Quickribbon

14.Тағам, сусын, құрбандық. Мақалалар.

Кәпірлердің мал-мүлкі халәл ма?!

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал, кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Ал содан соң:

Сонғы кезде жас мұсылмандардың арасында кез-келген кәпірдің мал-мүлкі халәл, және ол қандай жолмен иемденгені - алдап-арбау, ұрлау жолымен бе, немесе күштеп тартып алынған ба – маңызды емес деген пікір пайда болды.
Бұл пікір - Аллаһ Тағаланың шариғатына қайшы келетін және хауәридждерге тән адасушылық болып табылады!

Имәм әш-Шәхристәни былай деген: “Хауәридждер келісім-шартта болған және джизья төлейтін кәпірлердің  мал-мүлкін халал деп есептеген. Және осыны рұқсат етпегендерден бас тарту міндетті деп есептеген!” Қараңыз “әл-Миләл уә-ннихәл” 118.

Мұндай  пікірді негізінен жұмыс істеуге және адал жолмен табыс табуға ерінетін іс жақпастар мен бандиттер өздерінің істеп жүргендерін ақтау үшін, немесе білгір деп санайтындары өздерін адасушылыққа салған білімсіз мұсылмандар таратып жүр. Мұндайды жариялаушылар өте қауіпті жағдайда тұр, өйткені, олар Аллаһ харам еткен нәрсені халәл етіп жатыр, ал бұл – күпірлік болып табылады, және Исламға қиянатшылдық пен ішмерездікті телиді.

Аллаһ Тағаланың шариғатында кәпірлердің мал-мүлікі екі жағдайда ғана халәл болатынын білу керек:

1.   Джихадта, кәпірлермен шайқасу кезінде.

2. Кәпірлердің жерін бағындырғанда, олардың барлық мал-мүлікі мұсылмандардың иелігіне өтеді.

Міне – осы-ақ. Ал басқа жағдайларға келер болсақ, кәпірлердің мал-мүлікі халәл болып табылмайды, өйткені, егер кәпір - мұсылмандарға қарсы соғысушы болып табылмаса,  онда оның өмірі мен мал-мүлкіне қол соғу - зұлымдық болып табылады! Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Абу Яхья Крымский | Назрутуллах Абу Марьям | Дильмурат Абу Мухаммад |