Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен
“Білместікпен ақталу” тақырыбы Исламда “Узр биль-джәхль” деп аталады және бұл мәселеде ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде ол кешірілмейді», - деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», - деді.
Бірақ, күштірек пікір - Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті де кешіреді! Және бұл пікірдің дәлелдері де өте күшті:
Аллаһ Тағала былай деді:
وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولاً
«Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімді жазаламаймыз». (әл-Исра 17: 15).
Қатада айтатын: “Ақиқатында, Аллаһ Тағала ешкімді, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, жазаламайды!” «Тафсир әт-Табәри» 8/50.
Хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді, оған елшілердің елшілігімен дәлел ұсынбайынша, жазаламайтынына нұсқау бар!” «Тафсир Ибн Кәсир» 4/25. Читать далее… »