Quickribbon

05.Өмір өнегесі. Қазақ тiлiндегi кiтаптар.

Өмір өнегесі

Қымбатты оқырман, сіздерге ұсынып отырған бұл кітапша, бәрімізді адамгершілік асқарына жетелейтін, насихаты мол әңгімелерден құралды. Біреудің ой қиялынан шыққан туынды емес. Өмірімізде болған маңызы зор мәселелердің мән-жайы баяндалатын, ғибраттанып өнеге алатын хикаялардың шағын жинағы. Читать далее… »

Ұрының тәубесі (Халық аузынан)

Иманы әлсіз адамға бойындағы жамандықтан арылу бір қиын іс, одан құтылу үшін нық иман, адал жүрек пен табандылық керек-ақ. Қайсы біреулер арақ ішуді қойғысы келіп ниеттенгенде: «Жә осы ұлым әскерден келгенде бір ішіп, сонан соң доғарармын», - деп жатады. Не болмаса, қызымның тойында, не туған күнімде тағысын тағы себептер іздеп, өзін жұбатып елді алдаған болады. Темекісін қойғысы келсе: «Осы соңғы қорапты тартам, сонан кейін көрмегенім осы болсын», - деп күрк-күрк жөтеліп серттесіп жатады. Ал енді иманы толықтар жамандықтан жиреніп серт берсе айтқан жерінде тас үйін тыйылады.

Ертеде Абдулла, деген бір жігіт ұрлықты кәсібіне айналдырған екен. Оны білетіндер ақылынан азған ақымақ, деп айта алмайтын еді, дейді. Ақыл-есі дұрыс, келбеті келіскен, сұңғақ бойлы, қайраты мол жігіт екен, деседі. Күндердің бір күнінде Абдулланың әкесі ұлының арам жолда жүргенін біліп қалып қатты қынжылады. Читать далее… »

Дінмухаммедтің дауасы (Халық аузынан)

Біз Омар екеуміздің шаңырақ көтергенімізге биыл он жеті жыл болады екен. Омармен осыдан он тоғыз жыл бұрын иститутта оқып жүрген шағымызда таныстық. Ол медицина институтының бесінші курс студенті, мен болсам педагогика институтының үшінші курсында оқып жүргенмін. Сол жылы біз оқитын институттардың арасында нашақорлыққа қарсы күрес жайлы кездесу өтті. Кездесуге ынталы студенттерден басқа ғалымдар мен белгілі профессорлар қатысты. Бұл шараны өткізуге мұрындық болып бастама көтеріп жүрген Омар екенін соңынан білдім. Кеш барысында оқылған баяндамалардың ішіндегі ең маңыздысы да Омардікі болып шықты. Бар ықыласымен егжей тегжейлі, тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды. Читать далее… »

Сұлтан мен ақын (Халық аузынан)

http://demosite.islamic.kz

Ежелде абыройы ерекше биік, ел билеген сұлтан болыпты. Қарамағындағы ел де, қол астындағы қызметкерлері де, сұлтанның ел билеуіне дән риза екен. Өзінің әділеттілігімен ел-жұртына әйгілі болған көрінеді. Сондақтан да сол өңірдің би-болыстары, ақын-шешендері сұлтанды ерекше құрмет тұтып сыйлайтын еді.  Елге өткір өлеңдерімен әйгілі болған Шаншар ақын әлгі сұлтанның замандас құрбысы болған, дейді. Шаншар ел аралап жыр-дастандар айтып, естіген-білгенін халыққа жеткізуді әдетіне айналдырып жүрген  екен. Көркем мінез, жайдары жүзді Шаншар қызықты өлең-жырларымен елге жағымды адам болса керек. Ақынның осы абыройы сұлтанға да өз әсерін бермей қоймады. Ақын елдің мұң-мұқтажын жыр етіп жүрсе, сұлтан оның бұл еңбегін бағалап ақынның қажетін өтелуін өз мойнына алған екен. Шаншар жылдық соғымын, сауын сыйырын, астығын, сұлтаннан қажетінше алып тұратын. Читать далее… »

Асыл сөздер (Көркем әңгіме)

Асыл создер

Ұлы сөзден ұлағат, дегенді аталарымыз бекер айтпаған-ау. Аталы сөз - ақылға көз, деп сөз маңызына ерекше көңіл бөлген ғой. Өзіміздің күнделікті қолданыста жүретін ұлы сөздеріміздің мағынасын өзіміз білгенімізбен, балаларымызға үйретуді ұмытып кетіп жатамыз. Ұлы сөздердің мағынасын, терең ұғынар болсақ, сөз біздің сарқылмас байлығымызға айналар, деген ұғыммен Гүлнар қарындасымыздың басынан өткен мына бір қызықты оқиғаны сіздерге баяндап беруді жөн көріп отырмыз. Читать далее… »

Фатиманың пікірі (Халық аузынан)

Біз әңгіме еткелі отырған заманда ел тұрмысы қазіргіден әлдеқайда өзгеше еді. Алыс жерлерден хабар алу, олармен қатынас жасау апталар, айлар тіпті жылдарға да ұласып жататын. Негізгі көлік күші шөлге шыдамды түйе мен ұзақ жүріске төзімді жылқылар еді. Көл, теңіздерді желкенді қайық, кемелермен кезетін. Ел дәулеті қолындағы малымен және де алтын-күмісімен өлшенетін.

Сол кезеңде өмір сүрген Хамза, деген кісінің тоғыз ұл, бір қызы болған екен. Тұрмыстың тауқыметін тартқан тақыр кедей болса да, өзі аса тақуа адам көрінеді. Тоғыз ұлым бір төбе, жалғыз қызым бір төбе, деп балаларының кенжесі сегіз жасар Фатимасын ерекше жақсы көріпті. Читать далее… »

Оразбайдың өкініші (Халық аузынан)

http://demosite.islamic.kz/

Оразбай ақсақал биыл алпыс беске келді. Дүниеге шыр етіп келісімен Совет дәуірінің тәрбиесін бойына сіңіріп өсті. Мектеп қабырғасынан шыққан соң ауыл шаруашылық институтын бітіріп, комсомолда, қалалық атқару комиетінде әр түрлі дәрежедегі қызмет атқарды. Ірі денелі, ұзын бойлы, жылы жүзді аса салмақты адам. Туған-туыс, өзі араласқан адамдардың арасында бедел-абыройы да жоғары. Оразбай ақсақалдың үш ұл, бір қызы бар. Ұлдары Талғат, Мұрат, Қайырлы, қызы Гүлжан. Талғаты мен Мұраты үйленіп өз жанұяларымен бөлек тұрады. Гүлжан да тұрмыс құрып балалы-шағалы болып кеткен. Читать далее… »

Бала мен патша (Хадис)

«Адам боп келдім өмірге, адам боп кетсем, деп едім», - деген ұлағатты сөзді ұстанып, ата-бабаларымыз адамдықты арман еткен. Ұғынғанға саналы өмірін, адам атына сай етіп ғұмыр кешу оңай шаруа емес. Ондай болмақ үшін жүрекке берік иман орнатуға ұмтылыс керек, жаныңа тыныштық орнататын таза білім керек. Иман мен білім тозбас үшін асыл жүректі ұдайы түпсіз ғылым тұнығынан сусындатып отырса адамдықтың асқар шыңына апарары анық. Иманның нәр алатын тұнық бастауы, білімнің таза қайнар бұлағы еш бір күдіксіз Құдіретті Алланың кітабы Құран. Құран қағидалары оқығанға түсінікті, адамның санасына тастай қатып тұрақтайтын ғажап ғылым. Онан кейінгі таусылмайтын асыл қазына Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолы – сүннет. Әрбір адамдықтан үміті бар иманға ұмтылған жандар үшін, одан асқан өнеге жоқ. Читать далее… »

Тасбақаның тағдыры (Халық аузынан)

http://demosite.islamic.kz/

Адам баласының басына қайғы-қасырет келіп, қауып төніп, не ауруға шалдықса әркімнің әр қилы әрекет жасайтын әдеті. Біреулері өзін жаратқан Иесін есіне алып, тәубәсіне келеді. Енді бірі иманның төмендігінен: «Мен бүйтпегенде бұлай болмайтын еді, былай істемей былай істеуім керек еді», - деп, не өзін, не біреуді кінәләп әлек болады. Үшіншісі, күпірлік қылып, құдіреті күшті Алланы кінәләп: «Мен Саған не жаздым?!», - деп өз күнәсін бұрынғыдан да зорайтып алады. Читать далее… »

Парасатты Фарида (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

http://demosite.islamic.kz/

Шіркін, жаз кімге болсын ерекше қолайлы мезгіл ғой. Кеңес құрған қариялар да, шаруа қамындағы ересектер де, ойын қуған балалар да осы уақытты асыға күтетіні бәрімізге мәлім. Жаз келсе-ақ тіршіліктің тынысы кеңейіп сала береді. Шығыстан күн қылаң бере адамдар қайшалысып қыруар жұмысына құлшына кірісіп кетеді. Дүние бейне бір құмырсқаның илеуі дерсің.

Қыстық киімінен құтылып, жеңіл жейде киінген жандар жүздері жарқырап мөлдір көл бетінде сыбдырсыз жүзген құстардай жеңіл жылжиды. Читать далее… »

Әбдікәрімнің шамасы (Халық аузынан)

Әр бір жан иесінің өзіне ғана тән, басқа ешбір адамға ұқсамайтын ерекше тағдыры бар. Сырын ешкім аша алмайтын, тылсымы аса тереңде жатқан ғажап нәрсе. Одан адам баласы ғибраттанып қана қоймаса, тұңғиығына үңіліп ұғынам деу, ақылға ауыр тиіп миыңды талдырады.

Ертеректе Тәуекел, деген адам кедейліктің зардабын әбден тартып, жанына батқан соң Аллаға жалбарына дұға қылып, таршылықтан құтқаруын сұрайды екен. Сол қаланың тұрғыны Әбдікәрім керісінше асқан бай болыпты. Читать далее… »

Асыл анам (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда құты қашады деген екен,- Құнанбай атамыз. Шындығында да солай болса керек. Өз басым, талай рет осыған көз жеткіздім. Менің осы өмірге келуіме себепкер болған, шыр етіп бұл дүниеге келген күнімнен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ес біліп есейсем де, еркелететін ардақты анам жайлы қандай тамаша ойларым алдына кеп айтар кезде, пышырап кетеді. Әрбір адам үшін, әйел затының озық үлгісі өзінің асыл анасы болар. Мен үшін де солай. Анам өмір тауқыметін көп көргенімен, қартайған жүзінен қажыған адамның кейпін көре алмайсыз. Читать далее… »

Мақсаты мәнді Мәдина (Өмірде болған оқиға, көркемделген)

Бүкіл адамзат баласына ортақ сезімдердің бірі ата-анасына, ағайынына, әсіресе өз баласына деген сүйіспеншілік махаббат. Жер бетінен өз баласын сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес шығар. Әйтеуір өз басым кездестірген емеспін. Адам тұрмақ ақылы жоқ хайуандардың да балаларына деген қамқорлық сүйіспеншілігін көргенде таң қалмасқа шараң қалмайды. Біздің қазақта: «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым, - деп сүйеді», - дейді. Өзіміз күнделікті көріп жүрген құс та, ит пен мысық та өз балаларына ерекше еміренгенін көріп жатамыз.
Осы ойды айтуға себеп болып отырған өзімнің жанымдай жақсы көретін қызым Мадинаға, деген махаббатым. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Абу Яхья Крымский | Назрутуллах Абу Марьям | Дильмурат Абу Мухаммад |