Таңғы және кешкі зікірлер
(кемінде жаттап алып, айтып жүру керек зікірлер)
1. «Алла̀һумма, Анта Роббѝ, лә̀ илә̀һа иллә Анта, халәқтани, уа әнә ‘абдукә, уа әнә ‘алә ‘аһдикә уа уа’дикә мастәта’ту. А’узу бикә мин шәрри ма санә’ту, абу-у ләкә бини’матикә ‘аләйя, уа абу-у бизәнби, фағфир ли, фа-иннаһу лә йағфируз-зунуба илля Анта»
اللّهـمَّ أَنْتَ رَبِّـي لا إلهَ إلاّ أَنْتَ ، خَلَقْتَنـي وَأَنا عَبْـدُك ، وَأَنا عَلـى عَهْـدِكَ وَوَعْـدِكَ ما اسْتَـطَعْـت ، أَعـوذُبِكَ مِنْ شَـرِّ ما صَنَـعْت ، أَبـوءُ لَـكَ بِنِعْـمَتِـكَ عَلَـيَّ وَأَبـوءُ بِذَنْـبي فَاغْفـِرْ لي فَإِنَّـهُ لا يَغْـفِرُ الذُّنـوبَ إِلاّ أَنْتَ
«Иә Аллаһ, Сен – Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешнәрсе жоқ; Сен мені жараттың, ал мен – Сенің құлыңмын, және мен Саған берген уәдеме шамам жеткенше бекем боламын. Өзім жасаған зұлымдықтан Өзіңе сыйынып пана сұраймын, Сенің маған сыйлаған нығметіңді мойындаймын, сондай-ақ жасаған күнәләрімді мойындаймын, кешір мені, өйткені, расында, Сенен басқа ешкім күнәләрді кешірмейді!»
«Кімде-кім осы сөздерді күндіз, айтқандарына айқын сеніп айтса, және сол күннің кешіне дейін өлетін болса, онда Жәннәт тұрғындарының қатарында болады, сондай-ақ бұл сөздерді түнде, айтқандарына айқын сеніп айтса, және сол түннің таңына дейін өлетін болса, онда Жәннәт тұрғындарының қатарында болады». Қз. әл-Бухари (5947), ан-Насаи (5963)
————————————————————————————————
2. «Радыйту би-Лләhи Роббан, уа би-ль-Исләми диинан уа би-Мухаммадин, набийан» (3 рет)
رَضيـتُ بِاللهِ رَبَّـاً وَبِالإسْلامِ ديـناً وَبِمُحَـمَّدٍ نَبِيّـاً
«Раббы ретінде Аллаһтан, дін ретінде Исламнан, пайғамбар ретінде Мухаммадтан разымын!»
«Кімде-кім таңда: “Раббы ретінде Аллаһтан, дін ретінде Исламнан, пайғамбар ретінде Мухаммадтан разымын!” – деп айтса, соған мен, оны Жәннатқа кіргізбейінше міндетті түрде қолынан ұстап тұрамын деп кепілдік беремін» (әл-Мунзири «ат-Тарғиб уат-Тарhиб» (1/309), әл-Хайсами «Мәжму’ әз-Зауаид» (10/119). Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деп айтты. Қз. «Сильсилятуль-Ахадисис-Сахихаh» (№2686)
————————————————————————————————
3. «Субхана-Ллаhи уа би-хамди-hи ‘адада хальқи-hи, уа ридо нафси-hи, уа зината ‘арши-hи уа мидада кялиматиh!» (3 рет)
سُبْحـانَ اللهِ وَبِحَمْـدِهِ عَدَدَ خَلْـقِه ، وَرِضـا نَفْسِـه ، وَزِنَـةَ عَـرْشِـه ، وَمِـدادَ كَلِمـاتِـه
«Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша пәктеу мен мақтау болсын, (сондай-ақ, пәктеу мен мақтау сөздерінің) қаншасына Ол Өзі риза болатын болса, сонша (Оған пәктеу мен мақтау) болсын, (сондай-ақ, сол пәктеу мен мақтаулардың салмағы) Оның Аршысының (Тағының) салмағындай болсын, және де Оның сөздерін жазуға қанша сия кететін болса, (ол пектеулер мен мақтауларды жазуға да сонша сия кетсін)!»
«Бірде Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқып болған соң , ал мен өзімнің намаз орнымда отырған уақытымда менен шығып кетті де, таң атысымен қайта оралып маған: «Сен әлі сол орныңда тапжылмай отырсың ба? », - деп сұрады. Мен: «Иә», - деп жауап бердім. Сонда Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен сенен шыққан соң үш рет төрт сөзді қайталадым, ал егер оларды салмағы жағынан сенің таң ертеңнен айтқан сөздеріңмен салыстыратын болсақ, менің сөздерім міндетті түрде ауыр болады!
Мен: «Аллаһтың жаратқандары қанша болса, Оған сонша пәктеу мен мақтау болсын, (сондай-ақ, пәктеу мен мақтау сөздерінің) қаншасына Ол Өзі риза болатын болса, сонша (Оған пәктеу мен мақтау) болсын, (сондай-ақ, сол пәктеу мен мақтаулардың салмағы) Оның Аршысының (Тағының) салмағындай болсын, және де Оның сөздерін жазуға қанша сия кететін болса, (ол пектеулер мен мақтауларды жазуға да сонша сия кетсін)!», - деп айттым», - деді.» Муслим 2726.
————————————————————————————————
4. «Би-сми-Лләhи-лләзи лә йадурру ма’а-сми-hи шәй-ун фи-ль-ардый
уа лә фи-с-сама-и уа hуа-с-Сами’у-ль-’Алим» (3 рет)
بِسـمِ اللهِ الذي لا يَضُـرُّ مَعَ اسمِـهِ شَيءٌ في الأرْضِ وَلا في السّمـاءِ وَهـوَ السّمـيعُ العَلـيم
«Оның Есімімен жерде және аспанда ешкім зиян келтіре алмайтын Аллаһтың Есімімен, және Ол – Естуші, Білуші!» (3 рет)
«Таңда және кешке осы сөздерді үш рет айтқанға ешнәрсе зиян келтірмейді» Әбу Дауд (5088, 5089), ат-Тирмизи (3388)
————————————————————————————————
5. «Хасбиа-Ллаhу, ля иләhа иллә hуа, ‘аләйhи тауаккальту, уа
hуа Раббу-ль- ’арши-ль-’азыйм» (7 рет)
حَسْبِـيَ اللّهُ لا إلهَ إلاّ هُوَ عَلَـيهِ تَوَكَّـلتُ وَهُوَ رَبُّ العَرْشِ العَظـيم
«Аллаһ маған жеткілікті, Одан басқа құлшылық етуге лайықты ешнәрсе жоқ, тек Аллаһқа ғана тәуекел етемін, Ол - ұлы арштың Раббы» (7 рет)
“(Осы сөздерді) таңда және кеште жеті рет айтқан адамды Аллаһ Тағала осы дүниенің және ақыреттің уайымынан құтқарады” Әбу Дауд (5081), Ибн әс-Сунни «’Амәлу әл-йаум уа әл-лейлә» (73). Хадистің сенімділігін ‘Абдуль-Қадир әл-Арнаут, Шу’айб әл-Арнаут, Салим әл-Хиляли және басқалар растады. Қз. “Тахқиқ Задуль-ма’ад” 2/376, “Тахқиқ ‘Амәлул-йәуми уәл-лейлә” 1/122
.————————————————————————————————
6. «Субхана-Ллаhи уа би-хамдиh» (100 рет)
سُبْحـانَ اللهِ وَبِحَمْـدِهِ
«Аллаһ пәк және Оған мақтау» (100 рет).
«Егер адам осы сөздерді таңда және кеште жүз рет қайталап айтса, Ақырет Күні бұдан абызалырақ нәрсені тек осыны тура сонша рет немесе одан көп рет қайталаған адам ғана алып келе алады» Муслим (2692)
————————————————————————————————
7. «Лә иләhа иллә-Ллаhу уахдаhу лә шәрикә ләhу, ләhу-ль-мульку уа ләhу-ль-хамду, уа hуа ‘алә кулли шәй-ин қадир» (100 раз)
لا إلهَ إلاّ اللّهُ وحْـدَهُ لا شَـريكَ لهُ، لهُ المُـلْكُ ولهُ الحَمْـد، وهُوَ على كُلّ شَيءٍ قَدير
«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешнәрсе жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ, барлық нәрсе Оның иелігінде, Оған мақтау, Оның құдыреті барлық нәрсеге толық жетеді» (100 раз)
«(осы сөздерді күніне жүз рет айтса,) ол он құлды азат еткендей болады. Және де оған жүз жақсы амалдың сауабы жазылады, және жасаған жаман амалдарының жүзі өшіріледі. Бұл сөздер оған шайтаннан күні бойы кешке дейін қорған болады. Және ешкім бұдан жақсырақ амал жасай алмайды, тек қана одан көбірек айтқанды санамағанда» әл-Бухари, 11/168, 169; Муслим, 2691; Тирмизи, 3463
Оставить комментарий