Quickribbon

17.Секталар мен ағымдар. Мақалалар.

Әбу Мансур әл-Матуриди деген кім?

http://demosite.islamic.kz/Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Бүгінгі күні имам Әбу Мансур әл-Матурудидің есімі ел аузында жүргені рас, есімі қатты тарағаны соншалық тіпті дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын кісілер де оны естіген шығар. Әсіресе бұл құбылыс ТМД аймағында кең етек жайған, бұған себеп ел-жұртқа фиқһ мәселесінде ханафи мәзһабын, ал сенім мәселесінде матуруди ақидасын тықпалап отырған Мұсылмандар Діни Басқармаларының өкілдері екені сөзсіз. Алайда, осыншама шу көтеріп жүрген, көптеген ізбасары бар осы «Әбу Мансур әл-Матуруди деген кім?» деген сұрақ туындайды. Оның толық аты-жөні - Әбу Мансур Мухаммад ибн Мухаммад ибн Махмуд ибн Мухаммад әл-Матуруди әс-Самарқанди.
Читать далее… »

Нақшбандия сектасының адасуын әшкерелеу

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз. Читать далее… »

Мурджилер кімдер?

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Мурджилер – бұл ертедегі адасқан секталардың бірі. Олардың әхлю-Суннәдан негізгі айырмашылығы - иман мәселесіндегі келіспеушіліктері! Анастан жеткен хадисте   Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнен болған екі санаттағы адамдар менің су айдыныма жақындатылмайды және Жәннәтқа кірмейді! Олар – қадарилер мен мурджилер!» - деген. әт-Табәрани «әл-Аусат» 1/253. Хасан хадис. “ас-Сильсилә әс-сахиха” 2748.

Мурджилер иман мәселесенінің көп ережелері бойынша әхлю-Суннәмен қарама-қайшылыққа түсті, бұл жөнінде алғашқы буын имамдары хабарлағанындай.

Имам Әхмәдтан: «Мурджилер кімдер?» - деп сұрағанда, ол: “Иман – бұл тек қана сөздер!» - деп айтушылар!” – деді. әл-Халләль “әс-Суннә” 959.

Суфьян әс-Саури былай деді: “Біз бен мурджилер арасындағы айырмашылық үш нәрседе:

1. Біз: «Иман – бұл сөздер мен амалдар», - деп айтамыз, ал олар: «Иман - бұл тек қана сөздер, және амалдар емес!» - дейді.

2. Біз: «Иман көбееді және азаяды», - дейміз, ал олар: «Көбеймейді және азаймайды!» - дейді.

3. Біз: «Екіжүзділік бар» - дейміз, ал олар: «Екіжүзділік жоқ!» - дейді” “Сыфәту-ннифәқ” 74. Читать далее… »

Ислам үмметіндегі бүлік-фитналардың және бөлінудің себептері

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Содан соң:

Ақиқатында, ең жақсы сөз бұл – Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жолы. Ал ең жаман амалдар бұл – бидғаттар, әрбір бидғат бұл – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.

Түрлі идеологиялар мен ағымдардың саны күрт көбейіп, және мұсылмандардың көзқарастары мен сенімдері бөлініп кеткен біздің заманымызда, олардың көбі не істеу және кімді тыңдау керектігін білмей, абдырауға түсіп жүр. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Абу Яхья Крымский | Назрутуллах Абу Марьям | Дильмурат Абу Мухаммад |