Quickribbon

13.Әдеп. Мақалалар.

Ислам дінінде дос таңдаудың маңыздылығы

АсаРахымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Ислам дінінде дос таңдау аса маңызды орын алады, әрі Құран, Сүннет пен ізгі ата-бабалардың сөздерінен осыны жиі кездестіруге болады. Мәселен, Құран мен Сүннет дос ретінде өзімізге ізгі дос пен жолдас таңдауын бұйырып, өзіңнің араласатын жақындарың ретінде кәпірлер немесе пасық мұсылмандар болуына тыйым салады. Мұндай адамдармен достасудың тыйым салынғандығын былайша түсіндіруге болады: адам өз негізінде кіммен дос болса, содан үлгі алып, оған ұқсауға бейім тұрады. Мысалы, діни білім ізденіп жүрген адамдармен араласу – адамды діни білімді ізденуге итермелейді. Тақуа адамдармен араласу – адамды дүниелік игіліктерге қызықпауға үйретеді. Читать далее… »

Қателікті түсіндіру - ғайбат емес

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын!
Ал содан соң:
Ғыйба (ғайбат) деген не?
Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Бірде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендер ғайбат не екенін білесіңдер ма?» - деп сұрады». Адамдар: «Аллаһ және оның елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі», - деді. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл- сенің мұсылман бауырыңды оған ұнамайтын нәрсемен тілге алуың», - деді. Біреу (сонда): «Ал менің мұсылман ауырымда мен айтып жатқан нәрселер болса шы?» - деп сұрады. Ол: «Егер онда сен айтып жатқан нәрселер болса – бұл ғайбат, а егер бұлар онда болмаса, сен оған жала жапқан боласың!» - деп жауап берді». Муслим 2589.
Өзінің негізінде мұсылмандарға қатысты ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған, және бірауызды келісім бойынша үлкен күнә болып саналады.  “әл-Азкар” 289, “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/567.
Алайда, өте жиі жағдайда көптеген мұсылмандар ғыйбат ұғымының анықтамасын түсінбейді де, ғыйбатты оған тыйым салынан кезде айтып, ол айтылуға  рұқсат етілген, тіпті міндетті  болған кезде кезде оны сөгіп жатады!
Ғайбат өз негінде тыйым салынғандығына қарамастан, жағдайларға байланысты ол - рұқсат етілген және тіпті міндетті болуы мүмкін. Атап айтқанда, Исламды бұрмалап,  адамдарды адасушылыққа кіргізіп жатқан адамның қателіктерін немесе адасушылығын жоққа шығару немесе түзету үшін ғайбат жасау рұқсат және қажетті болып табылады, және бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. Читать далее… »

Ислам шақыруының (дағуатының) негізін қалаушы принциптер

Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен!

Бұл мақаланың негізіне шейх Салих әл-Фәузанның, Аллаһ оған есендік берсін, шейх Раби’ әл-Мәдхалидің, Аллаһ оған есендік берсін «Пайғамбарлардың Аллаһқа шақыру әдістеріндегі даналық пен қисын» кітабына жазған кіріспесі алынған. Аталған кітапты орыс тіліне аударған – Кулиев Эльмир.

Бізге Өзінің Елшісінің жолына ілесуді және Өзінің дінін уағыздауды әмір еткен әлемдердің Раббысы - Аллаһқа мадақ. Пайғамбарымыз Мухаммедке оның отбасына, сахабаларына және барлық дұрыс ізбасарларына  Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Аллаһқа шақыру – бұл Мухаммед пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның ізбасарлары ілескен жол. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деді:  «Айт: «Менің жолым - осындай. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлелге (кәміл сенімге) сәйкес шақырамыз. Аллаһ - Пәк және мен – көпқұдайшылдардан емеспін».  (Юсуф 12: 108).

Мұның үстіне, Аллаһқа шақыру – бұл Жаратушының барлық елшілерінің және барлық муминдердің миссиясы, Аллаһ Тағала оларға адамдарды қараңғылықтардан жарыққа, күпірліктің тұңғиығынан хақ сенімге, көпқұдайшылдықтың милауытынан бір Аллаһқа құлшылық етуге, Тозақтан Жәннәтқа шығаруға деген міндеттілік жүктеді. Алайда, бұл шақыруды белгілі шарттарға сәйкес жүргізу міндетті болады, және оның біреуі бұзылса, бұл - Исламның таралуына кедергі жасайды. Ал сонда адамдар қанша тырысса да, және қанша уақыттарын сарп етсе де – олардың уағыз-құтпалары қалаулы нәтиже бермейді. Міне дәл осындай жағдай осы ережелерді басшылыққа алмайтын көптеген мұсылмандармен бүгіңгі күні орын алуда. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Абу Яхья Крымский | Назрутуллах Абу Марьям | Дильмурат Абу Мухаммад |