Исламский Портал

Видео. Аудио. Книги. Статьи. Для мегалайнеров без учета трафика.

Янв

27

Тағамдағы халал мен харам.(жалғасы 1)

Автор: admin

Қысылтаяң жағдайда тыйым салынған нәрселерді жеуге болатындығы жайлы

Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін сондай-ақ, Аллаһтан басқаға арнап бауыздалған малдың (етін жеуге) тыйым салды. Ал кім де кім  қарсы келмей және шектен шықпай тыйым салынған нәрселерді жеуге мәжбүр болса, онда оған күнә емес. Расында, Аллаһ – Кешіруші, Мейірімді. (аль-Бақара 2: 173).

Осы және осыған ұқсас басқа аяттардан шариғатта өте маңызды «ад-Дарурату тубихуль-махзурат» (Тыйым салынған нәрселерді рұқсат ету қажеттілігі)[1], деп аталатын қағида шығады.

Имам Ибн аль-Мунзир былай деген: «Қажет жағдайда өлексіні жеуге болатындығы жайлы ғалымдардың бәрі бір пікірде болған» «аль-Иджма’» 102.

Шейх ‘Абдур-Рахман ас-Са’ди бұл аятты былай деп тәпсірлейді: «Аллаһ Тағала осы аятта айтылған және басқа да харам нәрселерді жеуге тыйым салып, адамзатқа мейірімін көрсетті және барлық зияндықтардан қорғады. Алайда, бұған қарамастан, егер адам басқа тамақ таппай қатты ашықса тыйым салынған нәрселерді жей беруіне болады және бұл жағдайда оның ісі күнә есептелмейді. Бірақ қолында жеуге рүұсат етілген заттары бола тұра не болмаса аштыққа шыдау мүкіншілігі бола тұра тыйым салынған нәрселерді жеуге болмайды, ал жеуге ас таппай жеген күннің өзінде де шектен шықпуы тиіс, яғни бойын көтеріп жүре алатындай мөлшерде жеуі тиіс. Бұндай жағдайда адамнан тыйым салынған нәрселерді жегендігі үшін жауапкершілігі мойнынан түседі де, бұның негізіне Аллаһтың керек мөлшерде жеп ішу жайындағы үкімі жүреді. Адамға өз басын қауіпке тігіп өз-өзін аштық өліміне салуға тыйым салынады. Ол өзінің аштығын басуға тиісті, ал егер ол аштық салдарынан өліп кететін болса, онда ол адамға өзіне қол жұмсағанның үкімі жүреді.

Бұл аяттан бәрімізге мәлім, қатты қажет жағдайда тыйым салынған нәрселердің рұқсат етілуі жайлы қағидасы туындайды. Қатты қажет жағдайда Мейірімді Аллаһ адамдарға тыйым салынған нәрселерді рұқсат етеді. “Тайсируль-Карими-Ррахман” 68.

Мал бауыздалатын себептер жайлы.

Етін жеу және сату үшін бауыздалады

Аллаһ Тағала былай дейді: «Ол сондай Аллаһ – сендерге сендер бірін көлік етіп мінетін, ал енді бірін азық етіп жейтін мал жаратты» (аль-Ғафир 40: 79).

Құбан айтындағы құрбан үшін бауыздалады

Аллаһ Тағала былай дейді: «Сондықтан Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» (аль-Каусар 108: 2).

Қажылық уақытындағы құбан үшін бауыздалады

Ұлы Аллаһ Таала былай деді: «Құрбан түйелерін сендер үшін, Аллаһтың белгілері (қүрбандықтары) қылдық. Мүнда сендер үшін хайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оған Алланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса) жеңдер де мұхтажға да мұхтаж емеске де жегізіңдер. Осылай шүкір етулерің үшін, малды еріктеріңе бердік.» (аль-Хадж 22: 36).

Бала туылғанда шалынатын құрбан (ақиқа)

Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзінің балалары үшін құрбан шалғысы келсе, онда ұл үшін екі қой, ал қыз ұшін бір қой шалсын»,- деген. Абу Дауд 2842, ан-Насаи 4156. Жақсы хадис.

Сүннет бойынша мүмкіншілігі бар адам баласына туылысымен жеті күннен соң, не он төрт күннен кейін, не болмаса жиырма бір күннен кейін құрбан шалуы тиіс. Бұл хадистерде келтірілген. Дегенмен, жетінші күні құрбан шалынып, басы қырылып, аты қойылғаны абзал. “Ируауль-гъалиль” 1165.

Нәзір айтылған құрбан

Аллаһ Тағала былай дейді: «Олар нәзірлерін орындайды және апаты етек алатын күннен қорқады» (аль-Инсан 76: 7).

Қонақ үшін бауыздалады

Аллаһ Тағала былай дейді: «Саған Ибраһимның ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде: “Сәлем” десті. Ибраһим де оларға: “Сәлем, бөгде қауым” деді. Дереу үйіне барып, семіз бір бүзау әкелді. Оны оларға жақындатып: “Неге жемейсіңдер?”, - деді. (аз-Зарият 51:24-27).

Бірақ қонаққа арналған құрбан мен қонақ үшін шалынған құрбанның айырмашылығы бар. Қонаққа құрбан арналмайды!

Үйлену тойына бауыздалады (уалиматуль-‘урс)

Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деп айтқан: «Пайғамбар Абдур-Рахман ибн Ауфтың жүзінен сары бояулардың ізін байқап[2]: «Сен үйленгенсің бе?», деп сұрайды. Ол: «Иә», - деп жауап береді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімге?», - деп сұрағанында, ол: «Ансарлардың ішіндегі бір әйелге», - деп жауап береді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оған қалың малына не бердің?», - деп сұрайда да Абдур-Рахман: «Құрма дәнегінің салмағындай алтын бердім», - деп жауап қатады. Сол кезде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Онда саған бір қойдың етімен болса да қонағасын беру керек», - дейді.» аль-Бухари 2048.

Садақа үшін бауыздалады

Аиша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай дейді: «Бірде біз бір қойды сойып оны садақа ретінде таратқанымызда, Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Одан не қалды?», - деп сұрады. Біз: «Оның жауырынынан басқа еш нәрсе қалмады», - деп жауап бердік. Сол кезде пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Расында, оның жауырынынан басқасының бәрі қалды!», - деп айтты.»[3] ат-Тирмизи. Жақсы хадис  “ас-Сильсиля ас-сахиха” 2544 қараңыз.

Малды себепсіз өлтіруге болмайтындығы жайлы

Ибн Омардан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер адамдардың бірі торғайды, не болмаса осыдан ірі басқа бір малды хақысыз өлтірсе, онда ол осы амалы үшін Ахірет күні сұралады». Одан: «Иә Аллаһ елшісі, оны хақы қандай?», - деп сұрағанда, пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі боолсын: «Оның хақысы бауыздалып желінуінде, (ал басын жұлып алып желінбей тасталуы оның хақысына нұқсан келтірілген есептеледі)», ан-Насаи 7/239, Ахмад 4/389. Хадистің сенімділігін имам ан-Насаи, Ибн Хиббан, аль-Хаким, хафиз аль-Мунзири, Ибн Касир және шейх аль-Альбани растаған. Сондай-ақ “Сахиху-ттаргъиб” 1/631 қарасаңыз болады.

Бірде Ибн Омар оған Аллаһтың ризашылығы болсын, нысана ретінде тауыққа оқ атып тигізе алмаған әр жебесін тауық иесіне беріп жатқан жасөспірімдердің жанынан өтеді. Олар Ибн Омарды көріп жан-жаққа тым-тырақай қашады, ал Ибн Омар болса: «Бұны жасаған кім? Бұлай істеген адамға Аллаһтың қарғысы тисін! Расында, Аллаһ елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жаны барды өзіне нысана еткендерге лағынет айтқан!», - деді. аль-Бухари 5515, Муслим 1958.

Тыйым салынған құрбан жайлы

Сальман аль-Фарисиден, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі:  «Шыбынның себебінен бір адам Жәннәтқа кірді, ал басқасы тозаққа түсті». Сонда адамдар: «Бұл қалайша, иә Аллаһ елшісі?», - деп сұрайды. Сол кезде пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап береді: «Бірде екі адам пұты бар бір рудың жанынан өтеді. Ол рудың адамдары пұттарына құрбан шалдырмай ешкімді өткізбейді екен. Олар жолаушылардың біріне: «Пұтқа бір нәрсені құрбан етіп (ризашылығын тауып) жақында», - дейді. Ол адам: «Менің оған жақындайтын (яғни шалатын) еш нәрсем жоқ», - дейді. Олар: «Құрығанда шыбынмен жақында!», - дейді. Ол пұтқа шыбынды құрбан еткенде, олар оған сапарын жалғастыруға рұқсат етеді, бірақ ол Тозаққа түсті.  Осыдан кейін пұтқа табынушылар екінші жолаушыға: «Жақында!», - дейді. Ал ол болса: «Мен Ұлы да Құдіретті Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеймін!», - дейді. Оның басы шабылады да, бірақ ол Жәннәтқа кіреді». Ахмад в “Китабу-ззухд” 15, Ибн Аби Шайба 13084. Хадистің сенімділігін шейх ‘Абдуль-Къадир аль-Арнаут растаған.

Салих Али Шейх былай деген: “Құрбаншалуды төрт түрге бөлуге болады:

Бірінші түрі - Аллаһтың атымен және Аллаһ үшін бауыздалады. Бұл жалғызқұдайшылдық, яғни таухид!

Екінші түрі – Аллаһтың атымен, бірақ Аллаһтан басқаға арнап бауыздалады. Бұл ғибадаттағы көпқұдайшылдық!

Үшінші түрі – Аллаһтан басқаның атымен және Аллаһтан басқаға арналып бауыздалады. Бұл Аллаһтан басқадан көмек сұрап үміт артудағы көпқұдайшылдық пен ғибадаттағы көпқұдайшылдық!

Төртінші түрі – Аллаһтан басқаның атымен, бірақ Аллаһқа арнап бауыздалады. Бұл Аллаһтың үстемдігіндегі көпқұдайшылдық”.[4] “Шарх Китаби-ттаухид”.

Тыйым салынған құрбаншалуды құрамында көпқұдайшылдық бар және құрамында бидғат, яғни жаңадан енгізілген ғибадаты бар деп екі топқа бөлуге болады. Құрамында көпқұдайшылығы бар құрбаншалуға түрлі құдайдарға, әулиелерге, періштелерге, өлген адамдарға, олардың қабырының басында, сондай-ақ басшыға жақындау ниетімен бауыздалған түрлі құрбаншалулар жатады. Жақындау ниетімен жасалынған құрбаншалулар ғибадаттың түрі болып табылпады. Сондықтан Аллаһтан басқаға арналған құрбаншалулардың бәрі үлкен көпқұдайшылдық, яғни үлкен ширк болып табылады.

Ал бидғат болып табылатын көпқұдайшылдық жайлы айтатын болсақ, оларға адам қаза тапқаннан кейін қырықыншы, елуінші күні, жыл сайын, не болмаса оның туған күнінде өлген адам үшін жасалынған құрбаншалулар жатады. Сондай-ақ бұның қатарына ауырған адам жазылуы үшін, не болмаса адам өлген жерде және құран оқылып болған соң бауыздалатын құрбаншалулар жатады. “Ахкаму-ззабаих” 47-73.

Бұл ең көп тараған бидғаттардың түрі, егер біз мал бауыздау кезіндегі адамдардың арасында тараған бидғаттардың бәрін айтатын болсақ, онда оларды тоқтамай айта беруге болар еді.


[1] Бірақ барлық қысылтаяңдық қажеттілікті тудыра бермейді.

[2] Әйелінің бояуынан сіңген із. (Әйел өзінің ері үшін ғана боянуына болатынын ескертеміз).

[3] Яғни, жауырыннан басқа таратып жіберген еттің бәрі Ахірет күніне сауап ретінде қалды, дегені.

[4] Аллаһтан басқаның атын атап бауыздалған мен Аллаһтан басқаға арнап бауыздалғанның айырмашылығына көңіл бөліңіздер. Соңғысы үлкен ширк екендігін көріп тұрмыз. Ал қазіргі уақытта өкінішке орай адамдардың көбі біріншісіне көбірек көңіл бөлуде!

Жалғасы бар


Абу Мухаммад Кабардини және Абу Джа’фар

“Тағамдағы халал мен харам (рұқсат етілген нәрселер мен тыйымдар) және желатин жайында”

Ваш отзыв

Вы должны войти, чтобы оставлять комментарии.