Архив
Вы сейчас просматриваете архивы рубрики «Қазақша мақалалар».
Автор: admin

Мейрімді, Рахымды Аллаһтың атымен.
Кіріспе
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Содан соң:
Соңғы кезде, баяғыда бастан өткен және ұмытылып кеткен, такфиршілер фитнасы, нақты айтқанда «тізбекті такфир» деп аталатын фитна қайта оянып жүр. Тізбекті такфирдің көрініс табуы төмендегідей:
Белгілі бір надан өзінің надандығына және Құран мен Сүннеттің мәтіндерін өзінің түсінуіне ғана негізделіп белгілі бір мұсылманға такфир жасайды (оны кәпір деп атайды), ал содан соң мұсылмандарға: «Сен осындай нәрселерді істеп және осындай нәрселерді айтып жүрген пәленшені кәпір деп санайсың ба?» – деген сұрақ қойып, емтихан өткізе бастайды. Ал, егер сұрақ қойылған адам: «Жоқ», – десе, немесе тіпті күмәнданса, онда әлгі надан үшін оның өзі кәпірге айналады, және бұл тізбек үзіліссіз жалғаса беруі мүмкін. Осы, өз нәтижесінде, әлгі сорлы сияқты біреудің дүние жүзінде өзінен және өзінің бір-екі жақтастарынан басқа мұсылман жоқ деп есептеуіне алып келеді.
СубханАллаһ, бұл – алғашқы хауәридждердің сеніміне нендей ұқсас. Имам Әбуль-‘Аббәс әл-Әсам былай деп баяндайтын: “Бірде екі хауәридж Қағбаны айналып тауап жасап жүріп, бірі екіншісіне: «Менен және сенен өзге бұл жаратылыстардың біреуі де Жәннәтқа кірмейді!» – деді. Екіншісі: «Жәннәттің кеңдігі көктер мен Жердің кеңдігіндей, ал ол тек сен және мен үшін ғана жаратылған ба?» – деп сұрады. Біріншісі: «Ия!» – деп жауп берді! Сонда екіншісі оған: «Ол сен үшін», – деді де, оның сенімдерінен бас тартты”. әл-Ләләкәи: “Шәрх усуль әл-и’тиқад” 2317. Читать полностью »
Автор: admin

Дайындаған: Әбу ‘Умәр әш-Шами – Әхмәд Абдуль-‘Азиз әл-‘Анзи.
Арабшадан аударған: Қуат Әбу Усама
Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, сахабаларына және оның жолына Ақыретке дейін ілесушілерге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Ал содан соң:
Әуес-қалаулардың жақтаушылары (әһль-әһуә) өз әуес-қалауларын қарапайым адамдардың алдында ақтау үшін өздерінің бидъаттарын және дінге енгізген жаңалықтарын сенімге лайық болған ғалымдардың сөздерімен әдемі етіп көрсетуін қоймайды. Ал, соның бір мысалы болып – олардың дәлел ретінде шейхуль-Ислам Ибн Тәймияның мына сөздерін келтіруі табылады: «Ал қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл – ар-намыс пен дінге қол сұғушыға қарсылық көрсетудің ең ауыр түрі болып табылады, сондықтан ол – бірауызды пікір бойынша (ижмәъ), міндеттілік (уәжіп) болып табылады! Және иманнан кейін дін мен тіршілікті бүлдіретін шабуылдаушы дұшпаннан қорғанудан міндеттілеу нәрсе жоқ, ал сондықтан қорғану джихадының (әд-дафъ) ешқандай шарты жоқ, керісінше, қолдан келгенше қорғану керек, және бұған біздің ғалымдарымыз және өзге мазхабтардың ғалымдары нұсқаған». Қараңыз «әл-Фәтауә әл-кубра» 4/608.
Бұл сөздермен алданған адамдар қорғану джихадының мүлде ешқандай шарттары болмайды, және ол күштің (қудра) болуымен шартталмайды, қорғанудың пайдасы мен зиянын салыстыруды талдаумен де шартталмайды деп есептеуі мүмкін. Және олар қорғану джихадында кез-келген тәсілмен қатысу қажетті болады деп есептейді, тіпті бұл мұсылмандардың тұтастығының тапталуына, немесе одан шығу жолын Аллаһ Тағала ғана білетін опат болу жағдайына әкелсе де. Осы себептен мен осы шағын еңбекте шейхуль-Исламның аталған сөздерінің шынайы мағынасын түсіндіруді шештім. Читать полностью »
Автор: admin
Назарларыңызға шейх Салих ибн Са’д әл-Люхайданның, Аллаһ оған есендік берсін, пәтуасының жалғасын ұсынамыз!
«…Жас мұсылман үшін және мұсылмандардың топтары үшін Ұлы және Құдыретті Аллаһтан қорқу, ізгі алдыңғы буынның жолын пайдалану, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар ұстанған нәрселерде тақуалық танытуға ұмтылу – маңыздырақ болады!
Егер, мысалы, Сомалиге қарасақ, көтерілістер себебінен ол жердегі биліктің құлауынан кейін бөлінушілікті және күн сайын адам өлтіру болып жатқанын көреміз. Сол сияқты Ауғаныстан да, ол жерге өзін-өзі жарумен және адам өлтірумен айналысатын экстремистік топтар кіріп барған соң, олар (ауғандықтар) өз бас паналарынан айырылды, үрейге салынды, таулар мен шөлдерде өмір сүретін болды, және есірткінің таралуы басталды!
Аллаһтың жолындағы джихадқа байланысты менде насихаттарым бар:
Біріншісі: Шариғи ой-сананың көмегімен біздің кезімізде джихад – болуы мүмкін емес екендігін, өйткені, мұсылмандар қазір әлсіздікте, және олар қандайда бір нәрсені түзете де, өзгерте де алмайтығын ойланып-түсіну керек.! Читать полностью »
Автор: admin

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен
Бірде Хузәйфәдан (Аллаһ оған разы болсын): «Қандай фитна ең жаман болып табылады?» – деп сұрағанда, Ол: “Сенің алдыңда игілік пен жауыздық болып, сен қайсысын істеу абзал екендігін білмеген кезің!” – деп жауап берді. Ибн ‘Абдуль-Барр “әл-Исти’аб” 1/335, Ибн әл-Асир “Асад әл-ғаба” 1/468.
Хузәйфә айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» – деп сұрадым. Ол: «Ия», - деп жауап берді. Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ма?» – деп сұрадым. Ол: «Ия, бірақ онда бір кемшілік болады», – деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» – деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», – деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ма?» – деп сұрадым. Ол: «Ия, тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (тозаққа) тастатады», – деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», – деп сұрадым. Ол: «Ия. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», – деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» – деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жамаасынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», – деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жамаа да, әмір де болмаса ше?» – деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» – деді». әл-Бухари 3606, Муслим 1847. Читать полностью »
Автор: admin
Шейх Ибн Баз айтатын: “Бұл терактілерді Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірмегендер жасайтынына күмән жоқ. Аллаһқа және Ақыретке шынайы иман келтіргендердің арасында, сен осындай орасан зор зиян және ұлы бұзақылық алып келетін жиіркенішті қылмысты жасаушыларды көрмейсің. Мұндайды тек өшпенділікке, ызаға, көреалмаушылыққа және зиянкестікке толы болған кесірлі (бұзық) жүректерінде Аллаһқа және Оның Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, шынайы иманы болмағандар ғана істей алады!” Қараңыз “Фәтәуә Ибн Баз” 7/120.
Шейх Ибн Базға: «Сіз «Жәмәат әл-джихад» атты топ туралы және олармен ынтымақтастықта болу туралы не айта аласыз?» – деген сұрақ қойылғанда, ол: “Біз олармен ынтымақтастықта болмауымыз керек, тіпті оларға сәләм беруге болмайды. Олар еленбеуге тиіс, және адамдарды олардың жауыздығынан сақтандырып ескерту керек, өйткені олар – мұсылмандар үшін фитна (бүлік) және зиян, және олар – шайтанның бауырлары!” Қараңыз “Кәйфә ну’алиджу уәки’анәл-алим” 108. Читать полностью »
Автор: admin
Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Содан соң:
Көп мұсылмандар «Тағут» деген термин тек кәпірлерге қатысты қолданылады деп ойлап қателеседі. Олар осынысында кейбір қазіргі заман шейхтарының пәтуаларына, сондай-ақ, Интернет кеңістігіндегі орыс тіліне аударылған әртүрлі мақалаларға сүйенеді. Содан кейін олар қияс жасап, көптеген адамдарды Тағут, яғни кәпір деп атай бастайды.
Бұған жауапты екі жақтан беруге олады.
Біріншіден, егер адамды Тағут деп атап, осымен оның кәпір екендігі меңзелсе, онда адамды күпірлікте айыптау үшін белгілі дәлелдер қажет. Ал, бұл – біз Тағут деп аталғанның әрбірін кәпір деп есептемей, әрбір жағдайды жеке қарап шығуымыз қажет екендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, адамның күпірлікті меңзейтін осы атаумен аталғанының себебін, бұл себеп адамды кәпір етеді ме, әлде жоқ па, білуіміз керек. Егер етсе, онда бұл адамға дәлел жеткізілді ме – соған қарауымыз керек, және ол – әмір ме, қарапайым адам ба, билік астындағы ма, білік етуші ме – маңызды емес. Өйткені, әһлю-Суннә арасында нақты адамды күпірлікте айыптау үшін дәлел келтіру және күмәнды жою қажет екендігіне келіспеушілік жоқ ғой!
Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһ бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақтануға тиіс болған нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында, Аллаһ – әр нәрсені толық білуші» (әт-Таубә 9: 115). Читать полностью »
Автор: admin
Біздің үмметіміздің имамдары адам пәтуа беру құқығына ие болуы үшін оған өте қатаң критерийлер қоятын болған:
Ол Құран мен Сүннетті жетік біліп, оларды дұрыс түсінуі керек.
Имам әш-Шәфи’и былай деп айтатын: “Аллаһтың кітабын білетін; (басқа аяттардың) күшін жоюшы (насих) аяттарды және күші жойылған (мәнсух) аяттарды білетін; анық (мухкам) және анық емес (муташәбих) аттар мен олардың тәпсірін білетін; қай аяттар – мединалық, ал қай аяттар – меккелік екенін, олардың ұғымын және түсу себептерін білетін адамнан басқа ешкім пәтуа бере алмайды. Сондай-ақ, ол Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін; қандай хадистер күшін жоюшы, ал қайсылары – күші жойылған болып табылатынын; және тілді жетік білуге міндетті. Сонымен қатар, ол әділетті, бейтарап, аз сөзді болуы керек, қаралып жатқан мәселе бойынша келіспеушіліктер туралы білуі керек, және онда талант пен қабілет болуы керек. Және адам осындай болса, онда ол халәл мен харам туралы айтуына, және пәтуа беруіне болады, ал кім ондай болмаса – пәтуа бермейді!” әл-Хатыб “әл-Фәқих уәл-мутафәкқих” 2/330.
Яхья ибн Мә’иннан: “Мың хадис білетін адам пәтуа береді ма?” – деп сұрағанда, ол: «Жоқ!» – деді. Одан: «Ал екі мың?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ!» – деді. Одан: «Бес мың ше?» – деп сұрады, ал ол: «Үміттенем, бірақ, ол пәтуа беруге кірісетін болса, бұл да оған жеткіліксіз. Және кітаптардағыны, олардағы түсінбеушіліктер мен келіспеушіліктерден болған нәрселерді түсінбей, жинау да жеткіліксіз болады. Ақиқатында, білім – бұл түсіну мен хабардар болу, ал жаттап алғанның көптігі – (білім) емес”, – деді. “әл-Джәми’уль-ахләқи-ррауи” 2/174. Читать полностью »
Автор: admin

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!
Оны дәріптеп әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ әрі жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.
Осы кішкентай ғана кітапша Тариқат әл-Нақшбандия сектасының ілімін Құран мен Сүннет аясында зерттеп, талдауға арналған. Сонымен қатар, осы кітапша аталмыш сектаның зұлымдығына тыйым салып, мұсылман үмметін алдын-ала сақтандыру мақсатында жазылды. Мұсылман әлемінде үнемі ислами ақиданы бұрмалайтын, мұсылмандарды тура жолдан адастыратын түрлі қозғалыстар мен ағымдар пайда болып отырды. Әсіресе, қазіргі таңда кең таралған, әрі ең қауіпті топтардың бірі – Тариқат әл-Нақшбанди сектасына тоқталып өткен жөн. Читать полностью »
Автор: admin

Мейірімді Рахымды Аллаһтың атымен!
Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқтығына күәлік береміз, және Мухаммад – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.
Содан соң:
Ақиқатында, ең жақсы сөз бұл – Аллаһтың Кітабы, ал ең жақсы жол – бұл Мухаммедтың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолы. Ал ең жаман амалдар бұл – бидғаттар, әрбір бидғат бұл – адасушылық, ал әрбір адасушылық – Тозақта.
Ал, мұсылман әмірлерін істеп жатқан күнәлары, бұзақылықтары мен зұлымдығы үшін балағаттауға және қаралауға қатысты айтар болсақ, шариғат бұған қатаң тыйым салады! Бұл – бүгінгі күні, шындығында да, біздің үмметіміздің қасіреті! Ал мұның себебі – біздің өзіміздің Пайғамбарымыздың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жолынан ауытқуымызда болып тұр. Бұл әмірлер аспаннан түспеді ғой?! Олар біздің ортамыздан шықты және мұсылмандардың себебінен олар осындай, және бұған Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады: «Осылайша залымдардың істегендері себепті бірін-біріне үстем қыламыз». (әл-Ан’ам 6: 129). Читать полностью »
Автор: admin
Доктор Салих әс-Сухеймидің, Аллаһ оған есендік берсін, лекциясынан кесінді:
«…Опат етуші күнәлардың қатарына – Аллаһ өлтіруге тыйым салған тірі жанды өлтіру жатады, оған заңды негіз боған жағдайдан басқа. Құдыретті де Ұлы Аллаһ былай дейді: «Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы – ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (Кұран 4: 93).
Ол оны қалай өлтірсе де, дүние мүдделеріне үшін ба, немесе дүние игіліктері үшін ба, немесе бүгіңгі күні біреулер батылы барып жатқандай. «Тозақтың иттері», осы заманның хауариждері кімді өлтіруге батылы барды? Қаны харам болған, жазықсыз мұсылмандарды, немесе мұсылмандардың кепілдігінің, немесе қорғауының астында өмір сүріп жатқан адамдарды.
Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты:«Бұл дүниенің опат болуының маңызы Аллаһ үшін…» неден төмен? «… мұсылманның қанының төгілуінен». Читать полностью »