Quickribbon

ғалымдар’

Терактілерді жасаушылар кім екендігі туралы ғалымдардың пәтуалары

Шейх Ибн Баз айтатын: “Бұл терактілерді Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірмегендер жасайтынына күмән жоқ. Аллаһқа және Ақыретке шынайы иман келтіргендердің арасында, сен  осындай орасан зор зиян және ұлы бұзақылық алып келетін жиіркенішті қылмысты жасаушыларды көрмейсің. Мұндайды тек өшпенділікке, ызаға, көреалмаушылыққа және зиянкестікке толы болған  кесірлі (бұзық) жүректерінде Аллаһқа және Оның Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, шынайы иманы болмағандар ғана істей алады!” Қараңыз “Фәтәуә Ибн Баз” 7/120.

Шейх Ибн Базға: «Сіз «Жәмәат әл-джихад» атты топ туралы және олармен ынтымақтастықта болу туралы не айта аласыз?» - деген сұрақ қойылғанда, ол: “Біз олармен ынтымақтастықта болмауымыз керек, тіпті оларға сәләм беруге болмайды. Олар еленбеуге тиіс, және адамдарды олардың жауыздығынан сақтандырып ескерту керек, өйткені олар – мұсылмандар үшін фитна (бүлік) және зиян, және олар – шайтанның бауырлары!” Қараңыз “Кәйфә ну’алиджу уәки’анәл-алим” 108. Читать далее… »

Ғалымдарға жүгіну әмірі туралы

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен

Аллаһ Тағала былай деді:

«Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Бірде Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір топ адамдардың Құранға байланысты айтысып жатқанын естіп, былай деді: «Ақиқатында, осы - сендерге дейін болып өткендерді опат еткен еді. Олар Аллаһтың Кітабының аяттарын біріне-бірін соғатын.[1] Ақиқатында, Аллаһ Тағала Кітапты бірі мен екіншісін жоққа шығару үшін емес, бірімен екіншісін растау үшін түсірді. Оның ішінен өздеріңе анық болғанды алыңдар да, ал білмейтіндеріңді соны білетіндерге қалдырыңдар!» Әхмәд 2/181, ‘Абдур-Раззақ 20367. Хадистің сахихтығын Ибн Кәсир, әл-Бусайри және әл-Әлбәни растаған.

Джәбир ибн ‘Абдуллаһ былай деп баяндайтын: “Бірде бір адам біз сапарда  кезімізде тасқа  соғысып, басын жарып алды, кейін ұйқыда жатқанда ол ихтилям (поллюция) болды да, ол сапарластарынан: «Мен құммен тазару (тайямум) жасасам болады ма?» - деп сұрады. Олар: «Біз саған (мұны рұқсат ететін) бір ерекшелік көріп тұрған жоқпыз, өйткені сен сумен де шомыла аласын», - деп жауап берді. Кейін ол шомылды да, өліп қалды. Ал, біз пайғамбарға (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп осыны айтып бергенде, ол: «Олар оны өлтірді, Аллаһ оларды опат етсін! Олар білмеген нәрсесін сұрай алмадыма не?! Өйткені, ақиқатында, білмеудің емі - сұрақ ғой! » - деді”. Әбу Дауд 284, әд-Дарақутни 1/69. Имам Ибн әс-Саккан және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді. Читать далее… »

Powered by WordPress | Designed by: Premium WordPress Themes | Thanks to Themes Gallery, Bromoney and Wordpress Themes
Видео | Аудио лекции| Книги | Статьи| Ринат Абу Мухаммад | Наиль Абу Салих | Арсен Абу Яхья | Салим абу Умар | Имам Алмат | Эльмир Кулиев|