Исламский Видео Портал

телестудия "АдалМедиа"

О сайте

    Адал Медиа

Өзінен басқа сыйынуға лайықты құдай болмаға Аллаһ Тағалаға мақтаулар болсын! Оның сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммадқа, оның жанұясына, сахабаларына және артынан ерген барлық үмметіне Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Осыдан соң:

    Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Бұл сайт Қызылорда қаласының “АдалМедиа” телестудиясының сайты болып табылады.

Біздің мақсатымыз:
Қазақ халықына Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ екендігін жеткізу.
Пайғамбардың жолы – бақытқа апарар жалғыз жол екендігін ұғындыру, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Өзімізге қойған талаптарымыз:
Мазмұны Пайғамбардың жолына сай, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Біздің мақсатымыз Аллаһтан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ екендігін бұқара халыққа жеткізу болғандықтан, бұны түсіндіруде ең тиімді тәсіл - пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткізу тәсілін ұстану.
Ислам ғалымдары бұл тәсілді былай үшке бөледі:

а) Маңыздысы – жамандықтан қайтарып жақсылыққа шақыру және Исламдағы құлшылық ережелерін түсіндіру.

б) Өте маңыздысы – Құран мен сүннетті түсіндіру.

в) Ең маңыздысы – Аллаһтың жалғыздығын түсіндіру.
Сондықтан бағдарламалардағы көтерілетін мәселелер осы тәсілді ұстануы шарт. Әрі Дінге жаңалық енгізуші күмәнді нәрселерді, көпшілікке ұнап тұрса да, қолданбау.

Принціптеріміз:
Әр амалдың ниетімен байланысы бар.

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Шын мәнінде, әр амалдың ниетімен байланысы бар, шындығында адамға бұйыратыны, (сол амалдан) тек қана қалаған ниеті», деген. Сондықтан біздің ниетіміз Аллаһтың ризалығы болғандықтан біз коммерциялық компания емеспіз.

Өзім жасамағанды халыққа үгіттемеймін.

Имам Абу Ханифаның уақытында ол кісіге бір әйел баласын алып келіп: «Мен баламның бал жеуін қойдыра алмай жүрмін, сіз сөйлесіп балды көп жеуге болмайтындығын түсіндіріп, жетесіне жеткізіп беріңізші», - деп өтініш жасайды. Сонда Абу Ханифа ол әйелге қырық күннен кейін келуін айтады. Әйел айтылған мерзім өтісімен Абу Ханифаға баласын ертіп келеді. Сонда Абу Ханифа балаға: «Балды көп жеген денсаулығыңа зиян, бұдан былай көп жеуші болма», - деп, әйелге өтінішін орындағанын айтып, үйіне қайта беруіне болатындығын меңзейді. Бұл ісіне әйел: «Онда осы сөздерге бола неге қырық күн күттірдің», - деп сұрайды. Сол кезде Абу Ханифа: «Сен балаңды алғаш алып келгенде, мен өзім бал жеп жүрген болатынмын, сондықтан өзім бал жеуді тоқтатып, қырық күн ішінде жеген балымның денемнен шыққанын күттім», - деген. Имам Абу Ханифаның бұлай айтуы Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Адамдар өздері жасамаған істерді айтуының салдарынан азапталады», - деген сөзіне сүйенген. Сондай-ақ адамның жүрегінен шыққан сөз ғана жүректерге жетеді.
Аллаһ Тағала «өздеріңді тозақ отынан сақта» дегеніне сүйене отырып, өзгелерді тазаруға шақырумен қатар, өзіміз де тазарайық.

Иманымыз - ең басты күшіміз.

Алдыға қойылған мақсат үлкен де, жауапкершілігі мол. Әрі оңай емес. Алайда ол адам баласының Аллаһ алдындағы құлшылығының ең қиыр шыңы. Өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһ жолындағы күрес ол Аллаһтың сөзін бәрінен жоғары ету, - десе, - ал иманның жоғарғы көрінісі Аллаһ жолындағы күрес», - деген.
Бұл жолда қиындықтар көп. Бірақ біз Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мұсылмандар бәрі бір дене секілді…», - деп айтқанындай, бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшыл жұмыс істесек мақсатқа жетеріміз анық.
Аллаһ кіммен болса, ол адамның мақсатқа жететіндігі сөзсіз. Иә Аллаһ, Өзіңнен жәрдеміңді сұрап, Өзіңе барлық үмітімізді артып, Өзіңнің атыңмен ісімізді бастаймыз. Сүйіктің Мұхаммадқа игілігің мен сәлемің болсын!
Аллаһтың күш қуатына жететін ешқандай күш қуат жоқ!

Біздің ұжым.
АдалМедия

АдалМедия2

АдалМедия1


Біздің достар.
АдалМедия3

Связаться с нами:

эл. почта:       [email protected]

наш адрес:    г. Кызылорда,  пр.Абая 25а

тел:                 8 (727) 23-06-76

сот.тел:          87004331429,  87017566618