Архив

Вы сейчас просматриваете архивы рубрики «Қазақ тiлiндегi кiтаптары».

Июл

7

Расписание намазов на год, для г.Кокшетау.

Автор: admin

Расписание намазов на год, для г.Кокшетау.

На одном листе с двух сторон.

Скачать расписание на одном листе

Настенный календарь с расписанием намазов г. Кокшетау.
Каждый месяц на отдельном листе+имена Аллаха+дуа из Корана на арабском с переводом на русский и казахский языки.

Распечатывается на плотной бумаге, скрепляеться спец. пружиной с крючком для гвоздика (чтобы вешать).(в г. Кокшетау такие пружины есть в Экспресс-принте, напротив Полиграфии.)

1.Голубой календарь.

Скачать

Читать полностью »

Июл

1

Намаз оқуыңа не кедергі

Автор: admin

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.

Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ  Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

WWW.TOISLAM.COM сайтынан Әбу Салих бауырымыздың таңдап, жинақтап әрі толықтырған баспа күйіндегі бір топ дәрістер жиынын қалың мұсылман жұртшылығы назарына ұсынамыз. Бауырымыздың осынау еңбегі үшін оған алғысымызды айтып, оған Аллаһ екі дүниеде де жақсылық беруін сұраймыз. Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

«Исламға» сайтының басшылығы.

WWW.TOISLAM.COM

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен.

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын, әрі Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Алла тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!

Ұлы Аллаһ тағала мейірімін төгіп, кейбір бауырларымыздың ат салысуымен осыдан төрт жыл бұрын «Исламға» деген сайт ашылған болатын. Дыбыс күйдегі Ислам жайындағы мағлұматтардың көптігі – бұл сайттың құндылықтарының бірі болып табылатын. Алға қойылған негізгі мақсат – дініміз ең алғашында пайғамбарымыз Мұхаммедке e қалай түсірілген болса, қалың жұртшылыққа дінімізді тура сол қалпында жеткізу еді. Читать полностью »

Апр

1

ҰРЫНЫҢ ТӘУБЕСІ (Халық аузынан)

Автор: admin

Иманы әлсіз адамға бойындағы жамандықтан арылу бір қиын іс, одан құтылу үшін нық иман, адал жүрек пен табандылық керек-ақ. Қайсы біреулер арақ ішуді қойғысы келіп ниеттенгенде: «Жә осы ұлым әскерден келгенде бір ішіп, сонан соң доғарармын», – деп жатады. Не болмаса, қызымның тойында, не туған күнімде тағысын тағы себептер іздеп, өзін жұбатып елді алдаған болады. Темекісін қойғысы келсе: «Осы соңғы қорапты тартам, сонан кейін көрмегенім осы болсын», – деп күрк-күрк жөтеліп серттесіп жатады. Ал енді иманы толықтар жамандықтан жиреніп серт берсе айтқан жерінде тас үйін тыйылады.

Ертеде Абдулла, деген бір жігіт ұрлықты кәсібіне айналдырған екен. Оны білетіндер ақылынан азған ақымақ, деп айта алмайтын еді, дейді. Ақыл-есі дұрыс, келбеті келіскен, сұңғақ бойлы, қайраты мол жігіт екен, деседі. Күндердің бір күнінде Абдулланың әкесі ұлының арам жолда жүргенін біліп қалып қатты қынжылады. Читать полностью »

Мар

19

ДІНМҰХАММЕДТІҢ ДАУАСЫ (Халық аузынан)

Автор: admin

Біз Омар екеуміздің шаңырақ көтергенімізге биыл он жеті жыл болады екен. Омармен осыдан он тоғыз жыл бұрын иститутта оқып жүрген шағымызда таныстық. Ол медицина институтының бесінші курс студенті, мен болсам педагогика институтының үшінші курсында оқып жүргенмін. Сол жылы біз оқитын институттардың арасында нашақорлыққа қарсы күрес жайлы кездесу өтті. Кездесуге ынталы студенттерден басқа ғалымдар мен белгілі профессорлар қатысты. Бұл шараны өткізуге мұрындық болып бастама көтеріп жүрген Омар екенін соңынан білдім. Кеш барысында оқылған баяндамалардың ішіндегі ең маңыздысы да Омардікі болып шықты. Бар ықыласымен егжей тегжейлі, тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұрды. Читать полностью »

Мар

11

СҰЛТАН МЕН АҚЫН(Халық аузынан)

Автор: admin

Ежелде абыройы ерекше биік, ел билеген сұлтан болыпты. Қарамағындағы ел де, қол астындағы қызметкерлері де, сұлтанның ел билеуіне дән риза екен. Өзінің әділеттілігімен ел-жұртына әйгілі болған көрінеді. Сондақтан да сол өңірдің би-болыстары, ақын-шешендері сұлтанды ерекше құрмет тұтып сыйлайтын еді.  Елге өткір өлеңдерімен әйгілі болған Шаншар ақын әлгі сұлтанның замандас құрбысы болған, дейді. Шаншар ел аралап жыр-дастандар айтып, естіген-білгенін халыққа жеткізуді әдетіне айналдырып жүрген  екен. Көркем мінез, жайдары жүзді Шаншар қызықты өлең-жырларымен елге жағымды адам болса керек. Ақынның осы абыройы сұлтанға да өз әсерін бермей қоймады. Ақын елдің мұң-мұқтажын жыр етіп жүрсе, сұлтан оның бұл еңбегін бағалап ақынның қажетін өтелуін өз мойнына алған екен. Шаншар жылдық соғымын, сауын сыйырын, астығын, сұлтаннан қажетінше алып тұратын. Читать полностью »

Мар

1

Прекрасные имена Аллаха

Автор: admin

Ассаляму алейкум.

Уважаемые братья и сестра, предлагаем вам имена Аллаха, взятые из книги

М. С. АЛЬ-УСЕЙМИНА

“ИДЕАЛЬНЫЕ ПРАВИЛА”

относящиеся к прекрасным именам Аллаха

Скачать

Фев

28

АСЫЛ СӨЗДЕР (Көркем әңгіме)

Автор: admin

Ұлы сөзден ұлағат, дегенді аталарымыз бекер айтпаған-ау. Аталы сөз – ақылға көз, деп сөз маңызына ерекше көңіл бөлген ғой. Өзіміздің күнделікті қолданыста жүретін ұлы сөздеріміздің мағынасын өзіміз білгенімізбен, балаларымызға үйретуді ұмытып кетіп жатамыз. Ұлы сөздердің мағынасын, терең ұғынар болсақ, сөз біздің сарқылмас байлығымызға айналар, деген ұғыммен Гүлнар қарындасымыздың басынан өткен мына бір қызықты оқиғаны сіздерге баяндап беруді жөн көріп отырмыз. Читать полностью »

Фев

27

ФАТИМАНЫҢ ПІКІРІ (Халық аузынан)

Автор: admin

Біз әңгіме еткелі отырған заманда ел тұрмысы қазіргіден әлдеқайда өзгеше еді. Алыс жерлерден хабар алу, олармен қатынас жасау апталар, айлар тіпті жылдарға да ұласып жататын. Негізгі көлік күші шөлге шыдамды түйе мен ұзақ жүріске төзімді жылқылар еді. Көл, теңіздерді желкенді қайық, кемелермен кезетін. Ел дәулеті қолындағы малымен және де алтын-күмісімен өлшенетін.

Сол кезеңде өмір сүрген Хамза, деген кісінің тоғыз ұл, бір қызы болған екен. Тұрмыстың тауқыметін тартқан тақыр кедей болса да, өзі аса тақуа адам көрінеді. Тоғыз ұлым бір төбе, жалғыз қызым бір төбе, деп балаларының кенжесі сегіз жасар Фатимасын ерекше жақсы көріпті. Читать полностью »

Фев

23

ОРАЗБАЙДЫҢ ӨКІНІШІ(Халық аузынан)

Автор: admin

Оразбай ақсақал биыл алпыс беске келді. Дүниеге шыр етіп келісімен Совет дәуірінің тәрбиесін бойына сіңіріп өсті. Мектеп қабырғасынан шыққан соң ауыл шаруашылық институтын бітіріп, комсомолда, қалалық атқару комиетінде әр түрлі дәрежедегі қызмет атқарды. Ірі денелі, ұзын бойлы, жылы жүзді аса салмақты адам. Туған-туыс, өзі араласқан адамдардың арасында бедел-абыройы да жоғары. Оразбай ақсақалдың үш ұл, бір қызы бар. Ұлдары Талғат, Мұрат, Қайырлы, қызы Гүлжан. Талғаты мен Мұраты үйленіп өз жанұяларымен бөлек тұрады. Гүлжан да тұрмыс құрып балалы-шағалы болып кеткен. Читать полностью »

Фев

21

БАЛА МЕН ПАТША.(Хадис)

Автор: admin

«Адам боп келдім өмірге, адам боп кетсем, деп едім», – деген ұлағатты сөзді ұстанып, ата-бабаларымыз адамдықты арман еткен. Ұғынғанға саналы өмірін, адам атына сай етіп ғұмыр кешу оңай шаруа емес. Ондай болмақ үшін жүрекке берік иман орнатуға ұмтылыс керек, жаныңа тыныштық орнататын таза білім керек. Иман мен білім тозбас үшін асыл жүректі ұдайы түпсіз ғылым тұнығынан сусындатып отырса адамдықтың асқар шыңына апарары анық. Иманның нәр алатын тұнық бастауы, білімнің таза қайнар бұлағы еш бір күдіксіз Құдіретті Алланың кітабы Құран. Құран қағидалары оқығанға түсінікті, адамның санасына тастай қатып тұрақтайтын ғажап ғылым. Онан кейінгі таусылмайтын асыл қазына Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жолы – сүннет. Әрбір адамдықтан үміті бар иманға ұмтылған жандар үшін, одан асқан өнеге жоқ. Читать полностью »