Quickribbon

07.Ораза (әс-соум). Мақалалар.

Зуль-хижжа айының алғашқы он күнінің артықшылықтары

Расында Аллаһтың бізге берген нығметтерінің  бірі — бізге көптеген
жақсылықтарға жететін әрі молдаған сауаптарға ие болатын маусымдарды нәсіп етуі.

Бұл үмметтің өмірі алдыңғы үмметтерге қарағанда өте қысқа екені белгілі. Пағамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) айтады:

” أعمار أمتي ما بين الستين إلى السبعين “

«Менің үмметімнің ғұмыры алпыс пен жетпістің
арасы».
[1] Читать далее… »

Праздничная молитва на открытом месте

http://demosite.islamic.kz

Совершение двух праздничных молитв на открытом воздухе в специально отведенном месте за городом – это Сунна
Шейх Мухаммад Насыруддин аль-Албани
Первое издание

Читать далее… »

Ләйлятуль-Қадр (Қадір түні)

http://demosite.islamic.kz/

 Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

 Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Ал саған Қадір түнінің не екенін не білдіреді? Қадір түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірлері үшін періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем (салям)!» (Ләйләтул-Қадр 1-5).

Аллаһ Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түнде түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» (Духан, 2-5).

Қатада: «Бұл түнде алдағы жыл істерінің тағдыры жазылады», - деді (“Тафсир әт-Табари” 25/65). Читать далее… »

Оразаны бұзатын нәрселер

http://demosite.islamic.kzАса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

1. Әдейілеп ішіп-жеу.

Аллаһ Тағала былай деген: «Таңның ақ жібі мен қара жібін ажырата алғандарыңша, жеңдер де, ішіңдер. Сосын кешке дейін ораза тұтыңдар» (әл-Бақара, 187).

Шейх Ибн әл-Қайим айтқан: «Әдейілеп ішіп-жеу оразаны бұзатынында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ» (“Зәдул-мә’ад” 2/60).

Рамазанда айы күндіз әдейілеп тамақтанған адам,үлкен тәубені талап ететін, ұлы күнә жасады.

Сондай-ақ, ғалымдардың көбісі, егер адам тістерінің арасында тұрып қалған тамақты әдейілеп жұтып қойса, оның оразасы есептелмейді деп есептеген.

Имам Ибн Қудама былай айтты: «Тістерінің арасында тамағы қалған адамның жағдайы екі түрге бөлінеді: егер тамақтың кішкентай ғана шағымы жұтып қойылса, әрі оны түкіріп тастауға еш мүмкіндік болмаса, онда ораза бұзылмайды, өйткені бұл түкірік секілді. Ибн әл-Мунзирдің айтуынша, ғалымдар бұған бір ауыздан келіскен. Екінші түрі – бұл, егер тамақтың үлкен шағымы қалса, әрі оны түкіріп тастауға мүмкіншілік бар. Бірақ адам ол шағымды әдейілеп жұтып қойса, онда оның оразасы ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша бұзылады. Себебі, ол тамақтанумен тең» (“әл-Муғни” 3/260). Читать далее… »

Оразаның шарттары мен тіректері

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

1. Ислам дінін ұстану
Ислам дінін ұстану – бұл, бүкіл амалдардың қабыл болуының негізінде жатқан аса маңызды шарт. Аллаһ Тағала былай деді: «Иман келтіруден бас тартқан кісінің амалдары жойылады да, Ахырет күні ол зиянға ұшыраушылардан болады» (әл-Мәида, 5).

Және де Аллаһ Тағала: «Саған (Әй, Мухаммед!) әрі сенен бұрыңғыларға былай уахи етілді: «Егер сен Аллаһқа серік қоссаң, онда сен әлбетте зиянға ұшыраушылардан боласың»», - деді (Зумар, 65).

2. Тыйылу
Жеп-ішу, жыныстық қатынасқа бару сияқты оразаны бұзатын кез-келген нәрседен тыйылу, оразаның бірден-бір шарты болып табылады (“Тухфәтул-фуқаһа” 1/537). Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Абу Яхья Крымский | Назрутуллах Абу Марьям | Дильмурат Абу Мухаммад |