Quickribbon

12.Рухани тәрбие. Мақалалар.

Құлшылыққа құлшыну – құтылу (немесе құлшылық етпеуге сылтау бар ма?)

http://demosite.islamic.kzАса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Кіріспе

Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп cанайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керек екендігін ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін». (Ниса сүресі, 165-аят) Читать далее… »

Қателікті түсіндіру - ғайбат емес

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын!
Ал содан соң:
Ғыйба (ғайбат) деген не?
Абу Хурайра былай деп баяндайтын: «Бірде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендер ғайбат не екенін білесіңдер ма?» - деп сұрады». Адамдар: «Аллаһ және оның елшісі бұл жөнінде жақсырақ біледі», - деді. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл- сенің мұсылман бауырыңды оған ұнамайтын нәрсемен тілге алуың», - деді. Біреу (сонда): «Ал менің мұсылман ауырымда мен айтып жатқан нәрселер болса шы?» - деп сұрады. Ол: «Егер онда сен айтып жатқан нәрселер болса – бұл ғайбат, а егер бұлар онда болмаса, сен оған жала жапқан боласың!» - деп жауап берді». Муслим 2589.
Өзінің негізінде мұсылмандарға қатысты ғайбат айтуға қатаң тыйым салынған, және бірауызды келісім бойынша үлкен күнә болып саналады.  “әл-Азкар” 289, “Тәфсир Ибн Кәсир” 3/567.
Алайда, өте жиі жағдайда көптеген мұсылмандар ғыйбат ұғымының анықтамасын түсінбейді де, ғыйбатты оған тыйым салынан кезде айтып, ол айтылуға  рұқсат етілген, тіпті міндетті  болған кезде кезде оны сөгіп жатады!
Ғайбат өз негінде тыйым салынғандығына қарамастан, жағдайларға байланысты ол - рұқсат етілген және тіпті міндетті болуы мүмкін. Атап айтқанда, Исламды бұрмалап,  адамдарды адасушылыққа кіргізіп жатқан адамның қателіктерін немесе адасушылығын жоққа шығару немесе түзету үшін ғайбат жасау рұқсат және қажетті болып табылады, және бұл жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер жоқ. Читать далее… »

Ғалымдардың шейх Мухаммад Нәсыруддин әл-Әлбәни жайында айтқан сөздері

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Шейх Мухаммад Нәсыруддин ибн Нух ибн Әдам Нәджәти әл-Әлбәни – біздің ғасырымыздың ұлы ғалымы. Ол хиджра жыл санауы бойынша 1333-жылы (1914 ж.) Шкодер қаласында (Албанияның бұрыңғы астанасы) туылды.

Оның әбырой-мәртебесі мен білімінің деңгейіне нұсқау үшін өз ғасырының ғалымдарының  оның көзі тірісінде-ақ, сондай-ақ оның өлімінен кейін ол туралы айтқан сөздерін келтіру жетіп асады.

Ибн Баздың ұстазы - шейх Мухаммад ибн Ибрахим шейх әл-Әлбәни туралы былай деді: “Сүннетті ұстанушы, ақиқаттың көмекшісі және адасушылықтардың жақтаушыларының қарсыласы”.  “Мухаддисуль-‘асри уә нәсыру-Ссуннә” 32.

Шейх Ибн Баз ол туралы былай деген: “Мен қазіргі кезде аспан астында әл-Әлбәниден көбірек білетін адамды білмеймін!” “Кәукәба мин әимәтиль-хуәда” 227. Читать далее… »

Ғалымдарға жүгіну әмірі туралы

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Аллаһ Тағала былай деді:

«Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Бірде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың Құранға байланысты айтысып жатқанын естіп, былай деді: «Ақиқатында, осы - сендерге дейін болып өткендерді опат еткен еді. Олар Аллаһтың Кітабының аяттарын біріне-бірін соғатын.[1] Ақиқатында, Аллаһ Тағала Кітапты бірі мен екіншісін жоққа шығару үшін емес, бірімен екіншісін растау үшін түсірді. Оның ішінен өздеріңе анық болғанды алыңдар да, ал білмейтіндеріңді соны білетіндерге қалдырыңдар!» Әхмәд 2/181, ‘Абдур-Раззақ 20367. Хадистің сахихтығын Ибн Кәсир, әл-Бусайри және әл-Әлбәни растаған.

Джәбир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: “Бірде бір адам біз сапарда  кезімізде тасқа  соғысып, басын жарып алды, кейін ұйқыда жатқанда ол ихтилям (поллюция) болды да, ол сапарластарынан: «Мен құммен тазару (тайямум) жасасам болады ма?» - деп сұрады. Олар: «Біз саған (мұны рұқсат ететін) бір ерекшелік көріп тұрған жоқпыз, өйткені сен сумен де шомыла аласын», - деп жауап берді. Кейін ол шомылды да, өліп қалды. Ал, біз пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп осыны айтып бергенде, ол: «Олар оны өлтірді, Аллаһ оларды опат етсін! Олар білмеген нәрсесін сұрай алмадыма не?! Өйткені, ақиқатында, білмеудің емі - сұрақ ғой! » - деді”. Әбу Дауд 284, әд-Дарақутни 1/69. Имам Ибн әс-Саккан және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді. Читать далее… »

«Әуес-қалауларға (көңілдің қалауларына) еру» сөздерін бұрыс түсіну

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Ол адастырса, оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз серігі жоқ әрі жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне куәлік етеміз, және Мұхаммед - Оның құлы әрі Елшісі екеніне куәлік етеміз.

Содан соң:

Шынында, әуес-қалауларға ( әуестерге, ынтықтарға, көңілдің қалауларына) еру  - адамның дүние тіршілігі үшін де, діні үшін де ұлы опат болып табылады. Көңілдің қалауларына ерудің қандай қауіпті, әрі кесірлі екенін түсіну үшін Аллаһтың сөздеріне қарасақ жеткілікті болады. Аллаһ Тағала Құранда көңілдің қалауларына еруді Өзінен басқа біреуге құлшылық қылумен теңестірді. Ол Өзінің пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таң қалдырып, былай деді: «Әуесін өзіне тәңір етіп алғанды көрдің бе?» (әл-Фурқан 25: 43). Читать далее… »

Әшекейге әуестік!

Дініміз Ислам адамның бақытқа жетуі үшін барлық жағдайларды қарастырады. Құран мен Пайғамбарымыздың сүннетінде келген тиымдар соның айғағы.
«Әс-сахих» кітабында Әл-Бұхари Пайғамбарымыздың қалыңдығына не сыйлау керек екенін сұраған адамға: «Сақина сыйласаң, темірден соқтыр» дегеніне куәлік етеді. Бұған қарап әйелдерге әшекейлер рұқсат етілгенін, бірақ алтын болмағаны дұрыс екенін көреміз.
Жалпы, әйелдерге әсемдік бұйымдарының рұхсат етілуі олардың жаратылысынан әсемдікке, әдемілікке құмарлығы мен соған сүйіспеншілігінен, - деп түсіндіреді ілім иелері. Алайда әйелдер сақина, жүзік тәрізді әсем әшекейлерді ер адамдардың назарын өзіне аударту үшін тақса, олардың бұл ісі –харам. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Абу Яхья Крымский | Назрутуллах Абу Марьям | Дильмурат Абу Мухаммад |