылады, ал бұл иман келтіргендермен достық қарым-қатынаста болып, кәпірлерге қатыссыз болуды меңзейді.

Достық қатынастарды дін және дүние істерінде танытуға болады. Егер сөз дүние істері туралы болып жатса, онда бұл мұсылманды діннен шығармайды. Мұның мысалдары құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту, дінге шақыру және сөйлесу болып табылады. Мұсылман адам осылайша христиан-әйелімен немесе мұсылман емес әкесімен қарым-қатынас жасай алады.

Жақындасу мақсатымен емес, тек қана ортақ дүниелік мүдделер үшін ғана болған достық қарым-қатынас, тіпті бұл дін мәселесіне қатысты кейбір кемшіліктерге соқтырса да. Бұған мына аят нұсқайды: «Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер» (әл-Мумтахина сүресі, 1-аят).

Бұл жерде олар иман келтірмегендерге сүйіспеншілік көрсеткендігі айтылуда, дегенмен Аллаһ оларды иман келтіргендер деп атап тұр. Көптеген ислам ғалымдары Аллаһтың бұл сөздері мұндай адамдардың әрекеттері күпірліктің сипаты болмайтындығына нұсқайтынын айтады.

Міне, сондықтан белгілі хадисте жеткізілетініндей, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хатыбтан, оның сырды жариялауын ескеріп: «Я, Хатыб, мұны істеуге сені не мәжбүрледі?» - деп сұрады. Хатыб, Аллаһ оған разы болсын, бұған жауап беріп, мұны діни мүдделерді емес, дүние мүдделерін көздеп істегенін айтты.

Кәпірмен оның дініне байланысты достық қарым-қатынасты ұстау: яғни сүйіспеншілік танытудың және қолдау көрсетудің себебі көпқұдайшылық болып табылған жағдай, басқаша айтқанда кәпірді оның дініне байланысты жақсы көру. Мұндай жағдайларда достық қарым-қатынасты ұстау мұсылманды кәпір етеді, өйткені бұл - Аллаһ сақтауға бұйырған кемел дінмен үйлеспейді. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген адамдардың Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің» (Мужәдәлә сүресі, 22-аят).

Ал көпқұдайшылдарға (олардың дінін жақсы көріп) қолдау көрсетуге және оларға мұсылмандарға қарсы көмектесуге келер болсақ, мұндай әрекеттер адамды Исламның шеңберінен тыс қояды, бұған нұсқау ханбалилердің фиқх еңбектерінде келеді. Ғалымдар, солардың ішінде  шейх-уль-ислам Мухаммад бин Абд әл-Уаххаб, мұның адамның Исламын жоққа шығаратын он нәрсенің құрамына кіретінін және екі нәрсеге: қолдау мен көмекке негізделетінін атап айтқан.

Шейх: «Көпқұдайшылдарды қолдау және оларға мұсылмандарға қарсы көмек көрсету», - деді.  Бұл жерде мұсылмандардан әлдекім көпқұдайшылдардың жағына шығып, оларды қорғағанда және оларды қорғау үшін мұсылмандармен соғысқанда   кез келген әдістермен қолдау көрсету тұспалданып тұр.

Ал көмекке келер болсақ, сөз күпірліктің Исламнан үстем болуына ұмтылу туралы болып тұр, өйткені көпқұдайшылға көмек көрсетудің жай өзі ғана мұсылманның күпірлігіне айғақ бола алмайды. Сол сияқты, Хатыб та өзінің қылығымен көпқұдайшылдарға Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы көмек көрсетті, ал бұл оның оларға Аллаһтың Елшісі жорыққа шығайын деп жатқанын хабарлап хат жазуында көрініс тапқан еді. Бұдан хабардар болған Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан мұның жөн-жоғасы туралы сұрай бастады, ал бұл нәрсе егер мұсылман көпқұдайшылдарға көмек көрсеткен жағдайда  істің барлық жағдайын анықтап алу қажеттігіне нұсқайды. Мұндай әрекеттер туралы Аллаһ Тағала былай деді: «Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты» (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят), - дегенмен мұндай әрекет тек бір белгілі мақсатты көздеп іске асырылғанда ғана күпірлікке нұсқау бола алады. Хатыб былай деді: «Я, Аллаһтың Елшісі! Мен мұны Исламнан кейін күпірлікке ұмтылғаннан істемедім. Істің мәні мынада; мен құрайштықтардың арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан (тайпасынан) емеспін. Сенің жаныңдағы мухажирлердің Меккеде туысқандары бар, олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды. Ал менің (құрайштықтардың) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді». (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһ Бадр қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» - деді». әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис.

Хатыбтың істегенінің екі тұрғысын көрсетуге болады. Біріншісі – одан рет-жөні сұралған нәрсе. Яғни ол мұны күпірлік Исламнан үстем болсын деген мақсатпен істеді ме, осыны анықтау қажет еді. Мұндай жағдайда ол күмәнсіз күпірлікте айыпталуға лайық болар еді және Бадр соғысына қатысқанына қарамастан, кешірілуге тиісті емес еді, өйткені мұндай іс діннен шығумен пара-пар.

Екіншісі – оның адасу және күнә болатын белгілі мағынада көпқұдайшылдарға көмек көрсеткен болуы мүмкін екендігі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер» (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты» (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят). Мұның барлығы осындай істерде істің мән-жайын анықтау қажеттілігі айқын екендігіне нұсқайды. Ал егер көпқұдайшылдарға оларды қорғау мақсатымен қолдау көрсету және олармен бірге мұсылмандарға қарсы шығуға келер болсақ, мұндай әрекеттер, діндар-ғалымдар түсіндіргендей, адамның Исламын жоққа шығарады.

Мұндай сұрақтар кең және ұзақ жауаптарды талап етеді. Көптеген тиісті зерттеулер шейх Абд әл-Азиз Ибн Баз және шейх Мухаммад бин Усаймин тарапынан  әлдеқашан жүргізіліп жатқанына қарамастан, мұндай сұрақтар, өкінішке орай, қайталанып қойылуда және біз өзгелерді күпірлікте айыптау  әдеті адамдардың арасында солайымен жойылмайды ма деп қорқамыз.

Хауариждер және хауариждік көзқарастар ешқашан жойылмайды, ал адамдар өздерін түзетпесе және сақтық танытпаса, үнемі бір нәрседе адасуда болады.

Біз барлығымыз сақтық танытуымыз, ақиқатты тануға тырысуымыз, бірімізді біріміз оны ұстануға талпындыруымыз және Пайғамбарлардың мирасқорлары болған діндар ғалымдарды қаралауды өзімізге рұқсат етпеуіміз керек. Ибн Асакир өзінің «Жалақордың өтірігіне нұсқау» атты кітабының басында: «Ғалымдардың еті уланған[123] және Аллаһ оларды қаралаушылармен не істейтіні белгілі», - деп өте жақсы айтқан. Мұның барлығы - ақиқат және тәжірибемен расталады.

Бізді де, сізді де Аллаһ қате сөздерден мен істерден және жаман көзқарастардан сақтасын, Ол адасқан мұсылмандарды ақиқат жолына шығарсын және біз бен сізге ақиқатты түсіндірсін.

Күпірлікте айыптауға және адасуға қатысты мәселелерде өзгеше көзқарастарды ұстанатын және заттарды олардың іс жүзіндегі кейпінен өзгеше көрсетуге тырысатын адамдарға қалайша жауап беру керектігін біз түсініп алуымыз қажет.

Біріншіден, өтірікке өтірікпен жауап бермеу керек, өйткені жалғанға тек ақиқатты қарсы қою керек. Егер каңдай да бір адам бізді күпірлікте айыптаса, біз оны бұл үшін күпірлікте айыптамауымыз керек, егер қандай да бір адам бізді дінге жаңалық енгізушілікте айыптаса, біз осы үшін оған да осындай айып тақпауымыз керек. Мұндай жағдайларда өтірікке тек ақиқатты ғана қарсы қою керек, Сүннет пен келісім жақтаушыларының (әһлю-Сунна уәл-жамаъаның) имамдарынан болған біздің алдынғы салиқалы буындарымыздың өкілдері де осылай істеген.

Екіншіден, мұндай адамдарға ақиқат жолын насихаттауға тырысу керек және оларға қандай әдістер қолайлы болатындығы жөнінде ойлану керек. Егер олар ізгі насихатқа мұқтаж болса, оларға мұндай насихатты беру керек,  ал егер күмән туғызатын нәрселерді түсіндіру керек болса, оларға қажетті түсіндірмелерді беру керек, мүмкін осы нәрселер арқылы Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ олардың кейбіреуін ақиқат жолына, Ибн Аббас арқылы, Аллаһ оған разы болсын, хауариждердің кейбірін салғандай, салар.

Бұдан тыс, өзінің Ұлы Раббысынан ғана олардан пана таба алатын, барлық тоқыраулардың, бүліктердің және жұтаулардың кезінде  адам Оған тілек–дұғалармен жалбарынуы керек.  Кім өзінің Раббысымен байланысын үзіп, Оған дұға-тілектерімен көмек сұрап жалбарынбаса, опат болады. Егер тіпті Аллаһтың қолдауына ие болған және ақиқатқа уахи арқылы бағытталып отырған Пайғамбарымыз  Мухаммадтың өзі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһ, Өзіңнің рұқсатыңмен мені (адамдар арасында) оған қатысты қайшылық туындаған ақиқатқа бағытта! Ақиқатында, Сен тура жолға  қалағаныңды саласың!» - деп жалбарынатын болса, біз және біз сияқтылар туралы не айтуға болады? Біз, әрине, тілеу мен жалбарынуға көбірек мұқтажбыз. Біз өзіміз үшін және осындай мәселеде олар ақиқатқа қарсы шығып жатқаны бізге мәлім болғандар үшін дұға етуіміз керек.

Алайда егер біреу басқаларды күпірлікте айыптап, адасып, адамдарға дұшпандық танытып және оларды қаралап, дұрыс істемей жатса, бұл біз де оларға солайша жауап беруіміз керек дегенді білдірмейді. Жоқ, бұл жерде сабыр танытып, мұндай адам үшін дұға етуіміз керек, өйткені білім ізденушінің мақсаты – адамдарды түзеу. Олар сенің сөздеріңді тыңдауы, не тыңдамауы мүмкін, бірақ оларды тура жолға салу міндеті саған жүктелмеген, өйткені Аллаһ ғана тура жолға қалағанын  салады.

 

 

 

 

 

ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ

ДІНДАР-ҒАЛЫМДАРДЫ БАЛАҒАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ

Умар бин Салимнің, Мухаммад бин Абд әл-Ләтифтің және Абдуллаһ әл-Анкаридің (Аллаһ оларды рахым етсін) діндар-ғалымдарды балағаттау жөніндегі мәлімдемесі

 

Діндар-ғалымдарды жағымпаздануда, селқостықта, өз міндеттерін орындаудан бас тартуда, сондай-ақ өздеріне белгілі болған ақиқатты жасырып айтпай қоюда айыптайтын надан тұлғалардың көптеген әрекеттеріне назар аудару қажет. Бұл надан адамдар діндар-ғалымдарға жаман сөздер айту және иман келтіргендердің намысын қорлау - жойқын у, жасырын дерттің айғағы және айқын күнә екендігін білмейді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер[124], әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды» (әл-Ахзаб сүресі, 58-аят).

Егер әділетті адам осындай аяттарды және сол мағынадағы хадистерді және Пайғамбардың сахабалары мен білім мен ақылға ие адамдардың айтқандарын естісе, және Аллаһтың алдында тұратынын, және өзі не айтып-істегені үшін жауапқа тартылатынын түсінсе, ол тоқтайды және алдағы уақытта мұндай әрекетті жасамайды.

Ал өзінің надандығының және қалауларының ықпалына түсіп, өз пікірімен сүйсінетіндерге келер болсақ, бізде оларға ықпал ету мүмкіндігіміз жоқ. Аллаһтан өзімізге және Исламдағы бауырларымызға игілік тілейміз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол бұны істей алады.

 


[1] Суннет – өнеге; әдет; жол. Бүкіл мұсылман үмметі және әрбір жеке мұсылман үшін өмір сүрудегі басшылық ретінде   Мухаммад Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмір өнегесі аталып тұр. Сүннетті хадистер құрайды. Хадис деп Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқаны, істегені, құптағаны туралы куәгер сөзінен жеткен хабар аталады.

[2] Аят – таңғаларлық құбылыс, белгі; ғажайып; Кұран мәтінінен бөлінетін ең шағын үзінді.

[3] Пәтуа – діни-құқықтық мәселе бойынша беделді, құзырлы тұлға шығаратын шешім.

[4] Жахилиет – нандандық, Исламға дейінгі заман,  көпқұдайшылық және пұтқа табынушылық кезең.

[5] Ислам және оған қатысты барлық нәрсе айтылып тұр.

[6] Не көпқұдайшылық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

[7] Яғни оның өмірін сақтап қалады.

[8] Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

[9] Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

[10] Ибн Касир және Әл-Қуртуби – Құранның  көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

[11] Ислам фиқхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 - Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған  24.08.2021 ж. (х. 12.01.2022 ж.)

[12] Яғни оған, осы жасағаны үшін, Тозақ жеткілікті жаза болады.

[13] Қорғау астында болғандардың қатарына Кітап иелері, яғни яхуди мен христиандар жатады.

[14] «Муахад» - Исламды қабылдамаған, бірақ мұсылман территориясында келісім бойынша өмір сүріп, жизья (жеке басына төленетін салық) төлеп тұратын адам.

[15] «Әд-Дағуа» журналы, №1548 18.06.2022 ж. (х. 12.02.2022 ж.).

[16] Тәпсірлердің біріне сәйкес бұл жерде Қасиетті Мешіт аймағында кез келген күнәнің жасалуы айтылып тұр.

[17] Шейх Абд әл-Азиз Ибн Баздың, Аллаһ оны рахым етсін, пәтуалары мен мақалаларының жинағы.

[18] Аллаһтың елшілері көрсеткен мұғжизалары және олар өзімен алып келген заңдары айтылып тұр.

[19] Бұл жерде шейхтың Сауд Арабиясы Корольдігінің теледидарына шығып сөйлеген сөзінің мәтіні келтірілген.

[20] Яғни монахтың.

[21] Жихад (тілдік мағынасы - күшті барынша жұмылдыру) – мазмұны өте сыйымды ислам термині. Жалпы қолданыста дін үшін күресті білдіреді, оған жүректің жихады да (өз нәпсісінің жаман жақтарымен күресу), тілдің жихады да (жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтару), қылыштың жихады да (дінді қарумен қорғау) т.б.кіреді.

Еуропалық қоғамдық санада жихад туралы тек «қылыш жихады» деген түсінік қалыптасып қалған, алайда Құран мен Сүннетке сәйкес бұл ұғым көп мағыналы болып табылады.

[22] Шейх-уль-ислам (исламның ақсақалы) – кейбір көрнекті діндарларға берілетін құрметті атақ.

[23] Таки әд-дин Ахмад ибн Таймия (1263-1328 жж.) – ханбали мазхабының теологы және құқықтанушысы.

[24] Имам (тілдік мағынасы – алда тұрушы, жетекші) – намазда алда тұрушының, рухани жетекшінің, мұсылман қауымдастығы басшысының, көрнекті діни тұлғалардың және діни-саяси жетекшілердің  лауазымы. «Шейх» деген атақ сияқты, «имам» деген атақ та ислам әлемінің кейбір атақты қайраткерлерінің атының ажырамас сипаты болып қалыптасып қалды, мысалы: имам Малик, имам әш-Шафи’и.

[25] Имамат – мұсылман үмметіне жоғары басшылық жасау.

[26] Бұған Құран аяттарының бірінде немесе Пайғамбар Сүннетінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, айқын нұсқау аталып тұр.

[27] Басқаша айтқанда, әмірге бойсұнудан шыққандар мойынсұнбайтын күнәхарлар сияқты өледі.

[28] Мысалы, егер ыза өзінің қандастарын немесе руластарын, олардікі дұрыс немесе дұрыс еместігіне қарамастан,  қолдауға деген қалаудан туындаса.

[29] Бұл парыздар – «Аллаһтан өзге кұлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мухаммад – Оның елшісі» деп куәлік беру, намазды орындау, зекет төлеу, қажылық жасау және рамазан айында ораза ұстау.

[30] Әмірге, тіпті ол пасық болса да, бағыну - Аллаһқа құлшылық етудің бір көрінісі.

[31] Бұл жерде мұсылман әмірі елде осындай намаздардың қалдырылмай орындалуына жауапты екендігі айтылып тұр.

[32] Әл-Уасиқ (842 - 847 жж.) – Аббасилер әулетінің халифасы.

[33] Фақих – мұсылман құқығының білгірі.

[34] Имам Ахмад бин Ханбәл, Аллаһ оны рақымына бөлесін.

[35] Бұл жерде әңгіме сол кезде биліктің қолдауына ие болған адасқан муътәзилә ағымының Құранның жаратылғандығы жөніндегі тезисі жөнінде және ғалымдар мен фақихтардың айыптауын туғызған басқа да кейбір істер туралы жүріп жатыр.

[36] Бұл жерде әмірге бағынбау айтылып тұр.

[37] Бұған Құран аяттарының бірінде немесе Пайғамбар Сүннетінде, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, айқын нұсқаудың болуы аталып тұр.

[38] Әл-Бухари «Сахих», №3344 хадис; Муслим «Сахих», №1064 хадис; Абу Дауд «Сунан», №4764 хадис; ән-Насаи «Сунан», 5/87.

[39] Мінбер – мешіттің ішіндегі имам құтпа (уағыз) айтатын биіктік.

[40] Усман, Аллаһ оған разы болсын, үшінші салиқалы халифа еді, ол 656 ж. өлтірілді.

[41] Усама бин Зайд, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ең көрнекті сахабаларының бірі еді.

[42] Басқаша айтқанда, Усама әмірдің істерін көпшіліктің алдында талқылайтын алғашқы адам болғысы келмеді.

[43] Муғауия (661 - 680 жж.) – Умайя әулетінен шыққан алғашқы халифа.

[44] «Насыха» сөзі ықылас танытудың объектісі болған адамға игілік қалауды және шын шыректен қарым-қатынас жасауды білдіру үшін қызмет атқарады және көп мағыналы болып табылады, басқа да мағыналарға қоса ол игі кеңесті, пайдалы насихатты, шынайы ықылас пен шын жүректен жасалған қатынасты білдіреді.

[45] Бұл – Аллаһқа иман келтіруде, Оның әмірлеріне мойынсұнуда, Ол тыйым салған барлық нәрседен тыйылуда, көпқұдайшылықтың кез келген түрінен бас тартуда және тағы да басқа сол сияқты амалдарда көрінеді.

[46] Бұл Құранның Аллаһтың сөзі екендігіне шын ықыласпен сенуді тұспалдайды.

[47] Аллаһтын Елшісіне деген,  оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ықыласты қатынастың көрінісі – оның алып келген жолдауы ақиқат екендігіне кәміл сену, оның әмірлерінің барлығына мойынсұну және оны ардақтап сүю.

[48] Бұл мыналарда көрініс табу керек: әмірлерге игі нәрселердің барлығында болысу; оларға шариғатқа қайшы келмейтін нәрселердің барлығында бағыну; және қажет болған жағдайда оларды барлық жамандықтан тосып қалуға талпыныс жасау.

[49] Мұсылмандарға деген ықыласты қатынас олармен бауырлық қарым-қатынас жасауға, оларға көмектесуге, игі кеңестер беруге ұмтылуда, тағы да басқаларда көріну керек.

[50] Немесе шариғат айыптайтын бір нәрсе істеліп жатқандығы жөнінде хабардар болса.

[51] Мысалы, шарап сатып жатқандардың ыдыстарын сындырып тастау.

[52] Мысалы, шариғаттың үкімдерін бұзып жатқан адамдарды көпшілік алдында айыптау.

[53] Бұл жерде орын алып жатқан нәрсемен іштей келіспеушілік білдіру жіне оны тәрк ету туралы айтылып тұр, егер көпшілік алдында айыптау мұсылманға едәуір зиян тигізетін болса.

[54] «Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/245.

[55] «Шейх Абд аль-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/246.

[56] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[57] Бұл жерде ең жақсы дәлел-дәйектерді қолдану әрі тұрпайылықтың кез келген түрін жоққа шығаратын пікірталас жүргізудің ең жақсы тәсілдері айтылуда.

[58] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[59] Пайғамбарлар.

[60] «Хақ» дегенде бұл жерде иман және игі амалдарды жасау, басқаша айтқанда өзінің діни міндеттерін атқару және адамдарға жақсылық жасау түсініледі.

[61] Аллаһқа мойынсұнуда және оған бойұсынбаудан бас тартуда сабырлық таныту, сондай-ақ барлық ауыртпалықтарды сабырлықпен көтеру айтылып тұр.

[62] Не көпқұдайшылық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

[63] Яғни оның өмірін сақтап қалады.

[64] Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

[65] Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

[66] Ибн Касир және Әл-Қуртуби – Құранның  көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

[67] Ислам фиқхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 - Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған  24.08.2021 ж. (х. 12.01.2022 ж.)

 

[68] Мазхаб – діни мектеп.

[69] Муслим «Сахих», № 3005 хадис. Бұл хадисте бір патша оған өз дінінен бас тартуды бұйырған жасөспірім туралы баяндалады. Жасөспірім бұған келіспеді, сонда патша оны өлтіруді әмір етті, бірақ оның қызметкерлері бұл әмірді орындауға қанша тырысса да, оған еш нәрсе істей алмады. Әрі қарай бұл хадисте былай баяндалады:

«Жасөспірім патшаға: «Менің бұйырғанымды істемесең, Сен мені ешқашан өлтіре алмайсың!» - деді. Патша одан: «Ол не?», - деп сұрады. (Жасөспірім): «Адамдарды бір төбеге жина да, мені пальма ағашының діңгегіне байлап таста. Сосын менің қорамсағымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», - деп айт та, содан соң ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», - деп жауап берді. Сонда (патша) бір төбеге адамдарды жинап, (жасөспірімді) пальманың діңгегіне байлап, оның қорамсағынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Осы жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!», - деп оқ атты. Оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!», - деп айта бастады.  Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің сескенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!», - деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірін отқа тастаңдар!», - деді».

[70] Бұл хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (қасақана) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнын үздіксіз соға береді», - деп айтқаны жеткізіледі. Әл-Бухари «Сахих», № 5778.

[71] Шахид — дін үшін болған соғыста қаза болған адам.

[72] Яғни осы сөздерді айтқан адамға, немесе іс ол айтқандай болса, сол туралы айтылған адамға.

[73] Осы сөздер кімге айтылған болса, сол адам.

[74] Тәпсірлерде бұл жерде не қара түнек қараңғылық, не әртүрлі қиындықтар, не азаптар мен жазалар айтылады деп нұсқалады.

[75] Яғни өлтірілген адам.

[76] «Муахад» - Исламды қабылдамаған, бірақ мұсылман елінде келісім бойынша өмір сүріп, жизья (жеке басына төленетін салық) төлеп тұратын адам.

[77] Бұл – Аллаһқа иман келтіруде, Оның әмірлеріне мойынсұнуда, Ол тыйым салған барлық нәрседен тыйылуда, көпқұдайшылықтың кез келген түрінен бас тартуда және тағы да басқа сол сияқты амалдарда көрінеді.

[78] Бұл Құран – Аллаһтың сөзі екендігіне шын ықыласпен сенуді тұспалдайды.

[79] Аллаһтын Елшісіне деген,  оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ықыласты қатынастың көрінісі оның алып келген жолдауы ақиқат екендігіне кәміл сену, оның әмірлерінің барлығына мойынсұну және оны ардақтап сүю болып табылады.

[80] Бұл мыналарда көрініс табу керек: әмірлерге игі нәрселердің барлығында болысу; оларға шариғатқа қайшы келмейтін нәрселердің барлығында бағыну; және қажет болған жағдайда оларды барлық жамандықтан тосып қалуға талпыныс жасау.

[81] Мұсылмандарға деген ықыласты қатынас олармен бауырлық қарым-қатынас жасауға, оларға көмектесуге, игі кеңестер беруге ұмтылуда, тағы да басқаларда көріну керек.

[82] Мухаддис - «хадис білгірі».

[83] Такийа (саналылық, сақтық) – шиғалар басшылыққа алатын негізгі ұстанымдардың бірі болып табылатын «өз дінін саналылықпен жасыруды» білдіретін техникалық термин.

[84] Яғни оны кәпірлерге және адасқандарға қосып қоямыз.

[85] Бұл жерде мұсылманның мұсылманды балағаттауы және мұсылмандырдың өзара соғысуы туралы айтылуда.

[86] Яғни соғысты тоқтатып, талас мәселелерді шариғат бойынша шешуге келіспеген.

[87] Яғни осы сөздерді айтқан адамға немесе осы сөздер кімге қатысты айтылған болса, сол адамға.

[88] Осы сөздер кімге айтылған болса, сол адам.

[89] Басқаша айтқанда, бұл адам Исламды қабылдағанын жариялады.

[90] Бұл сөздер астарлы болып табылады және «Әлде сен оның жүрегінің ішіне қарап, онда осыны көрдің бе?» дегенді білдіреді.

[91] Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, иман адамның жүрегінде жасырылғандығы туралы айтқысы келді, ал бұл адамның сенгені немесе сенбегені туралы бір ғана Аллаһ үкім шығара алады дегенді білдіреді.

[92] Туралық - «худа» дегенде  адамдарды ақиқат жолына шығаратын барлық нәрсе тұспалданады.

[93] Мұсылмандардың Эфиопияға (615 ж.) және Мәдинаға қоныс тебуі айтылып тұр (622 ж.).

[94] Яғни менің өлімімнен кейін.

[95] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[96] Хайбар – алқаптың (оазистің) аты.

[97] Мұндай түйелер сол заманда арабтардың ең құнды мүлкі етін.

[98] «Әд-дауа әс-Саудийа» журналы, №1511, қыркүйек, 1995 ж. (жумәдә әл-улә айы, х.1416 ж.).

[99] Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

[100] Жәхилиет – исламға дейінгі дәуір, пұтқа табынушылық кезеңі. Кейбіреулер бұл мемлекеттерде өмір сүріп жатқан адамдарды пұтқа табынушыларға теңейді деген айтылып тұр.

[101] Шариғатқа сәйкес, әмірлерден Құранда бекітілген, бұлжытпай орындалуға тиісті  жазаларды қолданбауды сұрап баруға тыйым салынады.

[102] Яғни өздерің ойларыңнан шығарған және ешбір мығым негізі жоқ ешбір нәрсені рұқсат етпеңдер және тыйым салмаңдар.

[103] Бұл жерде қандай да бір діни-құқықтық мәселе бойынша шығарылатын шешім меңзеліп тұр.

[104] Кеңес дұрыс емес болып, ал оған ілескен адам күнә жасаған жағдай туралы айтылып тұр.

[105] Хатыб құрайштықтарды Пайғамбар Меккеге жорыққа дайындалып жатқандығы туралы хабардар еткісі келді.

[106] Құрайштықтар – Пайғамбар Мухаммад, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, шыққан Меккелік араб тайпасы.

[107] Алдын Хатыб құрайштықтардың одақтасы еді және олармен бірге тұратын, бірақ шыққан тегі бойынша ол құрайш тайпасынан емес еді.

[108] Мухажирлер – Меккеден Мәдинаға Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоныс аударған сахабалар.

[109] Сөйтіп, Хатыб, егер құрайштықтар мұсылмандардың Меккеге жорығы туралы біліп қалса, олар Пайғамбардың сахабаларының өздерінің арасында қалып қойған отбасыларын құдалай бастайды деп қорықты.

[110] 624 ж. болған бұл шайқаста мұсылмандар құрайштықтардың үстінен өзінің ең алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Оның қатысушылары мұсылмандардың арасында ерекше құрметке ие.

[111] Яғни Исламды қабылдағанын жариялаған адамды.

[112] Яғни сен осындай сөздерді айтқан адамды өлтіргенің үшін Аллаһтың алдында қалай ақталасың?

[113] Бұл жерде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары аталып тұр.

[114] Үшінші ізгі халифа Усман бин Аффан 644 - 656 жж. ел басқарды.

[115] Ибн Аббас - Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, немере-інісі, мұсылмандардың арасында үлкен құрметке ие болған Құранның ең алғашқы тәпсірлеушілерінің бірі.

[116] Яғни сіздер белгілі уақыт бойы өздеріңнің мінез-құлықтарыңмен өзгелерге иман келтірген екендеріңді білдіруге тырысқан соң, өздеріңнің күпірліктеріңді білдірдіңдер.

[117] Муржилер («иржә» - «кейінге қалдыру» сөзінен) – иманды амалдан биік қоятын және адамның бұл дүниедегі қалпы туралы үкімді «кейінге қалдыратын» түрлі догматикалық мектептерге ілесушілердің жалпы атауы.

[118] Яғни осы сөздерді айтқан адамға немесе осы сөздер кімге қатысты айтылған болса, сол адамға.

[119] Фиқх – кең мағынада мұсылмандық  құқық; мұсылманның мінез-құлық ережелері туралы доктрина.

[120] Ижтихад – Құран мен Сүннетте тікелей нұсқау келмеген діни-құқықтық сипаттағы мәселелерді дербес шешуге құқығы бар абыройлы діндар-ғалымның іс-әрекеті. Ижтихадпен тек араб тілін мүлтіксіз игерген, Құранды және оның тәпсірлерін жатқа білетін, Сүннетті және оның түсіндірмесін жетік танитын және басқа да бірқатар талаптарға сәйкес келетін тұлғалар ғана айналыса алады.

[121] «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздері айтылып тұр.

[122] Яғни олардың ішінен көпқұдайшылыққа түскендері бірқұдайшылықты мығым ұстанатындардың шақыруына құлақ салып, ақиқат жолына қайта оралатынына деген үміт.

[123] Ғалымдарды қаралайтын адам өзіне Аллаһтың қаһарлы жазасын шақырып алуы мүмкін екендігіне нұсқайтын астарлы сөз.

[124] Сөзбен және іспен ренжіту аталып тұр.

Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Автор

Админ

Оқы

Пікір қалдыру

Сіздің email-ңыз жарияланбайды. Толтырылуға міндетті орындар * белгіленген.

Сіз келесі HTML тегтерді қолданала аласыз. <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>