Quickribbon

«Әуес-қалауларға (көңілдің қалауларына) еру» сөздерін бұрыс түсіну

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Нәпсіміздің жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімді Аллаһ тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Ол адастырса, оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз серігі жоқ әрі жалғыз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешкім жоқ екеніне куәлік етеміз, және Мұхаммед - Оның құлы әрі Елшісі екеніне куәлік етеміз.

Содан соң:

Шынында, әуес-қалауларға ( әуестерге, ынтықтарға, көңілдің қалауларына) еру  - адамның дүние тіршілігі үшін де, діні үшін де ұлы опат болып табылады. Көңілдің қалауларына ерудің қандай қауіпті, әрі кесірлі екенін түсіну үшін Аллаһтың сөздеріне қарасақ жеткілікті болады. Аллаһ Тағала Құранда көңілдің қалауларына еруді Өзінен басқа біреуге құлшылық қылумен теңестірді. Ол Өзінің пайғамбарын (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таң қалдырып, былай деді: «Әуесін өзіне тәңір етіп алғанды көрдің бе?» (әл-Фурқан 25: 43).

Көңілдің қалауларына еру - бұл адасушылыққа салынудың себебі болып табылады, бұл туралы Аллаһ Тағала Құранда: «Және әуестердің соңынан ілеспе, әйтпесе олар сені Аллаһтың жолынан адастырады»(Сад 38: 26).

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһтың басшылығынсыз өз әуестеріне ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас 28: 50).

Бұған қоса, көңілдің қалауларына ерген адам жалғыз өзі ғана адаспайды, ол басқаларды да адасушылыққа салады. Бұл туралы Аллаһ тағала былай дейді: «Ақиқатында, көбісі білімге ие болмай, өз әуестерімен адасушылыққа кіргізеді». (әл-Ән’ам 6: 119).

Ал Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан болатын: «Үш нәрсе опат болып табылады: бағынатын сараңдық; ізінен ілесетін әуес-қалау; адамның өз-өзіне таңарқауы». әт-Табәрани 54/52, әл-Қада’и 325. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді. Қараңыз: «Сахих әл-джәми’» 3039, 3045.

Сондай-ақ, көңілдің қалауларына еру - Ислам үмметіндегі бөлінушілік пен араздықтың ең басты себебі болып табылады. Бұл жөнінде сәләфтар Исламның алғашқы жылдарында-ақ айтып кеткен еді. Әбуль-‘Алия: “Адамдардың арасында араздық пен өшпенділік туғызатын әуес-қалаулардан сақ болыңдар!” – деген. әл-Әджурри “әш-Шәри’а” 61

Ибн Мас`уд былай деген: «Расында, қазір сендер фәқиһтер көп, ал шешендері аз; сұраушылар аз, ал берушілер көп болған, және көңілдің қалауларын амалдар басқаратын заманда өмір сүрудесіңдер. Бірақ, сендерден кейін фәқиһтер аз, сөзшен шешендер көп; сұраушылар көп, ал берушілер аз болған уақыт келеді, және сол уақыттарда амалдарды көңілдің қалаулары басқарады. Ендеше, сол соңғы замандарда тура жолмен жүру кейбір ізгі істерден де артығырақ болатынын біл!» әл-Бухари “әл-Әдәбул-муфрад” 2/258 Хафиз Ибн Хаджәр иснәдын сахих деді.  Қараңыз: “Фәтхуль-Бәри” 10/510.

Хафиз ибн`Абдул-Бәрр: «Ибн Мәс`удтың сөздері осы күндері  белгі секілді расталды». “әл-Изтискәр” 6/345.

Егер  Ибн Масғудтың айтқандарының барлығы, соның ішінде әуес-қалаулардың амалдарды басқаруы, мың жыл бұрын өмір сүрген Ибн`Абдул-Бәррдың заманында-ақ расталған болса, онда біздің өмірсүріп жатқан кезіміз туралы не айтуға болады?! Өйткені, біздің уақытымызда қаншама мұсылман, өкінішке орай, Құран мен Сүннетті емес, әуестері мен эмоцияларын басшылыққа алып жүр!

Сондай-ақ, әуес - бұл Пайғамбарымыздың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан қорғанып: «Йә, Аллаһ! Шынында, мен Сенен жаман қасиеттерден және амалдардан, көңілдің қалауларына еруден және ауырулардан пана тілеймін!» - деп Аллаһтан пана тілеген нәрсе. әт-Тирмизи, әт-Табәрани. Сахих хадис. Қараңыз: «Сахих әл-джәми’» 1298.

Ал өзінің әуес-қалауларын жүгендеп ұстағандарға келер болсақ,  Ұлы Раббымыз оларға жәннәтты уәде етті, бұл туралы Құранда: «Ал енді кім, Раббысының алдында тұрудан қорқып, өзінің нәпсін әуес-қалаулардан тежеген болса, расында, оның барар жері - Жәннәт(ән-Нәзи’ат 79: 40-41)

Көңілдің қалауларына ерудің қауіптілігі туралы осы жоғарыда келтірілген Құран мен Сүннет мәтіндерімен танысқан соң, бізге енді «көңілдің қалауларына (әуес-қалауларға, әуестерге) еру» деген не екенін білу кажет.

Көптеген мұсылмандар көңілдің қалауларына еру дегенді «нәпсіге еру» деп айтылатын жан қалайтын жағымды нәрселерді істеу, немесе құмарлық пен  ынтықтарға берілу деп түсінеді. Мысалы, алкоголь-есірткіге құмарлық, зинақорлық жасау т.б. Алайда, көңілдің қалауларына еру деген ұғымның мағынасы едәуір кеңірек, ал аталған нәрселер оның мағыналарының бірі ғана болып табылады. Бірінші кезекте, «көңілдің қалауларына, әуес-қалауларға еру» дегенде - діни мәселелердегі басшылық ретінде Құран мен Сүннеттен емес, оларға қарама-қайшы келетін нәрсені, тіпті егер олар - атақты имамдардың сөздері болса да, таңдау меңзеледі. Хафиз Ибн Раджәб былай деп айтқан: “Күнәлар әуес-қалауларды Аллаһқа және Оның елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббаттан артық көру себебінен жасалады! Ал, бидғаттар әуес-қалаулардышариғаттан артық көрудің себебінен орын алады, ал бұл – қауіптірек!  Сондықтан, дәл осы себепті, бидғатты жақтаушылар - өз әуес-қалауларының жақтаушылары деп аталды!” Қараңыз: “Джәми’ул-‘улюми уәл-хикәм” 389.

Имам әл-Мунәуи көңіл қалауларының опат етуші салдарынан сақтандыру айтылған  хадистерге түсініктеме бере келе, былай деді: “Мұнымен бидғаттарға еру және адасқан пікірлерді соқыр түрде жақтау меңзеледі!” Қараңыз: “Фәйдул-Қадир” 1/426.

Әрбір мұсылман тек екі басшылық бар екенін білуі тиіс, бұл - білімге ілесу, немесе көңілдің қалауларына ілесу, және үшіншісі жоқ! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһтың басшылығынсыз өз әуестеріне ергеннен кім артығырақ адасушы болып табылады?» (әл-Қасас 28: 50).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: “Білімнің соңынан ілеспеген әрбіреу әуес-қалаудың соңынан ілеседі!” деп айтатын. Қараңыз “әл-Амру биль-ма’руф” 37.

Ибн әл-Қайим былай деді: “Аллаһ тағала амалдарды екіге бөлді және үшіншісі жоқ. Я Аллаһ және Оның елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келген нәрсеге ересің, я көңіл қалауларына ересің. Сондықтан, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әкелмеген нәрсенің барлығы – көңіл қалаулары болып табылады”. Қараңыз “И’лямуль-мууакқи’ин” 1/81.

Осы сөздердің өзі-ақ «әуес-қалауларға еру - бұл тек адамға ләззәт беретін және ыңғайлы нәрсе» деп санайтындардың пікірін теріске шығарады. Шын мәнінде, бұлай анықтама беру - қателік, өйткені, әуес - бұл білімге сәйкес келмейтін барлық нәрсе, тіпті ол – адамға азап шектіретін құлшылыққа байланысты ауыр амал болса да!

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: Өз-өзіңді қинау мен қиыншылықтарға ұмтылу арқылы Аллаһтың махаббаты мен разылығын алу мұмкін емес екенін білу керек. Кейбір надандар амал қаншалықты қиын болса, ол соншалықты жақсы болады және сауаптың мөлшері үнемі ауыртпашылықтардың дәрежесіне тәуелді болады сауабы көбірек болады және сауаптың көп болуы, тікелей ауыртпалықтың деңгейіне байланысты деп ойлайды. Жоқ! Бұл толығымен бұрыс сенім! Амал үшін берілетін сауаптың мөлшері, оның әкелетін пайдасына тікелей байланысты”. Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 25/281.

Ауыртпашылық пен өз-өзіне қиындық әкелу – құлшылықтың, немесе амалдың дұрыстығын көрсетпейді. Шариғат амалдың қиындығына қарамайды, керісінше тек дұрыстығы мен пайдасына қарайды. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Шынында, бұл дін оңай, бірақ егер кімде-кім оны қиындата бастаса, ол (дін) міндетті түрде одан үстем болады». әл-Бухари 39.

Әнәс айтады: “Бір күні пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі ұлының көмегімен келе жатқан бір шалды көріп, олардан: «Оған не болған?» - деп сұрады. Оның ұлдары: “Ол қажылыққа жаяу баруға нәзір берген”, - деді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ оның өзін-өзі қинағанына мұқтаж емес», - деді де, атқа мінуін бұйырды”. әл-Бухари 1865, Муслим 1642.

Ибн ‘Аббәс былай деп баяндаған: “Бірде пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хутба айтып тұрған кезінде, тұрып тұрған бір кісіні көрді де, ол туралы сұрады. Адамдар: “Ол - Әбу Исраил ғой, ол көлеңкеге тығылмай күннің астында тұруға, отырмауға, ешкіммен сөйлеспеуге, және осылармен бір мезгілде ораза тұтуға нәзір берді”, - деді. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Оған: «Адамдармен сөйлессін, көлеңкеге тығылсын және отырсын, ал оразасын соңына дейін тұтсын», - деп бұйырыңдар»”. әл-Бухари 6704.

Осылайша, өз істерін қиын, әрі ауыр екенін айтып ақталатындардың қатты қателесіп жүргенін айқын байқауға болады. Көңіл қалауы дегенді тек жанға жайлы, құмарды қандыратын нәрселер деп түсінсек, онда хауариждер ондайды мүлдем істемеді ғой, мәселен зинаны алар болсақ, олар бұл күнәні діннен шығаратын күпірлік деп қарастырды. Алайда, хауариждердің қандай қиыншылықтармен өз істерін атқарғанына қарамастан, олар бәрі-бір көңілдің қалауларына ергендердің басшылары болып қала береді.

Нәпсі бейім болған күнәлі істерді жасау түріндегі  әуес-қалаудан, діни мәселелердегі әуес қауіптірек. Шейхуль-Ислам Ибн Тәймия: “Діни мәселелерде көңілдің қалауларына еру, өзінің күнәлі қалауларын қанағаттандырудағы әуеке ілесуден едәуір жаман. Ақиқатында, әуес-қалаудың бірінші (айтылған) түрі -  Кітап Иелері мен көпқұдайшылдар күпірлікке ол арқылы түскен нәрсе!” – деді. Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 28/132.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, әуес-қалау (көңіл қалауы) – ақиқатпен басшылық етілмейтіннің барлық нәрсе екендігі айқын болады! Ал өзіне негіз (ұстын) ретінде сәләфтардың түсінігіндегі Құран мен Сүннетті емес, көңілдің қалауын алған адам - атқарып жатқан құлшылығының ауырлығына қарамастан тек зиян шегеді. Халифа ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Aзиз: “ Аллаһқа білімсіз құлшылық етуші, пайдадан көбірек зиян әкеледі”. Әхмәд “әз-Зуһд” 365. Иснады сахих.

(Ошибочное понимание слов “следование за страстью”)

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|