Жихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер

0

 

Мақаланы WORD (DOC) форматта жүктеу

Шейх  ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр

Жихадтың

 даналықтары мен ережелерінен жақсы  жемістер

  қазақ тіліне орыс тілінен аударған

www.anti-irhab.ru

сайтының редакциясы 

Шейх ‘Абд әр-Раззақ әл-Бадр былай деп айтты:

“Бұл кітаптың негізін екі лекция құрайды. Біріншісін мен «Ислами қайта жаңғыру қоғамының» Кувейттегі көктемгі лагерінде хижраның 1416 жылы оқығанмын. Екіншісін мен 1425 жылы Кувейт Университетінің шариғат факультетінде жихад және оның ережелері бойынша конференция кезінде оқыдым. Кейін бұл екі лекциялар редакциядан өтіп, оған маңызды қосымшалар және пайдалы дәйексөздер қосылып, біріктірілді. Әрі басында да, аяғында да барлық мақтау-мадақ Аллаһқа тән»

Имам Ибн әл-Мубарак айтатын:

“Жихад  - бұл Аллаһ Өзінің таңдаулы, жақын болған құлдарынан өзге ешкімге ашпайтын есік”. “Муқаддима әл-Инжәд” 1/27.

Имам Ибн әл-Хаж әл-Малики айтатын:

“Мужжахид білім иелерінен жихадты қалай істейтіндігі туралы сұрамайынша жихадқа шықпауы керек”. “әл-Мәдхәл” 2/13.

МАЗМҰНЫ

Алғысөз

Біріншісі: Жихадтың шариғи мағынасы

Екіншісі: Жихадтың түрлері және дәрежелері

Өз нәпсіне қарсы жихад

Шайтанмен жихад

Кәпірлермен және екіжүзділермен жихад

Жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі әрекеттерді жақтаушылармен жихад Үшіншісі: Жихадтың үкімі

Төртіншісі: Жихадтың мақсаты

Бесіншісі: Аллаһтың жолындағы жихадтың артықшылығы

Алтыншысы: Жихадтың қағидалары

Жетіншісі: Аллаһтың жолындағы жихадты түсунудегі ауытқулар

Бірінші түрі: Жихадтағы ауытқулар мен қайшылықтардың түрлері туралы

айтылған хадистер

Екінші түрі: Жихадтағы ауытқулар мен қайшылықтардың нақты түрлері және

олардан сақтандыру туралы айтылған хадистер

Ерлігін көрсету үшін және жихадты орындаушының батылдығы туралы айтылуы үшін жихад жасаудан сақтандыру

Дүние пайдасыүшін жихад жасаудан сақтандыру

Өзінің тайпасына (руына) көмек көрсету үшін жихад жасаудан сақтандыру

Жихадта әйелдерді және балаларды өлтіруге тыйым

«Жан пида ету» деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге тыйым

Мәйіттерді қорлауға тыйым

Тонаушылық пен өзгелердің мал-мүлкін меншіктеп алуға тыйым

Олжа бөлінбей тұрып, оны меншіктеп алуға тыйым

Мұсылманға өзін тапсырған адамға опасыздық жасап, оны өлтіруге тыйым

Келісім-шарттырды бұзып, келісім-шарт жасасқандарға зәбір келтіруге

тыйым

Сегізіншісі: Кәпірді жай өлтіре салу Аллаһ жолындағы жихад па?

Тоғызыншысы: Жихадта ақиқаттан ауытқудың қауіптілігі

Бірқұдайшылықтың емес, надандақтың туының астында шайқасу

Тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді рұқсат ету

Бөліну, қарама-қарсылық және мүсылмандардың жама’асы мен олардың

әмірінінен бөлініп шығу

Мұсылмандарды әлсірету және олардың жауларына олардың үстінен билікті беру

Исламды жек көрсету және Аллаһ Тағалаға шақыруға кедергі жасау

Оныншысы: Жихадтағы ауытқулардың мысалдары

Он біріншісі: Жихадтағы ауытқулардың себептері

Он екіншісі: Түзету құралдары

Он үшіншісі: Жихад және дұға

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Өзінің уәдесін орындап, әскерін мәртебелеп және дұшпан болған одақтастарды жалғыз өзі талқандаған Бір Аллаһқа Мадақ. «Мүміндерге жәрдем ету Бізге міндет» (Рум, 47), - деп айтқан ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік етемін.

Және Мухаммад – Оның құлы, елшісі және сүйіктісі екендігіне куәлік  беремін. Ол – шайқасушылардың ең жақсысы, күресушілердің ең шыншылы, Аллаһтың құлдарының ішіндегі ең ықыластысы. Оған, сондай-ақ оның ардақты отбасына және оның данқты сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы жихад шариғаттың ең маңызды талаптарының және Аллаһқа жақындаудың ең жақсы құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан да бұрынғының және қазіргінің ғалымдары бұл мәселеге аса зор назар бөлетін, ал олардың кейбіреулері оған тұтас жинақтар бағыштады, әрі олардың саны отыздан астам. Мысалы,   Ибн әл-Мубарактың «әл-Жихад», Ибн Абу ‘Асымның «әл-Жихад», Ибн ‘Асакирдің «әл-Жихад», ‘Абдуль-Ғани әл-Макдисидің «Фадль әл-Жихад», Ибн Касирдің «әл-Ижтихад фи таләбиль-Жихад» кітаптары т.б.

Және де өзіне жихад тақырыбын қамтымаған, оның ережелерін түсіндірмеген, Аллаһ Тағаланың Кәләмынан (Сөзінен) және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл жөнінде айтқандарынан  ашық аяттар мен айқын дәлелдер келтірмеген фиқх мәселелері бойынша немесе бұйрықтар бойынша хадистердің бірде-бір жинақтары жоқ. Сондықтан да, білім талап етушілер сабырлық пен табандылықты ұстанбай және білімге ие болмай, жихад пен діннің басқа да салаларына қатысты мәселелерге кіріспегені жөн.  Керісінше, бұл мәселелерде оның (джихадтың) қандай да бір әрекетіне кіріспес бұрын, сол әрекет тура жол мен дұрыс мақсатқа негізделген болуы үшін, міндетті түрде ой жүгірту, ақиқатты сұрау және тану қажет. Әрі мүмін  осылайша тура жолмен жүріп және  Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне ілесіп, Құдіретті және Ұлы Аллаһтың разылығына ие болады!

Жихадтың осындай маңыздылығы мен осындай мәнінен Аллаһтың сүйіспеншілігіне лайықты болуға деген ұмтылыстың, сондай-ақ, ғибадаттың өзге де түрлеріндегідей, шариғаттың ережелерінің және Аллаһтың Кітабы мен Сүннеттің қатаң басшылығының қажеттілігі келіп шығады.  Бұл - мүмін адам  шариғаттың ұлы мақсаттарын жүзеге асырып, оның шекараларын және шектеулерін бұзбай, түзу жолмен және дұрыс бағытпен жүріп, артық кетушіліктер мен кемістіктерден, шектен шығушылықтар мен тұрпайылықтан құтылу үшін (қажет), өйткені ол өзінің Раббысының нұрымен, сондай-ақ Оның Кітабы мен Оның пайғамбары – Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған басшылықпен және біліммен нұрланған жолмен жүреді. Осымен ол Аллаһтың рахымынан үміт ете отырып және Оның жазасынан қорқып, қателіктерден сақтанады және қауіп-қатерлерден қорғанады. Ол өзінің түсінігін түзету үшін, барлық, әсіресе көпшілк адамдарға беймәлім немесе олар елемей жүрген жайттарды айқын ету үшін бар күш-жігерін сарп етеді. Және осындай мәселелер бүгінгі күні сыртқы қарсыластар тарапынан да, бұрыс түсініктің және  дінді білу мен түсінудің шектеулі болуы себебімен өзінің діндестері тарапынан да салмақты қиындықтарға тап болған ислам үмметінің арасында түсіндіруді қажет етеді.

Сондықтан да жихадтың тақырыбын Құранның, Сүннеттің мәтіндерінің және ізгі алдынғы буын өкілдерінен болған ғалымдар мен оларға ілескен бұл үмметтің имамдарының айтқандарының негізінде ашып көрсететін осы жазу жолдарында мен жоғарыда аталған мақсатқа қатысуды ұйғардым. Мен тек Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахих хадистерін пайдалануға тырыстым және сонымен қатар осы саладағы имамдарға сенім арттым. Бұл еңбек «әл-Кутуф әл-Жияд мин Хикәми уә Ахкам әл-Жихад» («Жихадтың даналығы мен ережелерінен жақсы жемістер») деп аталды, өйткені мен онда жихадтың барлық ережелері мен барлық мәселелерін жинақтауды мақсат етпедім. Мен өз міндетімді оқырманды бұл ұлы мәселеде қуандыратын тек жихадтың мәселелерінің игі біртұтастығын, оның ережелері мен қағидаларының маңыздылығын түсіндіруде көрдім. Сондай-ақ жихадтың артықшылығын, оның орнын, түрлерін, дәрежелерін, шекараларын және қағидаларын түсіндіруде де. Түрлі қауіпті адасушылықтарды қарап талқылауға, оларға соқтыратын себептерді зерттеуге, сондай-ақ оларды шешу тәсілдеріне және басқаларға ерекше көңіл бөлінді. Аллаһ Тағала бұл еңбекті мұсылмандарға пайдалы, Оның Ардақты Дидары үшін ықыласты және Оның ардақты  Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне сәйкес дұрыс етуін ниет етемін, өйткені Бір Аллаһ қана дұрыс жолға салады және Одан өзге ешкімнен күш те, қуат та жоқ.

Мен бұл жұмысты келесі тарауларға:

Бірінші тарау:

«Жихад» ұғымының шариғи анықтамасы 

«Жихад» терминінің шариғи мағынасы туралы келтірілген сөздердің ең жақсыларына шейхуль-ислам Ибн Таймияның, Аллаһ оны рахым етсін, мына сөздері жатады: «Жихад деп Хақ (Аллаһ) сүйетін нәрселерге қол жеткізу үшін және Ол құптамайтын нәрселерге тойтарыс жасау үшін күш-мүмкіндіктерді салуды айтады». “Мәжму’ әл-фатауа” 10/192-193.

Сондай-ақ, оның мына сөздері де: “Өйткені жихадтың мәні иманнан және игі амалдардан болған Аллаһ Тағала жақсы көретін нәрселерге қол жеткізуге ұмтылуға, сондай-ақ күпірліктен, бұзықтықтан және мойынсұнбаушылықтан болған Аллаһ Тағала жек көретін нәрселерді тойтаруға күш-жігер жұмсау болып табылады». “Мәжму’ әл-фатауа” 10/191.

Шейхуль-исламның айтқандарынан жихад шариғат тұрғысынан Аллаһ Тағала сүйетін және құптайтын амалдарды, сөздерді және сенімдерді  іске асырудың, сондай-ақ Пәк Аллаһ сөгетін  және жек көретін амалдарды, сөздерді және сенімдерді тойтарудың жолдары мен тәсілдерінің жалпы түсінігі болып табылатындығы айқын болады.

Екінші тарау:

Жихадтың түрлері  және оның дәрежелері

«Жихад» сөзін абсолюттік мағынада қолдануда көпшілік арасында «Аллаһтың жолындағы жихад – кәпірлерге қарсы соғысу үшін барлық күш-мүмкіндіктерді жұмсау» деген тұрақты пікір қалыптасып қалған, ал шын мәнінде, аталған нәрсе тек жихадтың бір ғана түрі және оның дәрежелерінің бірі ғана болып табылады.  Ал шариғаттағы жихад түсінігі бұдан анағұрлым кең және көлемді. Және ғалымдар пәк шариғат мәтіндерінің негізінде  толық түсіндірген оның өзгешеленетін түрлері мен түрлі дәрежелері бар.

Жихадтың түрлері мен деңгейлерінің мен кездестірген түсіндірмелерінің ішіндегі ең жақсысын атақты ғалым және зерттеуші Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия өзінің «Зад әл-Мә’ад» атты кітабында ұсынады. Онда ол: «Жихад төрт деңгейге бөлінеді: өз-өзіңе қарсы жихад; шайтанға қарсы жихад; кәпірлер мен екіжүзділерге қарсы жихад; жәбірлеушілікті, бидғаттарды және күнәлі әрекеттерді жақтаушыларға қарсы жихад», - дейді.   “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Төмендегілер жихад тақырыбына және оған байланысты нәрселерге қатысты жихадтың түрлерінің түсіндірмесі болып табылады. Әрбір түрдің, өз кезегінде, шейх Ибн әл-Қаййим түсіндіріп өткен дәрежелері бар:

Өз нәпсіне қарсы жихад («жихад ән-нәфс»)

Жихадтың бұл түріне қатысты Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Өз-өзіңе қарсы жихадтың да төрт деңгейі бар:

Біріншісі оларсыз адам екі дүниеде де не жетістікке, не бақытқа ие бола алмайтын дұрыс жолды және ақиқат дінін біліп-үйрену үшін өз-өзіңмен күресуге тура келгенде (жалқаулықпен, шаршаумен т.б.) орын алады. Адам білімсіз қалғанда екі дүниеде де бақытсыз болады.

Екінші деңгей – алған білімнің негізінде амал ету үшін өзіңмен күресу, өйткені жай білімнің өзі, амалсыз, егер зиянды болмаса да, ең жоқ дегенде пайдасыз болады.

Жихадтың үшінші деңгейі өз алдына дінге шақыруды және оны білмегендерге үйрету ісіндегі күресті қамтиды.  Кері болған жағдайда ол (адам) Аллаһтың түсірген басшылығын және айқын аяттарын жасырушы болып қалады және оның білімі оған көмектеспейді және Аллаһтың жазасынан құтқармайды.

Төртінші деңгей – Аллаһқа шақыру барысында туындайтын ауыртпалықтарға, Аллаһтың жаратқандарынан келіп тиетін ренжітулерге сабырлық таныту мен осының барлығына Аллаһтың разылығы үшін төзуде өз-өзіңмен күресу”. “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіңе қарсы жихадтың Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткендей қысқаша сипаттамасы осындай. Сондықтан мұсылман адам Аллаһ жолындағы жихадты Құдіретті және Ұлы Аллаһқа мойынсұну үшін өз-өзіне қарсы жихадтан былайша бастау керек:

Біріншісі. Білім алуда, Аллаһтың дінін, Аллаһтың Сөзін және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін ізгі салиқалы буын өкілдерінің (саләфтардың), Аллаһ оларды рахым етсін, түсінігіне сәйкес түсінуде еңбек ету.

Екіншісі. Амалдың үстінде білімге сәйкес еңбек ету, өйткені білімнің мақсаты амал болып табылады. Білім өз соңынан амалды шақырады, ал ол оған жауап берсе – игі. Керісінше болған жағдайда ол ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын, айтқандай, кетіп қалады. Әл-Хатыб әл-Бағдади “Иктида әл-’ильм әл-’амәл” (40).

Сондықтан білімнің мақсаты әрекет (амал) болып табылады. Ал егер мұсылман білім алу үшін өз-өзімен күрессе, онда ол осы білімдерінің негізінде амал етуде де өзімен еңбек етсін. Кейде мұсылман Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, хадисін естиді, оны (хадистегі) амал таң қалдырады және ол (хадистегі) ғибадатқа таңданады, ал кейін ол сол амалды орындауға ерінеді, әрі мұндай нәрсе жиі болып тұрады. Сондықтан бұл жағдай Ұлы және Пәк Аллаһқа ғибадатты дұрыс орындау үшін нәпсімен күресуді және оны бақылап отыруды талап етеді.

Содан соң, мұсылман білім алу үшін және әрекет жасау үшін өз-өзімен күрескен кезінде, ол өзін Аллаһ Тағала онымен игілендірген осы білімге шақыру үшін еңбек етеді. Және ол өзіне жеткен игілікті өзінің өзге бауырларына жеткізеді, өзіне Аллаһ үйреткен нәрседен оларға да үйретеді және оларға Аллаһтың дінін оқытады. Кейін ол басына түскен сәтсіздіктерге сабыр етеді. Ал білім алудағы сабырлық, амал етудегі сабырлық, дінге шақырудағы сабырлық және өзіне келген  сәтсіздіктерге сабырлық– бұл нәпсімен жихад, әрі осы – Аллаһ жолындағы ең ұлы жихадтардың бірі. Ең дұрысы - бұл оның ішіндегі ең ұлысы және ең негізгісі. Ал жихадтың қалған түрлері оның тармақтары болып табылады. Және құл ең алдымен Аллаһ Тағала үшін әмірлерді орындап, тыйымдарды қалдыру үшін күреспейінше, ол сырттағы өзінің және Аллаһ Тағаланың дұшпандарымен күресе алмайды. Ал өзінің ішкі дұшпаны оны мәжбүрлеп және жеңіп жатса, және ол онымен Аллаһ Тағала үшін күреспесе,  қалайша ол өз дұшпанымен күресе алады және одан әділеттілікті талап ете алады?!  Бәрінен дұрысырағы, ол өзінің нәпсісінің бас көтеруіне қарсы күреспейінше, өзінің дұшпанына қарсы шыға алмайды». “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Сондықтан егер мұсылмандар өз-өздерімен күресуде кемшіліктерге жол беріп жатса, олар өздерінің қарсыластарымен болған жихадта әлсіз бола бастайды, ал нәтижесінде олардың дұшпандары олардың үстінен жеңіске жетеді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқан: “Кәпірлердің мұсылмандар үстінен басымдығы мұсылмандардың күнәларының салдарынан ғана болды, олар міндетті түрде олардың иманының әлсіреуіне әкеп соқты. Кейін, егер олар тәубеге келсе және де өздерінің имандарын кемел дәрежеге дейін жеткізсе, Аллаһ оларға жәрдем етеді, бұл жөнінде Ол Өзі былай деп айтқанындай: «Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар» (Әли Имран, 139). Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Сендер оларды екі есесіне ұшыратқан бір қайғыға өздерің ұшырағандықтан: «Бұл қайдан келді?», - дедіңдер. «Ол өз пиғылдарыңнан», - де» (Әли Имран, 165).  “әл-Жәуаб әс-сахих лимән бәддалә дийн әл-масих” 6/450.

Сөйтіп, нәпсіге қарсы жихад Аллаһтың құлы оның күшімен дұрыс жетекшілікке және дұшпандарға қарсы көмекке қол жеткізетін  жихадтың негізгісі болып табылады. Ал Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Сондай жолымызда күрескендерді әлбетте тура жолдарымызға саламыз» (Анкәбут, 69).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деген: “Пәк Аллаһ дұрыс жетекшілікті жихадпен байланыстырды. Және барынша кемел болған басшылық ең көп жихад жасайтын адамдарда. Ал ең міндетті болған жихад - өз-өзіңмен жихад, қалауларыңмен жихад, шайтанмен жихад және бұл дүниемен жихад болып табылады. Және жихадтың осы төрт түрін Аллаһ үшін орындайтын адамды Ол Өзінің разылығына жетелейтін, Оның Жәннатына апаратын жолдармен жүргізеді. Кім бұл жихадты тастаса, ол, жихадтан қаншалықты айырылып қалған болса, соншалықты басшылықтан да айырылып қалады.  Әл-Жунәйд (бұл аяттың мағынасы жөнінде) былай деді: «Бізге тәубесімен келіп, өз қалауларымен күресетіндерді, Біз ихлас жолымен жүргіземіз».  Осы ішкі дұшпандармен күреспей, сыртқы дұшпандармен соғысу мүмкін болмайды. Кімге осы (ішкі дұшпандарға қарсы) көмек көрсетілсе, оған оның дұшпанына қарсы көмек көрсетіледі. Ал кімге қарсы (ішкі дұшпандарының пайдасына) көмек көрсетілсе, оған қарсы оның дұшпанына да көмек көрсетіледі». Қз.: “әл-Фауаид” 109.

Өз-өзіне қарсы жихад туралы Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көптеген хадистер келген, әрі олардың барлығы оның маңыздылығын дәлелдейді. Мысалы, Абу Заррдың: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ең жақсы жихад – бұл ер кісінің өз нәпсісімен және көңіл қалауымен жихады!» - деп айтты», - деген хадисі. Ибн ән-Нажар. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 1099.

Ибн ‘Амрдан, Аллаһ ол екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ең жақсы жихад Құдіретті және Ұлы Аллаһ үшін өз-өзімен күрескеннің жихады болып табылады». әт-Табарани. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-Жәми’» № 1129.

Фадали ибн ‘Убайданың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығы кезінде: «Сендерге мүмін туралы хабар берейін бе? Ол - оған адамдар өздерінің мал-мүліктері мен жанын аманат ететін (адам). Мұсылман – ол адамдарға тілімен де, қолымен де зиян тигізбейтін (адам).  Мужжахид – ол Аллаһқа құлшылық қылу үшін өз нәпсісімен күресетін (адам). Ал мухажир – ол қателіктер мен күнәларды қалдырушы (тастаушы) (адам)», - деді”. Ахмад (6/21), әл-Хаким (1/10-11), Ибн Хиббан (№ 4862). Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 549.

Бұл хадистер өз нәпсіне қарсы жихадтың төтенше маңыздылығына нұсқайды. Сондықтан Аллаһтың құлы өз-өзімен жүргізілетін жихадқа және оның жоғарыда айтылған дәрежелерін жетілдіруге назар бөлуі керек.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Ал егер Аллаһтың құлы осы төрт деңгейді кемелдікке дейін жеткізсе, ол «раббәни» (ғалым және рухани ұстаз) болады. Өйткені бізден алдынғы ізгі буын өкілдері: «Ғалым ақиқатты білмейінше, оған сәйкес амал етпейінше және оны оқытып-үйретпейінше, «раббәни» деп аталуға лайықты болмайды», - дегенге бірауызды келіскен. Және кім біліп, амал етіп және оқытып-үйреткен болса, аспан тұрғындары ол үшін көп дұға ететін болады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Өз нәпсіне қарсы жихадта жолдан тайғандарға келер болсақ, олар әртүрлі жолдармен және түрлі топтармен көрініс тапқан.

Олардың арасында, тек теориялық білім үшін өзімен күресетіндер бар, оларды білім қатты ойландырады, алайда олар амал жасауға еш көңіл бөлмейді. Бұл жалған каләмнің (Исламдағы философиялық ағым) жақтаушыларының кейіпі. Олар біліммен, зерттеумен және ой жүгіртумен шұғылдануға көп  уақыт жұмсайды, алайда өздерінің білімдері қамтитын айқын бұзақылыққа көңіл бұрмайды.

Олардың арасында амал-әрекет жасау үшін өз-өзімен күресіп жүргендер бар, алайда олар Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз. Бұл - адамдарда білімге деген қалауды қайтаратын, оларды білім ізденуден алыстататын және одан сақтандыратын сопылардың кейіпі. Мұндай адамдар амалдардағы адасушылыққа жиі түсіп жатады, ал солар (біріншілері) білімдегі адасушылыққа жиі түсіп жатады.

Тағы біреулері шақыруда (дағуатта) Аллаһтың діні туралы білімсіз және түсініксіз өз-өзімен күресіп жүргендер, әрі олардың қолдарынан үмметке көп бұзақылық, жамандық және көптеген бидғаттар таралуда.

Дұрыс жолда және Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ілесуде өз-өзімен күресуге келер болсақ, ол Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, атап өткен төрт деңгейдің орындалуымен іске асырылады.

Шайтанмен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай жалғастырады: “Шайтанмен жихадқа келер болсақ, оның екі деңгейі бар:

1. Ол құлды азғыратын дін туралы кесірлі күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін онымен күресі.

2. Ол (Аллаһтың құлын) азғыратын кесірлі қалаулар мен құмарлықтарды тойтару үшін онымен күресу. Сондықтан бірінші жихадтан кейін мығым сенім пайда болады. Ал екінші жихадтан кейін сабыр пайда болады. Екі жихадпен бірге құл Аллаһтың дінінде жетекші және ұстаз болады. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік» (Сәждә, 24). Және Пәк Аллаһ діндегі жетекшілікке тек сабырлық пен нық сенім арқылы жетуге болатынын хабарлады. Сабырлық әуесқойлық пен жаман ниеттерді тойтарады, ал нық сенім күмән мен күдіктерді тойтарады». “Зад әл-Мә’ад” 3/10.

Бұл сөздер осы жағдайды түсіну, түсіндіру және түзету үшін әрбір мұсылманға жеткілікті. Сонымен шайтанға қарсы жихадтың екі деңгейі бар:

-                     Аллаһтың кұлының шайтанмен, ол оны азғыратын кесірлі ниеттер мен тыйым салынған құмарлықтарды тойтару үшін, күресі.

-                     Оның шайтанмен, ол оны азғыратын күдіктер мен күмәндарды тойтару үшін, күресі.

Білім иелері шайтанның адамға ықпал ететін екі жолы бар дейді. Бірінші жол – ынтықтық, құмарлық, әуесқойлық; екіншісі – күмәндар.

Ол адамға келіп, оның бейімділіктеріне қарайды. Әрі егер ол иманның және мойынсұнудың әлсіздігін, ғибадаттың кемшілігін байқаса, адамды құмарлықтарына және күнәлі амалдарға қарай тартып, оны осы жолға бағыттап жібереді. Егер ол адамды мығым бойсұнуда және нық иманда көрсе, онда ол оған бұл жолмен келмейді. Ол оған күдіктер, күмәндар және жаман ой-жорамалдар жағынан келіп, оны бидғат жаңалықтарға кіргізіп жібереді.

Бұл – шайтанның адамға қарсы екі жолы. Және шайтан оның дұшпаны болып табылады, Аллаһ Тағала бұл жөнінде: «Шәксіз, сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фатыр, 6), - деді.

Сөйтіп, ол - дұшпан, дұрысырағы – тіпті адамның ең үлкен дұшпаны болып табылады. Сондықтан әрбір мұсылман оған дұшпан ретінде қарауға, оған қарсы толық жихад жасауға және Аллаһ Тағаладан оның азғыруына қарсы көмек сұрауға міндетті. Бұл жөнінде Құдіретті және Ұлы Аллаһ: «Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сыйынамын. Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сыйынамын», - де» (Мүмінун, 97-98), - деді.

Және Аллаһтың құлы шайтанның кесірінен, оның көпқұдайшылығынан, оның күмәндарынан, құмарлықтарынан және оның шақыруларынан Аллаһ Тағаладан пана сұрасын және Аса Игі Аллаһ Тағаладан қорғау тілесін.

Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, ол төрт деңгейге ие: жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен. Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жихад тілмен (сөзбен) орындалады». Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Анастан жеткен хадисте, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кәпірлермен өздеріңнің мал-мүліктеріңмен, өмірлеріңмен және өздеріңнің тілдеріңмен шайқасыңдар», - деген.  Абу Дауд № 2504.

Кәпірлермен және екіжүзділермен жүргізілетін жихад – бұл оларға деген жек көрушілік және қабылдамау, оларға деген сүйіспеншіліктің болмауы, олардың жеңілістеріне қуану, мұсылмандарға оларға қарсы көмектесуге ұмтылу және Аллаһ Тағаланың Кітабында және Оның Пайғамбарының, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде нұсқалған жүрекпен байланысты басқа да нәрселер.

Олармен сөзбен жихад жүргізу – білім иелерінің айырықша құзыры. Ол өзіне дәлелдер мен дәйектердің көмегімен оларға ақиқатты түсіндіруді, олардың адасушылықтары мен өтіріктерін жоққа шығаруды қамтиды. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса!» (Фурқан, 52). Яғни олармен Құран арқылы ұлы күрес жүргіз. Бұл Құран мен түсіндірмені (Сүннетті) түсінетін білім иелеріне қатысты.

Кәпірлермен және екіжүзділермен тілмен жүргізілетін барша мұсылмандарға қатысты жихадқа сондай-ақ Аллаһ Тағаладан мүміндерге көмек және кәпірлер мен екіжүзділерге жеңіліс тілеп дұға ету де жатады.

Олармен мал-мүлік арқылы жихад мал-мүлкі бар адамға қатысты және ол Аллаһтың жолындағы жихад амалдарына, Аллаһқа шақыруға, өзінің мұсылман бауырларына көмек пен қолдау көрсетуге шығынданумен жүргізіледі.

Олармен жанмен (өмірмен) жихад – бұл олар Исламды қабылдамайынша немесе құламайынша олармен қолмен және қарумен күресу, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқанындай: «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, дұшпандық залымдарға ғана» (Бақара, 193).

Сондай-ақ Пәк Аллаһ былай деді: «Кітап берілгендерден Аллаһқа да, Ақырет күніне де иман келтірмегендермен, Аллаһтың әрі Елшісінің арам еткен нәрселерін арам деп санамайтындармен, хақ дінді (Исламды) ұстанбайтындармен олар сүмірейіп, өз қолдарынан салық бергенге дейін соғысыңдар»  (Тәубә, 29).

Ал Ибн әл-Каййимнің: “Және кәпірлермен күрес негізінен қолмен, ал екіжүзділермен жихад тілмен (сөзбен) орындалады», - деген сөзі – барлығымен де күрес төрт тәсілмен (жүрекпен, тілмен, мал-мүлікпен және өмірмен) жүргізілетінін білдіреді, алайда кәпірлермен жихад көп жағдайда қолмен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы анық.  Ал екіжүзділермен жихад көбіне сөзбен жүргізіледі, өйткені олардың дұшпандығы – іштей және жасырын, және олар Исламды жақтаушылардың басым күшінің астында болады. Сондықтан олармен күрес дәлелмен және түсіндірумен жүргізіледі: олардың жағдайы әшкереленеді; адамдар мұны білуі үшін, олардан сақтануы үшін, және осыдан болған бір нәрселерге ұрынып қалмауы үшін, олардың сипаттары аталып айтылады. Бұл Аллаһ Тағаланың Кітабының көптеген жерлерінде және Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде толық түсіндірілген.

Жәбірлеушілікті, бидғаттады және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жихад

Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, ол үш деңгейге ие. Біріншісі: қолмен, күштің (қудра) болғанында. Егер күш болмаса, онда тілге көшеді. Егер бұл да мүмкін болмаса, онда – жүрекпен». Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/11.

Жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істерді жасаушылармен жихадтың Ибн әл-Қаййим атап өткен бұл деңгейлеріне Абу Са’идтің, Аллаһ оған разы болсын, мына хадисі нұсқайды. Ол былай деді:  “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі», - деген”. Муслим № 49.

Сондай-ақ, Ибн Мас’удтың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде  Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһ менен алдын қай пайғамбарды қандай да бір қауымға жіберсе де, онда міндетті түрде өзінің қауымынан болған, оның сүннетіне (жолына) ілескен және оның әмірлерін орындаған хауарилері (апостолдары) мен сахабалары болды. Ал олардың орнына өздері істемейтін нәрсені айтатындар және оларға әмір етілмеген нәрселерді істейтіндер келді. Осындайлармен өз қолымен күресушілер мүмін болып табылады, әрі солармен өз тілімен күресушілер мүмін болып табылады, әрі солармен өз жүрегімен күресушілер де мүмін болып табылады, ал осыдан кейін - қыша бидайындай да иман жоқ!» Муслим № 50.

Сондықтан мұсылманнан жәбірлеушілік, бидғаттар және күнәлі істер істеушілермен жихадты не қолмен, не тілмен, не болмаса жүрекпен орындау талап етіледі. Және мұның барлығы қабілеттілікке (қудраға) байланысты.

Жүрекпен күресуді әрбір мұсылман орындай алады. Бұл күрес өзіне бидғатты, күнәлі істерді және күнәларды жүрекпен қайтаруды, оларды қабылдамауды және жек көруді, олардың жойылып опат болуын қалауды қамтиды.

Тілмен күресуге келер болсақ, мұны әркім істей алмайды. Мұны өздеріне білім мен түсінік берілгендер ғана, Аллаһтың дінін түсіну немесе өзі тойтарғысы келген нақты мәселені түсіну қабілеті барлар ғана істей алады.

Қолмен күресуге келер болсақ, бұл – кез келген адамға емес, тек күш пен билігі барларға және жауапкершілігі бар адамдарға ғана қатысты. Күнәлі істерді қолымен міне осы адамдар өзгертеді.

Жоғарыда нұсқалғандардан Аллаһтың жолындағы жихадтың түрлері және дәрежелері бар екені және әрбір мұсылман осылардың қандай да бір түрімен немесе қандай да бір дәрежесімен Аллаһтың жолында жихад жасай алатындығы айқын болады. Сондықтан атақты ғалым Ибн әл-Қаййим жихадтың осы түрлері туралы атап өткен соң, былай деді:  «Ал кім қасиетті соғысқа қатыспай, тіпті қатысу туралы ойламай, өліп кетсе, ол өлгеніне дейін екіжүзділіктің бір көрінісімен сырқаттанып өткен болады». Муслим 1910. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Үшінші тарау:

Жихадтың үкімі

Аллаһтың жолындағы жихад ең ұлы ислами ұрандардың және ең маңызды діни міндеттіліктердің бірі болып табылады. Және оның үкімі оның түрлері мен деңгейлеріне, сондай-ақ бұл міндеттілік жүктелетіндердің жағдайына байланысты өзгешеленеді.

Өз-өзімен жүргізілетін жихад - әрбір мұсылманның жеке парызы (фард айн), әрі ешкім оны біреудің орнына орындамайды, өйткені ол әр адамның ерекшіліктерімен байланысты және адамның бақыты мен жетістіктеріне тек оның өзі ғана қол жеткізе алады.

Сол сияқты, шайтанмен жүргізілетін жихад та әрбір тұлғаға міндетті болып табылады (фард айн), өйткені ол негізінен әрбір адамға жеке белгіленген, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фатыр, 6).

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Шайтанға дұшпан ретінде қатынас жасау әмірі - онымен соғысуға және күресуге барлық күш-жігерді жұмсауға назар аудару, ол Аллаһтың құлымен жүргізетін соғысында бір демге болса да әлсіремейтін және қателіктерге бой бермейтін дұшпандай”. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/6.

Кәпірлермен, екіжүзділермен және бидғаттар мен күнәлі істердің жақтаушыларымен жүргізілетін жихадқа келер болсақ, бұл жердегі жағдай біраз өзгеше. Және жихадтың бұл түрі – әрбір мұсылманның не жүрегімен, не сөзімен, не мал-мүлкімен, не қолымен (осы түрлерінің қандай да бірімен) атқарылатын жеке міндеті болып табылады деген үкім - дұрысырақ. Сондықтан мұсылман (жихадтың) осы түрлерінің қандай да біреуін пайдаланып, күші жеткенше шайқасуы керек. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/72.

Жалпы үмметке қатысты ол ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандарынан оны орындау жауапкершілігі түседі. Олай болмаған жағдайда, егер мұсылмандардың (ол туралы) білімі және (оны орындау үшін) күші бола тұра олардан ешкім оны орындамай қалдырса, олардың барлығы күнә арқалайды. Қз.: “Фатх әл-Бари” 6/37, “Мәжму’ әл-фатауа Ибн Баз” 18/62.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Міне, осылайша жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару да әрбір жеке адамға жүктелген міндеттілік (фард айн) болып табылмайды, ол, бұған Құран нұсқайтынындай, ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Және жихад шақыру мен тыйым салудың ең жоғары нысаны болғандықтан, оған қатысты да осындай ұйғарым қолданылады. Бұл міндеттілік жүктелгендер оны орындамаса, оны орындауға қабілетті болғандардың әрбірі, мүмкіндіктеріне сәйкес, күнәхар болады. Өйткені ол әрбір адамға оның күш-қуатына сәйкес міндетті болып табылады, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтқанындай: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесе, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі». Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 28/126.

Кәпірлерге қарсы жихад ұжымдық міндеттілікке жататындығы жөнінде айтылған сөзде, ғалымдардың кең тараған пікіріне сәйкес,  шабуыл жихады меңзеледі.  Олардың кейбіреулері бұл мәселеде бірауызды келісім (иджма’) бар екендігі туралы айтқан, әрі бұған дәлелдер де көп. Мысалы, Ұлы және Пәк Аллаһ  былай деп айтты: «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар және Аллаһ жолында малдары мен жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді» (Ниса, 95).

Бұл аяттан ғалымдар «Аллаһтың дініне шақыруды тарату мақсатымен мұсылмандар тарапынан басталған кәпірлерге қарсы жихад жеке міндеттілікке емес, ұжымдық міндеттілікке жатады, өйткені Ұлы және Құдіретті Аллаһ аятты «Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті» деген сөздермен аяқтады» деген  қорытынды шығарды. Өйткені (аятта) мүміндердің екі тобы, ауыртпалықтарды бастан кешірмей (соғысқа шықпай) отырып қалғандар және соғысып жатқандар туралы айтылып жатыр, әрі олардың әрқайсысына да Аллаһ ең жақсы игіліктерді уәде етті. Хафиз Ибн Касир бұған байланысты былай деп айтты: «Бұл аятта жихад жеке міндеттілік (фард айн) болып табылмайтындығына, алайда ұжымдық міндеттілікке (фард кифаяға) жатандығына дәлел бар”. Қз.: “Тафсир Ибн Касир” 2/241.

Бұл дәлелдерге Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, хадисі де жатады, онда Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһқа және оның Елшісіне иман келтіріп, намазды орындап және Рамазан айында ораза ұстаған болса, оны Аллаһ міндетті түрде Жәннатқа кіргізеді, ол Аллаһтың жолында соғысқандығына немесе өзінің мекенінде болғанына қарамастан». Сонда сахабалар: “Уа, Аллаһтың Елшісі! Адамдарды (осымен) қуантпаймыз ба?” – деді.  Ал ол оларға былай деп жауап берді: «Ақиқатында, Жәннатта Аллаһ жолында соғысатындар үшін Аллаһ әзірлеп қойған жүз дәреже бар. Әр дәреженің арасындағы арақашықтық жер мен аспан арасындағы арақашықтық сияқты. Және сендер Аллаһтан (Жәннатты) сұрасаңдар, ақиқатында Жәннаттың ортасында және оның ең жоғарысында орналасқан Фирдаусты сұраңдар. Оның үстінде Рахманның Аршы орналасқан, ал одан жәннат өзендері бастау алады». әл-Бухари № 2790.

Сондай-ақ ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан оның мына сөздері жеткізіледі: “Бір адам Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, одан жихадқа қатысуға рұқсат сұрады. Сонда (Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан былай деп сұрады: «Сенің әке-шешең тірі ме?»  Келген (адам): «Иә», - деп жауап берді. Ал Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Ендеше оларға қызмет көрсетуде ынта таныт!». әл-Бухари № 3004, Муслим № 2549.

Ибн Қудама бұл хадиске былайша түсіндірме жасады: “Ата-анаға игілік жасау фард ‘айн (әрбір кісінің жеке міндеті) болып табылады, ал соғысу фард кифаяға (ұжымдық міндеттілікке) жатады. Және фард ‘айнды орындау бірінші кезекте тұрады”. Қз.: “әл-Муғни” 9/170.

Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, кәпірлерге қарсы жихад - фард кифая. Дегенмен, жихад - фард ‘айн болатын, бұл жөнінде ғалымдар ескерткен, үш жағдай бар:

Бірінші жағдай мұсылман әскері дұшпанның әскерімен бетпе-бет соқтығып қалған кезде орын алады. Бұл жағдайда ұрысқа қатысушының әрбірі соғысуға міндетті, әрі оған қашуға тыйым салынады. Өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде кәпірлерге арқасын көрсетсе, әрине Аллаһтың қаһарына ұшырайды. Орны - Тозақ, нендей жаман орын!» (Әнфәл, 16).[1]

Екінші жағдай дұшпанның мұсылман еліне шабуыл жасауымен және оны қоршауға алумен байланысты. Бұл жағдайда осы елдің халқы олармен соғысуға және оларға қарсылық көрсетуге міндетті болады.

Үшінші жағдай мұсылмандардың әмірі (ел басшысы) жалпы мобилизациялау туралы жариялағанда, немесе нақты біреуді белгілі бір тапсырманы орындауға бекіткенде туындайды.

Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар», - делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар» (Тәубә, 38).

Сондай-ақ бұған Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуіне де разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Меккені алған күні: «(Мекке) алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ жихад және ізгі ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!», - деп айтқаны жеткен хадис те нұсқау болады. әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.

Сөйтіп, осы аталған үш жағдайда, жихад - әрбір мұсылманның міндеті (фард ‘айн) болады. Қз.: шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәжму’ әл-фатауа” 28/80, “Фатх әл-Бари” 6/37-38, шейх Ибн Баз “Мәжму’ фатауа уә мақаләт” 18/62, 163.

Төртінші тарау:

Жихадтың мақсаттары

Аллаһ Тағала жихадты Исламда бұйырды және оны ұлы әрі мақтаулы мақсаттар үшін мұсылмандарға парыз етті. Ол мақсаттардың бір бөлігі ғалымдардың мына сөздерінде ашылып көрсетіледі.

1. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Жихадтың мақсаты – Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем, ал дін толығымен Аллаһ Тағалаға тән болатын жағдайға қол жеткізу.  Басқаша айтқанда, оның мақсаты – Аллаһтың дінін орнату”. Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 15/170, 28/23.

2. Ол сондай-ақ былай деп айтты: “Және жихадтың мақсаты адамдардың Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған ғана жалбарынып, Оған ғана намаз оқып, Оған ғана сәжде жасап, Ол үшін ғана Ораза ұстап, тек Оның Үйіне ғана қажылық жасап, Оған ғана арнап құрбан шалып, Ол үшін ғана нәзір беріп, Оның атымен ғана ант етіп, Оған ғана тәуекел етіп, Одан ғана қорқуына жету болып табылады.  Өйткені Жалғыз Ол ғана игілік береді және жамандықты жояды. Жалғыз Ол ғана  өзінің жаратылыстарын тура жолмен жүргізеді. Және оларға тек қана Ол жәрдем береді. Және оларды ризықтандырып, байытатын да тек Ол ғана. Олардың күнәларын да Одан өзге ешкім кешірмейді!” Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 35/368.

3. Шейх ‘Абдуррахман ибн Насыр әс-Са’ди былай деп айтты: “Жихад екі түрлі болады: өзімен мұсылмандарға есендік, ақидасының, ахлағының және олардың дін әрі дүние істерімен байланысты барлық нәрселерінің түзетілуін әкелетін жихад. Сондай-ақ, бұл жихад мұсылмандарда шынайы білімдер мен амалдарды тәрбиелейді. Жихадтың міне осы түрі - оның негізі және оның мәні, әрі (жихадтың) екінші түрі, яғни Исламды және мұсылмандарды кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғатшылардан және діннің барлық жауларынан, дұшпандардан қорғау меңзелетін жихад, оның үстіне негізделеді”. Қз.: “Ужжуб та’аун бәйнә әл-муслимин” 8.

4. Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Жихад екі түрлі болады: шабуыл және қорғану жихады. Және олардың әрқайсысының мақсаты Аллаһтың дінін тарату және адамдарды оған шақыру, оларды қараңғылықтардан жарыққа шығару, және Аллаһтың дінінің жер бетінде салтанат құруы, және барлық дін тек Жалғыз Аллаһқа ғана тән болуы болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала Өзінің Ардақты Кітабында, «Бақара» сүресінде былай деп айтқанындай:  «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Ол сондай-ақ «Әнфәл» сүресінде: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар», - деп айтты. Және осыған ұқсас мағынадағы аяттар көп. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Маған адамдар  Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның Елшісі екендігіне куәлік бермейінше, намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу әмір етілді. Ал егер олар мұны істесе, онда өздерінің өмірлері мен мал-мүліктерін менен қорғаған болады, Ислам бұған рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ал  жауапты олар Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһтың алдында береді». Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, хадисі. Оның сахих екендігіне әл-Бухари мен Муслим келіскен”. Қз.: “Мәжму’ фатауа уә мәкәләт мутанәууи’ә” 18/70.

Бесінші тарау:

Аллаһтың жолындағы жихадтың артықшылығы

Егер осыдан алдынғы тарау Аллаһтың жолындағы жихадтың мақсаттары мен даналығының түсіндірмесі болған болса, онда Құран мен Сүннетте жихадтың артықшылығы және оған қатысушылардың артықшылығы туралы дәлелдер келтірілгендігі – таңданатын нәрсе емес.

Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим былай деп айтты: “Жихадты марапаттайтын, оны жасаушыларды мақтайтын және ол үшін  Раббылары оларға түрлі құрмет көрсетулер мен мол сыйлықтар түрінде ұлы сый дайындап қойғандығымен сүйіншілейтін Аллаһтың Кітабынан аяттар және Сүннеттің мәтіндері өте көп. Және бұл үшін Аллаһ Тағаланың айтқан мына сөздері жеткілікті: «Әй, мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» Және адамдар Аса Білімді және Дана Аллаһтың нұсқаған саудасын қатты қалаған соң, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіріңдер және Аллаһтың жолында мал-мүліктеріңмен және жандарыңмен соғысыңдар!». Адам жаны қауіпсіздікте болуды қалайтын сияқты, сондықтан Аллаһ: «Егер сендер білсеңдер еді, осы сендерге қайырлы», - деді. Яғни жихад сендер үшін өз өмірлерің мен денсаулықтарыңды сақтап қалу үшін қарап отырудан жақсы. Және жан: «Ал жихадта бізге қандай енші бар?» - деп сұрап жатқан сияқты. Ал Аллаһ: «Ол сендердің күнәларыңды жарылқайды», - деп, әрі жарылқап: «Сендерге астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарына, Ғадын Жәннатындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы», - деп жауап берді. Содан соң жандар былай деп айтқандай болды: «Бұл соңғы өмірде. Ал бұл өмірде бізге не беріледі?» Әрі Аллаһ былай деп жауап берді: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр!» (Саф, 10-13). Аллаһпен ант етемін, бұл сөздерден не тәтті болуы мүмкін! Және олардан артық жүректерге не жақын болуы мүмкін! Олар нендей күшті етіп өздеріне тартады және Раббыларына апарар нендей (керемет) жолға салады! Олардың үкімі (Аллаһты) сүйетін әрбір жүрекке нендей ізгі!  Жүректің байлығы нендей ұлы! Және осы сөздердің мәні оған жеткеннен соң оның өмірі нендей сүйсінерлі! Және біз Аллаһтан Ол бізге Өзінің рахметін жаудыруын тілейміз!  Ақиқатында, Ол – аса Жомарт, ерекше Рахымды!” “Тариқ әл-хиджратайн” 583-584.

Жихадтың артықшылығын хадистер де дәлелдейді. Солардың ішінде Му’аз ибн Жәбәлдің мына хадисі де бар: «Бұл істің (діннің) басы - Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы жихад». Ахмад 5/231, әт-Тирмизи № 2616.

Сондай-ақ ‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың жолында соғысыңдар, өйткені Аллаһтың жолындағы жихад - Аллаһ олар арқылы уайым мен қайғыдан құтқаратын  Жәннат қақпаларының бірі», - дегені жеткізіледі. Ахмад 5/314.

Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде былай деп айтылады: «Аллаһтың жолында күресуші ораза ұстаушыға, намаз орындаушыға, Аллаһтың аяттарының алдында бас ұрып, оразадан да, намаздан да шаршамайтынға ұқсас. (Және оның жағдайы) ол Аллаһтың жолынан оралғанша осылай. Және Аллаһ Өзінің жолында күресушіге оның жанын алып оны Жәннатқа кіргізуге деген, немесе оны аман-сау сый-сыяпатпен не олжамен оралуға деген үміт берді». әл-Бухари № 2787, Муслим № 1878.

Жихадтың және Аллаһ жолында күресушілердің артықшылығы туралы және шынайы (шын ықыласты) мужжахидтерге  Аллаһ бұл және Соңғы өмірде әзірлеп қойған жоғары мәртебелер мен аса зор сыйын түсіндіретін Кұран аяттары мен пайғамбарлық хадистер өте көп.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Жихадты орындау туралы әмірлер мен оның артықшылы туралы ескертпелер Кітап пен Сүннетте соншалықты көп болғандықтан, оларды санау мүмкін емес. Сондықтан жихад адамның ерікті амалдарының ең абзалы болып табылады, және ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша ол қажылық пен умрадан да, нәпіл намаздан да,  нәпіл оразадан да абзал, бұл жөнінде Кітап пен Сүннет нұсқағандай…

Бұл - кең тақырып, және амалдарға берілетін сый мен олардың артықшылығында оған ұқсас ешнәрсе келтірілмеген.  Және бұл - назар салғанда ап-айқын. Өйткені жихадтан келетін пайда оны орындаушыға да, басқаларға да дін мен дүние тіршілігінде ортақ болады. Ол ішкі және сыртқы ғибадаттардың барлығын өзіне қамтиды. Ол өзіне Аллаһ Тағалаға деген махаббатты, Оған деген ықыласты, Оған деген тәуекелді,  Ол үшін жан мен мал-мүлікті пида етуді, сабыр мен ұстамдылықты, Аллаһты зікір етуді және басқа да өзге амалдар қамтымайтын ғибадаттарды біріктіреді.

Және оны орындаушы тұлға немесе қауым үнемі екі игіліктің арасында болады: не жәрдем мен жеңіс, не шахидттік пен Жәннат. Өйткені жаратылғандарда міндетті түрде өмір және өлім болады. Осыда (жихадта) олардың өмірі мен өлімін олардың бұл дүниеде және Ақыретте бақытқа жетуі үшін пайдалану бар.  Ал оны тастауда (қалдыруда) екі дүниеде де (бақытты болуда) қаза және кемшілік бар. Өйткені адамдардың арасында дінде және дүние тіршілігінде қуатты амалдарды жасауға ұмтылатындар бар, алайда олардың пайдасы аз.  Ал жихад, бұл амалдардың әрқайсысымен салыстырғанда, екі өмірде де пайдалырақ. Кейде тұлға өлімге тап келер болса да, жанын жеңілдетуге ұмтылады. Ал шахидтің өлімі барлық өлімнен жеңіл және барлық өлімнен абзал”. “Мәжму’ әл-фатауа” 28/352-354.

Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы жихад Аллаһқа жақындаудың ең жақсы жолдарына және ең үлкен ғибадаттарға жатады, және бұл тіпті Аллаһқа жақындататын нәрселердің және міндетті болған амалдардан кейін жарысатын нәрселердің ең абзалы болып табылады. Бұл - оның мүміндерге көмек көрсетудің, Аллаһтың сөзінің үстем болуының, кәпірлер мен екіжүзділерді басудың, Исламға шақыруды халықтар арасында таратудың, Аллаһтың құлдарын қараңғылықтардан жарыққа шығарудың, барлық жаратылыстардың арасында Исламның керемет сипаттары мен әділетті шешімдерін таратудың және мұсылмандарға келетін өзге де көптеген пайдалардың және мақтаулы нәтижелердің себебі болғандығынан”. Қз.: “Мәжму’ фатауа уә мәқаләт мутанәууи’ә” 18/61-62.[2]

Алтыншы тарау:

Жихадтың ережелері мен шарттары

Бұл - жихад мәселесінің ең маңызды жағы, яғни Исламда әмір етілген жихадтың Аллаһтың Кітабында, Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде және ізгі алдынғы буын өкілдерінің хабарларында келтірілген ережелер мен шарттарға ие екендігін білу. Және Аллаһтың жолындағы жихад оларды орындағанда, атқарғанда және соларға сәйкес болғанда ғана Аллаһ Тағаланың алдында салиқалы және қабыл болатын амал болады. Осы ережелердің және шарттардың  ішіндегі ең маңыздылары – төменде келтірілгендері:

1. Жихадтың, кез келген салиқалы амалдың негізі болған екі шартқа негізделуі қажет, олар: ықылас және шариғатқа сәйкестік.

Құдіретті де Ұлы Аллаһ жихад жасаушының жихадын тек ол ондағы ниетін Аллаһ Тағала үшін, Пәк Аллаһтың разылығына жету үшін ықыласты қылса ғана қабыл етеді. Ал егер ол өзінің жихадымен өз пайдасын, немесе басшылықты, немесе кейбір адамдардың ой-ниеттерінде пайда болып жүрген сол сияқты нәрселерді қаласа, Құдіретті де Ұлы Аллаһ оны қабыл етпейді.

Сондай-ақ  Аллаһ Тағала жихадты орындауда Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ілеспеген адамның да жихадын қабыл етпейді. Сондықтан да, Аллаһ жолында жихад жасауды қалаған адамға Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін қарап шығу, оның іздерімен жүру, оның басшылығын қабылдау, жихадты және басқа ғибадаттарды орындауда оның жолына ілесу міндетті болып табылады.[3]

2. Жихадтың жихад мақсатына және ол бұйырылған мақсатқа сәйкес болуы.

Бұл мақсат - бұл жөнінде хадисте келтірілгендей, жихадты дін Аллаһқа тән болу үшін, және Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем болу үшін орындау.

Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһтың Елшісі! біреу олжа үшін соғысады, басқасы – даңқ үшін, үшіншісі - рия (көзбояушылық, өзгелерге көрсету) үшін. Осылардың қайсысы Аллаһтың жолындағы күрес болып табылады?», - деген сұрақ қойылды.  Ол былай деп жауап берді: «Кім Аллаһтың Сөзі үстем болу үшін соғысқан болса, міне сол Аллаһтың жолында». әл-Бухари № 7458, Муслим № 1904.

3. Жихад дінді білумен және түсінумен  орындалуы керек, өйткені ол - бұл жөнінде жоғарыда айтылғандай,  ең ұлы және ең маңызды ғибадаттардың бірі.

Ғибадат, егер ол дінді білумен және түсінумен орындалмаған болса, қабыл болмайды. Сондықтан  ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кім Аллаһқа білімсіз ғибадат етсе, пайдаға қарағанда көп зиян келтіреді”. Имам Ахмад “әз-Зухд” 365

Бір риуаятта: «Білім - амалдың басшысы, - деп айтылған, - және сол амалды жасаушы оған ілеседі», - делінген. Ал бұл – ақиқат, өйткені егер ниет пен амал біліммен бірге жүрмесе, онда олар надандық, адасушылық және құмарлықтарға еру болып табылады.

Сондықтан жихадта жихадтың ақиқатын,  оның мақсатын, оның түрлері мен дәрежелерін білу, әрі жихадты орындаушының  жағдайын міндетті түрде білу міндетті болып табылады. Қз.: Шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәжму’ әл-фатауа” 28/135-136.

Шейхуль-ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Жихад істерінде, діннің сыртқы жағына ғана басым көзқараста болатын  кәдімгі дүние тіршілігіндегі адамдармен салыстырғанда, дүние тіршілігіндегі адамдар туралы білімі (тәжірибесі) бар дұрыс дінді ұстанатындардың пікірін назарға алу міндетті болып табылады. Сондықтан да олардың (дүние тіршілігіндегі адамдардың) пікірі де, дүние тіршілігі туралы білімі (тәжірибесі) жоқ діндардың пікірі де алынбайды”. Қз.: “әл-Ихтиярат әл-фиқхия” 311.

Шейх Салих әл-Фаузан, Аллаһ оған есендік берсін, былай деп айтты: “Ғалымдар жихад туралы оларға адамдар жүгінетін көптеген еңбектер жазды. Және бұл әмірлер Аллаһтың Кітабынан және оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған. Олар білім және ақыл иелерінен сұрайды, өйткені жихад маңызды іс болып табылады. Егер ол ұйымдастырылса және Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ бұйырғандай болса, онда ол үмметке пайдалы жихад болады. Алайда ол анархия (тәртіпсіздік) болса және ақылсыз әрі білімсіз орындалса, онда ол мұсылман үмметі үшін жеңіліс болады. Өйткені одан күші басым болған кәпірлердің ызасын туғызған бір наданның шүбәлі жолмен оңай олжа іздеуінің себебінен қанша мұсылмандар өлтірілді! Ал олар (кәпірлер) мұсылмандарға бас салып, қантөгіс жасады және оларды баспаналарынан айырып, (үйлерін) қиратты. Ал Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ. Және сол адамдар осы о бастан сәтсіз аяқталатыны белгілі істерін (авантюраларын) жихад деп атайды, бірақ бұл – жихад емес, өйткені олар оның шарттарын қамтамасыз етпеді, оның тіректерін орындамады. Сондықтан бұл - жихад емес. Бұл  - Құдіретті де Ұлы Аллаһ істеуге тыйым салған өшпенділік қана”.  “әл-Жихад әнуа’уху уә әхкәмух” 24-25.

4. Жихад жаратылыстарға деген мейірімділікпен және ізгілікпен қатар жүргізілу керек, өйткені жихад Исламда тіршілік иелеріне үрей салу үшін немесе өзгелерді ренжіту үшін әмір етілмеді, сондықтан да осылардың Аллаһтың жолындағы жихадқа қатысы бар деп түсінбеу керек.[4]

Аллаһ Тағала бұл шайқасатын үмметті мына сөздермен сипаттады: «Сендер – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратын және Аллаһқа иман келтіретін, адамзаттың игілігі үшін пайда болған ең жақсы үммет болып табыласыңдар» (Әли Имран, 110).

Абу Хурайра, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтты: “Адамдар үшін адамдардың ең жақсысы – олар Исламға кірмейінше, оларды шынжырлап әкелуші болып табылады”. әл-Бухари 4557.[5]

Және Аллаһ Тағала осы аятта бұл үммет адамдар үшін ең жақсысы болып табылатынын түсіндірді. Олар адамдар үшін ең пайдалылары, басқаларға қарағанда олар үшін көбірек игілік жасаушылары болып табылады, өйткені олар сандық тұрғыдан да, сапалық тұрғыдан да кемел түрде адамдарды игілікке бұйырады және оларды жамандықтан қайтарады. Яғни олар барлық адамдарға барлық кез-келген жақсылықтарды бұйырады және оларға барлық кез-келген жаман нәрселерге тыйым салады, әрі мұны өздерінің жандарымен және мүліктерімен жүргізетін Алаһтың жолындағы жихадпен орнатады, және бұл адамдар үшін жасалатын пайданың кемелдігі болып табылады. Және олар жихад жасайды әрі рахым көрсетеді, оларда сабыр мен рахымшылдық бар, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқанындай: «… бір-біріне сабырды үгіттескендер және бір-біріне рахымшылдылдықты үгіттескендер» (Бәләд, 17).

Және мұның барысында міндетті түрде ізгілік және жұмсақтық болуы керек, ол жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, ізгілік өзі қосылған нәрсенің барлығын көркейтеді, ал тұрпайылық әрқашан оның шарапатсыз болуына келтіреді». Муслим № 2594.

Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Ақиқатында, Аллаһ Ізгі және барлық нәрседе ізгілікті сүйеді, және ол үшін қаталдық үшін бермеген нәрсені сыйлайды». Муслим № 2593.

Ізгі алдынғы буын өкілдерінен болған бір кісіден жеткен риуаятта: «Жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтаруды тек  өзі бұйырып жатқан нәрседен хабары бар, өзі тыйып жатқан нәрседен хабары бар, өзі бұйырып жатқан нәрсесінде ізгі, өзі тыйып жатқан нәрсесінде ізгі, өзі бұйырып жатқан нәрсесінде жұмсақ, өзі тыйып жатқан нәрсесінде жұмсақ болған адам ғана орындасын», - деп айтылады. Қз.: Шейхуль-ислам Ибн Таймияның “Мәжму’ әл-фатауа” 28/35, 123, 137.

Мұсылман өзінің барлық істерінде ортаны ұстайды. Ол жаратылыстарға рахымшылдық танытады, бірақ Аллаһ жек көретін нәрсеге жек көрушілігін жоғалтуға дейін өтіп кетпейді. Ол Аллаһ үшін ызаланады, оның тыйымдарына қатысты қызғанушылық танытады, бірақ жәбірлеушілікке, өшпенділікке және зұлымдыққа өтіп кетпейді.  Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Шайтан адамның барлық ісінде ысырап қылуын қалайды. Және ол оны рахымшылдыққа бейім екенін көрсе, онда ол оған рахымшылдықты шектен тыс көркейтіп көрсетеді де, ол (адам) Аллаһ жек көретін нәрсені жек көрмейді, Аллаһ қызғанатын нәрселерді қызғанбайды. Егер де ол оны қаталдыққа бейім екендігін көрсе, онда оған Аллаһ үшін (ұнамды) болмаған қаталдықты өте әдемі етіп көрсетеді де, ол (адам) Аллаһ және Оның Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған ізгі амал жасаушылықты, салиқалылықты, жұмсақтықты, байланыстарды үзбей ұстауды, рахымшылықты тастап қояды. Ол қатаңдықта шектен шығады және Аллаһ және Оның Елшісі,  оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы көретін нәрселерді сөгуде, өшпенділікте артықшылық танытады. Ол өзіне Аллаһ және Оның Елшісі бұйырған рахымшылдық пен ізгі амал жасауды тастап қояды әрі сонысымен айыпты және күнәхар болады. Ол өзіне Аллаһ және Оның Елшісі бұйырған қаталдықта артықшылдық көрсетіп, өз ісіндегі артық кетуі себепті шектен шығады. Біріншісі күнәһар, ал екіншісі ысырап етуші болып табылады. Ал Аллаһ ысырап етушілерді жақсы көрмейді.  Және олардың екеуі де былай деп айтуы керек болады: «Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыз артық кетушілік жасағандықтарымызды кеше гөр, әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!» (Әли Имран, 147).  Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 15/292.

5. Жихад әділетті және өшпенділік пен жәбірлеушіліктен алыс болуы керек.

Бұл ереже маңызды болып табылады, және Аллаһтың жолындағы жихадта ол туралы бұйрық және ерекше нұсқау келтірілген. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (Бақара, 190).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ» (Мәидә, 8).

Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларын әскери жорыққа аттандыратын кезінде оларға тақуалықты өсиет етіп: «Жорыққа Аллаһтың жолында Аллаһтың атымен шығыңдар және Аллаһқа иман келтірмегендерге қарсы күресіңдер. Өлген адамдардың денелерін қорламаңдар, келісім-шарттарды бұзбаңдар және балаларды өлтірмеңдер», - деп айтатын. Муслим № 1731.

Ол сондай-ақ өзінің жорықтарында тонаушылыққа және мәйіттерді қорлауға тыйым салып: «Тонаушының бізге қатысы жоқ», - дейтін.  Ахмад 3/380, әт-Тирмизи № 1123.

Ғалымдар жихадта шайқасқа қатыспайтын әйелдер, балалар, кәрі кемпір-шалдар, зағиптар, үмітсіз науқастар, ақыл-есі дұрыс еместер, монахтар, кельяларда тұрушылар өлтірілмейді деп түсіндіреді. Шайқасу біз (мұсылмандар) Аллаһтың дінін үстем еткіміз келгенде бізге қарсы соғысатындарға қарсы іске асырылады. Сондықтан бізге қарсы соғыспағандарды өлтіру рұқсат етілмейді. Мұның себебі – Аллаһ Тағала тек жаратылыстарды түзету үшін өлтірілуі қажетті болған адамдарды ғана өлім жазасымен жазалауды рұқсат еткен. Пәк Аллаһ бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Сондай-ақ жауыздық кісі өлтіруден де зор» (Бақара, 217).

Яғни адам өлтіруде зиян мен жамандық болса да, кәпірлердің жауыздығында одан да үлкен жамандық пен зиян бар. Әрі кім мұсылмандарға Аллаһтың дінін орнатуға қарсылық жасамаса, оның күпірлігі оның өзіне ғана зиян тигізеді. Сондықтан да, ғалымдар: «Кітапқа және Сүннетке қайшы келетін бидғаттарға шақырушы үнсіздік танытушы (үндемей бидғат жасаушы) жазаланбағандай етіп жазаланады», - дейді. Мұның барлығы Исламның керемет сипаттарына және оның әділеттілікке, сондай-ақ қандай түрдегі болмасын өшпенділік пен жәбірлеушілікті тастауға шақыруына жатады». Қз.: шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәжму’ әл-фатауа” 28/161, 354, Ибн әл-Қаййим “Зад әл-Мә’ад” 3/100, 105, шейх Ибн Баз “Мәжму’ фатауа уә мақаләт” 18/129-130.[6]

6. Жихад мұсылмандардың әмірімен бірге, не оның келісімімен орындалуы керек, мейлі ол салиқалы болсын, мейлі бұзақы болсын.

Бұл – Аллаһтың жолындағы жихадта оларсыз еш амалдауға болмайтын ең маңызды ережелерге жатады, өйткені жихад, әсіресе дұшпандармен жан арқылы жүргізілетін жихад тек күш-қуат болғанда ғана толыққанды (кемел) болады. Күш-қуатқа тек бірігу арқылы қол жеткізуге болады, ал бірігу тек басқарумен және билікпен іске асырылады. Ал басқару тек әмірге бағыну және мойынсұну арқылы ғана жолға қойылады. Және аталып өткен нәрселер бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады, әрі олардың біреулері басқаларынсыз толыққанды (кемел) және дұрыс бола алмайды. Тіпті діннің де, дүние тіршілігінің де мұнсыз тәртіпке келтірілуі мүмкін емес. “Мәжму’ әл-фатауа” 28/390, “әд-Дурар әс-сәния” 7/328.

Суннет бұл ережені дәлелдейді және бұл үмметтің алдынғы буыны да оны ұстанатын еді. Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әмір – бұл оның артында тұрып шайқасатын және онымен қорғанатын қалқан. Әрі ол Аллаһтан қорқуды әмір етсе және әділдікпен үкім етсе, оған бұл үшін сауап бар. Ал егер ол басқа нәрсені әмір етсе, бұл оның өзіне қарсы (жазылады)». әл-Бухари № 2957, Муслим № 1841.[7]

      Хузайфа айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым.  Ол: «Иә», - деп жауап берді.  Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым. Ол: «Иә, бірақ онда бір кемшілік болады», - деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» - деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер әрі оларды тәрк етесіңдер», - деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Иә, Тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (өздерінің шақыруына) жауап бергенді олар оған (Тозаққа) тастатады», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», - деп сұрадым. Ол: «Иә. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», - деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» - деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жама’асынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», - деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жама’а да, әмір де болмаса ше?», - деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың  барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!», - деді.  әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Ибн ‘Аббастан, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Мекке) алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ жихад және ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!», - деп айтқан”.  әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.[8]

Ал осы хадистер бұл мәселедегі айқын дәлелдер болып табылады.

Саләфтардан болған ғалымдардың жихадты әмірлермен (ел басшыларымен) бірге   жүргізу мәселесі бойынша пікірлері: 

Имам Ибн Абу Хатим былай деп айтты: “Мен өзімнің әкемнен (Абу Хатимнен) және Абу Зур’адан Сүннетті жақтаушылардың дін негіздері мәселесіне қатысты пікірлерін: олар көріп үлгерген барлық қалалардың ғалымдары нені ұстанғанын және олардың екеуі де кәміл сенген нәрселері туралы  сұрадым. Сонда олар маған: «Біз Хижжаздың, Ирактың, Шамның, Йеменнің барлық қалаларының ғалымдарын көріп үлгердік, әрі олардың пікірі…, - деген сөздерінен бастап, - ақиқатында, жихад Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ Өзінің Пайғамбарын, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жіберген кезден бері Қиямет сағатына дейін мұсылмандардың әмірлерінен болған басшылармен бірге орындалып келеді, және оны ешнәрсе жарамсыз ете алмайды», - деп жауап берді”. Қз.: әл-Ләләкәи «Шарх усуль әл-и’тиқад» 321.

Имам Абу Жа’фар әт-Тахауи былай деп айтты: “Қажылық  бен жихад Қиямет сағатына дейін мұсылмандардың ізгі немесе бұзақы әмірлерімен бірге (орындалуын) жалғастыра береді, әрі ешнәрсе оларды жарамсыз ете алмайды және ешнәрсе оларды кеміте алмайды”. Қз.: “Шарх әл-‘ақида әт-Тахауия” 555-бет.

Имам әл-Барбархари былай деп айтты: “Кім әрбір салиқалы және бұзақы (имамның) артында (ұйып оқылатын) намазды және әрбір халифтің қол астында (орындалатын) жихадты дұрыс деп санап, қолға қару алып әмірге қарсы шығуды дұрыс емес десе және олардың салиқалы болуы үшін дұға етсе, онда ол хауариждердің сенімдерінен толық құтылған болады!” Қз.: “Шарх әс-сунна” 57.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатындығын білу қажет, тіпті тек осы ғана дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір-біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж. Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл Аллаһ тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: жихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға, - өйткені мұның барлығын тек күш пен биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтанда: «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені бір түн әмірсіз болудан қайырлы!» - деп айтылады. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 28/390-391.

Шейхуль-ислам Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб былай деді: “Жихад ісі әмірге жүктелген, әрі сондықтан оның қол астындағылары ол шешкен нәрседе оған мойынсұнуы кажет”. Қз.: «Мәжму’ әл-муалифат» 2/360.

Бұл ғалымдардың кейбір пікірлері еді. Олар - әмірлердің қажеттілігіне және мұсылмандарда олар оның туының астына бірігетін және онымен бірге шайқасатын әмірдің болуына айқын (нұсқау).  Және мұсылмандар өздерінше шайқасуды талап етуді бастамайды, әрі шайқасу тек әмірдің келісімен ғана іске асырылады. Бұл шабуыл жихадына (жихад әт-таләб) қатысты.

Қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл жерде жағдай өзгеше болады.

Имам Ахмадтың ұлы ‘АбдуллаҺ, олардың екеуін де Аллаһ рахым етсін, былай деп айтты: “Мен әкемнің: «Егер әмір адамдарға рұқсат етсе және оларға көмек келсе, онда олардың шығуында күнә жоқ», - дейтінін естігенмін. Мен әкеме: «Ал егер олар оның рұқсатынсыз шықса ше?», - деп айттым. Ол: «Жоқ. Тек әмірдің рұқсат етуімен ғана, егер де оларға кенеттен жау шабуыл жасалмаса және оларда әмірден рұқсат сұрауға мүмкіндігі болмаса ғана. Және осы мұсылмандар тарапынан қорғану болады деп үміттенемін», - деді».

Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Мен әкемнен олар мен дұшпандары арасында қабырға бар Хорасан тұрғындарынан болған адамдар туралы былай деп сұрадым: «Сен, олар шайқасуға құқықты деп есептейсің бе?» Имам Ахмад: «Егер олар өздері және балалары үшін қауіптенсе, онда әмірдің рұқсатын алғанға дейін шайқасуда қорқынышты ешнәрсе жоқ. Алайда олар өздері және балалары үшін қауіптенбесе, онда әмірден рұқсат алмай шайқаспауы керек», - деді. Қз.: ‘Абдуллаһ ибн Ахмад “әл-Мәсәиль” 258.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Қорғану шайқасуына келер болсақ, ол - шабуыл жасаушыдан қол сұғылмаушылық пен дінді қорғаудың ең мықты түрі болып табылады және ол ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша міндетті. Шабуылдаушы дұшпан – дінді және дүние тіршілігін қиратушы, әрі иманнан кейін оған тойтарыс жасаудан басқа міндеттірек нәрсе жоқ.   Сондықтан оған шарттар қойылмайды және оған  мүмкіндікке қарай барынша тойтарыс жасалады. Бұл жөнінде біздің жақтаушыларымыз да (ханбали мазхабы) және басқалар да айтады. Сондықтан жәбірлеуші және кәпір болған шабуыл жасаушыға тойтарыс жасау мен оған оның қаласында шабуыл жасаудың арасын айыру міндетті болады. Қз.: “әл-Фатауа әл-мисрия” 4/608.[9]

Сондықтан кейбір білім иелерінен әмірдің рұқсат ету шартының жоқтығы туралы пікір келгенде, бұл жерде қорғану шайқасуы айтылып тұрған болады және бұл (үкім) шабуыл шайқасуына қатысты қолданылмайды.

Сондай-ақ, «әмір» дегенде бүкіл мұсылмандардың халифасы туралы сөз болып тұрған жоқтығын атап өту кажет. Шейхуль-Ислам Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб: “Барлық мазхабтың имамдары қаланы немесе қалаларды қолына алған адам барлық нәрседе әмір болатынына бірауызды келіседі. Егер осылай болмағанда дүниеде тәртіп болмас еді, өйткені имам Ахмадтың кезінен бері бүгінгі күнге дейінгі ұзақ уақыт ішінде адамдар бір әмірдің қол астында біріккен жоқ. Және қандай да бір бұйрық тек қана жалпыға ортақ әмір арқылы күшінде болатындығы туралы қандай да бір ғалымның айтып өткені белгісіз”. Қз.: “әд-Дурар әс-сәния” 7/239.

Сондықтан аһли Сунна уәл жама’аның негіздеріне әрбір салиқалы немесе бұзақы  әмірмен бірге жүргізілетін жихад та жатады, өйткені Аллаһ Тағала бұл дінді (кейде) жақсылықтан жұрдай болған бұзақы адаммен және адамдармен нығайтады, бұл жөнінде  Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын айтқанындай. Өйткені егер жихадты орындау бұзақы әмірлермен немесе бұзақылығы көп әскермен бірге ғана мүмкін болса, онда екі  жағдай болуы мүмкін:

Не  олармен бірге жихад жүргізуді тастау, бұдан (мұсылмандарды) басқалар басып алуы сияқты дінге және дүние тіршілігіне үлкендеу зиянға әкеп соқтыратын  үлкен зиян келеді.

Не бұзақы әмірмен бірге жихад жүргізу, бұдан ең үлкен зиянға тойтарыс жасау, Исламның бұйрықтарының барлығын болмаса да көбірегін орнату келіп шығады. Және бұл осы жағдайда және осыған ұқсас жағдайларда міндетті болып табылады. Ізгі халифалардан кейінгі көп шайқастар осындай шағдайда ғана орын алды». Қз.: шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәжму’ әл-фатауа” 28/506-507.

7. Аллаһтың жолындағы жихад мұсылмандардың күштілігіне не әлсіздігіне байланысты жүргізілу керек.

Ақиқатында, қауымның жағдайы уақытқа және жерге байланысты әртүрлі болады, және Аллаһтың жолындағы жихад Исламда бірнеше сатыларға бөлінген түрде бұйырылды.

Меккелік кезеңде қолмен және қылышпен жихад жүргізу әмір етілмеді, өйткені мұсылмандар аз және әлсіз болды. Алайда жүрекпен және тілмен жихад бұйырылған еді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен ол арқылы ұлы күрес жаса» (Фурқан, 52).

Бұл – меккелік аят, және: «Олармен ол  арқылы ұлы күрес жаса» , - деген сөздер туралы Ибн ‘Аббас: “Құран арқылы”, - деп айтты, бұл жөнінде одан әт-Табари өзінің «Тафсирінде» жеткізгендей.

Мәдинаға қоныс аударған  және ислам мемлекеті құрылған соң Аллаһ Тағаланың «Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа ұшырағандарға соғысу үшін рұқсат берілді. Күдіксіз, Аллаһтың оларға жәрдем етуге күші толық жетеді» (Хадж, 39) деген сөздеріне сәйкес мұсылмандарға шайқасуға толық құқық берілді.

Одан кейін жихад мұсылмандарға парыз етілді де, өздеріне қарсы соғысатындармен шайқасуға және соғысудан қалыс қалғандармен соғысудан тартыну бұйырылды. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп айтты: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (Бақара, 190).

Осыдан кейін Аллаһ Тағала жихадқа абсолюттік түрде бұйыратын және біреу-міреуден, ол Аллаһтың дініне кірмейінше, немесе жизья (салық) төлеуге мүмкіндігі болып оны төлемейінше,  тартынуды жоқ ететін аяттарды түсірді.  Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар» (Әнфәл, 39).

Және зерттеуші-ғалымдар «осы аяттардың ешқайсысының күші жойылмаған, алайда олардың әрбірі өзіне сәйкес жағдай туындағанда ғана күшке енеді» деген пікірді таңдады. Сондықтан мұсылмандар кез келген уақытта және кез келген жерде өздерінің күштілігіне не әлсіздігіне қарай оларды ұстануы қажет. Және егер олар әлсіз болса, онда жихадты өз жағдайына байланысты жүргізуі керек. Егер олар мұны істей алмаса, онда сөз арқылы дінге шақырумен шектелуі қажет. Мұсылмандар белгілі күшке ие болған кезде, олармен соғысуды бастағандарға қарсы соғысады, әрі олармен соғысудан бас тартқандарға қарсы соғысудан бас тартады. Ал олар күшейіп, билік және жеңіске ие болса, онда барлығымен, олар Исламды қабылдамайынша немесе жизья төлемейінше жихад жүргізеді. Қз.: шейх Ибн Баз 18/131, 133, 136-137 “Мәжму’ әл-фатауа”.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: «Ал егер мұсылмандар өздері әлсіз болған жерде өмір сүрсе, онда олар сабырлық пен кешірім бұйырылатын аяттарға сәйкес өмір сүреді, тіпті Кітап иелері және көпқұдайшылдар Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөз тигізсе де». Қз.:  “әс-Саримуль-маслюль” 2/413.

‘Абдуррахман әс-Са’ди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Олар және олардың шақыруына жауап беретіндер Аллаһ адамдарға олардың күші келетін нәрселерді ғана міндеттегенін және иман келтіргендер үшін Аллаһтың Елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы өнеге бар екендігін білсін. Оның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дінге шақыруында және жихадында екі жағдайы болды, әрі оған барлық жағдайда соларға сәйкес нәрселер бұйырылды. Мұсылмандар әлсіз болып, дұшпандар үстемдік еткен кезде оған қорғану, Аллаһтың дініне шақырумен шектелу және күш арқылы шайқасудан тыйылу бұйырылды, өйткені онда пайдаға қарағанда үлкен зиян бар еді.  Басқа жағдайда оған дұшпандардың жауыздығын күш қолданудың барлық тәсілдері арқылы тойтару, кіммен бітім жасасу пайдалы болса сонымен бітім жасасу және кіммен шайқасу пайдалы және тіпті міндетті болса, сонымен шайқасу бұйырылды. Сондықтан мұсылмандар бұл істе  өздерінің Пайғамбарына, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ілесуі керек және осы шынайы игілік және жетістік болып табылады”. Қз.: “әл-Мәжму’а әл-муәлифәт” 5/190.

8. Жихад бұрынғыдан да ауырлау зиянға емес, басым пайдаға жеткізуі керек.

Бұл – жихад оның барлық түрлерінде тек пайда келтіру үшін және Ислам мен мұсылмандардан: жеке тұлғадан болсын, қоғамнан болсын - зиянды тойтару үшін ғана бұйырылғандығы себепті. Және оның осы шариғат талаптарына сәйкес екендігі анық  немесе басым жорамалға сәйкес белгілі болып тұрғанға дейін ол бұйырылған болып қала береді. Егер де жихадты орындау анық немесе басым жорамалға сәйкес пайдаға қарағанда көбірек зиянға  ұшырататыны белгілі болса, онда ол бұйырылған болмайды, әрі орындалуы әмір етілген жихад та болмайды.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Ең жақсы жихад және ізгі амал - Раббыға ең көп мойынсұнушылығы бар және Аллаһтың құлына пайдасы мол болған іс. Және ол оған зиян тигізсе және оған пайдалырақ болған нәрсеге кедергі болса, онда ол ізгі (салиқалы) амал болмайды», - деп айтқан.  Қз.:  “Мәжму’ әл-фатауа” 22/300.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай деп айтты: “Ал, егер осылай болса, онда жақсылыққа бұйыру, жамандықтан тыю және оларды жихад арқылы кемелдікке жеткізу бізге бұйырылған ең үлкен ізгі амал болып табылады. Сондықтан да: «Сенің ізгілікке бұйыруыңның өзі де ізгі болуы керек, және сенің жамандықты тыюыңның өзі де жаман болмауы керек», - деп айтылады. Ал егер бұл - парыз және абзал болған ең үлкен амалдарға қатысты болса, онда парыз және абзал болған амалдарда міндетті түрде зияннан пайда басым болуы керек, өйткені осымен Елшілер жіберілді және Кітаптар түсірілді. Және Аллаһ бұзақылықты (зиянды) жақсы көрмейді. Керісінше, Аллаһ әмір еткен барлық нәрсе - арлылық (салиқалылық) болып табылады. Аллаһ (Құранның) көптеген жерлерінде салиқалылықты, иман келтірген және ізгі амалдар жасаушы салиқалы ізгілерді мақтап, бұзақылық жасаушыларға сөгіс айтады. Сондықтан бұйрық пен тыйымның зияны олардың пайдасынан көп болса, бұл істер Аллаһтың әмірлеріне жатпайды!” Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 28/126, “әл-Истиқама” 2/209-211.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай деді: “Сондықтан аһли Сунна уәл-жама’аның негізгі принциптеріне әл-жама’аға ілесу, әмірлермен соғысуды қалдыру және бүлік кезінде шайқасуды қалдыру жатады”. Қз.:  “Мәжму’ әл-фатауа” 28/128.

Қорытынды:

Жалпы алғанда, бұл ережелердің негізі және олардың қорытындысы - барлық үлкен және кіші істерде Құран мен Сүннетке сәйкес пайымдау қажет екендігі. Және бұл ереже қамтитын нәрселердің ішіндегі ең маңыздысы - мына төрт нәрсе: сенімнің дұрыстығы, ниеттің ықыластылығы, тәуекелдің шынайылығы және ең көркем ілесу.

Өйткені дұрыс сенімді ұстанбайтын мужжахидтің сөзі мен ісі зияннан және ақиқаттан ауытқудан қорғалған болмайды, өйткені сенімнің дұрыстығы (ғана) сөздер мен істердің дұрыстығының негізі болады.

Сөздері мен істеріндегі ниеттің ықыластылығын ұстанбайтын мужжахидтің жихады Аллаһ Тағаланың дидары үшін де емес, Аллаһтың Сөзін үстем ету үшін де емес, өзі және өзінің қалаулары үшін орындалған болады.

Аллаһ Тағалаға шынайы тәуекел етуді ұстанбаған мужжахид Аллаһтың жолындағы жихадта табанды бола алмайды және оның қиындықтарын көтере алмайды. Керісінше, оның табандылығы әлсірейді, ал Аллаһ Тағаланың көмегіне деген үміті азая түседі.

Ал  Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ең көркем түрде ілесуді сақтамаған мужжахидтің жихады дұрыс та, бидғаттар мен ақиқаттан ауытқушылықтан алыс та болмайды. Керісінше, оның жихады түзету мен тура жолға шақыруға емес,  өзін және өзгелерді күйзелтуге жақын болады.

Жетінші тарау:

Аллаһтың жолындағы жихадты түсінуде ақиқаттан ауытқу

Мақсаты Аллаһ Тағаланың сөзін үстем ету болмаған немесе онда шариғаттың қажетті ережелері де, міндетті болған ислам әдебі де сақталмаған кез келген жихад жихадтағы ақиқаттан ауытқу және жихад әмір етілген негізгі мақсаттан таю болып табылады. Ауытқулар екі түрлі болады: жихадтың негізіне әсер ететін және жихадтың міндетті болған кемелдігіне әсер ететін ауытқулар. Және Аллаһтың құлы бұл ауытқуларға түскен сайын өзіне уәде етілген Аллаһ жолындағы жихадтың артықшылығын жоғалта береді. Сондай-ақ, оның ауытқуына сәйкес оған күнә және жаза жазылады.

Сондықтан жихадтағы ауытқуларды түсіндіріп беретін және олардан сақтандыратын көптеген пайғамбарлық хадистер келтірілді[10].

Бірінші түрі: жихадтағы ауытқулардың және қайшылықтардың әрқандай түрлері туралы айтылған хадистер. Мысалы:

1. Му’аздан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізілетін, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Әскери жорықтың екі түрі бар. Кім (әскери жорыққа) тек қана Аллаһ үшін қатысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттері үшін де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу үшін және өзгелерге көрсету үшін жорыққа қатысса, әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, мұндай (сауапты) ала алмай оралады», - деп айтқан хадис. Ахмад 5/234, Абу Дауд № 2515.

2. Абу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан хадис: «Кім (әмірге) бағынудан және мұсылмандардың жама’асынан бөлініп шықса, және (сол қалпында) өлсе, онда ол жахилиет өлімімен өлген болады; кім бұлыңғырлықтың (соқырлықтың) туының астында соғысып, өзінің тайпасы (руы) үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа, немесе өзінің тайпасына (руына) көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе, жахилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады!  Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен бұзақыларды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

3. Бурайданың, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жорыққа Аллаһтың жолында Аллаһтың атымен шығыңдар және Аллаһқа иман келтірмегендерге қарсы күресіңдер. Жорыққа шығыңдар, бірақ олжа баршаның арасында әділ түрде бөлінбейінше оны иемденіп алмаңдар, келісім-шарттарды бұзбаңдар, өлген адамдардың денелерін қорламаңдар және балаларды өлтірмеңдер», - деп айтатын хадисі. Муслим № 1731.

4. Му’аз ибн Анастың, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатыны жеткізілген хадисі: «Кім үйлерді тонаса, немесе жолдарда қарақшылық жасаса, немесе иман келтіргенге жәбір тигізсе, онда жихад жоқ!» Ахмад 3/440, Абу Дауд № 2629.

Ауытқудың екінші түрі: жихадтағы ауытқулардың және қайшылықтардың нақты түрлері туралы айтылған хадистер.

Мысалы :

1. Ерлігін көрсету үшін және жихадты орындаушының батылдығы туралы айтылуы үшін жихад жасаудан сақтандыру.

Абу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Ақырет күні ең алғашқы болып жихадта қаза тапқан адам сотталады. Оны алып келеді, және Аллаһ оған (берген) нығметтерін есіне түсіреді, және ол оларды мойындайды. Содан соң (Аллаһ) одан: «Оларға алғыс ретінде сен не істедің?», - деп сұрайды. Ол: «Мен Сен үшін өлгенімше соғыстым!», – дейді. (Аллаһ сонда): «Сен жалған айтасың, өйткені сен адамдар: «Батыл!», - деп айтуы үшін (ғана) соғыстың. Ал бұл (сөз сен туралы) айтылды. Содан соң (бұл адамға) қатысты әмір беріледі де, оны жүзін жерге қаратып алып кетеді, және ол Тозаққа тасталады». Муслим № 1905.

2. Дүние пайдасы үшін жүргізетін жихадтан сақтандыру.

Йа’лә ибн Мунайяның, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жихадқа қатысудан бұрын өзіне үш динар төленуді шарт етіп қойған ер кісі туралы былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен бұл адамның әскери жорығында бұл дүние және Ақырет үшін өзі сұраған динарларынан басқа  ешбір пайда көріп тұрған жоқпын». Абу Дауд № 2527.

‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткізіледі: «Кім Аллаһтың жолында дүниені (немесе мардымсыз бір нәрсені) ниет етіп соғысса, оған өзі ниеттенген нәрсесі тиеді». Ахмад 5/315, ән-Насаи 6/24.

3. Тайпалық ұлтшылдық үшін соғысудан сақтандыру.

Жундабтың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде айтылғандай, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Кім бұлыңғыр (соқыр) тудың астында[11] соғысып, өзінің тайпасы (руы) үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа яки өзінің тайпасына (руына) көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе, жахилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады!» Муслим № 1848.

 

4. Жихадта әйелдер мен балаларды өлтіруге деген тыйым.

Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, хадисінде: “Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салды”, - деп айтылады. әл-Бухари № 3015, Муслим № 1744.

Әл-Асуад ибн Сари’адан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерді балаларды өлтіруге не итермеледі?», - деп сұрағаны жеткізіледі. Олар: “Уа, Аллаһтың Елшісі, олар көпқұдайшылдардың ұрпақтары ғана”, - деп жауап берді. Сонда ол: «Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың көпқұдайшылдардың ұрпақтары емес пе?! Мухаммадтың жаны қолында болғанмен ант етемін, әрбір жан табиғи (фитрасында) туылады, оның тілі оның (қай дінге қатыстылығы) туралы айтпайынша», - деді.   Ахмад 3/435, әл-Хаким 2/123.

««Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың - көпқұдайшылардың ұрпақтары емес пе?!» сөздерінің мәні: «Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың – қалғандарды озған алғашқы мухажжирлер мен ансарлар. Ал олар көпқұдайшылардың ұрпақтары болып табылады, өйткені олардың әкелері кәпірлер еді», - деп шейхуль-Ислам айтқандай. Қз.: «Дир’у әт-та’аруд» 8/364.

5. «Жан пида ету» деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге тыйым.

Абу Хурайрадан, Аллаһ оған разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: ”Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (қасақана) тастап опат етсе, өзі мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (қасақана) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) Тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнына үздіксіз соға береді», - деп айтатын“. әл-Бухари № 5778, Муслим № 109.

Абу Хурайраның, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Біз Хайбар шайқасына қатыстық, сонда Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, онымен бірге болып, өзінің Исламда екенін жариялаған бір ер адам туралы: «Бұл адам – Тозақ тұрғындарынан», - деді. Шайқас басталған кезде, әлгі ер адам батылдықпен соғыса бастады, тіпті көптеген жарақаттар алды, және кейбір адамдар (оның Тозақ тұрғындарынан екендігіне) күмәндана бастады. Әлгі адам алған жарақаттарынан қинала бастады, сосын қолын өзінің жебе қабына созып, одан жебені алып, өзін-өзі сойып өлтірді. Бұл кейбір мұсылмандарға қатты әсер етті және олар былай деді: «Уа, Аллаһтың Елшісі, Аллаһ сенің сөздеріңді ақиқат етті, пәленше өз-өзін сойып өлтірді». Сонда ол былай деп айтты: «Әй, пәленше, тұр да, Жәннатқа тек иман келтірген ғана кіретінін жарияла. Ақиқатында, Аллаһ өзінің дініне бұзақы арқылы да көмектеседі!» әл-Бухари №4203, Муслим №111.

Саләма ибн әл-Акуа’тан оның былай дегені жеткізіледі: “Біз Пайғамбармен бірге, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хайбар жорығына сапарға шықтық та, жолды түнде жүріп өттік. Сол кезде бір ер адам  ‘Амирге: “Ей, ‘Амир, бізге шумақтарыңды тыңдатпайсың ба?”, – деді. Ал ‘Амир түйелерді өлеңдерімен айдатын ақын болатын. Және ол  адамдармен бірге былай деп шумақтап айта бастады:

«Уа, Аллаһ, сен болмасаң, біз тура жолға түспейтін едік,

Садақа бермейтін және намаз орындамайтын едік!

Біздің кемшіліктерімізді кешіре көр, біз Сен үшін құрбан болайық,

Бізге тыныштық түсірші,

Егер біз (дұшпанмен) кездессек, біздің қадамдарымызды нығайт,

Бізді (ақиқатқа қарсы) шақырса, біз бас тартамыз,

(Кәпірлер) айқайымен бізге қарсы (басқаларды көмекке) шақыруда».

Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына (түйе) айдаушы кім?» - деп сұрады.  Олар: «‘Амир ибн әл-Акуа’» - деп жауап берді. Сонда ол: «Аллаһ оны рахым етсін», - деді. Сол кезде олардың біреуі: «Бұл міндетті түрде болуы керек, уа, Аллаһтың Пайғамбары. Тек Сен (өзіңнің дұғаларыңмен) бізге онымен пайдалана тұруға мүмкіндік бермесең», - деді. Біз Хайбарға келгеннен кейін оны қоршауға алдық және қатты аштыққа шалдықтық, бірақ кейін Аллаһ Тағала бізге олардың үстінен жеңіс берді. Кеш батқан кезде адамдар далаға көп оттарды жаға бастады және Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не оттар? Оны не үшін жақтыңдар?», - деп сұрады. Адамдар: «Ет (пісіру) үшін», - деді. Ол: «Нендей ет үшін?» - деп сұрады. Олар: «Үй есегінің еті үшін», - деді. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мына (қайнатпаларыңды) төгіп тастаңдар да, (қазандарыңды) сындырыңдар», - деді. Бір ер адам сонда: «Уа, Аллаһтың Елшісі, ал біз ішіндегісін төгіп тастап, қазандарды жусақ болады ма?» - деп сұрады. Ол: «Солай (жасасаңдар) да болады», - деп жауап берді. Адамдар бір-біріне қарама-қарсы сапталып тұрған кезде ‘Амирдің қылышы қысқа болып шықты. Ол онымен бір яхудидің тізесіне ұрғысы келіп еді, бірақ тайып кеткен қылыштың ұшы ‘Амирдің тізесін зақымдады да, ол одан өлді. Олар оралған кезде Саләма былай деп айтты: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мені көріп, қолымнан алып: «Саған не болды?», – деп сұрады. Мен оған: «Менің ата-анам сен үшін өтеу болсын! Адамдар ‘Амирдің амалдары зая кетті деп жатыр», - дедім.  Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мұны айтқан адам жалған айтты. Керісінше оған екі сауап тиісті болды», - деді де, екі саусағын бірге қосып, сөзін былай деп жалғастырды: «Ақиқатында, ол – табанды күресуші. Ол сияқты әрекет ететін арабтар аз». әл-Бухари № 4196, Муслим № 1802.

Хафиз Ибн Хажжар былай деп айтты: “«Және (қылыштың ұшы) ‘Амирдің тізесін зақымдады», яғни оның тізесінің жоғарғы бөлігін, әрі ол осыдан қаза тапты. Ал Йәхйя әл-Қаттанның риуаятында: «’Амир өз-өзіне қылышпен тиіп кетіп өлді», - деп айтылады.  Ийәс ибн Саләманың Муслим келтірген риуаятында: «Ол тізесінің (қолын емес) ортасындағы тамырын кесіп алды да, осыдан өлді», - деп айтылған. Ибн Исхақтың риуаятында: «Ол өзін-өзі қатты жарақаттап алды да, осыдан өліп кетті», - деп айтылған. Қз.:  ”Фатх әл-Бари” 7/533.

Абу Хурайраның және Саләма  ибн әл-Акуа’тың осы екі хадисіндегі екі адам туралы ойланыңыздаршы. Олардың біріншісі өзін-өзі өлтіруге ниеттенді де, оның ақыры Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол туралы айтқандай болды. Екіншісі, ал ол - ‘Амир, Аллаһ оған разы болсын, мұны істеуге ниеттенбеді, ал оның қылышы абайсыздықпен тайып кетіп, өзіне тиді де, ол өлді. Осыған қарамастан кейбір сахабалар ‘Амирдің, Аллаһ оған разы болсын, істері зая кетті деп айтты. Осыда олар мұсылманның өзін-өзі өлтіруі үлкен қауіп екендігін білгендігіне дәлел бар, тіпті ол дұшпанмен кездескенде және шайқастың қызу кезінде орын алса да. Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олардың «Оның амалдары зая кетті» деген сөздерін қате деп айтқаныны болмаса, өйткені бұл ‘Амирдің қалауымен болмады ғой. Ал Аллаһ бұл үмметтің қателіктері мен ұмытқан нәрселерін кешірді, Аллаһ Тағаланың сөздерінде айтылғандай: «Раббымыз! Егер біз ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазалама». Әрі осы оқиға да осыған қатысты және олар осы үшін кешірілді.

 

6. Мәйіттерді қорлауға деген тыйым.

‘Имраннан, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бізге мәйіттерді қорлауға тыйым салды», - деп келтірілген. Абу Дауд № 2667.

7. Тонаушылыққа және өзгелердің мал-мүлкін меншіктеп алуға деген тыйым.

‘Абдуллаһ ибн Зайдтың, Аллаһ оған разы болсын хадисінде келтірілгендей: “Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, тонаушылыққа және мәйіттерді қорлауға тыйым салды”. әл-Бухари № 2474.

Зайд ибн Халидтен, Аллаһ оған разы болсын, жеткен хадисте: “Пайғамбар, Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, (өзгелердің) мал-мүлкін тонауға және меншіктеп алуға тыйым салды”, - деп келтіріледі. Ахмад 4/117.

‘Амр ибн ‘Ауфтан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мал-мүлікті тонаушылық та, қарақшылық та жоқ!» әт-Табарани 17/23.

Анастан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Тонаушылық жасаған адам бізден емес». Ахмад, әт-Тирмизи № 1601.

 

8. Олжа бөлінбей тұрып оны меншіктеп алуға деген тыйым.

‘Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім заңсыз түрде түйені немесе қойды меншіктеп алса, Ақырет күні оны өзіне жүктеп алып келеді». Ахмад 3/498.

‘Амр ибн ‘Ауфтан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ұрлық та, олжаны заңсыз меншіктеп алу да жоқ!», - деп айтқаны жеткізіледі. әт-Табарани 17/18.

Ибн ‘Аббастан, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Мүмін олжаны заңсыз меншіктеп алмайды». әт-Табарани 11/229.

Абу Хурайра, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген хадисте Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хайбар күні олжаны заңсыз иемденген бір адам туралы: «Жаным қолында болғанмен ант етемін, ол Хайбар күні олжа бөлінбей жатып одан иеленіп алған жамылғысы оның үстінде от болып жанады», - деді. әл-Бухари №4234, Муслим № 115.

 

9. Мұсылманға өзін тапсырған адамға қатысты опасыздық жасауға және оны өлтіруге деген тыйым.

‘Амр ибн әл-Хамиктің, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде келгендей, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Егер бір адам өзін басқа бір адамға тапсырса, ал ол оны өзіне тапсырғаннан кейін өлтірсе, ол үшін Ақырет күні сатқындықтың туы көтеріледі». әл-Хаким 4/353.

Одан, Аллаһ оған разы болсын, сондай-ақ Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Өзіне жанын тапсырған адамды өлтіргенге менің қатысым жоқ, тіпті егер өлтірілген адам кәпір болса да». Ахмад 5/224, әт-Тахауи “Шарх әл-Мушкиль” № 203.

Сондай-ақ,  Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, хадисінде: “Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, қиянатшы үшін Ақырет күні ту көтеріледі және: «Бұл пәленшенің ұлы пәленшенің қиянаты!», - деп айтылады», - деп айты“, - дегені жеткізіледі. әл-Бухари №3186, Муслим № 1735.

Абу Са’ид әл-Худриден, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Тыңдаңдар, әрбір қиянатшыға Ақырет күні оның қиянатына сәйкес ту көтеріледі». Ибн Мажжаһ № 2873.

 

10. Бітімгершілік туралы келісім-шарт немесе қауіпсіздік кепілдемесі  бар адамдармен келісім-шартты бұзуға деген тыйым.

Абу Рафи’тың, Аллаһ оған разы болсын, хадисінде келтірілгендей Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстамаймын». Ахмад 6/8, Абу Дауд № 2758.

‘Амр ибн ‘Абасадан, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кімде қандай да бір адамдармен келісім-шарты болса, оның мерзімі бітпейінше, немесе ол келісім-шартты үзбейінше оны өзгертпесін және бұзбасын». Абу Дауд № 2759, әт-Тирмизи № 1580.

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр ибн әл-‘Астан, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Кім (мұсылмандармен) келісім-шарты бар адамды өлтірсе Жәннаттың иісін де сезбейді. Ал Жәннаттың исі, ақиқатында, қырық жылдық алшақтықтан сезіледі». әл-Бухари № 3166.

Ал көпқұдайшылдардың керуендеріне олардың Аллаһтың Елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келісім-шарты болған кезде шабуыл жасайтын Абу Басыр, Аллаһ оған разы болсын, туралы риуаятты кейбір адамдар келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге, олардың әйелдерін тұтқынға алуға және мал-мүлкін тартып алуға дәйек ретінде қолдануына келер болсақ, былай дәйек келтіру қате болып табылады. Ибн әл-Қаййим әл-Жаузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және көпқұдайшылдар арасында болған келісім-шарт Абу Басыр мен оның жақтастары және көпқұдашылдардың арасындағы келісім-шарт емес еді.  Сондықтан мұсылмандардың қандай да бір әмірі мен христиандардың, немесе өзгелердің арасында келісім-шарт бар болса, басқа мұсылман әміріне олармен соғысуға және олардың мал-мүлкін олжа ретінде жаулап алуға болады, өйткені онымен олардың арасында келісім-шарт жоқ. Осыған ұқсас пәтуаны шейхуль-ислам Ибн Таймия Мальтаның христиандары және олардың тұтқындары туралы берді де, дәйек ретінде Абу Басыр мен көпқұдайшылдар арасындағы оқиғалар туралы риуаятты келтірді”. Қз.: “Зад әл-Мә’ад” 3/309, ‘Алә әд-дин әл-Ба’ли “Ихтиярат әл-фиқхия” с.316-317,

Және адам қалайша біз ғалымдардан жауабын білген осы риуаятқа сүйеніп, келісім-шартта және қауіпсіздік кепілдігінде болған кәпірлерді өлтіруге тыйым салатын, олардың қанын харам ететін және оларды өлтіруді үлкен күнәлардан ететін бірмағыналы және айқын (мухкам) хадистер мен Қасиетті мәтіндерді тастап өтеді?!

 

Сегізінші тарау:

Кәпірді жай өлтіре салу Аллаһ жолындағы жихад па?

Ақиқатында, дінде даусыз түрде белгілі болған нәрсе – бұл Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ қанның маңыздылығын көтергені, оны төгуге деген тыйымды күшейткені, осыған немқұрайлы болуды және Оның тыйымын бұзуды үлкен күнә және ұлы бұзақылық еткені, бұл үшін Ақырет күнінде өте қорқынышты жазаны және өте ауыр азапты белгілегені болып табылады. Сондықтан егер тірі жанды өлтірудің әрбірі – мейлі ол мұсылман болсын, мейлі кәпір болсын – Аллаһ рұқсат еткен және ислам шариғаты бекіткен негізсіз (қақысыз) орын алса, ол шариғатқа сәйкес харам болады және Исламда бұл ауыр опат қылушы күнәлардың бірі болып саналады. Ал кім мұны Аллаһтың жолындағы жихад деп атаған болса, немесе рұқсат етілген амал деп белгілеп берсе, ол мұсылмандардың бірауызды келісімінен, тіпті бұрынғы діндердің шариғаты да бірауызды болған келісімнен шығып кеткен адасушы және өзгелерді де адастырушы болып табылады.

Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Муса (оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы айтқан мына сөздері туралы ой қозғайықшы: «(Муса) елдің қаперсіз уақытында қалаға кірді де, онда төбелесіп жатқан екі адамды көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жұдырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Муса): “Бұл - шайтан ісі. Өйткені ол - ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» - деді. Сондықтан Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. (Муса): “Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәхарларға жәрдем етпеймін”, - деді. Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал кешегі өзінен көмек тілеген кісі тағы жалбарынып жатыр (Тағы төбелесіп жатыр). Муса оған: “Сен анық адасқан екенсің”, - деді. Сонда Муса екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте (ол): “Әй, Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?”, - деді» (Қасас, 15-19).

Бұл қиссадан біз көретініміз: Мусадан көмек сұраған адам сырт келбетімен оның тобынан еді, яғни Исраил ұрпағынан болған мұсылман еді. Ал оған қарсы көмек сұраған адам оның дұшпаны, яғни мысырлық кәпір еді. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 18/186, “Тафсир әс-Сам’ани” 4/128.

Осы аяттардан мысырлық кәпір исраилдық мұсылманға шабуыл жасағаны көрініп тұр және Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оны заңды түрде қорғағысы келді және кәпірлерден болған дұшпанды өлтіруге ниеттенбеген еді. Алайда Мусаға, Аллаһтың оған сәлемі болсын, дене күші берілгендіктен, оның жұдырығының соққысы мысырлықтың өліміне әкелді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Муса оны жұдырықпен ұрғанда оған қаза жетті», - яғни жұдырығымен төсіне ұрды және оның өлуін қалаған болмаса да, оны өлтірді. Қз.: “Тафсир әт-Табари” 18/189-190, “Тафсир әл-Касими” 12/4699.

Хафиз Ибн Касир былай деді: “Ол мысырлық Ұлы Аллаһқа серік қосатын кәпір еді, ал Муса оны тіпті өлтіргісі келмеген еді, тек оны сөккісі және тоқтатқысы келді. Алайда солай бола тұра Муса: “Бұл - шайтан ісі. Өйткені ол - ашық адастырушы дұшпан”, - деді. Және ол былай деді: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!»  Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. Муса былай деді: “Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәхарларға жәрдем етпеймін”». Қз.:  “әл-Бидая уән-нихая” 2/42.

Бұл жердегі сөз Мусаның, Аллаһтың оған сәлемі болсын, исраилдықты жәбірлеген мысырлық кәпірге берген соққысының салдарынан болған өлім үшін тәубе етіп өкініш білдіргендігінде болып тұр. Муса бұл абайсыздықпен адам өлтіруді шайтанның азғыруы деп есептеді және осы арқылы ол өзіне зұлымдық жасадым деп санап, өзінің Раббысынан кешірім сұрап Оған тәубе келтірді.

Әл-Хасан әл-Басридің, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқаны жеткізіледі: “Сол кезде кәпірді өлтіру рұқсат етілмеген еді, өйткені ол кез соғысудан тыйылу кезі еді”. Қз.: “Тафсир әл-Куртуби” 13/173, “Тафсир әл-Қасими” 12/4699.

Бұл хикая өзіне ойлануды және назар салуды қажет ететін ұлы ғибраттар мен сабақтарды қамтиды. Олар мынандай:

– бұл адам өлтіру абайсыздықпен (қателікпен) орын алды, және ол – қасақана және мақсатты түрде жасалған адам өлтіру емес еді;

– өлтірілген адам Аллаһқа серік қосушы кәпір еді және бұған қоса ол - исраилдыққа зұлымдық танытқан жәбірлеуші де еді.

– ол Исраил ұрпақтарына деген дұшпандығы өте күшті болған халықтан еді, олар исраилдықтардың ұл балаларын өлтіретін және әйелдерін тірі қалдыратын еді, әрі бұл олардан келген үлкен  сынақ  еді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, осы жағдайда оны өлтіруді шайтанның амалы, яғни оның азғыруы және арбауы деп санады, өйткені шайтан Адам баласын тура жолдан адасушылыққа бұрып алып кететін, өзінің адамға деген дұшпандығы ап-айқын болған оның  дұшпаны.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, өзінің қателікпен кәпірді өлтіруін өзіне істеген зұлымдық деп санап: «Раббым! Рас, өзіме кесір істедім», - деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны - ол үшін кешірім сұрау  қажет болған күнә және тәубе келтіру қажет болған қателік деп санады және ол: «Мені жарылқа!» -деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, күнәға да, қылмысқа да көмектеспеу және болыспау туралы Аллаһ Тағалаға уәде берді. Және бұл оның “Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәхарларға жәрдем етпеймін!”  деген сөздерінің мәні.

– Жазықсыз жанды заңды негізсіз өлтіру - жер бетінде бұзақылық тарату болып есептелетіні және тәртіпті орнатушы амал болып табылмайтыны дәйекті түрде бекітілді. Сондықтан екінші мысырлық Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны қасақана істеп жатыр деп ойлап: “Әй, Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?” (Қасас, 19), - деді.

Бұл ақыл-кеңестер мен сабақтарда өлтірілуге лайықты емес жазықсыз жанды өлтірудің, мейлі ол кәпір болса да, жиіркенішті екендігі және бұл әрекет ислам шариғатына және елшілердің басшылығына қайшы келетіндігі туралы айқын және сенімді түсіндірме бар.

Салим ибн ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, былай деді: «Әй, Ирактың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», - деп, қолымен шығысқа қарай, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа қарай, сілтегенін көргенмін. Сендер бір-біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтіргенде Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік» (Та ха, 40). Муслим № 2905.

Атақты ғалым әс-Са’ди аталған аяттармен байланысты болған үлкен пайдаларды атап өтіп, өзінің тәпсірінде былай деген сөздерін келтірді: «Бұған онымен келісім-шарт болған немесе әдет бойынша келісім болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы жатады, өйткені Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мысырлық кәпірді өлтіруді күнә деп есептеді және бұл үшін Аллаһтан кешірім сұрады. Бұған сондай-ақ жазықсыз жандарды қақысыз өлтіруші жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатыны да жатады. Бұған сондай-ақ  тірі жандарды қақысыз өлтіріп, осынысымен жер бетінде тәртіп орнатуды және күнәхарларды қорқытуды қалайтынын жариялайтын адам өтірікші болып табылатыны да жатады. Және ол жер бетінде бұзақылықты таратушы болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала мысырлықтың ауызынан шыққан сөздерін жоққа шығармай, керісінше растап: «Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?» - деді». Қз.: “Тайсир әл-Карим әр-Рахман” 726-бет.

Сондай-ақ, осы аяттардың пайдаларын қорытындылай келе,  шейх әс-Са’ди былай деп айтты: “Бұған, сондай-ақ, онымен келісім бойынша, немесе әдет бойынша (қалыптасып кеткен) келісім-шарт болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы да жатады, өйткені Муса мысырлықты өлтіргеніне өкінді, бұл үшін Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, Оған тәубе етті. Бұған сондай-ақ тірі жандарды қақысыз өлтіруші жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатындығы да жатады, мейлі оның ниеті қорқыту болса да, тіпті ол өзін тәртіп орнатушы деп санаса да, шариғат тірі жанды өлтіруге рұқсат бермейінше». Қз.: “Тайсир әл-Ләтыф әл-Маннан” 131-бет.[12]

 

Тоғызыншы тарау:

Жихадта ақиқаттан ауытқудың қауіптілігі

 

Ақиқатында, жоғарыда аталған барлық формалардағы және түрлердегі жихад мәселесіндегі ауытқулар үлкен қауіп-қатерлерге және көптеген жаман нәрселерге әкеп соқтырады. Осы ауытқулардың және қайшылықтардың салдарына назар салып қараған, немесе олардың себептері немесе атқарушылары туралы ой қозғаған адам оларды түсінеді. Осы жерде жихадтағы ауытқулардың қауіптілігін білуге мүмкіндік беретін ең маңызды нәрселерге көңіл бұрған жөн болады. Олардың арасында:

 

  1. 1.      Бірқұдайшылықтың емес, надандықтың туының астында жихад жүргізу.

Жихадтағы бұл ауытқу жихадты заңды мақсаттарда емес, Ислам шақыратын нәрселерге қайшы келетін мақсаттарды іске асыру үшін жүргізуге апарады. Бұл - Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, одан сақтандырып ол жөнінде былай деген нәрсесіне жатады: «Кім соқыр ілесушілікпен шайқасып, өзінің тайпасы (руы) үшін ызаланып және өзінің тайпасы (руы) үшін соғысып өлсе, оның маған еш қатысы жоқ». Муслим № 1850.

 

2. Тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді рұқсат ету.

Жихадтағы ақиқаттан осы ауытқушылық тыйым салынған қантөгісті және жазықсыз адамдарды өлтіруді, осыны Аллаһ жолындағы жихад деп, рұқсат етуге ақталу (сылтау) етілуіне әкеледі. Дәл осыны мүміндердің әмірі ‘Али, Аллаһ оған разы болсын, халифалығы кезінде аһли Сунна уәл-жама’аға қарсы шыққан хауариждердің тобы істеді, олар мұсылмандардың қаны мен мал-мүлкін өздеріне халал етіп, олардың малдарын тонады. Және олардан кейін Сүннеттен шығып кеткен ауытқушы жамағаттар да бүгінгі күнге дейін дәл осылай істеп жатыр!

Ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұл ауытқудан өте қатты ескерпе жасап сақтандырып: «Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен бұзақыларды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)», - деді. Муслим № 1848.

3. Бөліну, қарама-қарсылық және мүсылмандардың жама’асы мен олардың әмірінінен бөлініп шығу.

Бұл бұрынғы және таяу кездегі жихадтағы ең үлкен ауытқулардың қатарына жатады. Ислам дінінде міндетті түрде білуге тиісті нәрсеге әл-жама’асыз дін жоқ, басқарусыз әл-жама’а жоқ, бағынусыз және мойынсұнусыз басқару жоқ екендігі жатады. Және мұсылмандардың әміріне бағынудан шығу және оған соғыспен қарсы шығу қалаларда және Аллаһтың құлдарының арасында бұзақылық таралуының ең үлкен себептеріне жатады, сондай-ақ тура жол мен дұрыс басшылықтан ауытқу болып табылады.  Қз.: “әд-Дурар әс-сәния” 7/288, 302.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Мұсылмандар кәпірлерге қарсы біртұтас қол болуы қажет, Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнып, Аллаһтың жолында жихад жасап, мұсылмандарды шыншылдыққа және өздеріңің алдынғы буын өкілдерінің ізгі мінез-құлық өнегесіне шақырып,   бірігуге және соғысуға міндетті. Өйткені бұл Аллаһ Тағала солармен Елшілерін жіберіген және Ктаптарын түсірген дін негіздерінің  және иман қағидаларының ең бастыларының біріне жатады. Аллаһ Тағала өзінің барлық құлдарына бірігуді әмір етті және оларға бөлінуді және қарсыласуды тыйым етті, Ол Өзі бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер» (Шура, 13).

4. Мұсылмандарды әлсірету және олардың жауларына олардың үстінен билікті беру

Бұл – жихадта шариғаттың ережелерін ұстанбай және мұсылмандардың жағдайын назарға алмай, қате жолды ұстанушының әрекеттерінің салдары кәпірлерге мұсылмандардан өш алуға, олардың істеріне араласуға және олардың күшін әлсіретуге сылтау беру болатындығынан. Бұл осы күндері ислам үмметінде кейбір жастардың жихад мәселесінде ауытқуының себебімен орын алып жатқанындай, әрі Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ.

5. Исламды жек көрсету және Аллаһ Тағалаға шақыруға бөгет жасау

Бұған қиратушы және өшпенділік әрекеттер, жарылыстар және жоюлар, әрі осыларды жихад деп атау себеп болды. Ал кәпір немесе сауатсыз адамда осы нәрселер діннің амалдарына және Исламды ұстанушылардың сипаттарына жатады деген пікір қалыптасады. Нәтижесінде осы бұрмаланған бейне оларға Исламға деген жолды жабады, мұсылмандарға деген ыза туғызады. Алайда бұл әрекеттер тек оларды істеушілердің бейнесін сомдайды және Исламмен ешбір ортақтығы жоқ.

Оныншы тарау:

Жихадтағы ауытқулардың мысалдары

және осы ауытқулар Аллаһ Тағалаға және Оның хақ дініне жала жауып, жихадтың атымен жасалатын жауыздықтар мен жиіркенішті істерге алып келетіндігі туралы

Тарих пен Пайғамбар өмірбаянын зерттеуші көптеген ғалымдар: “Бірде үш хауариж: Ибн Мульжәм әл-Химйяри деп танылған ‘Абдур-Рахман ибн ‘Амр; әл-Барак ибн ‘Абдуллаһ әт-Тамими және ‘Амр ибн Бакр әт-Тамими бас қосып, ‘Али олардың Нахрауан тұрғандарынан болған бауырларын өлтіргенін еске алды және олар туралы қайғыра бастады. Олар: «Біз олардың арттарында қалғандармен бірге не істей аламыз? Олар  адамдардың ең жақсылары еді, ең көп намаз орындайтын, адамдарды Раббыларына шақыратын және Аллаһтың жолында айыптыны сөгуге қорықпайтын еді. Шіркін, егер біз жандарымызды сата алсақ еді, адасушылықтың басшыларына барып, оларды өлтіріп, олардан қалаларды азат етіп, өзіміздің бауырларымыз үшін  кек алсақ еді», - деді.

Сонда Ибн Мульжәм: ” Мен өзіме ‘Али ибн Абу Талибті аламын”, - деді. Әл-Барак ибн ‘Абдуллаһ: “Мен өзіме Му’ауия ибн Абу Суфьянды аламын”, - деп айтты. Ал ‘Амр ибн Бакр: “Мен өзіме ‘Амр ибн әл-’Асты аламын”, - деді. Және олар өзара келісіп, олардың әрбірі өз қарсыласын өлтірмейінше немесе өзі өлмейінше одан шегінбеуге шарттасты.  Олар қылыштарын алды, олардың үстінен Аллаһтың атын айтты да, он жетінші Рамаданда әрқайсысы өз қарсыласына оның қаласында шабуыл жасау туралы шарт жасасты», - деп баяндайды.

Сөйтіп, бұл үшеуі сол кезде адамдардың ең жақсылары болып саналатын Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының үшеуін өлтіру туралы өзара келісті. Олар (бұл хауариждер) оларды «адасушылықтың басшылары» деп атады және оларды өлтіруді рұқсат етілген деп, тіпті Аллаһ жолындағы жихад деп санады.

Ибн Мульжәм туралы айтар болсақ, ол ‘Али, Аллаһ оған разы болсын,  тұратын Куфаға аттанып, оған кіріп, ниетін тіпті сол жердегі өзінің хауариж серіктерінен жасырды. Кейін ол Куфада бір хауариж әйелді көріп қалып, оған ғашық болды, ал ол оған үйленуінің шарты ретінде ‘Али ибн Абу Талибді өлтіруді қойды. [13]

Ибн Мульжәм сол әйелге: “Ол – сен үшін. Аллаһтың атымен ант етемін, мен бұл қалаға тек ‘Алиді өлтіру үшін келдім», - деді.  Кейін ол әйел Ибн Мульжәмды осы іске үгіттей бастады және оған өз тайпасынан болған Уирдан деген бір адамды көмекші болу үшін жолдады.

Ибн Мульжәм сондай-ақ Шубайб ибн Баджра әл-Ашджа’и әл-Харижжи деген бір адамды да өзіне көмекші болу үшін жалдады.

Рамадан айы басталғанда, оның он жетісінде, бұл үшеуі: Ибн Мульжәм, Уирдан және Шубайб, қылыштарын белдеріне тағып,  ’Али шығып жүрген есіктің алдына келіп отырып алды. Ол шығып, адамдарды намазға тұрғыза бастады. Сонда оның жанына Шубайб келіп, оны қылышымен ұрып, жағасына тиді. Ал Ибн Мульжәм оны басының тас төбесіне ұрды да, қан оның, Аллаһ оған разы болсын, сақалына құйылып ақты. Ибн Мульжәм ұрғанда: “Аллаһтан басқа үшін билік жоқ! Сен үшін де, ‘Али, сенің серіктерің үшін де!», - деп айтты. Және ол Аллаһ Тағаланың мына сөздерін оқи бастады: «Адамдардан Аллаһтың ризалығын іздеп жанын сататындар да бар. Аллаһ құлдарына тым жұмсақ» (Бақара, 207).[14]

Аллаһ Пәк!  Қалайша барша мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша өз заманының ең жақсы адамы деп саналған - Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, көкесінің баласы, оның өзінің күеу баласы, тура жолмен жүруші төртінші ізгі халифа болған ‘Али ибн Абу Талибті, Аллаһ оған разы болсын, өлтіру арқылы Аллаһтың ризалығын алуға болады?! Қалайша адам осындай жексұрын қылмыспен және жиіркенішті амалмен Аллаһтың ризашылығын алуды ниеттеніп, өз жанын сатады?! Осы нәрсе жихадтағы ауытқушылықтың қауіптілігінің ғана дәлелі болып қоймай, сондай-ақ оның салдары болған бұзақылық пен қасіреттің де дәлелі болмайды ма?

Хауариждердің бұл адасқан және ауытқан тобы шейхуль-Ислам айтқандай: “Мұсылмандарды олардың күнәлары үшін және тіпті өздерінің пайымы бойынша күнә деп табылған нәрселер үшін кәпір деп атаған алғашқысы болып табылады. Олар осы үшін мұсылмандардың қанын халал етіп, оларды Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Исламды ұстанушыларды өлтіріп, пұтқа табынушыларды тастап қояды», - деп сипаттағандай болды. Олар ‘Али ибн Абу Талибті, ‘Усман ибн ‘Аффанды және олардың қол астындағыларын кәпір деді. Олардың ішінен оны ‘Абдуррахман ибн Мульжәм әл-Муради өлтірді. Ол және басқа хауариждер ғибадатта өте ынталы болды, алайда олар надан еді және аһли Сунна уәл жама’адан бөлініп кетті. Олар: «Адамдар не мүмін, не кәпір болады», - деді. «Мүмін – бұл барлық парыздарды орындап, барлық тыйымдарды тастаушы», - деді. «Кім мұндай болмаса – ол Тозақта мәңгі қалатын кәпір», - деді. Кейін олар осындай (кәпір) деп өздерінің пікіріне қарсы болған кез келден адамды атайтын болды. Олар: «Ақиқатында, ‘Али, ‘Усман және солар сияқтылар Аллаһ түсіргендей шешім шығарған жоқ, залымдық жасады және кәпір болды», - деді. Бұл адамдардың пікірі Құран мен Сүннеттің көптеген дәлелдеріне сәйкес – жалған».   Қз.: “Мәжму’ әл-фатауа” 7/481-482.

Хауариждерді айыптайтын Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен хабарға ‘Али ибн Абу Талибтің, Аллаһ оған разы болсын: “Мен Алаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Жақын арада ақырзаманда менің үмметімде жас және ақылы кем адамдар пайда болады. Олар жаратылыстардың ең жақсысының сөздерін айтады. Олардың иманы кеңірдектерінен төмен өтпейді. Олар діннен, жебе садақтан ұшып шыққандай, ұшып шығады. Оларды қай жерде кездестірсеңдер де, өлтіріңдер, өйткені оларды өлтіргенге Ақырет күні сый бар», - дегенін естігенмін», - деп жеткізгені жатады.  әл-Бухари № 6930, Муслим № 1066.

Абу Заррдан, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, менен кейін үмметімде (немесе менен кейін жақын арада үмметімде) Құранды оқитын, бірақ ол олардың кеңірдегінен әрі өтпейтін адамдар пайда болады. Олар діннен, жебе садақтан шыққандай, шығады, ал содан соң олар оған қайта оралмайды. Олар – халықтардың және жаратылыстардың ішіндегі ең жамандары!» Муслим № 1067.

Алдынғы ізгі буынымыздан, Аллаһ оларды рахым етсін, хауариждерді сөгетін, олардан сақтандыратын, олардың ислам үмметіне деген үлкен қауіптілігін түсіндіретін көптеген хабарлар және бірін-бірі күшейтетін пікірлер келтірілген, оларды айтып өту көп уақытты алады.

Уахб ибн Мунаббах, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтатын: “Аллаһпен ант етемін, Аллаһ үнемі хауариждердің тобын оның ең нашар халінде бөліп тастайды. Олардан болған біреу (жихад) туын көтергенде, Аллаһ үнемі оны жояды. Ешқашан үммет хауариждің төңірегіне бірікпеген еді. Егер Аллаһ хауариждердің пікірінің орындалуына мүмкіндік бергенде, жер бетінде бұзақылық таралар еді, Аллаһтың Үйіне қажылық тыйылар еді және адамзат надандыққа оралар еді!» Қз.: Ибн ‘Асакир “әт-Тарих” 26/389,.

Аллаһ Өзінің рахымымен және кеңдігімен мұсылмандарды олардың жауыздығынан құтқарып қалды.

Бұдан тыс, бұл хауариждер надандарды және жас мұсылмандарды азғырудың әдістеріне және надандарды алдап түсіретін дүние мәселелеріндегі өздерінің зухдтығы, ғибадаттарының көптігі, Аллаһтың діні үшін ерекше құлшынысы, Оның тыйымдары үшін қызғаныш танытуы сияқты өзге де шырмауларға ие.

Шейх Сулейман ибн Сахман, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Кім өз-өзіне ықыласты болса және өзінің құтылуын тілесе, олардың (хауариждердің) игілікті қалауы, оны іздеуі және оны істеуі, жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыюы, және олар осыларды тек Аллаһтың разылығы үшін жасап жатқандығы туралы сөздері жайында ойланып көрсін. Алайда олардың діндегі ысырапшылдығы және парыз етілген нәрселердегі шектен шығуы оларды   Му’ауияға, Аллаһ оған разы болсын, және онымен бірге болған сахабалар мен олардың ізбасарларына кәпір деп айып тағуға дейін жеткізді. Олар сондай-ақ ‘Али ибн Абу Талибті, Аллаһ оған разы болсын, және ең жақсы болған сахабалар мен олардың ізбасарларын да, оның пікірі олардың шешімді екі қазы шығару жөніндегі пікірімен бірдей болғанда, кәпір деп айыптады. Кейін олар Аллаһтың дінінде шешімді адамдар шығаруы - діннен шығаратын күпірлік екендігін және олар осыны жасап күнә жасағанын әрі кәпір болғанын айтты. Кейін олар осынысына тәубе келтіріп, ‘Алиге де: “Егер сен тәубе келтірсең, біз – сенімен біргеміз және сененбіз. Егер сен бас тартсаң, біз сенімен келісімді бұзамыз», - деді. Ал енді саған олардың амалдары – олардың дінде артық кететін және бұйрықтар мен тыйымдарда шектен шығатын карилары туралы жақсы пікірі және бұл үмметтің ең игі жүректі, терең білімді, мейлінше аз бәлсінбеуші адамдары - Аллаһ оларды Өзінің Пайғамбарына, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахаба болу үшін және Өзінің дінін ұлықтау үшін таңдап алған ғалым-сахабалар туралы жаман пікірі екендігі айқын болған шығар. Олар солардың артықшылығын мойындамаған және олардың басшылығына ілеспеген кезде, Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары ұстанатын дұрыс жолынан адасушылыққа кетті және оларды (сахабаларды) дінде өтірікші  деп ойлады.[15]

Оларды бұған қорқыту туралы Қасиетті мәтіндердің (сырттай қарағанда) айқын (үстіртін) мәнін қабылдап және олардың (шынайы) мәні мен корытындыларын түсінбеуі алып келді. Олар бұл мәтіндерді орынсыз қолданды және күшейту, ауырлату, қинау жолын таңдап, Аллаһ оларға берген және оларға Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында сендер қиындатушы емес, жеңілдетуші етіп жіберілдіңдер», - деп айтып бұйырған жеңілдікті тастады.

Сондықтан мүміндердің әмірі болған ‘Али, Аллаһ оған разы болсын, оларға қатысты осы жолды ұстанды, Аллаһ олардың жүректерін өзіне бұрады және олар баяғы қалпына түседі деп үміттеніп, оларға Аллаһ үшін ықылас танытты, олармен жұмсақ сөздермен сөйлесті. Ол оларға бірінен соң бірі бірнеше рет жолдау жасады, бұл жөнінде оның өзі бірде олар оған жолдау жасағанда айтқанындай. Олар оған: «Ақиқатында, билік (шешім қабылдау) Аллаһқа тән», - деп айтты, және осы арқылы, өздерінің пайымдауынша, жамандықты қайтарғысы келді. Сонда ‘Али: “Аллаһ Ұлы! Астарында өтірік меңзелген ақиқат сөз. Алайда сендер бізбен бірге болатын кездеріңде бізде үш хақыларың бар: біз сендерге мешіттерде Аллаһтың атын зікір етуге бөгет жасамаймыз. Сендер бізбен бірге қолма-қол болып тұрған кезде біз сендерге олжадан үлес алуға бөгет жасамаймыз. Сендер бірінші болып бастамайынша біз сендермен соғыспаймыз. Және біз сендер туралы Аллаһтың әмірін күтеміз», - деді.

‘Алиден хауариждер туралы: “Ей, мүміндердің әмірі, олар кәпірлер ме?» - деп сұралғанда, ол: «Олар күпірліктен қашты», - деді. Адамдар одан: «Олар екіжүзділер емес пе?» - деп сұрағанда, ол: «Ақиқатында екіжүзділер Аллаһты аз зікір етеді, ал бұлар Аллаһты көп зікір етеді», - деді. Адамдар: «Ендеше, олар кімдер?» - деді. Ол: «Бізге қатысты зұлымдық жасаған біздің бауырларымыз», - деді.[16]

Бұл - оның, Аллаһ оған разы болсын, осы адасқан бидғатшылармен жасаған қатынасының сипаттамасы, әйтсе де ол өзінің серіктеріне олар туралы былай деді: «Аллаһпен ант етемін, егер олар өз әрекеттерінен бас тартпағанда, мен міндетті түрде Аллаһтың, Оның Пайғамбарының, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ауызымен айтқан, олармен шайқасуда естілік танытып, біз тұрған ақиқатты біліп олармен соғысқан адамға қатысты шешімі туралы айтар едім». Сонымен бірге,    Ол Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, олар туралы: «Олар Исламнан, жебе садақтан ұшып шығатыны сияқты, ұшып шығады. Кейін олар, жебе садаққа қайтып келмейінше, оған қайтып келмейді», - деген сөздері туралы білер еді. Оның, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Оларды қай жерде кездестірсеңдер де – өлтіріңдер», «Егер мен оларды кездестірсем, міндетті түрде оларды өлтірер едім, Ғад қауымы өлтірілгендей», - деген сөздерін де оған мәлім еді.  Сонымен қатар, олар басқа адамдардан көбірек Аллаһқа құлшылық ететін және Оны мадақтайтын еді, тіпті сахабалар да олардың алдарында өздерін (ғибадатта) болмашы деп санайтын еді. Олар білімді тек сахабалардан ғана үйренген болса да.

Кім өзіне қатысты ықыласты болып жетістікті қаласа, бұл адамдардың жолын біліп, одан аулақ болуы керек, олардың көп намаздарына, оразаларына, Құран окуына, дүние істеріндегі зухдтығына тәнті болмауы  қажет.

Ол соған қоса Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының өмір тарихын білуі керек. Ол сондай-ақ олар өздерінен кейінгілерден артықшылыққа ие болған және өз істері мен сөздерінде мейлінше аз бәлсінушілік танытқан сахабалардың дұрыс басшылығын  және тура дінін білуі керек. Бұл жағдайда, мүмкін, ол бұл адасқандардың кесірінен құтылар. Ал Аллаһ ақиқатты айтады және тура жолмен жүргізеді. Бізге Аллаһ жеткілікті, Ол - нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы». Қз.: “Минхәжу аһли әл-хаққи уәл-иттибә’и фий мухолифәти аһли әл-жәхли уәл-ибтидә’и” 63-66 беттер.

Мүмкін, осында шейхуль-Ислам ибн Таймияның “Минхәж әс-Сунна” қітабының пайдасы туралы қорытындыны келтірген жөн болар еді, онда ол, Аллаһ оны рахым етсін, өзінің ұлы баянымен және пайдалы бекітуімен Аллаһ Тағала Мухаммадты, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, құлдарын бұл және алдынғы өмірде түзету үшін жіберді деп жеткізеді. Әрі ол ізгілік жасауды бұйырып жамандықтан тыю үшін. Сондықтан оның Жолдауы пайдаға қол жеткізуге және оны кемелдікке жеткізуге, жауыздықты жойып оны азайтуға негізделеді. Және Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әрбір адамға оның өзіне де, мұсылмандарға да пайдалы болған нәрселерді бұйырып, оның өзіне де,  мұсылмандарға да зиянды болған нәрселерден тыйды.

Бұл ұлы негіздің ең айқын дәлелдеріне және ең маңызды мысалдарына Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандардың басшыларына әділдік жасауды және өзінің қамқорындағыларға қатысты ықыласты болуды бұйырғандығы, тіпті оның: «Аллаһ қамқорлығына (біреуді) тапсырған және ол өз қарамағындағыларын алдауды қоймай өлген кез келген құлына міндетті түрде Жәннатты харам етеді», - дегені, хадистің басқа риуаятында: «Мұсылмандардың істерін олар үшін ынталы болмай және ықылас танытпай қандай да бір әмір басқарса, ол онымен Жәннатқа кірмейді», - деп айтқаны жатады. әл-Бухари № 7150, 7151, Муслим № 142.

Ал бұқараға ол мойынсұнуды және басшыларға қатысты ықыласты болуды бұйырды, бұл жөнінде: «Дін – бұл ықыластылық таныту», - деп айтқан хадисте ол үш рет осыны қайталап айтқанындай. Олар (сонда): «Кімге қатысты, уа, Аллаһтың Елшісі?», - деп сұрады. Ол: «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың әмірлеріне және қарапайым мұсылмандарға», - деді. Муслим № 55.

Және ол әмірлер жәбір көрсетіп жатқанда сабыр етуді әмір етті, оларға қарсы шығуға және олармен тікетірес болуға (олардың билігіне таласуға) тыйым салды, тіпті олар зұлымдық жасап жатса да. Ол бұл жөнінде: «Мұсылман жеңілдікте де, ауыртпалықтарда да, ширақтықта да, қайғыруда да, әрі одан басқаларға артықшылық беріліп жатқанда да әмірді тыңдап, оған бағынуы кажет», - деп айтты.[17]

Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, миссиясы құрылған осы шариғи негіздің негізінде, аһли сунна уәл жама’а әмірге (ел басшысына) қарсы шығуды және бүлік кезінде соғысуды тастау қажеттігі туралы айқын айтқан. Олар мұны өздерінің ақидасында (ақида бойынша кітаптарында) атайтын, әмірлердің жәбіріне сабыр танытуды, Аллаһқа мойынсұнбаудан өзге жағдайларда оларды тыңдап оларға мойынсұнуды бұйыратын. Өйткені әмірлерге қарсы шығудан және бүлік кезінде соғысудан туындайтын зиян әмірлердің жәбір көрсетуінен едәуір ауыр болатынын, сондықтан кіші зиян үлкен зиян арқылы жойылмайтынын олар түсінген. Әрі егер айыпталатын нәрсені жоюды одан да айыпты болған әрекетті орындаумен ғана іске асыру мүмкін болса, онда айыпталатын нәрсені мұндай жолмен жоюдың өзі айыпталады. Және егер жақсылыққа жетуді осы жақсы істің пайдасынан зияны басымырақ болған айыпталатын амалды орындаудан өзге жолмен іске асыру мүмкін болмаса, онда  осындай жолмен жақсылыққа жетудің өзі де айыпталады.

Аһли Сунна уәл жама’а Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өздерінің мүмкіндігі жеткенше мойынсұнуда ынта танытады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала: «Өздеріңнің мүмкіндіктеріңе сәйкес барынша Аллаһтан қорқыңдар», - деп бұйырғандай  (Тағабун, 16) және Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен сендерге не бұйырсам, соны бар мүмкіндіктерің жеткенше орындаңдар», - деп айтқандай.  әл-Бухари № 7288, Муслим № 1337.

Егер кандай да бір әрекетте игілік пен жамандық қатар келсе, олар абзалын алады. Егер оның пайдасы зиянынан басым болса, оны орындауға басымдық береді. Егер оның зияны пайдасынан көп болса, онда олар оны, Аллаһ Өзінің Елшісін, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жіберген игілікке жету және оны кемелдендіру, жамандықты жою және оны азайту мақсатына сәйкес, тастауға басымдық береді.

Ал, аһли Сунна уәл жама’аға бұл мәселеде қайшы келіп, әмірлерге қарсы шығуды және соғысуды, әрі мұсылмандардың жама’асынан (бөлініп шығуды) дұрыс деп санайтын адасқан топтардың әрекеттерінің зияны олардың пайдасынан басым, ал бұдан келетін жамандық та келер жақсылықтан көбірек. Өйткені олардың мақсаты, тарих мұны көрсеткендей, не жеңу, не жеңілу болып табылады. Кейін оларда билік болмады, әрі олар нәтижеге жете алмады. Олардың (қару алып) шығуында дінге де, дүние тіршілігіне де пайда болмады. Олар дінді де орнатпады, дүниеде де қалмады. Ал Аллаһ Тағала дінде де, дүние тіршілігінде де пайда келтірмейтін нәрсені істеуді бұйырмайды.

Сондай-ақ бұл үмметте басталған бүліктерде де пайдаға қол жеткізілмеді. Керісінше, мұнымен зиян көбейтіліп, игілік азайтылды. Бұл - үмметтегі үлкен жауыздықтың себебіне айналды. Осы бүлікке кіріскен білім және дін иелері өз әрекеттері үшін мақталмады, керісінше осыған өкініп, одан бас тартты.

Кейде әмірлерге қарсы шыққан немесе бүлік кезінде соғысқан білім және дін иелерінің кейбіреулері, өздерінің пікірі бойынша, діни мақсатқа қол жеткізгісі келді, және осынысын жамандықтан қайтарып, жақсылыққа бұйыру деп ойлады. Алайда олардың екі тұрғыдан қателескені анық болды:

Біріншісі. Олар дін деп санап жүрген нәрсесі дін емес, мысалы, хауариждердің және басқа да құмарлықтарына ілесуші адамдардың пікірі сияқты. Өйткені олар ұстанатын пікір – қателік және бидғат болып табылады. Олар адамдармен осы пікірге сәйкес соғысады әрі тіпті өзіне қайшы келетіндерді кәпір деп есептейді. Олар өз пікірінде және өздеріне қайшы келгендермен немесе өздері кәпір деп санап лағынеттеген адамдарымен соғысуда қателеседі. Және бұл - құмарлықтардың жақтаушыларының жаппай үкімі.

Екіншісі. Аһли Сунна уәл жама’аға қайшы келетін адамдардың шақыратын сенімдеріне сәйкес соғысқан және «соғысу арқылы қалаған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болады» деген оймен соғысқандар өздерінің соғысуымен қалағандарына жетпеді. Керісінше, зиян бұрынғысынан да көбірек болды. Және оларға Заң Шығарушы (Аллаһ) ең басында нұсқаған нәрселері ең соңында айқын болды.

Бүлікке кіріскен мәртебе, білім және дін иелерінің арасында Заң Шығарушының Қасиетті мәтіндері жетпеген немесе Қасиетті мәтіндерді сахих (сенімді) деп санамаған  кісілер де бар. Олардың ішінде олардың (Қасиетті мәтіндердің) үкімі жойылған деп айтқандары да бар. Олардың ішінде, бұл Қасиетті мәтіндерге қатысты үкім жасаушылардың көбімен орын алып жатқанындай, оларды өзгеше тәпсірлейтіндері де (түсінетіндері де) бар.

Осы үш себептен кейбір білім иелері кейбір Қасиетті мәтіндерді қолдануды қалдырды.

Осыдан кейде білімде және дінде мәртебелі болған тұлғаның өз жорамалымен байланысты пайымы және белгілі денгейдегі құмарлығы болатыны мәлім болады. Нәтижесінде оған ілеспеу керек болған нәрсе шығады, тіпті оның өзі - Аллаһқа жақын ізгі адам болса да.

Және осындай  нәрсе орын алса, екі топ үшін бүлік басталады: осы бүлікті ұлықтайтындар, осы  амалды мақұлдауды  және оған ілесуді қалайтындар үшін, және оны айыптайтын, мұны билік жүргізуге, тақуалыққа, және тіпті ізгілік пен Жәннаттың тұрғындарының жағдайына да,  тіпті иманға да кесірлі деп, оны жасаушыны діннен шығаратын топ үшін. Бұл екі жақ та қателесуде.

Ал кім әділетті жолды таңдаса, ұлықтауға лайықтыны ұлықтайды, оны сүйеді және қолдайды. Ол ақиқатқа тиістісін береді, оны ұлықтайды, жаратылыстарға  рахымшылдық танытады және бір адамның игі амалдары да, жауыздықтары да болуы, ол мақтаулы да, айыпты да болуы, сый да, жаза да алуы мүмкін екендігін біледі. Оны бір жағынан жақсы  көреді, ал екінші жағынан жек көреді. Және бұл - аһли Сунна уәл жама’аның хауариждерден, муатәзиләлардан және  оларға сәйкес келетіндерден ерекшеленетін жолы.

Сондай-ақ, бүліктердің себептері  өздеріне  күмәндар мен қисынсыз қалауларды қатар қамтитынын да білу керек. Оларда ақиқатты ол көп адамдарға немесе олардың көпшілігіне жалғаннан ерекшеленбейтін болып қалатындай етіп жалғанмен бүркейтін күмәндар болады. Оларда қисынсыз қалаулар мен құмарлардың адамдары да болады, ал бұл ақиқатты іске асыру ниетіне кедергі болады. Сондай ақ олардың бойында ізгі амал жасау үшін жұмсалатын күшті әлсірететін зұлымдықтың күші көрініс табады.

Сондықтан да адам бүлік кезінде өзінің жүрегін тәрк етеді, әрі жүректерге ақиқатты тануға және оны іске асыруға ниеттенуге бөгет жасайтын нәрселер кіреді. Сондықтан бүлік надандық тәрізді деп саналады. Ал надандықта ақиқатты білу және оны іске асыру ниеті болмайды, әрі сондықтан «Бүлік соқыр, әрі керең», «Бүліктер қара түнек түн сияқты» деген т.с.с. надандықтың пайда болуын және білімнің жасырылуын түсіндіріп беретін сөздер айтылады.

Ал  Ислам пайдалы білім мен  игі амалды, ақиқатты тануды және оған ниеттенуді алып келді. Кейде кейбір әмірлер жәбір көрсетуімен зұлымдық жасайтын, адамдар оның зұлымдығына сабыр таныта алмайтын және оның зұлымдығын тек қана одан да үлкен зиянмен тойтару мүмкін болған жағдайлар орын алады. Алайда адам өзінің құқығына және зұлымдықты өзінен тойтаруға деген сүйіспеншілігінің салдарынан өзінің әрекетінен жалпыға келетін зиянға қарамайды.[18]

Әмірлерге қарсы шығып жүргендердің көбі өздері әмірлерден жәбір көрмесе де, оларға зәбір көрсетіп,  қарсы күресу үшін ғана қарсы шығып жүр. Бұдан тыс, әмірде басқа да күнәлар болады және оның әділетсіздігі себепті оның ашу-ызасы бұл жауыздықтарды күшейте түседі. Ал олармен шайқасушы (адам) бүлік болмау үшін және дін толығымен Аллаһқа тән болуы үшін соғысып жатырмын деп ойлайды. (Алайда) оның өзінің мақсатына ұмтылдыратын ең үлкен себептерге не билік, не болмаса мал-мүлік жатады.

Осының барлығы Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірлердің зұлымдығына сабыр ету және олармен соғысуды  және оларға қарсы шығуды тастау туралы әмірі – Аллаһтың құлдары үшін бұл өмірде де, Ақыретте де ең игі бұйрықтардың бірі екендігін түсіндіреді. Және осыған қасақана немесе қателесіп қайшы келуші адам игілікке жетпейді, керісінше зиян шегеді.[19]

Сондықтан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің немересі әл-Хасанды мақтап, былай деп айтқан болатын: «Ақиқатында, менің осы балам жетекші болып табылады. Жуық арада Аллаһ ол арқылы мұсылмандардың екі үлкен тобын жарастырады». әл-Бухари № 2704.

Және ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бүлік кезінде шайқасу үшін де, әмірлерге қарсы шығу үшін де, мойынсұнудан бас тарту үшін де, жама’адан бөлініп шығу үшін де ешкімді мақтамады. Керісінше, ол мұның барлығына тыйым салды және барлық сахих пайғамбарлық хадистер мұны дәлелдейді. Кім бұл мәселеге қатысты сахих хадистерді ой-санасынан өткізсе және оларға саналы түрде назар қойса, Қасиетті мәтіндер ең игі амалдарды алып келгендігін және тура жолға тек Аллаһ салатындығын біледі.  Қз.: “Минхәж әс-Сунна” 4/527-548.[20]

 

Он бірінші тарау:

Жихадтағы ауытқулардың себептері

Жихадтағы ауытқулардың бірнеше себептері бар. Олардың арасындағы ең маңыздылары:

1. Бұзылған ниет және құмарлықтарға еру.

Ниеті бұзылған, немесе өзінің құмарлықтарына ерген (адам) жихадқа Аллаһқа мойынсұну үшін емес, өзінің қалауы үшін келеді. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: ”Олар – мойынсұнудың көріністерімен және бұзылған ниеттерімен келетіндер, бұл жөнінде екі «Сахихта» Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Уа, Аллаһтың Елшісі, бір ер адам олжа үшін соғысады, басқасы – даңқ үшін, үшіншісі – рия (көз бояушылық) үшін. Осылардың қайсысы Аллаһтың жолындағы жихад болады?», - деп сұрағандығы туралы айтылғандай. Сонда ол: «Кім Аллаһтың Сөзі үстем болуы үшін соғысқан болса, сол Аллаһтың жолында», - деді.  Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, екіжүзділер Аллаһты алдауға талпынады, бірақ Ол оларды алдайды. Олар намазға тұрған кезде өздерін адамдарға көрсетіп және Аллаһты азғантай ғана еске алып, зауықсыздықпен тұрады». Солар – бұзылған және айыпталатын ниеттердің адамдары. Олар парызды тастаумен қатар, харамды (тыйым салынған амалдар) жасады“. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 10/514-515.

2. Таяз білім және дінді нашар түсіну

Жихад туралы дұрыс білімі де, жихадтың ақиқаты, оның ережелері туралы айқын түсінігі де жоқ бола тұра жихад жасаушы адамның жихадында өзі білмеген (ойламаған) жерде міндетті түрде кемістік және ауытқу болады. Өйткені ол өзінің Аллаһқа мойынсұнушылық және Оның жолында жихад жасап жатқандығына кәміл сенеді, әрі кейде Аллаһ Тағаланың шекараларын бұзып, ауытқуға түседі. Сондықтан ‘Умар ибн ‘Абдуль-’Азиз былай деді: “Кім Аллаһқа білімсіз ғибадат етсе, пайдаға қарағанда көбірек зиян әкеледі ”. Ахмад “әз-Зухд” 365.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Сондай-ақ, бүліктердің себептері қатар болып келуі мүмкін екендігін де, және жүректерге ақиқатты тануға және оны іске асыруға ниеттенуге бөгет жасайтын нәрселер жақындайтынын да білу керек. Сондықтан бүлік - надандық тәрізді деп саналады. Ал надандықта ақиқатты білу және оны іске асыру ниеті болмайды.  Ал Ислам өзімен пайдалы білім мен  игі амалды, ақиқатты тануды және оған ниеттенуді алып келді. Кейде кейбір әмірлер жәбір көрсетуімен зұлымдық жасайтын, адамдар оның зұлымдығына сабыр таныта алмайтын және оның зұлымдығын тек қана одан да үлкен зиянмен тойтару мүмкін болған жағдайлар орын алады. Алайда адам өзінің құқығына және зұлымдықты өзінен тойтаруға деген сүйіспеншілігінің салдарынан өзінің әрекетінен жалпыға келетін зиянға қарамайды”. Қз.:  “Минхәж әс-Сунна” 4/538-539.

3. Дінде шектен шығушылық таныту (ғулюу)

Бұл – көп адамдарды жихадта және басқа да амалдарда ауытқушылықтарға әкеліп соқтырған қауіпті жол. Әрі тіпті бұл – «дұрыс басшылықтың және мұсылман жама’асының басшылары әділеттіліктен ауытқып, адасушыларға айналған» деп сенетін хауариждердің, рафидилердің және көптеген солар сияқты бидғат пен құмарлықтарына ілесушілердің адасушылығының негізі. Содан соң олар өздерінің пайымы бойынша зұлымдық және адасушылық болған нәрсені күпірлік деп санады. Кейін олар осы күпірлікте айыптауда бидғат үкімдерді негіздеді. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 28/497.

Сондықтан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің үмметін діндегі шектен шығушылықтан сақтандырып, былай деді: «Діндегі шектен шығушылықтан сақ болыңдар, өйткені шектен шығушылық сендерден бұрын болғандарды опат етті!» Ахмад 1/215, Ибн Мажжаһ № 3029.

Діндегі шектен шығушықтың қауіптілігін және оны алып жүрушінің мұсылмандармен болған қарым-қатынасындағы ойы мен әдетіне оңын үлкен ықпалын  әл-Бухари “әт-Тарихта”, Абу Йә’лә, Ибн Хиббан және әл-Баззар Хузайфадан, Аллаһ оған разы болсын, келтіретін риуаят дәлелдейді. Онда Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құран оқушы және оның (Құранның) әдемілігі оның (сырт келбетінде) байқалатын және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды арқасына тастап қалдырады  және өзінің көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылышпен тап басады». Әрі Хузайфа: «Уа, Аллаһтың Пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа (ширкке) жақын: айыптаушы ма, әлде айыпталушы ма?!» - деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы!», - деп жауап берді. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 3201.

4. Адамдардың кейбір пәтуаларды білімімен танылмаған адамдардан қабылдауы, әрі игілік солармен бірге болатын тиянақты білімге ие имамдардың, зертеуші-діндарлардың, білім мен даналық, ұстаным мен байыптылық және іс-әрекеттердің нәтижелері туралы ой-толғауға ие болғандардың пәтуаларынан бас тартуы.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын бұл жөнінде: «Игілік сендердің жасы үлкендеріңмен бірге болады», - деп айтқандай.  Ибн Хиббан “әс-Сахих” № 559, әл-Хаким “әл-Мустадрак” 1/62. Қз.: “әс-Сахиха” № 1778.

‘АбдуллаҺ ибн Мас’уд, Аллаһ оған разы болсын: «Адамдар білім оларға жасы үлкендерден (ғалымдардан) келіп тұрғанша игілікте болуын тоқтатпайды. Ал ол оларға жасы кішілерден келгенде, олар опат болады!» - деп айтатын. әл-Ләләкәи “Шарх әл-и’тиқад” (101).

Және іс тіпті кейбіреулер кесірлі пәтуаларды олардың шынайы жағдайы белгісіз болған біреулерден, Интернет анықтама жүйесінен алатын жағдайға дейін жетті. Ал осы адамдар осындай білім көздеріне ие бола тұра, қалайша құтылу мен игілікті күтеді?![21]

5. Астарында мұсылмандардың қоғамын ыдырату, олардың бірлігін ыдырату, қатарын бұзу, олардың арасын топтарға бөлу және өзара күрес туғызу мақсаты болған кесірлі сыбыстарға және зұлым шақыруларға еру.

6. Қисынсыздық, ағаттық, асығыстық, амалдардың нәтижелерін ойламау.

Асығыстық игілікке алып келмейді. Өз істерінде асығыс және қарқынды болған адам жансақтықтан және ауытқудан қорғалмайды. Ибн Мас’уд, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: “Ақиқатында, жақын арада күмәнді істер пайда болады, және сендер сол кезде байыпты болуға тиістісіңдер. Әрі сен үшін ігілікке ілесуші болу жауыздыққа басшы болғаннан қайырлы”. Ибн Батта “әл-Ибана” (176).

‘Али, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: “Ұятсыздық таратушы, сыр ұстамаушы асығушы болмаңдар. Ақиқатында, сендердің іздеріңнен адамдарды күңгірттендіретін қайғы-қасірет және қатты азап күндері және ұзаққа созылатын ауыр сынақтар келеді”. әл-Бухари “Адаб әл-Муфрад” № 327.

7. Жастардың жиналыстары және мұсылмандардың жаппай істері туралы құпия сұхбаттары.

Пайдалы іс-шараларды және жедел шешімдерді таяз білімнің, қысқа ақылдың және әлсіз түсініктің негізінде талқылаулар мұсылман жама’асынан бөлінген жастардың сезімдерін қоздыруға, қисынсыздығына және алаңғасарлығына алып келеді. Бұл ауытқудың есіктерінің бірі болып табылады, бұл жөнінде ‘Умар ибн ‘Абдуль-’Азиз, Аллаһ оны рахым етсін: “Егер сен (адамдардың) барлығынан құпия түрде өз діні туралы бір нәрсе айтып жатқан адамдарды көрсең, олар адасушылықтың негізінде екенін біл!” – деп айтқанындай.  әл-Ләләкәи “Шарх әл-и’тиқад” (251).

8. Анықтама басылымдарды және форумдарды тарату, кез келген адамдарды тыңдау, теледидар, интернет арқылы барша шығып сөйлеуге рұқсат беру, және өз пайдасын ғана көздеген басылымдар т.б.

Алдынғы ізгі буын өкілдері, Аллаһ оларды рахым етсін, құмарлықтарына еруші адамдарды тыңдауға және олармен бірге отыруға қатаң тыйым салатын. Абу Қиләба былай деді: “Құмарларлықтарына ілесушілермен бірге отырмаңдар және олармен айтыспаңдар, өйткені олар сендерді өз адасушылықтарына тастауына немесе сендер біліп тұрған нәрсені сендерге бұлыңғыр етпеуіне мен сенімді емеспін “. Ибн Батта “әл-Ибана” (610).

Сондай-ақ ол, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Құмарлықтарына ілесушіні тыңдама”. әл-Ләләкәи “Шарх әл-и’тиқад” (246).

‘Амр ибн Қайс былай деді: “Ақиқатында, жасөспірім өседі, әрі ол өзіне білім иелерімен отыруды абзал көрсе, онда ол құтылуға жақын. Ал егер ол өзгелерге қарай ауа бастаса,  онда ол опат болуға жақын”. Ибн Батта “әл-Ибана” (518).

Қаншама адам Сүннеттен осы сияқты ауытқып, бидғаттарға түсіп кетті. Әл-Муғира былай деп баяндайтын: “Мухаммад ибн әс-Саиб сапарға аттанғанда, онда құмарлықтар жоқ еді. Ол: «Бізді (адасқандарға) біз олардың пікірін тыңдауымыз үшін апарыңдар», - деді. Және ол осыны қабылдамайынша және оның жүрегі олардың пікірімен байланбайынша қайтып оралмады”. Ибн Батта “әл-Ибана” (476).

‘Имран ибн Хитан Суннетке ілесушілердің қатарынан еді, кейін Амман тұрғындарынан болған бір жас жігіт келді де, оны өз орнында ауыстырды.  Ибн Батта “әл-Ибана” (477).

 

Он екінші тарау:

Жихадтағы ауытқулардың түзету құралдары

Жихадтағы ауытқулар оларды түзету үшін толық назар аударуды және ауытқуларға түскендерді тура жолға насихаттап, оларды қауіпті ауытқулардан қашықтату үшін кепілдік берілген құралдарды қолдануды міндетті түрде қажет ететін істерге жатандығына күмән жоқ.

Жихадтағы ауытқулардың түзету құралдары туралы сөздер ғалымдардың дәлелдері мен пікірлерінің негізінде ой-пайымдауды талап етеді, әрі түзетудің ең маңызды құралдарының арасында мыналар бар:

1. Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаһтан жасырын да, ашық та, оңаша да, жария да қорқу.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оған бір шығар жол пайда қылады. Аллаһ оған ойламаған жерден ризық береді» (Таләқ, 2-3).

Яғни оған бұл дүниеде және Ақыретте кез келген бүлік-фитнадан, қайғы-қасіреттен және жамандықтан шығатын жол жасап береді.

Аллаһ Тағала тағы да былай деп айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оның істерін жеңілдетеді» (Таләқ, 4).

Әрі соңғы нәтиже үнемі тақуалар жағында болады.

Сахабалардың ізбасарлары кезінде бүлік басталғанда, кейбір ықыласты адамдар Тәлк ибн Хубайбқа, Аллаһ оны рахым етсін, келіп: “Ақиқатында да, бүлік басталды, біз одан қалайша аман қалып сақтанамыз?», - деп сұрады. Ол, Аллаһ оны рахым етсін, оларға: «Одан тақуалықпен сақтаныңдар», - деді. Олар: «Бізге тақуалықты баяндап бер», - деді. Ол: «Тақуалық – Аллаһқа мойынсұнушылықпен Аллаһтан келгеннің аясында Аллаһтың рахымына деген үмітпен әрекет жасау, және Аллаһқа мойынсұнбауды Аллаһтан келгеннің аясында Аллаһтың жазасынан қорқып тастау», - деп жауап берді. Қз.: “әз-Зухд” Ибн әл-Мубарак 473 б..

Осыдан тұлғаның Аллаһтан келгеннің аясында тақуалықпен және дінді білумен ажырамастығы ол үшін кез келген опаттан құтылудың жолы және кез келген ауытқудан қауіпсізденудің кепілі болып табылатыны айқын болады.

2. Дінді тану, Аллаһ Тағаланың және Оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сөздерін ізгі алдынғы буын өкілдерінің және тиянақты білім иелерінің түсінігіне сәйкес түсіну.

Бұл жөнінде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Кімге Аллаһ игілік қаласа, оны Ол дінді дұрыс түсінушілерден етеді», - деп айтқанындай. әл-Бухари № 71, Муслим № 1037.

Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ: «Ол - Аллаһ, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ, астарлы ұғымдағы өзге аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, астарлы мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Оның ұғымын Аллаһ қана біледі. Ал, тиянақты білімге ие болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы - Раббымыздан», - дейді. Бірақ насихатты ақыл иелері ғана еске алады (түсінеді)» (әли Имран, 7), - деді.

Ал діннің анық баяндалған аяттармен, айқын хадистермен және ізгі алдыңғы буын өкілдерінен жеткен хабарлармен мазмұндалған түсінігі оның иесін сөздердегі және істердегі жарамсыз әрекеттер мен қателіктерден қашықтатады.

3. Құран мен Сүннеттен бұлжымай ұстанудың қажеттілігі.

Құран мен Сүннетке шынайы берілгендік - бұл дүниеде және Ақыретте өркендеудің, құтылудың және жетістіктің  жолы болып табылады. Имам Малик, Аллаһ оны рахым етсін, хижра үйінің имамы: «Сүннет - Нұһтың кемесі сияқты! Кім оған отырса, құтылады, кім оны тастаса, суға батып кетеді», - деді. Қз.: “Тарих әл-Бағдад” 7/336.

Кім Сүннетті өзіне жетекші етсе, даналықты сөйлейді, бүліктен құтылады және бұл дүниеде де, Ақыретте де игілікке жетеді.

“Сунан” кітаптарында келтірілген ‘Ирбад ибн Сарийяның сахих хадисінде Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, сендерден кім ұзақ өмір сүрсе, жақын арада көп келіспеушіліктерді көреді. Сендер менің Сүннетімді және менен кейін тура жолмен жүретін ізгі халифалардың Сүннетін ұстануларың керек болады. Оны ұстаныңдар және оған азу тістеріңмен жабысып алыңдар. Діндегі жаңалықтардан сақтаныңдар, өйткені (діндегі) әрбір жаңалық – бидғат, кез келген биғат – адасушылық, ал кез келген адасушылық – Тозақта», - деді. Абу Дауд № 4607, әт-Тирмизи № 2686, Ибн Мажжаһ № 43, 44, ән-Насаи (№ 1578).

Сондықтан ардақты Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне байлану және оған қайшы келетін пікірлерден алшақтау діндегі кез келген ауытқудан ем болып табылады, өйткені діндегі ауытқушылық Сүннетті тастағаннан (қалдырғаннан) және оған қайшы келуден ғана орын алады. Кім Сүннетті ұстанса, сол ауытқудан аман қалады.

4. Мұсылмандардың қауымынан (әл-жама’адан) ұстану және бөлінушілік пен қарама-қайшылықтан алшақтау.

Ақиқатында, бөлінушілік – бұл жамандық, әл-жама’а – бұл рахым. Әл-жама’аның көмегімен мұсылмандардың арасындағы байланыстың күші, олардың өзара ынтықтығының бекемдігі, абыройының құдіреті, бірігуі пайда болады. Ол арқылы мұсылмандардың арасында игілікке, тақуалыққа және бұл дүниеде де, Ақыретте де  бақыт алып келетін нәрселерге өзара көмектесу туындайды. Ал келіспеушіліктерге келер болсақ, ол мұсылмандарға көп жамандық және зиян, сондай-ақ шарапатсыздықпен аяқталатын қайғы-қасірет әкеледі. Сондықтан Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен көптеген хадистерде оның әл-жама’аны ұстану және бөлінуден сақтану туралы осиеті келтірілген. Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әл-жама’а – бұл  рахмет, ал бөліну - азап». Ахмад 4/278.

Ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ: «Әл-жама’адан ұстаныңдар да, бөлінуден сақ болыңдар», - деп айтты. әт-Тирмизи №2165, Ахмад 5/370.

Сондай-ақ ол, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһтың Қолы әл-жама’аның үстінде». Ибн Абу ‘Асым “әс-Сунна” 80, 81.

Сондай-ақ ол былай деді: «Келіспеушілікке салынбаңдар! Ақитатында, сендерден бұрын өмір сүргендер өзара келіспеушілікке салынып, опат болды». әл-Бухари № 2410.[22]

5. Пәк Аллаһпен жақсы байланыс, Оған шынайы ықыласпен жалбарыну, Оған табанды түрде дұға ету, әсіресе Пәк Аллаһ Тағаладан мұсылмандарды ашық және жасырын бүліктерден алыстатуын тілеу, Пәк Аллаһтан бүліктердің адасушылығынан қорғауды дұға етіп сұрау.

 

Өйткені Аллаһ Өзінен қорғау тілегенді қорғайды және Өзінен сұрағанға береді. Өйткені Пәк Аллаһ өзінің құлын оның дұғасында түңілтпейді және өзінің құлының жалбарынуын қайтармайды.  Өйткені Аса Құдіретті және Ұлы Аллаһ былай деді: «Егер құлдарым Мен туралы сенен сұраса, Мен өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған иман келтірсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді» (Бақара, 186).

Қандай да бір іс өзіне айқын емес болып көрінетін (адам) шешім қабылдауға асықпасын. Ол шынайы ықыласпен Аллаһқа жүгініп, Пәк Аллаһтан дұрыс жолға салуын сұрауы керек. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Ол Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен негіз арқылы білімнің әрбір есігінен мықтап ұстануға тырыссын. Ал егер ол адамдар өзара қайшылыққа келген нәрседе күмәндана бастаса, онда Муслим өзінің «Сахихында» ‘Аишадан, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген дұғаны орындасын. Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түнгі намазға тұрған кезде: «Уа, Аллаһ, Жәбірейілдің, Микаилдің, Исрафилдің Раббысы, көктер мен жердің Жаратушысы, көмес пен айқынды Білуші. Сен Өзіңнің құлдарыңның арасында олардың пікірлері әртүрлі болған нәрседе шешім шығарасың. Мені өзіңнің қалауыңмен (олар) әртүрлі пікірге келген ақиқатқа бағытта. Ақиқатында, Сен қалағаныңды тура жолға саласың», - деп айтатын. Муслим № 770. Аллаһ Тағала Өзінің  Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Одан жеткізген сөздерінде: «Ей, менің құлдарым, Мен дұрыс жолға салғанымнан басқаларыңның барлығың адасудасындар. Ендеше, Менен (тура) жолға салуды тілеңдер, және мен сендерді тура жолға саламын», - деген. Муслим № 2577″. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 10/664-665.

Осы жерде өздерінің жөн сілтеулерімен және нұсқауларымен қиыншылықтарды және ауытқуларды түзетуге нұсқайтын зерттеуші-ғалымдардың кейбір сөздерін келтіру жөн болады.

Шейх Са’д ибн Хамд ибн ‘Атиқ өзінің бауырларына деген жолдауында былай деді: “Сендер бақыттың және бұл дүние мен Ақыреттегі жетістіктің үлкен себебі - ақиқат пен дұрыс жол иелерінің жолын ұстану, ақиқат жолының нұрын оның қайнар көзінен алу, пайдалы білімді оның иелерінен іздеу болып табылатындығын білетін тәріздісіңдер. Ал олар – өздерін толығымен ақиқатты іздеуге және жаратылыстарды ақиқат жолына салуға бағыштаған, тіпті оларға жөн сілтеуде және әділдікте куә болған білім мен діннің адамдары.  Олар өздерін құмарларлықтарға іліскен адамдардың және адасушы адамдардың сипаттарынан аман сақтап қалды. Бірақ олар (ақиқаттың иелері және білімді алып жүрушілер) - өздері адасып, көптеген Аллаһтың құлдарын адасушылыққа кіргізген, дін туралы ой жорамалдары мен болжамдар негізінде сөйлеген, бүлікке шалдыққыш болғандарға бүлік, надандарға басшы болған және өздерінің ізбасарларымен бірге олар туралы мүміндердің әмірі ‘Али ибн Абу Талиб, Аллаһ оған разы болсын: «Әрбір айқайлаушыға ілесушілер, әрбір шақырушының ізіне қарай иілетіндер, білімнің нұрымен жарық алмағандар. Олар бекем негізге жүгінбеді», - деп айтқан адамдар сияқты болып қалған надан және адасушы адамдар емес“. Қз.: “Дурар әс-сәния” 7/304.

Дағуаттың басшыларының тобы (Нәжд ғалымдары) мұсылмандарға жіберген жолдауында былай деп ескертеді: «Бұл жерде бір нәрсеге назар бөлу керек. Ғалымдар және әмірлер  мұсылмандардың арасындағы бөлуну мен келіспеушіліктің, әрі ақиқат пен жалғанның иелерінің арасында айырмашылық болмауының себебі болатын ой-тұжырымдаулардан, сыбыстардан және әңгімелерден сақтандыруы керек.  Сондықтан білім ізденушілер және әмірлер ақиқатқа қайшы келетін бір нәрсе жасаған адамға жөн сілтеуге және оны осыдан ұстап қалуға міндетті. Егер де ол өзі істеп жүрген нәрсесін тастаудан бас тартса, онда ол сияқты басқаларды (осындай нәрселерді істеуден) тосып қалатындай етіп оның сазайын беру (түзету, жазалау) керек». Қз.: “Дурар әс-сәния” 7/330.

Құрметті шейх ‘Абдуль-’Азиз ибн Базға ішінде «Біз шектен шығушы сенімдердің мәселесін қалайша шешеміз?» деген сөздері бар сұрақ қойылды.

Ол, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп жауап берді: “Жауап: ғалымдар тарапынан оқытумен және бағыттаумен. Егер олар кандай да бір адамда ауытқушылықты және бидғатты көріп қалса, онда олар оған, мысалы, күнәхарларды күпірлікте айыптаушыға, бұл (күпірлікте айыптау) күнәлар үшін күпірлікте айыптайтын хауариждердің діні екендігін түсіндіреді. Алайда оған ортаны ұстануды үйрету керек. Мойынсұнбаушы үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Көпқұдайшыл үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Бидғатшы үшін өзінің бұйырылған нәрсесі бар. Ол тура жолға түскенше, шариғаттың бұйрықтарын білгенше әрі барлық нәрсені өз орындарына қойғанша, оны оқытып, игілікке бағыттау керек.  Ол мойынсұнбаушыны кәпірдің орнына, ал кәпірді мойынсұнбаушының орнына қоймауы үшін. Зинақор, ұры, ғайбатшы, өсекші, өсімқор сияқты, күнәлары көпқұдайшылықтан төмен болған мойынсұнбаушылардың өздеріне тиісті үкімдері бар. Олар, егер осындай жағдайларында өлсе, Аллаһтың қалауының астында. Ал қабірде жатқандарға құлшылық етуші және Аллаһтан өзге өлген адамнан көмек тілеуші көпқұдайшылдың өзіне тиісті үкімі бар. Бұл Құдіретті де, Ұлы Аллаһқа деген күпірлік болып табылады. Дінді келемеждеп, дінді сайқымазақ етушінің өзіне тиісті үкімі бар. Сонымен, адамдар дәрежелерге және түрлерге жіктеледі және олардың барлығы бірдей емес. Сондықтан міндетті түрде, оларды өз орындарына қою керек және білім мен дәлел арқылы оларды өздеріне тиісті болған үкімдеріне жатқызу керек. Нәпсінің қалауларына және надандыққа сәйкес емес, шариғаттың дәлелдеріне сәйкес, ал бұл – ғалымдардың міндеті. Сонымен, ғалымдар адамдарға бағыт сілтеу керек, бойында шектен шығушылық, тұрпайылық және кемшілік қауіптері бар жастарға дұрыс жол көрсету керек. Оларды оқыту және бағыттау керек, өйткені олардың білімдері жеткіліксіз, сондықтан оларды ақиқатқа бағыттау міндетті болып табылады”. Қз.: “Мәжму’ фатауа уә мәқәләт мутәнәууи’а” 8/236.

Он үшінші тарау:

Жихад және дұға

Осы тарауда назар аудару тиісті болған нәрсе – бұл дұға, өйткені ол – кез келген игіліктің кілті, Құдіретті және Ұлы Аллаһқа жүгінудің ықыласы, Оған тәукел етудің кемелдігі, оған бет бұрудың көркемдігі болып табылады. Ол - мұсылмандарды олардың дұшпандарының жауыздығынан сақтау, олардан қауіпсіздендіру, олардың зұлымдығы мен айлакерлігінен сақтап қалу үшін (қажет және маңызды). Және Құдіретті де, Ұлы Аллаһ Өзіне жүгінген адамды амандықта сақтайды, және Одан пана тілеушіге жетіп асатын (пана) болып табылады, өйткені барлық істер Оның қолында, және Ол Өзінің қолында ұстап тұрмаған бірде-бір тірі жан жоқ.

Қасиетті мәтіндерде бұл тақырыпқа байланысты келтірілген дұғалардың ішінде Абу Дауд, әт-Тирмизи және басқалар Анас ибн Маликтен, Аллаһ оған разы болсын, келтірген дұға бар. Ол былай деді: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа аттаннатын кезінде: «Уа, Аллаһ, Сен – менің тірегімсің және менің қорғаушымсың. Сенің көмегіңмен мен тырысамын, Сенің көмегіңмен мен шабуылдаймын, Сенің көмегіңмен мен шайқасамын /Аллаһумма, антә ‘адудии уә нәсыри, бикә әхулю, уә бикә әсулю, уә бикә уқатилю/», - дейтін». Абу Дауд № 2632, әт-Тирмизи № 3584.

Оның «Уа, Аллаһ, Сен – менің тірегімсің» деген сөздері. Яғни Сен - менің көмегімсің, және маған Сенен өзге көмектесуші жоқ, әрі Сенен өзгеде Пана жоқ. Бір Сенен ғана көмек сұраймын және Бір саған ғана пана тілеп жүгінемін.  

Оның «Менің қорғаушымсың» деген сөздері. Яғни Сенен өзге мені қорғаушы жоқ. Ал кім үшін қорғаушы Аллаһ болса, оны жеңу мүмкін емес, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Егер Аллаһ сендерге қолдау жасаса, сендерді ешкім жеңе алмайды. Ал егер Аллаһ сендерді қолдауынан айырса, Одан Өзге сендерге кім жәрдем ете алады? Ендеше мүміндер Аллаһқа тәуекел етсін» (Али Имран, 160).

Оның «Бикә әхулю» деген, яғни «(Сенің көмегіңмен) мен тырысамын» деген сөзі.  Сондай-ақ: «(Әскери) қулыққа жүгінемін», - деп айтылған болатын. Осыдан  “Лә хаулә уә лә куууәтә иллә билләһ” сөзі туындаған, яғни Қандай да бір жағдайда құдірет Аллаһтан Өзге ешкімнен жоқ (келмейді) және  қуат Аллаһтан басқа ешкімнен жоқ (келмейді). Немесе: зұлымдықты жою үшін қулық Аллаһтан Өзге ешкімнен жоқ (келмейді), әрі игілікке жету үшін күш Аллаһтан басқа ешкімнен жоқ (келмейді).

Оның «Уә бикә әсулю» , яғни «Сенің көмегіңмен мен дұшпанға шабуылдаймын» деген сөздері  ”әс-сәулә” сөзінен (туындаған), ал бұл – шабуылдау.

Оның «Уә бикә уқатилю» дегені, яғни «Сенің көмегіңмен мен дұшпаныммен шайқасамын».

Осы тарауда атап өту қажет болған тағы бір дұға Абу Муса әл-Аш’аридан, Аллаһ оған разы болсын, Абу Дауд  жеткізен хадисте Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қандай да бір адамдардан қауіптенге: «Уа, Аллаһ, біз Сені оларға қарама- қарсы қоямыз және Сенен олардың жамандығынан қорғау тілейміз /Аллаһуммә, иннә нәж’алюкә фи нухурихим уә нә’узу бикә мин шурурихим/», - деп айтатын дұғасы. Абу Дауд № 1537.

Оның «Аллаһуммә, иннә нәж’алюкә фий нухурихим»  сөздері. Яғни дұшпанның көкірегіне («нәхр») қарама-қарсы Сен біздің Сақтаушымыз, Қорғаушымыз және бізді олардан келетін кез келген  зиянның жолын  Бөгеттеуші болуың үшін (Сені қоямыз) (дегенді білдіреді). Бұл жерде олардың көкірегі («нухур») ерекше аталып тұр, өйткені дұшпан шайқаста көкірегімен екпіндейді. Және, мүмкін, «нәхр» сөзінің аталуында мүміндер Аллаһтың қолдауымен және көмегімен оларды (дұшпанды) өзгелерден кесіп («йәнхарунә») тастайтыны жөніндегі белгі бар шығар. Оның «Және біз олардың жамандығынан Сенен қорғау тілейміз» деген сөзі. Яғни олардың  бізге қатысты болған кез келген жамандығынан (дегенді білдіреді). Және Сен бізге жетіп асатын олардың жамандығын Қайтарушысың және олардың бізге деген жолын Бөгеттеушісің.[23]

Сондай-ақ мұсылманға мұндай жағдайда: «Бізге Аллаһ жеткілікті, және бұл Қамқоршы және  Сақтаушы нендей жақсы! /Хасбуналлаһу уә ни’мәл-уәкиль/», - деп айту бұйырылған.

Әл-Бухаридің «Сахихында»  ‘Абдуллаһ ибн ‘Аббастан, Аллаһ олардың екеуіне де разы болсын, жеткен хадисте оның былай дегені жеткізіледі: «Бізге Аллаһ жеткілікті, және Ол - нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы!» Мұны Ибраһим, оған Аллаһтың сәлемі болсын, отқа тасталған кезде айтты және мұны  Мухаммад да, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын адамдар оған: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - дегенде айтты.  «Алайда бұл (сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы!», - деді» (Али Имран, 173). “Сахих әл-Бухари” № 4563.

«Бізге Аллаһ жетіп асады» деген сөздің мағынасы: Бізге Ол бізді мазаландыратын барлық нәрсе үшін жетіп асады, және сондықтан біз Оған ғана тәуекел етеміз, және Оған ғана сенім артамыз. Пәк Аллаһ бұл жөнінде былай дегендей: «Кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады» (Таләқ, 3).

Ол сондай-ақ былай деді: «Аллаһ Оның құлына жетіп аспай ма?»  (Зүмәр, 36).

Оның «Осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы!» деген сөздері. Яғни, игілікке жету және зиян мен бақытсыздықты тойтару үшін оған тәукел ететін Ол нендей жақсы (дегенді білдіреді). Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Ал егер олар жүзін теріс бұрса, онда Аллаһ – сендердің Қамқоршыларың екендігін біліңдер. Осы Қамқоршы нендей жақсы! Осы Көмекші нендей жақсы!» (Әнфәл, 40).

Бұл ұлы сөздер өзіне барлық кемшіліктерден Пәк Аллаһқа деген тәуекелді, Оған сүйенуді, Оған жүгінуді қамтиды. Бұл - адамның қуатқа (ұлылыққа), құтылуға және қауіпсіздікке деген жолы.   Ибн әл-Каййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Аллаһ Оған тәукел еткенге және оған жүгінгенге жетіп асады. Ол қорқышышта болғанға қауіпсіздік сыйлайды және қорғау тілегенге оны береді. Және Ол - нендей жақсы Қамқоршы және нендей жақсы Көмекші! Кім Аллаһтың Қамқорлығында пана іздесе, Оған жүгінсе,  Одан көмек сұраса, Оған тәукел етсе, Оған толығымен ұмтылса, Аллаһ оны басқаруды Өзіне алады, оны қорғап, амандықта сақтап қалады. Кім одан қорықса және қауіптенсе, Ол оған қорыққан және қауіптенген нәрсесінен қауіпсіздік береді, және ол оған мұқтаж болған барлық пайдалы нәрсесін береді. «Кім Аллаһтан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Аллаһ, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаһқа тәуекел қылса, сонда Ол оған жетіп асады» (Таләқ, 2-3). Сондықтан Оның көмегі, ризығы және тыныштығы кешігіп жатыр деп ойлама, өйткені Аллаһ Өз ісін соңына дейін жеткізеді, әрі Ол әрбір нәрсенің өлшемін бекітіп орнатты, ал ол өз өлшемінен ерте де келмейді, кешікпейді де”. Қз.: “Бадаи’ әл-фауаид” 2/237-238.

Бұдан тыс, жоғарыда айтылғанда бұл сөздің маңыздылығына және ол Ибраһим мен Мухаммадтың, ол екеуіне де Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қиындық кезінде айтқан сөздері болып табылатындығына нұсқау бар.

Ибраһим, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, дәлелдер арқылы өз тайпасын үнсіз қалуға мәжбүрледі, сенімді дәйектермен және айқын дәлелдермен оларға Аллаһтан өзге құлшылық етуге лайықты ешкім жоқ екендігін және олар табынып жүрген нәрселер оларға пайда да, зиян да келтіре алмайтын жай пұттар ғана екендігін түсіндірді. «”Онда сендер Аллаһты қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма? Түһ! Сендерге де, Аллаһты қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?” – деді» (Әнбия, 66-67).

Тайпа үнсіз қалуға мәжбүр болған кезде және оларда оған қарсы қояр ешбір дәйек болмаған кезде, олар күш қолдануға көшті. «Олар: “Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ибраһимді өрттеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер”, - десті» (Әнбия, 68). Олардың сөздері өздерінің дәйектері мен дәлелдерінде түк дәрменсіз екендігіне және олардың өте нақұрыс және ақылы мүлдем кем екендігіне дәлел болады, өйткені олар өздерінен көмекке мұқтаж екендігін өздері растап берген нәрселерге табынатын еді.

Кейін олар үлкен от жағып, Ибраһим пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ең жиіркенішті тәсілмен өлтіруді қалап, оған тастады.  Және оны, Аллаһтың оған сәлемі болсын, отқа тастағанда, ол былай деді: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы нендей жақсы!»  Және Аллаһ өзінің сүйіктісіне көмектесті де, отқа: «Әй, от! Ибраһимге салқын, зиянсыз бол”, - деді (Әнбия, 69). Ал ол (от) солай, яғни оған салқындық және құтқару болды, әрі ол одан зиян да, ыңғайсыздық та көрген жоқ.

Ал, Мухаммад, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» (Әли Имран, 173), - дегенде, осы сөзді айтты. Бұл Ухуд уақиғаларынан кейін орын алды. Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабаларына Абу Суфьян және онымен бірге болған көпқұдайшылдар оларға шабуыл жасау үшін бірікті деген хабар жетті. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның бір топ сахабалары жорыққа аттанып, Мәдинадан үш шақырым қашықтықта орналасқан Хамр әл-Асад деген жерге жеткенше тоқтамады. Сонда Абу Суфьянға осы туралы хабар жеткенде, Аллаһ оның жүрегіне үрей салды және ол Меккеге қайта жөнелді. Оның жанынан ‘Абд Қайс тайпасының керуені өтіп бара жатты, ал (Абу Суфьян) олардан: «Қай жаққа бара жатырсыңдар?» - деп сұрады. Олар: «Мәдинаға»,  - деп жауап берді. Ол оларға: «Сендер Мухаммадқа менің жолдауымды жеткізе аласыңдар ма?» - деді. Олар: «Жарайды», - деп жауап берді. Ол: «Сендер оған келген кездеріңде, біз олардың қалғандарын тамырымен жою үшін оған және оның сахабаларына  қарсы әскер жинағанымызды хабарлаңдар», - деп, осы арқылы оларды қорқытып үрейлендіруді қалады. Кейін бұл керуен Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хамра әл-Асадта болған кезінде, оның жанынан өтті, және олар оған Абу Суфьян мен оның серіктері айтқанын жеткізді.  Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және бұл Қамқоршы және Сақтаушы нендей жақсы!» (Әли Имран, 173), - деді, әрі олардың Аллаһқа деген иманы мен сенімі ұлғайды. Олар Мәдинаға қайта оралды және оларға жамандық та, ренжу де келген жоқ, ал көпқұдайшылдар жүректері үрей мен қорқынышқа толып оралды.

Аллаһ Тағала: «Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - деді. Бұл (сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, және осы Қамқоршы және Сақтаушы  нендей жақсы!», - деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамай Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ - зор кеңшілік Иесі» (Әли Имран, 172-174).

Осыда Аллаһқа деген тәукел бұл дүниеде және Ақыретте игілікке жетіп, жамандықты тойтарудың ең үлкен себептерінің бірі болатынына нұсқау бар. Қз.:  “Тайсир әл-’Азиз әл-Хамид” 502-505 беттер.

Және бұл осы кітаптың мөрленген мискі болсын.

Мен Аллаһтан Ол мұсылмандардың жағдайын түзетуін, оларды дұшпандардың жамандағынан аман-есен сақтауын, мұсылмандардың қауіпсіздігі мен иманын қорғауын, кәпірлердің қуатын (өсірмей) тоқтатып қоюын тілеймін, өйткені Аллаһ барлығынан да Құдіретті және жазалауда Қатал. Ол Өзінің дінін ұлықтасын және Өзінің Сөзін үстем етсін, және кәпірлерге қарсы бізге көмектессін.

Және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.


[1] Бұл кәпірлердің саны мұсылмандармен тең немесе екі есе көп болған жағдайға қатысты, алайда егер кәпірлер мұсылмандардан үш есе көп болса, онда соғыс майданында табандылық (ығыспаушылық) көрсету міндетті емес, және әрі қарай жалғасатын жағдай пайда мен жағдайға байланысты болады. Егер кәпірлердің саны басым болуына қарамастан, мұсылмандар олармен шайқасуға дайындалған болса және белгілі бір шығындармен тіпті оларға тойтарыс бере алатын болса, онда олар ұрыс майданынан кетпеуі керек. Бірақ кәпірлердің саны басым келсе және олар әскери дайындықта және қару-жарақта күшті болса, және оларға қарсы тұру мұсылмандардың ешбір мән-пайдасыз өлуінен басқа ешнәрсеге әкелмесе, онда соғыс майданынан кету керек болады, әрі шегінген мұсылмандарда күнә болмайды! Тіпті кейбір имамдар: «Бірауызды келісім бойынша мұндай жағдайда шегіну міндетті  (уәжіп) болады деп айтқан», - бұл жөнінде  Абу әл-Ма’али жеткізгеніндей. Қз.: “Тахқық әл-жихад” 50.

Ибн ‘Аббас былай деп айтатын: “«Егер сендердің араларыңда сабырлылардан жиырмасы болса, олар екі жүзді жеңіп шығады» деген аят түскенде, бұл мұсылмандарға ауыр болды, әрі оларға (дұшпанмен) адам санының арақатынасы бірге - он болғанда қашып шегінбеу әмір етілген еді.  Кейін «Енді Аллаһ сендердің ауыртпалықтарыңды жеңілдетті, өйткені Оған сендердің әлсіз екендерің мәлім» деген жеңілдік түсірілді”. әл-Бухари 4/251.

Сондай-ақ Ибн ‘Аббас, осы екі аятты оқып болып, былай деп айтты: “Егер адам үшеуден қашса, бұл – соғыс майданынан қашу емес, қашу – бұл екеуден қашу”. Ибн әл-Мубарак 235, Са’ид ибн Мансур 2538. Иснады сенімді.

[2] Бұл артықшылықтардың барлығы шынайы, Аллаһ Тағала заңды еткен жихадқа қатысты екенінде күмән жоқ. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтатын: “Құран мен Сүннет жихадты жасау туралы бұйрықтарға  және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған жихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-жихадтың арасындағы айырмашылығын білу қажет! Олар жихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері жихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауариждердің және солар сияқты, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз құмарлықтары мен дінге жаңалық енгізудің өзге де жақтаушыларының жихады сияқты!» “Раду ‘аләл-Ахнаи” 326.

[3] Шейх атап кеткен нәрселер өте маңызды болып табылады! Өйткені көптеген жас мұсылмандар қателесіп, жихадта бір ғана шарт бар, ол - ықылас деп есептейді. Бұл - дінді, соның ішінде жихад мәлелелерін қате түсіну болып табылады, әрі оны ғалымдар да, тіпті сахабалар да айқын түрде жоққа шығарған!

Хасан әл-Басри былай дейтін: «Бірде бір адам Ибн Мас’удтың қасында тұрған Абу Муса әл- Аш’ариге келіп, одан: “Сен Аллаһ Тағала үшін ашу-ыза танытып, қылышын алып шыққан және өлтірілгенше соғысқан адам туралы не айтасын? Ол қайда барып түседі?», - деп сұрағанда, Абу Муса: «Жәннатқа!», - деп жауап берді. Сонда Ибн Мас’уд былай деп айтты: «Шындығында, мына муфти (Абу Муса) сен сияқты! Ол адам Сүннетке сәйкес соғысты ма, әлде бидғатқа сәкес пе?!» Ал Хасан әл-Басри (кейін) былай деп айтты: “Міне, адамдар өз қылыштарын бидғатқа сәйкес көтерді!» Ибн Уадах «әл-Бида’» 1/80. Иснады сахих.

Сондай-ақ тура осыны Хузайфа Абу Мусадан: «Сен Аллаһтың дидарына ұмтылып, қылышың көтеріп шыққан адам туралы не айтасын, ол өлтірілсе, Жәннатқа кіреді ме?!» - деп сұрағаны да жеткізіледі. Абу Муса: “Иә!” – деп жауап берді. (Сонда) Хузайфа оған былай деді: «Жоқ! Тек егер ол Аллаһтың Дидарына ұмтылып, және Аллаһ бұйырғанға сәйкес амал еткен болса ғана! Мұндай жағдайда, егер ол өлтірілсе – Жәннатта!» Са’ид ибн Мәнсур 2546. Иснады сахих.

Абу ‘Убайда ибн Хузайфадан жеткен басқа риуаятта Хузайфаның: “Ақиқатында, ол ақиқатқа сәйкес амал етіп соғысқан болса және өлтірілсе, онда ол Жәннатта. Ал егер ол дұрыс ниетке және Аллаһтың әміріне сәйкес амал етпеген болса, онда ол Тозақта!», - деп айтқаны жеткізіледі. Содан соң Хузайфа былай деп жалғастырды: “Аллаһпен ант етемін, мұндай адам Тозаққа кіреді!” Бұған Абу Муса: “Сенікі дұрыс!”, – деді. ‘Абдур-Раззақ 5/267, Ибн Уадах 1/81. Иснады сахих.

[4] Имам ән-Найсабури: “Дәлелмен және бірқұдайшылдықтың жемістеріне шақырумен жүргізілетін жихад өзінің нәтижесімен шайқастан жақсы. Сондықтан Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Алиге, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтты: «Ақиқатында, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды тура жолға салса, бұл сен үшін олардың үстінен күн көтерілетін барлық нәрседен жақсы!» Және қылышпен (жасалатын) жихад одан бұрын дәлелмен (жасалатын) жихад болмағанға дейін көркем болмайды. Өйткені адам – ардақты жаратылыс, сол үшін оны кесірлі сипаттарынан оның өзін сақтай отырып тазарту мүмкін болса, ол оның мәнін жоюдан абзалырақ.

Өлексенің кейбір нәрселерге жарамды бола алатын терісін шариғат сақтауға қалайша бұйыратынын көрмейсің бе, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оның (өлексенің) терісін, пайдалану үшін илеу арқылы тазартып алмайсыздар ма?!», - дегеніндей.  “Тафсир ән-Найсабури” 4/209.

Хафиз әд-Думьяты былай деп айтты: “Жихад – бұл құрал, бірақ мақсат емес. Ал шайқасудың мақсаты – тура жолға нұсқау және шахидтік өлім болып табылады. Ал кәпірлерді өлтіруге келер болсақ, бұл өздігінен мақсат болып табылмайды. Ал сондықтан егер тура жолға дәлел арқылы, жихадсыз нұсқау мүмкіндігі болса, онда бұл жихадқа қарағанда дұрысырақ және абзалырақ!”  “И’анәту-тталибин” 4/181.

[5] Абу Хурайраның сөздері, бұл жөнінде  әл-Бухари өз «Сахихының» Құранды тәпсірлеу Кітабында келтірілгендей, осы аяттың түсіндірмесі болып табылады. Имам Ибн әл-Жаузи былай деп айтты: “Яғни олар тұтқынға алынып, байланады, ал қашан Исламның ақиқаттығын түсінсе, оған ерікті түрде кіреді, және кейін Жәннатқа кіреді». Қз.: “Фатх әл-Бари”.

[6] Имам Ибн әс-Саләх былай деп айтты: “Негіз – жер бетінде кәпірлердің бар болуының рұқсат етілетіндігінде, өйткені Аллаһ Тағала жаратылыстардың өлтірілуін қаламайды және оларды өлтірілуі үшін жаратпады! Ақиқатында, Аллаһ олардан келетін зиянның себебімен оларды өлтіруді рұқсат етті, бірақ бұл (кәпірлерді өлтіру) - олардың күпірлігі үшін жаза болғандықтан емес!  Өйткені бұл дүние – жазалау мекені емес, өйткені амалдар үшін жаза Қиямет Күні болады. Ал егер кәпірлер мұсылмандардың билігінде болса және біздің заңдарымызды орындаса, біз олардан тіршілігімізді тәртіпке келтіруде пайда аламыз. Әрі бізде оларды өлтіру үшін себеп қалмайды, ал олардың жазасы Аллаһқа тән. Өйткені кәпірлер мұсылман елдерінде тұрып-жүргенде, мүмкін олар Аллаһ оларды табиғатында (фитрада) жаратқанын көреді. Ал іс осы тұрғыда болса, онда: «Негіз – кәпірлерді өлтіру керектігінде», – деп айтуға тыйым салынады!»  Қз.: “Фатауа Ибн әс-Саләх” 224.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Ақиқатында, кәпірлермен тек бір себеппен ғана шайқасады, ал ол – соғыс! Және бұл – ислам ғалымдарының басым бөлігінің пікірі, сондай-ақ бұған Құран мен Сүннет те нұсқайды!»  Қз.: “ән-Нубууәт” 140.

[7] Яғни әмір дұшпанның зиянынан қорғайды және бір адамдарды басқа адамдардың зиянынан қорғайды, сондай-ақ Исламның қол-сұғылмаушылығын қорғайды. Адамдар әмірден және оның қуатынан қорқады және оның қорғауының астында әмірге қарсы қару алып шыққандарға (мысалы, хауариждерге және бүлікшілерге), сондай-ақ бұзақылық пен зорлаудың өзге де жақтаушыларына қарсы күреседі. Қз.: имам ән-Науауи “Шарх «Сахих» Муслим”.

[8] Сөз Мекке алынғаннан кейін хижра жойылғандығы туралы болып жатқан жоқ! Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Тәубе қабыл етіліп тұрғанша, әрі күн батыстан шығып тәубенің қабыл болуы тоқтамайынша хижра үзілмейді!» Ахмад, Абу Дауд. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-жәми’» 7469.

Сол себептен бұл хадисте сөз жалпы хижра туралы емес, тек Меккеден хижра жасау туралы айтылып тұр.

[9] Жоғарыда шейх келтірген имам Ахмадтың сөздері әмір сияқты жихадтың шарты тек қана  дұшпанның кенеттен шабуылдауы т.б. сол сияқты қажеттілік болған жағдайда ғана түсетінін, және кейбір адамдар қорғану жихады (әд-даф’) кезінде әмір деген шарт толығымен түсіп қалады және әркім өз қалауы бойынша амал етуіне болады деп ойлап жүргендей емес дегенге нұсқайды. Қорғану шайқасуы болған Хандак шайқасында сахабалар әркім өз қалауынша амал етпегендігі, олар  өздерінің әмірі болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрықтарын басшылыққа алғандығы көпке белгілі болып табылады!

[10] Шейх Абдурразақ былай деп айтты: “Бұл жерде келтірілетін барлық хадистерді шейх әл-Әлбани өзінің «Сахих әл-жәми’» еңбегінде тексеріп берген”.

 

[11] Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби «Кім бұлыңғырлықтың (әл-‘уммийя) туының астында соғысып» деген сөздері туралы  былай деді: “Кейбір ғалымдар «әл-‘уммийя» – бұл адасушылық деп айтқан”. Қз.:  “әл-Муфхим” 4/59.

Имам Исхақ ибн Рахауайх бұл сөздер жөнінде: “Ұлтшылдықтың себебімен соғысу туралы айтылып тұр”, - дейтін.

Имам ән-Науауи: “Сөз мақсаты түсініксіз болған бұлыңғыр ту туралы болып тұр, бұл жөнінде имам Ахмад және ғалымдардың көпшілігі айтқанындай», - деп жазды.   Қз.: “Шарх «Сахих» Муслим” 12/331.

Имам әт-Тыби былай деп айтты: “Сөз ақиқат не жалған екендігі айқын болмаған бір амалдың төңірегінде жиналған адамдардың мақсаты туралы болып тұр. Содан соң адамдарды сол үшін соғысуға шақырады”. Қз.:  “Шарх әл-Мишкәт” 7/223.

[12] Атақты табиғин (сахабалардың ізбасары) Мутарриф ибн ‘АбдуллаҺ: “Менен Аллаһ: «Сен не үшін пәленшені өлтірмедің?», - деп сұрағаны, Ол маған: «Сен пәленшені не үшін өлтірдің?!», - деп айтқанынан сүйіктірек?!”, - деп айтатын. Қз.: “Абу Ну’айм “әл-Хилья” 2/204.

[13] Осыда барлық хауариждердің мүміндердің әмірі болған ‘Алиге ызада болғанына және оны өлтіруге ұмтылғанына  дәлел бар.

 

[14] ‘Аммар ибн Ясир: «Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірде ‘Али ибн Абу Талибке: ”Уа, Абу Тураб, саған ең бақытсыз болған екі кісі кім екендігін айтайын ба?», - деп сұрады. Ол: “Әрине, уа, Аллаһтың Елшісі!”, – деп жауап берді. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «(Салих Пайғамбардың) түйесін өлтірген Самудтік және сені қылышпен мына жеріңе ұрушы», - деп, оның мойнына көрсетті, «мынауың қанға боялатындай», - деп оның сақалын көрсетті“, - деп жеткізді. Ахмад 4/263, әл-Хаким 3/140. Хадис сахих. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” № 1743.

[15] Шейх ‘Абд әр-Раззақтың ескертпесі: Бұл кітаптың (шейх Сахманның кітабының) зерттеушісі шейх ‘Абдуссаләм әл-Бәржис, Аллаһ оны рахым етсін, бұл сөздерге мынандай түсіндірме қосты: «Ал енді ойланшы, Сүннетті ұстанушы, бұл хауариждерді олардың осы жағдайларына үш себеп алып келді:

1. Олардың қарилары туралы жақсы пікірлері. Олар Құранды керемет етіп оқитын және жақсы-жақсы сөздер сөйлейтін. Алайда олар дінді түсінуде іштері бос (қуыс) болатын.

2. Әмірлер мен тыйымдарда шектен шығу.

3. Ғалым-сахабалар туралы жаман пікірде болу және оларға Аллаһтың дініндегі өтірікшілер деп жала жабу.

[16] Бұл хабарды ‘Абд әр-Раззақ өзінің “әл-Мусаннаф” еңбегінде 10/150, Ибн Абу Шайба 15/332 Тариқ ибн Шихабтың: “Мен ‘Алимен бірге оның жанында болдым және (адамдар) одан Нахр тұрғындары туралы: «Олар мүшриктер ме?», - деп сұрады, ал ол: «Олар ширктен (көпқұдайшылықтан) қашты», - деп жауап берді.  (Адамдар) одан: «Ендеше олар екіжүзділер шығар?», - деп сұрады. Ол: «Екіжүзділер Аллаһты аз еске алады», - деді. Одан: «Онда олар кімдер?», - деп сұрады. Ол: «Бізге қатысты зұлымдық жасаған адамдар», - деді“, - дегенін жеткізді. Шейх Шу’айб әл-Арнаут “Сахих Ибн Хиббан” 15/134 еңбегіне жасаған ескертпелерінде бұл иснадты сахих деді. Әрі бұл хабарда ‘Али оларды бауыр деп атағаны келтірілмеген, ол: «Бізге зұлымдық жасаған адамдар», - деген.

[17] Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сен әмірді тыңдауың керек және оған бағынуың керек, тіпті ол сенің арқаңнан ұрса да және сенің мал-мүлкіңді тартып алса да, тыңда және бағын!» - деп айтатын. Муслим 1847.

Өзінің өмірі мен мал-мүлкін кез келген қол сұғушыдан қорғау парыз болуына қарамастан, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, әмірлерді бұл жалпы тізімнен шығарып тастады. Имам Ибн әл-Мунзир былай деп айтатын: “Білім иелері адам өз өмірін және мал-мүлкін, егер оған біреу қақысыз қол сұғып жатса, қорғауға міндетті екендігіне бірауызды келісімде. Алайда сонымен қатар, хадис білімдарларының барлығы әмір бұл тізімге кірмейді деп есептейді, бұған ол тарапынан зұлымдық көрсетіліп жатқанда сабырлық таныту және оған қарсы шығуға мүлдем жол берілмейтіндігі туралы риуаяттар нұсқау бола алады!” Қз.: “Фатх әл-Бари” 5/148.

[18] Абу әл-Харис Саиғ: «Бағдадта адамдар әмірге қарсы шығуды шешіп, имам Ахмадтан бұл жөнінде сұрады», - деп айтатын. «Ол мұны сөге бастады да: «Аллаһ Пәк! Қан, қан, оны мақұлдамаймын да, оны бұйырмаймын да! Біздің осы жағдайға сабыр етуіміз, қан төгілетін, мал-мүлік басып алынатын және халал етілген нәрселердің шекарасы бұзылатын бүліктен жақсы! Мен адамдар осыған дейін жетті деп ойламаймын», - деді. Оған: «Ал адамдардың  қазір жағдайы - бүлік емес пе?!», - деген сұрақ қойылды. Ол: «Тіпті солай болса да, бұл бір бүлік қана, ал егер қылыш көтерілсе, жаппай бүлік көтеріледі! Бұған сабыр ету және өздеріңнің діндеріңді сақтау сендер үшін қайырлырақ», - деді». әл-Халләл  “әс-Сунна” 1/132.

[19] Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Мұсылмандарың әмірлері жасап жатқан күнәлары үшін оларға қарсы шығу дұрыс емес. Зина немесе сол сияқты үлкен күнә жасаған адамды өлтіруге тиісті болғанына қарамастан, осындай күнәларды жасап жатқан әмірге қарсы көтеріліске шығуға болмайды. Өйткені әмірге қарсы шығу себімен туындаған бүлік әмірдің күнәлары себебінен туындаған бүліктен едәуір асып түседі”. Қз.: «Мәжму’ әл-фатауа» 22/61.

Шейх Ибн әл-Қаййим былай деп айтатын: “Егер де жамандықты түзету одан да көп жамандыққа немесе Аллаһтан және Оның Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, алыстауға әкелетін болса, онда бұл жамандықты түзету харам (тыйым салынған) болып табылады! Жамандықты түзетудің осындай түріне мұсылмандардың әмірлеріне қарсы шығу жатады. Ақиқатында, бұл - жауыздық пен бүліктің Ақырзаманға дейін негізі!” Қз.: “И’ләм әл-мууакки’ин” 3/15.

[20] Шейх Сахманның сөзі келтірілгеннен кейінгі шейх Абд әр-Раззақ айтатын барлық қорытындылар мен пайдалар Шейхуль-Исламның (Ибн Таймияның) енгізулері болып табылады.

 

[21] Имам Ибн Кутайба Ибн Мас’удтың сөздері туралы былай деді: “Ол: «Адамдар, олардың ғалымдары болып жастар емес, қария шейхтар болғанға дейін игілікте болады», - деп айтқысы келді. Өйткені шейх жастықтың рахатын, оған тән болған қызбалықты, асығыстықты және қисынсыздықты ұмытып үлгерді, білім мен тәжірибе алды. Біліміне қатысты оған күмәндар келіп-кетпейді, оны нәпсіқұмарлық меңгеріп алмайды, құмарлықтары билеп алмайды, және шайтан оны жастығындағыдай қателесуге мәжбүрлей алмайды. Жастың ұлғаюмен адамға салмақтылық, байсалдылық және құрмет келеді. Ал жас адамға шейх өзін олардан қауіпсіздендірген осы кемшіліктердің барлығы тән болады және олар оны менгеріп алып, ол пәтуа шығарса, өзін де, өгелерді де опат етеді!”. Қз.: “Насыхату аһлиль-хадис” 93.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад былай деп жазады: «Жастық шақ нашар түсініктің қайнар көзі болып табылады. Бұған дәлел - имам әл-Бухари (4495) ‘Уруа ибн әз-Зубайрдан келтірген хадис. Онда ол былай деп баяндайды: “Бірде – ол кезде мен жас болатынмын – мен  ‘Аишадан «Ақиқатында, әс-Сафа мен әл-Маруа – Аллаһтың (рәсімдік) белгілерінен. Және кім Қағбаға қажылық немесе умра жасаса және оларды аралап өтсе, ода күнә жоқ» (әл-Бақара 2: 158) деген аят туралы: «Сен бұл туралы не дейсің? Мен бұл екі төбенің (әс-Сафа және әл-Маруа) арасын араламауда проблема көріп тұрған жоқпын», - деп сұрадым. Ол: «Жоқ! Егер де бұл осылай болғанда, онда: «Олардың арасынан өтпеген күнә жасамайды», - деп айтылар еді. Бұл аят Исламға дейінгі өз қажылықтарын Манат пұтының алдынан бастаған, ал Ислам келгеннен кейін олар (сол Манат путы жақын тұрған) Сафа мен Маруаны аралап өтуден қауіптенген ансарларға байланысты түскен. Олар не істеуін білмей, бұл жөнінде Пайғамбардан, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын сұрады, және Аллаһ осы аятты түсірді», - деп жауап берді ”. ‘Уруа ибн әз-Зубайр ең жақсы табиғиндердің және Мәдинаның ең атақты жеті фақихтарының бірі еді. Алайда ол өзінің сұрағын Айшаға қойған кезде ол әлі жас болатын. Ал осыда жастық шақтың дінді дұрыс түсінбеудің себебі болып табылатындығына, сондай-ақ ғалымдарға жүгіну игілік және құтылу болып табылатындығына нұсқау бар!» Қз.: “Би әйи әқли уә-ддин якуну тафжир уә тадмир жихадан”.

[22] Әл-жама’а терминінің шариғи анықтамасын негізгі үшеуіне ұштастырып алып келуге болады:

Біріншісі – ақиқатқа ілесу, ал бұл – саләфтардың (ізгі алдынғы буын өкілдері) жолына ілесу. Ибн Мас’уд былай деді: “Әй, ‘Амр ибн Маймун! Ақиқатында, жамағаттардың көпшілігі шынайы әл-жама’аға қайшы келеді, өйткені жама’а бұл - ақиқатқа сәйкес келетіні ғана, тіпті сен жалғыз өзің болсаң да!» әл-Ләләкаи 160. Иснады сахих. Қз.:  “Мишкатуль-масабих” 1/61.

Екіншісі – мұсылмандардың әмірінің (ел басшысының) төңірегіне жиналған мұсылмандардың  жамағатында болу. Сахль ибн ‘Абдуллаһ әт-Тустари былай деді: “Бұл үммет жетпіс үш ағымға бөлінеді, оның жетпіс екісі - опат болғандар, өйткені олардың барлығы мұсылмандардың әмірінен қашықтап, алыстауда. Ал құтылған – бір-ақ топ, әрі олар – мұсылмандардың әмірімен бірге болғандар!” Қз.: “Қутуль-қулюб” 2/242.

Сондай-ақ имам Ибн Жарир әт-Табари: “Әл-жама’аға ілесу туралы бұйрық «төңірегіне мұсылмандар жиналған әмірге бағыну» дегенді білдіреді. Және кім оған ант бермесе (яғни оған бағынбаса), міне, сол әл-жама’адан шықты ”, - деп айтты. Қз.: “Фатх әл-Бари” 13/47.

Үшіншісі – әл-жама’а болып табылатын ғалымдарға ілесу, өйткені олар ілесу бұйырылған ақиқат туралы бәрінен жақсы біледі. Имам әт-Тирмизи былай деген: “«Әл жама’а» сөзінің ғалымдардағы түсіндірмесі – бұл фиқх пен хадистің білімдарлары”. Қз.: “Сунан әт-Тирмизи” 4/467.

Бірде (адамдар) имам Ибн әл-Мубарактан «Аллаһтың қолы әл-жәмааның үстінде» деген хадистегі «әл-жама’а» дегенде не айтылып тұрғандығы туралы сұрады. Ол: «Абу Бакр және ‘Умар!», - деп жауап берді. Оған: «Бірақ Абу Бакр мен ‘Умар өлді ғой!», - деп айтылды.  Ол: “Пәлен және пәлен”, - деді. Оған: “Бірақ пәлен мен пәлен де өлді ғой!», - деп жауап қайтарылды. Сонда ол: “Абу Хамза әс-Суккәри, міне, сол - жама’а”, – деді. Қз.:  “Сунан әт-Тирмизи” 4/467 және “әл-И’тисам” 2/771.

Исхақ ибн Рахауейх былай деді: “Өз кезінде әл-жама’а – Абу Хамза еді, бүгінгі күні ол - Мухаммад ибн Асләм және оған ілесушілер”. Ол сондай-ақ мынаны да айтқан: “Егер надан адамдардан (жахильдерден) Ұлы қауым (сауадуль-а’зам) туралы сұрасаң, олар: “Адамдардың қауымдастығы”, - дейді. Ал олар әл-жама’а – бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жолына ілесуші ғалым (‘алим) екендігін, әрі кім онымен бірге болса, сол жама’ада, ал кім оған қарсы келсе, сол жама’аны тастаған болатынын білмейді”. Қз.: “Хильятуль-аулия” 9/239.

Имам әш-Шатыби Исхақтың бұл сөздері туралы  былай деді: “Әл-жама’а – бұл адамдардың жай қауымы, тіпті олардың ішінде ғалым болмаса да деп ойлайтындардың адасатыны айқын болды. Әрі ғалымдардың емес, қарапайым адамдардың түсінігі осындай!” Қз.:  “әл-И’тисам” 2/267.

Ибн әл-Қайим былай деді: “Ақиқатында,  ижмә’ та (ислам ғалымдарының бірауызды келісілген пікірі), хужжә да (дәлел), сауәдуль-а’зам да (Ұлы қауым) – бұл ақиқатқа ілесуші ғалым, тіпті ол жалғыз болса да және тіпті жердің бүкіл тұрғындары оған қайшы келсе де!” Қз.: “И’ләмуль-муақи’ин” 3/397.

Сонымен, әл-жама’а сөзінің мағынасы бір ғана нәрсеге – ақиқатқа ілесуге келіп тірелуде.  Имам Абу Шама былай деп айтатын: “Әл-жама’аға ілесу туралы әмір келсе, мұнымен ақиқатқа және оны ұстанушыларға ілесу меңзеледі, тіпті оған ілесушілер аз болып, ал қайшы келушілер көп болса да! Ал ақиқат – бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кезіндегі алғашқы үммет және оның сахабаларының ұстанғаны, және біз олардан кейін адасушылардың санының көп болғанына қарамаймыз”. Қз.: «әл-Бә’ис ‘алә инкәр әл-бидә’ уәл-хауәдис» 91.

Міне, осы - бүгінгі күні қатты бұрмаланып, оны түрлі партияларға айналдырып жіберген «әл жама’а» терминінің шариғи мағынасы. Әл-жама’а – бұл Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ақиқатқа ілескен сахабалары. Ал Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары өлгеннен кейін әл-жама’а бұл – пайғамбарлардың мирасқорлары болып табылатын, сахабалар жүрген жолды бәрінен жақсы білетін ғалымдар. Және Құран мен Сүннетке оларды дәл сахабалар түсінгендей етіп ілесуші және пайғамбарлардың мирасқорлары болған ғалымдардан ұстанушы мұсылмандар, міне солар әл-жама’аға ілесішулер болып табылады, тіпті олар әртүрлі қалаларда тұрса да.

Ал осы күндері «жамағат» деген атаумен партиялар құрып жүргендерге келер болсақ, олар іс жүзінде «әл-жама’аның» шынайы түсіндірмесіне қайшы келетін, Исламда осы күнге дейін белгілі болмаған жамағаттың жаңа түрін ойлап шығарды. Біріншіден, олар жамағаттарды мұсылмандардың әмірлерінің төңірегінде құрып жатқан жоқ, ал екіншіден, олар өзіндік, саләфтардың жолына сәйкес келмейтін әдістері мен бағдарламалары бар жама’аттарды құруда!

[23] Бұл тарауға сондай ақ Абу Са’ид әл-Худри, Аллаһ оған разы болсын, жеткізген мына хадисті жатқызуға болады. Ол былай деп баяндайды: “Хандак шайқасы күні біз былай дедік: «Уа, Аллаһтың Елшісі, біз айтып жүретін бір нәрсе бар ма? Ақиқатында, біздің жүректеріміз (қорққанымыздан) кеңірдегімізге жетті!» Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі  болсын, былай деді: ”Иә, бар: «Уа, Аллаһ, біздің жалаңаштығымызды (әуретімізді) жап және қорқудан қауіпсіз ет! /Аллаһуммә-стур ‘ауратинә уә әмин рау’атинә/»” Және осыдан кейін Аллаһ біздің дұшпандарымыздың беттеріне желмен соққы берді әрі ол арқылы оларды талқандап тастады!» Ахмад 3/3, әл-Баззар 3119. Сахих хадис. Қз.: “әс-Сильсилә әс-сахиха” 2018.

 

Материал ұнады ма? Достарыңмен бөліс!
Таратылымға жазылып, сайттың жаңа материалдарын бірінші алыңыз!


Ұқсас жазбалар
Пікір қалдыру

Жоғарыға Авторлық құқықтар © 2012 ISLAMIC.KZ – Ислами Портал | Барлық құқықтар қорғалған