Quickribbon

Сұлтан мен ақын (Халық аузынан)

http://islamic.kz

Ежелде абыройы ерекше биік, ел билеген сұлтан болыпты. Қарамағындағы ел де, қол астындағы қызметкерлері де, сұлтанның ел билеуіне дән риза екен. Өзінің әділеттілігімен ел-жұртына әйгілі болған көрінеді. Сондақтан да сол өңірдің би-болыстары, ақын-шешендері сұлтанды ерекше құрмет тұтып сыйлайтын еді.  Елге өткір өлеңдерімен әйгілі болған Шаншар ақын әлгі сұлтанның замандас құрбысы болған, дейді. Шаншар ел аралап жыр-дастандар айтып, естіген-білгенін халыққа жеткізуді әдетіне айналдырып жүрген  екен. Көркем мінез, жайдары жүзді Шаншар қызықты өлең-жырларымен елге жағымды адам болса керек. Ақынның осы абыройы сұлтанға да өз әсерін бермей қоймады. Ақын елдің мұң-мұқтажын жыр етіп жүрсе, сұлтан оның бұл еңбегін бағалап ақынның қажетін өтелуін өз мойнына алған екен. Шаншар жылдық соғымын, сауын сыйырын, астығын, сұлтаннан қажетінше алып тұратын.

Бір күні сұлтан ордасының алдында тұрып, Шаншардың алыстан жаяулатып өзінің ордасына бағыт алып келе жатқанын байқап қалып, мынандай ойға қалады: «Осы мен Шаншардың сұрағанын бере берем, осыған бір бермей көрейінші, не қылар екен?», - дейді де, қызметшісіне:

- Қазір маған Шаншар келеді, кетерінде не дейтінін мұқият тыңдап алып маған айтарсың, - деп тапсырып қояды. [1]

Айтқандайын біраз уақыттан кейін ақын сұлтанның ордасына:

- Ассаламуғалейкум, - деп кіріп келеді.

Шаншарды қошеметпен қарсы алған сұлтан оған төрден орын беріп, құрмет көрсетеді. Салтымызға сай хал-жай сұрасып, амандық білісіп алған соң, қызметшілері қымыз, артынан ет әкеліп, ақынға сый-сыяпат жасайды. Ет желініп, шәй ішіліп болған соң, сұлтан ақыннан:

- Иә Шаншар, жәй жүрген жоқ шығарсың, бұйымтайың болса айта отыр, - деп, ақынның шаруасын айтуына қозғау салады.

Оңтайлы сәтті күткен Шаншар бұйымтайын былай деп баяндайды:

- Қайын жұртқа сәлем беріп қайтпақ ниетім бар еді. Ауыл арасы үш күндік жер. Өзіңізден мініске ат сұрай келдім, - деп барып, - Аттың терін шамам келгенше өтермін, - деп қойды.

Сұрағына берер жауабын ертерек дайындап қойған сұлтан, бөгелместен:

- Шәке, биылғы қыстың өте қатал болғанын көзіңіз көрді. Мал көтерем, күйі төмен, жылқыда өзіме де мініс беретін ат табылар емес. Сенсең осы, әйтпесе өзіңнің қолыңды қақпайтынымды білесің, - деп жұмсақтап, - ренжіме, бұл жолғы шаруаңның шешімін табар қисыны келмей-ақ тұр – деген болатын.

Сұлтанның бұл сөзіне Шаншар ақын:

- О не дегеніңіз, буынсыз жерден пышақ салу, кімге болсын жараспас. Уақасы жоқ, Алла бір ыңғайын келтірер. Көрсеткен сый-сыяпат, құрметіңізге көп рахмет, - деп ризашылықпен қоштасады.

Ақын кете салысымен, сұлтан қызметшісін шақырып алып:

- Иә, Шаншар не деп кетті?, - деп сұрайды.

Қызметшісі оған:

- «Бер», - деді Субхан берді сұлтан, «Берме», - деді Субхан бермеді сұлтан, деп бара жатқан жәйдары даусын естідім, бірақ еш нәрсе ұқпадым, - дейді.

Шаншар ақынның бұл сөздерін терең ойдың елегінен өткізген сұлтан:

- Иә Алла, мен өзімнің жомарттығымнан, көңілімнің кеңдігінен елге мал беріп жұрт қамын ойлап жүрмін, десем, маған бәрін істеткізіп тұрған бүкіл әлемдердің патшасы Өзің Субхан екенсің ғой, - деп тәубасына келеді.

Осы оқиғадан кейін сұлтан барлық амалын Алланың ризашылығы үшін атқарып, жұртқа жасаған жақсылығын міндетсінгенін қойған екен.

_______________________________________________________________________________
Поделиться с друзьями:
Google Buzz Vkontakte Facebook Twitter Мой мир Livejournal Google Bookmarks Закладки Yandex

Советуем почитать:

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы , для того чтобы оставить комментарий.

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад |Дарын Мубаров| Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|