Қабірлерді зиярат ету түрлері
Қабірлерге бару үш түрлі болады:
Біріншісі:
Ол жерге барғанда пайғамбарымыз үйреткеніндей жатқан мәйттерге және өзінің туыс-жұрағаттарына сәлем беру, олардың күналары үшін Аллаһтан кешірім сұрау, рахымдылығын тілеу. Сонда адам өзіне де, қабірде жатқан туыстарына да жақсылық қылған болады. Өзі сүннетке амал қылғанына және қабірлерді көріп ақыретті еске алғанына сауапқа бөленсе, мәйіттер үшін дұға қылғаны үшін оларға да сауап тигізген болады.
Екіншісі:
Қабірдің басына бір құлшылық істеу үшін бару. Ол жерлерге барып намаз оқу, құран оқу, құрбандық шалу, Аллаһтан қабірдің басына барып тілеу, қабірлердің үстіне күмбездер немесе басқа да құрылыстарды құру сияқты. Бұлардың барлығы шариғатта тыйым салынған бидғат болып табылады және келешекте Аллаһқа серік келтіруге апаратын жолдарға жатады.
Үшіншісі:
Қабірлерге сол жерде көмілген мәйітке табыну үшін, одан бір жәрдем тілеу немесе одан бала, ауруына шипа тілеу үшін немесе сол мәйітке арнап құрбандық шалып оған құлшылық істеу үшін бару. Бұл шариғатта қатаң тыйым салынған әрі егер бұны істеген адам одан тәубе етпей өлсе, мәңгі тозақта қалатын үлкен шірктің дәл өзі.
Аллаһ Тағала айтты: «Әй, Адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар! Ол сондай Аллаһ, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан, біле тұра Аллаһқа серік қоспаңдар!» (Бақара сүресі, 21-22 аяттар).
Автор: Талғат Әбу Абдилләһ
Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.
Оставить комментарий